Курстық жұмыс: Педагогика | Эстетикалық тәрбиені қалыптастыру жолдары

0

Мазмұны

КІРІСПЕ
І ТАРАУ. ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Эстетикалық тәрбиенің қалыптасуы және дамуы .
1.2. Эстетикалық талғамын қалыптастырудың маңызы .
ІІ ТАРАУ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
2.1. Бастауыш мектепте эстетикалық тәрбие берудің жолдары
2.2. Эстетикалық тәрбие берудің қазіргі жағдайы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Кіріспе
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында білім беру жүйесінің барлық сатысы жеке тұлға тәрбиелеуге бағытталған. Оның ішінде бастауыш мектеп білім, білік, дағдылардың тұтас жүйесін қалыптастырып, баланың танымдылық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға негізделген алғашқы баспалдағы.
Соңғы жылдары бастауыш білім ісін жаңарту, қайта құру барысында қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Осы салада алдыңғы қатарлы ғалымдардың, жаңашыл-педагогтардың, тәжірибелі ұстаздардың пікірлері талқыланып, жаңа тұжырымдамалар, жобалар, бағдарламалар жасалуда. Қазақстан Республикасының 2003 жылы жарық көрген білім беру ұйымдарындағы кешенді тәрбие бағдарламасында баланы адамгершілік тұрғысынан тәрбиелеуді көздеп, оның рухани дүниесінің қалыптасуы мен ақыл-ой дамуының тиімді құралы болып табылатын эстетикалық тәрбие маңызды орын алады.
Кез-келген мемлекеттің интеллектуалдық, экономикалық, адамгершілік және мәдени потенциалдары тікелей білім беру аясы жағдайы мен оны ұдайы дамыту мүмкіндіктеріне байланысты екендігі баршаға анық. Осы жағдайларды түсіну Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2015 жылға дейінгі тұжырымдамасын даярлауға әкелді, бұл қазіргі уақытта үздіксіз білім беру стратегиялық қайта құрудың бастауыш сатысын тікелей жүзеге асырудың ең бір тактикалық бағыттарының бірі ретінде қабылданды. Концепцияда бастауыш мектептің негізгі міндеті: баланың бастапқы қалыптасуы мен оның қабілеттілігін анықтап, дамытуды қамтамасыз ету болып табылады. Осы сатыдағы оқыту мен тәрбиелеу оқу әрекеттері шеберлігі мен оның жағымды себептерін қалыптастыруға тілмен қатынас жасаудың элементарлық тәжірибесін оқу, хат пен есептеудің, көркемдік іс-әрекеттің әр түрінде шығармашылық өзін-өзі жүзеге асырудың, мінез-құлық мәдениеті, өзіндік гигиена мен саулықты өмір салтының берік дағдыларын алуға бағдарланған, сөйтіп негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын одан шейін де меңгеруге қор құрады.
Осыған байланысты қазіргі кездегі білім беру жүйесінің, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі мен экономикалық қуатының қоры және басты факторы болып табылатын және қоғам өмірінің жаңа ерекшеліктері негізін құрайтын қоғамдық дамуы деңгейінің жайы ретіндегі адам капиталы рөлі мен маңызы күшеюде.
Бүгінгі күні бастауыш мектеп оқушыларына берілетін тәрбие ұлттық және әлемдік өнерге, халықтың рухани байлығы мен қоршаған ортаны қабылдауға бағытталады. Сонда ғана оқушыға эстетикалық тәрбие беру мүмкіндігі артады. Әсемдік әлеміне баланы сәби кезінен бастап-ақ қызықтырып, әдеміні сезінуге талпынтатын болсақ, ол сезімін одан әрі ұштастыру бастауыш сыныптарда жалғасады.
Педагогикалық-психологиялық әдебиеттерге әдіснамалық талдау жасау нәтижесінде байқағанымыз оқушыларға эстетикалық тәрбие беруде “Бейнелеу өнері“ пәнінің мәніне көптеген ғалымдардың көңіл аударғаны. Бұл кіші мектеп оқушысының жеке тұлғасының қалыптасуына бейнелеу өнерінің әр қырынан әсер ететіндігі туралы бірқатар зерттеулердің барлығын көрсетті: оқушының ой-өрісін дамыту мәселесі Н.М. Сокольников, Э.И. Кубышкина, Т.С. Комарова, Е.Е. Рожкова, С.И. Гудилина, Н.М. Конышева, Н.Г. Салмина, О.А. Куревина, Е.А. Луцева еңбектерінде, өнер шығармалары арқылы баланың адамгершілік және ақыл–ой сапаларын қалыптастыру В.С. Кузин, Б.М. Неменский, Т.Я. Шпикалова т.б. зерттеулерінде орын алған.
А. Қамақов, Қ. Амірғазин, Е. Асылханов, Ж. Балкенов еңбектерінде халықтың сәндік қолданбалы өнер шығармаларының баланың эстетикалық тәрбиесіне, оның ішінде сезімдік талғамына әсері ашып көрсетілген.
Зерттеу мақсаты: Бастауыш сыныптарында бейнелеу өнері шығармалары арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие беру
Зерттеу міндеттері:
1. Бастауыш сынып оқушыларыньщ бейнелеу өнері шығармалары арқылы эстетикалық тәрбие берудің ғылыми-теориялық негіздерін анықтау.
2. Бастауыш сынып оқушыларын бейнелеу өнері шығармалары арқылы эстетикалық тәрбие беруді тәжірибе-эксперимент
негізінде тексеріп, дөлелдеу.
І ТАРАУ. ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Эстетикалық тәрбиенің қалыптасуы және дамуы
Эстетикалық тәрбие – күрделі де көп қырлы үрдіс. Жеке тұлғаның эстетикалық тәрбиеге қатысты психологиялық ерекшеліктерін Л.С. Выготский, Э.В. Леонтьев, А.А. Венгер, В.С. Мухина қарастырған.
Адамның эстетикалық санасының құрылымын аша отырып, олар көркемдік–эстетикалық қабылдау, эстетикалық сезімдер, эстетикалық қажетіліктер, эстетикалық идеалдар мен талғам, эстетикалық көзқарастар сияқты негізгі элементтерді бөліп көрсетті. Осы тұста біз жоғарыда аталған ұғымдардың өзіне тән ерекшеліктерін айта кеткенді жөн көрдік. Көркемдік–эстетикалық қабылдау өнер және қоршаған дүниенің сұлулығымен қарым–қатынас жасаудың бастапқы сатысы. Оның тереңдігі мен айқындығына эстетикалық әсерленудің тереңдігі байланысты.
Көркемдік- эстетикалық қабылдаулар болмыс құбылыстары мен өнерден эстетикалық сезімдерді оятатын қасиеттерді, сапаларды бөліп алу қабілетінде көрініс тапқан. Көркемдік эстетикалық қабылдауға бейнелеу өнеріне байланысты қабылдау да енеді.
Бұл эстетикалық сананың негізі. Ол эстетикалық эмоциялармен қатар адамды эстетикалық немесе тағы да басқа қажеттіліктерді қанағаттандыратын әрекеттерді жасауға ынталандыратын себеп болып табылады.
Педагог А.В. Бакушинский эстетикалық қабылдаудың үлгісін екі бағытта қарастырды: ерікті көңіл күйі басым шығармашылық толғаныс; логикалық ойлау үрдістері басым (сана) таным.
Б.П. Юсов эстетикалық қабылдаудың төрт компонентті үлгісінің төмендегідей құрамдарын бөліп көрсетті:
-бірге әсерлену қабілеті, эмоциялы ықыластылық;
-өнер туралы арнайы білім көлемі мен ұғымдардың болуы;
-көркем шығармалар түрлерін қабылдау қабілеті;
-бағалаулар мен көркемдік пайымдауларын болмыс құбылыстары мен өнердің басқа түрлерін қабылдауға көшіре білу қабілеті [3, 145-147.бб.].
Шынайы дүние құбылыстарын эстетикалық қабылдау, бейнелеуге қажетті сенсорлық қабылдау ғана емес, сонымен бірге қабылдаған құбылыстың эстетикалық бағалануы, оған әсерленіп жауап беру, заттың әдемілігін, айқындығын көре білу, сезіну қабілеті. Дәл осы қасиет ерекше таң қалдырған, қуантқан нәрсені графикалық түрде жеткізудің негізін қалайды.
Адамның эстетикалық, эмоциялық сезімдері толассыз, сарқылмайды, алайда, эстетикалық қабылдау мен эмоциялар себептен әрекеттің стимулына айналуы үшін олар ерекше эстетикалық әсерленуде шешімін табуы қажет.
Әлеуметтік-эстетикалық әсерленулер жалпыға ортақ, ешқандай “ережеге “ бағынбайды, субьективтілік, сырластық сияқты ерекше белгілермен сипатталады. Эстетикалық әсерленулер адамның белсенді шығармашылық іс әрекетін оятып, “сұлулық заңдары” бойынша оның болмысқа деген эстетикалық қарым–қатынасының нақты мынадай формаларын, яғни эстетикалық эмоцияларды, талғамдарды, идеалдарды жинақтап көрсететін категория. Эстетикалық әсерлену шығармашылық ықыластылық немесе шығармашылық жасампаз іс-әрекетке ықыластылық түрінде өзекті мәселеге айналып отыр. Кейде эстетикалық қабылдауды дұрыс емес анықтама ретінде бағалауға болады. Адамды шығармашылық іс-әрекетке баулу бір басқа да, оның іс-әрекетке және шығармашылыққа деген қарым-қатынасын қалыптастыру бір басқа [4, 33.б.].
Эстетикалық әсерленудің неғұрлым қарапайым формасы эстетикалық эмоция. Психологияда эмоциялардың табиғаты жайлы мәселеге қатысты екі тұжырым бар. Кейбір авторлар эмоцияларды адамның болмысқа, адамдарға, өз-өзіне қатысты әсерленуі деп айтады. Басқа бір тұжырым эмоцияларды болмысты бейнелеудің ерекше формасы ретінде қарастырады. Мәселен, К.Платонов «Эмоциялар бейнелеудің бір формасы болып табылады, алайда олар шынайы дүниенің заттары мен құбылыстарын емес, әсерленген адамның іс әрекетінің қажеттіліктеріне, мақсаты мен мотивтеріне қатынасын бейнелейді. Адам бұл обьективті қатынастарды өзінің оларға деген қатынасы ретінде субьективті сезінеді» деп жазған.
Обьектілер немесе түсініктердің эстетикалық әсерленуі үшін олар бейнелі, мәнерлі, сұлулық жөніндегі “көркем”, “асқақ”, “үйлесімді”, “жетілген” сияқты түсініктерге сәйкес немесе кері эмоциялар мен әсерленудегі тудыруы тиіс [4, 34.б.].
Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық қабылдауын мақсатты түрде қалыптастыру оларда композицияның формасын, түсін жете айыру мен оларды бағалай білу қабілеттерінің дамуын талап етеді. Осы мәселенің шешімін табуда психолог ғалымдар В.В. Волков, Е.И. Игнатьев,
А.В. Запорожец, В.И. Кириенколардың заттар, шындық өмір құбылыстары мен өнер туындыларын қабылдауды қалыптастыру заңдылықтарын анықтауға арналған зерттеулерінің осы мәселенің шешімін табуда маңызы зор.
В.И Кириенко бейнелеу іс-әрекетінің қабілеттерін көріп қабылдаудың белгілі қасиеті ретінде қарастырады, атап айтқанда, кейбір бөлшектері тап осы мезетте байқалмаса да, обьектінің барлық қасиеттерін үйлестіре, тұрақты жүйелік бүтін ретінде қабылдау.
Мысалы, терезеден тек адамның басын ғана көргенде біз оны денесінен бөлек қабылдамаймыз (қабылдаудың тұтастығы ):
-суретте тік және көлденең бағыттардан ауытқуды бағалау қабілеттілігі;
-пропорцияларды қабылдай білу қабілеттілігі;
-ұсынылған түстің аққа жақындық дәрежесін бағалау қабілеттілігі;
-болашақ қысқартуларды бағалау қабілеттілігі.
Бұларды эстетикалық қабылдаудың ерекшелектеріне негіздесек, «дүниетану» пәнінің әрбір табиғатқа, оның сұлулығына, көркемдігіне байланысты тұстарын бейнелеу өнерімен кіріктіре отырып оқушылардың тұтас қабылдау негізінде эстетикалық сезімге бөленуіне жағдай туғызу мүмкіндігі тумақ.
Эстетикалық сезімдер – адамның шындық өмір құбылыстары мен өнер туындысына баға беру қатынасынан туған субьективті эмоциялық күйі. Эстетикалық сезімдер оқиғаны ой елегінен өткізу негізінде пайда болып, қуаныш, таңдану, аяушылық, жаны ашу, ортақтасу сияқты эстетикалық әсерлерді тудырады. Олар оқушылардың заттар мен қоршаған дүние құбылыстарының құрылымы, формасы, түсі жайлы түсініктері мен қабылдауларының дамуы және молаюы салдарынан едәуір терең, түсінікті бола бастайды.
Эстетикалық сезімдер, көбінесе, бейнелегенді бейнелейді, яғни суретшінің, шебердің өздері жасаған заттар мен туындыларға деген ара қатынасын бойларына сіңірген заттар мен құбылыстарға қатысты адамның қарым-қатынасын білдіреді. Эстетикалық сезім болмыстағы әсемдікті түсіну немесе түсінбеу тұрғысынан адамдардың әр түрлі көзқарастарын топтастырады [5, 34.б.].
Табиғаттың өзінде эстетикалық сезімдерді, байқағыштықты, қиялды дамыту үшін бай материал бар. Бұл жөнінде К.Д. Ушинский: «Еріктік, қаланың әсем келбеті, хош иісті жыралар, жайқалған егістік, қып–қызыл шие, алтын күз бізге тәрбиеші болған жоқ па?» деген [5, 52-53.бб.].
Эстетикалық қажеттіліктер көркемдік-эстетикалық құндылықтармен қарым –қатынаста және рухани-эстетикалық көңіл- күйлерді бастан кешіруде пайда болатын тұрақты қажеттілік.
Эстетикалық қажеттіліктер жеке тұлғаның көркемдік ләззатқа шөліркеуі ретінде көрінеді. Өнермен жиі кездесуден туған қажеттілік адамды шаттыққта кенелтіп, өнерге деген ұмтылысты тудырып, рухани күштерді жинақтап, оны қабылдауға деген даярлықты тудырады. Осылайша қоршаған дүние мен көркем өнер туындыларын қабылдауға қатысты жалпы ұстаным қалыптасады. Олай болса, оқушының бастауыш сыныптан бастап-ақ табиғат пен бейнелеу өнеріне деген талғамын, эстетикалық сезімін қалыптастырудың жолдары мен әдістерін ғылыми тұрғыда тұжырымдауға мол мүмкіндік бар.
Эстетикалық талғам. Эстетикалық қатынас адамның эстетикалық талғамымен тығыз байланыста қалыптасады.
Эстетикалық талғам туралы мәселе адамның күнделікті өмірімен, эстетикалық теория және практика, көркемдік шығармашылық, шеберлік мәселелерімен тығыз байланысқан. Эстетикалық талғам қабылданатын обьектінің сапаларына ғана емес, оны қабылдаушы, бағалаушы, танушы адамның өзіндік ерекшеліктеріне де байланысты. Адам қабілетінің күрделі иерархиясындағы эстетикалық талғам айырықша, өзекті ұстанымды иеленеді. Эстетикалық талғам мен оның қабілеттіліктерін құрайтын психикалық қасиеттер мен ерекшеліктер болмайынша кез келген іс-әрекет үлкен жетістікке жете алмайды. Ол адам іс-әрекетінің мақсаттылығын баса көрсетіп отырады. Эстетикалық талғам бұл субьектінің бағалау типі ғана емес, адамның іс жүзіндегі обьективті болмысқа қатынасының түрі. Мұндай қарым-қатынас табиғатқа шыққан топсаяхат, серуен кездерінде оқушының іс-әрекеті негізінде туындап, біртіндеп оның бейнелі ойына әсер етпек. Бастауыш сынып оқушыларының нақты обьектілерді байқап, бақылай көруінен бейнелі ойы туындайды. Эстетикалық аспектіде обьективті құбылыстардың сапасын бағалаумен қатар, адамның іс жүзінде меңгерген бұл сапаларды тану мөлшері де анықталады. Бұл шынайы әдемілік пен ұсқынсызды, қайғылыны немесе күлдіргіні көру, сезіну, түсіне алу және оны әділ бағалау. Бұл едәуір күрделі педагогикалық міндет. Қарапайым эстетикалық түсініктер мен пайымдаулар бастауыш сыныптарда қалыптасады.
Баланың эстетикалық талғамы оқу мен айналаны танудың алғашқы тәжірибелерінен дами бастайды. Оның қалыптасуының ең қарқынды кезеңі мектептегі оқу жылдары. Бұл кезде баланың табиғат көріністерімен, оның құбылысымен, өнер құбылыстарымен жүйелі танысып, көркемдік-шығармашылық қабілеттерін белсенді дамытуға мүмкіндігі көп……..

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!