Курстық жұмыс: Педагогика | Эстетикалық тәрбие — тәрбиенің құрамды бөлігі | курстык жумыс Эстетикалық тәрбие

0

Мазмұны

КІРІСПЕ………………………………………………………………………………………………..3
І Бөлім Эстетикалық тәрбиенің теориялық негіздері
1.1. Эстетикалық тәрбие туралы түсінік және оның мазмұны мен міндеттері……………………………………………6
1.2. Халық педагогикасында эстетиклық тәрбие және оның құралдары………………………………………………………..12
ІІ Бөлім Оқу-тәрбие процесінде оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің жолдары
2.1.Эстетикалық тәрбиені оқу-тәрбие процесінде ұйымдастыру және оның құралдарын пайдалану ……………………………………..18
2.2. Сыныптан тыс кезінде оқушылардың эстетикалық мәдениетін арттыру жолдары………………………………..24
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………………29
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР………………………………………………………..31

КІРІСПЕ
Қазіргі жаңарған қоғам шығармашыл, белсенді, өз мүмкіншілігін толық атқара алатын және жоғары білімді меңгерген, өзіне сенімі мол, салауатты-сауқатты, жан-жақты мәдениетті азамат тұлғасын қалыптастыру қажеттілігін талап етуде. Өйткені, мәдениетті әрі білімді жас ұрпақ қана ғажайып биік деңгейге көтеріле алады.
Жас азамат мәдениетті дегеніміз – инабаттылық, сыпайылық, жинақтылық білімдер тәжірибелер мен әрекеттер, мінез-құлықтар. Ең бастысы, жас ұрпақ тұлғасы мәдениеттінің негізгі және құрамды буыны оның эстетикалық мәдениетінің болуын қажет етеді.
Эстетикалық мәдениет – рухани мәдениеттің маңызды бір саласы ретінде, табиғат және адам баласының шығармашылық еңбегімен жасалған эстетикалық құндылықтардың жиынтығы, оларды жасау қолдану тәсілдері. Эстетикалық құндылықтар қоғамның өмірмен қарым-қатынасқа түсуіне, қоғамның жетілуіне, талпынысына, қоғамдық қатынастардың барлық жүйесінің толыққанды өркендеуіне қатысады.
Қоғамның дамуында эстетикалық тәрбие жеке тұлғаның үйлесімді дамуын қалыптастыруда маңызды орын алады.
Эстетикалық тәрбие – жан-жақты тәрбиенің бүкіл жүйесінің табиғи бір бөлігі.
Эстетикалық тәрбие – болмыстағы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс қабылдауға және эстетикалық түсінікті сезім мен талғамды тәрбиелейді. Өнерде және өмірде сұлулықты жасау, оған қатысу қабілетін, қажетсінуін қалыптастырады.
Жас ұрпақты тәрбиелеудегі эстетикалық тәрбиенің рөлін, мәнін ашқан көрнекті ғалым-педагогтар А.В.Луначарский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский, С.Т.Шацкий, К.Д.Ушинский тәрбие жүйесін ұйымдастыруға өз үлестерін қосты.
Біздің елімізде жас буындарды эстетикалық тәрбиелеуді пайдалану мәселесіне арналған іс-тәжірибелік сипаттағы мақалалары мен көлемді де іргелі еңбектері бар ғалым-педагогтар Х.Арғынбаев, С.Қалиев, С.Ұзақбаева, К.Оразбекова, А.Бейсенбаева, М.Мырзахметов, А.Тұрбекова, Қ.Сыздықов, т.б. айтуға болады.
Қазіргі мектептің алдында тұрған міндеттердің ең маңыздысы – жасөспірімдерді жан-жақты дамыған тұлға ретінде тәрбиелеу. Сол тәрбиенің ішінде эстетикалық тәрбие қомақты орын алды. Нақ осы мектепте жас буынның эстетикалық мәдениетінің негіздері қаланады, сондықтан да эстетикалық тәрбие мәселелері біздің елемізде әрдайым жан-жақты тәрбиенің жалпы проблемаларынмен байланыстыра қарастырылып келеді.
Эстетикалық тәрбие адамның өмірінде зор рөл атқарады. Әсемдікті көре түсіне, жасай білу адамның өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғарғы рухани ләззаттануға мүмкіндік береді.
Эстетикалық тәрбие, біріншіден, үй-іші мен отбасынан басталса, екінші кезеңі балабақша, үшінші кезеңі баланың мектептің есігін ашумен басталады. Баланың отбасына балабақшадан алған эстетикалық тәрбие қоры мектеп қабырғасында жетіле әрі дами түседі де оқушының өмірге деген көзқарасы қалыптаса бастайды. Бұрынғы сезінген, көрген, білген эстетикалық өмір құбылыстарында көптеген жаңалықтар орын алып, баланың білімі күн санап, апталап кеңейе түседі, тереңдей түседі. Баланың алдында көп уақыт жұмбақ болып жүрген табиғи құбылыстарға, табиғаттың көркемдігіне мектеп біртіндеп жауап беріп, баланың сезімін оятып, оны қанағат құшағына бөлейді. Мұғалім оқушыларды адамгершілікті тұлғалық мәнін жан-жақты дамытуға ұмтылады, сондықтан әр баланың сезім нәзіктігін, көркемдікті, әсем нәрсені сүйетіндей етіп дамытуы керек.
Осы міндет-мақсаттар, әсіресе, мұғалімнің алдында шешуін табатын мәселелердің бірі болып есептеледі.
Сонымен оқушы жастардың эстетикалық танымын, сезімін, мәдениетін білімін көтеруде ең басты сүйеніш мұғалімдер мен ата-аналар. Олар өздері үлгі болып эстетикалық тәрбие жұмысының мазмұнын, формаларын және әдістерін жетілдірудің жолдарын іздестіріп іске асырады.
Курстық жұмыстың мақсаты: оқу-тәрбие процесінде эстетикалық тәрбиесінің алатын орнын анықтау.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні: Педагогика
Курстық жұмыстың міндеттері:
— Эстетикалық тәрбие туралы түсінік және оның мазмұны мен міндеттері;
— Халық педагогикасында эстетиклық тәрбие және оның құралдары;
— Эстетикалық тәрбиені оқу-тәрбие процесінде ұйымдастыру және оның құралдарын пайдалану;
— Сыныптан тыс кезінде оқушылардың эстетикалық мәдениетін арттыру жолдары.
І Бөлім Эстетикалық тәрбиенің теориялық негіздері
1.1. Эстетикалық тәрбие туралы түсінік және оның мазмұны мен міндеттері
Қоғамның дамуында эстетикалық тәрбие жеке тұлғаның үйлесімді дамуын қалыптастыруда адамгершілік тәрбиесінен кейін маңызды орын алады. Эстетикалық адамның өмірі, іс-әрекеті, тәжірибесімен органикалық байланыста болып келеді. Сондықтан тұлғаның жан-жақты дамуында әрбір адамның өз өмірін «әдімілік заңы» бойынша құруға тырысуы қажет. «Эстетика» грек сөзі. Сезім, түйсік деген мағынаны білдіреді. Олай болса эстетика — өмірді сезім арқылы танып, білудің негізгі жолы. Эстетикалық талғамы биік, сезімтал адам еңбектегі әдемілікті, табиғатты, өнердегі сұлулықты танып, оны сүйе, қастерлей білетін болады. В.Г.Белинский: «Сезімнің әсемділігі адамгершіліктің құнды жағы… Онысыз, бұл сезімсіз, данышпан да, талант та, ой да жоқ.
… Эстетикалық сезім – ізгілік негізі адамгершілік негізі»- деп түсіндіреді.
М.Горький эстетика дегеніміз – болашақтың этикасы деген тұжырым жасайды.
Эстетика ұғымын тұңғыш рет енгізген неміс философы (рационалист) Александр Баумгертен (1714-1762) Ол өзінің «Эстетика» атты еңбегін 1750 жылы басып шығарады. Осы кезден бастап «Эстетика» ұғымы жаңа ғылым атауы ретінде қалыптасты.
Эстетика ғылым ретінде құлдық қоғам дәуірінде Египет, Вавилон, Индия, Қытай жерлерінде бастау алды.
А.В.Луначарский эстетикалық тәрбиенің мәнін аша келе, эстетика саласынан қайсыбір өнерді қарапайым түрде оқыту деп түсінуге болмайтындығын, керісінше, олардың сезім мүшелері мен шығармашылық қабілеттеріне жүйелі түрде әсер ететін оқуды, одан оқушылардың ләззат алып, оны өздері жасай білу мүмкіншіліктерін дамыту деп түсіну керектігін айтқан.Еңбек пен ғылым саласынан берліген білімде эстетика қамтылмаса, онда сол білімнің жансыздығы деп есептеген.
Кезінде Л.Н.Толстой әрбір адамның бойында көркемдік шығармашылығына қатысты әртүрлі қажеттіліктің болатындығына, соны міндетті түрде дамытып, тәрбие мақсатына қолдану туралы ойын айтса, К.Д.Ушинский – «барлық балалар бірі қалмастан әуесқой – суретші» — десе, В.А. Сухомлинский «әрбір бала – ақын» деп жазған.
Эстетикалық тәрбие теориясы мен практикасын талдауға халық ағарту ісінің көрнекті қайраткерлері А.В. Луначарский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский, П.П.Болонский, С.Т.Шацкий, В.Н.Шацкая, А.И.Буров секілді өкілдері қатысты.
Қазақтың ағартушысы –демократтары Шоқан Уалиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев және т.б. ақын-жырау, жазушыларымыз халқымыздың рухани дамуына өлшеусіз үлес қоса отырып, эстетикалық тәлім-тәрбиенің маңызына ерекше мән берген.
Эстетикалық тәрбиенің міндеті – жас ұрпақты өмірдің барлық салаларындағы: адамның өмірі мен тұрмысындағы, еңбектегі, көркемөнердегі және табиғаттағы сұлылық пен әсемдікті көре білетін, ұға білетін, бақылай алатын және оларды өзі же жасай алатын азамат етіп тәрбиелеу. Ол үшін жас ұрпақты сауатты, терең білімді болуы керек. Әдебиетті, музыканы, сәулет өнерін, кескіндеме, кино мен театрды түсініп, олардан жанға рухани азық, ләззат ала білу үшін де сезім-түйсігі ұшқыр, ақыл-ойы алғыр, білімді адам болуы тиіс.
Эстетикалық тәрбиенің басқа салаларымен де тығыз байланысты. Ол еңбек, ақыл-ой, адамгершілік, дене шынықтыру, т.б. тәрбие түрлерімен қоян қолтық ұштасып жатады. Оқушыға оқытылатын құбылыстың әсемдік сырын ашпай тұрып, оған ақыл-ой тәрбиесін беру, еңбек процесі мен мазмұнының игі жақтарын танытпай еңбек тәрбиесін беру, іс-әрекеттің адалдығын танытпай адамгершілік тәрбиесін беру, адам дене құрылыс мүшелерін танытпай алмай дене тәрбиесін беру мүмкін емес.
Олай болса, эстетикалық тәрбие жеке тұлғаның адамгершілік сезіміне, рухани дамуына ықпал жасайды. Оның жаман әдеттен аулақ ұстауына, көркем әдебиет оқуын, музыкалық шығармаларды түсіне білуіне негіз болады. Сондықтан, эстетикалық тәрбие адам баласына өмірдегі, табғатты, өнердегі, еңбектегі, адамдар арасындағы қарамықаныста бар, жақсылықты, әсемділікті түсіне білуге, көруге, қабылдау білуге, тіпті соны, өзі адам игілігіне жасай білуге үйретеді, жаттықтыруды және соған қабілеті болу дағдыларын меңгертуді көздейді.
Эстетикалық тәрбие берудің мазмұны көркемдік талғамды жетілдірумен, оқушыларды өнерге тартып-таныстырумен ғана шектелмейді. Ол ақиқатты эстетикалық көзқарасты, өмірдегі әсемдікті дұрыс қабылдауды, табиғатты эстетикалық тұрғыда қабылдауды қарастырады.
Өмірдегі, өнердегі және табиғатағы әсемдікті көре білу, сезіну және ұғыну сәбилік шақтан пайда болады. Мектепте мұның бәрі одан әрі дамиды, онда болмысқа деген эстетикалық көзқарастың негіздері қаланды. Мектеп оқушыларды табиғаттағы, өнердегі, адамдардағы қарым-қатынастағы әсемдікті ұғынуға және бағалауға дағдыландырады.
Эстетикалық тәрбиенің мақсаты – жеке адамның эстетикалық мәдениетін дамыту. Оның негізгі компоненттері бар:
• Эстетикалық сезім;
• Эстетикалық талғам.
• Эстетикалық қабылдау;
Эстетикалық сезім – бұл адамның өнерге немесе әлемдегі эстетикалық құбылысқа деген бағалау қатынасынан туатын субъективті эмоциалдық күй. Эстетикалық сезім эстетикалық күйзелуді бастан кешуді туғызады. Эстетикалық күйзелу рухани-эстетикалық қажеттіліктің туып, дамуына әсер етеді. Сезім байлығы – адамның рухани өмірін жоғары да әр тарапты дамытудың қажетті шарты. Адам рухани жағынан бай болып, әсемдікті көре біліп, одан ләззат ала білуге тиісті. Эстетикалық қажеттілік көркемдік-эстетикалық құндылықпен қарым-қатынас жасауды, рухани-эстетикалық күйді бастан кешуді тұрақты қажетсіну ретінде көрініс береді. Эстетикалық сезім мен эстетикалық сана бірлігі адамның көркемдік –эстетикалық талғамын тудырады.
Көркемдік –эстетикалық талғам — бұл нағыз кереметті немесе сұрықсыздықты, трагедияны немесе комедияны сезіну, түсіну, көре білу және дұрыс бағалай білу сияқты нәзік және күрделі білік. Осының негізінде эстетикалық пайымдау қабілеті дамиды. Эстетика – бұл өмірдегі сұлулық пен өнер туралы, таным ерекшеліктері және өнердің жалпы заңдылықтары туралы философиялық ғылым. Ал эстетикалық қысқаша сөздікте, оған: «Эстетика – табиғатты, дамудың негізгі заңдылықтарын, табиғаттағы, қоғамдағы материалдық және рухани өндірістей, адамдардың қарым-қатынасындағы эстетикалық заңдылықтардың қызметін зерттейтін ғылым саласы» деген анықтама берілген. Жеке бас эстетикасы оның эстетикалық талғамымен, санасымен, мәдениетімен және тәрбиелілігімен тығыз байланысты.
Эстетикалық сана педагогикалық үрдісте тәрбиелік, дамытушылық, ұйымдастырушылық –педагогикалық қызметтерді атқарады.
Адамның эстетикалық санасының маңызды элементі — оның көркемдік –эстетикалық қабылдауы болып табылады. Қабылдау — өнермен және қоршаған орта әдемілігімен қарым-қатынастың бастапқы кезеңі және әлемге деген эстетикалық қатынастың психологиялық негізі. Оның толықтығы мен анықтығына эстетикалық сезіну күші мен тереңдігі, көркемдік-эстетикалық мұрат пен талғамның қалыптасуы тікелей тәуелді. Эстетикалық қабылдау мәдениеті оқушының эстетикалық езімінің дамуына ықпал етеді. Эстетикалық сана – адамдардың эстетикалық идея, теория, өлшемдер, көзқарастар жиынтығында көрініс беретін өнерге, әлемдегі әдемілікке деген сапалы қатынасты тілдіреді. Эстетикалық тәрбиесіз адамның эстетикалық санасын, талғамын дамыту, жетілдіру мүмкін емес.
Эстетикалық қабылдау деп — әсемдікті қабылдау процесін айтады, мұның нәтижесі эстетикалық әсерлену, эмоция болып табылады. Табиғат, өнер, адам жасаған заттар, адамның сыртқы кейпі, рухани дүниесі, тұрмыс – салты, әрекеттері мен қылықтары, адамның өзі де эстетикалық қабылдаудың объектісі бола алады.
Эстетикалық талғам — әсемдікті дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу. Эстетикалық талғам немесе көркемдік талғам әрбір адам өзі жасайтын белгілі бір эстетикалық мұратты бейнелейді.
Эстетикалық мұрат дегеніміз – адамдардың көксеп жүрген әсемдік жөніндегі түсінігі. Адамның жетем-ау деген арманы, өмірде сол бойынша құрғысы келетін нәрсесі.Эстетикалық сезімдерді , мұрат, талғамдарды бағалауды тәрбиелеу білімді меңгеріп алумен бірге, дүниеге көзқарасты қалыптастырудың маңызды құралы болып табылады.
Эстетикалық тәрбиенің мақсаты – оқушының бойында көркем-эстетикалық мәдениетті қалыптастыру, оны жоспарлы және мақсатты түрде сіңіру болып табылады.
Эстетикалық тәрбиенің міндеттері:
— Бейнелеу өнері арқылы көркем шығармашылық сезімін, талғамын дамыту.
— Эстетикалық құралдарды: өнер, әдебиеттерді, қолдана білу дағдысын қалыптастыру.
— Оқушылардың әсемдікті көре біліп, сезінуге тәрбиелеу.
Сонымен, оқушылардың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу дамыған әсемдік сана мен талғамды, оны қабылдау және бағалау қабілетін қалыптастырудың мақсатқа бағыттала ұйымдастылыған процесі. Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу оқушыны жан-жақты және үйлесімді дамытудың жалпы жүйесінде ең алдымен өзіне тән қызмет атқарады. Ол іс-әрекеттің барлық түрлеріндегі әсемдік нышанын анықтап, оны оқушының әсемдікке көзқарасының дамуы, білім алуы, қалыптасуы құралына айналады.
Баланың әстетикалық көзқарасын тәрбиелеу әсемдіктің қасиеттері бар әртүрлі өмір мен қатынастар және әсерлер ықпалымен, жүзеге асырылады. Кіші мектеп жасындағы балалардың эстетикалық көзқарасы үздіксіз дамиды. Оған себеп болатын нәрсе – оқу, қоғамдық және тұрмыстық еңбектің жаңа жүйеге түсуі.
Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің негізгі құралы — өнер. Ол шындықты көркем, сезімді қабылданылатын бейнелер арқылы әсер етіп, оның көзқарасын қалыптастыруға жәрдем етеді.
Педагогикада эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу тәрбиенің басқа салаларымен тығыз байланысы құралады. Балалардың ақыл-ой тәрбиесін, зерттелген құбылыстар әсемдігін ашпай жүзеге асыру мүмкін емес.
Сонымен, эстетикалық тәрбие табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі, өмірдегі ең жақсыны қабылдау, одан ләззат алу. Эстетикалық тәрбие адамды дүниедегі әдемілік атаулыны бағалай білуге үйретеді.
1.2. Халық педагогикасында эстетиклық тәрбие және оның құралдары
Қазіргі кездегі эстетикалық тәрбиенің міндеттерін шешу үшінхалықтың осы уақытқа дейінгі тәжірибесін меңгеру қажет.Мәдени құндылықтарды жасауға әр халықтың өзіндік ерекшелігі бар. Мысалы, қазақ халқына көшпенділік өмір жағдайында табиғи өзгерістерге байланысты өте нәзік байқағыштық тән. Кең дала қозғалыс бағытын дұрыс табу, жайылымдардың күйін анықтау, ауа райының өзгерісін алдын ала болжау, өсімдіктердің атын өте дәл тауып қою, т.с.с.
Халық әрдайым әсемдікті іздеді, қолдан жасады және оны өмірде, тұрмыста, еңбекте бекітуге тырысады. Оны халқымыз үй жиһаздарын жасауынан және оны әсемдікті сезінудегі тәрбие құралы ретінде пайдалануынан көруге болады.
Халықтық эстетикалық тәрбие жүйесіндегі лирикалық, үйелмендік тұрмыстық, әдет-ғұрыптық, еңбектік және т.б. әндер мен өлеңдер ерекше орын алады. Бұлар да эстетикалық тәрбиенің құралдары ретінде қызмет етді. Халқымыздың әндері мен жанры және тақырыбы жағынан өте бай. Көптеген әндер би қимылдарымен байытылды.
Қазақ халқының музыкалық аспаптарының түрлілігі таң қаларлықтай (домбыра, шертер, асатаяқ, шаң қобыз, ұран, мүйіз сырнай, жетіген, үскірік, қамыс сырнай, дабыл ). Олар бос уақытта пайдаланылып жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беру ісіне қызмет етеді.
Халқымыздың тұрмысына енген қолданбалы қолөнер бұйымдары олардың әшекейленіп жасалуы эстетикалық тәрбиеде өз алдыңа бір сала. Ағаш, тері, металл өңдеудегі өнері әлемге әйгілі.
Эстетикалық тәрбиеде халық ауыз әдебиетінің маңызы өте зор болды. Оның мазмұны халқымыздың бүкіл өмір тәжірибесін қамти отырып, жас ұрпақ санасын, әсемдік сезімін, талғамын, қажеттілігін бейнелейді. Манера, жест (дене қимылы) — бұл әрбір адамның өзін ұстай алу үлгісі және қимылы жөніндегі ұғымды білдіреді. Ұқыпсыз киім, қалай болса солай жүру икемсіздікті, әдепсіздікті, сұмпайлықты көрсетеді. Сондықтан дене қимылында, өзін ұстай білуде қарапайымдылықты, сезім өлшемін сақтау керек.
Атақты француз жазушысы, ағартушысы — философ және педагог Жан-Жак Руссо (1712-1778 ) дене қимылын бір қалыптылықта ұстауға, мейірімді дауыспен сөйлеуге, өзінді ұстай білуге, жеңіл жүруге жету — дейді. Жеке адамның сыртқы мәдениеті мен ішкі дүниесінің ұштасып жатуы эстетикалық сұлулықтың белгісі. А.П.Чеховтың сөзімен айтқанда: бет, киім, жан, ой — бәрі сұлу болуы керек.
Қазақ халқының көшпелі тұрмыс -өмір салтында ұрпаққа көркемдік саласынан тәлім-тәрбие беру оның күнделікті өмірдің тыныс-тіршілігімен байланысты болған. Соның ішінде фольклордың, қолданбалы өнердің, халықтық музыканың, айтыс, терме өнерінің маңызы ерекше……….

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!