Курстық жұмыс: Педагогика | Халықтық педагогика идеяларының жанұя тәрбиесіндегі психологиялық негіздері

0

Мазмұны

1.Отбасы тәрбиесі мен психологиясы мәселелері жайлы ұлы ойшылдар, классик педагогтер, ағартушылар еңбектерінен сипаттама
2. Халық дәстүрлері мен үлгілерінің зерттелу тарихы
3. Халықтық педагогика арқылы баланың мінез-құлқын қалыптастыру
4. Халықтық педагогика идеяларын жанұя тәрбиесінде пайдаланудың әдістері

Кіріспе
Халықтық педагогика отбасындағы тәрбиенің негізі болып саналады. Өйткені адамның жеке басының мінез – құлқын қалыптастыру, оның бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру көбіне отбасында ата-ананың тікелей әсерімен жүзеге асады.
Халқымыздың ұлттық ерекшелігі саналатын үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық, бауырмалдық, кеңпейілділік қасиеттердің біразынан ажырай бастағаны шындық. Енді заманымыздың қайта өркендеуіне байланысты жас ұрпақтың бойына осынау қасиеттерімізді қайта сіңіріп өсірсек, сонымен бірге жастарды халықтық педагогика идеясы арқылы жанұяда тәрбиелеу мен сол тәрбиені жүзеге асырсақ деген мақсат әсіресе, ата-аналардың, тәрбие саласы қызметкерлерінің алдындағы кезек күттірмейтін мәселесі болып тұр.
Отбасында ата-ана езінің баласын қалай тәрбиелеуді, қандай бағытта, кандай амал-тәсілдермен тәрбиелеуді ездері алдын-ала белгілейді. Онда баланың аз да болса өзіндік өмір тәжірибесі, әдеті, кұмарлығы мен кызығулары калыптасады.
Отбасында бала тәрбиелеу ешқандай дайындықты кажет етпейтін карапайым әрекет сияқты болып көрінеді. Бұл кепшілік қауым-нын, көзқарасы екені рас. Бала тәрбиесін қай кезден бастап колға алу керектігі туралы аз да болса зерттеулер бар. Отбасы тәрбиесінін ғылыми-теориялық тәжірибесінің барлығына қарамастан олар осы уақытка дейін практи-када көп колданылмайды. Ал осы отбасы және бала тәрбиесінің дұрыс калыптасуына халык педагогикасының аткаратын рөлі зор екенін ашып айту керек.
Бүгінгі таңда арнайы мамандық алып жатқан жас мамандардың көбі ұлттық дәстүрден алыстау өскен жастар. Сондықтан оларға халық педагогикасына сүйеніп, ұлттық психологияда тәрбиелеу оңайға түспейді.
Қазіргі жас ұрпақтың санасына ұлттық тәлім – тәрбие бастауы – отбасы екендігіне көздерін жеткізу, оларға бағыт – бағдар беру үлкен мәселе. Егер отбасы болмаса, халық даналығы өз қасиетін жоғалтады, себебі тек қана отбасында халықтың ұрпақтан – ұрпаққа мұрагерлікке қалып отырған салт – дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары сақталады.
Отбасы тәрбиесі мәселелері Шығыстың ұлы ойшылдары Әл-Фараби, Ж.Баласағұни, Қ.Иассауи, М.Қашғари, классик педагогтер Я.Коменский, К.Ушинский, И.Песталоции, қазақ ағартушылары Абай Құнанбаев пен Ы.Алтынсарин еңбектерінде, кеңес педагогтері В.Сухомлинский, А.Макаренко, қазақ зиялылары М.Жұмабаев, Ж.Аймаутов, М.Әуезов және т.б.еңбектерінде кеңінен орын алады. Бүгінде отбасы тәрбие мәселелері қазақстандық ғалымдар С.Ғабасов, Р.Қоянбаев, Г.Байделдинова, В.Лысенко, Р.Төлеубекова, Қ.Әтемова және т.б. тарапынан зерттелініп келеді.
Қоғамның бүгінгі жағдайында болашақ тәрбиесін отбасынан бастап қолға алуға мемлекеттік тіпті, әлемдік тұрғыда көңіл бөлінуде.
Сондай — ақ 1996 жылы 30 шілде мен 1 тамыз аралығында бүкіл әлемдік Конвенция кезінде Вашингтон қаласында жапон азаматы Сан-Мен-Мунның ұйымдастыруымен «Бүкіл әлемде бейбітшілік үшін» деп аталатын отбасы федерациясы құрылды. Бұл федерацияның негізгі мақсаты — отбасы дамуына көмектесу болса, ең көңіл аударатын мәселесі- ата-аналардың балаларына деген қамқорлығы мен сүйіспеншілігін, отбасындағы бала тәрбиесін және ондағы құндылықтарды дамыту.
Отбасы тәрбиесінің мәселелері Қазақстан Республикасында да мемлекеттік тұрғыда қолға алынған. Оған дәлел: Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 2 наурыздағы Жарлығымен Президент жанын-
дағы отбасы, әйелдер және демографиялық саясат мәселелері жөніндегі ар-
найы кеңестің құрылуы.
Осы тұста Елбасы Н. Назарбаев өзінің “Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы” деген Қазақстан халқына жасаған Жолдауында “Егер біз адамгершілігі жоғары адам болғымыз келсе, ата-аналардың балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз” деген болатын.
Бұл ұрпақ тәрбиесі мен адамзат өсуінің болашағы отбасы жағдайын жақсартудан басталатынын дәлелдей түседі.
Отбасындағы бала тәрбиесіне республика ауқымында өз үлестерін қосып келе жатқан ғалымдар баршылық. Соның бір айғағы ретінде Г.Құспанованың ой-түйіндерін келтіріп, оған талдау жасап өтсек, төмендегідей түзілім шығады:
Жас ұрпақты адалдыққа, еңбексүйгіштікке, шыншылдыққа үндеу;
Қазақ ұлағатты сөздер арқылы ұрпағын ойшылдыққа, әдептілікке, батылдыққа баулыған;
Бесік жырын, ертегіні тыңдамаған балалардың көкірек көзі ашылмаған күйде қалады;
Ата тегін білмейтін бала өзінің ұрпаққа ата мұрасын жалғастыра алмайды;
Жас ұрпақты отбасы тәрбиесінен бастап, мектеп тәрбиесі, ұстаздық шаралар арқылы салауатты өмір сүруге баулыған.
Бұл бағытта С.Бопырбаева, Г.Өтебаева, К.Ісләмжанұлы отбасы мен мектеп ауқымындағы тәлім-тәрбие жайлы пікірлер мен пайымдаулар ұсынған. С.Бопырбаева «Бабалар мұрасы – ұрпаққа байлық», «Халқын сүйген салтын да сүйеді» деген мақалды келтіріп, өзінің қызмет атқаратын мектебін дәріптейді. Ал Г.Өтебаева тәрбие принциптері тәрбиенің мақсатынан туындайтынына, оның әлеуметтік құбылыс ретіндегі мақсатпен астасып отыратынына көңіл бөледі.
Отбасылық тәрбие мәселесінде өзінің зерттеуімен көзге түскен ғалым- Кенжехан Ісләмжанұлы. Зерттеуші ғұрыптық рәсімдердің формасы мен атқаратын қызметіне қатар назар аударады. Әр ғұрыптың кешендеріндегі рәсімдер ұқсастығының мәнін ашуды алғаш ұсынған француз ғалымы Арнольд ван Геннеп екеніне тоқтайды. Рәсімдерге автор мыналарды жатқызады: туу, балалық шақ, әлеуметтік кәмелетке толу, некелесу және т.б.
І.Әлімбетов отбасылық мәселелердің күрделі екеніне тоқтала отырып, бала тәрбиесін мәдени, салт-дәстүрлер, психологиялық, әлеуметтік, керек десеңіз философиялық негіздерін біртұтас қарастырған ғалым жоқ деген сараптау айтады.
Ж.Балажанова мектеп пен отбасының ынтымақтастығына тоқталады.
Қ.Үсенханов қазақ отбасы тәрбиесіндегі психологиялық ерекшеліктерді жіктеп өтеді.
Халықтық педагогика мәселелері бойынша А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Х.Досмұхамедов, М.Әуезов, Қ.Құнантаева, А.Көбесов, Р.Төлеубекова, А.Қалыбекова Қ.Әтемова және т.б. біраз зерттеулер бар.
Демек, өмір талабымен қазақтың халық педагогикасы жайындағы ізденістер мен зерттеулер аз емес екен.
Отбасы тәрбиесінің ғылыми – теориялық тәжірибесінің барлығына қарамастан олар осы уақытқа дейін практикада көп қолданылмайды. Ал осы отбасы және бала тәрбиесінің дұрыс қалыптасуына халық педагогикасының атқаратын рөлі зор екенін ашып айту керек.
Қазақ халқының дәстүрлерінің ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқаны оның өміршеңдігінде, тәлім-тәрбие ісінде кең таралуында.
Қазақстанның қазіргі заманғы алуан жүйелі өмір тану жолдары соларға беру әдістері ертеден қалыптасып, бүтіндей қол үзбеген сыртқы күш қанша ықпалды болса да, халқымыздың дәстүрлері мүлде жойылып кетпеген. Ендігі мақсат- ата — бабаларымыздың дәстүрлерінің озығын жаңарту, ұрпақ тәрбиесінде басты рөлге айналдыру қазақтың ата-салтын, қағидасын қазіргі өмір тынысына сай пайдалану, жаңарту басты мәселе. Соңғы кезге дейін тәрбиеде халық педагогикаға өз деңгейінде мән берілмей келді.
Халық дәстүрлері мен оның үлгілерінің жоғалуы қоғамның рухани жағынан жұтаңдыққа ұшырауына әкеліп соғуда. Көптеген адамдар өз тілін, тарихын, мәдениетін әдебиетін білмейді, ұлттық әдет-ғұрып, кәсіп, халықтың өзіне тән тұрмыстық көрінісі жоғала бастады.
Сондықтан сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, ұрпақтан – ұрпаққа мұра болып өмір сынынан екшеленіп өткен бүгінгі өмірге жеткен әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді білу әрбір отбасының, тәрбиеші-ұстаздардың абыройлы міндеті.
Халық айтқан өсиет сөздердің, ырымдардың, дүниетанымдық болжамдарының, өнерінің, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарының көріністері – біртұтас педагогикалық процес негізінде, халықтық тәлім – тәрбие негізінде жалғасып, қалыптасып отыр.
Халықтық педагогиканың идеяларын анықтауда және теориялық әдістемелік мәселесінде қайшылықтар да байқалады. Осы қайшылықтардың шешімдерін табуға ықпал ететін шарттарды іздестіру біздің ғылыми зерттеу мәселемізді айқындап берді.
Осы орайда халық педагогикасының озық түрлерін отбасындағы тәрбиеде, мектеп өмірінде қолдану таңдап алған тақырыбымыздың өзекті мәселесі болып табылады.
Белгіленген болжамды іске асырудағы жетекші пікір – ұлттық психология мен халық тәрбиесін қазіргі жанұяда жастардың бойына сіңіру және жанұя тәрбиесінде пайдалану тарихындағы жетістіктерді зерттеу, жалпылау, бағалау оны жанұялық тәрбие процесіне енгізудің болашаққа бағытталған ұтымды жолдарын ашуға көмектеседі. Сонымен қатар ата-баба дәстүрін, даналық қағидаларын, әдет-ғұрыптарының мәнін ашуға, толық жетілген адамды қалыптастыруға бағытталған тиімді жолдарын ашуға мүмкіндік туар еді.
Қазіргі қоғамдағы жариялылық жағдайында білім мен тәрбиенің ұлтымыздың озық дәстүрлері мен тәжірибелеріне негізделуіне айрықша ден қойылуы тиіс. Себебі, жаңашыл (инновация) мектептерде, педагогикалық білім берудің мақсат, міндеттерін толық анықтау, білім мазмұнын жаңалау, оқытудың жаңа тиімді әдіс – тәсілдерін жетілдіру, жаңа мазмұндағы оқу, әдістемелік құралдары мен бағдарламаларын жасау жұмыстары республика ғалымдары мен көптеген ғылыми – зерттеу орталықтары назарында.
Мұндай жұмыстарға талаптың туындауы бүгінгі күнгі оқу – тәрбие процесінде жаңа бағыттарға деген сұраныстардан. Тәрбие жұмысы ешқашан күн тәртібінен түспеген. Ұшы – қиырсыз жазира дала тұрғындары өздерінің сан ғасырлар бойғы тарихында жас ұрпаққа тәрбие берудің бай тәжірибесін жинақтап, ұлттық өзіндік салт – сана мен әдет – ғұрып, рәсімдер туғызды.
Көшпелі халық өзі өмір сүрген қоғамның әлеуметтік – экономикалық жағдайына, мәдениетіне, тарихына орайлас жас буынға тәлім – тәрбие берудің айрықша талап – тілектерін дүниеге әкеледі. Мәселен, жас адамның жұртқа танымал моральдық – психологиялық өлшемі белгіленді. Оның мәні «сегіз қырлы, бір сырлы» шынайы, оташыл азамат тәрбиелеу. Міне осы қағида сан ғасырлық дала тұрғындарына қойылатын моральдық талаптарды айқындады. Ол талаптар: көшпелі мал шаруашылығын жете игеру, еңбексүйгіштік, қиындыққа төзе білу, ел намысын қорғау, жаудан бет қайтпау, сөз асылын қадірлеу, ат құлағында ойнау, ата – ананы сыйлау, т.б.
Осындай қоғамдық қатынастарды кішкентайынан көріп – біліп өскен адамдарда мүдделестік, өмірге көзқарастың сәйкестігі, кісілік қарым – қатынастар айқындалып, жеке бастың бұра тартуына мүмкіндік қалдырмаған, психологиялық жағынан «бір ауыздан қауымдасқан жандар» үнемі өзінің рулық одағына етене сіңіскен салттар мен дәстүрлерді ұсынады.
Ал бұл ұстаным ұлттық психология мен ұлт мәденитеінің сипатын айқындайтын факторлар.
Қазақ үшін ұрпағын жалғастырар баланың баланың орны ерекше. Ал оның жақсы, жаман болып өсуі оның алған тәлім – тәрбиесіне, көрген өнегесіне жинаған тәжірибесіне байланысты екені белгілі. Ата-ананың басты міндеті де баланы тек материалдық жағынан қамтамасыз ету ғана емес, оның бойына адамгершілік ізгі қасиеттерді сіңіру. Бала ұрпақты баулу, тәрбиелеу – аға ұрпақтың мойнына жүктелетін тарихи парыз, игілікті уәзипа. «Әйтеуір баланың қарны аш, иіні жалаңаш болмаса жетеді де, одан арғының қажеті не» деу ұшқары ой. Асырау мен асыл тәрбие беру екі сала мәселе, айрмасы жер мен көктей. Қай халықты алсақ та, әлгі айтылған борыш –міндетті қалтқысыз пайымдайды. Мәселен, қазақ атамыз «Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса, ел болғаны қайсы» дейді.
Қазақ отбасында тәрбиенің негізінен басты-басты сегіз түрлі мәселені қамтығанын атап өтеді. Біріншіден, алдымен әдептілікке үйретуді көздеген әке-шеше баласына «әдепті бол» дегенді басты міндет етіп қойған. Екіншіден, олар баланы қайырымды, иманды, мейрімді болуға тәрбиелеген. Үшіншіден, тіл алғыш, елгезек болуға баулыған. Төртіншіден, адал, шыншыл болуға үйреткен. Бесіншіден, өнегелі ұстаз бен көпті көрген қарияның сөзін тыңдап, «ақпа құлақ болмай, құйма құлақ бол» дегеді бойларына біртіндеп сіңіре берген. Алтыншыдан, үлкенді, ата-ананы сыйлап құрметтеуге үйретуді ең басты міндет етіп қойған. Жетіншіден, кісі айыбын бетіне баспай, біреуге орынсыз тіл тигізбейтін әдепті азамат бол, әсіресе қаріп-қасірлердің табиғи кемдігін (мұрны пұшық, көзі қисық, аяғы ақсақ, т.б.) бетіне баспа деп үйреткен. Сегізіншіден, ел қорғаған батыр бол, халық алдында қызмет ет, бар өнеріңді соған жұмса дегенді ерінбей – жалықпай айтып қана қоймай, жеке өнегелер арқылы көрсетіп отырған.
Қазіргі жас ұрпақтың тәлім – тәрбие бастауы – отбасы екеендігіне көздерін жеткізу, оларға бағыт – бағдар беру – үлкен мәселе Егерде отбасы болмаса, халық даналығы өз қасиетін жоғалтады, себебі, тек қана отбасында ғана халықтың ұрпақтан – ұрпаққа мұрагерлікке қалып отырған салт – дәстүрлері мен әдет – ғұрыптары тамырын жайып, өрби алады.
Отбасының басты тәлімгерлері ана мен әке, әже мен ата. Ана балаға барлық өмір тәжірибесін және бар білгенін туылған күннен бастап баланың бойына сіңірумен болады. Сондықтан баланың алғаш тілі шығуы «Апа» деген сөзден басталады.
Қазақ отбасында ұлттық тәрбие ана құрсағынан басталып, адамды өмір бойы және оны о дүниеге шығарып салумен аяқталатын әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлер негізінде үздіксіз жүргізіліп, іс-әрекеттер мен қарым-қатынастар арқылы жүзеге асырылады. Осылайша отбасында ұлттық тәрбие халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған халықтық тәрбие дәстүрлері негізінде іске асқан, яғни отбасында ұлттық тәрбиенің негізі – халықтық педагогика. Қазақ ғалымдарының этнопедагогиканың зерттеулері бойынша отбасы тәрбиесі мына төмендегідей бағыттарда жүргізілетіндігін көрсетуде:
— құрсақ тәрбиесі.
— бесік тәрбиесі.
— қыз бала тәрбиесі.
— ұл бала тәрбиесі.
— келін тәрбиесі.
— ер азамат тәрбиесі.
Бұл мәселелерді қарастыруда қазақ халқының бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлуі, оған қамқорлығы туралы сөз етеміз.
Ата-бабаларымыз ұрпақ тәрбиесіне үлкен мән беріп, ерекше көңіл бөлген. Өйткені ол баланы отбасының және өмірдің жалғасы мен болашағы деп санаған. Сондықтан да, отбасында баланың болуын және көп болуын тілеген. Оған халқымыздың мынадай даналық сөздері дәлел:
«Бесіксіз үйде береке жоқ», «Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар», «Бір баласы бардың шығар шықпас жаны бар, көп баласы бардың үйінде жанған шамы бар», «Бала – адамның бауыр еті».
Қазіргі кезде алыс – жақын шетел ғалымдары баланы ананың құрсағында жатқанда тәрбиелеуге болады екен деген мәмілеге келіп отыр. Біздің ойымызша, ата — бабаларымыз бұл жаңылыққа ерте кезден ден қойып зерттегенге ұқсайды. Бұл осы отбасы тәрбиесінің бір тармағы құрсақ тәрбиесі.
Құрсақ тәрбиесі.
Қазақта балаға деген қамқорлық ол дүниеге келместен бұрын басталған. Аюдың етіне, жолбарыстың жүрегіне, бүркіттің миына жерік болған әйелдер дүниеге алып батырлар, ерен ойшылдарды әкелетіндігі жайлы аңыздарды кездестіруге болады.
Әйел жүкті болысымен оған ереше қамқорлық жасалып, оның сүйген «жерік асын» қайдан болса да тауып береді, жүкті әйелге ауыр жүк көтертпей, оның көңіл –күйін жоғары ұстап, түрі тұрмыстық әдет-ғұрыптарды жасаған. Осылайшы қамқорлық жасаудың арқасында ғана бала құрсақта өте жақсы өсетіні, айы — күні жетіп уақытысымен дүнеге келетінін халықтық медицинамыз жақсы білген. Құрсақта жақсы тәрбие алған бала кейін ақылды, сұлу, сымбатты, жақсы ер азамат болып өскен.
Біздің аналарымыз бала бойына біткеннен бастап, олардың мінез-құлқының ерекшелігін, болашағын болжай білген көрінеді. Мысалы, Анай шешей Қыпшақтың зайыбы болған дейді. Қыпшақтың Бұлт, Торы, Ұзын, Көлденең, Қарабалақ, Қоңыр деген алты баласы болыпты. Олар жөнінде анасының:
«Бұлтың бітті бойыма, адалдық кірді ойыма,
Торың бітті бойыма, билік кірді ойыма,
Ұзын бітті бойыма, зорлық кірді ойыма,
Көлденең бітті бойыма, кербездік кірді ойыма,
Қарабалақ бітті бойыма, тоқтық кірді ойыма,
Қоңырың бітті бойыма, момындық кірді ойыма», — деген толғауы дәлел болады.
Анай ана әр ұлдарының мінез-құлқын алдын – ала божаған, кейін олардың қандай адамгершілік қасиеттереге болатындығына психологиялық сипаттама берген.
Бесік тәрбиесі. Халқымыздың дана перзенті М.Әуезовтің «Ел болам десең бесігіңді түзе» деген ұлағатты сөзі халқымыздаң бесік тәрбиесімен астасып жатыр. Бесік халқымыздың құнды материалдық қана емес, рухани мұрасы. Себебі, бесік баланың денінің сау, ұйқысының тыныш, көңіл – күйінің көтеріңкі болуының кепілі ғана емес, бесікте жатқан балаға айтылатын бесік жырының да тәрбиелік мәні зор.
«Бесік жырында» қазақ қауымының балаға деген тілегі, ізгі сүйіспеншілігі, халықтың шешендігі мен арманы, эстетикалық идеалы бейнеленген.
«…Қазақ баласының шыр етіп жерге түскеннен ер жеткенге дейінгі бар ғұмыры өлеңге толы, оның алғашқы еститіні ана әлдиімен айтылатын бесік жырының әуені»-, деп жазды өзінің «Қазақ халық әдебиеті» атты еңбегінде Х.Досмұхамбетов.
Бала дүниеге келген соң сыртқы тұрпатына сай сын айтқан сөздерді де ескерту қажет. «Қошқар болар қозының маңдай алды дөң келер, азамат болар баланың етек – жеңі кең келер» деп бабаларымыз жас сәбилер болашағынан мол үміт күткен психолог. Баланың жеке ерекшелігін ескере отырып арнайы тәрбие жұмыстарын жүргізе білген. Баланың дене бітіміне, бойындағы ерекше көзге түсер белгісіне қарап, сынап, оның болашықта қандай азамат болатындығына психологиялық сипаттама берген. Мысалы, бір құлағы екінші құлағынан үлкен болса — күйші; саусағы ұзын болса – биші, күйші; желкесінің шұңқыры үлкен болса – жалқау; бармағы қайқы болса – шебер болар деген болжамдар айтқан. Балаға сын айту – ежелден келе жатқан халық мектебінің дәстүрі. Бұдан әрі осы болжамдарға сай баланы тәрбиелеу бағытын анықтаған. Болашақта күйші болады деген баланы өнерлі адамдардың қасына қосқан, солардан үлгі көрсеткен.
Нәресте алғашқы дүниеге келген күні өткізілетін шілдехана тойы дүниеге нәрестенің келуіне арналған мереке, ана мен баланы тіл-көзден, жын-шайтаннан қорғау сеніміне байланысты болған деуге болады.
Қазақта қалыптасқан дәстүр бойынша нәрестеге үш күннен қалдырмай ат қойылған. Әдетте ат қою құрметіне ауылдың құрметті ақсақалы ие болған. мұнда нәрестенің құлағына «Сенің атың пәленше» деп, өзі қойған атты үш рет шақырады. Осыған орай тілімізде «азан шақырып қойған атым» деген тіркес бар.
Ер балаға көбіне батырлардың, би – шешендердің аттарын қойған, батыр, бай болсын деген тілекпен бала есімінің аяғына не «байды», не «батырды» қосқан. Мәселен, Байбатыр, Қабанбай, Бұланбай, Жанбатыр, Аманбай, т.с.с. есімдер бұған дәлел.
Қыз балаға аспан әлеміне, әдемілікке, сұлулыққа сай аттар қойған. Кейде балаға көз тимесін деген оймен Жаманбай, Итбай, Шөмішбай, Тезекбай деген сияқты аттарды да қоя берген. Баласы шетіней берген ата-аналар Тоқтар, Жүрсін, Тұрар т.б. аттарды ырым етіп қойған. Ұлы адамдардың есімін иемденген балалар ер жеткен соң өз атына лайық болуға, сол адамдай ақылды, дана, батыр болсын деген ата-анасының үмітін ақтауға тырысқан………….

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!