Курстық жұмыс: Менеджмент | Қазақстандағы менеджменттің қалыптасуы

0

Мазмұны

Кіріспе…………………………………………………3
I. Басқару ғылымының пәні мен әдістері.
1.1. Ұйым және менеджмент……………………………………………………….4
1.2..Менеджмент мақсаты мен тапсырмалары……………………………..5
1.3..Менеджменттің белгілері мен статиялары…………………………….7
II . Менджменттің даму эволюциясы.
2.1. Менеджмент эволюциясы…………………………………………………..9
2.2. Менеджменттің Классикалық мектебі……………………………….10
2.3. Эмпирикалық басқару мектебі……………………………………………15
III. Қазақстандағы менеджменттің қалыптасуының саяси алғы шарты.
3.1.Қазақстандағы менеджменттің қалыптасуының экономикалық алғышарты……………………………………18
3.2. Басқару әдістері.Басқару әдістерінің түрлерi……………………..20
Қортынды………………………………………………………………………………..27
Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………………………29

КlРlСПЕ
Басқару адамдар іс-әрекетінің мақсатты бағытталған бірлесу қызметі ретінде, ежелден белгілі. Бұл қызметтің формалары, әдістері және мазмұны өзгеріп отырған, ал негізгі құрастырушы элементтері сол немесе басқа түрде сақталған. Менеджменттің негізгі құрастырушыларына: мақсатты анықтау, яғни адамдардың қызметін қандай мақсат пен нәтижені қол жекізуге бағыттау қажеттігі; адамдардың қызметін үйлестіру; олардың арасында жеке қызмет түрлерін бөліп беру; бұл іс-әрекетерді қойылған мақсатқа жететіндей етіп бірлестіру; бірлескен жұмысқа қатысушылар қажетті нәтижеге қол жеткізе алатындай әлеует (қаржылық, ресурстық, технологиялық т.б.) жасау және т. б. жатады.
Көптеген адамдар өздерінің саналы өмірлерінде өздері мүшелері болып табылатын немесе қатынасқа ие болатын, белгілі бір ұйыммен байланыс жасайды. Бұл ұйымдар мемлекеттік, жеке меншік, муниципалдық, үлкен немесе кіші, тұрақты немесе тұрақсыз болуы мүмкін.
Барлық ұйым үшін ортақ белгілер бар: ұйымға кіретін адамдар, ұйым шешу үшін, құрылған мақсаттар; алдарында тұрған тапсырмаларды шешу, ұйым әлеуетін қалыптастыратын, шоғырландыратын, қозғалысқа әкелетін басқару.
Осыдан ұйымды белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған адамдардың саналы, жүйелендірілген іс-әрекетінің бірлестігі деп айтуға болады.
Ұйым негізгі үш құрамдас элементтен тұрады:
-сыртқы ортадан шикізат немесе ресурстарды алу;
Менеджменттегi басты мақсат жас экономист-басқарушы кадрларды Қазақстан Республикасының экономикасының, жекелеген салаларының, кәсіпорындардың тиімділігін жоғарылату үшін қолдағы бар ресурстарды оңтайлы пайдалануды қамтамасыз ететін менеджменттің жүйелік ыңғайы мен функцияларын, әдістерін, техника мен технологияларын, ұйымдастырушылық формалары мен құрылымдары, білімді игеруге көмек беру.
Менеджерлерге өндірісті басқару механизімін түсіндіру, заңдылықтарын анықтай отырып, нақты ұйымдастырушылық тапсырмаларды шешу тәсілдері мен әдістерін дайындау жөнінде ұсыныстар беру, яғни менеджментті басқару саласында маманданған, қажетті кәсібті иеленетін адамға түсінікті болатын ғылыми жүйеге айналдыру.
Басшыны» мақсаты менеджменттің түрлі деңгейінде шешім қабылдау процесін, әдістері мен функцияларын іс жүзінде пайдалануды үйрету.
-өнім дайындау (қызмет көрсету, ақпарат т.б);
-өнімді сыртқы ортаға беру.
Осы аталған процестердің біреуі болмайтын болса, онда ұйым қызмет етуін тоқтатады. Ұйымдағы менеджмент осы процестер арасындағы байланысты қолдап тұруы қажет
I. Басқару ғылымының пәні мен әдістері
1.1. Ұйым және менеджмент.
Менеджмент ғылымының пәні бұл түрлі бөлімдер мен деңгейлер арасындағы жетекшілердің басқарушылық қатынасы.
Менеджменттің мақсаты-бұл заңдылықтарды тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін басқарудың принциптерін, әдістерін, техника мен технологиясын, сонымен бірге ұйымдастыру формасы, құрылымы, жүйесін жасау болып табылады.
Менеджмент басқа да қоғамдық ғылым секілді жетекшінің іс-әрекетін анықтайтын бағдарлама, ереже топтамасын құруды мақсат етпейді. Пәннің мақсаты дайын шешімдерді жасау емес, менеджмент механизмін түсіндіру, заңдылықтарын анықтаудың негізінде ұйымдағы нақты мәселені шешудің тәсілдері мен әдістерін пайдалана отырып ұсыныстар дайындау болып табылады.
Басқару ғылымы жөніндегі біліммен қаруландырып, басқару процестері мен құбылыстарына ғылыми тұрғыдан қарау бейімділігін үйретуге бағытталған. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін, менеджментті келесі т‰рлерін ќарастырамыз:
-менеджменттің мәні мен принциптері;
-басқарудағы жүйелік ыңғай негіздері;
-менеджмент эволюциясы;
-Қазақстандағы менеджменттің методологиялық негіздері;
-ұйым түсінігі, түрлері, мақсаттары, жіктелуі;
-менеджменттегі интеграциялық процестер: ақпаратпен қамтамасыз ету, коммуникациялар, менеджменттегі басқару шешімдері;
-нарықтық экономикада басқару әдістерінің жүйесі;
-менеджмент функциялары;
-топтық динамика және басқарушылық персонал;
-менеджмент тиімділігі.
“Менеджмент негіздері” пәні экономикалық мамандықтарды дайындайтын оқу жоспарында қарастырылған, басқа оқу пәндерімен өзара байланысады. Оқу жоспарындағы барлық дерлік пәндер пайда болатын басқарушылық тапсырмаларды шешуге болашақ мамандарды дайындауды мақсат етеді.
“Менеджмент негіздері” ең алдымен экономикалық теориямен өзара байланысады. Менеджмент нарықтық экономика дамитын объективті экономикалық заңдылықтарға сүйенуі арқылы экономикалық теориямен өзара іс-әрекет етеді.
“Менеджмент негіздері” халық-шаруашылығын жоспарлау, бағдарламалау, статистика, бухгалтерлік есеп және аудит, қаржы, несие, қызметкерлерді басқару, кәсіпорын экономикасы, өндірістік, инновациялық, стратегиялық менеджмент, экономикадағы математикалық әдістер сияқты нақты экономикалық ғылыми пәндермен байланысты.
“Менеджмент негіздері” құқықтық пәндерімен түйіседі. Құқықтық ғылымдар басқарушылық қызметтің заңдылық негіздерін, заңды тұлғалар арасындағы қатынас тәртібін, заңды тұлғалар мен азаматтар арасындағы құқық пен қызметтік тұлғалардың жауапкершілігін анықтайды. Бұның барлығы басқару аппаратының жұмысын регламенттейді.
Аталған ғылымдар басқару мәселелерінің бір жағын ғана зерттейді. “Менеджмент негіздері” өндірісті басқарудағы жүйелер мен процестерді зерттейді.
Менеджмент еңбектің қоғамдық процесі ретінде, адамдардың нақты еңбек актілерін, іс-әрекетін, операцияны орындау мен ұйымдастыру барысында, нақты бір қызметті орындауда көрінеді. Сондықтан менеджменттің көп түрлі варианттарының болуы, еңбек процесіндегі әр түрлі менджмент қатынасының болуына байланысты. Мұнда менеджменттің барлық қатысушыларының басты мақсаты ұжым еңбегінің пайдалылығын жоғарылату. Менеджменттің пайданы жоғарылатуға бағыттауы, соңғы нәтижесіне тікелей әсер етуі менеджерлер еңбегінің өнімділігін көрсетіп, еңбекті басқаратын еңбек түріндегі ерекше қызмет екенін анықтайды. Сонымен менеджмент алға қойған мақсатқа жетуге бағытталған кәсіби қызмет.
Нарық жағдайында менеджмент бұл:
-кәсіпорынды нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа бағыттау;
-аз шығын жұмсай отырып максималды пайда алу;
-алмасу процесі кезінде нарықтағы кәсіпорынның соңғы нәтижесін анықтау;
-дұрыс ақпарат пен компъютер көмегіне негізделген оптималды шешімдерді қабылдау.
1.2..Менеджмент мақсаты мен тапсырмалары
“Менеджмент” термині “басқару” терминінің аналогы, бірақ “басқару ” термині, кез-келген адам қызметіне қолданылғандықтан “менеджмент” терминіне қарағанда кеңірек ұғым. Бүгінгі таңда менеджмент түсінігі басқару түсінігімен бірдей қолданылады.
Менеджменттің маңызды тапсырмаларының бірі товарлар өндірісі мен қызмет көрсетуді тұтынушылар талғамына сәйкес жолға қою. Кәсіпорын жұмысының рентабельділігіне, нарықта тұрақты жағдайды иеленуге қол жеткізу. Қойылған тапсырманы орындау үшін: өндірісті автоматизациялау мен механизациялауды қамтамасыз етуі; жоғары квалификациялы мамандарды пайдалануы; кәсіпорын, фирма қызметкерлерін ынталандыруы; барлық бөлімшелердің жұмысын үйлестіріп отыруы; тұрақты түрде жаңа нарықтарды іздеп, игеріп отыруы; белгілі бір мерзімде кәсіпорынның даму мақсатын анықтауы; басым бағыттарды анықтап, олардың кезектілігі мен тізбектілігін белгілеуі; қажетті ресурстарды және олармен қамтамасыз етілу көздерін анықтап отыруы; қойылған тапсырмалардың орындалуын қадағалап отыруы қажет.
Менеджмент түріне және тізбектілігіне сәйкес үш стадияға: стратегиялық басқару, оперативті басқару, бақылау болып бөлінеді.
Стратегиялық басқаруға:
-басқару мақсатын дайындау:
-бағдарламалау – даму нәтижесіне факторлардың қалай әсер ететінін алдын-ала көру;
-перспективті жоспарлау- бағдарланған нәтиженің қойылған мақсаттан ауытқуды жеңуге қажетті шаралар жүйесі;
Оперативті басқару стратегиялық басқаруды жүзеге асыру үшін, қажетті құрылым мен ресурстарды ұйымдастырып, құрылымның мотивациясына жетекшілік етеді.
Бақылау-қол жеткізілген нәтижелер мен мақсаттарды талдау. Басқарудың жаңа циклының бастапқы нүктесі болып табылады.
2. Кәсіпорын(фирма) пайда алуға бағытталған кәсіпкерлік қызметтің кез-келген түрін жүзеге асырады. Менеджмент мазмұны кәсіпкерлік қызмет барысында белгілі бір нәтижеге қол жеткізу.
Кәсіпорын соңғы нәтижеге қол жеткізу үшін, бар ресурстарын дайын өнімге айналдырады. Дайын өнімге айналдыру үшін, өндірістік бөлімдер қажет. Сондықтан кәсіпорын өзіне тән өндірістік функциясын жүзеге асыратын бөлімдерге бөлінеді. Бөлімдер ортақ мақсатқа қол жеткізуге саналы бағытталған және үйлестірілген адамдар тобының қызметін сипаттайды. Бөлімдер, цехтар, қызметтер басқарылатын жүйе болып табылады.
Басқарушы жүйе ортақ мақсатқа жету үшін, басқарылушы жүйенің барлық іс-әрекетін үйлестіруді жүзеге асыратын басқару аппараты.
Ірі кәсіпорын өзінің басқару аппаратында ағылшын тілінде менеджмент деген сөз болатын атауларды иеленеді:
-top management –жоғары басқару звеносы;
-middle management- орта басқару звеносы;
-lower management- кіші басқару звеносы
Басқарушы және басқарылушы жүйелер өзара іс-әрекетте және тығыз байланыста болады. Басқарушы жүйе келіп түсетін шикізаттан дайын өнім өндіретін басқарылушы жүйеге әсер етеді. Басқарылатын жүйе басқарушы жүйенің шешім қабылдауы үшін, өзінің жағдайы туралы ақпарат беру арқылы әсер етеді.
3.Менеджерлер-бұл жаңашыл нарықтық экономика жағдайында өндірісті басқаратын мамандар (кәсіпорын, фирма, ұйым жетекшілері, түрлі сипаттағы басшылар). Менеджер бұл үлкен арнайы дайындықтан өткен және ұйым немесе жеке бөлімше ұжымын басқару арқылы нәтижеге қол жеткізген адам. Бұл кез-келген ұжымның мойындалған көшбасшысы. Менеджер-бұл өзіне тән құралдары мен бейімділігі бар басқа мамандықтардан ерекшеленетін мамандық. Менеджер мамандығы ғана қызметкерлердің нәтижелерге өздерінің жетуіне көмектеседі.
Нарық және нарықтағы белгісіздік жағдай шешім қабылдауда еркіндік пен жауапкершілікті болуды талап етеді.
Кез-келген деңгейдегі менеджерге жоғары талаптар қойылады, атап айтсақ;
-кәсіпорынды басқару саласына ортақ білімі болуын;
-фирмаға қатысты саладағы өндіріс технологиясының мәселелеріне ұқыпты болуын;
-тек қана басқару бейімділігін ғана иеленбей, кәсіпкерлік пен нарықтағы жағдайды басқара алуды;
-негізделген және дұрыс шешім қабылдай алуды;
-негізгі нарықтарда экономикалық жағдайды талдай алу білімі мен тәжрибесінің бар болуы;
-бәсекелес фирмалардың қызметі мен іс-әрекетін талдай алуы;
-сұраныстың т.б. өсуін алдын ала көре білу.
.Нарықтық экономикада өндірістік-шаруашылық процестері, әр түрдегі және көлемдегі еңбек кооперациясы басқару объектісі болып табылады.
Басқару объектісі мен субъектісі үздіксіз өзара байланыста бола отырып, басқарылатын жүйеде басқару объектісінің орнын анықтайды. Оның дамуы материалдық ресурстарды тиімді пайдалану басқару жүйесінің маңызды тапсырмасы болып табылады. Басқару объектісінің мазмұны, онда болып жатқан өзгерістер басқару субъектісінің мазмұны мен ондағы өзгерістерді анықтайды. Басқару жүйесі өндіріс басқарылатын кіші жүйе ретінде қажетсінетін әсерді береді. Ол үшін басқарылатын жүйенің тиімді қызмет етуі, талап ететін күрделі басқару жүйесінің сәйкестігі қажет. Басқарушы және басқарылатын жүйенің қатынасының негізінде олардың арасындағы тиімді қатынасты, соның ішінде жұмыс істейтіндердің саны, технико-экономикалық деңгейі және басқа да сипаттамаларын қалыптастыру және орнату жатады.
5.Принцип қоғамның тарихи даму барысындағы жетістіктерін ескере отырып, ғылыми тұрғыдан жасаған, ғылыми қағидалар. Қоғамның өмірінде болсын, экономиканы басқару жүйесінде болсын, бұл принциптерді бұзуға болмайды.
1.3..Менеджменттің белгілері мен статиялары
Басқарудың басты принциптерінің бірі ғылыми негізделу. Басқару шараларын, әдістерін, белгілегенде, басқару құрылымын құрғанда, сондай-ақ басқару органдарын жасағанда, оларды жетілдіруде және толық өзгертер кезінде сүйену қажет. Бұл үшін кадрлардың жан-жақты және жеткілікті теориялық білімімен тәжрибесі болу керек.
Келесі принцип мақсатты бағыңқылық. Атқарылатын жұмыста қызметкерлер халық шаруашылығының негізгі мақсатына үйлесімді болуы қажет. Кез-келген халық шаруашылығының субъектісі өздерінің іс-әрекетін мемлекеттің алдына қойған мүддесіне санастыруы қажет.
Демократиялық принцип іс-әрекетте және басқару процесінде кәсіпорындарға, кәсіпкерлерге еркіндік беру. Бірақ бұл еркіндік қоғамда қабылданған заңдарға, нормаларға қарсы келмеуі керек. Мемлекет және басқару органдары тарапынан кәсіпкерлердің, кәсіпорынның, ұйымның жұмысына әртүрлі себептермен кедергі келтірілмеуі керек.
Икемділік принципі бұл кәсіпорын, ұйым нарықта, қоғамдық өмірде, мемлекет тарапынан болып жатқан өзгерістерге тез, жылдам бейімделе алатындай етіп құрылуы қажет.
Дара басшылық принципінің мәні әр бір маман тек бір басшыға ғана бағынуы қажет. Жоғарғы басшы орта буындағы басшыдан аттап, қарапайым жұмыскерлерге нұсқау бермеуі керек. Әр бір нұсқау, бұйрық өз ретімен басқару буындары арқылы жеткізілуі қажет.
II .Менджменттің даму эволюциясы.
2.1. Менеджмент эволюциясы.
1.Өндіріс көптеген бөлшектерден, ұйымдардан тұрады.Оның ойдағыдай жұмыс істеуі оңай емес, себебі оған әсер ететін көптеген айнымалы факторлардың жағдайымен әрқашан санасу керек. Бұл қиындықты жеңілдетудің бір жолы, өндірісті жүйелі басқару тұрғысынан қарау керек. Жүйе белгілі бір элементтер жиынынан тұратын, өзінің олардан айырмашылығы бар тұтас құрылым. Жүйенің негізгі ерекшелігі оны құрастырушы элементтің қосындысына байланыссыз өз сапасының болуында. Элементер өз алдына дербес тәуелсіз болады.
Жүйе бірнеше бөліктерден тұрады:
1.Ашық жүйе
2.Жабық жүйе
Ашық жүйелер-сыртқы ортамен, заттар, энергия және информацияны айырбастап, байланыс жасайтын жүйе.
Жабық жүйелер-сыртқы ортадан зат, энергия және ақпарат түсетін жүйе түрі. Жүйенің элементтері әрқашанда бір-бірімен қозғалыста, қарым-қатынаста болады. Осы байланыстың мазмұнына, пәніне, түрлеріне қарай жүйенің жұмыс істеу қабілеті қалыптасады.
Өндірісті заттық тұрғыдан қарасақ ол өндіріс құрылымдарымен еңбек заттарын дайын өнімге айналдыратын өндіріс процестерінің жиынтығы. Ақпараттық жүйе екі бөлімнен тұрады:
.Басқарушы жүйе құрамында барлық жұмыскерлері мен байланыс құрылғылары түріндегі техникалық құралдар, сигнализация, есептеу құралдарынан т.б тұратын басқару аппараты.
Экономикадағы басқарылушы жүйе бұл белгілі жұмыс орындарынан тұратын бөлімдер, өндірістік және көмекші участоктардан құралған цехтар; негізгі және көмекші цехтардан тұратын, басқа да шаруашылықтарға қызмет көрсететін кәсіпорындар.
Әр бір кәсіпорын елдің экономикалық жүйесінің бір бөлігі болып табылады. Сондықтан өндірісті басқару кәсіпорындардың басқа өндірістік және тұтынушылық қоғамдық ұйымдармен бірлікте болуын қарастыру арқылы анықталады.
Әр бір өнеркәсіптік фирма товарлар мен қызметтер өндіретін іс-әрекеттер мен функциялар жиынтығынан тұратын өндірістік жүйесін………

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!