Курстық жұмыс: Мәдениеттану | МҰСЫЛМАН МӘДЕНИЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ, ХАЛИФАТТЫҚ КЕЗЕҢ ОРНАУЫ
Мазмұны
КІРІСПЕ …………………………….………….…………………………………….3
МҰСЫЛМАН МӘДЕНИЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ, ХАЛИФАТТЫҚ КЕЗЕҢ ОРНАУЫ.
І тарау. Ислам дінінің пайда болуы , оның арабтар мәдениетіне әсері ……….6
ІІ тарау. Араб халифатына кірген халықтардың мұсылман мәдениетінің жасалуындағы үлесі ……..……………………………..14
ІІІ тарау.Аббаситтер халифатының орнауы,оның саяси құрылымы ………….19
ІV тарау. Рухани мәдениеттің дамуы ……………….………………………..23
ҚОРЫТЫНДЫ …………………………………………………………………27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ………..……………………29
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Ұлан-ғайыр Аравия жері — әлемдік тарихтың ажырамас бөлігі екені сөзсіз. Бүкіл мұсылман қауымының, ислам дінінің қасиетті діңгегі орнаған жер. Араб қоғамы мен рухани әлемі, мәдениеті ислам дінімен тығыз байланысты. Ал саяси тарихына көз салар болсақ, арабтар шығыстағы тіпті әлемдегі десем қателеспегендігім болар, жаңа мемлекеттік ұйым, бірлестік-халифаттың негізін қалады. Қазіргі күнде жылдам өзгеріске ұшырап отыратын әлемде дін беделді және ықпалды қоғамдық құбылыс. Әлемдік діндердің ішіндегі ислам-тек сенім мен салт-жоралар ғана емес, сонымен қатар өмір сүру салты.
Бұрынғы Орта Азия мен Қазақстан мұсылмандарының Діни басқармасының төрағасы муфтий Мухаммед-Садық Мухаммед-Юсуф былай дейді: “Ислам-барлық кезеңде және әр түрлі халықтарда адамзаттық негізгі сұраныстарына жауап береді. Біздің басқа діндерден айырмашылығымыз өмір діни және әлеуметтік болып бөлінбейді. Ислам дегеніміз-әрі сенім, әрі өмір сүру түрі. Исламды уағыздай отырып біз қоғамымыздың барлық проблемаларын шешуге жетістікпен қатынаса аламыз”/1/.
Ислам өркениет тарихында маңызды рөл атқарады және дүние жүзіндегі көптеген елдер өмірінің әртүрлі сферасына маңызды ықпал етуші күш ретінде қалып отыр. Бұл тұрғыдан алып қарағанда исламды және оның жеке жақтарын зерттеу күн тәртібінен түспейді.
КСРО-ның ыдырауымен барлық бұрынғы кеңестік елдердегідей, Қазақстанда, халықтың көпшілік санасындағы ұқсас белгілерді өзгертуге бағытталған сарын байқалды. Кешегі әлеуметтік, дәрежелік этатистік теңестірулердің жаңа шындық жағдайға сәйкес келмеді, тұрақты тепе-теңдікті ұстау үшін өзекті негіздерді іздеумен қатар, көпшілік санасының маргиналдандыруын тудырды. Мұндай жағдайда тепе-теңдікті нығайтудың және қалпына келтірудің ең бір жан-жақты және жақындастырушы факторы ретінде этномәдени қайта жаңару идеясы қалыптасты.
Тақырыптың зерттелуі. Философ ғалым А.Қасымжанов былай деп көрсетеді: “Қайта жаңару уақыты туды. Ол рухани тамырларымызды зерттемей, ұғынбай іске асуы мүмкін емес. Іздену, ұғыну-өткенге құрметпен қарау. Бұл халықтың іштей түлеп, өзін-өзі тану жолына түсуі, өркениетті қоғамдағы озық халықтардың қатарына терезесі тең қосылу” /2/.
Ислам, оның генезисі, мәні және араб жаулап алушылығына байланысты ғылыми зерттеулер аз емес. Бұл мәселені зерттеу 1917 жылы Қазан төңкерісіне дейінгі Ресейде, соның ішінде Түркістанда да басталып, бұл күнде исламтану әртүрлі методологиялық көзқарас тұрғысынан жазылған мұраға бай болып отыр. Бұл зерттеулер арасында шетелдік исламтанушы ғалымдар еңбектерінің аудармалары да кездеседі.
Исламның пайда болуы, оның мәні және оның әлемдік дінге айналу жағдайлары туралы мәселелер В.В.Бартольд /3/,Гольдциер И./4/ , А.Массэ /5/, Д.Еремеев /6/, еңбектерінде арнайы зерттеу объектісі болып табылады. Исламның тарихнамасында мұсылман дәуіріндегі рухани және материалдық мәдениет “Очерки истории арабской культуры Ү-ХҮвв.”, “Арабы, ислам и арабский халифат в раннем средневековье”/7/, және Т.А.Чистякованың “Арабский халифат (ҮІІ-Хвв)” еңбектерінде кеңінен баяндалады/8/.
Сондай-ақ, Араб халифатындағы исламның идеялық мазмұнын және оның ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан қарастыру, оның араб халифатындағы елдер мәдениетіндегі орнын анықтау үшін қажет, себебі ислам идеологиясы көп ғасырлар бойы араб халифатындағы елдер тарихында маңызды рөл атқарып келеді. Бағдат халифатының құлдырау кезеңіне байланысты аса қөнды деректердің бірі Ибн Мискавайханың “Китаб таджариб ал-Уман” (Книга опыта народов) еңбегі болып есептеледі. Бұл еңбектің авторы жоғары билік орындарында қызмет еткен және мемлекеттік мұрағатқа кіруге мүмкіндігі болған адам. Дерек Бағдат қаласын Буидтардың алуы мен сол кездегі қалыптасқан жағдайға маңызды мәлімет береді. Зерттеу еңбегіне тоқталар болсам, Бағдат халифаты туралы ғылыми-танымдық әдебиеттер өзінің сапасына қарай әртүрлі болып келеді. Солардың ең маңыздысы ол А.Кремердің “Культурное история Востока при халифах” еңбегі. Бұл еңбекте қазіргі уақыттың өзінде өзінің танымдық мәнін жоғалтпан халифаттың экономикалық және әлеуметтік мәселелері жоғары деңгейде баяндайды. Сонымен бірге Е.А.Беляевтың “Арабы, ислам и арабский халифат в раннее средневековье” көлемді еңбегінің маңызы өте зор. Аравияның Армениядағы саясаты жайлы қөнды мәлімет беретін еңбек ол А.Н. Тер-Гевондияннның “Армения и Арабский халифат” кітабы. Араб мемлекетінің құрылуы мен исламның пайда болуынан бастап, VII-X ғасырларда Арабтардың мәдениетімен аяқталатын кітап, зерттеу-еңбегі ол Т.А. Чистякованың “Арабский халифат” еңбегі. Шетелдік монографиялық еңбектердің ең қөндысы А.Кремердің “О бюджетных доходах госудасртво Аббасидов” еңбегі жатады.Мұсылмандардың әдет-ғұрыптар жүйесі және діни ұйымдар, мұсылман діндарларының модернистік саясаттары туралы мәселелер, К.Х.Тәжікова/9/, Д.Кішібеков/10/ еңбектерінде әртүрлі дәрежеде қарастырылған. Сондай-ақ біз жұмысты жазу барысында Е.Қартабаеваның зерттеу еңбегін басшылыққа алғанымызды ерекше атап өткіміз келеді. Автор мұнда араб-мүсылман мәдениеті жөнінде кең зерттеу жұмысын жүргізген.
Аталмыш мәселелерге қатысты белгілі мұсылман теологтары да өз еңбектерінде кең тоқталған. Солардың қатарына Мұхаммед ибн Джамиль Зину, Абул әл-Аля әл-Маудиди еңбектерін атауға болады.
Тұрмыстық ислам мәселелері аз зерттелмеген. Себебі исламның норамалары және идеяларымен қатар, кез-келген халықта жергілікті ежелгі зерттеулерге жататын, исламның ықпалына ұшыраған, күнделікті санада мұсылмандық деп қабылданатын кең түсініктер мен салт-дәстүрлер сақталынған. Қазақтардың ежелгі діни нанымдары зерттеушілердің назарын өзіне ертеден аударған. Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде бұл нанымдарға бірнеше авторлар өз еңбектерінде анықтама беріп кеткен. Араб мемлекетінің орта ғасырлардағы шырқау шегіне жеткен жері Аббасидтер әулетінің тұсында болды. Аббасидтер халифаты тарихта Бағдат халифаты деп те аталады. Бағдат- аббасидтер әулетінің 762 жылдан бастап орталығы, яғни астанасы болған шығыста ең ірі гүлденген қала. 750 жылы елді билеген Омеядтар әулетінің соңғы халифы тақтан құлайды. Омеядтар немесе Дамаск халифаты 661-750 жылдары аралығында өмір сүрді. Бұл кезде халифаттың иелігі орасан зор ұлғайды. Аббасидтерге құрамында Солтүстік Африка, Арвия, алдыңғы Азия, Ирак, Иран, Закавказье мен Орталық Азияның маңызды бөліктері кірген үлкен мемлекет мұра болып қалды. Бірақ Аббасидтер Испаниядан айрылып қалды.
756 жылы Омеядтар Испанияда өздерінінің эмираттарын құрды да, ол Х ғасыр халифаттыққа айналды. Аббасидтер халифатының саяси күшейген уақыты VIII ғасырың ІІ жартысы мен ІХ ғасырдың І жартысы болып есептеледі. Ал кейінгі уақыттарда жеңілген халықтардың тәуелсіздік үшін күресі көптеген шаруалар және халық қозғалысы, қала көтерілістері Бағдат халифатының саяси және әскери күш-қуатын әлсіретіп жіберді. Соңғы шешуші рөлді, яғни Аббасидтер халифатының биліктен айрылуы ол 945 жылы Бағдат қаласын ирандық рудан шыққан Буидтердің басып алуымен аяқталды.
Бағдат халифаты өте күшті орталықтанған мемлекет құра отырып, шығыс елдерінің саяси, әлеуметтік-экономикалық, әсіресе мәдени дамуына зор үлесін қосты. Қазіргі уақыттағы Араб мемлекеттерінің негізгі қалыптасу тұсы осы Араб халифтынын бастау алды.
Сондықтан да орта ғасырлардағы өмір сүрген Бағдат халифатының тарихын жан-жақты зерттеу бүгінгі күнде маңызда мәселе болып табылады.
І Тарау. Ислам дінінің пайда болуы және оның арабтардың мәдени дамуына ықпалы Ислам Арабстан түбегінің солтүстік-батыс облысында, Хиджаз арабтарының арасында пайда болды. В.В.Бартольд айтқандай: “Әлемдік діндердің ең соңғысы және үшіншісі, алдыңғы екі дінге қарағанда, басқаша жағдайда пайда болып, тағдыры басқаша болды” /3,110/.
Ү-ҮІІ ғасырларда Арабстан халқының көпшілігін көшпелі малшылар құраған еді. Оларды тарихта арабтар: араб, урб, урбан деп атаған еді. Тек ҮІІ ғасырдан соң ғана бұл этноним исламды қабылдап, біртіндеп араб тіліне көшкен елдердің отырықшы халықтарына тарала бастайды. Арабтардың шаруашылығындағы басты рөлді көшпелі малшылықтың алуы, географиялық климаттың жағдайларымен түсіндіріледі, түбектің кей жерлері, негізінен оңтүстік, мысалы, Имен жері ғана егіншілікке қолайлы, қалған территорияның бәрін сирек кездесетін оазистері мен шөл дала алып жатты. Өсімдігі аз сусыз даланың иелері-бедуиндер болды. Бедуин сөзінің мәні де, “шөл дала тұрғыны” дегенді білдіреді. Бедуиндерде патриархалдық қатынастар рулық-тайпалық әдет-ғұрыптар көп сақталды, бұл жағдай әлсіз әлеуметтік бөлінуі бар қоғамға тән еді /9,178/.
ҮІ ғасырда Аравияның оңтүстігінде ертеде салынған ирригациялық жүйелер құлдырауға ұшырайды. Тарихшылар оны белгілі бір дәрежеде табиғат катаклизмінен, “су тасқындарынан, жаңбырлы маусым салдарынан, жер сілкінісінен” /6,15/ көреді.
Екінші жағынан, ирригация системаларына жау шапқыншы-лықтарының, атап айтқанда эфиоптар мен ирандықтар шапқын-шылықтарының зардабы тиді. Нәтижесінде, оңтүстіктегі отырықшы өткениет жойылды. Осы ғасырда Солтүстік Арабстанда орналасқан мемлекеттік бірлестіктердің кейбірі ыдырап, кейбірі Иран және Византия провинцияларына айналды. Бұл жағдайда көшпелі бедуиндер солтүстік және орталық Арабстанда шексіз билік жүргізуге құқық алды. Мемлекеттік саяси бірліктің жоқтығы тайпалардың өзара қақтығыс соғыстарына әкеліп соқтырды. Бұл қырқыс соғыстар жалпыарабтық саяси, мемлекеттік биліктің тууына кедергі келтірді. Бір жағынан тайпалардың идеологиялық түсініктері тайпааралық бірлік идеясына тікелей қарама-қарсы болды. Исламға дейінгі арабтар негізінен пұтқа табынушылар болды. Тарихшы Л.И.Климовичтің көрсеткеніндей, “мұсылмандыққа дейінгі Арабстанның діні ежелгі арабтардың табиғатпен күресіндегі әлсіздігін сипаттап, ру ақсақалдары мен тайпа көсемдерінің билігін ақтау мен мадақтауға бағытталды” /6,15/.
Әрбір тайпаның тас, не ағаш, не басқа түрдегі өз құдайы жекеленген өз мәдениеттері өмір сүрді. Әр түрлі құдайлар мен культтердің өмір сүруі тайпаларды бір-біріне қарсы қойды. Арабтардың түсінігінше, құдайлар да өздеріне сыйынған тайпалар сияқты өзара бақталас болып, жауласып кетті, бұндай сенім арабтардың нанымдарына мықтап орныққан еді.
Тайпааралық соғыстар араб қоғамындағы дағдарыстың тағы бір ерекшелігін тудырды. Дағдарыс кезеңінде Арабстанның батысында, Хиджазда, Мекке қаласында орналасқан құрайыш тайпасы күшейе бастайды. Мекке ірі экономикалық орталыққа айналды, оның саяси ықпалы да күннен күнге өседі. Меккенің күшеюіне “жаңа идеялар жасаумен, әлеуметтік қайшылықтарды жұмсартумен” /3,45/ ғана шешуге болатын еді. Ортағасырдың тарихи жағдайында бұл мәселені жаңа діни идеология шешетін еді, бұндай идеология ислам болды. Р.Мавлютов былай деп көрсетеді: “біріктіруші мақсатқа лайық идеологиялық құрам ислам болды. Оның қатаң, жүйелі монотеизмі, тайпалық текке байланыссыз “бауырластық” уағызы уақыт талабына жауап береді” /5,7/.
Жаңа дін исламның негізін қалаушы Мұхаммед болды. В.В.Бартольд көрсеткендей, “Мұхаммед тек діннің ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің де негізін қалады, және ислам өзінің негізін қалаушының көзі тірісінде буддизм Шакьямуниден Ашокаға, христиандық Христен Ұлы Константинге (дейінгіні басынан кешкен) даму процестерін басынан кешірді /3,64/.
Мұхаммед құрайыш тайпасының хашым руынан шықты, ол өзінің рулық шежіресі бойынша Мекке қаласының негізін қалаушылармен байланысы бар еді. Мұхаммедтің өмір баяны туралы деректер Құранда, хадистерде, ҮІІ ғасырдың соңында араб тарихшылары жаза бастаған, “Алла елшісінің өмірбаянында” қысқартып айтқанда сүреде, ат-Табаридің “Тарихында”, Вакыдидің “Әскери жорықтар кітабында” кездеседі. Мұсылман тарихнамасында исламға дейінгі араб тарихы жахилия, яғни надандық кезеңі деген ат алды. Мұхаммед арабтар арасындағы надандықты жаңа дін уағызы арқылы жойып, тайпалық алауыздықты, қанды экономикалық және саяси себептерден басқа, идеологиялық факторлар да қолайлы жағдай туғызды. Бұл қалада арабтардың аңызы бойынша, аспаннан түскен “қара тас” жатқан Қағбаның орналасуы оған ерекше діни мән берді. В.В.Бартольд былай деп көрсетеді: “Меккеде өмір сүретін құрайыш тайпасы, өзінің храмының арқасында тынымсыз ауданда ерекше жағдайда тұрды” /3,19/ өйткені “харам қажылық орны болды, …ол орналасқан қала әскери шаралар үшін жабық саналды” /5,78/. Қағбаны құрмет тұтудың белгісі ретінде, тайпалар мен рулар өз құдайларының идеалдарын әкеліп қойды, оның саны 360-тай болды.
Күшті әлеуметтік жіктелулер нәтижесінде құрайыш тайпасы арасынан омайя руы ерекше орын алды, себебі бұлар Қағбаның маңайындағы үйлерде өмір сүріп, оның кілтіне ие болған, оларды “орталық құрайыштары” деп құрметтеген. Бұл әлеуметтік қайшылықтар кедейленген бөліктің наразылығын тудырды.
Сөйтіп, Ү-ҮІІ ғасырларда Арабстан саяси, әлеуметтік, идеологиялық дағдарысты бастан кешірді. Елде жалпы жұрт таныған саяси орталық болмады, ал көшпелілердің рулық құрылысы ыдырап жатты. Тайпа ішіндегі әлеуметтік қайшылықтар әсіресе, қала халқының, мысалы Меккеде қатты өршіді. Жекелеген тайпалық культтер тайпаларды бір халыққа біріктіруге кедергі келтірді. Бұл дағдарысты тарихшылардың дәлелдеуіне қырқыстарды тоқтатып, исламның аясында жалпыарабтық бірлікті орнатқысы келді. Жахилия кезеңінде пұтқа табынушы, көпқұдайлы Арабстан түбегі монотеистік діндердің жинақталған жері сияқты болды. Христиандықты тек Месопотамия, Ирак, Сирия және Палестина жерінде орналасқан араб тайпалары ғана емес, сол сияқты Солтүстік-Батыс Арабстан тайпаларының арасында да ұстанушылар болды. Иудаизм христиан дінінің бақталасы бола отырып, Иасрибте және Солтүстік-Батыс Арабстанның кейбір оазистеріне таралды. Ал, Йеменде ҮІ ғасырдың басында иудаизм мемлекеттік дін болып жарияланды. Осы діндердің ықпалымен, екінші жағынан араб тайпаларының саяси бірігуге ұмтылуы нәтижесінде Арабстанда ҮІ ғасырдың өзінде бір құдайлықты насихаттаушылар-ханифтер пайда болған еді. Бұлар бір құдай Рахманға бас иді. Мұхаммед исламды уағыздаудың бастапқы кезеңінде ханифтерден айырмашылығы аз болып, тыңдаушыларды арабтардың ежелгі діні-Ыбырайым дініне оралуға шақырды. Құранда “…бір бағыттағы Ыбырайым (Ғ.С) жолына еріңдер, ол ортақ қосушылардан емес еді” делінген . Кейіннен Мұхаммед Ыбырайымды Қағбаның негізін қалаушы деп есептеді, американдық шығыстанушы Массэнің атап көрсеткеніндей, “…бұл негізгі идея, исламды тудырған идеялардың бірі болды, өйткені ол жаңа діннің иудаизмнің пұтқа табынушылығына қатынасына мынадай тәуелсіздік орнатты” /5,79/.
Бір құдай Рахман есімін Мұхаммед бір эпитетіне айналдырады.
Әрбір уағыз енді “бисмиллахи-р-рахмани-рахим”, “Аса мейірімді, рахымды алланың атымен” сөзімен басталады. Арабтарды монотеизмге жақындатқан тағы бір жағдай болды, ол олардың түсініктерінде бейнесі әлі айқын қалыптаспаған, жоғары құдай Алланың өмір сүруі еді.
631 жыды, немес хиджраның 9-жылын тарихшылар “елшілік жылы” деп атайды. Мұсылмандыққа бағынған тайпалары елшілері Мұхаммедке үздіксіз келіп жатты. Пайғамбардың қуаты күннен-күнге арта түст. Мұхаммедтің сол кезеңдегі Арабстандағы тарихи рөлі туралы француз ғалымы А.Массэ былай деп жазады: “Мұхаммедтің діни және саяси көрегендігінің, адамдарды біріктіре алатын қабілеттілігінің арқасында, арабтар өзін өзі танып, надандық, анархия жағдайынан шығып, әлемдік өркениет жағдайында өз орнын батыл түрде алуға дайын тұрды” /5,67/.
Ислам Арабстанда өршіген әлеуметтік қайшылықтарды жұмсарта алды, ол барлық мұсылмандардың Алла алдындағы теңдігі және әлеуметтік әділеттілік принципі арқылы көрінді. Әділеттілік принцип шеттен тыс байлықты айыптаумен ғана емес, Ұмманың ауқатты бөлігіне ерекше салық салумен де жүрді. Сонымен қатар ислам өзінің партиархалдық-феодалдық қанау системасын құрды, ол алдымен Арабстанда кейін жаулап алынған Таяу Шығыста болды.
Сонымен, исламның пайда болу тарихи заңдылық болды: қарадүрсін политеизді ескі патриархалдық қоғам қирады, сөйтіп, ескі идеологияның орнын жаңасы басуға тиіс болды. Ортағасырлық қоғам “тек идеологияның: дін және теология сияқты бір формасын ғана” білгендіктен, жаңа идеология да жаңа діни жүйе болуға тиіс еді.
Бір құдайға негізделген жаңа монотеистік діннің артықшылығы-оның барлық мұсылмандардың діни бірлігі мен “бауырластығын” нығайту жөніндегі идеясы. Алайда, барлық мұсылмандардың бауырластығы мен теңдігі идеясы шын мәніндегі әлеуметтік теңдік дегенді білдірген жоқ, соған қарамастан мұсылмандардың теңдігі идеясы барлық арабтардың саяси бірігуінің маңызды алғышарттарына айналды /4,78/.
Арабтардың ислам туының астына саяси бірігуі біртұтас орталықтандырылған мемлекет-әлеуметтік-саяси құрылымы жаңа, бір құдайлық діннің талаптарына сай келетін Араб халифатының өмірге келуінің негізін қалады. Бұл талаптар мынаған сайды: мешіт пен мемлекеттік орындардың арасында ешбір айырмашылық болмауға тиіс. Билеуші құдайлық биліктің жеке иесі болады, ал мұсылман дінбасыларының қызметі халықты халифатқа бағындырып ұстауға бағытталып, феодалдық езгіні ақтап алуға тиіс.
Біз жоғарыда исламның шығуы Мұхаммедтің атымен байланысты деп атап көрсеттік. Оны исламшылар құдайдың елшісі, пайғамбар ретінде көрсетуге тырысты. Алайда, көптеген діни ілімдік және ғылыми әдебиеттер негізіне сүйенсек, бұрынғы тегі бай болған, кейін кедейленген хашимид руының құрейіш тайпасынан шыққан Мұхаммед өмірде шын болған тарихи бейне. Ол Арабстанның ірі саяси және идеологиялық орталығы Мекке қаласында дүниеге келген. Әдетте Мұхаммедтің туған жылы біздің дәуіріміздің 570 жылы болып есептеледі. Анық белгілі болған жәйт: ол ерте жетім қалған, әкесі Әбдаллах Мұхаммед тумай тұрып қайтыс болған, шешесі Әминадан ол алты жасында айырылды, әкесінің інісі Әбу Тәлібтің қолында тәрбиеленді. Мұхаммед жиырма бес жасында өзінен он бес жас үлкен бай, жесір әйел Хадишаға үйленеді. Осы некесі арқылы Мұхаммед өзінің тек материалдық жағдайын ғана түзеп алған жоқ, сонымен бірге әйелі оның рухани ізденісін құптаған бірден-бір адам болды. Мұхаммедтің Хадишадан өрімдей кезінде көз жұмған екі ұлы және Зейнеп, Рукайя, Умм Кульсум және Фатима деген қыздары дүниеге келген еді.
Мұхаммедтің діни қызметінің басталуы 610 жылға, оған қырық жас толған кезге жатқызылады. Мұхаммед 632 жылы 63 жасында қайтыс болған.
Қоғамның әлеуметтік теңсіздігі жағдайында бір рулар байып, қуаты арта берді, ал екіншілері кедейленіп, басқаларға тәуелді бола бастаған еді. Бұдан олардың арасында өздерінің әлеуметтік жағдайларына наразылығы күшейді. Бұл наразылықты Мұхаммед жақсы түсініп, қолдау көрсетті. Сондықтан да, ол бастаған ислам туы арасындағы қозғалысты “Мұхаммедтің діни революциясы” деп атады. /7,345/
Мұхаммедтің өз миссиясын қалай түсінгенін өзінің алдына қойған міндеттерінен аңғаруға болады: ол-өз халқына күнәдан арылу жолын, елес түріндегі шындықты көрсету болды. Бұл жағдай Арабстан түбегіндегі ҮІІ ғасырдағы діни дүниетаным үстем болған білім деңгейімен түсіндіріледі.
Мұхаммед өз қауымына құдай идеясын реформалаудан басқа ешнәрсе ұсына алмады, бірақ сол идеяның өзі арабтардың өміріндегі маңызды тарихи бетбұрыс болды. Бұл бетбұрыстағы Мұхаммедтің атқарған рөлі туралы австриялық белгілі шығыстанушы Г.Э.фон Грюнебаум былай деп жазды: “Мұхаммедтің пайда болуындағы терең мағына жаңа түсініктегі құдайды жасауы болды. Бұл оны қолдаушыларды жаңа үлгідегі қауымдастыққа біріктіреді. Ең маңызды қорытынды мынада: Мұхаммед ұстаған құдай туралы ұғым оның замандастарының ойынан шықпаған жағдайда, оның жолын қуушылар болмас еді және құдай туралы жаңа ойлар айтқан басқалар сияқты көп ұзамай-ақ Пайғамбар да, оның уағызы да ұмыт қалған болар еді. Алайда, Мұхаммед және оның ісі мұндай сынға төтеп берді, себебі ол, егер осылай айтуға болса, құдай атынан ғана емес, сонымен бірге арабтар атынан немесе, өзі айтқандай, ол өз халқына араб пайғамбары ретінде келді” /8,95/.
Араб руларын біртұтас мұсылман мемлекетіне біріктіру ісіндегі Мұхаммедтің өзі мақсат етпеген саяси біріктіру идеясын оның саяси табыстары деп айту орынсыз, өйткені Мұхаммед бұл жөнінде ойлаған жоқ. Оның ойында……