Курстық жұмыс: Кәсіпкерлік | Шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру және жетілдіру жолдары
Мазмұны
Кіріспе ………………………………………….. 3
I Тарау. Нарықтық экономика жағдайындағы шағын кәсіпкерлік қызметтің ғылыми негіздері
1.1. Шағын кәсіпкерлік қызмет – экономикалық категория …………………………….. 4
1.2. Кәсіпкерлік қызметтің факторлары, түрлері және шетелдік тәжірибе……….. 9
1.3. Шағын кәсіпкерлікті басқарудың аумақтық (облыстық) жүйесін құру және атқарымдылығы……………………….. 14
II Тарау. Шағын кәсіпкерліктің қаржы ресурстарын қалыптастыру және экономикалық тұрғыда дамуының қазіргі мәні
2.1. Оңтүстік Қазақстан облысында шағын кәсіпкерліктің қазіргі жәйі, оның кәсіпкерлік қызметке әсері…….. 22
2.2. Кәсіпкерлік қызметтің әлеуметтік-экономикалық салдары………………………. 24
ІII Тарау. Шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру және жетілдіру жолдары
3.1. Шағын кәсіпкерлікті дамыту – кәсіпкерлік қызметтің алғы шарты ……………30
Қорытынды ……………………………………………………………………………………………………37
Қолданған әдебиеттер ……………………………………………………………………………………38
Кіріспе
Кәсіпкерлік күрделі де, көп жақты әлеуметтік-экономикалық даму процестерінің ұзақ мерзімді тарихи кезеңінен өтіп келеді. Жүздеген жылдар ішінде кәсіпкерлік қызметтің негізгі нысандары мен көп жақты типтері өңделіп шықты.
Қазақстан Республикасының заңдарында кәсіпкерлікті “Азаматтардың өздерінің (жеке кәсіпкерлік) немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалардың (заңды тұлғалардың жеке кәсіпкерлігі) меншігіне негізделген және азаматтардың немесе заңды тұлғалардың атынан олардың тәуекелімен және мүліктік жауапкершіліктеріне алынып жүзеге асырылатын азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың табыс табуға бағытталған бастамашылық қызметі” деп қарастырылған.
Кәсіпкерлік – бұл нарықтық экономикада адамдардың меншігіне негізделген, несиеге алынған және басқа да мүдделерді пайдалану арқылы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырылатын бастамалық, шығармашылық және басқа да қызметтердің кәсіби түрі, яғни, кәсіпкер өз қызметінің нәтижесіне толық жауапкершілікпен қарай отырып, экономикалық басқару шешімдерін дербес қабылдайды. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі мақсаты табыс табуға бағытталған коммерциялық жетістік болып саналады, ал кәсіпкерлік қызмет тәуекелді қажет етеді.
Кәсіпкерлік класс мемлекеттің өтпелі кезеңдегі экономикалық ахуалын жақсартуда қоғамның әлеуметтік қарама-қайшылықтарын және экономикалық реформалардың табысты шешілуіне кепілдік бере алады.
Кәсіпкерліктің мәні ерте кезден бері әлеуметтік-экономикалық ғылым орталарының назарында болып келді. Кәсіпкерлік қызметтің экономикалық-әлеуметтік және мәдени көкейтесті аспектілері кеңестік экономикалық теорияның сыртында қалып қойды. Көптеген онжылдықтар кезінде отандық саяси экономиканың нәтижесінде капиталистік пайдаланудан артта қалды. Шаруашылық қызметтердің арнайы субьектісі ретінде кәсіпкерліктің дәрменсіздіктерін дәлелдеді. Бұл экономикалық дамуда іскерліктің кері әсер етуіне және ғылым саласындағы терминдер жиынтығына сәйкес келетін қолданудан алып тастауға әкелді.
Соңғы кездері экономикалық зерттеулер мына себептерді ашуға бағытталуда: әр мемлекеттегі бірдей шартпен берілген инвестициялар экономикалық өсудің қарқындылығына, техникалық прогрес деңгейінің өсуіне және Жалпы Ұлттық Өнім көлемінің артуына әкеліп соғады.
I Тарау. Нарықтық экономика жағдайындағы шағын кәсіпкерлік қызметтің ғылыми негіздері
1.1. Шағын кәсіпкерлік қызмет – экономикалық категория
Кәсіпкерлік: пайда болу тарихы, экономикадағы орны, мазмұны және мәні
Қазіргі түсіндірмелі сөздіктерде ағылшын тілінен аударғанда “кәсіпкер” түсінігі, “тәуекел ете отырып кәсіпорынды ұйымдастырушы және басқарушы тұлға ретінде қарастырылған”.
Кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі істей білу. Іс істеу – адамның белсенділігі мен іскерлігі. Белсенділік және іскерлік – адамның еркін өмір сүру түрі. Белсенділік, іскерлік адамдардың мінез-құлқы типтерімен байланысты болатын шығар. Павловтың классификациясы бойынша адамдардың қандай типтері белсенді, іскер болар екен? Өздерініңіз ойлаңызшы: холерик пе, сангвиникпе, флегматик пе, әлде меланхолик пе? Сан есебінен алғанда белсенділік өте азғантай энергетикалық шығыннан, шамадан тыс энергия шығынына дейін, кейде қоғамдық идеалды іске асыруға дейін баруы мүмкін. Мысалы, Париж коммунасы, Ұлы Октябрь социалистік революциясы. Сапа жағынан спонтандық белсенділік (ішкі себептермен пайда болған, сыртқы әсерлермен болмаған), өмірдің шектелген түрі және еріксіз белсенділік (қайғы-қасірет шегу), сонымен бірге еркін белсенділік. Адамдардың белсенділігі әр түрлі болады: саяси, әлеуметтік, экономикалық, әскери, тарихи, айуандық және басқа да болып бөлінеді.
Кәсіпкерлік ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі, қабілеті. Ал оның дамуы орта ғасырдан басталады: көпестер, саудагерлер, қол өнері қызметкерлері. Кәсіпкерліктің алғашқы дамуында кәсіпкер құрал-жабдықтарға иелік ете отырып, өздері сол кәсіпорында жұмыс істеген. Бұл тауарлы өндірістің бастапқы жабайы түрі.
ХҮІ ғасырдың ортасынан бастап акционерлік капитал пайда болды, акционерлік қоғамдар құрыла бастады. Мысалы, 1554 жылы Англия сауда компаниясы, 1660 жылы Ост-Индия сауда компаниясы. ХҮІІ ғасырдың аяғында акционерлік банктер іске қосылды.
Ресейде, Қазақстанда кәсіпкерлік ерте заманнан дамып келеді. Қазақстанның көшпелі шаруашылық жағдайында кәсіпкерлік кең түрде дамыды. Күнделікті тұрмысқа қажетті заттарды қолөнершілер, шеберлер қолдан ою жасап, тоқыма тоқып, халықтың сұранысын қанағаттандырып отырды. Ресейде Петр І патшалық ету кезеңінде кәсіпкерлік ерекше дамыды, бірақ крепостной қоғам тежеді. Капитализмнің дамуымен кәсіпкерлік те дамыды. 1861 жылғы реформадан кейін темір жол құрылысы, ауыр өнеркәсіп салалары орын алды.
Кәсіпкерлік түсінігі (enterpreneur) тәуекелге негізделген шаруашылық субьектісі ретінде ең алғаш рет ХVІІІ ғасырда француз экономисі Ришар Кантильонның (1680-1734) “Коммерция табиғаты туралы жалпы мақала” кітабында жарияланған еді. Ол кәсіпкер ретінде тіркелмеген табыстармен айналысушы адамдарды (саудагер, қолөнершілер, шаруа және басқалар) және экономикалық қызметпен айналысатын, тұрақсыз және бағасы алдын-ала белгіленген тауарларды сату-сатып алу процестеріне тартылған тұлғаларды атады. Ришар Кантильон кәсіпкердің негізгі белгісі ретінде «тәуекелге дайындығы» деп санады.
Кәсіпкерліктің маңызды сипаттамасы ретінде тәуекелді бағалаған ойын қуаттады және осы пікірді жалғастыруды жүзеге асырды. Олар кәсіпкерлік табыс немесе оның бөлігі, осы және басқа да нысанда тәуекелге төлем болып саналатынын және авансыланған капитал мен жалақыдан ерекшеліктерін атап көрсетті.
Кәсіпкерліктің әлуетін зерттеуде Францияның теоретик экономистерімен салыстырғанда ағылшын классиктерінің саяси экономиясының ғылымға қосқан үлестері шектеулі ғана. Адам Смит “халық байлығын құраудың бастамасы — кәсіпкерлік қызмет екенін” көре білді, бірақ материалистік және диалектикалық негіздерде кәсіпкерліктің жан-жақты экономикалық маңызын Карл Маркс аша білді. Нарықтық капиталистік шаруашылықтың өзін-өзі дамыту заңы – қосылған құн заңының негізін қалыптастырды.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында кәсіпкер және капиталист арасындағы айырмашылықтарын жүргізудің мүмкіндігі пайда болды. Бәрі де айқын болды, яғни осы екі қызметтің өзара байланыстарында ешқандай айырмашылық болмады, экономистер ертерек кәсіпкер мен капиталистердің арасындағы шекараны бөлуге тырысқанымен, ешбір нәтижеге жете алмады. Көптеген қиыншылықтарға кездесе берді. Френсис Уокер Америкада, Альфред Маршалл Ұлыбританияда, Мангольд және басқа да зерттеушілер Германияда барлық назарларын кәсіпкерлік қызметке көбірек бөлді.
1890 жылы Ұлыбританияда экономикалық теорияның кәсіпкерлікке қатысты ұзақ немқұрайдылықтарынан кейін А.Маршаллдың “Экономика принциптері” деген еңбегі жарық көрді. Кәсіпкерлік қызметті зерттеушілер кәсіпкерлік қызметтің экономикалық тепе-теңдіктің шарттары ретінде, кәсіпкерлік қызметтегі инновациялық компоненттердің маңыздылығын, машина және технологиялық процестерді ендірудегі белсенді рөлін атап өтті. Маршаллдың толық түсініктемесі бойынша “кәсіпкерлік таланттың” практикалық мүддесін ұсынды, бірақ “кәсіпкерліктің жаны” мәнісіндегі ойлары ХХ ғасырдың басындағы М.Вебер және В.Зомбарт айқындаған түсініктермен көпшілігінде сәйкес келмеді.
Немістің әлеуметтанушысы, экономисі, тарихшысы Макс Вебер (1864-1920) кәсіпкерліктің “идеал түрі” – этикалық сапасының айқын көрінісі — өнеркәсіптік төңкерістің және индустриялық капитализмнің кезеңінде қалыптасты. Бұл қызметті жетілдіруде “тапқан байлық арқылы билікке және құрметке деген ұмтылыс басты орын алады, бірақ кәсіпкерлік қызмет тұтастай алғанда – бұл өмір талабы, яғни адам жұмыс үшін жаратылған” деді.
Немістің әлеуметтанушысы, экономисі, тарихшысы В. Зомбарт (1863-1941) капиталистік кәсіпкерліктің ұғымын жалғастырды. Капитализмнің шығу тегі оның жанын дамытумен тығыз байланысты. Бұл міндеттерді шешуде, ол “жанды іздеп табу, яғни осы және басқа да шаруашылық кезеңдерде үстемдік еткен, қазіргі кезеңдегі шаруашылықтың дамуына әсер етушілерді” зерттеу қажеттілігіне тоқталды.
Бүгінгі ғылымның теориктері, бірінші зерттеушілері, кәсіпкерлік теориясын жалғастырушы ізбасарлары, апогей болған, австрия-венгерлік экономист және социолог Иозеф Шумпетер (1883-1950) болды. М.Вебер және В.Зомбарт дәстүрлерін жалғастыра отырып, кәсіпкерліктің адами факторларын үйрену, өзінің теорияларының орталығына кәсіпкерлік тұлғасын қойды. Шумпетердің “батыры”, тек әлемдік өркениеттің тамаша әлеуметтік-мәдени құндылықтары ғана емес, сонымен қатар жаңа сапаны ендіруде, ХХ ғасырдағы ғылыми-техникалық прогрестің жетілуіне және экономикалық өсудің қарқынды дамуына қозғалтқыштар бола алды. ХХ ғасырдың 70-80 жылдары кәсіпкерлікті түсіну үшін күрделі белгілерін анықтау қажеттілігі туындады, яғни кәсіпкерлер (“антрепренер”) – табыс алуда коммерциялық тәуекелге баратын адам. ХХ ғасырдың 30-50 жылдардағы И.Шумпетердің еңбектері, ол бірінші рет ғылымда кәсіпкерлік ұғымын технологияның дамуымен, жаңадан енгізілгендермен, экономикалық өсумен байланыстырған еді. И.Шумпетердің анықтамасына сәйкес “кәсіпкерлік қызмет — өндірістің негізгі факторларын пайдалану арқылы жаңа құрамдастырымдарды жүзеге асырудағы шаруашылық субьектілері” деп атап көрсетті. ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы И.Шумпетердің еңбектері келесі экономикалық ойлардың дамуына әсер етті. Ол кезде технократиялық тұжырымдамалардың ол адаптивті түсінуде ресурстарды басқаратын осы және басқа да міндеттерде креативті шығармашылық тәртіптерін айырмашылықтарын атап өтті. Ол өзінің “Капитализм, социализм және демкратия” деген еңбектерінде “созидательді күйреушілік” тұжырымдамасын шығарды. Ол бұл түсінікті экономикалық процестердің өрістік табиғатының құбылмалығын басқа сөздермен бейнелеу үшін пайдаланды. Жаңа ұғымдармен ауыстырдың қажеттілігін атады. И.Шумпетердің пікірінше, “икемділік – бұл бизнеске өту үшін қажетті мүмкіндіктер” болып саналады. Ол кәсіпкерліктің әр түрлі теорияларын зерттей келе, кәсіпкерлік қызметке мынадай анықтама берді: “Бұл тәуекелмен байланысты жаңа құрамдастырым құруға, айқын және жасырын сұраныстың төлем қабілеттілігінің табыстылығын қанағаттандыруға бағытталған қызмет”. И.Шумпетер экономикалық өрістің қозғаушы күшін ашуға ұмтылған. Оның зерттеулерінің түпкі мақсаты “іскер белсенділік кезеңі” (business cycles) деп аталатын теорияға негізделген еді. Бұл әлемдік экономикада дағдарыс кезеңдерін жақсартуға және гүлдендіруге толқын түрінде беріліп отыратын бақылады. Ғалым экономикалық дамытудың құрылымдық өзгерістерін және кәсіпкерліктің инновациялық қызметтері болып табылатын қозғалтқыш ретінде ғылыми болжам жасады. Ғылыми-техникалық прогрес саласындағы кейінгі практикалық зерттеулер кәсіпкерлік қызметке инновацияны ендірудің маңыздылығында толық қуатталды /13/. И.Шумпетердің пікірінше “кәсіпкер жаңа құрамдастырымдарды жүзеге асырудағы мүмкіндіктерді қолдану үшін жаңадан енгізілген ой-пікір және күш-қуатпен қаруланған” болуы керек. Сондықтан ол инновациялық қызметке мынадай анықтама береді: экономикалық жүйені дамытуда негізгі әсер етуші кәсіпкерлік қызметтің сипаттамасы болып табылады. И.Шумпетердің пікірінше меншік құқы кәсіпкердің негізгі белгілері болып табылмайды. Кәсіпкер, бұл жаңа құрамдастырымдарды жүзеге асыратындар, оның ішінде акционерлік қоғамдардың қызметкерлері, мемлекеттік шенеуніктер де жатады. И.Шумпетердің пікірінше, кәсіпкерлік қызмет экономиканы және экономикалық өсуде бәсекеге қабілеттіліктің тұрақты көздері ретінде жағдайдың жаңашыл қызметі болып табылады. И.Шумпетер капитализмге өзіне ұсыну үшін эволюциялық процес түрінде инновацияның толқынын бір-біріне үздіксіз ауыстыратын процестің қажеттігін дәлелдеді және оны “креативті құрылымның бұзылуы” (creative destruction) деп атады. Оның пікірінше нарықтық жүйенің табыстылығы (жетістіктері) тек статистикалық оңтайлы тепе-теңдіктің тиімді жетістіктерімен ғана емес, технологияда серпінділік өзгерістерді жүргізудің қабілеттілігі және осы өзгерістер арқылы серпінділік өсуге жетудегі іс-әрекеттермен де тұжырымдалады. И.Шумпетердің капитализмге эволюциялық жолмен креативті құрылымның бұзылуы жүйесімен кәсіпкерліктің инновациялық белсенділігінің салдарынан экономикалық теорияға революциялық ғылымға қосқан үлесі болып табылады. Бірақ, эволюциялық теорияның ортақ ойлары негізінен “табиғи іріктелген ойлар” болып саналады. И.Шумпетердің теориясында бұл ұғым анықтауды және айқын талдауды қажет ететін аса дамытуды талап етті. Бірақ та қазір біз түсінеміз обьективті тарихи себептері креативті құрылымның бұзылуы теориясынан 50 жыл кейін ерте күтіп отырмыз. Бұл қатынаста Ульрих Виттпен толық келісуге болады, яғни кәсіпкерлік теориясы аса қажет болмаса да, эволюциялық экономика үшін негізгі жетіспеушіліктері ретінде ұсынылады. Кәсіпкерлік барлық уақытта өндіріс факторларын, еңбек нысандарын, қызметті ұйымдастыруда өзгеру процестерін жеделдету арқылы экономиканы жаңа өлшемдермен өлшеуге көшіреді және тепе-теңдікті сақтауда кедергі болады. И.Шумпетердің кәсіпкерлікті зерттеу саласындағы теориясы кәсіпкерліктің обьективті және субьективті жағынан да, “классикалық” болып саналады.
Шумпетерлік үлгіні “ Жаңа австриялық мектептің” өкілдері Ф.Фон Хайек және И.Кирцнер жалғастырды және одан әрі толықтырды. Олар кәсіпкерлердің сұраныс және ұсыныс ауытқуларын, бәсекелі жағдайдағы нарықтық қатынастарды өз уақытысында қадағалау және реттеудің маңыздылығын қуаттады. Жаңа Австриялық мектептің өкілдері нарықтық қатынастар кезіндегі кәсіпкерлік қызметтерге зерттеу жүргізді. Ф.Фон Хайек үшін негізгі құндылық “адамдардың экономикалық еркіндігі” болып саналады. Экономикалық шешімдерді қабылдаудағы жеке тәуелсіздігі – кәсіпкерлік қызметтегі ең бастысы, өзінің экономикалық әлуетімен көбірек табысты қызмет етуімен көрінеді. Кәсіпкерлердің еркіндігі экономикалық жүйеде адамдардың еркіндігінің айқындығы болып табылады. Ф.Фон Хайек теориясында ең негізгі орынды «анықсыз білім тұжырымдамасы» алады. Әрбір кәсіпкер белгілі бір білімді алады, белгілі бір шешімдерді өзінің қатысумен немесе қатысуынсыз қабылдайды, өзінің ақпараттық артықшылықтарын пайдалана отырып, ерекше үйлестіруші бола алады. Ф.Фон Хайектің пікірінше бұл — нарық болып табылады, ал нарық сұраныс және ұсыныс арқылы қажеттіліктерді қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.Ф.Фон Хайектің түсінігінше кәсіпкерліктің маңызы – жаңа экономикалық мүмкіндіктерді зерттеу және іздеу.
ХХ ғасырда «кәсіпкерлік қызмет» туралы ой-пікірлерін білдірген бірқатар ғалым-экономистер бар, атап айтқанда: Девид Макклеланд «Кәсіпкер – бұл бірқалыпты тәуекелмен жұмыс жасайтын батыл адам» десе, Питер Друкер «Кәсіпкер – бұл жоғары тиімділіктің кез-келген мүмкіндіктерін пайдалана алатын адам» ретінде қарастырды. Ал Альберт Шапиро «Кәсіпкер – әлеуметтік-экономикалық жағдайларды ұйымдастыруда бастама жасай алатын адам. Тәуекелмен қызмет атқара отырып кейбір сәтсіздіктерде толық жауапкершілікпен қарай алады» деп анықтама берсе, Карл Веспер «Кәсіпкер — экономист, психолог. Ал басқа да кәсіпкерлер мен саясатшылардың көздеріне әр түрлі болып көрінеді» деді. Ал енді Гиффорд Пиншот «Интрапренер және антрепренер деп бөлді. Интрапренер – бұл антрепренер, жұмыс істеп жатқан кәсіпорындардың негізінде қызмет атқарады, ал меншікті антрепренердің кәсіпкерден айырмашылығы, ол жаңа кәсіпорынды құрушы» деген тоқтамға келді. Ал Роберт Хизрич те «Кәсіпкерлік қызмет – белгілі бір құны бар нәрсені жасаушы процесс, ал кәсіпкерлер – бұл барлық мүмкіндіктерін, уақыт және күш жігерін жұмсай отырып, өзіне қаржылық, психологиялық және әлеуметтік тәуекел жасайды, нәтижесінде қаражат алады және өз жетістіктерімен қанағаттанады» деген шешімге тоқтады.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, мынадай түйін жасауға болады: кәсіпкерлік қызметтің әр түрлі теориялары бір-біріне қайшы келмейді, қайта бір-бірін толықтырып отырады. Барлық экономикалық теорияны тудыратындар экономиканың дамуында кәсіпкерлік қызметтің маңыздылығын атап өтті. Ал енді 1-кестеде “кәсіпкер” ұғымының даму тарихы көрсетілген.
“Кәсіпкер” түсінігінің даму тарихы 1.1-сурет
Орта ғасырда Шеру және музыкалық ұсынымдарды ұйымдастырушы, ірі көлемдегі немесе өндірістік жобалардың орындалуына жауап беруші тұлғалар
ХVІІІ ғасырда Тұлғалар мемлекетпен келісім-шарт жасасады, ал құны алдын-ала келісіліп қойылады. Мұндай адам келісім-шарттың орындалуына қаржылық жауапкершілікті түгел мойнына алады. Егер осы соманы толықтай пайдалана алса, артылған сомаға өзі ие бола алады
1725 жылы
Ришар Кантильон Кәсіпкер — бұл тәуекелмен жұмыс жасайтын адам, ұсынылған капиталдың қызметі кәсіпкерлік қызметтен ерекшеленеді
1795 жылы
Бодо Кәсіпкерлік қызмет үшін жауапкершілігі бар тұлға, олар кәсіпорынды ұйымдастырады және жұмыс атқарады, жоспар жасайды, қызметтің орындалуын бақылайды
1803 жылы
Жан-Батист Сэй Капиталдан түскен табыстың кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстан айырмашылығы бар
1876 жылы
Френсис Уокер Кім капиталды ұсынып одан белгілі бір көлемде пайыз алғаннан, өзінің ұйымдастырушылық қабілеттерімен табыс тапқанды ажырата білуі қажет
1934 жылы
Йозеф Шумпетер Кәсіпкер – бұл жаңашыл, яғни жаңа технологиялармен әзірлеуші адам
1961 жылы
Девид Макклеланд Кәсіпкер – бұл бірқалыпты тәуекелмен жұмыс жасайтын батыл адам
1964 жылы
Питер Друкер Кәсіпкер – бұл жоғары тиімділіктің кез-келген мүмкіндіктерін пайдалана алатын адам
1975 жылы
Альберт Шапиро
Кәсіпкер – әлеуметтік-экономикалық жағдайларды ұйымдастыруда бастама жасай алатын адам. Тәуекелмен қызмет атқара отырып кейбір сәтсіздіктерде толық жауапкершілікпен қарай алады
1980 жылы
Карл Веспер Кәсіпкер экономист, психолог және басқа да кәсіпкерлер мен саясатшылардың көздеріне әр түрлі болып көрінеді
1983 жылы
Гиффорд Пиншот Интрапренер және антрепренер. Интрапренер – бұл антрепренер, жұмыс істеп жатқан кәсіпорындардың негізінде қызмет атқаратын, ал меншікті антрепренер-кәсіпкерден айырмашылығы, ол жаңа кәсіпорынды құрады
1985 жылы
Роберт Хизрич Кәсіпкерлік қызмет – белгілі бір құны бар нәрсені жасаушы процесс, ал кәсіпкерлер – бұл барлық мүмкіндіктерін уақыт және күшін жұмсай отырып, өзіне қаржылық, психологиялық және әлеуметтік тәуекел жасайды, нәтижесінде қаражат алады және өз жетістіктерімен қанағаттанады
1.2. Кәсіпкерлік қызметтің факторлары, түрлері және шетелдік тәжірибе
Кәсіпкерліктің маңызын атап өтуде, оның белгілі бір белгілеріне тоқталып өтуге болады.
Біріншіден, бұл дербес және бастамашыл қызмет. Бұл белгілер кәсіпкерлік қызметтің еріксіз көздерін көрсетеді. Азаматтар және бірлестіктер өздері кәсіпкерлік қызметті бастайды, яғни өздері билік етеді және қызметті жүзеге асырады. Айта кету керек, егер қызмет дербес немесе бастамашыл болмаса, онда ол кәсіпкерлік қызмет болып саналмайды.
Екіншіден, кәсіпкерлік қызмет – меншік иесінің өзінің тәуекел етуі және мүліктік жауапкершілігі негізінде қызмет етуі. Сондықтан кәсіпкерлік қызмет меншік иесі өздерінің тәуекел етуі және мүліктік жауапкершілігі негізінде қызмет етпесе, онда ол кәсіпкерлік қызметке жатпайды.
Кәсіпкерлік қызмет қандай да бір игілікті пайдалануға немесе ие болуға бағытталады, яғни табыс табады. Бірақ әр түрлі кедергілер кездесетіндіктен, үнемі табыстылық бола бермейді. Сондықтан мұндай жағдайда коммерциялық тәуекел етуі немесе кәсіпкерліктің мүліктік жауапкершілігі аса қажет болып саналады.
Үшіншден, кәсіпкерлік қызмет – бұл табыс табуға бағытталған қызмет. Сондықтан кәсіпкерлік қызметтің негізгі мақсаты жөнінде баяндалады. Мәселен, кәсіпкердің қайырымдылығы немесе игілікті ісі, болмаса жасаған бизнес жоспары.
Нарықты экономика кезінде кәсіпкерліктің мақсаты тек өнім өндіру немесе қызмет көрсету ғана емес, осы табыс алу кезіндегі кәсіпкердің мақсатына жетудегі іс-әрекеттері.
Кәсіпкерлік табыс – табыстың ерекше түрі, яғни іскерлігі және арнайы шығармашылық белсенділігі үшін сыйақы, шағын бизнес саласындағы……….