Курстық жұмыс: Экономика | Шағын кәсіпорынның экономикалық дамуындағы алатын орны мен рөлі
Мазмұны
Кіріспе………………………………………………………………………………3.
І тарау. Шағын кәсіпорынның қоғамның әлеуметтік дамуындағы алатын орны мен рөлі……………………..4-6.
1.1. Шағын кәсіпорынның ерекшеліктері…………………..7-10.
1.2. Шағын кәсіпорынның негізін қалау жолдары….11-14.
1.3. Шағын кәсіпорынды дамыту проблемалары…….15-20.
ІІ тарау. Шағын кәсіпорынды басқарудың жүйелік тәсілі……………………………………………21-25.
2.1. Бәсекелес елу елдің қатарына Қазақстанның ену процесіндегі шағын кәсіпорынның қосар үлесі……..26-27.
2.2. Әлеуметтік-кәсіпорын корпарациялары…………….28-30.
Қорытынды…………………………………………………………………31.
Пайдаланылған әдебиеттер………………………………………..32.
Мазмұны.
Кіріспе.
Қазақстан экономикасы әкімшілік-әміршілдіктен нарықтық экономикаға өтудің қиын кезеңінде. Негізінен ТМД елдерінің үкіметтері нарықтық қайта құруларда іске асыру үшін қажетті, мынадай бағыттарды ұстануда – мемлекеттік меншікті жекешелендіру, қаржылық, несиелік саясат, құнды қағаздар нарығын құру, жалпы нарықтық инфрақұрылымды қарастыру. Кезек күттірмейтін шаралар қатарында кәсіпкерлік қызметті қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері тұр.
Экономикалық дамудың экономикалық моделі қазіргі заманғы экономикалық даму теорияларының арасында ең соңғы орында емес, оның мәні – экономика жағдайын жақсартуда жаңа шағын және орта кәсіпорындардың үлкен потенциалы бар екендігінде. Осы теорияға сәйкес мемлекет кәсіпорын белсенділікті ынталандырудың жеткілікті дәрежеде тиімді және оңтайлы әдістерін табуы тиіс. Өтпелі экономика кезеңінде экономиканы сауықтырудың маңызды факторы және дағдарыстан шығу жолындағы алғашқы қадам болып табылуы мүмкін.
Кәсіпорынды дамытудың теориялық және методологиялық мәселелері отандық, сондай-ақ шетелдік ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапты. Дегенмен, бұл салада жасалған жұмыстардың бар екендігіне қарамастан, ол жұмыстарда негізінен, кәсіпорын қызметін дамытудың жалпы экономикалық көзқарастары ғана қарастырылып отыр.
І тарау. Шағын кәсіпорындардың қоғамның экономикалық дамуындағы алатын орны мен рөлі.
Кәсіпорын процесін қозғалысқа келтіретін іргелі күштерге бірінші кезекте, фирманы құрушы және негізін салушы болып табылатын кәсіпкердің өзі, бизнесті жүзеге асыруға қолайлы мүмкіндік пен қажетті қор жатады.
Тағы да ескеретін маңызды фактор, ол – кәсіпорынның болжамсыздықпен, қарама-қарсылықпен және тұрақсыздықпен сипатталатын нақты әлемде өмір сүруі. Сондықтан кәсіпорын процесі – бұл технологиядағы, маркетингтегі, менеджменттегі әрдайым болып жататын өзгерістер процесі, сәтсіздіктер және қателіктер арқылы дұрыс инвестициялық шешімдерді интеративті іздестіру процесі. Жаңа кәсіпорынның шешуші қызметі тек қоршаған әлемге ғана емес, сонымен қатар бір-біріне де бейімделген болулары қажет. Кәсіпкер тек жаңа бизнес мүмкіндіктерін ұғынып қана қоймай, білетін, жаттыққан пікірлестер командасына ие болуы тиіс. Соңында олардың бәрі фирма жұмысын бастау үшін және оның әрі қарай жұмыс істеуін жалғастыру беру үшін жеткілікті қорларға ие болулары керек.
Жоғарыда кестеленген кәсіпорын процесінің негізгі қозғаушы күштерінің ішінде кәсіпкерлер негізгі орын алады. Венчурлік кәсіпкерлер мен өте тәжірбиелі кәсіпкерлерден, кәсіпкерлік табысты алдын-ала анықтайтын 5 аса маңызды факторларды түгелдеп беруді сұрағанда олар мұны тағы да растады. Олар: 4 рет кәсіпкер және оның білікті командасы содан соң барып маркетингтік әлеует деп, қарапайым жауап берді. Кәсіпкер – бастамашыл негізде, толық экономикалық жауапкершіңліктен қорықпай тәуекелге баратын және келешекте табыс әкелетіндей етіп басқа өндірісм факторларын ұтысмды түрде біріктіруге қабылетті ұдайы өндірістің субъективті факторы.
Команда негізде және жетілген саласына сәйкес еңбек тәжірбиесіне машықтанған болуы керек. Сөйте тұра кәсіпкер негізгі жауапкершілікті өз мойнына алуы керек және жақсы ойластырылған нарыққа кіру стратегиясына ие болуы керек.
Кәсіпорын процесінің екінші қозғаушы күші – бизнесті іске асыру үшін қолайлы мүмкіндіктер. Бүгінде бүкіл әлем кәсіпорын жарылыс нәтижесінде пайда болған «үнсіз» төңкеріс жайлы айтуда. Шет елдік ғалымдар кәсіпорын түсінігіндегі негізгі орынды ой және оларды іске асыру мүмкіндіктері сияқты категорияларға береді. Ойды іске асыру мүмкіндіктері деп ойдың жүзеге асу дәрежесі мен ойды іске асыру нарығының ашық тауашасының бар болуын айтуға болады.
Ұзақ уақыт аралығы бойында пайда және табыспен қамтамасыз ететін ашылып келе жатқан нарық тауашасын таба білу қабылетіне ие кәсіпорын табысты кәсіпорын болып саналады. Кәсіпорын қызмет саласын таңдауын тура келетін өнімдер мен қызмет көрсету нарығы тұрлаусыздықпен, мәліметтің жетіспеушілігімен және тәуекел деңгейінің жоғарылығымен өзекшеленеді.
Кәсіпорын процесінің үшінші қозғаушы күші – бұл қажетті қорлардың болуы. Қорларды басқаруда келесі көзқарасты ұстану ұсынылады: Шағын көзқарастың негізгі өндіріс қорларының үлкен бөлігінің сатып алынуымен емес, ал жалға алынуымен қамтамасыз етілетін ең аз мөлшердегі қорлармен жоғары нәтижелікке жету.
Қазіргі заманғы теорияларда кәсіпорынның 7 концепциясы бөліп көрсетіледі, олардың әрқайсысы өз алдына мектеп болып табылады және кәсіпорын мен кәсіпорын процесіне өздерінің түсініктемелерін береді. Оларға жататындар:
1. Кәсіпорынның жеке тұлғалық қасиеттерді бағалау ұстанымындағы мектебі.
2. Кәсіпорынның психологиялық мектебі.
3. Кәсіпорынныңң классикалық мектебі.
4. Кәсіпорынның жетекші ұстанымындағы мектебі.
5. Кәсіпорынның ішкі мектебі.
6. Кәсіпорынның маркетингтік ұстанымындағы мектебі.
7. Кәсіпорынның менеджменттік ұстанымындағы мектебі.
1.1. Шағын кәсіпорын ерекшеліктері.
Нарыққа негізінен миллиондаған айналымы бар корпорацияларға жол ашық, ал шағын кәсіпорын құрылымдардың кіруіне мүмкіндік жоқ деген пікірлер бар. Басты дәлел – шағын кәсіпорындардың жақсы жетілген ірі компаниялармен бәсекелесе алмауы. Шын мәнінде шағын кәсіпорын бірнеше себептерге байланысты ірілермен сәтті бәсекелесе алады.
Көптеген жылдар бойы әртүрлі елдердің ғалымдары шағын кәсіпорынға анықтама беруге тырысып келеді. АҚШ Конгресс Комитетіне шағын кәсіпорынның 700-ге жуық анықтамасы ұсынылған. Шағын кәсіпорынды сипаттаудың түрлі критерийлері бар, мысалы өндіріс көлемі, жұмыс істеушілердің саны, дипозиттердің көлемі, негізгі өндіріс қорларының актив бөлігінің өлшемі, басқару аппаратының өлшемі, кіріс мөлшері.
Авторлары, шағын кәсіпорындағы жұмысшылардың саны, капитал айналымы, өндіріс көлемі сияқты және т.б. көрсеткіштер арқылы анықтау көзқарасынан бас тартуды ұсынатын зерттеулер де бар. Оның орнына шағын кәсіпорынды ірі кәсіпорын принципі түрде ажырататын сипаттамаларға көңіл бөлуді ұсынуда, атап айтқанда: нарық үлесі, негізін салушылардың кәсіпорынды басқарулары, шешім қабылдау процесіне ірі кәсіпорын әсерлерінің жоқтығы.
Анағұрлым жаңашыл зерттеулерде шағын кәсіпорынның мынадай сипаттамалары ұсынылуда: кәсіпорын құнды қағаздарының ашық сатылмауы, кәсіпорындардың құнды қағаздар шеңбері шектеулі, негізін қалаушылар – тәуекелге бейім алғашқы ұрпақ кәсіпкерлері, менеджерлер командасы толығымен жинақталмаған, бизнес жоғары маркетингтік шығындарға ұшырауда, акционекрлермен өзара қатынас аз, жалаң сипатқа ие, бизнес әртүрлі компетенция түрлерін таңдауда жоғарырақ икемділік дәрежесіне ие болады.
Қазақстан жағдайындағы шағын кәсіпорынға анықтама бере отырып, қолда бар шетелдік тәжірбиелерді ескере келе, шағын кәсіпорынға келесідей сипаттама беруге болады. Шағын бизнес кәсіпорындары деп, бір немесе бірнеше инвесторлармен құрылған, географиялық шектелген аймақтарда жұмыс істейтін және нарықтың шектелген үлесіне ие кәсіпорындарды айтамыз. Бұл кәсіпорындарда басқаруды негізін салушылар жүзеге асырады, олар барлық негізгі стратегиялық шешімдерді қабылдайды, басқару –нысаншылдықтың жоқтығы мен ұтымды шешім қабылдау сипатымен ерекшеленеді, басқару саласында, сондай-ақ өндіріс саласында жұмысшылардың жоғары өзара ауыспалылығы байқалады.
Шағын және орта кәсіпорын, қазіргі кезеңде жұмыссыздықпен сипатталатын Қазақстан экономикасын қажетті жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді. Дәстүрлі түрде ірі кәсіпорындар мен фирмалардың жұмыс істеуі пайдасыз болып табылатын салаларда шағын бизнес барлық мүмкін болатын қызметтер мен қосалқы жұмыстарды атқаруда кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ете отырып, ірі фирмалар мен компаниялардың тиімді жұмыс істеулері үшін қолайлы жағдайлар жасап отыр.
Сондай-ақ құрылыста шағын және ірі кәсіпорындардың әртүрлі қызмет салалары бар. Ірілері үлкен объектілердің әсер ету жағдайында сәтті жұмыс істейді және ірі тапсырыс берушілермен жұмыс істейді. Шағын құрылыс фирмалары болса, құрылыстық – монтаждық жұмыстарға, бар объектілерді модернизациялау мен қайта құруға, жөндеу жұмыстарын жүргізуге және жеке тапсырыс берушілермен жұмыс сітеуге бет алуда. Шағын кәсіпорын ірі кәсіпорынға қарағанда анағұрлым тиімдірек жұмыс істейтін салаларда өзінің нарықтағы тауашасын сәтті иеленеді. Шағын кәсіпорынның артықшылықтары айқын. Бұл – шағын кәсіпорынның динамикалылығы, икемділігі, өндірілетін өнім мен көрсетілген қызмет түрлерін тез ауыстыру қабылеттілігі, технология саласында сондай-ақ басқа жұмыс істеу салаларында жаңалықтарды енгізу қабылеттілігі. Соңында шағын фирмалардың еңбек ұжымында тұрақты емес қатынас орнатылады, үлкен бюрократиялық құрылым жоқ, жұмысшыларды басқаруға, табыстарды басқаруға тікелей қатыса алады.
Шағын кәсіпорынның басты ерекшелігі – кірістерге қатысумен және жұмыспен қамтылғандықты сақтап қалуға ынталы болумен шартталған, жұмыстың ең жоғарғы нәтижелілігіне деген жалпақ біріккен құштарлық, коллективтік түрде еңбек етуге және бригада болып жұмыс істеуге деген ұмтылыс. Қазіргі уақытта әлемнің көптеген елдерінде шағын кәсіпорын қайтадан өз мәні мен маңздылығына ие болды. Шағын кәсаіпорын шағын және орташа қалалардың жұмыс істеу………..