Курстық жұмыс: Экономика | ҚР ПАЙДАНЫ БӨЛУДІҢ ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ЖАҒДАЙЫ

0

Мазмұны

КІРІСПЕ…………………………………………………………..3
1 ПАЙДАНЫ БӨЛУДІҢ МӘНІ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ
1.1 Пайданың мәні, мазұмұны…………………………………………………………………….5
1.2 Пайданы бөлудің принциптері мен қызметтері ……………………………………..7
2 ҚР ПАЙДАНЫ БӨЛУДІҢ ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ЖАҒДАЙЫ
2.1 ҚР Пайданы бөлудің қажеттілігі ………………………………………………………..12
2.2 Пайда нысаныдары және олардың жолдары ………………………………………..18
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………………….28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ………………………………………..

КІРІСПЕ
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы – «Пайда экономикалық катеория ретінде. Пайда нысандары». Курстық жұмысты таңдау себебім нарықтық экономикада экономикалық категория ең маңызды мәселе болып табылады.
Экономикада пайданың мәні өте үлкен. Оны білу әрбір кәсіпкердің міндеті деп санаймын. Өйткені капиталдың дұрыс жүруіне ықпал ететін негізгі фактор — пайда. Пайда болмаса, кәсіпорын немесе өнеркәсіп, яғни жалпы тілмен айтқанда, капитал, жүрмей, кәсіпкер банкротқа ұшырап, мекеме жабылып қалады. Осыны біле отырып, кәсіпкер қауіпті іспен шұғылданады. Мұндағы қауіпті іс деп отырғаным — бизнес. Бизнес шынында да қауіпті іс болып саналады. Өйткені банкротқа ұшыраған кәсіпкердің ұзақ уақыт бойы істелінген жұмысының күлі көкке ұшырайды. Сондықтан, пайда табуды білген кәсіпкер бұндай қауіпке ұшырамаудың жолдарын зерттеп білгені дұрыс.
Пайда — экономикалық теорияда ең күрделі және қарама-қайшы мәселелердің бірі болып табылады. “Пайда” сөзі түсіндірме сөздіктерде “көбею” деген мағынаны білдіреді екен. Демек, бастапқы капиталға жұмсалған үстеме болғаны. Пайданы зерттеген атақты экономисттер көп, бірақ олардың арасында көзге түсетіндер Карл Маркс, П. Самуэльсон, Дж.М. Кейнс және тағы басқа бірқатар атақты да ұлы экономисттер болып саналады. Экономикадағы пайданың мәні көбіне артық сөзсіз-ақ түсінікті, бірақ ол пайданы қалай табуға болатынын, қалай қолдану керектігін, қалай сақтап, пайдалануға болатындығын қазіргі өтпелі экономикалық кезеңдегі қазақстандықтардың көбі толығымен біліп қойған жоқ. Ал капиталмен айналысу үшін пайданы таба және қолдана білу — капиталистің басты мәселесі болып табылады. Осы заңдылықтарды білмеген адам капиталмен айналысатын болса, біраз уақыттан кейін банкротқа ұшырайтыны экономисттер үшін айқын. Осы себептен мен экономикадағы пайданың мәнін, қызметін зерттеп, курстық жұмысымды ұсынып отырмын.
Пайданы зерттеуден бұрын, оның мәнін білген дұрыс. Өйткені пайданың қайнар көзін, мәнін білмесек, оның теорияларына келгенде тоқтап қалуыңыз әбден мүмкін.
Бұл тақырыптың өзектілігі – пайданы қолдану аясын кеңейту, қалай сақтап пайдалануға болатынын және оны мейлінше арттыру, жетілдіру жолдары өзекті мәселесі болып табылады.
Мақсаты – пайданың мәнін неғұрлым толық зерттеу, пайданы максималды ету, сонымен қатар оған әсер етуші факторлардың алдын-алу шараларын қарастырады.
Міндеті – пайданы нарықтық экономиканың негізі ретінде қарастыра отырып, оның теорияларын, мәнін, қызметін және экономикадағы пайданың нысандарын толықтай ашу.
Курстық жұмыстың құрылымы:
Кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және қолданылған әдебиеттерден тұрады.
Бірінші бөлімде – пайданың мәні, мазмұны және пайда теориясы қарастырылады.
Екінші бөлімде – пайда экономикалық катеория ретінде, пайда нысандары және оларды жетілдіру жолдары қарастырылады.
1 ПАЙДАНЫ БӨЛУДІҢ МӘНІ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ
1.1. Пайданың мәні мазмұны
Пайда — экономикалық теорияда ең күрделі және қарама-қайшы мәселелердің бірі болып табылады. Пайданың қайнар көзі және оның экономикадағы өсуі туралы сұрақтар пікір таласты тудырады. Орыс сөзі «пайда» В. Дальдің «түсіндірме сөздігінде», «өсім», «көбею», яғни бастапқы жұмсалған капитал санына «үстеме» деп түсіндіріледі. Бұл үстеме тауар өндірілгенде емес, сонымен бірге сатылады да көрінеді. Сондықтан пайданы тікелей коммерциялық қызметтегі табыспен байланыстырады. Осыған байланысты заңды сұрақтар туындайды: пайда қандай ортада құрылады? Кім оны өндіреді? Ненің есебінен пайда болады?
Әр түрлі механиктер бұл сұрақтарға түрліше жауап береді:
Меркантелистер пайда айналыста пайда болады және оның қайнар көзі сыртқы сауда болып табылады деп есептеген. А. Смит және Д.Рикардо пайданы өнімнен жұмысшы еңбегі үлесін алып тастағанға тең деп есептеді.
Карл Маркс пайданы тек жалдамалы еңбекпен жасалған екінші, туынды және өзгертілген формадағы қосымша құн деп қарады.
Бұл категорияның анықтамасы қазіргі батыс экономистер бойынша түрлі варианттардың келісімді бірігуі болып табылады. оның ішінде негізгілері төмендегілер:
— пайда — бұл барлық өндіріс факторлардан алынған табыс, яғни рента, процент, жалақы;
— пайда — бұл кәсіпкерлік қызмет үшін марапаттау және техникалық жетістіктерді енгізуге төлем;
— пайда — бұл тәуекел және белгісіздік үшін төлем.
Қазіргі кездегі пайда туралы түсінік үш негізгі бағытта жасалынады: кейнсиандық, институционалды — әлеуметтік және неоклассикалық.
Кейнсиалдықтар пайданың жиынтық тұжырымдамасын макроэкономика деңгейінде ұсынады.
Институционалды әлеуметік ілімде пайда әлеуметтік, сыртқы экономикалық факторлар жағынан түсіндіріледі: қоғамның барлық мүшелерінің игілігіне және тағы басқаларына қамқорлық жасау.
Неоклассикалық ілімде пайданы неғұрлым толық зерттеудің негізгі мақсаты — пайданы максималды ету және жетілген және жетілмеген бәсекелестік жағдайында әрекет ететін жеке фирмалар деңгейінде жүргізіледі. Фирма жалпы, орташа және шектік табысты есептейді. Жалпы табыс барлық сатылған өнімнің түсіміне тең. Орташа табыс сатылған өнім бірлігіне есептелінеді. Шектік табыс қосымша бірлігін сатқандағы жалпы табыстың өсуі. Сандық жағынан пайда тауарды сатқандағы жалпы табыс пен өндіріс шығындарының арасындағы айырма. Бәсеке рыноктағы тепе-теңдік бағасы сұраныс пен ұсыныс қисықтарының қиылысу нүктелерімен анықталынады. Бұл жерде сұраныс қисығының, яғни сатып алушының бағасының негізінде жатқан экономикалық принциптерге кеңінен тоқталамын. Одан кейін ұсыныс қисығын, яғни сатушының бағасын анықтайтын принциптерді талдаймын. Бәрімізге айқын, сатып алушы тауарды өз қажеттіліктерін өтеу үшін сатып алады. Бұл жалпы және ешқандай даусыз ереже. Біріншіден, адамдардың қажеттіліктерінің үлкен бөлігі ерте ме, кеш пе қанағаттандырмайды, яғни игілікті пайдалануларына байланысты біртіндеп өтеледі. Екіншіден, қажеттіліктерді жартылай қанағаттандырудан толық қанағаттандыруға өту табан астында емес, көптеген сатылардан өту арқылы мүмкін болады. Бірақ, қажеттіліктерді өтеу дәрежесі барған сайын кемісе, игілік пайдалылығы тұтынушыларға да сол игіліктің саны өскен сайын кемиді. Мысалы, адам үшін, бірінші бөлшек тағам ең үлкен пайдалылық болса, тамағы тойған сайын әрбір келесі бөлшек барған сайын аз пайдалылық болады. Пайдалылықтың азаю процесін барынша дәл баяндау үшін экономикалық ғылымда шекті пайдалылық ұғымы қолданылады, яғни тауардың соңғы бөлігіне қосылатын қосымша пайдалылық. Осы ұғымды пайдаланып, шекті пайдалылықтың азаю заңын тұжырымдаймыз, яғни тұтынылған тауардың саны өскен сайын оның шекті пайдалылығы кемиді.
1.2. Пайданы бөлудің принциптері мен қызметтері
Шығындар құрамына не енетініне байланысты экономистер бухгалтерлік және экономикалық пайданы айырады.
Бухгалтерлік пайда — бұл жалпы табыс пен өндірістегі бухгалтерлік шығындар арасындағы айырма.
Экономикалық пайда — бұл жалпы табыс және экономикалық шығындар арасындағы айырма. Дәл осы экономикалық ілімді зерттеудің пәні болып табылады.
Егер, фирманың жалпы табыстары оның шығындарына тең болса онда экономикалық пайда нөлге тең немесе қалыпты болады.
Қалыпты пайда — бұл неоклассиктердің «жетілген бәсекелестік» моделіндегі пайданың негізгі түсінігі.
Қалыпты (Марксте — «орташа») пайда — бұл фирманы істе ұстауы үшін оның сондай үлкен табысы.
Жетілмеген монополиялық жағдайды иеленсе (газ, мұнай теміржол, тағы басқалар), онда ол пайдалы табиғи жағдайларда сирек кездесетін пайдалы қазбалар жерінде, қолайлы климатта және тағы басқаларында пайда болатын монополиялық пайда алады.
Фирма үшін үлкен табыстың қайнар көзінің маңыздылығы, ашық жазылу бойынша акцияны сатқаннан алынған шамамеі кәсіпорындарға салынған нақты капитал арасындағы айырмашылық құрылтайшылар пайда болып табылады. Оны берілген акционерлік қоғамның құрылтайшылары меншіктенеді.
Фирмаға қатысты табыс көлемі қалыпты пайда көзі болып сипатталады.
Пайда нормасы — бұл процентте өрнектелген, пайданың өндіріс шығындарына қатынасы.
Банктік пайда табыс пен шығыс арақатынасы арқылы анықталады.
Банктік пайданың нормасы төмендегі формуламен анықталады:
Банктік жалпы пайдасы — Банктік істі жүргізу жөніндегі шығындар Банктік меншік капиталы
Банктік пайда — қарыз капиталының меншік иесініц табысы.
Сауда пайдасы нарықтық экономиканың негізгі пайдасы болып табылады. Сауда пайдасы дегеніміз жай ғана үстеме, тауарлардың бағасын өз құнынан асыра нақтылап бәстеу десек, ол сыртқы көрінісі ғана болар еді.
Көпестің өз пайдасын тек сататын тауарларының бағасынан ғана шығара алатыны түсінікті, ал енді оның өз тауарларын сатып тапқан пайдасы сол тауардың алу бағасы мен сату бағасының арасындағы айырмашылыққа тең болуы тиіс екені, сату бағасының алу бағасынан артылған мөлшеріне тең болуға тиіс екені одан бетер түсінікті.
Құрылтай пайдасы акция құны курсы мен өндіріске жұмсалған капитал сомасының айырмасы. Оны компанияны құрушылар иемденеді. Мұндай пайданы алудың екі жолы бар:
1. Құрылтайшылар акция шығарып, оны сатады, бұл кезде өндіріске түскен қаржының жартысын жүмсап, қалғанын өздеріне қалдырады. Мұндай пайда бүркемеленген жолмен алынады. Қоғамды ұйымдастырғанда құрылтайшылар акцияның бір бөлігін сатады. Курстың келесі өскенінде қағаздың қалған бөлігін сатады. Қоғамды құрушылар акцияны сатып алған бағасы мен одан кейінгі бағаның айырмасын өздері иемденеді.
2. Пайда алудың бұл жолы капиталдың екіге бөлінуі деп аталады, яғни құрылтайшылар акцияны капиталдың кәсіпорындарға қосқаннан элдеқайда артық бағамен сатады.
Мысалы, инвестор компанияны жарты миллион долларға алды делік. Содан кейін ол бір миллионға акция шығарады. Бұдан ары олардың бэрін сатып, жарты миллионын қалтасына салады немесе тек жарты миллионын ғана сатуы мүмкін. Соңғы жағдайда инвестор алғашқы шығынын қайтарады жэне жарты миллионға акцияны әншейін алады, соларға дивиденд шығарады.
Батыс елдері соңғы уақытта заң шығару арқылы мұндай пайда келтіруге кедергі жасауда. Капиталдың «екіге бөлінуі» деген сөздің төркіні ертедегі малды базарға апарар алдында түз жегізу деген тәжірибеде жатыр. Сату алдында жаңағы түз жеген малға су ішкізіп, сөйтіп оның салмағын қосымша өсіреді.
Пайда және процент қазіргі экономикалық теорияда өте бір күрделі әрі пікірталас мәселелер қатарына жатады. Бұл мәселелерді талдау пайда мен проценттің көзін анықтау ғана емес, оның рыноктық экономикадағы атқарар қызметін қарастыру.
К. Маркстік пайда теориясы еңбек, құн теориясына негізделген және қосымша құн теориясының тікелей жалғасы болып табылады. Қосымша құн маркстік пайымдауда пайданың, сауда пайдасының, қарыз процентінің өзгерген түрі, соңғылардың шыққан тегі.
Өндірілген тауар қүны: W = с + V + т, мүнда (с + V) капитал орнын толықтыратын эквивалент, меншік иесінің өндіріс құрал-жабдықтары мен жұмыс күшін сатып алуға жұмсағаны, немесе тұрақты капитал (С) мен өзгермелі капиталға (V) жұмсаған шығыны. Тауар құнының өндіріс құрал-жабдықтары күшінің құнының орнын толықтыратын бөлігі капиталистік өндіріс шығындарын құрайды. Ол капиталист үшін тауар өндірудің қаншаға түскенін көрсетеді. Өндіріс құрал-жабдықтары мен жұмыс күшіне жұмсалатын қаражаттың өзгеруі өндіріс шығындарына бірдей ықпал етеді, өндіріс шығындарында тұрақты және өзгермелі капитал айырмашылығы жойылады. Осымен байланысты үстірт қарағанда тауар қүнының бір бөлігі (с + V) капиталистік өндіріс шығындарының формасын (К), ал басқа бөлігі (m) — пайда (Р) формасын қабылдайды. Тауар құнының формуласы мынадай көрініс алады: W=(С + V)+ Р немесе К + Р пайда маркстің экономикалық теориясында қосымша құн болып табылады, ол бүкіл авансыланған капиталдың туу көрінісін алады. Пайда сандық тұрғыдан қарағанда тауар………

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!