Курстық жұмыс: Экономика | ҚР бағалы қағаздар нарғының жетілдіруі мен даму жолдары
Мазмұны
Кіріспе
1 Тарау. Бағалы қағаздар нарығы …………………………………………………5
1.1 Бағалы қағаздар оның мәні, жіктелуі және түрлері ……………………… 5
1.2 Бағалы қағаздарды шығару және олардың эмиттенттері ………………14
1.3 Бағалы қағаздар нарығы — қаржы нарығынын құрамдас бөлігі …….17
2 Тарау. Бағалы қағаздар нарығының қызмет ету жағдайына талдау…19
2.1 Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының пайда болуы……………..19
2.2 Бағалы қағаздар нарығының қызмет етуі және оны реттетейтін жүйелері…………………. 21
2.3 Қ Р бағалы қағаздар нарығының құқықтық негіздері…………………………… 26
3 Тарау. ҚР бағалы қағаздар нарғының жетілдіруі мен даму жолдары..31
3.1 Қ Р бағалы қағаздар нарығының жетілдіру жолдары…………………………… 31
3.2 Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандарын даярлау жүйесі………..34
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Бағалы қағаздар кез келген мемлекеттің төлем айналымында маңызды орын алады, себебі олар арқылы мемлекеттің инвестициялық қызметі жүзеге асырылады. Дәлірек айтқанда, бұл күрделі қаржы тікелей халық шаруашылығының ең тиімді саласына жіберілді, яғни оларды нарық жүйесіндегіең өміршең субъектілер ғана ала алады.
Өзінің ұйымдық және құрыламдық ерекшелігіне орай бағалы қағаздар қаржы институттары, қаржы нарықтары және оларды реттейтін құқықтық ережелермен қатар мемлекеттің қаржы жүйесінің тұтас бір бөлігін құрайды. Мұдай жүйе біздің мемлекетімізде нарық қатынастарын қалпына келтіру қажеттілігі туындаған кезде, яғни 90-жылдардың басында құрыла бастады.
90-жылдардың экономикалық тәжрибесі дәлелдегеніндей шаруашылықты жетілдірудің нарықтық әдістерін қалпына келтірудің және оны одан әрі дамытудың басты құралы – бағалы қағаздар екені талассыз ақиқат. Бағалы қағаздар ақша түріндегі капиталға да, заттай капиталға да меншік құқын бекітіп, тек бағалы қағаздар арқылы ғана мемлекеттік меншік акционерлік қоғамдардың, яғни жекеменшік иелері – халықтың меншігіне айналдыру мүмкін. Бағалы қағаздар нарығында өзіне тән жүйесі қалыптасып, оларда экономикалық өрістеудің қаржы көздері шоғырланып және инвестициялық қорларды бөлу қатынастары жүзеге асады.
Қазақстан Республикасының мемлекеті бағалы қағаздар нарығын құру және оны одан әрі өрістеу мақсатында қажетті шараларды жасауда. Қазақстандағы меншікті мемлекет иелігінен алу және жекеменшіктендірудің Ұлттық бағдарламасы бағалы қағаздар нарығының негізгі элементтерін құру процесін жеделдетті. Мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамдар түрінде қайта құру олардың инвестиция тартудың ең тиімді механизмдерінің бірі – акция шығаруды пайдалану мүмкіндігін ашты. Бағалы қағаздар нарығының механизмі экономиканың барлық субъектілеріне инвестиция көздерін алуға мүмкіндік жасайды. Акция шығару осы ресурстарды шектеусіз алуға мүмкіндік туғызса, ал облигация шығару ақша ресурстарын, оларды банктерден алудан гөрі, тиімді жағдайда алуға мүмкіндік береді. Мемлекет бюджет кемшілігін толтыру мақсатында да ақша белгілерін эмиссияламай, мемлекеттік бағалы қағаздар шығарумен айналысады. Бағалы қағаздар нарығының күрделі ұйымдық – экономикалық жүйесі көптеген өзара байланысты элементтерден тұрады:
• эмитенттер, яғни әртүрлі бағалы қағаздаар шығаратын шаруашылық субъектілері;
• инвесторлар, яғни уақытша бос ақша иелері – заңды және жеке тұлғалар;
• бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары: брокерлер, дилерлер, инвестициялық басқарушылар.
• инвестициялық компаниялары, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, және тағы басқа қорлар;
• қор биржалары, депозитарийлер, клирингтік және басқа бағалы қағаздарды тіркейтін, сақтайтын ұйымдар.
Осы күрделі құрылымдардың қызметін ұйымдастыратын, басқаратын және реттейтін заңдар мен ережелер және мемлекеттік органдар қажет.
Айтылған мәселелердің барлығы мемлекетіміздің экономикалық дамуының бүгінгі кездегі сатысында Қазақстан халқының жас буыны алдында жаңа , тіпті ерекше бағыт, яғни бағалы қағаздарды шығару және сол қағаздар нарығындағы операцияларды меңгеру міндеті пайда болғаны айқындайды. Бұл өте терең экономикалық және құқықтық білімді, математикалық және бағдарламалық жағынан қамтитын және жинақтаған дағдыны ұғынуды талап ететін күрделі де қиын кәсіпшілік. Сондықтан бағалы қағаздармен қызмет жасайтын жоғарғы білімді мамандар дайындау – уақыт талабы.
Курстық жұмыстын мақсаты Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының жағдайын білу.
Алға қойған мақсатқа жету үшін төмендегілерді қарастырамыз:
1. Бағалы қағаздардың мәні мен түрлерін аңықтау, Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы мен дамуы.
2. Қазіргі кездегі бағалы қағаздар нарығы және қор нарығындағы банктің іс-әрекеті.
3. Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының болашағы мен проблемаларын зерттеу.
1 Тарау. Бағалы қағаздар нарығы
1.1. Бағалы қағаздар оның мәні, жіктелуі және түрлері
Бағалы қағаздар – ең алдымен мүлікті иемденуге құқық беретін ақшалы құжат немесе қарыз берушісі қарыз алушының берген қарыз міндеттемесі. Бағалы қағаздар толтырылуы немесе жазылуы жөнінен екі түрлі болуы мүмкін: не заң жүзінде бекітілген жеке құжат түрі, не есепшотқа енгізілген жазу түрі. Егер басқа адамға иемденуге берілсе бағалы қағаздардың екінші түрі бойынша ерекше куәлік толтырылып беріледі. Оны иемдену құқын беретін құжаты сертификат деп аталады.
Бағалы қағаздар бірнеше түрлі болып жіктеледі: біріншіден, түсіретін кірісіне; екіншіден, эмитенттің сипатына; үшіншіден, айналым мезгілі мен айналым жеріне байланысты (№1 сурет).
1. Кіріс төлеу жөнінен қарызды және үлесті бағалы қағаздар болып екіге бөлінеді. Қарызды бағалы қағаздар бойынша кіріс нақты процентпен төленіп, ал қарыздың күрделі негізгі бөлігін келешекте белгіленген уақытта өтеу көзделеді.Үлесті бағалы қағаздар, немесе оны акция деп атайды. Акция оны иемденушінің корпорацияның мүлігіндегі үлесін көрсетеді және иемденушіге шектеусіз уақыт бойы дивидент түрінде кіріс түсіреді. Ал бағалы қағаздардың басқа түрлері қарызды және үлесті түрлерінен туындайды. 2. Бағалы қағаздар шығарушысы (эмитенті) жөнінен де жіктеледі. Олардың эмитенттері мемлекет, жергілікті әкімшілік, корпорациялар, қаржы институттары және тағы басқа заңды тұлғалар болуы мүмкін. Эмитенттеріне байланысты үлесті және қарызды бағалы қағаздар төмендегідей түрге бөлінеді:
• Қазыналық, немесе үкімет атынан Қаржы Министрлігі шығаратын бағалы қағаздар. Бұл қағаздар еңбір сенімді қағаздардың бірі. Себебі оның төлемін (өтелуін) мемлекеттік бюджеттің қаржысы қамтамасыз етеді. Бұл бағалы қағаздардың көп тараған түрлері векселдер мен қазыналық облигациялар. Мемлекеттік меншіктегі кәсіпорындарды да көбіне облигация түріндегі бағалы қағаздарды шығарады.
• Жергілікті әкімшіліктер мен олардың меншігіндегі кәсіпорын бағалы қағаздары. Олардың төлемін қамтамасыз ететің жергілікті салықтар мен істің нақты жобасына үкіметтің берген дотациясы.
• Қаржы институттары мен корпорациялардың, яғни ашық түрдегі акционерлік қоғамдардың акция және облигация түріндегі бағалы қағаздары. Олардың өндіріс, құрылыс, сауда, жол қатынасы кәсіпорындарымен қатар коммерциялық банктер, сақтандыру және инвестициялық компаниялары, зейнетақы қорлары шығарады.
• Банктердің бағалы қағаздары – олар депозиттік сертификаттар (салым құжаты), чектер және бұданда басқа банктің өзінің қарыз міндеттемелері.
• Кәсіпкерледің бағалы қағаздары – олар коммерциялық вексельдер, фьючерстік шарттар және басқа коммерциялық қағаздар.
4. Бағалы қағаздар қай жерде сатылады деген сұраққа жауап бойынша да жіктеледі. Сатылу жеріне байланысты ақша нарығындағы және капитал нарығындағы бағалы қағаздар болып екіге бөлінеді. Ал ақша нарығы қаржы нарығының бір бөлігі, онда қысқа мерзімді бағалы қағаздар сатылып және сатыпалынады. Оның айналу мерзімі 1 күннен 1 жыл аралығында созылады. Бұл нарыққа қазыналық вексельдер, депозиттік сертификаттар және басқа коммерциялық қағаздар сатуға түседі. Оларды шығарушылар әртүрлі жіктелу топтарына жатсада, олардын бәрі қарызды бағалы қағаздарға жатады. Капитал нарығына 1 жылдан астам уақытқа шығарылған бағалы қағаздар түседі. Олар үлесті де, қарызды да, бағалы қағаздар болуы мүмкін. Олардың эмитентері де әртүрлі: мемлекет, жергілікті әкімшілік, корпорациялар, қаржы институтары және тағы басқалар.
Банктің инвестициялық операция жүргізетін бағалы қағаздары екі топқа бөлінеді:
1. Мемлекеттік бағалы қағаздар;
2. Корпоративтік бағалы қағаздар;
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттің бағалы қағаздарыны түрлері
Түрі Шығару мақсаты Орналастыру тәсілі Айналыс мерзімі Номинал құны
1 2 3 4 5
Ұлттық банктің қысқа мерзімді нотасы Айналыстағы ақша массасын реттеу Аукцион/сату 7 күннен 90 күнге дейін 100 теңге
Ұлттық банктің арнайы валюталық нотасы Еркін өзгермелі валюта бағамына өтуге байланысты жинақ зейнетақы қорлардың активтерін қорғау Ноталар портфелін жинақ зейнетақы қорларымен айырбастау 35 күн 100 АҚШ доллары
Арнайы валюталық мемлекеттік облигациялар «АВМЕКАМ» Жинақ зейнетақы қорлардың активтерін қорғау Мемлекеттік облигациялар портфелін жинақ зейнет ақы қорларымен айырбастау 5 жыл 100 АҚШ доллары
Мемлекеттің арнайы қазынашылық міндеттемесі «МЕАКАМ» Ұлттық банкке
Үкіметтің қарызын
Қайта рәсімдеу 10 жыл 1000 Теңге
1 2 3 4 5
Мемлекеттің қысқа мерзімді қазынашылық валюталық міндеттемесі «МЕКАВМ» Республикалық бюджеттің ағымдағы тапшылығын қаржыландыру Аукцион 3, 6, 9 және 12 ай 100 АҚШ доллары
Мемлекеттің индексацияланатын қазынашылық міндеттемесі «МЕИКАМ» Республикалық бюджеттің ағымдағы тапшылығын қаржыландыру Аукцион 3 ай не одан жоғары 1000 теңге
Мемлекеттің орта мерзімді қазынашылық міндеттемесі «МЕОКАМ» Республикалық бюджеттің ағымдағы тапшылығын қаржыландыру Аукцион 2 және 3 жыл 1000 теңге
Мемлекеттің қысқа мерзімді қазынашылық
Міндеттемесі «МЕККАМ» Республикалық бюджеттің ағымдағы тапшылығын қаржыландыру Аукцион 3, 6, 9 және 12 ай 100 теңге
Мемлекеттік ішкі зайымдық ұлттық жинақ облигациялар. Республикалық бюджеттің ағымдағы тапшылығын қаржыландыру Жазылу жолымен 364 күн 1000 теңге
Мемлекеттік бағалы қағаздар табыстылығына қарай үш түрге бөлінеді:
• Дисконттық , мұндай бағалы қағаздар алғашқы нарықта инвесторларға жеңілдікпен сатылып, номиналдық құны бойынша өтеледі.
• Купондық, яғни номиналдық құнына пайызбен бейнеленген табыс әкелетін бағалы қағаздар. Купон мерзіміне қарай жылына 2 – 4 ретке дейін төленеді.
• Аралас, яғни купон жене дисконт түрінде қатар табыс әкелетін бағалы қағаз. Бұл жағдайда инвестор банктің табысы екі көзден : дисконт түріндегі және купон мөлшерлемесі түріндегі табыстардан құралады.
Корпоративті бағалы қағаздарға мыналар жатады:
• акциялар;
• облигациялар;
• вексель
• чек
• депозиттік және жинақ сертификаттары;
• ипотекалық куәліктер;
• депозитарлық қол хаттар;
Акция – бұл акционерлік қоғамның жарғылық капиталына үлес қосқандағын куәландыратын және басқару ісіне қатысуға құқық беретін, сондай – ақ иесіне табыс әкелетін бағалы қағаз.
Дивиденд төлеу тәсілінің айырмашылығына байланысты жай және артықшылықты акцияларға бөледі. Жай акция, оның иесіне акционерлік қоғамның табысына байланысты табыс әкеледі және қоғамды басқару ісіне немесе жалпы жиналысқа қатысуға құқық береді. Ал артықшылығы акция иесіне қоғамның табысына байланыссыз тұрақты табыс алуға құқық береді, бірақ басқару ісіне араласуға немесе акционерлер жиналысына қатысуға құқық бермейді. Артықшылықты акцияның келесі бір артықшылығы – қоғам борыштық тұрақсыздыққа ұшыраған жағдайда мүлікті жай акция иесінен бұрын алуға мүмкіндік беруі…..