Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстанның нарықтық экономикаға енуі
Мазмұны
Кіріспе………………………………………………………………………5
1. Нарық механизмінің мазмұны мен құрылымы ………………………….6-10
2. Нарықтың инфрақұрылымы мен оның негізгі элементтері……………..11-20
3. Қазақстанның нарықтық экономикаға енуі ……………………………..21-24
Қорытынды……………………………………………………………….25
Пайдаланған әдебиеттер ………………………………………………..26
Кіріспе.
Нарық – бұл экономикалық проблемаларды тиімді шешуді қамтамасыз ететін тауарларды өндіру және оларды ақшаның көмегімен айырбастау процесінде туындайтын экономикалық қарым – қатынастардың жиынтығы, шаруашылықты ұйымдастырудың формасы.
Нарық – бұл нәтиже мен еңбек шығындары аралығындағы байланыстарды /арақатынастарын/ объективті көрсететін, демек, өндірістің ағымдағы мөлшеріне сай тұтынуды сипаттайтын өндіріс өнімдерін айырбастау актісінің жиынтығы. Экономикалық қатынстар қалыптасқан қоғамда нарық қоғамдық өндірісті біртұтас процесс ретінде ұйымдастырады. Тек нарық көмегімен ғана қоғамдық өндіріс экономикалық жүйеге /немесе экономикаға/ айналады.
Осылайша нарық өз шешімін тауып, қоғамдық тұтынуды қамтамасыз етуге қажетті мөлшердегі өндіріс құрал – жабдықтары мен жұмысшы күші халық шаруашылығы салалары арасында өзара пропорционалды түрде бөлінеді.
Нарық жағдайнда тиісті алғышарттар бірден жүйеге келтіріліп, аз уақытта белгілі бір нәтижелерге қол жеткізе қою оңайға соқпайды. Ол үшін нарықтық экономиканың неізін осы бастан үйрену, білу қажет. Міне, осы жолмен экономикасы оңды дамыған елдердің тәжірибесіне назар аударатын болсақ, онда нарықтың ұзақ жылдар бойы қалыптасқандығын көреміз. Мәселен, АҚШ – та 1902 жылдан бастап, Коллифорния университетінде нарық туралы дәрістер оқыла бастады. Себебі, сол тұста АҚШ – тың нарық жолына түсуіне 1873 – ші жылдарда басталған экономикалық дағдарыс себепкер болған еді. Америка экономистері: Дэвид Уэлд, Эдвард Аткинсон, Генри Эмери, Вальтер Дилл Скотт, Джорджа Федерика және тағы да басқалары “Маркетинг” теориясының негізін, нарық жүйесін капиталистік жүйеге орайластыру ісімен айналысты.Қазіргі уақытта АҚШ – та осы мәселемен айналасатын төрт жүзден астам ғылыми – зерттеу институттар мен коммерциялық фирмалар бар.
Ағылшын А.Смит экономика туралы бір ғана еңбек жазғанымен, оның дербес ғылымға айналуының негізін қалаған ғалым деп саналады. Оның еңбегі “Халық байлығы” 1776 жылы жарық көрген. А.Смиттің досы Давид Юм алғашында бұл ұғымға ауыр болғандықтан, оны оқып – түсінетін оқырмандар саны көп болмас деген пікірде жүрді. Алайда Юм қателескен екен, аталған кітапты адамдар 200 жылдан астам уақыт бойы талай оқып үйренуде.
А.Смиттің ойынша, ұлттың басты байлығы, өзге экономистердің теріс түсінігінше – алтын немесе күміс қорын жинауда емес, яғни байлық дегеніміз – еңбек түрін атқаратын және ашық нарықта сауда жасайтын қарапайым адамдардың әрекеттерінің нәтижесі. А.Смиттің пікірінше, нарықтық экономика – белгілі бір ұйымдастырылған жоспардың нәтижесі емес, көптеген адамдар өздерінің жеке мүддесін қамтамасыз ету үшін мақсатты әрекеттерінің нәтижесі.
1. Нарық механизмнің мазмұны мен құрылымы
Нарықтық механизм дегеніміз — нарықтың негізгі элементтері баға, бәсеке, ұсыныс пен сұраныстырдың өзара байланыс пен өзара ісі әрекетте болу механизмі.Әрбір экономикалық жүйеге тән: Не өндіру? Қалай өндіру? Кім үшін өндіру? сұрақтарын нарықтық экономикада нарық жоғарыдағы төрт элементтің арақатынасымен шешеді.
Еліміздің ұлт ерекшілігіне байланысты жалпы ет өніміне сұраныс бар. Осының өзінде сұраныс бірқалыпты болмайды. Себебі ет ет өнімдерін жаз айларында пайдалану төмен болады, ал салқын айларында пайдалану жоғарлайды. Осының салдарынан бағада, сұранымда және ұсынымда бір қалыпты жағдай болмайды. Жаз айларында еттің бағасы төмендейді, себебі сұраным төмен, одан барып, оны өндіру де азаяды. Ал күз, қыс айларында керісінше баға жоғары болады, себебі сұраным бар, ол көп өндіруді талап етіп, ұсынымды өсіреді. Осылай сұраным мен ұсынымның ауытқуы бағаның құннан жоғары-төмен ауытқуына тірейді. Осы тербелулер арқылы сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігіне әсер ететін, ал түбінде өндіріс пен тұтынудың тепе-теңдігін қамтамасыз ететін деңгей қалыптасады.
Бұл бағаның, сұраныстың және ұсыныстың араларындағы қозғалыстар бәсеке арқылы жүріп жатады. Әрбір кәсіпкердің мақсаты пайданы барынша ұлғайту, сондықтан да, шаруашылық қызметінің көлемін ұлғайтуға мүдделі.Ал бұның өзі өндірістің аса қолайлы жағдайлары үшін кәсіпкерлердің өзара күресіне экеліп соғады да, олар бір-біріне деген қатынасы қарсыластар немесе бәсекелестер ретінде көрінеді. Егер қандайда бір тауардың ұсынысы сұранысынан көп болса, онда сатушылардың арасындағы бәсекелік күрес күшейеді. Олардың әрқайсысы өз тауарын сату үшін бағасын төмендетуге жиі барады, ал ол өз кезегінде осы тауарды өндіруді азайтады. Егер сұраныс ұсыныстан көп болса, онда бір-бірімен бәсекеге сатып алушылар түседі. Тапшы тауарды алу мүмкіндігіне ие болу үшін, әрбір сатып алушы өз қарсыласына қарағанда жоғары баға ұсынуға тырысады. Баға өседі, ол осы тауарға ұсынысты ұлғайтады. Бәсеке — нарық механизмінің қажетті элементі, бірақ бәсекенің сипаты әр түрлі болуы мүмкін, ол нарықтық тепе-теңдікке жету әдісіне елеулі әсер етеді. Нарықтық механизм еркін немесе жетелеген бәйсек жағдайында, яғни нарықтық жағдай көптеген сатушылар мен сатып сатып алушылардың сатылатын өнімдерді біртектілігімен фирмалардың нарыққа еркін кіруімен сипаттағанда барынша өнімді әрекет етеді. Жетілген бәсеке кезінде сатушылар мен сатыпалушылар мен сатып алушылардың ешқайсысыда нарықтық бағаға әсер ете алмайды. Егер дұрысын айтсақ жетілген бәсеке таза күйінде ешқашанда және еш жерде болған емес. Оны тек ғылыми абстракция ретінде қарау керек, соған қарамай, нарықтық механизімнің қызмет істеуімен негізгі принцптерінің түсуі үшін талдау қажет. Нарықтық құрылымдардың типіне қарамай олардың қарапайым қызмет етуінің қажетті шарттарының экономикалық еркіндік, дербестік, экономикалық қатынастардың субъектілерінің тәуелсіздігі жатады.
Экономикалық еркіндік деңгейі біріншіден, кәсіпкерлік, еркіндік екіншіден, сатушылар мен сатып алушылардың таңдау еркіндігі, яғни сауда еркіндігі, үшіншіден ресурстар әр түрлі қолдау сфераларын ауыстыру еркіндігі, төртіншіден, баға құру еркіндігіне тұрады. Нақ осы экономикалық еркіндік нарыққа өзгермелі жағдайларға икемді бейімдеулік және жекелей де жалпы тек тепе-теңдікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Нарықтық экономика жүйесі, әлеуметтік елдердің экономикалық жүйелерінің бірі бола тұра, оның құрамы әр түрлі болып, ерекшеліктерінің түрлі сипаттамалары болып келуі мүмкін. Оның басты себептері қашанда болмасын, қандайда да ел болмасын нақтылы өмір жүзінде халықтың тұтынуы мен қажеттілігін, ресурстарының барлығы көлемі жағынан да толық қамтамасыз етілмейді.Сондықтан әрдайым қайшылықтар болып тұрады. Яғни, саяси экономикада ресурстардың тапшы болуы, негізгі экономикалық жүйе құрудағы, басты- қайшылықтың бірі болып келеді. Онымен қатар экономикалық теорияда, қандай да болмасын экономикалық жүйе құрудағы халықаралық тұтынуда -халық мүддесін толық қамту, болып келеді. Және әлеуметтік -экономикалық мүддені, қойған мақсатты толық іске асыру қамтамасыз етілмейді. Сондықтан, (Нарықтан экономика құруда-ең басты мәселе ол -айырбас мәселесі болып келеді. Яғни, экономикада осы мәселе адамның, халықтың тұтынуымен байланысты және де қоғамдык құрылымдармен байланысты. Сондықтан, өнім өндіру тұтынумен қоғамдық деңгейде түгелдей байланысты болумен, айырбас мәселесі нарықты экономикада, оны құрудағы өзгешеліктермен тікелей байланысты.Жалпы алғанда, нарық экономикалық жүйесін құруда, экономикалық іс жүргізуде, айналым — айырбас мәселесі жүйесі, өндірілген өнім айналысын, айырбас қызметімен тікелей байланыстыра құру қажет. Экономика нұсқаларының аса күрделі түрлері -теңдеулер жүйелері негізінде жасалады. Онда нақтылы экономикалық тиімділік, көптеген аргументтердің функциясы:
Осы негізде оларды құрып және де нұсқа жасауда басты қойылатын талап кешенді экономикалық талдау, экономикалық есептеу, әлемдік экономикалық жағдайды ескере отырып, оның өзгеру — өзгермеу жағдайын салыстыра отырып, экономикалық даму нұсқасын, сонымен қатар, жалпы ел бойынша әлеуметтік — экономикалық даму нұсқасы құрылып, бүкіл елдің халық шаруашылығы, әлеметтік салалардың даму деңгейі нұсқада толығынан анықталады. Осындай экономикалық нұсқаның басты қасиеті, саяси экономикада, яғни, экономикалық теорияда, ғылыми негізделген теория мен методология, ғылыми-практикалық концепция болады. Одан басқа практикалық негіз жоқ екені белгілі. Теориясыз ешқандай нұсқа жасалынбайды. Қорыта айтсақ, макроэкономикалық теорияда практика негізі болады. Нұсқа экономикалық нақтылы тіршілік, өмір жүзінде ғылыми тәжірибелік шындық, әлеуметтік — экономикалық дамуды пайымдайды.
Экономика мен саясат байланысты болып келіп, әлемде, тарихта, өмірде біріне-бірі тікелей әсер етеді және әрбір ел бойынша әлемде саяси -экономикалық пікірталас жүйелі түрде жүргізіледі. Ондай пікірталас арасы өте қозғалмалы макроэкономикалық теория бойынша, саясаттың экономикада объективтік ғылыми негіз болады. Аралас экономика нұсқалары макроэкономикалық теорияның ғылыми негізіне айналған. Теориясыз еркін бағалау, негізсіз нұсқалар болуы ықтимал. Аса бір маңызды экономикалық мәселелер, қарапайым фундаменталдық макроэкономикалық нұсқа, сонымен қатар, нарықты экономикалық жүйе нұсқасы және де салыстырмалы түрде алғанда жоспарлы және аралас экономика жұйесінің нұсқасы болып келеді.
Нарықтық экономика жүйесі әлеуметтік елдердің экономикалық жүйелерінің бірі бола тұра, оның құрамы әр түрлі сипаттамаларда болып келуі мүмкін. Оның басты себептері қашан да болмасын, қандай да ел болмасын нақтылы өмір жүзінде, халықтың тұтынуы мен қажеттілігін, ресурстарының барлығы көлемі жағынан да толық қамтамасыз етілмейді. Сондықтан әрдайым қайшылықтар болып тұрады. Яғни, саяси экономикада ресурстардың тапшы болуы, негізгі экономикалық жүйе құрудағы басты қайшылықтың бірі болып келеді.
Сондыктан, нарықтық экономика жүйесін құрудағы ең басты мәселе, ол — айырбас. Айырбас, экономикада адамның халықаралық тұтынуымен және құрылымымен байланысты. Айырбас мәселесі нарықтық экономикада, оны құрудағы өзгешелігімен тікілей байланысты.
Экономика жүйесінде де көптеген кемшіліктер бар екенін, эконономикалық теория негізінде анықтап отыру қажет, нарықтық экономика жүйесінде ұлттық қорғанысты қалыптастыруды, әлеуметтік жағдайды шешуде, ғылым- білім, денсаулық салаларында тағы басқа салаларда көптеген қиындықтар кездеседі. Оның басты себептері қашан да болмасын, қандай да ел болмасын нақтылы өмір жүзінде халықтың тұтынуы мен қажеттілігін ресурстарының барлығы көлемі жағынан да түрлілігі жағынан да толық қамтамасыз етілмейді. Сондықтан, әрдайым қайшылықтар болып тұрады. Яғни, саяси экономикада ресурстардың тапшы болуы, негізгі экономикалық жүйе құрудағы басты қайшылықтың бірі болып келеді. Сонымен қатар, экономикалық теорияда қандай да болмасын экономикалық жүйе құрудағы халықаралық тұтынуда халық мүддесін толық қамту, қамтамасыз ету, қойған мақсаттарға жету әрдайым қайшылықта болып келеді және әлеуметтік — экономикалық мүддені, қойған мақсатты толық іске асыру қамтамасыз етілмейді. Жалпы алғанда, нақты экономика жүйесін құруда, экономикалық іс жүргізуде, айналым айырбас жүйесімен тікелей байланыстыра құру қажет. Осы мәселені айқындай түссек, жүйенің негізгі дәріптесетін түрлі ілімі арқылы арнаулы және капитал арқылы іс-әрекет, қызмет жүргізуі немесе өнім шығаруы болып келеді. Табиғи ресурстарды пайдалану, орман, ағаш, су байлығының мәселелері тағы басқа жағдайлармен шиеленісіп жатады. Қорыта айтсақ, экономикалық жүйе құруда негізінен үш басты көрсеткіш, оның іргетасын қалайды. Яғни, экономика, қандай да болмасын жүйеде дамуда оның негізі-еңбек, капитал, табиғи ресурстар. Осы тұрғыдан қарасақ, тұтыну саласы ресурстар. Осы тұрғыдан қарасақ, тұтыну саласы ресурстар саласымен байланысты болу керек. Экономика жүйесін құрудағы орталық айналым мен ресурстар айналым және оның басты бөліктері: барлық шикізат ресурстары, еңбек ақы, тағы сол сияқтылар болып келеді. Оның қорытындысы тауар -ақша айналымы, соның негізінде таза пайда және таза түсім қалыптасады.
Қандай болмасын өнім, жұмыс, қызмет оның қорытындысы: өндіріс, өнім, тауар болып келеді. Тауардың қасиеттері нарық экономикасы жүйесіндегі басты мәселе және проблема — қоғамдық еңбек тұтыну құны, нақты еңбек құны бірінші қатарға жатады. Сонымен қатар, жалпы тауар айналымында жеке еңбек құны, абстрактылы еңбек жалпы бағалау, тұтыну құн айқындалып, экономикалық дамуға әсер етеді. Егер, мұнда тұтыну құнына жалпы өнім — тауар қызмет құн мәселесіне келсек, онда тауарға сіңген еңбектің екі жақты екенін ескеру керек. Біріншіден: жеке еңбек, нақты еңбек, қоғамды еңбек болса, екіншіден: күрделі еңбек, нақты еңбек, нақты еңбек болып онда қосымша қалыптасатын еңбек түрлері бәсеке еңбек, жай еңбек, кауіпті еңбек оған қоса күрделі еңбек қатпарлары пайда болып, олардың бар түрі жалпы тауар құнына әсер етеді. Материалдық өндіріс қоғам өмірінің негізі болып, оның қатарында өндіріс еңбек заты, еңбек құралы, еңбек процесі арқылы қоғам негізін құрайды.
Сондықтан, қандай да жүйеде дамуы болмасын, адамның табиғи мен өзара әрекетін және осы негізде туындайтын еңбек қатынасының жиынтығы болады. Сонымен қатар, қоғам өмірінде өндіріс құрал — жабдықтарын өндіретін өндірістер негізі қалыптасып, жалпы әлеуметтік-экономикалық даму негізі кең өріс алады, өрлейді. Осындай өрлеу жалпы ұлттық табыспен тікелей байланысты. Ұлттық табыс жалпы мемлекет ел көлемінде белгілі бір уақыт кезеңі ішінде, қоғамда ақшалай есептелгендегі өндірілген материалдық өнім-тауар, қызмет — жұмыс сомасын болып қорытындылады. Оған қосымша бүкіл ұлттық айналым қосындысы және жеке капиталдың өзара ұласқан байланысты жиынтығы. Топшылай келе, жалпы ұлттық табыс- кіріс қоғамда белгілі бір уақытта әр жылмерзімге шаққандағы, жалпы еңбекпен жасалған құнымен де есептеп, оның сомасын шығаруға болады. Әрбір экономикалық жүйеде, оның дамуы да құнмен байланысты, жер рентасына әсер етеді. Оның басты қасиеттері:
а) ауыл шаруашылығында жұмысшылар жасаған қосымша құнның бір бөлігі ретінде қалыптасады;
ә) ең нашар құнарсыз жер мен орташа және жақсы құнарлы жерден өндірілген өнімнің, өндірістік бағасы арасындағы айырмашылық немесе жер өнімділігімен байланыстылық;
б) белгілі жер бөлшектерінде капиталды дәйекті түрде жұмсау нәтижесінде пайда болатын қосымша құн немесе жер құндылығымен өнімділігімен деңгейінің жоғары не төмен болуы;
Жалпы экономикалық өрлеу, әлеуметтік экономикалық даму — әр елдің, мемлекеттің экономикалық жүйесін құру, пайдалану балама түрімен байланысты болатыны анық. Нарық экономика жүйесімен байланысты және өнім таурлары мен қызмет — жұмыспен байланысты, тағы бір ол -«үш негізбен» байланысты еңбек, капитал, табиғи ресурстар ең басты өндіргіш күштер болып келеді. Өндіргіш күштер оның тұрақты дамып өрлеуі, қоғамның әлеуметтік — экокномикалық өркендеп өсуінің ірге тасы, негізгі кепілі. Бірде бір ел, мемлекет, қоғам экономикасы, өндіргіш күштерін дамытпай ел экономикасын дамытуы мүмкін емес. Өндіргіш күштері:
а) қоғамда жасалған өндіріс жолы — жабдықтары және адамдар — жалпы еңбек қоры;
э) қоғамдағы бүкіл машина — механизмдер, жабдықтар жиынтығы;
б) қоғамдағы барлық мамандық иелері жалпы интеллектуалды инженер-техникалық еңбек қоры және технологиялық ұйымдастыру әдіс-тәсілдері.
Осындай өндірістік күштері және жалпы өндіргіш күштері нарық экономикасы жүйесінде пайдаланып, өнім шығаруда — өндірістік қатынастар туады және экономикалық өрлеуді қамтамасыз етеді. Онда қоғамдағы өндіріс процесінде: өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну көпшілік тұтынушылардың санасы мен тыс пайда болатын, олардың айналасында қалыптасқан экономикалық қатынастар құрамы, қосындысы пайда болады. Қоғамдағы өндіріс процесінде өндіру, айырбастау, болу және тұтыну адамның санасына мен еркіне байланысты пайда болатын, оларда өзара реттелген экономикалық катынастар, кең көлемде өркенді деңгейде қалыптасады. Нарық экономикасы жүйесінде тауармен тікелей байланысты қоғамдық капитал болып келеді де онда:
— белгілі бір уақыт кезеңінде қоғамда өндірілген материалдық игіліктер — қоры құрамы, байлық, дүние;
— жеке капиталдың өзара ұласқан байланысты қосындысы;
— қоғамда белгілі бір уақыт кезеңі ішінде жанды еңбекпен жасалған дүние.
Сонымен қатар осы аралықта пайда болатын: а) қоғамдық қосынды қорытынды өнім;
ә) белгілі бір уақыт кезеңі бойынша қоғамда өндірілген игіліктер жиынтығы;
в) жеке капиталдандыру, өзара қалыптасқан байланысты сормасы;
г) қоғамда белгілі бір уақыт кезең ішінде жанды еңбекпен жасалған жаңа құн.
2. Нарықтың инфрақұрылымы мен оның негізгі элементтері
Қазіргі кезде қоғамда нарық жүйесі қалыптасты. Нарық дегеніміз сұраныс, ұсыныс және баға арқылы өзара қарым-қатынас. Экоиомикалық теория осылардың арасындағы байланыстарды білдіретін түрлі жобалар жасап, оларға жеке факторлардың ықпалын зерттейді. Сондықтан, нарықты ұйымдастырудың нақтылы түрлерін зерттеу қажет.
Қазіргі кездегі нарық дамыған инфрақұрылымға, яғни көмекші салалар мен ұйымдардың болуымен тікелей байланысты өмір сүреді.
Нарық инфрақұрылымы деп нарықты қатынастардың жемісті қызмет етуін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық фирмалардың жиынтығын айтады.
Үш түрлі нарықтың инфрақүрылымының элементтері бар, олар: тауар, (сауда), қаржы нарығы және еңбек нарығы.
Тауар нарығының инфрақұрылымына жататындар — тауар биржалары, көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындары, аукциондар, жәрмеңкелер, делдалдық фирмалры.
Қаржы нарығының инфрақұрылымына кіретіндер: қор және валюта биржалары, банктер, сақтандыру компаниялары мен қорлары.
Еңбек нарығының инфрақұрылымына кіретіндер — еңбек биржалары, жұмысқа қамту мен кадрларды қайта даярлау қызмет орындары жұмыс күшін реттеу және т.б. айналысатын мекемелер.
Демек, классикалық нарықтың инфрақұрылымының негізгі элементтері: сауда орындары, биржалар мен банктер екеніне көзіміз жетіп отыр. Сонымен қатар, нарықтың жемісті қызмет етуі үшін жарнама, ақпарат және кеңес беру қызмет орындары, бақылау мен тексеру мекемелері өте қажет, соларға тоқтала кетсек:
Жарнама (латынның гесіато — жар салу, айқайлау деген сөзі) сұраныс ұлғайту мақсатымен тауарлар мен қызмет көрсетулер туралы ақпараттарды таратуды айтады. Ол тауар өндірісінің пайда болуының бастапқы кезеңінде қалыптасты. Мысалы, ежелгі Греция мен Римде саудасаттық жөніндегі мәліметтер ағаш, мыс пен сүйектен жасалған тақтайшаларға жазылды және олар арнайы қатты, дауыстап оқытылды. XX ғасырдың бас кезінде жарнама бәсеке күресінің басты пәрменді құралына айналды. Осы ғасырдың 70 жылдарында өзінің көптеген жарнама жүйелері бас жарнама бизнесінің индустриясы қалыптасты, ал жарнаманы маркетингті құрамдас бөлігі ретінде, жаңа басқару жүйесінің элементі ретінде қолданатын болды.
Ақпарат (латынның іnformation — түсіндіру деген сөзі) деп нарықтың жағдайын талдап және бағдарлау үшін пайдаланылатын мәліметтерді айтады. Кез-келген фирма сұраныс пен ұсыныс туралы, пайда нормасы жөнінде, қай жерде арзан сатып алуға және қандай жерде қымбат сатуға болатыны туралы мәліметтерді қажет етеді. Қолдағы мәліметтер негізінде фирма өз іс-әрекетінің стратегиясын жасайды………