Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстандағы баға нарығы
Мазмұны
Кіріспе 3
1. Нарықтың экономикалық мәні мен маңызы 5
1.1 Нарықтың мәні және қызметі 5
1.2 Баға түсінігі және оның қызметі 10
2. Қазақстандағы баға нарығының сипаты 14
2. 1 Қазақстандағы бағаның қалыптасуы мен дамуы 14
2.2 Баға жүйесіне сипаттама 22
Қорытынды 25
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 26
1. Нарықтың экономикалық мәні мен маңызы
1.1 Нарықтың мәні және қызметі
Нарықтық экономика және нарықтық қатынастар қызметінің негізі ретінде тауар-ақша қатынастары болып табылады. Сондықтан, нарықтық шаруашылықты тауарлық өндірістің дамуындағы оның ең жоғары сатысы ретінде қарастыру қажет. Нарықтық экономика — пайда табуға негізделеді…
Нарық пен нарықтық қатынастардың мәнін «нарық» ұғымының екі түрлі мағьшада қолданылатынын ескере отырып анықтаған жөн. Біріншіден, өзінің төл мағынасында нарық айырбас, айналыс сферасындағы өнімді сатуды (өткізуді) білдіреді. Екіншіден, нарық — адамдар арасындағы өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну процесін қамтитын экономикалық қатынастар жүйесі болып табылады.
Нарық, меншіктің әр түрлі пішіндерін, тауар-ақша байланыстары мен қаржы-несие жүйесін пайдалануға негізделген экономика қызметінің күрделі нарықтық механизмі ретінде таңбаланады.
Айналыстан басқа, нарық жөне нарық қатынастары төмендегілерді қамтиды:
— екі субъект арасындағы өзара қатынастың нарықтық негізде іске асырылуы кезіндегі фирмаларды, кәсіпорындарды жөне экономиканың басқа да құрылымдарын жалдауға байланысты орын алатын қатынастар;
— біріккен кәсіпорындардың шетел фирмаларымен арадағы айырбас процестері;
— еңбек биржасы арқылы жұмыс күшін жалдау және пайдалану процестері;
— белгілі бір процентпен несие берудегі несиелік қатынастар;
— тауар, қор, валюта биржаларын қамтитын нарықтық инфрақұрылым-
ның қызметін жүзеге асыру процесі.
Нарықтың қалыптасу шарттарын екі топқа бөлуге болады:
Бірінші топ нарықтық байланыстарды қамтамасыз ететін шаруашылықты жүргізудің жалпы шарттарын енгізуге саяды, атап айтқанда:
1. Меншіктің әр түрлі пішіндерін (жеке, ұжымдық, акционерлік, мемлекеттік) жүзеге асыру.
2. Мемлекеттік реттеуіштердің сақталуы жағдайында өндірісті демократияландыру.
3. Үш негізгі элементтерді: тауарлар мен қызмет көрсету рыногын; өндіріс факторларының рыногын; қаржы рыногын біріктіретін нарықтық инфрақұрлымды қүру.
Екінші топ шаруашылықты жүргізудің нарықтық әдістеріне өту жөніндегі экономикалық ережелерді қабылдауға және құқықтық заңнаманы әзірлеуге байланысты шаралар жүйесін қамтиды. Қазіргі заманғы экономикалық теорияны, осы тақырыптағы әлемдік әдебиетті зерттеу және «нарық» ұғымын талдау негізінде оны түсініктемелеудің екі көзқарасын ажыратуға болады.
Біріншісі., нарықтың және нарықтық қатынастардың саяси-идеологиялық және философиялық мазмұнын ашып көрсетуге негізделеді. Бұл орайда, нарықтың негізгі сипаттары ретінде төмендегілер қаралады:
а) нарық — кәсіпкерліктің еркіндігіне және мемлекеттің шектеулі роліне негізделген қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың тәсілі. Осы түрінде нарық орталықтандырылған жоспарлау және әкімшілік реттеу әдістерін қолдануға сүйенетін ұйымдастырудың тәсілдеріне қарсы тұрады;
б) нарық — шаруашылықты жүргізуші субъектілердің, қабылдаған шешімдерінің критерийлерін және субъектілер арасындағы қарым-қатынастардың сипатын анықтайтын олардың әрекет ету тәсілі;
в) нарық — шаруашылық қызметіне қатысушылардың тиісті нарықтық көзқарасын қалыптастыратын ойлау тәсілі («нарықтық ойлау»).
«Нарық» ұғымын түсініктемелейтін екінші көзқарас, оның нақты-экономикалық мазмұнын ашып көрсетуге негізделеді. Нарық тауарлар мен қызмет көрсетулердің әрқилы түрлеріне сұраныс пен ұсыныстың арақатысын анықтауға мүмкіндік беретін механизм ретінде түсініктемеленеді.*
Экономика ғылымында нарық ұғымы екі түрлі мағынаға ие. Біріншіден, ол айналыс сферасының синонимі. Және, екіншіден, белгілі бір қоғамдық қатынастарды көрсететін экономикалық категория ретінде пайдаланылады. Атап айтқанда, нарық — тауар өндірушілер мен тұтынушылардың арасындағы айырбастық қатынастардың жиынтығы. Нарық — адамдардың тауарды (өнімді) өткізу және оларра сіңірілген еңбектің қоғамдық сипатын түбегейлі мойындау ісін жүзеге асыратын айырбас сферасындағы әлеуметтік-экономикалық қатынастардың жиынтығы болып табылады. Жалпылама түрде нарық — ол өнімді сатып алу мен сатудың және өнімді өткізу шарттары актілерінің жиынтығы немесе К.Маркстің сөзімен айтқанда, жаңа ғана аяқталған өндіріс пен әлі басталмаған тұтынудың арасындағы «аралық саты».
Нарық — тауар айналысы, ақшаның тауарға айналу процесі жүзеге асырылатын экономика саласы: экономиканың өр түрлі салаларында өндірілген тауар массасының сатып алу-сату актілерінің өзара байланыстағы жиынтығы. Қазіргі заманғы нарық — ол, еркін өнім өндіруші — кәсіпкерлер арасындағы тауарлармен еркін жүргізілетін айырбас. Кез-келген кәсіпорынның экономикалық, шаруашылық тіршілігі, әрқашан да игіліктермен алмасуды көздейді, яғни, өндірілген өнім айналыс сферасына келіп түседі. Айырбас табиғи түрінде: бір тауар екінші тауарға тікелей айырбасталуы, немесе, тауар ақшаға сатылып, сол ақшаға басқа тауар сатып алынуы мүмкін, не болмаса, кейбір жағдайда тауарлық пішіні ақшаға, ал ақшалай пішіні тауарға (Т-А-Т) алмасады; екінші жағдайда ақша тауарға айналады да, одан кейін тауар ақшаға айналады (А-Т-А).
Рьшок дегеніміз сату — сатып алу жиынтығы; сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеті; сатушылар мен сатып алушылар арасындағы қарым-қатынас; өнімнің тауар күйіндегі жүргізілетін айырбастың экономикалық пішіні.
Экономиканың нарықтық құрылымы меншіктің түрлері, тауар өндірушілердің құрылымы және олардың экономикадағы үлесі, тауардың айырбас сферасының ерекшелігі, елде пайдаланатын сауданың түрлері арқылы анықталады.
Нарықтық экономиканың тиімді жұмыс істеуі үшін мынадай қолайлы жағдайлар қажет:
1. Тауар өндірушілерге толық бостандық беру.
2. Тауар өндірушілердің толық жауапкершілігі және ынталылығы.
3. Тауар өндірушілердің бәсекесі.
4. Еркін баға.
5. Мемлекеттің шаруашылықты жүргізуге килігуден бас тартуы, шаруашылықты еркін жүргізуге араласпауы.
6. Тауар өндірушілеріміздің дүниежүзілік деңгейде шаруашылықты жүргізуге бейімделуі, әлемдік нарықтан өздеріне тиісті орынға ие болуы.
7. Тауар өндірушілердің мемлекет тарапынан қолдау табуы, мемлекеттік реттеу мәселелерінің шешілуі.
Нарықтық қатынастардың қызмет етуінің негізі — тауар-ақша қатынастары болып табылады. Бұл қатынастар дами келе ұдайы өндіріс процестерін аяқтайды, ал олар өз кезегінде бүкіл өндіріс саласын, сату және тұтыну сферасын қамтиды.
Тауар-ақша қатынастарының жай-күйіне халық шаруашылығы салаларының дамуындағы пропорциялар ғана емес, сонымен қатар салалық және салааралық байланыстар, сондай-ақ, еңбекке уәждемелік дәрежесі де тәуелді.
Тауар-ақша қатынастарының мәні, олардың қызметінің құндық эквивалент принципі бойынша құрылуында және нарық арқылы жүзеге асырылуында жатыр. Еңбек өнімі тауарға, яғни сату және сатып алу затына айналады, ал өндірістің өзі тауарлық пішінге иеленеді.
Тауарлық өндіріс — өнімдері бір-бірінен оқшауланған жеке өндірушілердің күшімен өндірілетін шаруашылық жүйесі болып табылады. Қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін өнімдерді нарықта сату-сатып алу (соның нәтижесінде олар тауарға айналады) қажет. Тауарға айналып нарықта басқа тауарлармен айырбасқа түсуі үшін, өнім өзінің пайдалылығымен (тұтыну құнымен) қатар адам сіңірген еңбектің нәтижесіне де айналуы қажет. Тұтыну қүны бар заттар ғана құнға ие бола алады. Бірақ та кез-келген пайдалы зат, әрбір тұтыну қүны құнға ие бола бермейді: егер затқа қатысты адам еңбегі жүмсалмаса, сол затқа адам еңбегі сіңбесе, онда заттың құны жоқ. Тауар құнының мөлшері жай ғана еңбек шығындары арқылы емес, сол тауарды өндіруге жүмсалған қоғамдық қажетті жұмыс уақыты арқылы анықталады.
Тауар өндірушілердің негізгі мақсаты — сол тауарды ең алдымен өзінің тұтынуы үшін емес, сату-сатып алу арқылы айырбас үшін, басқа адамдардың тұтынуы үшін өндіру болып табылады.
Тауар-ақша қатынастары — ол қоғамдық өндірістің өндіру, бөлу, айырбас және тұтыну процесінде қалыптасатын экономикалық қатынастардың біртүтас жиынтығы.
Тауар-ақша қатынастарының негізінде құн заңы жатыр. Қүн заңы қоғамдық өндірістің барлық процестеріне, тауар шаруашылығы салаларының арасындағы қоғамдық еңбектің және өндіріс құрал-жабдықтарының бөлінісіне айтарлықтай әсерін тигізеді.
Құн заңы — тауар өндірушілер мен тауарды сатып алушылар арасындағъі қатынасты, байланысты, тауар өндірісінің жағдайындағы еңбекті үлестіру мен ынталандыруды және өздерінің құнының негізінде жүргізілетін тауарлар айырбасын реттейтін объективтік экономикалық заң.
Бұл заңның атқаратын қызметі -айырбас.
Осы заңның талабына сәйкес — өндірілген жөне сатуға арналған тауардың айырбасталуының, сатылуының негізінде сол тауардың құны алынады. КУн — тауарға сіңірілген жеке немесе қоғамдық еңбектің ^ жемісі болып табылады. Құн өлшемі ретінде қоғамға қажетті уақыт өлшемі алынады. Қүн заңы бойынша баға әрқашанда құннан ауытқып тұрады. Себебі нарықтық экономика кезінде бағаның қалыптасу факторы тауарға деген сұраныс пен ұсынысты қадағалап отырады. Ал, баға_дегеніміз — құнның ақшалай көрінісі.
Құн заңы — тауар өндірісі жағдайында еңбекті ынталандыру мен бөлу және тауарлар айырбасы олардың құны негізінде жүзеге асырылатын, тауар өндірушілер арасындағы байланыстарды реттейтін объективті экономикалық заң.
Тауар-ақша қатынастары жүйесіндегі негізгі элементтердің бірі болуына байланысты нарық, өндіріс пен тұтыну арасындағы қоғамдық еңбек бөлінісінің негізінде оқшауланған тауар өндірушілерінің арасындағы байланыстырушы буын ретінде қызмет етеді. «Нарық» ұғымын қоғамдық еңбек бөлінісінің ұғымынан ажыратуға мүлдем болмайды.
Нарық — ол меншіктің алуан түрлі пішіндеріне негізделген кәсіпкерлік қызметке және оның нәтижелерімен алмасуға негізделген экономикалық қатынастар жүйесі.
Сонымен, нарық ұғымының көптеген анықтамалары бар, бірақ та олардың барлығы, нарық — нақты тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатушылар мен сатып алушыларды біріктіріп кездестіретін механизм, басқаша айтқанда, ол өз бетімен шешім қабылдай алатын жеке экономикалық субъектілер арасындағы өзара қарым-қатынастарының, байланыстарының түрі болып табылады деген тұжырымға саяды. Өздерінің қызметіне байланысты экономикалық субъектілер сатушылар және сатып алушылар болып бөлінеді.
Сатып алушылар (тұтынушылар) — олардың қатарына өздерінің тұтынуы үшін тауарлар мен қызметтерді иемденетіндер, сондай-ақ, өздерінің тауарлары мен қызмет көрсетулерін өндіру үшін еңбек күшін, капиталды және шикізатты сатып алушы фирмалар, кәсіпкерлер жатады.
Сатушылар — олардың қатарына тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндірушілер, ресурстардың (жер, су, т.б.) иелері, сондай-ақ, өзінің еңбек күшін сататын еңбекшілер жатады.
Өздерінің нарықтағы орындаған қызметтеріне байланысты, адамдар және фирмалар бір мезгілде сатушы да, сатып алушы да бола алады. Мысалы, егер жұмысшы өнеркәсіптік немесе ауылшаруашылықтық көсіпорынға маусымды жұмысқа жалданса, онда ол бүл жағдайда жұмыс күшін сатушы болып табылады. Және де, ол өзінің тұтынуы үшін киім, тамақ сатып алады, үй және т.б. жалдайды, бұл жағдайда ол — сатып алушы.
Осылайша, сатып алушьтлар және сатушылар өзара әрекеттесе отырып, нарықты құрайды, яғни, нарық — басқаша айтқанда, өздерінің өзара әрекеттесулері оларды айырбас мүмкіндігінің нәтижесіне алып келетін сатып алушылар мен сатушылардың жиынтығы болып табылады.
Егер сатып алушы бар, ал сатушы жоқ болса, мысалы үйді сатып алушы бар, бірақ оның сатушысы жоқ, және бұндай жағдай жуық арадағы уақытқа шейін орын алған болса, онда осы жағдайда тұрғын үй рыногы да жоқ деуге болады.
Тауарлар және ақша — нарықтың объектілері болып саналады. Тауар ретінде тек өндірілген өнімдер ғана емес, сонымен қатар өндіріс факторлары (еңбек, жер, капитал) мен қызмет көрсетулер де болып табылады.
Нарықтық механизм субъектілерге әсер ете отырып мынадай процестерді іске асыруды көздейді:
— айырбастаушы жақтардың келісімін;
— эквиваленттік қайтарымды (өтелімді);
— серіктестердің еркін таңдалуын;
— бәсекелестіктің болуын.
Қазіргі жағдайда нарық өзін-өзі реттеушіден реттелетін болып өзгерді, бүл жәйт нарықтық шаруашылықтың субъективті-объективтік құрлымының күрделенуіне әкелді.
Шаруашылықтың субъективті-объективтік құрылымы — субъектілер арасындағы олардың мақсаттарын, әр түрлі бағытталған, бірақ та қарсы бағытта келісілетін экономикалық мүдделерін, нарықтық байланыстардың әр түрлі объектілерінің қозғалысы жөніндегі сипатын, пішінін анықтайтын өзара қарым-қатынастарының жүйесі болып табылады.
Нарықтық шаруашылықтың субъектілеріне — үй шаруашылығы, мемлекеттік сектор және жеке меншік секторы жатады.
1. Үй шаруашылығы — құрамында бір немесе бірнеше түлғалары бар
экономикалық бірлік. Ол мыналарды қамтамасыз етеді:
— адам капиталының өндірісін және үдайы өндірісін;
— өз бетімен шешім қабылдауды;
— қандай да бір өндіріс факторының иесі болуды;
— өз қажеттіліктерін барынша қанағаттандыруға үмтылуды.
2. Жеке меншік секторы — экономикалық бірлік ретіндегі кәсіпкерлер, кәсіпорындар. Олардың атқаратын қызметтері:
— сату мақсатында өнімді дайындау үшін өндіріс факторларын қолданады;
— табысты барынша үлғайтуға ұмтылады;
— өз бетімен шешім қабылдайды.
Жеке секторда ақша жиынының қозғалысын қамтамасыз ететін және айырбастың тұрақты қызмет етуіне қажетті экономикалық бірлік -қаржылық-несиелік мекемелерді бөліп көрсетуге болады.
3. Мемлекеттік сектор — шаруашылықтың құқықтық шарттарын қамтамасыз ету үшін құқықтық жөне саяси билікті жүзеге асыратын үкіметтік мекемелер, сонымен қатар мемлекеттік меншік болып табылатын қазыналық унитарлы кәсіпорындар.
Нарықтар экономикалық қызметтің орталықтары болып табылатындықтан көптеген экономикалық проблемалар нарықтың қызмет істеуіне байланысты болады.
Нарықтың негізгі қызметі — жекелеген тауарларды сатушылар мен сатып алушылар туралы мәліметтермен қоғамды қамтамасыз етіп отыру. Сату жөне сатып алу актілерінің жүйесі тауар айналымын құрайды. Ол мамандандырылған қызметтердің көптеген түрлерін қажет етеді — нарықтың жағдаятын зерттеуден бастап сауда мәмілесін жасау мен өнімдерді сатуға кірісуге дейін.
1.2 Баға түсінігі және оның қызметі
Нарықтық экономика кезінде баға сұраныс және үсыныс негізінде құрылады. Сүраныс пен ұсыныстың арақатынасының ауытқуы нарық конъюнктурасының әрекетіне байланысты. Баға көбінесе белгілі география-лық аудандағы өндірілетін тауарға деген нарық қатынастарының қызмет істеу сферасын анықтайды. Бұл сфераның шекарасын анықтайтын фактор -трансакциондық шығын, яғни сол тауарды айырбастауға, сатуға байланысты жұмсалатын айналыс шығыны.
Баға категориясының анықтамасын, түсінігін беруде бірнеше көз-қарастар бар.
Бірінші көзқарас — баға құнның ақшалай көрінісі деп түсіндіріледі. Бұл түсінік А.Смит, Д.Рикардо, К.Маркстың еңбек қүнының теориясына негізделеді. Бүл теория бойынша баға әрқашанда қүннан ауытқуда болады. Тек белгілі бір уақыт ішінде нарықтық тепе-теңдік сақталғанда ғана, яғни сүраныс пен үсыныс сәйкестелген кезде ғана баға мен қүн сәйкестеледі.
Екінші көзқарас бойынша баға — тауарға төленген ақша сомасы. Бүл -маржиналистердің тұжырымдамасы. Бүл тұжырымдаманы австриялық мектептің өкілдері К. Менгер, Э. Бем-Баверк, Ф.Визер әзірлеген. Осы тұжырымдама бойынша баға субъективтік түсінік арқылы, яғни сатып алушылардың тауардың шектілі пайдалылығын субъективті түрде түсінуі деп түсіндіреді, сондықтан олардың теориясында баға тауарды өндіруге жұмсалған шығынмен байланыстырылмайды.
Үшінші көзқарас бойынша баға — төлем қабілеті бар сұраныс пен ұсыныстың нақтылы өндіріс шығындарына ұқсастығын көрсетеді. Бұл анықтаманы белгілі экономист А. Маршалл берген. Бұл — бағаға деген бірінші және екінші көзқарасты бір-бірімен байланыстыруға бағытталған. Маршалл маржиналистер методологиясының әлсіз жақтарын түсіне отырып классикалық политэкономияның тұжырымдамасын шектілі пайдалылық теориясымен біріктіріп байланыстырған болатын.
Қазіргі экономикалық теорияның көзқарасы бойынша баға — құнның ақшалай көрінісі, яғни тауарды өндіруге жұмсаған қоғамға қажетті еңбек. Бағаның дәрежесін, арақатынасын белгілі уақыт ішінде өзгеруінің негізіне құн заңы жатады. Баға әрқашанда қүннан ауытқуда болады. Тауар бағасының қүннан ауытқуының заңдылығы құн заңы бойынша анықталады. Баға мөлшері тауар қүнына тікелей пропорционалды. Тауар-ақша қатынасының негізін қалайтын да — құн заңы.
Құн заңы — ол объективтік экономикалық заң. Қүн заңының атқаратын қызметі — тауар өндірушілердің арасындағы экономикалық қатынасты, байланысты реттеу. Бүл заңның талабы — өндірілген және сатуға арналған тауардың айырбасталуының, сатылуының негізіне сол тауардың құны алынады. Ал қүнның өлшеміне қоғамға қажетті уақыт алынады. Сондықтан да бағаны құнның ақшалай көрінісі дейді.
Құн заңы тауар-ақша қатынасының негізін қалайды. Ол қоғамдық өндірістің барлық процесіне қоғамдық еңбек пен өндіріс құралдарын тауар шаруашылығының салалары арасында бөлісуге едәуір ықпал жасайды. Құн заңының реттеп отырушы қызметі нарықтағы бағалардың өзгеріп түруынан, бәсекелесудің барысында бағаның қүннан ауытқуьшан байқалады. Бағалар сұраныс пен үсыныс тең келгенде ғана тауардың қүнымен сәйкес келеді. Яғни, белгілі бір тауарды өндіру оған байланысты төлем қабілетіне сәйкес келуі керек. Егер мұндай тепе-теңдік болмаса, тауардың бағасы оның құнынан ауытқып отырады. Бағаның құнынан ауытқып кету — сұраныс пен үсыныстың өзгеруіне де, әр түрлі салалардың арасындағы еңбек пен өндіріс құралдарының қайта бөлінуіне де әсер етеді. Нарық бағасының қүнынан жоғары болуы ұсыныстардың өсуіне, тауарларды өндірудегі оларды көбейтуге ықпал жасайды. Ал, нарық бағасы құнның деңгейінен төмендесе, бұл өз кезегінде тауарлардың өндірісін азайтуға себеп болады.
Бағаның қүнның айналасында құбылып түруы экономикалық қатынас саласындағы ауытқуларға ғана байланысты емес, сондай-ақ өндіріс саласындағы өзгерістерге де байланысты болады. Еңбек өнімділігіндегі өзгерістер өнім құнының өлшемдік шамасын өзгертеді. Бағалардың толқып тұруы арқылы өндірістің салалары арасындағы еңбек бөлінісін өзгертуге себепкер болады. Белгілі бір тауардың қүнын азайту, мысалы, сол саладағы жұмсалатын еңбек санын, еңбек шығынын азайтуға себепкер болады. Бірақ мүның өзі сонымен қатар, осы тауарға байланысты тұтыну қабілетін көбейтуі мүмкін. Мұндайда құнның азаюына және сұраныстың өсуіне байланысты бағалардың өзгеріп тұруы — заңды құбылыс болып табылады. Демек, өнімнің нарықтық бағасының өзгеруі салалардың арасындағы еңбек бөлінісіне әсерін тигізеді.
Бұдан шығатын қорытынды: тауар бағаларының олардың құндарынан ауытқуы тауар өндірушілердің қалауы бойынша болып тұрған құбылыс емес, ол — құн заңы арқылы ретке келтіріледі. Бағалардың құнның айналасында …..