Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының ипотекалық несие

0

Мазмұны

КІРІСПЕ …………………………………………………………………………………………………….3

I ИПОТЕКА НЕСИЕЛЕУДІҢ ФОРМАСЫ РЕТІНДЕ …………………………………4

1.1 Ипотекалық несие: мәні мен қажеттігі …………………………………………………4
2.2 Ипотекалық несиелеудің үлгілері ………………………………………………………11
II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИПОТЕКАЛЫҚ НЕСИЕ
ЖҮЙЕСІ ………………………………………………………………………………………………..15
2.1 Қазақстан Республикасының ипотекалық несие жүйесін ұйымдастыру ..15
2.2 Еліміздегі ипотекалық несиенің бүгінгі таңдағы жағдайы, даму мәселелері және жетілдіру жол…………………………………………………………21

ҚОРЫТЫНДЫ …………………………………………………………………………………………27

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ……………………………………………………………..28

I ИПОТЕКА НЕСИЕЛЕУДІҢ ФОРМАСЫ РЕТІНДЕ

1.1 Ипотекалық несие: мәні мен қажеттігі

«Ипотека» түсінігі алғаш рет б.э.д. VI ғасырдың басында Грецияда пайда болды және ол қарыздардың белгілі бір жер иеліктеріне және онымен байланысты құрылыстар арқылы қарыз берушіге міндеттемесін қарыз етумен қатысты болды. Бұл үшін міндеттемелер рәсімделген, ал қарыз алушының иелігіндегі жер теориясының шекарасында осы көрсетілген меншік аталған сомада қарыз берушінің талабын қамтамасыз ету мақсатында қолданылатындығы жайлы жазылған бағана қойылатын болған. «Ипотека» деп аталған мұндай бағанада жер иесінің барлық келіп түскен қарыздары белгіленген.
Біртіндеп ипотека ортағасырлық еуропалық заңдарына ене бастады. Грецияда ол XIV жүзжылдықтан ерте емес кезде пайда болған. Францияда XIV ғасырдың сонында ашық (жария) емес ипотека әрекет еткен. Европалық мемлекеттердің заңдарында ипотеканың екі сипатты белгілері бар. Біріншіден ол жылжымайтын мүлікке қатысты қолданылған, екіншіден кепілге қойылған иеліктерді сату, қарыз берушімен емес, сот шешімімен жүзеге асырылады.
Ипотекалық несиелеу коммерциялық және арнайы маманданған банктермен, несие-қаржы мекемелерімен, жылжымайтын мүлік (жер, тұрғын үй, өндірістік немесе коммерциялық айналымдағы жылжымайтын мүлік) кепілдігімен берілетін ұзақ мерзімді қарыздар болып табылады. Оған меншік құқы несиелеу кезінде кредиторға өтеді, бірақ мүлік қарыз алушының пайдалануында болады. Уақытша меншік құқығын алу, қарыз алушының қарызды өтегенге дейін кепілге қойған мүлікті сата алмайтындығын және тек несиені өтегеннен соң ғана кепілден босатылған мүлікке басқару құқы оған қайтарылатындығын білдіреді.
Несиелеудің кепіл формасының механизмі мен процедуралары кепілдеме міндеттемелері, кепіл болушылық және күрделілік, әсіресе, жылжымайтын мүлік жағдайында ипотекалық несиелеу механизмінің мәні, яғни белгіленген мерзімде қарыз алушының төлем міндеттемесін орындамаған жағдайда (негізгі қарыз — проценттер сомасын қайтару) банктің кепілге қойылған жылжымайтын мүлікті меншігіне алу құқығын растайтын кепіл міндеттемесін, қарыз алушы банк кредиторға береді.
Ипотеканың пайда боу қажеттілігі тауар айналымының дамуы және жылжымайтын мүлікпен жасалатын келісімдердің көбеюімен түсіндіріледі. Ипотекаға сәйкес міндеттеме кепілмен қамтамасыз етіледі, ең бастысы ол кепіл берушінің, яғни қарыз алушының пайдалануында болады.
Кең мағынада, ипотекалық несиелеу жүйе ретінде ипотекалық несиелерді беру процесінде капитал нарығынан қаржылық ресурстарды тарту механизмдерін де, жылжымайтын мүлік нарығындағы операцияарды да көп факторлы біртұтас механизм болып табылады.
Мұнда тек қарыз алушылар мен қарыз берушілердің ғана мүдделері емес, сонымен бірге инвесторлардың, риэлторлардың, құрылыс компанияларының, сақтандыру компаниялары мен нарықтың басқа да субъектілерінің мүдделері ескеріледі. Ипотекалық несиелеудің негізін тікелей несиелік қатынастар құрайды. Осыған байланысты ипотекалық несиелеуді бірнеше ипотекалық нарықтарда активтерін беру, ол бойынша қызмет көрсету, сатумен қатысты пайда болатын құбылыстар жүйесі ретінде қарастыру дұрыс болады. Қазіргі жағдайларда экономикасы дамыған елдерде ипотекалық нарық белсенді дамуда.
Ипотекалық нарық – банктермен және басқа мекемелермен үй шаруашылықтарына баспананы сатып алу мақсатында, осы үй кепілдігімен берілетін ипотекалық несиелер және ипотекалық несиелік ресурстарды тарту мақсатымен нарықта орналастыратын қаржы активтерінің нарығы. Осылайша, ипотекалық нарық қаржы нарығының ипотекалық сегментімен және ипотекалық несиелерді ұсыну және ол бойынша қызмет көрсетумен байланысты банктік қызметтер нарығы сегментінен қалыптасады. Ипотекалық несиелер нарығы бірінші реттегі нарық және екінші реттегі нарық болып бөлінеді.
Бірінші реттегі нарықта ипотекалық несие беріледі және сатылуы мүмкін. Бұл нарықта қарыз алу үшін кредитор тікелей бір-бірімен шарттық қатынастарға түседі. Мысалы, коммерциялық немесе ипотекалық банк азаматтарға несие ұсынады. Бірінші реттегі нарық субъектілері арасындағы қатынастар, несиелік шарт немесе салынған мүлік турады актісі деп аталатын негізгі құралдың көмегімен және ол арқылы құралады.
Салынған мүлік туралы актісі – несиені қамтамасыз етуге қарыз алушының меншігін салуға байланысты қарыздық міндеттемесі; несие берушіге қарыз алушының беретін жылжымайтын мүлік кепілдігі туралы қарыздық мүлік.
Ипотекалық ссуда алу барысында толтыратын салынған мүлік актісі арнайы несиелік келісім шартты білдіреді. Салынған мүлік туралы актісінің екінші реттегі нарығының міндетті, басқа аймақтардағы басы артық несиелік ресурстарды, яғни оларға деген тапшы аймақтарға несиелеу мақсатында тартуды қамтамасыз ету болып табылады.
Қарыз алушы мен банк арасындағы қатынастарға сәйкесінше салынған мүлік актісінің формасы мен заем түріне, клиенттің жалпы әлеуметтік статусы және мүлік жағдайы, жылжымайтын мүлік ерекшеліктері, несие мөлшері, қарыз капиталы нарығында жалпы жағдай және басқа да факторларға әсер етеді.
Салынған мүлік туралы акттің бірінші реттегі нарығы- нақты жылжымайтын мүлік объектілерін кепілдікке ала отырып жеке тұлғаларды несиелеуге байланысты ипотекалық банктер мен басқа да қаржы мекемелерінің қызметтерін тікелей қамтитын жалпы несие-қаржы нарығының сегментін білдіреді. Сызба түрінде бұл нарықтық қатынастарды былайша көрстеуге болады
Сурет-1 – Бірінші реттегі нарықтағы субъектілер мен құралдар байланысы

Клиент банкпен несиелік шартты жасағаннан соң, ол несие сомасын уақтылы қайтару және процестерді төлеу, оны пайдалану бойынша өзіне міндеттемелерді ала отырып, оның мәнісінде ипотекалық жүйемен қарым-қатынасындағы қажеттіліктері бітеді.
Қарыз алушыға қарағанда, бұл туралы банкке қатысты айтуға болмайды. Банк үшін, клиентермен екі жақты қарым-қатынастарды жүргізу және сәйкес салынған мүліктің актісі портфелін толтыру, ипотека нарығындағы тиімді қамтамасыз етудің тек бір жағы ғана болып табылады. Ипотекалық банктің екінші маңыздығы жағы клиенттерге ұсына алатын несиелік ресурстарды толтыруы болып саналады.
Бұл міндеттерді шешудің бір жағы болып портфеліне салынған мүлік актілерінің ипотекалық нарықтың басқа кәсіпқой қатысушыларынан сату болып саналады. Банкпен басқа инвесторға өз салынған мүлік актісінің ұсыну – бірінші реттегі нарықтай, екінші реттегі нарыққа өтуінің өзіндік көпірі болып табылады. Ал оның қызметі басқа негізде ұйымдастырылады.
Екінші реттегі нарықта ипотекалық несие бойынша берілген салынған мүлік актісі сатылады, яғни жылжымайтын мүлікті кепілге ала отырып. Несие берге нбанк және компания салынған мүлік актісімен қамтамасыз етілген бағалы қағаздар шығарады да, оларды басқа инвесторларға сатады.
Салынған мүлік актісі екінші реттегі нарығының негізі субъектілеріне:
1. Ипотекалық несиелерді беруге маманданған несие-қаржы мекемелері мен ипотекалық банктер;
2. Қуатты эмиссиялық – қаржы корпорациялары (ЭҚК), олар банктерден бірінші реттегі салынған мүлік актілерін сатып алады және айырбасқа жылжымайтын мүлікке салынған мүлік актілерімен қамтамасыз етілге нәр түрлі бағалы қағаздарды шығаруды қамтамасыз етеді, яғни ипотекалық несиелердің секьюритизациясын жүзеге асырушы делддалдар болып бағаланады.
3. Басқа банктер, зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары, азаматтар және т.б. түрінде нақты ақшаға ЭҚК-дан бағалы қағаздар сатып алатын инвесторлар.
4. ипотекалық несиелерді сақтандырумен айналысатын делдалдар.
Екінші реттегі ипотекалық нарықта айналыста жүретін бағалы қағаздардың әр түрлі сипаттамалары бар, несие тәуекелінің бар болуы, ипотекалық пұлмен қамтамасыз етілуі дәрежесі сияқты. Бұл нарықты ұйымдастырудың және қызметінің негізгі мақсаты, ақырғы тұтынушылар үшін, несиелік ресурстар арзандату болып табылады. Арзандату ипотекалық несиелеу суюбъектілері үшін қосымша ресурстарды ұсыну есебінен жүзеге асырылады, олардан ипотекалық несиелерді қайта сатып алу жолымен.
Екінші реттегі нарықтың атқаратын қызметтері келесідей:
1. Өтімділікті қамтамасыз ету;
2. Тұрғын үйді қаржыландырудың циклдігін азайту. Капитал жетіспеушілігі жағдайында тұрғын үй құрылысының мөлшері әдетте шұғыл төмендейді.
3. Капиталды аймақтар арасында бөлу. Екінші реттегі нарық капитал артықшылығы бар аймақтардан, баспананы қаржыландыруға капитал жетіспеушілігі байқалған аймақтарға оның құйылуын қамтамасыз етеді.
4. несиелеу бойынша ставкалары және инвестициялық портфелінің диверсификациясындағы өзгешеліктерді тегістеу. Капиталдың мобильділігі, аймақтар арасындағы несиелер бойынша ставкаларындағы өзгешеліктерді аймақтың тәуекелге қарсы инвесторлардың портфелін диверсификациялауға мүмкіндік береді.
Сызба ретінде екінші реттегі нарықтың қызмет етуін былайша көрсетуге болады:
Сурет-2 – Екінші реттегі нарықта салынған мүлік актісін ауыстырудың стандартты сызбасы

Ипотекалық несиенің жіктелімі:
Несиелеу объектісіне қарай:
• Жер учаскелерін иемдену – жерді жеке меншікке алуды білдіреді;
• Жер учаскелерін игеру – осы жер учаскесіне жасыл желектерді отырғызу, сонымен қатар үй құрылысы;
• Тұрғын үй құрылыс – салынған және салынып жатқан үйді сатып алуға несиені беру және тікелей үй құрылысын қаржыландыру;
• Тұрғын үй емес құрылыс — өнеркәсіптік тұрғын үй емес объектілерінің құрылысы;
• Сақтандырылған несиелер — әр түрлі сақтандыру компанияларымен сақтандырылған;
• Басқа кепілдемелер, бұл жағдайда несиені қайтарудың кепілдемесі болып, сақтандыру емес, үшінші тұлғалардың кепіл болушылығы сақталады.
Ипотекалық облигациялардың нарығына қарай:
• Бірінші реттегі нарық – ипотекалық облигацияларын эмиссиялау;
• Екінші реттегі нарық — ипотекалық облигацияларды орналастыру және оның ары қарай даму айналысы;
• Құрылысты жүргізушіні несиелеу – баспананың болашақ иесіне тікелей несие беру;
• Мердігерлерді несиелеу – құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде, ғимараттың ақырғы иесі белгісіз болған жағдайда немесе ол жобаны өз бетінше қаржыландыра алмайтын болса;
Ссуданы беру мерзіміне қарай:
• 1-жылдан 3-жылға дейін;
• 3-жылдан 10 жылға дейін;
• 10 жылдан жоғары
Экономикалық белменді жанұялар өздерінің тұтынушылық стандарты мен болашақтағы табыстарды күту деңгейіне қарай ол табыстарды есепке ала отырып, тұрғын үйлерді қазір тұтынғысы келеді. Нарықта өз баспанасын сатып алу үшін көп жылдық жинақтаудың қажеттігі туындайтын еді. Осылайша ипотекалық несиелеудің нарықтық қатынастар жүйесінде негізгі ролі ол өмір стандарты мен жинақтарға байланысты күтулер арасындағы қарама-қайшылықтарды шешуде болып табылады. баспана сияқты тауар құнының жоғары болуынан пайда болатын ағымдағы табыстар мен тұтыну стандарттары арасындағы теңсіздік ипотекалық несиелеудің шаруашылықта ….

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!