Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы сақтандыру тарифтік саясат

0

Мазмұны

Кіріспе
1. Сақтандырудың әлеуметтік — экономикалык мәні және сақтандыру нарығындағы жауапкершілік
1.1 Сақтандырудың әлеуметтік — экономикалык мәні және оның қызметтері
1.2 Сақтандыру принңиптері жәые сақтандыру жүйесіндегі жауапкершілік
1.3 Сақтандыруды дамытудың шетелдік тәжірибесі.
2. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру тарифтік саясаттың қалыптасуы және қаржылық көрсеткіштерді талдау
2.1 Қазақстан Республикасының сақтандыру тарифтерінің қалыптасуы.
2.2 Сақтандыру ұйымдарының қаржылық көрсеткіштерін талдау
3. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру тарифтерін белгілеудегі жаңа бағыттары
Қорытынды

Кіріспе
Қазақстанның сақтандыру нарығы бұрынғы мемлекеттік сақтандыру жүйесі негізінде қалыптасты. Бұған дейін Қазақстан Республикасында тұрғындармен, кәсіпорындармен және ұйымдармен сақтандыру операңияларын жүргізудің монопольдык кұкығына Мемлекеттік сақтандыру ұйымдары ғана ие болып келді тек бүдан бірнеше жыл бүрын Мемлекеттік сақтандырү үйымдарымен экономикалык және үйымдык түрғыдан байланысты емес дербес сақтандыру үйымдары кұрылып, дами бастады .
Қазакстан Рёопубликасы Президентінің 1995 жылғы «Сақтандыру туралы» заң күші бар жарлығымен сақтандыру шараларын жүргізудегі монополия жойылды және казіргі уақытта республиканың сақтандыру нарығында барлық сақтандыру ұйымдары бірей құқықтық дәрежеге ие болды. Сақтандыру нарығы бұл бір жағынан сақтандыру қызметіне деген сұраным да екінші жағынан ұсыну шараларының жиынтығы .
Отандық сақтандыру нарығы өзінің даму жолында түрлі кедергілерді артка тастап,бәсекелестік ортаны қалыптастыру жолында дамыды . Қазіргі таңда республикада адал бәсеке нарығы калыптасты деп айтуға болады . Бұрындары тек шетелдерде қолданылып келген сақтандырудың жаңа түрлері енгізіліп, жауапкершілік артуда .
Кәсіпкерлік қызметтің дамуы, тауар мен айырбас шеңберінің шаруашылық жүргізуші субьектілер арасындағы өзара келісім шарт міндеттемелерінің кеңеюі сақтандырудың манызын арттырады. Тек сақтандыру негізінде ғана материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процесінде пайда болатын қогамдык және жеке мүдделерді қорғау мүмкін болады. Сақтандыру мемлекет тарапынан көзделген шаралардың сипаты мен көлеміне қарамастан халық пен үйымдардың түрлі мүдделерін қосымша қорғауға мүмкіндік бере отырып әлеуметтік — экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етеді.Сақтандыру компанияларының резервтері экономикалык дамуды қаржыландыратын инвестиңиялардың сенімді көзі болып табылады .
Сақтандыру экономиканың маңызды әрі аз зерттелген саласы болып табылады. Қазақстанда өзінің даму кезеңінде болуына карамастан ерте кезде пайда болған . Содан бері жазатайым жағдайлардан сақтандыру жүйесі арқылы қорғап, адамзаттың әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып даму жолында
Нарықты экономикасы дамыған елдерде сақтандыру экономиканың стратегияалық маңызы бар салаларына жатады .
Қазіргі кезде сақтандыру ісін ұйымдастыру бір жағынан нарықтық экономиканың әрекет етіуінің жалпы экономикалық заңдылықтарына сүйенсе екінші жағынан оған Қазақстан Республикасының өтіуінің өзіндік ерекшілігімен сипатталады. Өз кезегінде сақтандырудың өзі реттеу объектісі болып табылады .
Нарықтық қатынастарға өту Қазақстан Республикасының сақтандыру жүйесіне бірқатар құрылымдық өзгерістер алып келді. Қазіргі кезде өз жұмыстарын жаңашыл қалыптастыратын сақтандырудың қазіргі жағдайы сақтандыруды одан әрі дамыту мен модернизаңиялаудың әлемдік тәжірибелерге негізделуін қажет етеді.
1. Сақтандырудың әлеуметтік — экономикалық мәні және сақтандыру нарығындағы жауапкершілік
1.1 Сақтандырудың әлеуметтік — экономикалық мәні және оның қызметтері
Сақтандыру — коғамның экономикалық қатынастарының сферасын бейнелейтін көне категориялардың бірі. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп — бұл өндіріс пен адам өмірінің кауіп — катерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру, азаматтардың жеке санатының өмір тіршілігі мен жақсы тұрмыс халін қолдап отыру мақсатында қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының натуралдык — заттай босалкы қорларын да немесе резервтерін де ондай — ақ ақша ресурстарын да камтитын кажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде калыптасады.
Қазіргі жағдайда сақтандыру — бұл өмірдің әр түрлі салаларында барынша жиі болатын жағдайлардың теріс әсерінен заңды тұлғалар мен азаматтардың мүдделерін қорғау әдістерінің бірі.
Адамдар жиі өрттерден, су тасқыны, сел және осылар сияқты т.б. жағдайлар нәтижесінде өздерінің қозғалмайтын және қозғалатын мүліктерінен айырылу мүмкіндігінен сақтануды калайды. Кәсіпкерліктің дамуы тиісінше тэуекелдердің өсе түсуіне әкеледі, олар іскерліктегі әріптестердің сенімсіз болып шығуы, нарықтагы бағалар (кұндылықтар) кенет өзгеріп кетуіне шарт бойынша әріптестердің банкротқа үшырауына байланысты болуы мүмкін шығындар болады. Өз кезегінеде бұл сақтандырудың дамуына қосымша түрткі болды. Уақыт ағымында мұндай кажеттілік азааймайды, керісінше азаматтар мүліктік жагдайы жақсаруыноің және кәсіпкерлік дамуының салдарынан сақтандырудағы қажеттілік одан әрі өсе түседі.[8]
Сақтандыру кезіндегі сақтық резервтер мен қорларды қалыптастырудың екі негізгі әдісі қолданылады, олар бюджеттік және сақтық әдіс. Қаржыларды қалыптастырудың бюджеттік әдісі — бюджеттердің қаражаттарын, яғни бүкіл қоғамның каражаттарын пайдалануды болжайды.
Сақтық әдіс қорларды шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың жарналары есебінен жасауды алдын — ала қарастырады.
Сақтық қорлар — қоғамның ұлттық шаруашылыгындағы сан алуан, алдын — ала болжалануы мүмкін емес жайттардан сақтандыруға арналған. Қоғамның резерв қорлар жүйесінің қажетті құрамды бөлігі.
Мүлікті мүдделерді қорғауды, материалдық зияннан сақтандыруды және оның орнын толтыруды жүзеге асыратын сақтық қор материалдық немесе ақша қорлары нысанында жасалады. Сақтық қорларда қоғам мүшелерінің ұжымдық және жеке мүдделері қорғалады, олардың тіршілік әрекетінің сан қырлы экономикалық және әлеуметтік аспектілері көрінеді.
Сақтандыру мәселелері медиңинаны қоса алғандағы әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелеріне тікелей қатысты. Қазіргі замаңғы сақтандыру индустриясын құру мемлекетке міндеттер қатарын шешуге мүмкіндік береді:
1) табиғи — техногендік сипаттагы карастырылмаган шыгындарды толтыруға мемлекеттік бюджетке ауыртпалыкты азайтудың;
2) нарықтың экономика кағидаларына сай сақтандыру жэрдемімен әлеуметтік камтамасыз етудің жекелеген мәселелерін шешуге жинакталған зейнетакыны төлеу. еңбекке кабілеттілікті жоғалтуға, асыраушысының қайтыс болуына, жұмыссыздыкка жәрдемакыларды төлеуге, денсаулық сақтауға қатысты шығындардың орын толтыруға;
3) халык пен ұйымдардың каражаттарын ұзак мерзімді негізде үлттық экономикаға шоғырландыруга;
Сақтандыру сақтық ұйым өз активтері есебінен асыратын сақтық төлем арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтық жағдай немесе өзгеде оқигалар туындаған кезде жеке немесе заңды түлғалардың заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешені. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлеуметтік — экономикалык қызметтің барлық жағын қамтиды, ол өтемдік және жиналымдық қызмет атқарады.
Сақтандырудың экономикалык мэні барлык катысушылардың төлемдері есебінен окыс окиға ұшырығандарға көмек көрсетілетіндігінде. Демек; сақтандыру — қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңды түлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдық зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын қүру және пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың айырыкша сферасы.
Ерекше сақтық қатынастар, сақтық қызметін рыногының, азаматтар мен заңды тұлғаларды сақтандыру түрғысындағы қорғау, «сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңымен, сақтандыру мэселелері жөніндегі Үкімет қаулыларымен және ¥лттық Банктің сақтандыруды қадағалау департаментінің нормативтік актілерімен реттеліп отырады. Осыған дейін біршама уақыт бүрын сақтандыру қатынастарын кешенді реттейтін заң актісі болып Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылдың 3 қазаңынан «Сақтандыру туралы» заң күші бар жарлыгы саналды. 2000 жылдың 18 желтоқсанында Қазақстан Республикасы «Сақтандыру қызметі туралы» жаңа заңы қабылданды. Қазір заңгерлер тарапынан жоғары деп бағаланады. Онда сақтандыру ісін ұйымдастырудың қазіргі замаңғы талаптарға сәйкес келтіруді қамтамасыз ететін шаралар қарастылған.
Сақтандыру қызметіне бақылау жүргізу туралы ережелер Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 30 наурызында қабылданған «Қазақстан Республикасының Үлттық Банкі туралы» заңда мазмұндалған.
Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ белгілері бар:
— сақтық қатынастардың ақшалай сипаты;
— сақтандырудың коғамдық өнімінің құнын қайта бөлуге қатысу;
— оның іс — қимылы ақша қорларын жасап, пайдалану мен қосарланып отырады;
— сақтық қатынастағы бір бөлігінің міндетті сипатының болуы;
— ашқа қорларын жасап, пайдалану кезінде сақтық баламалығы барлык жагдайда бола бермейді.
Сақтандыру шеңберінде мемлекет сақтық ресурстары меншігіиің субъектісі болып келетіндіктен сақтандыру жалпы мемлекет каржысының күрамды бөлігі болып табылады, калған барлык жағдайда сақтық ісін (қызметі, бизнесті) экономикалык жүйе шеңберінде айрыкша сақтанушыга оның қайта бөлу процестерін жүзеге асыратын арнаулы каржы — несие институт ретінде қарауға болады.
Сақтандырудың мақсаты коғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктік, өндіріс процестерін коғамдык және ұжымжық қорғау болып табылады.
Сақтандыру катагориясы үшін мына белгілер оған тән болып келеді:
1) қатынастардың ықтималды сипаты;
2) қатынастардың төтенше (жай емес) сипаты (кез келген ауқымда —
мемлекеттік, аймақтық деңгейде, кәсіпорын немесе оны бөлімшесі, жеке адам деңгейінде);
3) сақтандырудағы қаржылардың қайтарымдылық сипаты.
Сақтандыру процесі сақтандыру шарты негізінде не өзара сақтандыру коғамына мүшелік негізінде жүзеге асырылады.
Сақтандыру жағдайларының түрі заң актілерімен (сақтандыру міндеті болын келген кезде) және шарттарымен (сақтандыру ерікті болып келген кезде) аныкталады.
Сақтандыру ережелерде мыналарды қарастыруы керек:
1) сақтандыру объектілерінің тізімін;
2) сақтандыру сомаларын анықтаудың тәртібін;
3) сақтандыру тәуекелдерді;
4) сақтандыру жағдайларының қатарынан алып тасталуы және
сақтандыруға шек қоюы;
5) сақтандыру шарты қолданылуының мерімі мен орнын;
6) сақтандыру шартын жасаудың тәртібін;
7) тараптардың құқықтары мен міндеттерін;
8) сақтандыру жағдайы орын алгандағы сақтанушы жасауы тиіс
әрекеттерді;
9) сақтандыру жагдайының орын алғанын анықтайтын кұжаттары тізімін;
10) сақтандыру төлемдерін жасаудың жағдайы мен тәртібі;
11) сақтандыру төлемі немесе сақтандыру төлемінен бас тарту жөніндегі
шешім қабылдау мерзімін;
12) сақтандыру шарты жағдайларының тоқталуын;
13) дауларды шешудің тәртібі;
14) сақтандыру тарифтерін және оларды экономикалық негіздеу;
15) сақтандыру жауапкершілігі.
Сақтандыру ережелерінде жағдайларды сақтандырудың әдет — ғұрып нормаларына жатқызуға болады деп айта аламыз. Келісім бойынша сақтандырушы мен сақтанушы арасында қосымша жағдайларды ескеретін сақтандыру шарты жасалынуы мүмкін.
Сақтандыру шартының тараптары сақтандырушы мен сақтанушы болып табылады. Сақтандырушы сақтандыру жүзеге асыратын, яғни сақтандыру жагдаіілары памда болган кезде еактанх шыға немесе паГіласыма шар’і жасалган озго түлғаға шартта айкындалған соманың шеңберінде сақтандыру төлемін жүргізуе міндетті тұлға. Сақтандыру үйымы ретінде тіркелген және сақтандыру қызметін жүзеге асыруға берілген лиңензиясы бар заңды тұлға ғана сақтандырушы түлға бола алады.
Сақтандыру экономикалык категория ретінде каржыға тән қызметтері аткарады. Сақтандырудың қызметі мен экономикалық категория ретінде мазмұны бір — бірімен тығыз байланысты. Сақтандырудың келесі қызметтерін атап көрсетуге болады.
Бөлу қызметі: ‘Сақтандырудың бұл қызметінің өзгешілігі қайта бөлу ретінде көрінуі. Ол алдын алу қызметіне, мысалы, алдын алу шараларын қаржыландыру жолымен сақтық жағдайдың болу мүмкіндігін жоюга бүгіледі. Жеке басты сактандыруда бөлу қызметі сақтандыруды ^місті түрлерінің жинактық қызметіне бүгіледі.
Бақылау қызметі тараптардың сақтық төлемдерін жүмылдыруды сақтық қорды максатты пайдалануды камтамасыз етуге байланысты болаытн нақты қатынастарда көрінеді.
Соңғы уақытта бірқатар зерттеушілер сақтандырудың экономикалық категориясын сипаттау үшін тәуекелдік қызметті қарауды үсынады, өйткені сақтық тәуекел сақтандырудың негізгі арналымымен — қолайсыз оқиғалардан болган зиянның орнын толтырумен байланысты.
1.2 Сақтандыру принциптері және сақтандыру нарығындағы жауапкершілік
Сақтандыру көгі кыры ол әр түрлі категориядағы сақтаушылар мен сақтандыру объектілері камтиды.
Сақтандыру шарттары сақтандыру жауапкершілігінің көлемімен ерекшеледі: ол заң күшімен міндетті және ерікті түрде жүрзілуі мүмкін. Сақтандыру катынастарын ретке келтіру сақтандыруды жіктеуді қажет етеді.
Жіктеу дегеніміз өзара байланысты звенолардың бағынышты жүйеге жинакталуы. Казіргі. Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі туралы» Заңынын 6 бабына сәйкес сақтандыру салаларға кластарға түрлерге жіктеледі. Сақтандырудың жіктелуі мынандай екі белгіге байланысты: сақтандыру объектілеріндегі өзгешелік және сақтандыру жауапкершілігіндегі өзгешелік. Осыган байланысты сақтандыру ооъектілер және қауіп катердің түрлері боиынша жіктеледі.
«Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметі» өмірді сақтандыру саласы және «Жалпы сақтандыру» саласы бойынша жүзеге асырылады (сурет 1).
Аталған сақтандыру саласының біріншісі заңмен қорғалатын игіліктердің арасындағы ең жоғарғы күндылык болыа табылатын азаматтар өміріне қатысы болып келеді. Өмірді сақтандыру саласы бірқатар болмай қоймайтын объективтік сипаты бар өмірлік жағдайларға сақтандырылған (пайда алушы) түлғаға ақша төлеуін қарастырады.
Бұл тұлғаның қартайған шағында мүліктік мүдделерін кешенді қамтамасыз етуге, адамды жерлеуге шығындарды өтеуге мүмкіншіліктер береді. Осы себептен өмірді сақтандыру өмірді азаматтық құқықтық тэсілдермен қорғаудың бір жолы болып келетінін айтуға болады.
Ерікті нысанда сақтандыру өмірді сақтандыру санасына өз кезегінде кластарды енгізеді. Ерікті өмірді сақтандыруға екі класс қарастырылган, олар: 1) өмірді сақтандыру; 2) аннуитетті сақтандыру.
Өмірді сақтандыру — сақтандыру мерзімі біткенге дейін немесе сақтандыру шартында белгіленген жасқа дейін өмір сүрген жағдайда сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін жеке сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Аннуитеттік сақтандыру — сақтандырылушы белгілі бір жасқа жеткен, еңбек ету қабілетін (жасына байланысты, мүгедектігіне байланысты, науқастығына байланысты) жоғалтқан, асыраушысы қайтыс болған, жұмыссыз қалған жағдайларда немесе сақтандырылушының жеке табыстарының келуіне немесе одан айырылуына әкеліп соққан өзге де жағдайларда сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке ………..

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!