Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығын дамыту

0

Мазмұны

Кіріспе———————————————————————————3
І. Акционерлік қоғамдар мен бағалы қағаздардың теориялық аспектілері
1.1. Акционерлік қоғамдардың түсінігі және оның құрылымы————-6
1.2. Бағалы қағаздардың пайда болуы мен түрлері—————————-8
1.3. Акционерлік қоғамның бағалы қағаздармен операциялары————10
ІІ. Қазақстан Республикасында акционерлік қоғамдардың және бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы мен дамуы
2.1. Акционерлік қоғамдар мен бағалы қағаздардың заңдылық негіздері——————————————————13
2.2. Акционерлік қоғамдардың қызметін талдау——————————15
2.3. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығының даму бағыты————————————-20
ІІІ. Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығын дамытудың жолдары——————————————22
Қорытынды———————————————————————————26
Пайдаланылған әдебиеттер————————————————————28
Қосымша————————————————————————————29

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Акционерлік қоғам және бағалы қағаздар құрылуын, мәнін және олардың түрлерін, олардың қалыптасуы мен дамуын және ондағы қаржы мәселелерін қарастыру. Яғни, акционер – акцияның меншік иесі болып табылатын адам.
Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» (2004 ж) заңы бар, осы Заң акционерлік қоғамның құқықтық жағдайын, құрылу, қызмет, қайта ұйымдастырылу және таратылу тәртібін; акционерлердің құқықтары мен міндеттерін, сондай – ақ олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі шараларды; акционерлік қоғам органдарының құзыретін, құрылу және жұмыс істеу тәртібін және жауапкершілігін белгілейді.
Экономикасы дамыған елдерде олар корпорациялар деп те аталады. Акционерлік қоғамдар жабық және ашық қоғам үлгісінде құрылады. Қоғамның фирмалық атауы болады, онда қоғамның атауы, сондай-ақ қоғамның үлгісіне қарай, «ашық акционерлік қоғам» немесе «жабық акционерлік қоғам» деген сөздер немесе тиісінше «Ашық Акционерлік Қоғам» және «Жабық Акционерлік Қоғам» аббревиатурасы болуға тиіс. Қоғам осындай фирмалық атауымен мемлекеттік тіркеуден өтеді.
Акционерлік Қоғамдардың көптеген құрылу жолдары бар. Олар — жұмыс істеп тұрган заңды тұлғаны АҚ түрінде қайта құру, олардың бірнешеуін біріктіру, қосу, бөлу, бөліп шығару және өзгерту. Қоғамды ұйымдастырудың осы айтылған жолдары ҚР-ның Азаматтық кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Жаңа қоғамның жарғысын бекітуді және органдарын сайлауды жаңадан пайда болған қоғамның ұсынысы бойынша белгілі-бір мерзімде өткізілген акционерлердің жалпы жиналысының асыруы қоғамды қайта құру болып есептеледі.
Екі немесе одан да көп қоғамның соңғысының қызметін тоқтатып, барлық мүліктерін, құқықтарын және міндеттерін өткізу актісіне сәйкес берумен жаңа қоғамның пайда болуы қоғамдардың бірігуі деп аталады. Бірігуге қатысқан әрбір қоғамның барлық өзгергең деректері жаңа қоғамның акционерлеріне баспасөзде жариялау арқылы берілуі тиіс.
Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын толық қалыптастыру үшін ұлттық өндіріс пен ішкі ұлттық нарық жүйесін қалыптастырып тереңдету керек. Қазақстан экономикасының өндірістік құрылымын қайта құрып жетілдіру мәселесі тұрғындардың қолындағы сақталған қаржы ресурстарын жұмыл- дырып экономиканың реалды секторына жұмсауды қажет етеді. Кіріс министрлігі мен Салық комитеті мамандарының пікірінше Қазақстан тұрғындарының қолында айналымға тартылмаған 2-3 млрд доллар нақты қаржы қорлары бар екен. Осы қорларды инвестицияға айналдыру үшін Қазақстандағы банкілердің мүмкіншілігін нығайтып, олардың са- лымшыларға беретін сақтандыру кепілдіктерін (гарантия) жоғары деңгейге көтеру қажеттілігі туындап отыр. Соңғы кездері Қазақстандағы ең ірі коммерциялық банктер келісімге келіп, банкаралық сақтандыру қаржы қорын құру саясатын іске асырмақшы. Қазақстанда тұрғындар өз қаржы-қаражатын негізінен Халық банкісінде сақтайтыны белгілі. Банк басқармасы тұрғындардың салымдарын сақтап, олардың тұрақты түрде өсімін қамтамасыз ету мақсаттарында, Қазақстанда тұрақты жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар акцияларын сатып алу құқығын алуға ниет білдіріп, қажетті құжаттар дайындап оларды заңдастыруға күш салып отыр.
Бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеу механизмі келесі бағытта жүзеге асады:
1. Мемлекет бағалы қағаз рыногын реттеп, ұйымдастыратын заң жүйесін қабылдайды. Бұл заңдар:
— акционерлік қоғамдардың қалыптасу тәртібін анықтайды және реттейді;
— бағалы қағаздарды шығару тәртібін және акцияны шығаруға рұқсат алу түрлерін анықтап реттейді;
— бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялардан түсетін пайдаға салық кесімдерін реттейді;
— биржаның қызметін және бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар түрлерін анықтап реттейді.
2. Мемлекет мекемелері рынок субъектісі ретінде бағалы қағаздар рыногына шығады. Қаржы ресурстарын жинау үшін мемлекет облигациялар, қазыналық міндеттемелер (қысқа мерзімдік облигациялар) сияқты бағалы қағаздарды айналымға шығарады.
3. Ұлттық банктің ақша – несие саясаты арқылы бағалы қағаздар рыногына ықпал жасайды. Басқаша айтқанда, қор рыногындағы жағдай айналымдағы ақша көлемін реттеумен және несиені қолдау саясатымен тығыз байланысты.

Зерттеудің мақсаты: Акционерлік қоғам және бағалы қағаздар нарығының мәнін, түрлерін қарастыру, олардың қалыптасуына, дамуына және заңдылықтарына тоқталу. Акционерлік нысан ғана ірі және ең ірі өндірісті құрудың негізі болып табылды және қазіргі нарықтық шаруашылықта шешуші роль атқарады. Мысалы, АҚШ-да 80-шы жылдардың ортасында 32 млн. корпорация болды және олардың үлесіне осы жылдары өндірілген барлық өнімнің 90% тиді.
Акционерлік қоғамды ұйымдастыру үшін оның құрылтайшылары банкке белгілі ақша сомасын салады. Қоғамның капиталы құрылтайшылардың акция шығару жолымен құрылады және оны барлық қоғам типтеріне байланысты алғысы келетіндерге сатады.
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 85-ші бабына сай акционерлік қоғамды бір ғана тұлға құруы мүмкін немесе бір акционердің барлық акциясы иеленген жағдайында тек бір тұлғадан тұрады.
Зерттеудің құрылымы: Берілген курстық жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттерден тұрады.
І. Акционерлік қоғамдар мен бағалы қағаздардың теориялық негізі
1.1. Акционерлік қоғамдардың түсінігі және оның құрылымы
Қазақстанда акционерлік қоғам ХІХ-шы ғасырдың аяғы мен XX-шы ғасырдың басында пайда болды. Бұл кезде Қазақстанның өнеркәсібі өте нашар дамыды. Тек ғана таукен өнеркәсібі алғашқы қадамдарын бастап, шетел капиталы сол салаға ұмтылды. Зыран қазба байлығы 1886-шы жылы француздардың қолына өтіп «Зыран таукен өндіруші қоғамы» кұрылтайшылығы құрылды. Американдықтар «Спасс қоғамы», «Орыс-азиат корпорациясы» акцияларын ұстап , Қазақстанда екі «балалық» құрылтайшы қоғам құрылды. Олар-Риддер полиметалдық қазба байлығы («Риддер акционерлік қоғамы») және Екібастұз көмір аумағы. Ағылшын кәсіпкерлеріне жататын — «Батыс-Орал мұнай қоғамы», «Солтүстік-Каспий мұнай компаниясы» да бізге белгілі. Сондай-ақ шетел капиталының негізінде құрылған «Нобель серіктестігі», «Колхида», «Қырғыз тау өнеркәсібі қоғамы», «Виннер» т.б. атауға болады.
Қазақстан 1899-шы жылы бай Копес Деров құрған Воскресенск тау-кен өнеркәсіп қоғамы құрылды. Бұл бірінші ірі тау-кен өнеркәсібінің кәсіпорны орыс капиталының негізіне құрылып, Павлодардан Балхашқа дейінгі кеңістіктегі тас көмір мен күміс-қорғасын рудасы бар көп жерді жалға алды. Сондай-ақ ХІХ-шы ғасырдың 90-шы жылдарында Ембіде бірінші мұнай өнеркәсібі компаниясы пайда болып, оған отставкадағы штаб-капитан Ясман басшылық жасады. Орыс қоғамы «Ембі -Каспий» және «Орал-Каспий» мұнай өнеркәсібі қоғамы шетел «Орал-Каспий мұнай өнеркәсібі қоғамы» мен «Орал-Каспий мұнай корпорациясын» бақылады.
Большевиктердің 1917-шы жылы өкімет басына келуіне орай және Кеңес үкіметінің құрылуымен акционерлік меншік түрі жойылды. Алайда жаңа экономикалық саясатқа көшуге байланысты акционерлік қатынастар қайта туа бастады. Қысқа мерзімде 1922-24- ші жылдары — 120-дан астам сауда, өнеркәсіп және несие компаниялары тіркеліп үлгерді. Акционерлік механизм арқасында мемлекет жеке капиталды экономиканың қажетті саласына тарта бастады. Әміршілдік-әкімшілдік жүйенің 1929-шы жылдың аяғында қалыптасуы мемлекеттің экономикадағы нарықтық қатынастардан толық бас тартуына әкелді. Нәтижесінде акционерлік қоғамның тіршілігі тоқтады.
Қазақстан Республикасында реформалық процессті жүргізудің және әлеуметтік-экономикалық қатынастар жүйесін қайта құрудың арқасында 1991-ші жылдан бастап акционерлік процесс қолға алына бастады. Дағдарыстың күшеюіне қарай бұл процесс өте ауыр жүрді. Сондай-ақ оның экономикада қалыптасуы мен қарқында дамуы айқын байқалуда. Ең басты ассоциация құрылтайшылардың қатысу үлесіне қарай ірі кәсіпорындардан қалыптасады. Ең басты ұйымында «балалық» кәсіпорынның бақылау пакет акциясы қалады.
Акционерлік ұйымның мұндай бірлестігі ірі өндірістік кешеннің жұмысын кепілдікпен атқарады. Бұлай атқару өз саласында бір-бірімен байланысқан дайын білімді өткеретін, шикізатпен қамтамасыз ететін кәсіпорындар, конструкторлық және жобалық ұйымдар, зерттеу-іздеу мекемелерін т.б. тиімді тарту нәтижесінде жүзеге асады.
Қазақстан Республикасында 1996-шы жылға дейін 48 холдингтік компаниялар болды. Өте белгілі холдингтер — «Камкор-холдинг» (Қазақ мемлекеттік автосервис пен сауда холдингтік компаниясы), «Казагрореммаш» (ауыл шаруашылық машина мен автосервис акционерлік холдинг компаниясы), «Интеркаспий», «Каратау», «Монтажспецстрой», Акционерлік қоғам акциясын, жоғарыда айтқанымыздай кәдімгі және жеңілдетілген болып бөлінеді. Соңғы түрі табысты алуға құқықтық негіз болады. Жеңілдетілген (женілдік пайдаланатын) акция дивидендті акция ұстаушыға тұрақты мөлшерде төлеуге Кепілдік жасайды. Дивиденд пайдадан төленеді, ал оның жетіспеген кезінде резервтік кор есебінен алынады. Кәсіпорынның жойылған кезінде жеңілдетілген акция иесі пайданың бір бөлігін сатылған мүліктен алады. Бағалы қағаздар иерархиясында компания акциясы облигациядан төмен болады, бірақ кәдімгі дауысқа түсетін акциядан жоғары.
1.2. Бағалы қағаздардың пайда болуы мен түрлері
Қазақстанда 1991-1994 жж. қаржы нарығы, оның құрамында құнды қағаздар нарығы қалыптаса бастады. Осы кездегі жұмыс істеп тұрған құнды қағаздар нарығының негізгі секторлары ретінде мыналарды айтуға болады:
1. Мемлекеттің ішкі және сыртқы міндеттемелік қағаздары (облигациялары) тұрақты түрде айналымға шығарылып келеді.
2. Ірі коммерциялық банктердің акциялары және басқа да қаржы қағаздары соңғы жылдары ұтымды түрде сыртқы әлемдік және ішкі ұлттық нарық жүйесінде орналыстырыла бастады.
3. Мұнай — газ, энергетика, қара және түсті металлургия компаниялары шығарған акциялар Қазақстанның және Орталық Азия қор биржаларында тіркеліп бағамдалып келеді.
4. «Қазақтелеком», «КЕГОК», «Қазақойл» сияқты жаңаша құрылған компаниялардың акцияларына сұраным жоғары қалыптасқан.
Құнды қағаздар нарығын қалыптастыру мәселесі бойынша Қазақстанда негізінен екі түрлі ғылыми-әдістсмелік көзқарас — пікір қалыптасқан. Алғашқы кездері экономистердің басым көпшілігі Қазақстанда нарық жүйесін қалыптастыру үшін құнды қағаздар нарығы қажет деген пікірде болғаны белгілі. Соңғы жылдары нарыққа көшу мәселесін механизмнің тиімді қызмет атқару жағдайларымен байланыстырып қарайтын пікір-көзқарас басымдылық алып келеді.
Бірақ Республикада құнды қағаздар нарығы толық қалыптасып болды және тиімді жұмыс атқарып тұр деуге әлі ерте сияқты. Бүгінгі таңда Қазақстанда құнды қағаздар нарығының жекелеген секторлары ғана қызмет атқарып отыр, нарық жүйесі әлі толық іске қосылмаған.
Қазақстан Үкіметі Батыс елдерінің бірқатар қаржы — инвестициялық құрылымдарымен келісімге келіп өзінің орта мерзімдік (3-5 жылдық) облигацияларын Еуропада орналастырды. Оңтүстік — Шығыс Азия елдерінде қалыптасқан қаржы дағдарысы Қазақстандағы құнды қағаздар нарығының одан әрі қанат жайып дамуын осы күндері шектеп отыр.
Жалпы алғанда Қазақстанда ішкі ұлттық нарыққа қарағанда сыртқы нарық тез дамып келеді. Тіпті тұтыну тауарлары нарығында импорт тауарларының үлесі өсіп отыр. Соңғы бір-екі жылда экспорттан импорт көлемі артьш, Қазақстанда теріс (отрицательный) сауда балансы пайда болды. Ал теріс сауда балансын жабудың бір ғана жолы бар — ол активтерді шетке сату әдісі. Активтерді шетке сату мемлекет меншігіндегі корпорациялардың акцияларын әлем нарығына орналастыру деген сөз. Түптеп келгенде, құнды қағаздардың әлем нарығына шығарылып орналастырылуының себебі Қазақстанның іішкі ұлттық өндірісі мен нарығының шектеулі болуында жатыр.
Қазақстанда құнды қағаздар нарығын толық қалыптастыру үшін ұлттық өндіріс пен ішкі ұлттық нарық жүйесін қалыптастырып тереңдету керек. Қазақстан экономикасының өндірістік кұрылымын қайта құрып жетілдіру мәселесі тұрғындардың қолындағы сақталған қаржы ресурстарын жұмыл- дырып экономиканың реалды секторына жұмсауды қажет етеді. Кіріс министрлігі мен Салық комитеті мамандарының пікірінше Қазақстан тұрғындарының қолында айналымға тартылмаған 2-3 млрд доллар нақты қаржы қорлары бар екен. Осы қорларды инвестицияға айналдыру үшін Қазақстандағы банкілердің мүмкіншілігін нығайтып, олардың са- лымшыларға беретін сақтандыру кепілдіктерін (гарантия) жоғары деңгейге көтеру қажеттілігі туындап отыр. Соңғы кездері Қазақстандағы ең ірі коммерциялық банктер келісімге келіп, банкаралық сақтандыру қаржы қорын құру саясатын іске асырмақшы. Қазақстанда тұрғындар өз қаржы-қаражатын негізінен Халық банкісінде сақтайтыны белгілі. Банк басқармасы тұрғындардың салымдарын сақтап, олардың тұрақты тұрде өсімін қамтамасыз ету мақсаттарында, Қазақстанда тұрақты жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар акцияларын сатып алу құқығын алуға ниет білдіріп, қажетті құжаттар дайындап оларды заңдастыруға күш салып отыр……

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!