Курстық жұмыс: Экономика | Қаржының мәнi, функциялары және ролi
Мазмұны
І. Кіріспе
Қаржының мәнi, функциялары және ролi.
ІІ. Негізгі бөлім
Қоғамдық жүйедегі қатынастардың дәйектілігі.
Қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу.
Қаржы қажеттілігінің факторлары.
Қаржының функциялары және рөлі.
ІІІ. Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Қаржының мәнi, функциялары және ролi.
Қаржы (“қолма – қол ақша”, “табыс” ұғымын бiлдiретiн орта ғасырдағы латын тiлiнiң “financia” сөзiнен пайда болған француздың finance сөзiнен шыққан) қоғамда нақты өмiр сүретiн, объективтi сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндiрiстiк қатынастарды бiлдiре отырып, тарихи қалыптасқан экономикалық категория ретiнде көрiнедi. Құн категорияларының жүйесiнде (ақша, баға, кредит, пайда, жалақы және т.б.) қаржы белгiлi орын алады және өзiнiң iшкi ерекшелiктерiмен, сондай-ақ ұдайы өндiрiстегi өзгешiлiк рөлiмен айшықталады.
“Қаржы” ұғымы мемлекетпен бiрге бiр уақытта қоғамның таптарға жiктелуi кезiнде, мемлекеттiң дамуы мен оның ресурстарға деген қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға байланысты жүйелi тауар — ақша айырбасы жағдайында пайда болып, дамыды және ол ақша нысанындағы қоғамдық өнiмдi бөлумен байланысты болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды. Тауар – ақша қатынастарының жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған нарықтық экономика жағдайындағы қаржы нақтылы және үздiксiз болып жататын ақша айналымын – ақша ағынын бейнелеп көрсетедi.
Қаржы ғылыми ұғым ретiнде, әдетте, қоғамдық өмiрде сан алуан нысандарда пайда болатын қызметтермен ассоциацияланады және мiндеттi түрде ақша қатынастарының қозғалысымен қосарлана жүредi.
Бүгiнде қаржы терминiн күнделiктi қолданысқа енгiзген авторды атау қиын. Бұл терминiң авторлығын 1577 жылы “Республика туралы алты кiтап” деген жұмысын бастырып шығарған француз ғалымы Ж.Боденге қалдыруға болады.
Қаржы туралы жұмыстың (“Афин республикасының кiрiстерi туралы”) алғашқы авторы Ксенофонт (б.э.д. 430 – 365 жж.) болды.
Аристотельдiң (б.э.д. 384 – 322 жж.) қаржы сласындағы көзқарасы оның “ Афиннiң мемлекеттiк құрылысы ” атты жұмысында баяндалған.
Қаржының мәнi, оның даму заңдылықтары, тауар – ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндiрiс процесiндегi рөлi қоғамның экономикалық құрылсымен, мемлекеттiң табиғатымен және функцияларымен айқындалады.
Түрлi қоғамдық – экономикалық формациялар қаржысының айырмашылығы мына себептерге байланысты:
• әр түрлi қоғамдық формацияға қоғамның өзiне меншiктi таптық құрылымы сай келедi. Сонымен бiрге қаржы ұлттық табысты мемлекеттiң пайдасына қайта бөлудi ұйымдастыра отырып, оны бөлудiң қатынастарын есепке алады;
• кезкелген қоғамдық – экономикалық формацияларда қаржы билеушi таптың мүдделерiн қорғайтын мелекеттiң мақсаттары мен мiндеттерiне бағынады;
• өндiрiстiң жаңа әдiсi шаршуашылық қатынастардың жаңа жүйесiн тудырады. Мәселен, құл иеленушi және феодалдық формацияларға натуралдық қатынастар сәйкес келсе, мемлекет табысының қалыптасуы да көбiнесе натуралдық сипатта болды. Капиталистiк шаруашылық тауар – ақша шаруашылығы болып табылады. Тиiсiнше мемлекеттiң табысы да ақша нысанында қалыптасады;
• егер мемлекет басқару органы ретiнде қалыптасқан өндiрiстiк қатынастардың ұдайы өндiрiсi мен таптық құрылыстың мiндеттерiне қызмет ететiн болса, онда бұл мiндеттерге қаржы да қызмет етедi.
Экономикалық өмiрде қаржының сыртқы көрiнiсi қоғамдық өндiрiстегi әр түрлi қатысушылар қозғалысы түрiнде болып жатады. Құбылыстар бетiнде бұл қозғалыс ақшалай соманы қолма – қолсыз немесе қолма – қол ақшамен есеп айырысу түрiнде бiр иеленушiден басқа иеленушiге беруi болып табылады. Алайда, кез келген ақша операциясы, мәмiле қаржы операциясына жата бермейдi, өйткенi ақша түрлi құндық экономикалық категориялардың – бағаның, еңбекке ақы төлеудiң, қаржының кредиттiң көмегiмен болатын қоғамдық өнiмнiң барлық құнының қозғалысын ортақтастырып, жүзеге асырады. Тiкелей қаржы операцияларына мыналарды жатқызуға болады: шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң бiр – бiрiен қолма – қол ақшасыз жасасатын есеп айырысулары; негiзгi капиталға жұмсалатын амортизациялық соманы есептеу; табысты (пайданы) бөлу және кәсiпорындарда, фирмаларда iшкi шаруашылық арналымының қорларын қалыптастыру; мемлекеттiк бюджеттiң кiрiстерiне салық төлемдерiн аудару; қайырымдылық қорларына қаражат төлеу; экспортталатын тауарлар үшiн кеден баждарын төлеу және басқа операциялар.
Қаржы – ақша қатынастарының ажырағысыз бөлiгi, ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберiндегi қоғамдық ұдайы өндiрiстiң түрлi субъектiлерi арасындағы бүкiл ақша қатынастарын емес, тек айырықша ақша қатынастарын бiлдiредi, сондықтан оның рөлi мен маңызы экономикалық қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты.
Жалпықоғамдық өнiм мен ұлттық табысты жасау, бөлу және қайта бөлу процесiнде қалыптаса отырып, қаржы қоғамның түпкiлiктi пайдалануға жiберiлетiн материалдық ресурстар бөлiгiнiң ақшалай көрiнiсi болып табылады.
Алайда қаржы ақша қатынастарының бүкiл сферасын қамтиды деп санау дұрыс болмас едi. Ақша қатынастары iшiнен тек олар арқылы мемлекеттiң, оның аумақтық бөлiмшелерiнiң, сондай – ақ шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң жасалынатын ақша қорлары бұл қатынастардың мазмұны болып табылады. Ақша қатынастары жалпы алғанда қаржыдан кең. Қаржы тек ақша қорларының, атап айтқанда табыстар мен қорланымдардың қозғалысымен байланысты болатын ақша қатынастарын ғана қамтиды. Басқа ақша қатынастары қаржы шеңберiнен шығып кетедi. Қаржы қатынастарының жиынтығына, мысалы, шығындардың барлық түрлерiн ақшалай есепке алу мен бақылау жасау, өндiрiлген өнiмдi ақша нысанында өлшеу, өзiндiк құнды калькуляциялау және өнiмнiң бағасын анықтау, ақшалай түсiмдi есепке алу сақтау, ақша айналысын реттеу және басқалары кiрмейдi. Сауда жүйесi арқылы тауарларды сатып алу және сату (тiптi мемлекет бөлше сауда бағаларын реттеп отырған жағдайда да) кезiнде пайда болатын ақша қатынастарын да қаржыға жатқызуға болмайды. Себебi мемлекет бұл жерде ақша қатынастарын азаматтық – құқықтық әдiспен реттеп отырады. Ақша қатынастарымен бiрiгiп кеткен субъектiлердiң теңдiгi (олардың құқықтары мен мiндеттерiндегi тепе – теңдiк) бұл әдiске тән өзгеше нышан болып табылады Сонымен бiрге қалыптасатын ақша қатынастарының өзiндiк қаржылық емес өзгешелiгi болады.
Қаржының ақшадан мазмұны жағынан да, функциялары жағынан да айырмашылығы бар.
Ақша – бұл ең алдымен ассоциацияландырылған өндiрушiлердiң еңбек шығындары өлшенетiн жалпыға ортақ балама, ал қаржы – жалпы iшкi өнiм мен ұлттық табысты бөлудiң және қайта бөлудiң экономикалық тетiгi, ақша қроларын жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы. Ол өндiруге, бөлуге және тұтынуға ықпал жасайды және объективтi сипатта болады. Қаржы өндiрiстiк қатынастардың белгiлi бiр сферасын бiлдiредi және базистiк категорияға жатажы.
Қаржыны экономикалық категорилардың қатарынан бөлiп алу үшiн қаржы құбылысын қарастырудан оның мәнiн – зат болмысының барлық әр алуан нысандарының бiрлiгiн бiлдiретiн оның iшкi мазмұнын зерттеуге көшу қажет.
Қоғамдық қатынастардың иерархиясында ақша қатынастары экономикалық қатынастарға жатады, ал экономикалық қатынастар өз кезегiнде қоғамдық қатынастар жүйесiнiң айқындаушы бөлiгi — өндiрiстiк қатынастарға кiрелi (1-сызба). Бұдан қаржы қатынастарын өндiрiстiк қатынастардың бiр бөлiгi деуге болады, яғни олар базистiк әрi негiзгi қатынастар болып табылады.
Қоғамдық жүйедегi қатынастардың дәйектiлiгi (бағыныңқылығы)
( 1-сызба.)
Жалпы қоғамдық қатынастар
Өндiрiстiк қатынастар
Ақша қатынастары
Қаржы қатынастары
Салық
Бюджет
Мемлекеттiк кредит Iшкi шаруашылық Үй шаруашылығы Сыртқы экономикалық
Қатынастардың иерархиялық субординациясын ескере отырып, “жалпыдан – жекеге” қағидаты бойынша олардың мынадай дәйектi қатарын жасауға болады: жалпықоғамдық қатынастар, өндiрiстiк қатынастар, ақша қатынастары және қаржы қатынастары (салық, бюджет, мемлекеттiк кредит, сыртқы экономикалық қатынастар және т.б.)
Ұдайы өндiрiс процесi үздiксiз жалғасып жататын өндiру, бөлу, айырбастау және тұтыну стадияларының өзара байланысты және өзара тәуелдi үйлесуi түрiнде жүзеге асып жатады. Ұдайы өндiрiстiң бұл төрт стадиясы қоғамдық өндiрiс процесiнiң қатысушылары арасында тауар қатынастарының болуын айқындайды, өйткенi өндiрiлген өнiмдер сатып алу – сатуға жататын тауарлар ретiнде болады; өнiм оны тұтынудан бұрын айырбастау және бөлу стадияларынан өтедi. Сонымен бiрге материалдық өндiрiс қатысушыларының ғана емес, қоғамдық қатынастардың барлық қатысушыларының қажеттiлiктерi мен мүдделерi қанағаттандырылуы тиiс. Өз кезегiнде тауар қатынастарының болуына экономикалық агенттердiң еңбек бөлiнiсiнiң қажеттiгi қозғау салады, осыған орай олар мамандырылған еңбектiң, орындалатын қызметтердiң нәтижелерiмен, әр түрлi өндiрiлетiн игiлiктермен олардың саны мен сапасына сәйкес айырбасталуы тиiс. Жасалынған игiлiктер мен құндылықтарды өлшеу құн өлшем мен жалпыға ортақ балама ретiндегi ақшаның көмегiмен жүзеге асады. Сондықтан материалдық және материалдық емес игiлiктер, қызметтердiң өндiрiлген массасы – қоғамдық өнiмнiң – натуралды – заттық көрiнiсiмен бiрге оның ақшалай көрiнiсi де болады. Қозғалыстың құндық нысаны натуралды – заттық нысандағы өнiмнiң қозғалысын ортақтастыратын белгiлi бiр ақша қорларын тудырады.Басқаша айтқанда, өнiмнiң өндiрiстен тұтынуға өтуi тек тиiстi ақша қорларын жасау, бөлу және пайдалану арқылы болады. Осы кезде пайда болатын ақша, экономикалық қатынастар қаржының мәнiн құрады. Бұдан қаржыны ұдайы өндiрiстiң объективтi қажеттi категориясы деп айтуға болады. Ақша қорларын қалыптастыру, оларды тауар қатынастарына пайдалану қаржы көмегiмен болып жатады.
Қаржы қатынастарының пайда болуы өзi жайында әрқашан ақшаның нақты қозғалысымен аңғарып отырады. Ұдайы өндiрiс процесiнiң өндiру мен тұтыну стадияларында мұндай қозғалыстың болмауы олардың қаржының пайда болуының орны еместiгiн дәлелдейдi. Бөлiнген құн (ақшалай нысанда) тауар нысанымен айырбасталатын, яғни сатып алу – сату актiлерi жасалатын айырбаста да қаржыға орын жоқ. Сонымен қаржы мен қаржы қатынастарының пайда болып, iс — әрекет ететiн орны ақшаның нақтылы қозғалысы болатын ұдайы өндiрiс процесiнiң бөлу стадиясы болып табылады. Мұнда жалпы қоғамдық өнiмнiң құны және оның маңызды бөлiгi – ұлттық табыс алғашқы бөлу процесiне ұшырып, мақсатты арналым мен субъектiлер бойынша бөлiнедi. Бұл процестiң нәтижесiнде құн оны құрайтын микроэлементтерге – c, v, және m – ге ыдырайды: өндiрiске жұмсалынған өндiрiс құралдары құнының (с) орны толтырылады, қызметкерлердiң жалақысы (v) төленедi және қосымша өнiм (m) алынады. Тап осы қосымша өнiм немесе қоғамның таза табысын (табыстарды, қорланымдарды, ақша қорларын) құрайтын қайта жасалынған қоғамдық өнiмнiң бұл бөлiгi қаржы қатынастарының мәнiн және қаржы функцияларының бастауын құрайды. Қосымша өнiм мемлекеттiң қатысуынсыз болатын қаржы қатынастарының ежелгi объектiсi болып табылады, ол ақша қорларын жасау арқылы ұлғаймалы ұдайы өндiрiс процесiн және мемлекеттiң орталықтандырылған ақша қорларының қалыптасуын қамтамасыз етедi. Сөйтiп, өндiрiстiң алдын ала шарттасылған сипаты кезiнде сатылатын өнiмдi “c”, “v” және “m”-ге сәйкес элементтерге бөлудiң үйлесiмдерi қалыптасады және оларға сәйкес ақша қорлары немесе ақша қорланымдары жасалынады.
Сонымен бiрге айналым қаражаттарының қорлары, амортизациялық және басқа аударымдар (мысалы, әлеуметтiк мұқтаждарға арналған), еңбекақы қоры, табыс (пайда) бөлiп шығарылады. Бұдан әрi бөлу нормативтерiмен анықталатын белгiленген
үйлесiмдерге сәйкес құнның жоғарыда аталған элементтерiн қайта бөлу процесi болады. Алынған табыстың (пайданың) бiр бөлiгi мемлекеттiң қарамағына оның орталықтандырылған қорларын қалыптастыру үшiн аударылады, басқа бөлiгi өндiрушiнiң қарамағында қалады және оның қарап шешуi бойынша пайдаланылады.
Егер құнның “с” элементiне сәйкес бөлiгi өнiмдi сатқаннан (өткiзгеннен) кейiн өндiрiстiк процестiң үздiкдiгiн қамтамасыз ету үшiн еңбек заттарын – айналым капиталын сатып алуға авансыланса, “m” элементiнен, бұдан басқа, қорланымға бағытталатын, яғни өндiрiстiң негiзгi факторларын, сондай – ақ осы үздiксiздiктi қамтамасыз ететiн еңбек құралдарын – негiзгi капиталды сатып алуға бiр бөлiгi бөлiнуi мүмкiн.
Одан кейiн қалыптастырылған ақша қорлары қайта бөлуге – қаражаттардың мақсатты арналымына қарай ұсақтандыруға немесе керiсiнше, iрiлендiруге, өндiрiстiк және өндiрiстiк емес құрал – жабдықтардың ауыспалы процесiнде олар атаулы бағыттауға немесе пайдалануға жұмсалады. Сөйтiп, шаруашылық жүргiзушi субъектiдежасалынған құнның бiр бөлiгi осы субъектiнiң ауыспалы айналымында қалады, бiр бөлiгi еңбекақы, әлеуметтiк шығындар нысанында…