Курстық жұмыс: Экономика | Қаржы механизімінің қосалқы жүйесі

0

Мазмұны

Кіріспе
1.1.Қаржы механизімінің қосалқы жүйесі
1.2. Қаржы жоспарларының жүйесі.
1.3. Қаржылық көрсеткіштер.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Есеп саясатын мемлекеттік бухгалтерлік есеп туралы заңнамаға және бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес қалыптастыру қажет. Қазақстан Республикасында бұл тұрғыда негізгі құжат ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің Заңдық күші бар «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» 1995-жылдық 25-желтоқсанында қабылданған Жарлығы және Бухгалтерлік есеп стандарттары қарастырылады.
Несие саясаты шеңберінде кәсіпорынның айналым қаражаттарымен қамтамасыз етілуі шаралары қарастырылады – меншікті айналым қаражаттарының көлемін және қарыз қаражаттарға мұқтаждылықты анықтау. Ұзақ мерзімді несиелерді тарту қажет болған жағдайларда кәсіпорынның капитал құрылымы және қаржылық тұрақтылығы зерттеледі.
Инвестициялық саясат барысында меншікті және тартылған қаражаттарды тиімді орналастыру шаралары қарастырылады.
Ақша қаражаттарын басқару саясаты кәсіпорынның есеп шоттарындағы қаражаттардық қалдықтарын оңтайландырумен, қаражаттардың есеп шоттарға келіп түсуі және олардың қолданылуы уақыттарының аралығын азайтумен, есеп айырысудың түрлі нысандарын қолданумен, дебиторлық қарызды инкассациялаумен байланысты болады.
Шығындарды басқару саясаты шығындардың барлық элементтері бойынша сметалар (жоспарлар) құру және олардың қолдануды тиімді бақылау арқылы жүзеге асады.
Дивидендтік саясат кәсіпорын иелерінің және акционерлері мен менеджерлерінің мүдделерін бірдей деңгейде қорғауға, сондай-ақ кәсіпорын акцияларының, яғни бизнестің құнын арттыруға арналған. Дивидентік саясаттың келесідей нұсқалары мүмкін:
— дивидендтер табыстан бірқалыпты пайыз ретінде бөлініп отырады. Бұл әдістің артықшылығы – қарапайымдылығы. Кәсіпорын табысы артқан сайын акционерлердің де дивидендтік табыстары арта түседі. Сәйкесінше, табыс төмендеуімен дивидендтер де төмендей бастайды;
— тіркеулі дивидендтік төлемдер саясаты – дивидендтер әрбір акцияға тіркеулі мөлшерде төленеді. Артықшылығы – нарықтық ауытқуларды реттеп отыратын қарапайымдылығы; кемшілігі – кәсіпорын табысы төмендеген жағдайда кәсіпорын табыссыз қалады;
— кепілді минимум және экстра дивидендттік төлемдер саясаты;
— дивидендерді капиталдандыру – дивидендтерді акциялар түрінде төлеу. Мұндай саясат кәсіпорын қаржылық қиындықтарға душар болған жағдайда қолданылады.
Қаржы менеджментінің негізгі міндеті – қаржыны басқарудың кәсіпорынның стратегиялық және ағымды мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған тиімді жүйесін қалыптастыру болып табылады. Нақты бір кәсіпорынның қаржыны басқару жүйесі көптеген факторларға байланысты болады: меншіктік нысанына, ұйымдық-құқықтық дәрежесіне, салалық және технологиялық ерекшеліктеріне, капитал көлеміне.
Қаржыны басқару барысында көптеген әдістер қолданылады, солардың ішіндегі негізгілері: болжамдау, жоспарлау, салық менеджменті, сақтандыру және өзін-өзі сақтандыру, несиелеу, баға саясаты және қаржы құралдарын қолдану (лизинг, факторинг).
Кез-келген қаржыны басқару жүйесінің қызмет етуі қолданыстағы заңнамалық актілер мен нормативтік негіздер шеңберінде іске асады. Мұндай құжаттар заңдар мен Президенттің жарлықтарынан бастау алып, әдістемелік нұсқаулармен аяқталады. Сондай-ақ бухгалтерлік есеп берудің қаржылық сипаттағы ақпараттары, тауар және қор биржаларының ақпараттары, несие жүйесінің ақпараттары қолданылады.
Сонымен, кәсіпорынның қаржысын басқару осы саладағы маманнан стратегиялық және ағымды мәселерді шешу үшін терең білімді және жоғары біліктілікті қажет етеді.
1.1. Қаржы механизмінің қосалқы жүйесі
Қаржылық жоспарлау мен болжау – бұл қаржы механизімінің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементерінің бірі және әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың үйлесімді және тепе-теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамассыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістің материялдық-заттай элеменнтері турасында, ақшамен қоғамдық ұдайы өндірісте белсенді ықпал жасау турасында ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігімен шарттасылған ақша нысанында жүзеге асырылады.
Қаржының табысты іс-әрекет етуі және қоғамдық процестерге белсенді ықпал етуі көбінесе қаржы ресурстарының қозғалысын, шарушылықты жүргізудің барлық деңгейлерінде ақша қорларын қалыптастырып, бөлуді алдын ала үлгілеуге байланысты болады. Мұндай процес тәртіпті (реттілікті) анықтайтын өзара үйлесілген тапсырмалардың, көрсеткіштердің кешенді жүйесін жасауды, ақша түсімдерін жұмылдырудың прогрессивті нысандарын қолдануды қажет етеді.
Қаржылық көрсеткіштерді, белгіленетін қаржы операцияларын негіздеп дәлелдеуге, көптеген шаруашылық шешімдердің нәтижелілігі сияқты, қаржылық жоспарлау мен болжау процесінде қол жетеді. Бұл өте ұқсас ұғымдар экономикалық әдебиет пен практикада жиі теңестіріледі. Іс жүзінде қаржылық болжау жоспарлаудың алдында болуы және көптеген нұсқаларды бағалауды жүзеге асыруы тиіс (тиісінше макро және микро деңгейлерде қаржы ресурстарының қозғалысын басқарудың мүмкіндіктерін анықтауы тиіс). Қаржылық жоспарлаудың көмегімен белгілінітін болжамдар нақтыланады, нақтылы жолдар, көрсеткіштер, өзара үйлесілген міндеттер, оларды іске асырудың дәйектілігі, сондай-ақ таңдалынған мақсатқа жетуге көмектесетін әдістер анықталады.
Қаржылық жоспарлау – бұл қаржы жоспарларын (тапсырмаларын) әзірлеу, құралған мерзімде оларды орындау, белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған прцесі. Жоспарлау басқарудың элементі ретінде қаржы саясаты құралдарының бірі болып табылады. Ол ірі шаруашылық өзгерістерді байсалды және елеусіз жасауға мүмкіндік туғызады.
Қаржылық жоспарлаудың объектісі шаруашылық жүргізуші субъектілері мен мемлекеттің қаржылық қызметі, ал қорытынды нәтижесі қаржы жоспарлары мен жеке мекеменің сметаларынан бастап мемлекеттің жиынтық қаржы жоспарына дейінгі қаржы жоспарларын жасау болп табылады. Әрбір жоспарда белгілі бір мерзімге белгіленген кірістер мен шығыстар, қаржы және кредит жүйелерінің буындары мен байланыстары анықталады.
Қаржылық жоспарлаудың нақтылы міндеттері қаржы саясатымен айқындалады. Бұл: жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақшаның көлемі мен олардың көздерін анықтау; кірістерді өсірудің, шығыстарды үнемдеудің резервтерін анықтау; орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорлар арасында қаражаттарды бөлуде оңтайлы үйлесімдерді белгілеу және басқалары.
Жоспарлау:
1) экстенсивтілігімен (әлеуметтік-саяси және экономикалық құбылыстардың кең шеңберін қамтиды);
2) қарқындылығымен (кәміл техника мен әдістерді қолдануды түсінеді);
3) тиімділігімен (қорытындысында қаржыны басқару қойған міндеттерге жетудің қажетілігін білдіреді) сипаталады.
Қаржылық жоспарлауда мына тәсілдемелермен пайдаланылады:
а) автоматтық өткен жылдың деректері келесі жылға көшіріледі.инфляция кезінде деректер инфляцияның коеффиценттеріне көбейтіледі.бұл әдіс ең қарапайым әдіс болып табылады және, әдеттегідей,уақыт жетіспеушілігі кезінде пайдаланылады;
ә) статистикалық (өткен жылдардың шығыстарын қосып,өткен жылдардың санына бөледі);
б) нөлдік база тәсілдемесі (барлық айқындамалар қайта есептелуі тиіс бұл әдіс нақтылы қажетіліктерді есепке алады және оларды мүмкіндіктерімен үйлестіріледі).
Нарықтық экономика жағдайында жоспарлау басқарудың функциясы ретінде экономикалық және әлеуметтік қызметтің барлық жақтарын жалпыға бірдей қамту нысанын алуы тиіс. Егер жоспарлы экономикада қаржыны жоспарлауда сүйеніш бөлгіштік процестерге жасалынса, нарықтық экономикада айрбас сферасына сүйенеді, бұл сфера арқылы тауарлар мен қызметтерді өткізу және оларды өндіру мен өткізу кезінде қоғамдық қажетті шығындарды тану (мойындау) жүзеге асырылады.
Демек, нарықтық экономикада тауарлар мен қызметтерді өндіру мен өткізу процесіндегі байланыстың үстемдік және айқындаушы әдісі ақшаны, бағаны, құн заңын, сүраным мен ұсыным заңын кіріктіретін өзінің механизімі бар рынок болады. Нарықтық механизмнің мұндай табиғаты өндіріс пен айырбас нәтижелерін анықтаудың әдісі ретінде, бірақ жоспарлаудың элементтері болатын болжаудың қажеттігін анықтайды.
Қаржылық жоспарлаудың мазмұны ақшалай табыстар мен қорланымдарды жасау, бөлу және қайта бөлуді экономикалық процестермен оңтайландырудың күні бұрын анықталған мүмкіндік ………

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!