Курстық жұмыс: Экономика | ӨНЕР ЖШС ДЕГІ ЕҢБЕКАҚЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ТАЛДАУ

0

Мазмұны

Кіріспе

Ι-ТАРАУ. ЕҢБЕК АҚЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
1.1. Еңбек ақы түрі, жүйесі, нысаны
1.2. Еңбек ақы есептеу тәртіптері
1.3. Еңбек ақыдан ұсталынатын ұсталымдар

ΙΙ-ТАРАУ . «ӨНЕР» ЖШС – ДЕГІ ЕҢБЕКАҚЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ТАЛДАУ

2.1. “Өнер” ЖШС-нің қысқаша экономикалық мінездемесі және қызметін экономикалық талдау
2.2. “Өнер” ЖШС-нің еңбек ақыны ұйымдастыруын талдау

ΙΙΙ-ТАРАУ.ЕҢБЕК АҚЫ ТӨЛЕУДІҢ Ы ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3.1. Еңбек ақы ұйымдастырудағы шетел тәжірибесі

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗДЕРІ

Ι-ТАРАУ. ЕҢБЕК АҚЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Еңбекақы түрі, жүйесі, нысаны.

Еңбек төлемінің нысаны. Жалақы — бұл еңбек үшін төлем, оны еңбек келісім-шартында және қызмет нұсқауында белгіленген көлеміне сай еңбеккерлер орындаған жұмысы үшін алады.
Еңбек тиімділігін арттырудың әртүрлі ынталандыру жолдары бар, атап айтқанда: сыйлық, үстеме, кепілдік төлемдері. Жұмыс беруші нақты жағдайын ескере отырып, “Еңбек ақы төлеу туралы” ережесін дербес әзірлей алады, сондай-ақ онда еңбеккерлердің категориясын, жұмыс уақытының тәртібін, “Қызметкер туралы” ережесін белгілей алады. Аталған ереже жұмыс берушіге еңбек тәртібін ұйымдастыру мен еңбек келісім-шартын жасау үшін де қажет. Төлем жеке немесе ұжымдық еңбек нәтижесі бойынша жасалуы мүмкін.
Бұл жағдайда жұмыс берушінің белгіленген жалақысының деңгейі заңда белгіленген ең төменгі жалақының деңгейінен төмен болмауы керек.
Жалақы екі түрге бөлінеді:
— негізгі;
— қосымша.
Негізгі — бұл қызметкерлерге нақты жұмыспен өтеген уақыты үшін, орындаған жұмыстары мен өнеркәсіптік өнімдерінің саны мен сапасы үшін белгіленген бағалаулар мен қызметақы бойынша есептелетін жалақы. Оның құрамына:
— жұмыс істеген уақытына тарифтік ставкалар, қызметақы, кесімді бағалаулар немесе орташа табыстар бойынша есептелген жалақы;
— қызметпен өткерген жылдар үшін үстеме;
— жұмыс жағдайының өзгеруіне байланысты кесімді ақы алушыларға үдемелі бағалаулар бойынша қосымша ақы;
— ақшалай және натуралды сыйақылар және сыйақы берудің бекітілген тәртібіне сәйкес төленген сыйақылар, қосымшалар.
— мерзмінен тыс уақыттағы жұмыс үшін қосымша ақы;
— түндегі жұмыс үшін қосымша ақы;
— жұмысшының кінәсі жоқ тыс жағдайда тұрып қалуға төленетін төлемдер.
Қосымша — бұл қызметкердің кәсіпорында жұмыс жасамаған уақытына Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес есептелетін жалақы. Қосымша жалақының құрамына кіретіндер:
— балаларын тамақтандырушы аналардың жұмысындағы үзіліс уақытына төлем;
— жасөспірімдердің жеңілдік сағаттарына төлем;
— мемлекеттік және қоғамдық міндеттемелерді орындауға жұмсалған жұмыс уақытына төлем;
— негізгі және қосымша демалыстар уақытына төлем;
— пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы;
— шыққанда берілетін жәрдемақы.
Мерзімді еңбек ақысы деп, нақты істеген уақыты үшін еңбек ақының мөлшері немесе тарифтік мөлшерлемесі бойынша еңбеккерлерге есептелетін жалақының нысанын атайды. Мерзімдік еңбек ақының нысаны жай-мерзімділдік және сыйақылық-мерзімділік болып бөлінеді.
Жай мерзімділік жүйесінің кезінде өзіне берілген тарифтік мөлшерлемесі немесе нақты істеген уақыт бойынша еңбеккерлерге еңбек ақы есептейді. Енді осы жүйеге сандық және сапалық көрсеткіштері үшін қосымша еңбек ақы сыйақылы-мерзімділік төлем болып табылады.
Кесімді еңбек ақы төлеген кезде алдын-ала белгіленіп қойған деңгейде әзірленген өнімнің немесе орындалған жұмыстың әрбір бірлігіне есептейді (дана, ткм, килограмм т.б.) кесімді еңбекақы нысаны келесідей еңбекақы жүйесіне бөлінеді:
Тікелей кесімді еңбекақы жүйесі әрбір өнім бірлігі бойынша бағасын қою арқылы белгіленеді;
Кесімді-сыйақылық — бұл қосымша марапттау төлемін қарастырады, белгіленген көрсеткішті орындаған кезде ғана пайдаланылады;
Кесімді-прогрессивті (үдемелі) еңбек ақы төлемі. Еңбек төлемінің бұл жүйесі жұмысшылардың белгіленген нормадан тыс артық өндіргені үшін көтермелеу ретінде пайдаланылады. Норма мөлшерінде дайындалған өнім үшін жұмысшыларға төлемді тікелей кесімді бағалар бойыншща есептейді, ал нормадан асыра дайындалған өнім үшін үдемелі (прогрессивті) бағалар бойынша есептейді.
Жамана кесімді еңбекақы төлемі. Мұнда қосалқы және басқа да жұмысшылардың еңбек төлемі қызмет көрсететін учаскесінің, цехтың негізгі жұмысшыларының төлем-ақысына шаққандағы пайызымен анықталады;
Еңбекақы төлемінің аккордтық жүйесі. Бұл жүйеде жұмысшылардың еңбек төлемі нормаланған тапсырманың немесе жұмыс көлемінің (уақытының, өндірім нормаларының) орындалуы және алдын ала кешендік жұмыстың тұтастай орындалуына белгіленген жалпы кесімдік бағасы бойынша анықтайды. Еңбек төлемінің бұл жүйесі жұмысшылардың бөлек топтары немесе бригадалардың бөлек ұжымдары үшін еңбек өнімділігін арттыруда және жұмыстың орындалу мерзімдерін қысқартуда, олардың материалдық ынталылығын күшейтуге ықпал ету үшін пайдаланады. Еңбек төлемінің аккордтық мөлшерін қолданыстағы нормаланған тапсырмалар (уақыт нормалары, өнімдер) мен бағалар негізінде белгілейді, ал олар болмаған жағдайда — онда ол осы тәріздес жұмыс үшін қолданып жүрген, нормативтік тапсырмалар мен баға бойынша белгіленеді. Еңбек төлемінің бұл жүйесі бойынша аккордтық тапсырманы мерзімінен бұрын орындағаны үшін сыйақы беру тәртібі белгіленуі мүмкін.
Ынталандыру сипаттағы төлемдер. Өндіріс тиімділігін және орындалатын жұмыстың сапасын арттыну мақсатында еңбеккерлердің материалдық мүддесін күшейту үшін сыйлық пен марапаттау жүйесін енгізу керек, ал ол жыл соңының нәтижесі бойынша және басқа да көрсеткіштер бойынша берілуі мүмкін.
Сыйлық еңбеккерлердің жеткен жетістігі үшін ақшалай қолдап дем беру және оның одан әрі өсу қарқынын ынталандыру болып табылады. Сыйлық, негізінен үстеме төлем ретінде берілуі мүмкін.
Жұмысшыларға жұмыстың негізгі нәтижелері үшін сыйлық беру мынадай көрсеткіштері бойынша жүзеге асырылады: еңбек өнімділігіне, өнім сапасының арттырылуына және өндірістің соңғы нәтижелерінің жақсаруына байланысты болады. Сыйлықтардың мөлшерлері істеген жұмыстарының маңыздылығы мен күрделілігіне қарай жұмысшылардың кәсіптері мен топтары бойынша сараланып белгіленеді. Бригада ұжымдары бүкіл бринада ұжымының жұмыс нәтижелері үшін төленетін қаражат мөлшерінде бригаданың әрбір мүшесіне жұмыстың жалпы нәтижелеріне қосқан нақты үлесін, еңбек тәртібі мен ішкі тәртіп ережелерінің сақталуын ескере отырып, сыйлықтардың мөлшерін анықтауға құқылы. Сыйлық, әдетте, айлық жұмыс нәтижелері бойынша беріледі.
Басшы қызметкерлерге, мамандарға және қызметкерлерге сыйлық беру. Бұл категорияларға сыйлық кәсіпорын шаруашылық қызметінің негізгі нәтижелері үшін беріледі. Кәсіпорын қызметкерлеріне: басшы қызметкерлерге бүтіндей алғанда кәсіпорын жұмысының нәтижелері үшін; басқару аппараты қызметкерлеріне — бөлімшелердің, басқару аппаратының қызметінің қорытындыларын немесе жекелеген еңбек көрсеткіштерін ескере отырып, бүтіндей алғагда кәсіпорын жұмысының нәтижелері үшін; құрылымдық кәсіпорындардың қызметкерлеріне осы бөлімшелердің жұмыс нәтижелері үшін сыйлық беріледі.
Сыйлықтарды жазу үшін басқару аппаратының басшы қызметкерлеріне бухгалтерлік және статистикалық есептердің деректері, сондай-ақ жедел есеп пен лабораториялық бақылау деректері; өндірістік бөліністер, цехтар мен учаскелер қызметінің қызметкерлеріне бухгалтерлік есептердің, жедел есептің және лабораториялық бақылаудың деректері негіз болып табылады. Сонымен қатар, олардың моральдық факторлары да ескеріледі.
Еңбек жағдайының өзгерген кезінде жасалатын қосымша төлемдер. Бірнеше қызметті қатарынан атқарған кезде (қызмет көрсететін аясы кеңейгенде) немесе уақытша келмегендердің (қатысушылардың) міндетін атқарған кезде қосымша төлем жасалады. Егер олар бір ұйымның шеңберінде жұмыс істейтін блса және уақытша жұмысқа келмегендер қызметінен босамаған болса, еңбеккерлерді негізгі міндетінен босатпай, оларға қосымша міндеттемелер жүктеледі. Оның мөлшері жұмыс берушімен жұмыс атқаратын еңбеккерлердің келісім бойынша анықталады (негізгі айлығының бір айдағы айлығынан пайыздық мөлшерлемесі алынады). Егер де уақытша жұмысқа келмегендердің міндетін атқарса, онда олардың айлықтарының айырмасы алынады (бірақ бұл кезде оған қосылған қосымша төлемдер мен үстемелер есепке алынбайды) және айлығындағы айырмаға ынталандыру төлемі жасалмайды. Егер ол ваканттық қызметте болса, онда ол уақытша жұмысқа келмеген болып саналмайды.
Нормадан артық жұмыс істегені үшін еңбек ақы. Нормадан артық жұмыс істегені үшін жарты тарифтік мөлшерлеменің деңгейінде қосымша төлем жасалады. Кез келген жұмыс беруші аптасына 40 сағат жұмыс уақыты етіп белгілейді. Ал жеке және ұжымды келісім-шартта бұл одан да төмен болып белгіленуі мүмкін. Егер де кәсіпорын бір аптаның алты күнін 7 сағаттан жұмыс істейтін күн етіп бекітсе, онда оның жұмыс уақытының ұзақтығы — 40 сағатқа тең болады, ал егер де күндігі 6 сағаттан есептелсе, онда ол 36 сағатқа тең болады, ал егер де күндігі 5 сағатқа тең болса, онда ол 30 сағатты құрайды. Енді осы көрсетілген сағаттардан артық істегені, нормадан артық істегені болып табылады.
Демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс істегені үшін жасалатын төлемі. Егер қызметкер өзіне белгіленген демалыс күнінде жұмысқа тартылса, онда оған екі апта ішінде басқа бір демалыс күні берілуге тиіс. Егер кәсіпорын әкімшілігінің оған қосымша демалыс беруге мүмкіншілігі болмаса, ерекшелік жағдай ретінде бұл күн үшін екі есе мөлшерінде: мерзімдік жұмысшыларға және айлық ақы алатын қызметкерлерге тарифтік төлем мөлшерлеменің (айлық ақысының) екі есе еселенген төлем ақы төленеді.
Мерекелік күндерде жұмыс істегені үшін жұмысшыларға екі еселенген кесімді бағалар бойынша; еңбектері сағаттық не күндік төлем мөлшерінен төленетін жұмысшыларға сағаттық не күндік төлем мөлшерінің екі еселенген шамасында; айлық ақы алатын қызметкерлерге мерекелік күні; жұмыс істегені үшін айлығының шегінщде, сағаттық не күндік төлем мөлшерінің екі еселенген шамасында еңбек ақы төленеді.
Тоқтаусыз жұмыс істейтін ұйымдарда (немесе олардың кейбір бөлімшелерінде), сондай-ақ жұмыс уақытының есебін ынталандыру кезінде демалыс пен мереке күндеріндегі жұмыс уақыты айлық жұмыс уақытының нормасына енгізіледі.
Айрықша жағдайда төленетін еңбек ақы. Жеке және ұжымдық келісім-шарттарда ауа райы ауыр жағдаймен, қара жұмыспен, қауіпті және денсаулығына зиян келтіретін жұмыспен, интенсивті еңбекпен байланысты жұмыстарға жергіліктиі жерде қосымша еңбек ақы белгіленуі мүмкін. Қара жұмыс, қауіпті және денсаулығына зиян келтіретін жұмыстар жұмыс орнын аттестациялаудың көмегімен және еңбек бойынша мемлекеттік органдардың өкілеттілігінің қатысуымен анықталады. Ал интенсивтік еңбекақы салалық және салаарылқ нормативтердің негізінде анықталады.
Жұмыс уақытында орын алған тоқтауларды төлеу жеке және ұжымдық келісім-шарттарда анықталады. Егер де тоқтатулар еңбеккерлердің кінәсінен болмаса, онда сол еңбеккерлерге төлеуге тура келеді. Сондай-ақ жұмыс беруші төлемдердің басқа да түрлерін жасауға құқығы бар. Мысалға, тегін сүт, тамақ өнімдерін, тамақтандыру, витамин препараттарын беру, денсаулығы төмендеуіне байланысты орташа жалақысын сақтау, арнайы киімдер беру т.б. Бұл аталған төлем шығыстары дайын өнімнің өзіндік құнына қосылады.
Сонымен қатар, жұмыс берушілер жеке не ұжымдық келісім-шарттарда вахталық әдіс бойынша да еңбекақы төлеуді қарастырады. Олар мерзімді де, кесімді де болуы мүмкін. Олардың есебі алдын ала қаралған графиктердің шегінде жүреді. Вахталық әдісте еңбек ақы төлеудің негізінде — бір күндік мөлшерлемесі алынады және сол сомадан үстеме жалақының мөлшері анықталады немесе сағаттық тарифтік мөлшерлеме пайдаланылады. Егер де еңбеккер жұмыс орнына өз күшімен барса, онда оған жұмыс беруші транспорттық шығысын өтеп бере керек (егер ол орынды себептермен дәлелденсе).
Негізгі және қосымша жалақылар жалақы қорын құрады. Жалақы қорының құрамына жалақының барлық түрлері, әртүрлі сыйақылар, үстемелер, қосымша ақылар, заңға сәйкес қызметкердің жұмыс жасамаған уақытына есептелген ақша сомаларын қоса алғанда, ақшалай немесе натуралды нысанда есептеген жеке әлеуметтік жеңілдіктер қосылады.
Еңбек бойынша статистикалық есеп жасаған кезде қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысу жасалған төлем құжаттарында көрсетілген ақша қаражаттары көрсетілуі тиіс. Бұл жағдайда “брутто” сомасы, яғни Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес ұсталынатын ұсталымдар мен басқа да төлемдер төленбегендегі сомалары көрсетіледі.
Шет ел валютасында есептелген жалақы есепке сол мерзімге Ұлттық Банктің бекіткен ұлттық ақша бірлігіне шаққандағы шет ел валютасының бағамымен енгізіледі.
Есептелген әр жылдық, әр жылдық қосымша және қосымша демалыстар сомалары есепті айда көрсетіледі, тек сол айға келетін есептелген демалыс күндерінің сомалары. Ал келесі айға есептелген демалыс сомалары сәйкесінше келесі айдың есебінде көрсетіледі.
Еңбекақымен натуралды нысанда есеп айырысқан жағдайда сол мерзімдегі сол жерде қалыптасқан нарық бағасымен есептеп, еңбек бойынша есепке енгізеді.
Еңбекақы қоры өндірістік бағдарламаның орындалу көлеміне сәйкес жұмсалуы керек және еңбек өнімділігі еңбек ақы өсімінен алдау болуы керек……

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!