Курстық жұмыс: Экономика | Металл ақша айналысы және оның қағаз ақшаға өту себептері
Мазмұны
КІРІСПЕ
I-ТАРАУ. АҚША – ЖАЛПЫҒА БIРДЕЙ ЭКВИВАЛЕНТ ТАУАР РЕТIНДЕ
1.1 Ақшаның пайда болуы және қажеттiгi
1.2 Ақша теориясының дамуы және ондағы металл ақша айналысы
II-ТАРАУ. ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДА МЕТАЛЛ АҚША, ОНЫҢ БАСҚА ДА АҚША ФОРМАЛАРЫНА ӨЗГЕРУ СЕБЕПТЕРІ
2.1 Металл ақшалардан қағаз ақшаларға өту барысы мен себептері
2.2 Қағаз ақшалар және олардың айналыс заңдылықтары
2.3 Бүгінгі таңдағы ақша формаларының дамуы
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Ақша туралы осы уақытқа дейiн талай-талай шығармалар жазылып, ақшаны бiреулерi пайдалы тауар деп мақтаса, ал бiреулерi оны қоғамға зиянын тигiзедi деп даттауда. Өйткенi ақша үшiн бүкiл қоғам жұмыс iстейдi, ол бiреулердi бақытты тұрмысқа кеңелтсе, ал бiреулердi қайғылы оқиғаға ұшыратады. Бүкіл қоғамның қызмет етуге ынталандыратын негізгі құрал ақша болып табылады.
Ақшаны ешкiм ойлап тапқаны жоқ, ол тауар айналысының дамуына байланысты тарихи түрде көптеген жағдайларды басынан кешiрiп, осы күнге ақша болып жеттi. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективтi алғышарттарды құрайды. Әрбiр тауар қажеттi тұтыну құның алу құралы бола отырып , өзiнiң өндiрушiсiне қатынасы бойынша айырбас құны ретiнде көрiнедi. “Айырбас құн тауарлардың өзiнен бөлiнiп шыққан және олармен бiрге өз бетiнше өмiр сүретiн тауар, ол ақша”.
Егер ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайтын едi. Ақша түрiнде көрiнетiн тауарлардың құны , оның бағасы болып табылады.
Ақша — жалпыға бiрдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленедi және оның делдал ретiнде қатысуыменнен тауар өндiрушiлер арасында еңбек өнiмдерiнiң айырбасы үздiксiз жасала бередi.
Ақша өзінің даму тархында көптеген даму сатыларынан өтті. Ол сонау ақшаның алғашқы белгілерінен бастап қазіргі замаңғы электронды, несие ақшаларына дейін сан алуан формаларға ауысумен және дамумен болды. Алайда қанша ақша формалары өз сипаттарын өзгерткенімен ақшаның металдық теориясы, яғни алтын мен күміс осы уақытқа дейін өзінің толық құнды ақша сипатынан айрылған емес. Металдық ақша айналысын құраған алтын мен күміс нағыз ақшаларды көрсете отырып ақшаға тән барлық қызметерді атқара алады. Бірақ қоғамның дамуына байланысты металдық ақша айналысы өзінің даму барысында қағаз және несие ақшаларға ауысты. Яғни қоғамдық дамуда қағаз және несие ақшаларға деген қажеттілік туындады. Металл ақшалар өзінің формасын сақтағанымен олар бүгінгі таңда нақты айналыста емес. Яғни металл ақшадан қағаз ақшларға өтудің өзіндік себептері бар.
Сондықтанда мен курстық жұмысымның тақырыбын “Металл ақша айналысы және оның қағаз ақшаға өту себептері ” деп алдым. Бұл тақырыптың өзектiлiгi ақшаның экономикадағы маңыздылығын, оның бүкіл шаруашылықты ынталандыру қасиетін, металл ақша айналысының осы күнге дейінгі өзінің маңыздылығын жоғалтпау себебі және металл ақша айналысынан қағаз ақшаларға өтудің басты себептерін анықтау болып табылады.
I –ТАРАУ. АҚША – ЖАЛПЫҒА БIРДЕЙ ЭКВИВАЛЕНТ ТАУАР РЕТIНДЕ
1.1 Ақшаның пайда болуы және қажеттiгi
Ақша ежелгi заманда пайда болды. Олар тауар өндiрiсiнiң дамуындағы бiрден-бiр шарт және өнiм болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшiн жасалынған еңбек өнiмi. Адам еңбегiнiң өнiмi, оны өндiрушiлердiң белгiлi қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективтi алғышарттарды құрайды. Бiрақ кез-келген зат тауар бола алмайды. Егер тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны. Мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткенi оның қоғамға қажетi шамалы. Сондықтан да әрбiр тауар қажеттi тұтыну құның алу құралы бола отырып , өзiнiң өндiрушiсiне қатынасы бойынша айырбас құны ретiнде көрiнедi. “Айырбас құн тауарлардың өзiнен бөлiнiп шыққан және олармен бiрге өз бетiнше өмiр сүретiн тауар, ол ақша”.
Әрбiр ерекше тауар мiндеттi түрде тұтыну құны ретiнде көрiнедi. Оның құны жасырын түрде болады. Тауарлар және ақшалар бiр және осы тауарлар формасының нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесiнде бiр-бiрiн табады және өзара бiр-бiрiне ауысады.
Алғашқы қауымдық құрылыс кезiнде бiр тауардың басқа бiр тауарға айырбасталынуы барысында, айырбас құнның жай немесе кездейсоқ формалары қолданылады ( 1 балта = 5 құмыра, 1 қой = 1 қап бидай).
Тауар өндiрiсiнiң өсуiне байланысты кездейсоқ айырбас жиiленедi. Жалпы тауар массасының iшiнен барынша жиi айырбасталатын тауардың бөлiнiп шығуымен құнның жай формасы толық формаға өте бастады. Осыдан келiп, құнның толық немесе кең көлемдегi формасынан жалпы құндық формасына жасырын түрде өту басталды. Бiрақ оның ролi бiр тауарға нық бекiтiлмеген едi. Бiртiндеп жалпы құндық эквивалент ролiн белгiлi бiр тауарлар көптен атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Құнның жалпы құндық формасы ақша формасына айналды.
Тауар айналысының тарихи эволюциялық даму процесiнде жалпы құндық эквивалент немесе рәсiмделiнбеген ақша формасын, әр түрлi тауарлар қабылдады. Әрбiр тауарлы шаруашылық уклад өз эквивалнтiн алға тартады. Сонымен, бiрiншi, iрi еңбек бөлiнiсiнiң нәтижесiнде мал бағушылардың бөлiнiп шығуымен мал (iрi қара) айырбас құралына айналды. Шалғынды аудандарда – жылқы, сиыр және қой, ал шөл және шөлейт аудандарда – түйе, ал тундрада – бұғы жалпы эквивалент қызметiн атқарады. Бұған бiрнеше мысалдар келтiруге болады: латынның сөзi “пекуния” (ақша) “пекус (мал) сөзiнен шыққан. “Рупа” (мал) сөзi үндiлердiң ақша бiрлiгiнiң атауы “рупия” негiзiнде жатыр.
“Капитал” сөзiнiң шығуы да малмен байланысты, өйткенi ескi герман тiлiнде бұл сөз мал басы санының көптiгiн бiлдiре отырып, меншiк иесiнiң байлығын көрсеттi.
Солтүстiк халықтары ең бiрiншi айырбас құралы ретiнде жүндi пайдаланды. Ежелгi скандинавтар көлемi бойыша әр түрлi тауарлар сатып алу барысындақ құстардың, аңдардың жүндерiн пайдаланды.
Жылы теңiздердiң жағасын мекендеген тайпалар айналыс құралы ретiнде бақалшақ ақшаларды пайдаланды. Көлемi түймедей ақшыл-қызғылт бақалшақ “кари” көптеп таралды. Бақалшақ ақшалар тауар ақшалардың ең бiр тұрақты формасы болып табылады. Бiздiң бүгiнгi күндерiмiзмге дейiн өмiр сүре отырып, олар ешкандай өзгерiске ұшыраған жоқ.
XX ғасырдың 70 жылдарының басында Соломон аралдарының кейбiр тұрғылықты тұрғындарының ақша айналысы ретiнде бақалшақтардың үш түрi: ең арзаны – қара түстi (куррила), ақ түстi (галиа), аса қымбат — қызыл түстi (ронго) пайдалынады.
Әлемде әр түрлi экзотикалық ақшалар болған. Королин аралдары тобына кiретiн ява аралдарында осы күнге дейiн “феи” акша айналысыда қызмет етедi. Олардың формасы дөңгелекше тас түрiнде келе отырып диiрменнiң тасын еске түсiредi. Мұндай монеталардың диаметiрi бiрнеше метрге жетедi. Сауда мәмiлесi орындалғаннан кейiн сатушыға феяға бұрынғы иесiнiң белгiсiн өшiрiп, өзiнiң белгiсiн соғады.
Юлий Цезарь патшалығының тұсында ақша ретiнде “құралдарды” пайдалынған. Сонымен бiр құлдың құны үш сиыр, алты бұзау, он екi қойға теңестiрiлген.
Өнер мен жер игертушiлердiң бөлiнуiмен эквиваленттiң жетiлуi жалғасты. Бөлiнушiлiк, бiрiгушiлiк, бiркелкiлiк мiнездемелерi бар эквиваленттер пайда болды. Бұл аз бұзылатын өсiмдiк өнiмдерi – зәйтүн майы, күрiш, кофе, какао, құйма түрiндегi тұздар т.б.
Жалпы эквивалент ретiнде металдарда пайдалана бастады. Ежелгi Спартта, Жапонияда, Африкада темiр, мырыш, қорғасын, мыс, күмiс алтын түрiндегi ақшалар қолданалыды. Рим императоры Диониссий сиракуз және орта ғасырдағы ағылшын карольдары мырыш ақшаларды құйды . Қытайда және Ежелгi Римде мыс ақша ретiнде пайдаланылды . XYII ғасырда Солтүстiк Америкада ұсақ төлемдерге қорғасын дөңгелекшектерiн қолданылады .
Металл ақшаларының артықшылығы олар — бiркелкi, төзiмдi, ұсақталынады. Металл ақшалардың кен таралуымен ақша есебiнiң салмақтық жүйесi нақтылана түстi. Кейiн келе металдардың арасында басты роль алтын мен күмiске өте басталды, өйткенi олар жалпы эквивалент үшiн аса қажеттi сапаға ие .
Әрине, металдар бұған дейiнгi ақша формаларын бiрден ығыстырып шығарып тастаған жоқ. Ұзақ уақыт бойы металл ақшалар тауар формасын сақтап келдi. Темiр ақшалар күрек, таға, шынжыр, шеге және т.б формаларда ұзақ уақыт бойы сақталынды. Грек ақшасының атауы “ драхма” “бiр уыс шеге ” деген мағынаны бiлдiредi. Мыс ақшалар қазандық, құмыра, қалқан түрлерiнде ғана айналысқа түстi. Күмiс және алтын ақшалар жүзiк, сырға, бiлезiк түрiнде пайданалынды .
Бiрақ б.э дейiн XIII ғасырда салмағы көрсетiлген құймалар пайда бола бастаған. Осындай себепке байланысты көптеген ақша бiрлiктерi фунт стерлинг, ливр ( жарты фунт ), марка ( жарты фунт ) салмақ бiрлiктерi атауымен аталады. Алғашқыда белгiлi массасы бар формасыз металл ақшаларды кейiн келе әр түрлi массадағы бiркелкi формасы бар металл ақшалар ауыстыра бастады .
Монеталардың пайда болуы — ақшаның құрылуындағы соңғы кезең болып табылады.
Ақшаның өмiр сүруiндегi объективтiк қажеттiлiк ол тауар өндiрiсi мен тауар айналысының болуына негiзделедi. Кез келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бiр – бiрiнен бөлiнбейдi. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.
Бiрақ XVI ғасырдың басында ( 1516 ж.) утопиялық социализмнiң негiзiн қалаушы Томас Моор өзiнiң “Жаңа утопия аралы және мемлекеттiң үздiк құрылымы туралы алтын кiтап” деген еңбегiнде: “Алдау, ұрлау, тонау, кiсi өлтiру заң тәртiбiмен қатаң жазаланатынын кiм бiлмейдi, әйтсе де бұл жөнiнде алдын ала ескертiлмеу мүмкiндiгi бар жерде алдымен ақша құрымай, олар да жоғалмайды, сонымен бiрге ақшаның жоғалуына байланысты адамдардың алаңдаушылығы, қағысы, қиыншылықтары және ұйқысыз түндерi де ұмытылар едi. Егер ақша адам өмiрiнен алыстанатын болса, онда тiптi ақша қажеттiлiгiнен туған кедейлiктiң өзi де жоғалар едi”.
Ол аздай Т. Мор тағы былай дедi: “Қай жерде барлық нәрсенi ақша өлшемiмен өлшейтiн болса, онда ол жерде мемлекеттiк табыс және оның дұрыс ағысының болуы мүмкiн емес”.
XIX ғ. Социал утопистерi – Прудон, Оуэн, Грей және басқалар ақшаға терiс көз қараста болды. Прудон тауар өндiрiсiн сақтай отырып ақшаның жоюдың жобасын ұсынды және оны дәлелдемек болды.
Мұндай ойлар Ресейде де айтылды. Қазан революциясынан (1917) кейiн, азамат соғысы жылдарында ақшаның құнсыздануы байқалған кезде ақшаны жою сәтi келедi, яғни тарихтың өзi оыған алып келдi деген тұжырымдар пайда бола бастады. Керек десеңiз ауыл шаруашылық өнiмдерiн өнеркәсiп өнiмдерiне тiкелей айырбастауды ұйымдастыруға тырысты. Шындығында, оның бәрi сәтсiз аяқталды. С.Г. Струмилин ақшаның орнына еңбек бiрлiктерi — тредаларды, ал ағылшын экономисi Смит Фалтьнер энергетикалық бiрлiктердi — энедаларды пайдалануды ұсынды.
Осыған байланысты К. Маркс былай дейдi : ақшаларды жоя отырып, бiз қоғамдық дамудың ең жоғарғы сатысында болуымыз мүмкiн немесе ең төменгi сатыға оралар едiк. Қанша дегенмен коммунизм — ол, қиял сондықтан да ақша болған, олар бар және бола бередi.
Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала бередi, бiрақ тауар ерекше жалпылама эквивалент.
Ақша — жалпыға бiрдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленедi және оның делдал ретiнде қатысуыменнен тауар өндiрушiлер арасында еңбек өнiмдерiнiң айырбасы үздiксiз жасала бередi .
Жалпыға бiрдей эквивалент ролi тарихи түрде алтынға бекiтiлген. Алтынның басқа тауарлардың құндылығын бейнелеу қасиетi, оның табиғи қасиетi емес. К. Маркс айтқандай: “Табиғат ақшаны жаратпайды. Алтынға бұл қасиет қоғаммен берiлгген ”.
Алтын жалпыға бiрдей эквивалент ролiн орындау үшiн ең бiр лайық тауар болып қалып отыр. Бiрiншеден ол ерекше табиғи сапаға ие: бөлiнуi оңай, әдемi, бұзылмайды, тот баспайды, тек қана “патша арағында” ( 2/3 тұзды және 1/3 азот қышқылында еридi. Екiншiден ең бастысы алтын жоғары құнға ие. Қанша дегенмен оның қорының аз болуы, алтынға кететiн еңбек шығындарының өте жоғары болуына әкелiп соқтырады. Алтынды тұтынуға жылдан жылға өсуде. Ол әр түрлi салаларда пайдалыналады – электроникадан бастап зергерлiк ……..