Курстық жұмыс: Экономика | Кірістер мен шығындарды белгілеудегі критериялары мен әдістері

0

Мазмұны

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. .3-5
I Бөлім. Кірістер мен шығындарды белгілеудегі критериялары мен әдістері
1.1. Кірістер мен шығындардың белгіленуі . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . 5-8
1.2. Банк кірістерінің құру көздері мен жіктелуі. . .. . . . . . . . . . . . . . . 8-14
1.3. Банк шығындарының жіктелуі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . .14-18

II Бөлім. Қаржылық нәтижені анықтаудағы кірістер мен шығындар есебінің көрінісі
2.1. Банктің кіріс операциясының есебі . . . . . . …. . . .. . . . . … . . . . . . . 18-22
2.2.Банктің шығын операциясының есебі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . .22-27
2.3.Қаржылық нәтиже, таза кіріс есебі мен талдауы. . . . . . . . . . . . .. . . 27-35
III Бөлім. Қаржылық нәтижеге әсер ететін факторлар . . .. . . . . . . . 36-39

Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .40-41
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . .. . . . .41-42
Қосымшалар

1 Бөлім. Кірістер мен шығындарды белгілеудегі критериялары мен әдістері
1.1. Кірістер мен шығындардың белгіленуі
Әрбір кәсіпкерлік қызметтің басты мақсаты пайда табу болып табылады. Бухгалтерлік есептің ең басты атқаратын қызметі-есептемеде банктің кірісінің жеткіліктігімен немесе кірісі мен шығынын белгілеу.
Табыс-бұл шаруашылық қызметті жүргізу нәтижесіндегі капиталдың көбеюі, толық шығынды алып тастағандағы жалпы табыс.
Есепшілер «бөлінбеген немесе таза кіріс» деген терминді қолданғанды жөн көреді.
Таза кіріс =кірістер-шығындар
Егер де шығын кірістен көп болса, онда жабылмаған зиян туралы әңгіме қозғалады.
Кіріс- активтің көбеюі немесе несиелі қарыздың азаюы формасындағы есеп беру кезіндегі эканомикалық табыстың көбеюі. Яғни банктің өз қызметі нәтижесіндегі алған пайдасы.
Шығын- активті пайдалану немесе қарыздың көбеюі формасындағы есеп беру кезіндегі эканомикалық табыстың азаюы. Шығындар капиталдың азаюына да себеп болып табылады. Шығын -кірісті төмендету көзі.
Кірістер банктің өмір сүру құралы болып саналады. Оларсыз табыс жоқ, табыссыз банк жоқ. Кірістер негізгі және негізгі емес қызметтен болған кірістер болып бөлінеді. Кіріс пен шығынның құрылымы және табыс есебінің реті Ұлттық Банкпен анықталады. Бухгалтерлік есептің қағидалары баптарды субъектінің қаржылық есеп беруіне қосылатын процессін мойындау болып табылады.
Кірістер мен шығындарды белгілеудегі критерийлары келесідей:
— баға беруге қолданылады.
— кіріс пен шығын анықталады (кіріс пайда алу кезінде көзделеді, ал шығын активтің дұрыс орналаспауында белгіленеді)
Келісім-шарт толық орындалған кезде ғана кірістер мойындалады. Активтер болашақ зканомикалық табысты ұстап қалмаған жағдайда шығындар мойындалады. Кірістерді мойындаудың басты критерийларының бірі- сатушы сатып алушыға тәуекелдерді және сатылған өнімнің меншіктік құқығынан сый ақының бергендігінде. Сатушы оларды өзіне қалдырса, бұл мәмлені сату деп есептеуге болмайды.
Өнімді сату кезінде кірістер мен шығындардың белгілену қағидалары қолданылады, егер де кіріс белгіленсе:
— берілгенге дейін
— берілу кезінде
— берілгеннен кейін
Өнімді бергенге дейінгі белгіленген кіріс
Бұл екі әдіс бойынша жүзеге асырылады:
1.Келісімнің аяқталуы, яғни келісім біткен кезде барлық шоттары жабылады, оның ішінде кірістер мен шығындар шоттары да.
2.пайыздың аяқталуы кіріс, шығын, жалпы табыс әр есеп беру кезінде белгіленеді.
Берілу кезіндегі кірістер
Бұл негізінде өнім мен қызметті беру кезінде орындалады. Келісім-шартты орындау және түсім алу мүмкіншілігі кірістің белгілеуі бойынша осы сәтте орындалады.
Берілгеннен кейінгі кіріс
Мұнда екі әдіс қолданылады: бөліп төлеудегі сатылым және шығындардың орнын толтыру.
Бірінші жағдайда сату кезінде емес, ақшаны қолға алған кезде ғана кіріс белгіленеді.
Екіншісі кіріс белгіленбеген жағдайда қолданылады.
Қызмет көрсету бойынша белгіленген кірістер мына әдістермен жүзеге асырылады:
— нақты орындаулар (бір операцияны орындағаны үшін алынған кірістердің есебі үшін қолданылады).
— пропорционалды орындаулар (көп сатылы қызметтерден белгіленген кірістер үшін қолданылады).
— аяқталған орындаулар (соңғы саты болғанннан кейінгі кірістер).
— инкассация (кіріс нақты ақша алуда белгіленеді, себебі белгісіздік өте жоғары).
Әрбір кірістер мен шығындардың түрлері банктің қызмет етуінің оңтайлы жүйесінің бағасы үшін жеке ашылады. Банктің қаржылық нәтижесін құру үшін кірістер мен шығындардың маңызы бойынша топтастырылады.Кірістер мен шығындардың баптары мыналарды қосады:
 тауарлы-материялды құндылықтардың бағасыныңтөмендеуі;
 банк қызметінің өзгеруі;
 қозғалматын мүліктің бабының шығуы;
 ұзақ мерзімді инвестицияның шығуы;
 орындалған операциялар;
 соттық істер;
 резервті тағы басқалай қабылдамау.

Орындалған операциялар бойынша келесі ашылулар:
 орындалған операциялар мінездемесі;
 есептеуге байланысты операцияларды бөлу;
 себебі;
 орындалмаған операциялар бойынша кірістер мен шығындар;
 келесі мерзімге табыс пен шығынның көрсетілуі.
Банктің кірісі мен шығынының құрамында кіріс пен шығынның жеке түрлері елеулі орын алады. Клиенттерге қызмет көрсетуде барлығы қолдануы мүмкін, тенгеде және шетел валютасында. Ол үшін валюта жағдайын білу керек.
Шығын активті пайдалану немесе қарыздың көбеюі формасындағы, есеп беру уақытындағы экономикалық табыстың азаюы. Олар капиталдың азаюына себебін тигізеді.
Экономикалық шығын — кіріс алуда банктік өніммен қолданылады. Банк өнімінің қозғалысы есепте бейнеленеді. Концепциясында банк өнімім қолданып жұмсалған ақша сомасынан алған сома көп болуын көздейді. Кіріс көздерінде шығындар бейнеленеді.
1.2. Банк кірісінің құру көздері мен жіктелуі
Кіріс – активтің көбеюі немесе несиелік қарыздың азаюы формасындағы есеп беру уақытындағы экономикалық табыстың көбеюі. Кіріс шығындарды жабу көзі болып табылады.
Коммерциялық банктердің табыс көздеріне мынадай банктік банктік бизнес түрлерін жатқызуға болады:
 несиелік бизнес;
 дисконттық бизнес;
 сақтау бизнесі;
 банктік кепіл беру қызметі;
 бағалы қағаздармен жасалатын бизнес;
 салымдар қабылдау және клиенттердің твапсырмасы бойынша операциялрды жүзеге асыру бизнесі;
 басқа банктермен корреспондеттік қатынасқа негізделген бизнес.
 Дәстүрлі емес қызметтерді көрсету бизнесі.
Несиелік бизне, екі элементтен тұрады: клиенттерге (жеке және заңды тұлғаларға) несиелер беру және бос ресурстарды басқа коммерциялық банктерге уақытша пайдалануға пайыздық сыйақыда беру. Несиелік бизнестің екінші бөлігі кейде банкаралық несие, кейде басқс банктегі депозит формасында болуы мүмкін. Несиелік бизнесте пайыз формасында табыс түседі және де банктердің ең көп кірісі осы операция түрінен құралады.
Дисконттық бизнес- төленбеген вексельдерді, чектерді және талаптарды банктің белгілі бір төменгі бағамен – дисконт негізінде сатып алуын сипаттайды. Дисконт бизнестің түріне факторинг ооперациясы жатады. Факторинг операциясы айналымды және айналымсыз болуы мүмкін. Бірінші жағдайда, банк төлеушінің төлемеген міндеттемесін қаражатты алушыдан (жабдықтаушыдан) талап етуге құқылы. Ал екінші жағдайда, банктің ондай құқығы жоқ, бірақ ол ондай операциядан түсетін жоғары сый ақы үшін тәуекелге барады.Факторингтік операциядан түсетін сый ақының жоғары болуы, өнімді сатудан түсетін жабдықтаушының табысын азайтады. Мұндағы табыс екі элементтен тұрады:
1.сатып алғаннан төлемнің түсуі арасындағы аралықта банктің несиелік ресурсын пайдаланғаны үшін төленетін пайыз.
2.факторинг операциясының түріне байланысты тәуекелге сәйкес шамасы ауытқып отыратын комиссиондық сый ақы. Факторинг операциясындағы комиссия пайызбен белгіленетіндіктен, факторингтік операциядан түсетін табысты банктің пайыздық табысына жатқызады.
Сақтау бизнесі- банктің трасталық (сенім) және агенттік қызметтеріне негізделеді. Бұл бизнес клиенттің мүлкін (жылжымайтын мүлік, бағалы қағаз, шоттағы қаражатын) басқарғаны үшін немесе осы мүлікке байланысты клиенттің тапсырмаларын орындағаны үшін алатын комиссия формасындағы табыс түрінде банкке табыс әкеледі. Мысалға, траст келісім-шарты негізінде банк клиентке шоттағы қаражатын табыс әкелетін активтерге орналастыратындығына міндеттеме алады. Агенттік қызметте клиентпен нақты қай операцияға қаражат жұмсау қажеттігін келісіп алады. Трасталық операцияларда тәуекел жоғары, себебі мұнда банктің табысы клиенттің табысынан жоғары болуын қалайды. Соған сәйкес трасталық операциялардан түсетін комиссия мөлшері де агенттік қызмет көрсетуден түсетін табысқа қарағанда біршама жоғары болып келеді. Мұндай ерекшелік, өз кезегінде трасталық қызметтен алынатын комиссиялық сый-ақының құрылымын анықтайды. Ол мүлікті басқарғаны үшін төленетін комиссиондық сый-ақымен жұмыстың нәтижесі бойынша төленетін сый-ақыдан тұрады.
Банктің кепіл беру қызметі- клиенттерге есеп айырысу үшін және несие алу үшін банктің әртүрлі формалардағы берген кепіл-хаты мен кепілдемесінен түсетін ақшалай сый-ақы түріндегі табыс әкелетін банктің қызметін сипаттайды. Егер клиент банкі үшін оның атын шығаратын клиенттердің қатарында болса, банк оған ақысыз кепіл-хатын беруі мүмкін.
Бағалы қағаздармен бизнес мынадай элементтерді қамтиды:
1. банктің өзінің бағалы қағаздарын шығару
2. оларды нарыққа сату
3. кәсіпорындарды жекешелендіруге байланысты қызмет көрсетуде басқада эмитенттердің бағалы қағаздары мен қайталама нарықтағы операциялары.
Мұндай бизнестен түсетін табыстар келесідей көзден құралады:
1. өзінің және басқада эмитенттердің бағалы қағаздарын сату барысында бағамдық айымадан
2. жекешелендіруге байланысты көрсеткен қызметі (жекешелендірілетін кәсіпорынның есебін талап етілетін стандартқа жеткізу, оның құнын бағалау, акцияларды шығару және орналастыру, реестр жүргізу) үшін комиссия
Салымдар қабылдау және клиенттердің тапсырмасы бойынша операцияларды жүзеге асыру бизнесі банкке мынандай формаларда табыс алуға мүмкіндік береді:
 комиссиондық сый-ақылар:
— шот ашқаны үшін
— шотты жүргізгені үшін
 белгілі бір мерзім ішінде белгіленген комиссия (ақша белгісінде)
 айналымнан алынатын комиссия (айналымнан пайыз түрінде алу)
— шот бойынша операциялар туралы көшірме берген үшін
— шотты жабу үшін
— қолма-қол ақша беруге немесе есеп айырысуға байланысты операциларды жүргізгені үшін
 банктің корреспондеттік қатынасы бойынша басқа банктердегі корреспондеттік шоттарындағы кредиттік қалдық үшін алатын пайызы
 дәстүрлі емес табыс түрлері банктің лизингтік, ақпараттық, кеңес беру, валюта айырбастауға байланысты, клиенттерге оқытып-үйреткені үшін және тағы басқа алынатын табыстар. Мұндағы лизингтік операциялардан түсетін табысқа; лизингтік төлемдер, пайыздық төлем және комиссия жатады.
Бактің барлық табысын үш топқа бөлуге болады:
1. пайыздық табыстар;
2. банктік қызмет көрсетуден алатын комиссиялар;
3. басқа да табыстар (бағамдық айырма, яғни баланстық құны мен нарықтық құны арасындағы айырма, алынған айып-пұлдар, пениялар және т.с.с.).
Пайыздық табыс комиссиялар мен ұштасуы мүмкін. Мысалға, несиелік және факторингтік операциялардан банк пайыздық төлем мен комииссияға иеленеді.
Несиелік пайыз – пайыздық табысьтың басты көзі ретінде банктің берген несиелері үшін қарыз алушылардың төлейтін төлемі болып табылады. Несиелік пайзды мынадай белгілерге байланысты іктеуге болады:
 несие формасына қарай: коммерциялық, банктік, тұтынку несиелерінің пайызы және т.с.с.;……

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!