Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорынның ақша қорлары мен резервтерін бағалау

0

Мазмұны

КІРІСПЕ…………………………………………………………………..3

КӘСІПОРЫННЫҢ АҚША ҚОРЛАРЫ ЖӘНЕ РЕЗЕРВТЕР

I. Кәсіпорынның ақша қорлары мен резервтерінің экономикалық мәні, мазмұны мен ұйымдастыру негіздері

1.1 Ақша қорлары мен резертерінің мәні мен мазмұны………….4
1.2. Ақша қорлары мен резертерінің қалыптастыру көздері мен ұйымдастыру негіздері……………………………………………………6

II. Кәсіпорынның ақша қорлары мен резервтерін бағалау, оларды талдау.

2.1. Кәсіпорынның ақша қорлары мен резервтерін бағалау…… 8
2.2. Кәсіпорынның ақша қорлары мен резертерін талдау……….11

III. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның ақша қорлары мен резертерін тиімді пайдалануды басқару жолдары.

3.1. Кәсіпорынның ақша қорлары мен резервтерін тиімді
басқару……………………………………………………………………13

3.2. Кәсіпорынның ақша қорлар мен резервтерін тиімді пайдалану жолдары…………………………………………………………………. 20

ҚОРЫТЫНДЫ …………………………………………………………24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………..26….

Кәсіпорынның ақша қорлары мен резервтерінің экономикалық мәні, мазмұны мен ұйымдастыру негіздері.

1.1 Кәсіпорынның ақша қорлары мен резервтерінің мәні мен мазмұны.

Қаржы – ақша қорларын ауыспалы айналым процесінде қалыптастыру мен оларды пайдалану кезіндегі ақша қатынастарының жиынтығы.
Кәсіпоры қаржысы – еліміздің қаржы жүйесінің құрылымында елеулі орын алады. Мемлекеттік қаржы қорларының басым бөлігі кәсіпорын деңгейінде қалыптасады. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын қызметтің сан алуан сфераснда құрылып, іс-әрекет етуі мүмкін.
Кәсіпорынның қаржысының негізгі қызметтері:
— бөліп – тарату;
— бақылау.
Қаржының бөліп тарату қызметі арқылы кәсіпорын иелігіндегі барлық ақшалай табыстар мен қорлар қалыптастрылады және пайдаланылады. Қаржылардың бөліп – тарту қызметінің орындалуы арқасында үзілісіз өндірісті ұйымдастыру жолға қойылады, сонымен қатар бұл құбылыстың басқа да сатыларға әсер етуі қамтамасыз етіледі. Демек ақша қаражаттарының дұрыс таратылуы кәсіпорынның жұмыстарын ынталандырады, олардың барған сайын жақсара беруіне серпінді ықпал етеді.
Кәсіпорынның жұмысына жұмсалған қаржылардың қайтарымына бақылау жасау өте қажет. Бақылау қызметтерінің негіздері қаржы ресурстарының қозғалысынан тұрады. Ол өз кезегінде қор ретінде және қордан тыс нысандарда құрылады.
Бақылау қызметінің маңызды екі мәні бар:
— бухгалтерлік, статистикалық және басқа да есептесулерге қаржы көрсеткіштері;
— қаржылай ықпалдар.
Егер бұрыңғы орталықтандырылған бюрократтық-жоспарлау жүйе кезінде кәсіпорындарды басқару өнім шығару, пайда, өзіндік құн және басқа да көрсеткіштер бойынша қатаң шектеулерге негізделсе, қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында ол экономикалық тетіктер арқылы (салықтар, несиелер, мемлекеттік қаржылық қолдау, түрлі жеңілдіктер, сақтандыру және т.б) жүзеге асырылады.
Кәсіпорын қаржыларын ұйымдастырудың негізгі принциптері:
— қаржылық – шаруашылық қызметтегі дербестік;
— өзін-өзі қаржыландыру және басқару;
— жұмыстың түпкілікті нәтижелеріне мүдделілік;
— қол жеткен нәтижелерді еселей түсу;
— қаржы резервтерін жасау;
— қаржыны меншіктік және қарыз деп екіге бөліп ұстау;
— мемлекеттік бюджет және бюджеттен тыс қорлардың алдындағы міндеттерді бірінші кезекте орындау;
— кәсіпорын қызметтеріне қаржылық бақылау.
Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері кәсіпорынға берілетін мүліктің жалпы құнынан аспауы және ең төменгі айлық есептік көрсеткіштің 1000 мөлшерінен кем болмауы керек.
Кәсіпорын оның жарғысында көрсетілген мөлшерде резертік капиталды қалыптастыруға міндетті және ол жарғылық капиталдың 10 пайызынан кем болмауы керек, оның қарамағында қалған пайданың кем дегенде 5 пайызы осы мақсатқа жұмсалуы тиіс. Резервтік капиталдың қаражаты тек қана залалдарды жабуға, бюджет алдындағы міндеттемелерді орындауға, мемлекеттік кредиттерді өтеуге және басқадай қаражаттары жеткіліксіз болған жағдайда пайыздық өтем төлеуге жұмсалады.
Кәсіпорын өз қызметінен алған меншікті табыстар есебінен ұсталады. Кәсіпорын иесіне аударылуға тиіс пайданың үлесі жыл сайын уәкілді орган Қаржы министрлігінің келісімі бойынша белгіленетін пайданы бөлудің нормативінде көрсетіледі және тиісті бюджеттердің кірісіне аударылады.
Шаруашылық – қаржы қызметі процесінде кәсіпорын қаржы қорларын — белгілі бір мақсаттарға арналған ақша қаражаттарын қалыптастырып, пайдаланады. Қорлардағы ақша қаражаттары үнемі қозғалыста болады: түседі, қордаланады, жұмсалады.
Кәсіпорындардың қаржы тәжірбиесінде кәсіпорындардың, жеке саланың немесе бүкіл ұлттық шаруашылықтың өндірістің, шаруашылық және әлеуметтік қызметіндегі мақсат-міндетеріне қарай әр түрлі қорлар пайдаланылады. Ұзақ жылдар бойы кәсіпорындар мен ұйымдарда экономикалық ынталандыру қорлары – материалдық көтермелеу қоры, өндірісті дамыту қоры, әлеуметтік даму қоры, көпшілік қолды тауарлар қоры жұмыс істеді. 1992 жылға дейін ұлғаймалы ұдайы өндірісті қаржыландыру және негізгі қорларды жаңарту үшін амортизациялық қор құрылған. Министірліктер мен ведомстволарда жалпы салалық сипаттағы шығындарды қаржыландыру, ведомствоға қарасты кәсіпорындар мен ұйымдарға қаржы көмегін көрсету үшін орталықтандырылған қорлар құрылды: ғылым мен техниканы дамытудың бірыңғай қоры, экономикалық ынталандыру қорлары бойынша орталықтандырылған қорлар мен резервтер, бағаны реттеу қоры және басқалары.
Қаржылық қатынастар құрамы кәсіпорындағы ақша қатынастарының мына топтарымен тығыс байланыста:
— контрагентпен алғашқы табыстарды қалыптастыру қорларды толық белгіленген ішкі шаруашылық негізінде құру және пайдалану (жарғылық капиталы, өндірісті қамыту қоры, көтермелеу қорлары және т.б) жөнінде;
— кәсіпорындармен – қаржыларды бөлу тәртібі бойынша, қаржы ресурстарының қозғалыс қордан тыс нысанда жүзеге асады (келісім-шарт міндеттерін бұзған жағдайда айыппұлдар төлеттіру және төлеу, әр түрлі пай жарналарын енгізу, бірлесіңп тындырылған қызметтерден түскен пайданы бөлісуге қатысу, басқа кәсіпорындардың бағалы қағаздарын пайдалану және соның негізінде дивидендтер алу және т.б.)
— өнімді тұтынушылармен жасалған шарттарды орындау барысында кәсіпорындар келісімдердің нысандары мен түрлерін өздері таңдайды, міндеттердің орындалу шарттарын және санкция қолдану тәртіптерін анықтайды.
— Сақтандыру ұйымдарымен міндетті және ерікті сақтандыру түрлері бойынша;
— Банктер жүйесімен алынған сомаларды және қарыздарды өтеуге бағытталған проценттерді төлеуге байланысты есеп айырысу – кассалық қызметтер көрсету, сонымен қатар банктер ұсынған нақты төлеммен уақытша бос ақша қаражаттарын пайдалану мәселелері бойынша;
— Мемлекетпен бюджеттік және бюджеттен тыс қорларды құру және пайдалану.
— Бағынышты басқару құрылымдарымен ішкі салаларда қаржы ресурстарын бөлуде «тікелей» және «көлденең» өзара байланыста болуы.

1.2 Кәсіпорынның ақша қорлары мен резертерінің қалыптастыру көздері мен ұйымдастыру негіздері.

Кәсіпорынның қаржы ресурстары – бұл өз қарамағындағы
ақша қаражаттары, олар ағымдағы шығындар мен өндірісті кеңейтуге жұмсалған шығындарды өтеу, қаржыға қатысты міндеттерді және еңбеккерлерді экономикалық жағынан ынталандыру ісін жүзеге асыру мақсатында құрылады.
Кәсіпорынның бірден – бір басты міндеті – оның қаржы жағдайының бағалылығы болып табылады және ол көрсеткіш жүйелерін немесе қаржы коэффициентін анықтайды.
Негізгі қаржылық коэффиценттерді төменгі үш санатқа топтастыруға болады:
— өтімділік
— пайдалылық
— активтерді басқару тиімділігі
Қаржы ресурсарының құралуы түрлі көдер бойынша жүзеге асырыларды. Олар ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі көздер меншікті және оларға теңестірілген қаржылар есебінен құрылады және шаруашылықты жүргізудегі нәтижелілігімен байланысты, ал сыртқы- кәсіпорынға сырттан түсетін ресурстар
Қайта бөлу кезінде қалыптасқан қаржы ресурстарының бұл топтарында сақтандыру қорынан түскен төледердің көлемі барған сайын артып отырады, ал түсімнің шығындар тізімі қатаң шектелетін бюджеттік және салалық көздері азайып отырады.
Қаржы қорларында кәсіпорындар мен ұйымдардың мүлкінің қозғалысы бұл ақпаратты өндіріс, шаруашылық-қаржы және әлеуметтік қызметті басқаруда пайдалану үшін толық немесе ішінара түрде бейнеленеді. Жекелеген қорлардың қозғалысы қаржының көлемін, нысанын, пайдалану мөлшерін неғұрлым анық көрсетеді. Сондықтан кейбір қорлар бір мезгілде орындалуға белгіленген сондай-ақ іс жүзінде қол жеткен кәсіпорын қызметінің қаржылық көрсеткіштері де болып табылады немесе есеп – қисап үшін бастапқы мәліметтер ретінде қызмет етеді. Мысалы: белгілі бір кәсіпорынның бір қызметкеріне шаққандағы бұл мөлшер оның материалдық және әлеуметтік қажеттіліктерімен қанағаттандыру деңгейін көрсетеді.

Кәсіпорындардың жұмыс істеуі үшін неғұрлым маңыздылылары мына қорлар болып табылады:
— жарғылық
— резервтік капиталдар
— қорлану қоры
— тұтыну қоры
— еңбекке ақы төлеу қоры
— валюталық
— жөндеу қорлары.
Кәсіпорындардың дербестігі жағдайында басқа да мақсатты қаражат қорлары құрылуы мүмкін, мысалы: медициналық сақтандыру қоры, жекешелендіру қоры, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға қатысудың үлестік қоры және басқалары.
Қаржы ресурсарының алғашқы қалыптасуы кәсіпорынның мекеме болып құрылған, яғни жарғылық капитал жинаған кезіне сай келеді.
Жарғылық капитал (қор) – мемлекет, басқа меншік иесі немесе құрылтайшы берген кәсіпорын мүлкінің (капиталының) мөлшерін сипаттап көрсетеді және алғашқыда, шаруашылық жүргізуші субъектілерді құрғанда өндірістік капиталды және материалдық емес активтерді, айналым құралдарын сатып алудың көзі болып табылады. Оның қаражаттары есебінен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қажетті жағдайлар жасалады. Мемлекеттік кәсіпорындардағы жарғылық капитал өндірістік капиталдарды (айналым және негізгі капиталды) — өндіріс процесінің
натуралдық – заттай элементтерін құруға арналған меншікті қаражаттардың негізгі көзі болып саналады. Жарғылық капиталдың есебінен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қажетті жағдайлар жасалады.
Жарғылық капиталдың мөлшері өзгеріп отырады: негізгі капиталға жұмсалатын инвестициялар (күрделі жұмсалым), таза табыс есебінен болатын айналым капиталының өсімі, тауар-материалдық құндылықтарды бағалауға дейінгі және капиталдың басқа молықтырылуы нәтижесінде көбейеді; негізгі құралдарды шығару немесе беру, оның тозығын есептеу, зияндарды шығару, тауар – материалдық игіліктердің бағасын түсіру есебінен кемиді.
Кәсіпорындадың қарамағында қалатын қаражаттардың негізінде, яғни салықтар мен басқа да төлемдерді төлегеннен кейін кәсіпорындар мен ұйымдар кешенді қорларды – тұтыну қоры мен қорлану қорын құрады.
2.1 Кәсіпорынның ақша қорлары мен резервтерін бағалау.

Жалпы кәсіпорынның алған табысының 3/1 бөлігін салыққа және басқа да міндетті төлемдерге төлейді. Ал қалған бөлігін жинақтау және тұтыну қорына береді.
Тұтыну қоры – кәсіпорынның жұмысшыларын материалдық ынталандыруға, ақшалай көмек беруге, басқа да марапаттауларға, еңбек ақысын өсіруге жұмсалады.
Тұтыну қоры мыналарды қамтиды:
— бүкіл қызметкердің еңбегіне ақы төлеу шығындары;
— ақшалай төлемдер, соның ішінде жылдық қорытындысы сыйақылар;
— еңбегі үшін ынталандырудың басқа түрлеріне жіберілген ақша және натуралдық нысандардағы қаражаттар;
— материалдық көмек;
— еңбек және әлеуметтік жеңілдіктерді белгілеуге жұмсалатын қаражаттар;
— қызметкерлердің акциялары мен салымдары бойынша мүлікке төленетін табыстар (дивидендтер, пайыздар);
— оңтайландырғыштық ұсыныстар, өнер табу және жаңалық ашу үшін берілетін сйақылардан бөлек басқ да жеке сипаттағы төлемдер;
Жинақтау қоры – бұл кәсіпорынның өндіріс көлемін
кеңейтуге, негізгі қорларды сатып алуға, басқада ғылыми-техникалық жаңалықтар үшін қолданылады. Сол мақсатқа жұмсалғаннан соң, олар бірден жарғылық қордың есебіне кіреді.
Сөйтіп, тұтыну қоры еңбекақыға төленетін қаражаттар мен қызметкерлерді материалдық ынталандыру және әр түрлі әлеуметтік төлемдер үшін кәсіпорын қарамағында қалатын таза табыстың бір бөлігі есебінен құрылады.
Қорлану қоры:
— кәсіпорынның қарамағында қалатын табыс;
— негізгі капталды қалпына келтіруге жұмсалатын амортизациялық аударымдар;
— шығып қалған мүлікті өткізуден түскен түсім-ақша;
— банктердің кредиттері;
— басқа да көздер есебінен қалыптасады.
Қорлану қоры ұлғаймалы ұдайы өндірісті қамтамасыз ету шығындарын қаржыландыруға:
— негізгі және айналым капиталдарын молықтыруға;
— ғылыми-техникалық прогресті дамытуға, жаңа өнімдерді игеруге;
— табиғат қорғау шараларын жүзеге асыруғы;
— өндірістік инфрақұрылым объектілерін (автомабиль жолдары, жөндеу, энергетикалық, құрылыс және т.с.с.) салуға үлестік қатысуға;
— әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін салуға қатысуға пайдаланылады.
Ірі кәсіпорындар мен ұйымдар кешенді тұтыну мен қорлану қорларының орнына көздері мен шығындарының мазмұны жағынан ұқсас мынадай жеке-жеке қорлар көздерін құрып, пайдалана алады: жалақы, еңбек ақы төлеу, өндірісті дамыту, әлеуметтік даму қорлары.
Ұдайы өндірістік шығындарды үздіксіз қаржыландыруды қамтамасыз етуде қаржы резервтерінің (резервтік капитал, тәуекел қор, сақтық қоры )маңызы зор.
Нарыққа көшу жағдайында олардың маңыздылығы артпаса, кемімейді. Қаржы резервтерін шаруашылық жүргізуші субъектілердің өздері меншікті қаржы ресурстары есебінен басқару құрылымдары мамандандырылған сақтық ұйымдары және мемлекет жасай алады. Оның мақсаты – шаруашылық-қаржы жағдайы нашарлаған кезде пайда болған қосымша шығндарды жауып, кәсіпорындардың қаржы жағдайын тұрақтандыруды қамтамасыз ету. Қор кәсіпорынның тұтыну, қорлану және басқ қорларына жіберілмес бұрын оның қарамағында қалатын табыс есебінен құралады. Кей жағдайда қордың көлемі шектеледі, мысалы, оның қаржысы бірлескен кәсіпорындарда жарғылық капитал мөлшерінің 25 пайзынан аспауы тиіс.
Қаржы резервінің қаражаты өндірістік және әлеуметтік даму жөнінідегі қосымша шығындарға, жаңа техниканы әзірлеп, енгізуге, меншікті айналым қаражаттарын толықтыруға жұмсалады.
Кәсіпорынның валюта қорлары валюта қаражаттарының есебінен мына көдерден қалыптасады:
— экспорттық валюталық түсім-ақшадан;
— жарғлқ капиталға түсетін жарналардан;
— банктердің, солардың ішінде шетел, басқа қаржы мекемелерінің және шетелдік заңды тұлғалардың валюталық кредиттерінен;
— ішкі валюта рыногінде өкілетті банктер мен айырбастау пунктері ……

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!