Курстық жұмыс: Экономика | Факторинг
Мазмұны
Кіріспе…………………………………………………………………………..….2
І Факторингтің мәні мен алғы шарттын қолдану
1.1 Факторингтің анықтамасы мен мәні ………………………………………….…….4
1.2 Факторигтің қызметі………………………………………….. …….……….………..5
ІІ Факторинг шарты – корпорацияның айналым қаражаттарын несиелендіру тәсілі
2.1 Кәсіпкерліктің дамуына мүмкіндіктер тууы………….…………………..13
2.2 Факторинг шартының кейбір құқықтық мәселелері.……..……………..16
ІІІ Факторинг операциялары: Айналым қаражатын кредиттеу мүмкіндіктер…………………………………………………………………………………………..19
Қорытынды…………………………………………………………………………………………….25
Қолданған әдебиеттер……………………………………………………………………………..26
Кіріспе
Бұл курстық жұмыста факторинг – корпорацияның айналым қаражаттарын несиелендіру тәсілі ретінде қарастырамыз. Бірінші бөлімінде – факторингтің пайда болуы мен оның басқа мемлекеттерде тәжірибесін қарастырылған. Яғни, факторингтің маңызы қандай екенін қарастырамыз. Факторингтің негізгі пайдасының көздерінің бірі – ол:
• Кредиттеу бойынша пайыздар (сұрансты сатып алған кезден толық төлегенге дейін жай банктің ставкасы бойынша алған кредит сомасынан LIBOR + 2% жылдық есептеледі);
• Факторингтік тарифтер: қызмет үшін (инкассо, бұхгалтерияны енгізу, ескерту) тауарларды тауарды өткізгеннен жалпы сатып алынған есеп құныына 0,5—2,5% немесе сату кезіндегі айналым қызметі мен тәуекелдіктің мүмкіндігі және бухгалтерлік есептеу қызметінің көлемі туралы кітаптар енгізу;
• Айналымнан 0,2—0,4% сұранысты толығымен төленбегені үшін 100%тік тәуекелге бел буу.
Екінші бөлімінде қазіргі уақыттазаман талабына сәйкес жаңа азаматтық шарттар қоғам өміріне сәйкес жаңа азаматтық шарттар қоғам өміріне ене бастады. Кәсіпкерліктің дамуына тиімді жағдай туғызатын шарттардың бірі – факторинг шарты. Яғни, кәсіпорын факторинг мәмілесін жүзеге асырудан бұрын толық талдау жұмысы жүргізіледі. Кәсіпорыннан тапсырыс алғаннан соң факторингтік компания немесе банктің фактор клиенттің экономикалық және қаржылық жағдайын зерттейді. Егер кәсіпорын факторинг компаниясының немесе банктің фактор бөлімінің клиенті бола қалған жағдайда, ол факторинг компаниясына сатып алушыға жіберілетін барлық шот-фактураны тапсырады. Әрбір құжат бойынша клиент төлеуге келісім алуға тиістігін сияқты іс-әрекеттерді қарастырады. Бұдан бұрын бұл жұмыстың алғашқы беттерінен жалпы факторингтің мән, сипатымен танысып шығамыз. Кезегімен оның қызметін анықтаймыз. Ал жалпы қазір жаңа деңгейдегі факторинг дүние жүзі бойынша кең етек жайғанын байқаймыз. Факторингтің концепциясын барша қабылдаған глобалды тенденциялығын қабылдайды. 1992 жылы факторинг қызыметі жалпы көлемі 264 млрд доллар құраған. Бұл бұдан он жыл бұрынғы көрсеткіштен төрт есе асып түскен. Бұл жылдары 100000 компаниялар дүние жүзі корпоративтік клиенттер 6 млн шотталған факторингтің қызметке ұмтылған. Бұл факторингтік операцияға баршаның қолынан келебермегенімен, көбісі нар тәуекелге барып ұтылмайтындығын дәлелдейді.Сонымең факторинг дегеніміз не? Факторинг — айналым қаражатын кредитеуге байланысты сауда-комиссиялық операциялардың бір түрі. Факторинг дегеніміз сатып алушының дебиторлық берешегін инкассолауды білдіреді және қысқа мерзімді кредиттеу мен делдалдық қызметтің біртүрі болып табылады.
І Факторингтің мәні мен алғы шарттын қолдану
1.1 Факторингтің анықтамасы мен мәні
Шетелдік тәжірибеде кеңінен таралған, отандық банк тәжірибесі үшін өте маңызды болып табылатын коммерциялық банктердің делдалдық қызметтеріне факторинг және форфейтинг операциялары жатады.
Факторинг алғашқы кезде XIX ғасырдың аяқ кезіне таман АҚШ-та пайда болып, кейіннен өнеркәсібі жағынан дамыған Батыс Еуропада қолданылды. Әсіресе коммерциялық банктер факторингті соңғы 25-30 жыл ішінде кеңірек қолдана бастаған.
Факторинг 80-жылдардың ортасында Батыс Еуропа елдеріндегі тұрақты экономикалық өрлеу кезеңінде кеңірек таралды. 90-шы жылдардың басында факторингтік компаниялар 3,6 есе өсті. Факторинг операциялардың бүгінгі көлемі (ішкі және халықаралық факторингті қосқанда) мынадай:
Еуропа — 56%, Америка — 30%, Азия және Тынық мүхит жағалауындағы елдер — 13%, Африка — 1%.
Шетелдерде факторинг — бұл ұсақ және орташа компаниялар үшін қаржыландыру көзіне сілтейтін қысқа жолды білдіреді. Факторинг сатушылардың сатып алушыларға сатылған тауары үшін уақытын кешіктіріп төлеуге беретін тауар формасындағы және ашық шот түрінде рәсімделетін коммерциялық несиенің болуын сипаттайды.
Факторинг клиенттің айналым капиталын несиелеумен ұштасатын, сауда-комиссиондық операциясының бір түрі. Бұл жерде факторингтік компания клиенттердің шотын 90%-ке дейін төлеу шартымен сатып алады.
Факторинг — бұл тауарларды немесе қызметтерді жабдықтаушыдан төлем талабын сатып алуды білдіреді. Факторингтің мақсаты — кез келген несиелік операциялардың ажырамас бөлігі болып табылатын төуекелді қалпына келтіру. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде төлемдердің сақталу мерзімдеріне басты назар аударылады. Ендеше факторинг компаниялары мен банктердің фактор бөлімдерінің қызметі жабдықтаушылар мен сатып алушылар арасындағы қатынастардағы тәуекелдер мен төлемдер мерзімдеріне байланысты мәселелерді шешуге бағытталады.
Фактор сөзі ағылшын тілінде «factor», «маклер, делдал» деген мағынаны білдіреді. Экономикалық жағынан алғанда бұл — делдалдық операция.
Факторинг — жабдықтаушы-клиенттің жабдықтаған тауары мен көрсеткен қызметтері үшін төленбеген төлем талабын (шот-фактурасын) банкке сатуымен байланысты комиссиондық-делдалдық операция болып табылады. Банк төленбеген төлем талабының иесі ретінде, борышқордың несиелік қабілетін тексергенімен де, олардың төленбей қалуына байланысты тәуекелге барады.
1.2 Факторигтің қызметі
Келісім-шартқа сәйкес банк жабдықтаушының контрагенттері өздерінің қарызын өтегеніне қарамастан, төлем талабындағы соманы төлеуге міндеттеме алады. Дәл осы жерде факторинг пен банктік кепілдеменің арасындағы айырмашылық байқалады. Яғни, банктік кепілдеме бойынша банк оған тиісті соманы клиент төлемеген жағдайда өзінің есебінен төлеуге міндетті болып табылады. Факторингтік қызметтің мақсаты — төлеушінің төлем қабілетіне байланыссыз факторингтік келісім-шартта көрсетілген мерзімде тез арада қаражатты алу болып табылады.
Нарықтық экономикасы дамыған елдердегі факторингтік компаниялардың көбіне елшілес фирмалары ірі банктермен бірігіп жұмыс істейді.
Факторинг операциясына үш тарап қатысады:
1. Факторингтік компания (банктің факторинг бөлімі) — өздерінің клиенттері нен шот-фактураны сатып алатын арнайы мекеме.
2. Клиент (тауарды жабдықтаушы, несие беруші) — факторинг компаниясымен келісім-шарт жасасушы өнеркәсіптік немесе сауда фирмасы.
3. Кәсіпорын (қарыз алушы) — тауарды сатып алушы-фирма.
Факторинг мәмілесін жүзеге асырудан бұрын толық талдау жұмысы жүргізіледі. Кәсіпорыннан тапсырыс алғаннан соң факторингтік компания немесе банктің фактор бөлімі 1-2 апта ішінде клиенттің экономикалық және қаржылық жағдайын зерттейді. Егер кәсіпорын факторинг компаниясының немесе банктің фактор бөлімінің клиенті бола қалған жағдайда, ол факторинг компаниясына сатып алушыға жіберілетін барлық шот-фактураны тапсырады. Әрбір құжат бойынша клиент төлеуге келісім алуға тиіс. Факторинг ком-паниясы барлық шот-фактурамен таныса отырып, сатып алушының төлем қабілетін анықтайды. Бұған 2-3 күн уақыт қажет етіледі. Факторинг компаниясы төлемнің уақыты жеткен кезде немесе мерзімінен бұрын төлей алады.
Факторинг мәмілесін ұйымдастыру жүйесі 1-сызбада көрсетілген. Әлемдік тәжірибеде факторинг қызметінің құны мынадай екі элементтен тұрады: оған берілген құжаттарды мерзімінен бұрын төлеу барысында алынатын комиссия және пайыз. Комиссия шот-фактура сомасынан белгілі мөлшерде, әдетте, 1,5-2,5% деңгейінде белгіленеді. Мәміленің көлеміне қарай комиссия сомасы да есіп отырады. Факторинг ережесі бойынша несие үшін төленетін пайыз мөлшерлемесі ақша нарығындағы (қысқа мерзімді несиелер нарығындағы) мөлшерлемеден 1-2%-тей жоғары болып келеді.
Факторинг операцияларының жүзеге асырылу негізіне факторинг туралы ке-лісім-шарт жатады. Онда факторинг операциясы жасалуының мынадай шарттары көзделеді: төлем талабының мәліметтері, факторинг операциясы бойынша сомадан төленетін сома, өтеу сыйақысының мөлшері, факторинг келісім-шартының бұзылу жағдайлары және тараптардың ойлары бойынша басқа да шарттар.
Сонымен қатар, онда тараптардың өздеріне алған міндеттемелерін орындай алмаған жағдайдағы жауапкершіліктері де қарастырылады. Ондай жағдайда тараптар бір-бірінің алдында жауап беруге тиіс. Факторинг бөлімі өзіне алған міндеттемесін орындай алмаған жағдайда, оны құрушы банк материалдық жауапты болып табылады.
Факторингтің екі түрі болады: ауқымды (конвенционды) және шектеулі (конфиденциалды). Тарихта оның ауқымды түрі бірінші пайда болған. Қазіргі жағдайда бұл — клиенттерге қаржылық қызмет көрсетудің бухгалтерлік есеп, жабдықтаушылар және сатып алушылармен есеп айырысу, несиені сақтандыру және т.б. салаларды қамтитын әмбебап жүйесін сипаттайды. Клиенттің мұндағы қызметі тек қана өндіру болып табылады. Бұл жүйе клиент-кәсіпорынға өндіріс пен өнімдерді сату шығындарын қысқартады. Өзінің мәні жағынан факторингтің бұл түрі жөнелтілген тауарларға берілетін несиені білдіреді.
Соңғы жылдары шектеулі факторинте біршама дамып келеді. Шектеулі факторинг бірнеше операциялардың орындалуымен байланысты: ақша алу құқығын беру, қарызды телеу және т.б. Шектеулі факторинг клиент-жабдықтаушы үшін жөнелткен тауары үшін берілетін несиені сипаттаса, ал клиент-сатып алушы үшін төлем несиесін сипаттайды. Факторинг операцияларын жасағаны үшін клиенттер банкке келісім-шартта көрсетілген төлемді телейді, ол өзінің экономикалық мазмұны жағынан несие үшін төленетін пайызды білдіреді.
Факторинг операциясы, бүгінгі таңда, отандық ақша нарығыңца дами алмай отыр. Факторингті енгізу сынағын, негізінен, 1988 жылы КСРО Өнеркәсіп құрылыс банкі жүзеге асырып, кейіннен өзге де коммерциялық банктер факторинг операцияларын орындай бастады. Сөйтіп, 90-жылдардың басындағы төлем дағдарысы факторинг қызметінің банктер үшін тиімсіздігін айқындап, нәтижесінде отандық банктеріміз күні бүгінге дейін бұл операцияға салғырттық танытуда.
Факторингтің бірегей құқықтық негізін құру үшін 1988 жылы Халықаралық факторинг туралы конвенция бекітілген. Халықаралық факторинг туралы кез келген келісім-шарт төменде берілген шартгардың кемінде екеуін қамтуға тиіс:
• аванс және несие беру жолымен жабдықтаушыны қаржыландыру;
• төлем талаптарына жататын жабдықтаушының шоттарын бухгалтер- лік жағынан өңдеу;
• борышқорлардан ақшалай қаражат алу;
• жабдықтаушыларды олардың борышқорларының төлем қабілетсіздігі жағдайынан қорғау.
Факторингтік операциялар банктер және арнайы ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін банктерде арнайы бөлімдер ашылуға тиіс. Факторингтік операциялар түрлері 2-сызбада берілген.
Факторингтік операциялар:
• жеке тұлғалардың қарыздық міндеттемелері;
• бюджеттік мекемелердің қоятын талаптары;…………….