Курстық жұмыс: Экономика | Ауыл шаруашылығы корпорация
Мазмұны
Кіріспе —————————————————————————
І.Бөлім. Ауыл шаруашылығын дамытуда Оңтүстік Қазақстан облысында негізгі атқарылып жатқан жұмыстар
1.1. Ауыл жылдары аясында атқарылар іс-шаралар—————
1.2. Оңтүстік Қазақстан облысындағы ауыл жағдайы————
1.3. Шаруа қожалықтарының көрсеткіштері————————
ІІ.Бөлім. Ауыл шаруашылығы корпорацияларының негізгі өзекті мәселелер
2.1. Ауыл шаруашылығы корпорацияларын несиелендіру——
2.2. Ауыл шаруашылығы корпорацияларын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру————————————————
ІІІ. Бөлім. Агробизнесте корпорацияның жағдайын талдау және оны жетілдіру жолдары
3.1. Ауыл шаруашылық корпорацияның қызметтерін талдау —
3.2. Ауыл шаруашылық корпорацияның жетістіктері ————
3.3. Оңтүстік Қазақстан облысында өндірілген ауыл шаруашылық өнімінің көлемі—————————————
Қорытынды ———————————————————————-
Қолданылған әдебиеттер ——————————————————
.Бөлім. Ауыл шаруашылығын дамытуда Оңтүстік Қазақстан облысында негізгі атқарылып жатқан жұмыстар
1.1. Ауыл жылдары аясында атқарылар іс-шаралар
Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында “2003-2005 жылдары ауылды қолдау, мемлекеттік саясаттағы басымдық болады” деп жариялады. Жолдауда көрсетілген ең басты өзекті мәселе ретінде әлеуметтік-экономикалық әрі саяси мәселелерді шешуде, саяси-экономикалық, құқықтық, демографиялық және ғылыми қамтамасыз ету көзделген еді. Әрине осының ең басында ауыл мәселесі тұр.
Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының негізін құрайды. Қазақстандық азаматтардың жартысына жуығы ауылдық жерлерде тұрады. Сол себепті ауыл шаруашылығын қолға алып, нақты тұрғы да көтермелеп, жағдайын жасамасақ, тиімді экономика жасау мүмкін емес. Соңғы кездері атқарылып жатқан реформадан, ауыл өмірі тыс қалып отыруда. Ауылдағы кіріс деңгейі экономиканың басқа саласымен салыстырғанда, ең төменгі дәрежені көрсетіп отыр. Статистикалық мәліметтерге жүгінетін болсақ, 2003 жылы ауыл тұрғындарының 42 проценті өмір сүру деңгейінен төмен кірісті қанағат тұтқан.
Бүгінгі күнде ауылдағы бірден-бір мәселе – бұл жұмыссыздық. Дәл осы жұртшылықтың, бірінші кезекте жастардың ауылдан кетуіне, көшуіне басты себеп — осы жұмыссыздық болып отыр.
Ауылдың әлеуметтік-тұрмыстық, мәдени өмірін жақсартуға көңіл бөлуіміз қажет.
Ауылға не қажет, әрине ауылға жақсы білім беретін оқу орындары, жастар демалатын сауықтыру кешендері, спорт үйірмелері ашылса құба-құп болар еді. Мәдениет салаларын, кітапханаларды қалпына келтіру жұмыстарын қолға алуды ұйымдастыру қажет.
Ауыл жастарының тек жұмыс істеуіне ғана емес, жақсы тынығуына да ойдағыдай жағдай жасалынуы тиіс. Ол үшін ең керегі спорт зал және мәдениет үйлері. Бұл салада біраз жұмыстар атқарылуда.
Міне, осындай жағдайлар жасалатын болса, біздің жастарымыз ауылды жерден қалаға кетуі мүмкін емес.
Бүгінгі таңда ауыл жылы аясында атқарылар істер ауқымды болуда. Бұл мақсатта ең алдымен аудандарда білім беру деңгейін көтеру, мектептерде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, оның ішінде компьютендіру, денсаулық сақтау саласында салауатты өмір салтын қалыптастыру негіздері, елдімекендерде ауыз су мәселесі, жол құрылысы мен жолды қайта жөндеу және кедейлікпен күресті жандандыруға баса назар аударылуы тиіс.
Тағы бір айта кететін мәселелердің бірі, еліміздің ауыл шаруашылығы саласын қажетті техникамен қамтамасыз ету. Бұл мәселе бойынша 2003 жылы бұл іске 1,1 млрд. теңге қаржы бөлінсе, 2004 жылы бұл 3.2 млрд. теңгеге артып, ал 2005 жылы 8 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлініп отыр.
Әлеуметтік-экономикалық дамудың 2003 жылдың қорытындысы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысында мал шаруашылығы жөнінен де ілгері басушылық көрінуде. Барлық мал түлігінен өсім бар. Оның негізі тұрғындардың жеке шаруашылықтарының есебінен болып отыр. Бүгінгі ауылда өз күнін өзі көріп, біреуден ілгері, біреуден кейін тіршілік көріп отырған малшылар қатары да күн сайын артып келеді.
Сол себепті ауыл жағдайын көтеруге арналған үш жыл бедерінде ауыл тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайының нығая түсетіне сенуіміз қажет. Нарықтық экономикаға өту кезінде қатты қиындықты бастан кешіріп, соққыға ұшырап, дәрменсіз халге жеткен ауылдарымыз, қолдау көрсетілер үш жыл ішінде еңсесін көтеріп, Қазақстан экономикасының дамуына үлес қосатынына және бірден-бір дамыған сала болатына сенімдеміз.
1.2. Оңтүстік Қазақстан облысындағы ауыл жағдайы
2002 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық бюджетінен Ауыл шаруашылығы саласына да біршама қаражат бөлінген. Нақтыланған бюджет сомасы 237896,0 мың теңге, кассалық есебі 171149,0 мың теңге, атқарылуы 71,9 пайызды көрсетіп отыр. Облыстық бюджеттен ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында 80000,0 мың теңге несие бөлінді. Бұл сома 100 пайыз көлемінде өтелген (1-кесте).
Ал 2003 жылы облыстық бюджеттен Ауыл шаруашылығы саласына 389185,0 мың теңге көлемінде қаржы бөлу көзделінген, оның ішінде тікелей ауыл аумақтарға 16877,0 мың теңге қарастырылған. Ауыл шаруашылығын дамыту және қолдау мақсатында 120000,0 мың теңге несие бөлінген. Енді жалпы 2003 жылғы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ауыл шаруашылығына бөлінген қаражаттың орындалу барысына назар аударайық: нақтыланған бюджет 412618,0 мың теңге, кассалық есебі 411184,0 мың теңге, ал атқарылуы 99,7 пайызды көрсетті. Ауыл шаруашылығын өркендетуге бөлінген несиенің көлемі 120000 мың теңге болды және осы несие қаражаты толық өтелді (1-кесте).
2004 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық бюджетінен Ауыл шаруашылығы саласын дамытуға 495583,0 мың теңге көлемінде қаржы бөлінді, оның ішінде тікелей ауыл аумақтарды қаржыландыруға 45000,0 мың теңге қарастырылған. Ауыл шаруашылығын дамыту және қолдау шараларына орай 270000,0 мың теңге несие бөлінген. Жалпы 2004 жылдың нақты орындалуының қорытындысына тоқталатын болсақ: нақтыланған бюджет 571063,0 мың теңге, кассалық есебі 569690,0 мың теңге, ал атқарылуы 99,8 пайызды көрсетті. Ауыл шаруашылығын дамытуға бөлінген несиенің көлемі 270000 мың теңгені құрады және бұл несие сомасы толығымен бюджетке қайтарылды (1-кесте).
Ауыл жылының соңғы 2005 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық бюджетінен Ауыл шаруашылығы саласына 550450,0 мың теңге көлемінде қаржы бөлінді, оның ішінде тікелей ауыл аумақтарды қаржыландыруға 47928,0 мың теңге қарастырылған.
Оңтүстік Қазақстан облыстық бюджетінен ауыл шаруашылығына бөлінген қаражаттың орындалу барысы (1- кесте)
мың теңге
Көрсеткіштер 2003 ж 2004 ж 2005ж
Нақтыланған бюджет 412618,0 571063,0 550450,0
Кассалық есебі 411184,0 569690,0 —
Атқарылуы (%) 99,7 99,8 —
Аталған көрсеткіштерден ауыл шаруашылығына бөлінген қаражаттардың сомасы жылдан-жылға артқанын байқауға болады және оның орындалу барысы да жоғары көрсеткіштерді көрсетіп отыр. Міне, сондықтан да ауыл экономикасының дамуында ілгері басушылық бар екенін байқауға болады.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 2003 жылдың 8 айында 29000000 мың теңгені құрады, бұл 2002 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда – 9 пайыз артық. 2003 жылдың қаңтар-маусым айларының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 14592600 мың теңгені құрады, бұл 2002 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,4 % артық.
1.3. Шаруа қожалықтарының көрсеткіштері
2003 жылғы 1 шілдеде облыста 50062 ауыл шаруашылық тауар өндірушілер әрекет етсе, оның 48670-і шаруа (фермер) қожалықтары, 905 өндірістік кооператив, 466 шаруашылық серіктестігі және 14 элиталық тұқым шаруашылығы және асыл тұқымды мал шаруашылығы бойынша республикалық мемлекеттік кәсіпорындары болды.
2003 жылғы 1 қыркүйекте облыста 50308 ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер, оның ішінде 48914 шаруа (фермер) қожалықтары, 905 өндірістік кооперативтері, оның ішінде 12 элиталық тұқым шаруашылығы және асыл тұқымды мал шаруашылығы бойынша республикалық мемлекеттік кәсіпорындары болды.
Облыста құрылған 13 ауылдық несие серіктестіктерінің 6-ы жұмыс істейді. Екі жарым жыл аралығында ауылдық несие серіктестіктері өзінің құрылтайшыларына мал және егін шаруашылықтарын дамытуға 722300 мың теңге несие бөлді. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде облыста 51 МТС құрылды, олар 59 мың га алқапта 56700 мың теңгенің қызметін көрсетті. Ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне көмек көрсету үшін 3 мақта компаниясы, 305 дайындау пункті, мұның 212–і шитті мақта дайындауға арналған, 68 ауыл шаруашылық тауар өндірушілер қауымдастығы, 21 көтерме азық-түлік нарығы қызмет етеді. Ауылдағы тауар өндірушілердің техникалық жарақтандырылуын жақсарту мақсатында облыста «Жәрдем» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны құрылды .
2003 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Оңтүстік Қазақстан облысын тұтас алғанда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі – 41 493500 мың теңгені (ағымдағы республиканың орташа бағасымен) құрады, бұл 2002 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 9,1 артық.
Алынған мәліметтер бойынша 2003 жылдың 10 айында Оңтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 74800000 мың теңге болды. Бұл 2002 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,2 пайыз артық. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 54700000 мың теңгенің өнімін берді. Бұл жалпы ауыл шаруашылық өнімдерінің 73,2 пайызын құрайды. Мал шаруашылығы өнімдері – 20100000 мың теңге болды. Сөйтіп жалпы өнімнің 26,8 пайызын құрады. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің 37,0 пайызын мақта, көкөніс – 8,9%, дәнді-дақылдар – 7,0%, мал мен құс еті – 14,1% , сүт өнімі – 9,8 % болды.
Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің күзгі-дала және жиын-терім жұмыстарын жүргізуге облыс әкімінің «ПетроҚазақстанойлпродактс» ААҚ-ы басшыларымен арадағы келісіміне сәйкес 6 мың тонна арзан дизель отыны алынды. Жиын-терім жұмыстарына қосымша 14 мың тонна арзан дизель отынын алу үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде.
2004 жылдың қаңтарында облысты тұтас алғанда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 1880800 мың теңгені құрады, бұл 2003 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8,4 пайыз артық .
«Елбасымыз 2003-2005 жылдарды «Ауыл жылдары» деп жариялануына байланысты ауыл шаруашылығының аса маңызды ресурстарының бірі – жерді тиімді пайдалануға басты назар аударылуда.
Жер учаскелерін сатып алу құнынан бюджетке 374000 мың теңге түсті немесе 2002 жылғыдан 105000 мың теңгеге артық.
Жер учаскелерін жалға беруден 77000 мың теңге немесе 2002 жылғыдан 19000 мың теңгеге артық түсті.
Облысымыздың экономикасын шикізаттықтан өндірістікке өткізу жөніндегі саясатты іске асыруда 2002-2003 жылдарға арналған Оңтүстік Қазақстан облысының өнеркәсібін дамыту және импорт алмастыру бағдарламасы үлкен роль атқарды. Бағдарламаның мақсаты – облыстың өнеркәсіптік өндірісін тұрақтандыру мен дамыту, тоқтап тұрған және жаңа өнеркәсіптік кәсіпорындарды іске қосу, импорт алмастыру, инновациялық-инвестициялық саясатты жүргізу болып табылады.
2003 жылы тоқтап тұрған кәсіпорындарды және жаңа өндірістерді іске қосу, өндірісті ұлғайту, жаңа өнім түрлерін шығару есебінен 41 кәсіпорында қосымша 3271 жұмыс орны ашылды.
2003 жылы облыс кәсіпорындарымен импорт алмастырудың 10,6 млрд.теңгенің өнімі жеткізілді немесе 2002 жылмен салыстырғанда 8,2 пайыз артық. Жанар-жағар май, трансформаторлар, жоғары вольтті аппаратура, экскваваторлар, дәрі-дәрмектер жөнелтілді.
Сапаны басқарудың халықаралық стандарттарына өту белсенді жүргізілуде. Облыстың екі кәсіпорнында сапа жүйесі нәтижелі игерілді, бұлар халықаралық ИСО 9000-2000 сериялы стандарттарына сәйкес: «JTI Central Asia” ЖАҚ-ы және “ФутМастер” ЖШС-і.
Облысты тұтыну нормаларына сәйкес, азық-түлікпен қамтамасыз ету, аграрлық өнеркәсіп кешенінің тиімді жүйесін қалыптастыру, бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылық өнімін өндіру мен оны өңдеу мақсатында әзірленген Оңтүстік Қазақстан облысының 2003-2005 жылдарға арналған аргарлық азық-түлік бағдарламасы іске асырылды.
Азық-түлік бағдарламасын талдау барысында, 2003 жылы бағдарламаның бірінші жылғы негізгі тапсырмаларының орындалғаны анықталды. Облыс халқы тұтыну ережесіне сай азық-түлікпен, атап айтқанда: картоп –109 %, сүт – 117,8 %, көкөніс пен бақша – 6 есе, өсімдік пен мал майы – 111,6 %, макорон – 100 % қамтамасыз етілді.
Астықтың жалпы өнімі 497,4 мың тоннаны құрап, бағдарламадан 157,4 тоннаға артық орындалды. Әр гектарынан орта есеппен 20,5 центнерден мақта өндіріліп, барлығы – 402,0 мың тонна мақта өнімі жиналды, бұл бағдарламадан 20 пайыз артық. 2003 жылы 418,3 мың тонна көкөніс, 137,7 мың тонна картоп өндіріліп, яғни бағдарламадан тиісінше 66,3 мың және 19,7 мың тонна артық өндірілді.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеудің үлесін арттыру мақсатында 70 ірі ашық акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер және 900-ден аса шағын цехтар мен кәсіпорындар жұмыс істеуде. 2003 жылы осы кәсіпорындар 16600000 мың теңгенің өнімін шығарды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3300000 мың теңгеге артық.
Қолда ауыл шаруашылық техникаларын жаңалау мақсатында “Жәрдем” мемлекеттік….