Курстық жұмыс: Экономика | Аргентинаға экономикалық географиялық сипаттама
Мазмұны
Кіріспе…………………………………………………………………………………………………………3
І – тарау Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы
І.1 Пайдалы қазбалары……………………………………………………………4
І.2 Климат ерекшеліктері…………………………………………………………6
І.3 Халқы және оның орналасу ерекшеліктері……………………………..8
ІІ – тарау Шаруашылығына жалпы сипаттама
ІІ.1 Шаруашылығының даму ерекшеліктері…………………………………11
ІІ.2 Өнеркәсіп кешені……………………………………………………………13
ІІ.3 Ауыл шаруашылығы………………………………………………………….18
ІІ.4 Көлік жүйесі………………………………………………………………….21
ІІІ – тарау Сыртқы экономикалық байланыстары мен ішкі айырмашылықтары
ІІІ.1 Сыртқы экономикалық байланыстары……………………………………23
ІІІ.2 Ішкі айырмашылықтары…………………………………………………….25
Қорытынды………………………………………………………………………..30
Пайдаланған әдебиеттер
Қосымша
І – тарау Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы
І.1 Пайдалы қазбалары
Аргентинаның экономикалық дамуының табиғи негізіне жер ресурстары үлкен ықпалын тигізді. Аргентина жер шарындағы үлкен көлемді жерлерге ие: бұл Пампаның шүйгін шөпті дала кеңістігі, мұндағы қара топырақты В.В. Докучаев Ресейдің қара топырағымен бірдей құнарлы деп баға берген.
Аргентинаның табиғи ерекшеліктері оның территорясының үлкен көлемде оңтүстіктен солтүстікке қарай алып жатуына тікелей байланысты. Жер бедерін диагональ бойынша екі бөлікке бөлуге болады: жазықты — солтүстік және шығыс ; қыратты — батыс және оңтүстік. Солтүстігінде Гран – Чако жазығы, солтүстік шығысында — Междуречье, шығыста Пампа аумағы алып жатыр. Пампаның мұхитқа жақын бөлігі тегіс жазық, батысында ол көтеріліп андалдылық белдемге ауысады. Ол Прекордильер мен Пампа – Сьерраның докембрийлік жыныстарынан құралған. Аргентинаның батыс шекарасында Анд таулар жүйесі созылып жатыр, ол солтүстік батыста кеңейе түседі. Одан 3-4 мың. м биіктікте кең ауқымды тасты жазық Пуна алып жатыр. Орталық Андыда Оңтүстік Американың ең биік нүктелері Аконкагуа ( 6960 м ) және Тупунгато ( 6800 ) орналасқан. Рио – Колорадодан оңтүстікке қарай Патагония қыраты жатыр.
Анды қатпарлы белдемінде және Прекордильер мен Пампа — Сьерраның кристалды жыныстарында метал рудалары өте көп. Бұлар Аргентинаны қорғасын – мырыш, мыс, марганец және сирек кездесетін метал – вольфрам және берилиймен қаматамсыз етеді. Патагониядағы Сьерра — Грандеде темір рудалары бар, бірақ сапасы жоғары емес. Отын – энергетика кешенімен мұнай мен табиғи газдың маңызы зор. Олардың қоры Патагония платформасының қалдықты жыныстары және Прекордильер мен Анд тау аралық жазықтарында ( Неукен, Мендос, Сальта провинцияларында ) шоғырланған. Битуминозды және суббитуминозды көмірдің шамалы қоры Патагонияда бар. Бейметал рудаларының қорынан Аргентина әлемдегі табиғи бортаттың ірі кен орындарыынң бірі.
І.2 Климат ерекшеліктері
Аргентина 3 климаттық белдеуде жатыр: тропиктік, субтропиктік және қоңыржай. Жылдың орташа температурасы солтүстікте 24°C –тан оңтүстікте 5°C- қа дейін ауытқып отырады.Ең жылы ай – қаңтардың ортагша температурасы солтүстікте +29°C, оңтүстікте +14°C болады. Ең суық ай – шілденің орташа температурасы + 17°C, оңтүстікте +2° С жетеді. Елдің климатын Атлант мұхитының теңіз ауа массаларын қалыптастырады. Дегенмен территорияның жартысынан көбі жеткілікті ылғалданбаған аудандардан тұрады. Бұл тау жүйесінің мередиан бағытында орналасқандықтан ылғалды ауа массаларын ұстап қалады. Ендік бағытында тау жүйесінің жоқтығынан Аргентинаның барлық территориясы оңтүстікте және солтүстікте салқын ауа массаларына ашық болады.
Аргентина өзендерінің экономикалық гидропотенциалы 30 млн. кВт –қа бағаланады. Оның көп бөлігі Парана – Уругвай бассейні мен Патагония өзендері құрайды.
Парана — Оңтүстік Америкадағы ұзындығы мен көлемі бойынша екінші өзен. Аргентина экономикалық өмірінде басты кеме жолы мен электроэнергия, су көзі болып табылады.
Табиғи ортаның алуан түрлілігі өсімдік – топырақ жамылғысының тарулуында да айқын көрінеді. Мұнда тропиктердің қызыл қызыл топырақтары да, даланың қара топырағы, шөлейттің сұр – қоңыр топырағы да кездеседі. Климат және топырақ жағдайларының үлкен ауқымдылығы ауыл шаруашылығының әртүрлі салаларын дамытуға, тропиктік және қоңыржай ендіктердің өсімдіктерін өсіруге қолайлы. Аргентина жер көлемінің 20 % -ын орман алып жатыр.Оған Междуречье мен ылғал Андының самырсын ормандары, Чакодағы кебрачо ормандары ( таннин заты бар ағаштар ) жатады.
І.3 Халқы және оның орналасу ерекшеліктері
Аргентина – көші – қон елі және бұл оған тән ерекшеліктердің бірі. Үндістердің біраз бөлігі 16 ғас. Отарлау кезінде және 19 ғас. соңына дейін Пампа және Патагония жерлерін тартып алу кезінде қырып тасталған.
Аргентина ұлты жергілікті үндістермен араласқан креолдардан, ал 19-20 ғасырларда қоныс аударған көптеген иммигранттардан құралған. Сол себепті Аргентина ( Уругваймен бірге ) Латын Америкасындағы «ең ақ » елдердің біріне жатады. Иммигранттрдың ұлттық құрылымы әр алуан түрлі: испандықтар мен итальяндықтар басым, француздар, немістер, ағылшындар, славян халықтары қоныс аударды. Революцияға дейінгі Ресейден көшіп келген қоныс аударғандардың ұрпақтарынан негізінен украиндар, белорустар, орыстар басым. Аргентина әртүрлі ұлттар мен халықтардың тұрмысы, мәдениеті мен дәстүрлерінің жиынтығы.
Заң бойынша Аргентина территориясында туылған әрбір адам аргентиндік болып саналады. Мұнда сонымен қатар итальяндықтар, испандықтар, немістер, поляктар, армяндар өмір сүреді. 20 ғасырдың 70-80 – ші жылдары Аргентина эмиграция еліне айналды, бұл ең алдымен « ақыл – ойдың сытылуы » есебінен жүрді. Бірақ Аргентинаға Латын Америкасының көршілес елдерінен — Боливия, Парагвай, Перуден көбінесе маусымдық жұмыстарға келеді. 90 жылдары Шығыс Еуропадан имигранттар келе бастады.
Еуропалық имиграция Аргентина халқының көптеген спецификалық ерекшеліктерін анықтап берді. 19-20 ғасырда халық саны тез өсьі. Бұл кездері елге жылына 100 мың адам қоныс аударатын. Миграция – халық санының өсу қарқынды жүруін және еңбекке жармды халықтың көп болуын, орналасу ерекшеліктерін түбегейлі өзгеріске әкелді.
Қазір Аргентинада халық саныынң өсу қарқыны табиғи жолмен анықтылыды: 90 жылдың ортасында туу көрсеткіші Латын Америкасындағы ең төменгі көрсеткіштерге ие — 1,2% ( Уругвайдан кейінгі ). Бұл халықтың жастық құрамында да байқалады: 15 жасқа дейінгілердің санының азаюы мен 65 – тен жоғарылардың саны жоғары. Экономикалқы белсенді халық барлық халықтың 40% — ын құрайды. Жартысына жуығы қызмет көрсету саласында, 10 % — ы ауыл шаруашылығында, 1/3 — і өнеркәсіп пен құрылыста жұмыс жасайды.
Әлеуметтік — экономикалық көрсеткіштер бойынша Аргентина Латын Америкасындағы көптеген елдерді басып озады. Халықтың жасы 15 –тен жоғарыларыынң 4% сауатсыз. Бала өлімі мың адамға 29 нәрестеден келсе, бір дәрігерге 320 тұрғыннан келеді.
Аргентинаға Пампаның төңірегіне тұрғындардың көп шоғырлануы мен астанның урбанизациясы тән. Орналасудың мұндай құрылымы имиграция арқылы жүзеег асты. Имиграция Буэнос – Айрес порты сол кздері сыртқа шығуға мүмкіндігі бар жалғыз порт болғандықтан эмигранттар Пампаға жақын немесе астананың өзне шоғырланды. Буэнос – Айрес және Санта – Фе провинциясында и халық тығыздығы өте жоғары 1 км2 100 адамнан келеді. Ал жалпы ел бойынша халықтың орналасу тығыздығы 1 км2 12 адамнан келеді. Ішкі аудандар аз қоныстанған, әсіресе Рио — Негродан оңтүстікке қарай 1 км2 1 адамнан келеді.
Қалаларда халықтың 87% тұрады, ал Буэнос – Айреста қала халқының 2/5- і тұрады. Буэнос – Айрета 12 млн. адам тұрады. Әлемдегі ең ірі 10 агломерация қатарына жатады. 90 ж басында Аргентинада 100 мыңнан астам тұрғыны бар 24 қала бар болатын. Ауыл тұрғындары көп емес. Бұл ірі жер иеленушілік пен жердің тапшылығы, мал шаруашылығының көп жұмыс қолын қажет етпейдіктен Аргентинаны көп жерде шаруаларсыз аграрлы ел деп те атайды.
ІІ – тарау Шаруашылығына жалпы сипаттама
ІІ.1 Шаруашылығының даму ерекшеліктері
Испания отарынан құтылғалы бері ( 1816 жылы ) Аргентинаның экономикалық дамуының ерекшеліктері әлемдік капиталистік шаруашылықықа зәрулігімен сипатталады. XIX ғ ортасында дүниежүзілік рынокта, алдымен европалық рынокта ауылшаруашылық өнімдеріне сұраныс болуы, қолайлы табиғат жағдайлары, Пампаның кең ауқымды өнімді жазықтары, халқы аз Аргентинаға жұмыс қолдарын берген европалық иммиграция Аргентинаның тез қарқынмен экономикалық өсуіне және әлемдегі алдыңғы қатардағы бидай, ет, жүн экспорттаушы елге айналуына жағдай жасады. Бір уақытта ол шет елдік кпиталға туелдә болып қалды, алдымен ағылшын кейінірек американдық.
Шетелдік инвестиция ең алдымен АҚШ, Германия, Япония, Франция, Италия экономиканың басты салаларына үстемдік етуде. Шетелдік капитал негізінде ерте басталған капитализм Аргентинаны 1930 жылдары дағдарысқа ұшыратты. Сонымен қатар ұзақ уақытты инфляцияға, әлемдік экономикадағы және өз аймағындағы рөлінің төмендеуіне әкелді. Үкімет, ең алдымен Х.Перона (1946 – 1955жж ) тығырықтан шығудың жолын шешуді мемлекеттік бағытты дамытуда көрді, бірақ бұл ешқендай нәтиже бермеді. Дегенмен Аргентина – Латын Америкасындағы экономикалық даму жағынан алдыңғы қатарлы ел. Оның үлкен агрорсурстары бар және ауыл шаруашылық өнімдерін шығаратын және экспорттайтын ел. Сонымен қатар континенттің өнеркәсіптік дамыған және жоғары деңгейдегі өнеркәсіптің көптеген салаларын қамтиды. Аргентина аймақтағы өзінің ғылыми – техникалық потенциалымен ерекшеленеді: кадрлар даярлау және зерттеулер университеттерде жүргізіледі. Елде олардың жалпы саны 70 асады. ЖІӨ үлесінде 15 алдыңғы салаларға, 30% өңдеу өнеркәсібіне, құрылыс, электр, газ, сумен қаматамасыз ету, қалғаны – қызмет көрсету салаларына тиесілі. Аргентина жаңа өндірістік ……