Курстық жұмыс: Информатика | Деректер базасын құру SULPAC компаниясы
Мазмұны
Кіріспе
І.Есептің қойылымы
ІІ. Есептің алгоритмі
ІІІ.Теориялық бөлімі
3.1 DELPHI ортасында жұмыс
3.2 Мәліметтер базасының кестесін құру
3.3 Программаның баяндалуы
3.4 Негізгі программаның логикалық құрылымы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қосымша
І. Есептің қойылымы.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты−деректер базасын құру және онымен жұмыс істеу. Delphi программалық жүйесінде компьютер жайлы хабар беретін мәлеметтер базасын құрдым.
ІІ. ЕСЕПТІҢ АЛГОРИТМІ
1. «Компьтер құрушылар жүйесін құру» тақырыбын ашатын «аты», «бағасы» және «анықтамасы» объектілерін таңдау;
2. Таңдалған объектілерге сәйкес мәліметтер жинау;
3. Объектілерді зерттеп, атрибуттарын анықтау;
4. Администратор рөлінде болып, барлық ақпараттарды құрастырамыз және жүктейміз.
5. Мәліметтер базасымен жұмыс істеуді ыңғайлы ету үшін,формалар және статистикалық мәліметтері бойынша есеп беруді құрамыз.
6. Мәліметтер базасымен тез әрі эффективті жұмыс істеу үшін, қолданушы менюын құрамыз.
7. Delphi ортасында зерттелген объектілер бойынша мәлімметтер базасын құру.
ІІІ. Теориялық бөлім
SULPAC компаниясы
SULPAC компаниясы 1991 жылы құрылған. Компанияның сол кездегі негізгі мақсаты жоғарғы технологиялық процесстерді өндіріске енгізу. Ең алғашында компаниядағы барлық жұмысшылар саны 12 адамдай болған. Компанияның ұйымдастырушысы мен жетекшісі Ким 1994 жылы » SULPAC » акционерлік қоғамының Өзбекстанда, Алыс шыѓыста , Алтайда жєне Ќазаќстанда бас дилер статусына ие болды жєне консигнационды ќойма компания сатушысы болды. Компанияның келесі даму қадамы қарым-қатынасты жақсарту және жақын шетел елдерінде және Моңғолияда УАЗ-сондай сияқты компаниялрмен партнерларды табу.
1996 жылы SULPAC табысты жұмыс жасау үшін жұмысшыларға бар қамтамасыз жасады. Өйткені, табыс көзі болып осы жмысшылар болды
SULPAC компанияның бірінші бөлімі Қырғызтан қаласында ашылды. Сол жылы Қырғызтан қаласының партнерлерімен қарым-қатынас орнатып, компьютер саласына сатумен айналысады.
1997 жылы SULPAC жаңа сауда базасын (30000 кв.м.) сатып алады.
SULPAC компаниясында клиент тілегімен коипьютер құрылғысын алған үшін сыйлық ретінде әр түрлі ойындар, музыка, кино, программалар беріледі.
Қызмет спектрлерін кењейту үшін клиенттерге несиеге және лизингке алу нұсқаларын ұсынады. Осы нұсқаны іске асыру үшін компания банктермен, лизингтік және саќтандыру компаниялармен келісім-шарт орнатты.
3.1 DELPHI ортасында жұмыс
Мәліметтер базасын ұйымдастыру
Мәліметтер базасы кейбір қолданбалы ақпараттық жүйеде қолданылатын деректерді қамтиды. Мысалы: ’Сирена’ немесе ’Экспресс’ авиа және теміржол билеттерін сату системасы. Мәліметтердің ұйымдастыру түріне байланысты мәліметтер базасындағы деректердің негізгі модульдері келесі түрде болады:
• иерархиялық
• желілік
• реляциялық
• объекті-бағытталған
Иерархиялық модельде деректер ағаштәріздес (иерархиялық) құрылым түрінде беріледі. Деректердің осындай ұйымы иерархиялық реттелген ақпараттармен жұмыс жасағанда ыңғайлы, бірақ қиын логикалық байланыстармен жұмыс жасағанда иерархиялық модель әлсіз .
Желілік модельде деректер ерікті граф түрінде ұйымдастырылады. Желілік модельдің кемшілігі болып, құрылымының қаттылығы және оны ұйымдастырудың қиындылығы болып табылады. Сонымен қатар, иерархиялық және желілік модельдерінің кемшіліктерінің бірі болып, деректер құрылымының деректер базасын жобалау кезінде берілуі және деректерге қатынау барысында өзгертуге келмейді.
Объекті-бағытталған модельде мәліметтер базасының жазбасы объект түрінде беріледі. Объекті-бағытталған модель желілік және реляциялық модель ерекшеліктерін қамтып, күрделі мәліметтер базасын құруда пайдаланылады.
BDE Administrator
DELPHI қолданбасы деректер базасына қатынауды BDE ( Borland DataBase Engine- Borland фирмасының деректер базасының поцессоры ) арқылы жүзеге асырады. BDE өзінен деректерге қатынайтын динамикалық кітапханалар және драйвер жиынтығын құрайды. BDE деректер базасымен жұмыс істейтін барлық компьютерлерге орнатылуы тиіс. Деректер базасына BDE арқылы жіберілген сұраныс, қолданушы сұратқан деректерді алады.
Жергілікті деректер базасы және онымен жұмыс істейтін қолданба бір компьютерде орналасады. Бұл жағдайда ақпараттық жүйе жергілікті сәулетке ие. (1.2.1- сурет)
1.2.1- сурет. Дербес сәулет
Деректер базасымен жұмыс, ережеге сай, бірқолданушылық режимде жұмыс істейді. STANDART драйверлер үшін, әдетте Paradox деректер базасы, мінездемелер псевдонимі жиынтығы минималды болады: Type – драйвер аты және PATH – деректер базасына жол. PATH параметрін басқанда, сіз көп нүктелі батырманы көресіз. Оны басқанда Windows – тің жаңа каталогты таңдау стандартты диалогы ашылады, ол арқылы біз керекті каталогты таңдап аламыз.
STANDART типті драйверлерді тек Paradox, dBASE, FoxPro кестелері үшін қолдануға болады.
Жергілікті деректер базасына қатынау үшін BDE деректер базасының процессоры стандартты драйверлерді қолданады. Олар dBase, Paradox, FoxPro және текстік файлдарымен жұмыс жасайды. Жергілікті деректер базасын қолданғанда, желіде деректер базасына көпқолданушылық қатынауды ұйымдастыруға болады. Бұл жағдайда деректер базасының файлдары және осымен жұмыс істейтін қолданбалар желінің серверінде орналасады. Сонда әрбір қолданушы өз компьютерінен серверде орналасқан қолданбаны қосқанда, өз компьютерінде қолданбаның көшірмесі іске қосылады.
3.2 Мәліметтер базасының кестесін құру
Деректер базасын құрайтын кестелер қатты дискідегі каталогта тұрады. Кестелер файлдарда сақталып , бөлек құжаттарға немесе электрондық кестелерге ұқсас. Кестелерді көшіруге, орнын ауыстыруға болады. Бірақ, құжаттарға қарағанда, деректер базасының кестелері көпқолданбалы қатынау режимін қолдайды, яғни бірнеше қолданбалармен бірмезгілде қолданылуына болады. Бір кесте үшін ( деректер, кілттер, индекстер т.б құрайтын ) бірнеше файлдар жасалады. Осылардың ішінде негізгісі болып кестенің атымен аталатын деректер файлы болып есептеледі. Кестені таңдағанда, әсіресе оның негізгі файлы таңдалады. Мыс: dBase кестесі үшін кеңейтіндісі DBF болатын файл, ал Paradox кестесі үшін DB кеңейтіндісі болып табылады. Деректер базасының әрбір кестесі жолдан және бағаннан тұрады, бір типті объектілердің ақпараттық жүйелер деректерін сақтауға негізделген.
Өріс мүмкін болатын типтің деректерін қамтиды. Кестенің негізін оның өрісінің сипаты құрайды. Әрбір кестенің кем дегенде бір өрісі болуы тиіс. Кестенің құрылымдық түсінігі өте кең және оның құрамына:
• өріс сипаты
• кілт
• индекс
• өрістің мәтініне шек қою
• кестелер арсындағы біртұтастықты сақтау
• парлольдер
кіреді. Кестені құрғанда кестенің аты және құрылымы беріледі. Кестенің атын өзгерткенде кесте және оның файлдары жаңа атқа ие болады. Бұл үшін деректер базасының кестелерімен жұмыс істейтін арнайы программалар қолданылады. Мыс: Database немесе Data Pump. Дискіден кестені жойғанда, оның барлық файлдары да жойылады.
Ал енді мәліметтер базасымен жұмыс жасамас бұрын, біз оның каталогын құрып алайық. Ол каталог бізде C:Program FilesBorlandDelphi7Projects Баха практика. Деректер базасын құру DatabaseDesktop (DBD) утилит көмегімен іске асырылады. DBD утилит көмегімен кестені құруға және оның құрылымын өзгертуге, оның біріншілік кілттерін және индекстерін, жазбалар құру және өзгертулер жасауға болады.
Жаңа кестені құру келесі команда бойынша іске асады: ПускПрограммыBorland Delphi7Database Desktop. DBD кірген мезетте жұмыс істейтін каталогты таңдап алу керек. Ол үшін DBD менюінде FileWorking Directory және көрсетілген терезеден С:Program FilesBorlandDelphi7ProjectsБаха практика каталогына сілтеме жасаймыз. DBD кестесін құру үшін FileNewTable. DBD Create Table терезесін шығарады, оның форматын таңдап алу керек. (1.2.2-сурет)
1.2.2-сурет
ОК-ді басып, біз осы форматты аламыз. Экранда келесідей сурет шығады:
1.2.3-сурет. Кестенің құрылымын құру суреті
Құрылып жатқан кестенің әрбір өрісіне бір жазба сәйкес келеді. Field Name бағанына өріс атын, Type – символ, өрісте сақталынатын мәліметтердің типін анықтайды. Size бағанына – сан қойылады, өрістің ұзындығын анықтайды, Key–«*» символы, егер бұл өріс бойынша біріншілік кілт қою керек болса.
Кестенің қасиетін беру
Validity Checks – бұл қасиет кестенің мәндерінің дұрыстығын тексереді. Бұл бөлімнің оң жақ терезесі 1.2.1 – кестеде көрсетілген және өрістік типіне қарай өзгеріп отыруы мүмкін:
1.2.1 – кесте Validity Checks қасиеттері.
Required Field
Бұл индекаторда әрбір жазбада керекті жолдар белгілену керек.
Minimum Мәннің минимумы. Бұл қасиет сандық өріске берілу тиімді.
Maximum Мәннің максимумы. Бұл қасиет сандық өріске берілу тиімді.
Default Бұл қасиетті сандық және логикалық өрістерге, ал кейбір жағдайда символдыққа қолдану тиімді.
Picture Енгізілетін мәннің түрін корсетуге болады. Мысалы, телефон номерінің шаблоны (## — ## — ##).
Assist Бұл батырма Picture түрін құруға көмектесетін диалогтық терезені шақырады.
Table Lookup – бұл бөлім берлген кестенің өрісін басқа көрсетіліп отырған кестенің өрісімен байланысын көрсетеді. Table Lookup – ті таңдағаннан кейін Define – анықтау батырмасы шығады. Бұл батырманы басқанда көру диалогтық терезесі ашылады. Бұл терезеде драйверлер мен псевдонимдерді қолдана аламыз.
Secondary Index – бұл бөлім ары қарай жұмыс барысына керекті екінші индекс құруға мүмкіндік береді.
Жаңа индекс құру үшін Define – анықтау батырмасын басу керек. Бұл батырманы басқанда көру диалогтық терезесі ашылады. Оның cол жақ терезесінде Fields қатынау өрістерінің тізімі көрсетілген, ал оң жақ терезесінде Indexed fields екінші индекс болатын өрістер көрсетіледі.
Index Options радиобатырма панелі келесідей қасиеттерді құруға мүмкіндік береді:
1.2.2 – кесте Index Options радиобатырма панелі
Unique Бұл опция екінші индекс болатын өрісті болдырмайды, егер кестеде бір – біріне ұқсас өрістер болса.
Descending Бұл опция кестені кему бойынша реттейді.
Case Sensitive Бұл опция енгізілген символдардың регистріне назар аударады.
Maintained Егер бұл опция тұрса, онда кестеде өзгерістерден кейін индекс ауысып тұрады.
Referential Integrity – бұл бөлім әртүрлі кестелердің арасында бүтін сілтеме байланыстарды қамтамасыз ету үшін қолданылады. Егер екі кестенің арасында сілтеме байланыс көрсетілсе, оның біреуі – бас, ал басқасы – қосымша кестелер, онда қосымша кестеде бас кестеден алатын мәннің өрісі көрсетіледі. Сонымен қатар, бас кестедегі кілттік өрістің өзгерістеріне қосымша кестенің өзгеруін қамтамасыз ететін операция көрсетуге болады. Бұндай бүтін сілтеме деңгейі барлық кестелерге тән емес, бірақ Paradox 7 – де барлығы қарастырылған.
Update rule – радиобатырмалар тобы егер бас кестеде кілттік өрісті өшіргенде қосымша кестеде болатын өзгерістерді анықтайды. Егер Prohibit – ті таңдасақ, онда Database Desktop бұндай операцияны болдыртпайды. Егерде Cascade опциясы тұрса, онда кілттік өрісі бар бас кестеде өзгеріс болса, онда қосымша кестеде де өзгеріс блады. Ал егер сіз бас кестеден кілт өрісі ба….