Курстық жұмыс: Химия | Экстрациялык фосфор кышкылын тазалау

0

Мазмұны

Кіріспе
1. Тақырып бойынша ғылыми-зерттеу жұмысына аналитикалық шолу
2. Зерттеудің мақсаты мен міндеті
3. Тәжірибелік бөлім
Шикізат пен өнімге мінездеме
Зерттеуді жүргізу
Техника және талдау әдістерін таңдау
Зерттелген объектілер мен материалдардың нәтижелері (есептеу)
Еңбекті, қоршаған ортаны және техникалық қауіпсіздігін сақтау
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Қазақстан Республикасының барлық дерлік облыстарында бейорганикалық заттар өндіретін үлкенді – кішілі зауыттар жеткілікті. Олардың барлығы да қазіргі кезде қайта құрылып, нарық жағдайына бейімделіп жұмыс істей бастады.
Химия өнеркәсібі және оның өнімдері адам өмірінің күнделікті тіршілігінде, халық шаруашылығының көптеген салаларында қолданылуда. Олардың қатарына ауыл шаруашылығына қажетті минералды тыңайтқыштар жатады. Тыңайтқыштар өсімдіктермен жақсы сіңірілуі арқасында өсуіне және өнімнің артуын жақсартады.
Қазақстан Республикасының экономикасын, халықтың жағдайын жақсарту үшін өте тиімді, экологиялық таза жан-жақты зерттелген инновациялық жаңа технологияларды өнеркәсіпке енгізу қажет. Сондай-ақ минералды тыңайтқыштардың көптеген түрлерін шығару арқылы өнімділікті арттыруға болады. Ондай минералды тыңайтқыштарға суперфосфат, аммоний фосфаты, күрделі тыңайтқыштар, гумусты тыңайтқыштар, аммофос, диаммофос, нитрофос, нитроаммофоска т.б. жатады.
Тыңайтқыштардың құндылығы олардағы қоректік элементтердің суда ерігіштігімен, сіңірімділігінің массалық үлестерімен өлшенеді. Сіңірімділік тыңайтқыштардың құрамындағы қоректік элементтердің суда ерігіштігімен қатар, аммоний цитраты және екі пайыздық лимон қышқылы ерітінділерінде ерігіштіктерімен өлшенеді.
Фосфатты электротермиялық өңдеудің артықшылығы барлық фосфаттардан, соның ішінде төмен сапалы фосфатты қолдануда жоғары дәрежелі таза шоғырлы фосфор қышқылын алуға болады. Қышқыл өңдеуге жоғары сапалы емес шоғырлы және қоспалармен қатты ластанған фосфориттер қолданылады.
Реактивтер сияқты жемдік және техникалық фосфаттар таза болу керек, сонымен одан ТФҚ алады, бірақ ол ЭФҚ қарағанда қымбат. Фосфорқұрамдас тыңайтқыш алуда басты бөлігіне арзан ЭФҚ қолданады.
Бұл фосфор қышқылын алудың кең тараған әдісі. Алынған өнімді тыңайтқыштар, жемдік және техникалық өндірісінде қолданады. Күкірт қышқыл экстракция процесінің табысты іске асырылуының негізгі жағдайы алынған кальций сульфатының ірі болуы, оңай бөлінуі және фосфор қышқылынан кристалдануының жақсы жуылуы. Бұл жағдайға жету процесінің жекеленген сатылары тиімді аппаратармен іске асыру анықталған технологиялық режимді ұстау, яғни концентрация, температура т.б параметрлерді тура ұстау кальций сульфатының қажетті формасының тұнбалануына (гипс, жартыгидрат немес ангидрид) және берілген шоғырлы фосфор қышқыл өнімін алуға жағдай жасайды. Алынған қышқылдың құрамында көптеген қалдықтар болады.
1 Тақырып бойынша ғылыми-зерттеу жұмысына аналиткалық шолу
ЭФК апатитты және фосфоритты күкірт қышқылымен ыдырату жолымен алынады. Алғашқы шикі заттың құрамына байланысты алынған ЭФК бірнеше қоспалардан тұрады. Негізгі қоспаларға магний, кальций, алюминий, темір, фтор, күкірт қышқылы сияқты қосылыстар жатады.
Фосфат шикізатын ыдыратқанда жүретін негізгі реакция:
Са5F(PO4)3+5H2SO4+5nH2O-5CaSO4*nH2O+3H3PO4+HF (1)
Табиғатағы фосфаттың құрамындағы қоспаларда күкірт қышқылымен әрекеттеседі., және мұнан әрі сұйық ортаны сульфат тұнбасынан ажыратуды экстракциялық немесе ылғалды әдіс деп атайды. Ыдыратқанда пайда болатын кальций сульфатының формасын байланысты ЭФК-ны үш түрлі режимде алынады: ангидридті, қос гидратты және жарты гидратты. Ең көп тарағаны қос гидратты әдіс, ол 65-800С-та өтіп, 30-32%-ке дейін Р2О5 шоғырлы қышқыл алынады. Сонымен қатар жарты гидрат әдісі де қолданылуда, ол 90-1050С –та өтеді және 50%-ке декйін Р2О5 шоғыры қышқыл алуға мүмкіндік береді, ангидрит әдісімен 1050С-та өтеді 50% Р2О5 жоғары болады. Біріктірілген жартыгидрат-дигидрат экстракция әдістері кең тараған, оларда алдымен жартыгидрат, сонан соң суспензияны суыту және еріту арқылы гипс түрінде кристалдайды. Бұл әдістер шикізатты жоғары дәрежеде қолданып, шоғырлы (50%-ке дейін Р2О5) қышқыл алуға мүмкіндік береді. Жоғары температурада аппарттың коррозияға ұшырауынан сақтанып, фосфор қышқылы және жуғыш ертінді сусыз кальций сульфатының майда кристал арқылы өтуінің нашарлығынан ангидрид әдісі әзірше қолданылмайды. Осы қиындықтардан арылу үшін зерттеулер жүргізілуде.
Осы материал қабатының сүзгілеу қасиеттін анықтайтын және де жуылу тиімділігін анықтайтын экстракцияда түзілген кальций сульфаты кристалының түрі мен өлшемі, қышқылдың шоғыры мен температураға, қанығу дәрежесі мен жағдайына тәуелді. Олар сонымен қатар ертіндідегі ионның Са2+ және SO4-2 шоғырының қатынасына және магний, алюминий, фтор қоспаларының шоғырына тәуелді. Са2+ көп шығынында гипс ұзындығы 20-80мкм болатын жіңішке ине түрінде, ал SO4-2 көп шығынында, керісінше, ені 100мкм және ұзындығы бірнеше жүз микрометрге жетеді.
Біртектес кристалды гипс тұнбасын алу үшін SO3:CaO мольдік қатынасы сұйық ортада 1,5-4,0 аралығында мүмкіндігінше тұрақты болу қажет. Жартыгидраты кристалдауда стехиометриялық қатынасқа жақын, ал ангидридте 10-15 тең болу керек. Ерітіндідегі құрамы сәйкесінше 1,5-2,5; 0,8-1,2; 2,5-4,5% SO3 болу керек. Гипстың кристалдануы аз қаныққан ерітіндіден түзілу қажет. Суспензияны интенсивті араластыруды, оның рециркуляциясы, алдын-ала H2SO4-пен және қайтарымды Н3РО4-пен араластыру жағдайларын қамтамасыз етуге тиімді. Жартыгидрат әдісінде, керісінше жоғары қанығуды ұстайды. Ол шар тектес үлкейген кристалдар түзілуін қамтамасыз етеді.
CaSO4-ң кристалдануына ертіндіде қоспалардың бар болуы да әсер етеді. Ең әсер ететін алюминий және фтор қосылысының қоспасы, олар ертінідіде фторкомплексін (AlFn) (3-n)+ түзеді, изомерлі пластинкалы гипс кристалын және алтыбұрыш жартыгидрат призмасын түзеді.
Суспензияның сұйық күйнде оптималды сульфат құрамын ұстау қышқыл өнімінде P2O5-і жоғары дәрежеде болуының қажетті жағдайы болып табылады. Сульфат шоғырын төмендету фосфат минералдарын ыдырату дәрежесін және жылдамдығын төмендетеді, сәйкесінше СаSO4 кристалл торына Са3(PО4)2 сіңуі өседі, ол SO42-және НРО42- иондарының радиусының мәндерінің жақындығымен байланысты. Бос фосфор қышқылының шоғырын көтеру Р2О5 ұстауын төмендетеді, бірақ СаSO4-ң фосфат дәндерінің бетінде тығыз шылам қабатты кристал түзуіне жағдай жасайды.
Сондықтан іс жүзінде оптималды сульфат көрсеткішін таңдайды, бұл жағдайда ыдырамаған шикізаттың аз болуын, тұнбаның вакуум-сүзгіде жуғанда толық өтпеуіне шығынның аз болуын ескереді.
Экстракцияның оптималды жағдайда фосфат минералдарының ыдырау жылдамдығы жоғары, ал процестің ұзақтығы кристалдану жылдамдығы мен CaSO4 кристалының өсуімен анықталады. Практикада экстракция ұзақтығы әр шикізаттың әртүрлі түрімен және режимінде 4-8 сағат аралығында ауытқиды-бұл жеткілікті ірі, сүзгіште оңай бөлінетін кристалдың түзілуіне және процестің көрсеткішіне реагенттерді үнемдеп беруде қысқа мерзімді ауытқуына кері әсер ететін жағдайдан арылуға мүмкіндік береді.
Үрдістің қажетті ұзақтығы сәйкес реакция жүретін экстракторды таңдап алумен қамтамасыз етіледі, онда реакциялық салмақ, баяу бірақ араласуы жақсы жағдайда өтеді. Реакциялық көлем ретінде бір, екі немесе бірнеше реакторлар қолданылады. Мысалы, экстракторды тікбұрышты ыдыстар түрінде, яғни іші бірнеше секцияға бөлінген , араластырғыш орналастырылған болып келеді немесе 2-8 цилиндр тектес экстракторлар орналасады, соңғы жағдайдағы араластырғыш тек араластырып қана қоймай суспензияны анықталған бағытқа бағыттайды.
Экстракторлар ыстық фосфор қышқылы әсерінен (коррозия) және араластырылатын суспензияның әсерінен қорғалған болу керек. Экстракциялық аппаратың болат корпусы резеңке немесе полиизобутилен қабатымен, қышқылға төзімді кірпішпен немесе графит бөлігімен қапталған. Жұмыс үрдісінде қапталған беті тұнба қабатымен жабылады, ол оны желінуден сақтайды.
Араластырғыштың білігі мен қалақшалары сонымен қатар вакуум-сүзгінің, құбыр және насостың бөлшектерін ЭН-35 және ЭН-943 болатынан, ал салыстырмалы әлсіз қышқылдар үшін-ЭН-448 және Х18Н10Т болатынан дайындайды. Суспензия үшін ең жақсы насостар ортадан тепкіш вертикальды насостар қолданылады.
Фосфат шикізатының, күкірт және қайтарымды фосфор қышқылдарын үнемдегіш қондырғылармен және насостармен экстрактордың бірінші бөліміне береді.
Бірінші бөлімге сонымен қатар соңғы немесе соңғының алдындағы секциядағы суспензияның бір бөлігі қайтарылады, бұл аса қанығуды түсіреді және CaSO4 кристалдану жағдайын жақсартады. Шикізатты ыдырату кезінде бөлінетін НF газын экстракторлық газ ортасынан абсорбция жүйесіне сорылады, онда Н2SiF6 сулы ертіндісімен ұсталынады.Реакторда бөлінетін абсорбция жүйесіне баратын су буы арқылы шығарылады немесе жылу вакуум-буландырғышта қолданылады, оны қуаты насостардың көмегімен айналмалы суспензия вакуум-суыту арқылы шешеді, сонымен қатар H2SO4-ті алдын ала сұйылтады және оны графитті жылу алмастырғышты сумен суытады, бірақ бұл жағдайда тұнбаны жууға берілетін суды азайту керек.
Экстрактордың соңғы бөлімінен суспензияны CaSO4 кристалына және фосфор қышқылы ертіндісін бөліп алуға жібереді. Сұйық ортада фосфогипсті бөлгенде реакциялық салмақты негізгі фильтрат түзеді, ал фосфогипсті қарама-қарсы бағытта сумен жуғанда-жуғыш сузгіш түзеді. Негізгі фильтраттың бір бөлігін өнім ретінде шығарса, ал қалған бөлігін жуынды фильтратпен араластырып қайтарымды қышқыл ретінде пайдаланады. Сүзу жүйесін оның санына байланысты- мысалы, төрт, бесфильтратты және т.б деп атайды.
Фосфогипсті бөлу және жуу құйғыш ленталы конвейерлі-әткеншекті және басқа вакуум-сүзгіште жүргізеді. Сүзгішке негізгі қойылатын талаптың бірі-тұнбаны фосфор қышқылынан таза жуу. Сұйықтықта орналасқан түрдегі сүзгіштер, мысалы, барабанды вакуум-сүзгіш бірнеше сатылы сүзгішті болуын талап етеді. Құйылу түрдегі сүзгіштер негізгі сүзгішті жуынды ертіндімен қосуға мүмкіндік береді, ол бұл буынды едәуір қарапайым күйге әкеледі және оның пайдаланылуын жеңілдетеді.
Көбіне экстракциялық жүйеде үлкен қуатты әткеншекті вакуум-сүзгіш қолданады. Ол жекеленген 24 қайықтан тұрады. Оның түбіне сүзу матасы жайылған. Қайықшалар айналмалы рельспен жүретін дөнгелекті арбашаға қойылған. Қайықшамен бірге айналатын сүзгіштің басын түзетін қозғалмалы екі шайбаның көмегімен насос арқылы фильтрат вакуум-жинағышта сорлады. Сүзгілеуден өткен соң әрбір қайықша жуу және фосфогипсті шығару үшін автоматты түрде басқарылады.
Сүзгілеуші мата сумен жуылып, ауада кептіріледі, сонан соң қайықшалар қайта жұмыс орынына қойылып негізгі сүзу бөліміне ендіріледі. Сүзуші матаны жуғаннан буды немесе тұнбаны жуу бөліміне береді. Бұл P2O5 жоғалуын азайтады және экстракция жүйесінде су айналымының жабық жүйесін құруға мүмкіндік береді.
1м2 бет ауданы бар вакуум-сүзгіште сағатына 500-800 кг гипс тұнбасын немесе 1000-1400 кг жартыгидрат бөліп алады.
Фосфогипстің гигроскопиялық ылғалдылығы 15-40% 1т фосфатты өңдегенде алынатын фосфогипс мөлшері 1,2-1,6т, ол фосфат сортына және кальций сульфатының гидратациясына тәуелді. Жуылған сульфат тұнбасы құрғақ күйінде тасымалдағыш, автомашина және т.б көмегімен шығарылады немесе сумен араласып насос көмегімен шлам жинағыш ортаға сорылады. Қазіргі кезде әлемдік өндіріс практикасында бірнеше ондаған күкіртқышқыл экстракция үрдісінің варианттары берілген. Олардың бір-бірінен ерекшелігі CaSO4 тұнбасын жуу, оны шығарып тастау.
Берілген ерекшеліктер процестің әр режимде өтуін қамтамасыз етеді, жекеленген сатыларын тиімді конструктивті-технологиялық құрылымын табуға негізделген.
Әлемдік өндіріс практикасында экстракциялық фосфор қышқылын қосгидрат әдісімен алынады, ол салыстырмалы және сенімді тасмалдауға негізделген. ТМД-да кең тараған технологиялық жүйе өнімділігі 110т Р2О5 жылына болып табылады(330-360т/тәул) пайдаланылатын экстрактор бір ыдысты тікбұрышты онбөлімді қапталған темірбетон қорабты (жұмыстың көлемі-740м3) немесе екі ыдысты экстрактор болады. Активті сүзу бет ауданы 80м2 (жалпы бет ауданы 100м2), әткеншекті вакуум-сүзгі және қосымша қондырғының комплектіден тұрады.
Әрбір реактор бір орталық пропеллерлі және сегіз турбиналы араластырғышпен қамтамасыз етілген. Бірінші реакторға 1 бункерден өлшеуіш дозатор екі арқылы үздіксіз апатит консентраторын береді. Осы жерде насос көмегімен барометрлі жинағыштан 16 қайтарымды қышқыл беріледі, циркуляцияланған суспензия вакуум-буландырғыш қондырғысынан соң Н2SO4 береді. Суспензиядағы сұйық және қатты ортаның қатынасы С:Қ=1,7-2,5:1 теңестіріледі. Бірінші реактордан суспензия екіншісіне ағады, одан оның негізгі бөлігін қуатты артқыш насостармен 7(өнімділігі 1600м3/сағ болатын екі насос қойылған) вакуум-буландырғышқа береді. Онда вакуум-насос көмегімен төмендетілген қысым ұсталынады. Нәтижесінде келіп түсетін ертінді ыстық түрде болып табылады және қайнайды, сондықтан одан су мөлшерінің біраз бөлігі буланады. Бұл температураның 3-50С төмендеуіне алып келеді.
Вакуум-буландырғыштан шыққан газ шашыратып-ұстағыш арқылы беттік конденсаторға айдалады, онда су буы сұйықтатылады және фтор қосылысының бір бөлігі ұсталынады. Газды фтордан түпкілікті тазалау бар бейтараптағышта өтеді. Құрамында суы бар экстрактордан шығарылған газ күйінің үлкен мөлшерін ауамен суыту ең оңай әдіс болып табылады. Бұл кезде суспензияны 10-12м биіктіктегі вакуум-буландырғышқа қуатты насоспен берудің қажеті жоқ, бірақ абсорбция жүйесінде газды фтордан тазалау қиындайды.
Өнімдік суспензия әткеншекті қайықша сүзгішке келіп түседі, онда гипс бөлінеді және үшсүзгілі үлгіде жуылады. Активтілік ауданы 8м2 тең сүзгіш қайықшасы мынадай өлшемдерге ие: ұзындығы 3,27м, ішкі ені 0,97м және сыртқы шетінің ені-1,92м, тереңдігі-0,2м тең. Сүзгіш материалы ретінде фосфор қышқылына шыдамды синтетикалық маталар-лавсан және басқалар қолданылады.
Газ сұйық қоспасы сепараторда бөлінеді, онда вакуум-насос көмегімен 65-85 кПа ұсталынады.
Бірінші фильтрат Ф1 дайын өнім жинағышқа бағытталады, ал бір бөлігі қайтарымды қышқылдық барометрлі жинағышына түседі. сонымен қатар бұл жерге тұнбаны жуған үшінші фильтратпен Ф3 екінші фильтратта Ф2 түседі. Ф3-фильтрат сүзгіш мата және регенерацияда алынған суспензияның тұнбасын жууда түзіледі. Жуылған гипс қайықшадан жинағышқа лақтырылады да, ол жерден суспензия түрінде шығарылып тасталынады. Р2О5 фильтраттағы шоғыры Ф1-28-32%, Ф2-22-25%, Ф3-5-10%.
Экстракцияға 93%-тік H2SO4қолданылған тиімді. Бұл кезде су балансы технологиялық үрдісте жақсарады-гипсті жууда үлкен мөлшерде су қолдануға мүмкіндік береді. Нәтижесінде фосфогипспен фосфор қышқылының жоғалуы азаяды және залалсыздандырылған судағы қышқыл мөлшері азаяды.
Алынатын фосфор қышқылы құрамындағы Р2О5-ке H2SO4 шоғырының жоғарылығы әсер етпейді. Жоғары шоғырлы H2SO4 қолданғанда мөлшері өседі, сондықтан оны шығарып отыруды қажет етеді.
Қоссуперфосфат, аммофос, нитроаммофосқа өндірісінде шоғырлы 45-55% Р2О5 қажет, сұйық тыңайтқыш алу үшін 72-83% фосфор қышқылы қажет. Мұндай жағдайда ЭФҚ буландырады. Таза фосфор қышқылының барлық шоғырының үстіндегі бу таза судан тұрады. Теория жүзінде буландыру нәтижесінде өте жоғары шоғырлы қышқыл алуға болады. Практикада аппарат материялының коррозияға ұшырамауынан буландыру қинайды, себебі оған жоғары температура және шоғырлы қышқыл қатты әсер етеді. Сонымен қатар қышқыл құрамындағы қоспаның тұнба түрінде бөлінуі буландыруды қиындатады. Оның ерігіштігі, қышқыл шоғырының өсуінен кемиді. Тұнба қыздыратын бет ауданына кері әсер етіп, жылу беруді нашарлатады.
Еліміздің экстракциялық жүйесінде шоғырлы қышқылды 28-30 % -тен 52-55% Р2О5 дейін буландыру нәтижесінде қуаты 110000 т Р2О5 жылына болғанда 3-4 бір қорапты вакуум-буландырғыш аппараттары қолданылады. Вакуум-насос көмегімен аппарат ішінде қысым 0,09МПа ұстанылады. Бұл салыстырмалы төмен (80-900С) температурада буландыруды жүргізуге мүмкіндік береді. Аппараттың қорбы ішкі жағынан шынымен қапталып қыздырғыш камерасы графиттен жасалған. Қыздырғыштың ішіндегі қабыршақты азайту үшін шоғырланған қышқылды айналымды түрде, үздіксіз әлсіз қышқылды қосу арқылы іске асырады. Нәтижесінде айналмалы ерітіндінің шоғыры араластырудан кейін аз өзгереді. Мұндай қышқылдағы қоспаның ерігіштігі бастапқыдан аз болады. Сондықтан араластыру кезінде әлсіз қышқыл қоспасы кристалданады. Оларды алдымен тұндырғышта бөліп алған ынғайлы, тек сонан соң буландырғыш аппаратқа бағыттайды. Буланған қышқылды айналмалы ортадан үздіксіз шығарып отырады.
ЭФҚ шоғырының өсуімен ондағы еріген Н2SiF6 буының қысымы өседі. Осының нәтижесінде фосфор қышқылы 52-57% Р2О5 дейін буландырғанда шығынды ерітінді құрамындағы фтордың 80-90%-і бөлінеді. Қышқыл өнімінде фтор құрамы 0,5-0,8% дейін кемиді. Шығарылатын газ құрамында үлкен мөлшерде суы бар, оны кеміту үшін фтордың абсорбциялық конденсациясы ыстық (60-700С) H2SiF6 ерітіндісімен өтеді. Фтордан тазаланған су буы екі сатылы бу электор қондырғысымен сорылады.
Буланған қышқылдың тығыздығы 1650-1750кг/м3 оның құрамы (%)Р2О5 52-54;SO3 3,4 –4,2;(Fe,Al)2O31,2-1,3; SiO20,1-0,4; F0,5-0,8.
Ортофосфор қышқылы кең тараған минералды қышқылдардың бірі, өнеркәсіптік өндірістің көптеген салаларында қолданылады. Соңғы жылдары қышқылдың сапасының жағдайы фосфатты шикізаттың негізгі мекен-жайының сапасы мен қасиеттерінің нашарлауына байланысты төмендеп кетті. Қаратау бассейні фосфориттерінің құрамында қоспалар көбейіп кетті, соның нәтижесінде аса таза термиялық фосфор қышқылының орнына (ТФҚ) шламды фосфор қышқылы (ШФҚ) қолданысқа енді, ол құрамы жағынан экстракциялық фосфор қышқылына жақын. Қазіргі уақытқа дейін пайда болған экстракциялық фосфор қышқылын тазалаудың өндірістік негізді әдістері өнімнің қажетті сапасын қамтамасыз ете алмады немесе технико – экономикалық көрсеткіштер бойынша қажеттіліктерді қанағаттандыра алмады. Бұның бәрі фосфор қышқылын тазалаудың жаңа жоғары тиімді әдістерін ойлап табу қажеттілігін туғызды.
Жоғарыда айтылғандай, таза заттарды алу таза бастапқы компоненттерді пайдаланумен немесе оларды тазалау сатысымен байланысты. Іс-тәжірбие жүзінде, өндірістік өнеркәсіпте белгіленген талаптарға дейін тазалау қажеттілігі туындайды. Тазалау әдісін таңдау, оның тәжірбиелік реализация жоспарындағы мүмкіндіктері, технико – экономикалық көрсеткіштері және басқа факторлар есебінен анықталады: сұрақтың жағдайының нақты талдануы; неғұрлым тиімді әдістерді анықтау және оларды сынау; қоспа элементтердің күйін зерттеу; жүріп жатқан процесстің химизмі және кинетикасы.
Экстракциялық фосфор қышқылы көптеген қалдықтардан оның ішінде темір, алюминий, магний, кальций, натрий, калий, кремний, күкірт және фтор қосылыстарынан тұрады.
Бұл қышқылды қолдану бағытына байланысты, оны қандай қалдықтардан тазалау қажеттігі және тазалау әдісі таңдалынып алынады.
Кедей табиғи фосфат концентратын алынған экстракциялық фософр қышқылы қымбат термиялық фосфор қышқылының орнына техникалық және жемдік фосфаттар алуда пайдалану үшін оны фтор қосылыстарынан тазалау қажет.
Қаратау бассейнінің фософриттерінен алынған қышқылды магний қосылыстарынан тазалағанда оны қажетті шоғырға дейін буландыруға болады. Алынған қышқылды фосфор құрамдас тыңайтқыштардың кез-келген түрін алу өндірісі үшін қолдануға болады. Эктракциялық фосфор қышқылын тазалаудың бірнеше әдісі бар.
1) қышқылды шоғырландыру арқылы фторсыздандыру сонымен қатар активті кремний тотығын қосу арқылы колонналы аппаратта ыстық газбен үрлеу
2) қышқылдан фторқосылыстарын кремнийфтор түрінде тұндыру
3) органикалық еріткіштерді қолдануда қышқылды тазалау
4) қышқылды сорбциялық және т.б. әдістермен тазалау………..

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!