Курстық жұмыс: География | Тұран жазығының физикалық-географиялық орыны, қалыптасуы
Мазмұны
Кіріспе………………………………………………………3-5
Негізгі бөлім
Тұран жазығының физикалық географиялық орыны.
Тибиғатының қалыптасу тарихы.
1.1. Тұран жазығының физикалық географиялық орынының ерекшеліктері.
Зерттеу тарихы геологиялық құрылысы…6-13
1.2. Тұран жазығының геологиялық құрылысы табиғатының даму тарихы…………………………………….14-18
1.3. Жер бедерінің жалпы ерекшеліктері.Геоморфологиялық типтері…………………………………………………….19-32
Пайдаланған әдебиеттер тізімі……………………………………………….71-72
Кіріспе
35-53°с.е аралығында дүние жүзілік мұхиттан шалғай құрлықтың орталық бөлігіндегі географиялық орынының ерекшелігіне сай Каледон Герцин, Альпі қатпарлықтарында түзілген биік және аласа тау жүйелерімен шектескен Тұран жазығының табйғатының алуан түрлілігінің негізгі себебін ашып көрсету еліміздің аумағының батыс оңтүстік-батыс және оңтүстік бөлігінің жер бедерінің,климатының, топырағы мен өсімдіктер жамылғысының қалыптасу заңдылықтарына әсер ететін негізгі факторларды анықтауға мүмкіндік береді.
Тұран ойпатының құрылықтың ішкі аймағында орналасуы Шығыс Европаның өзі орналасқан ендіктеріне қарағанда қысы суық, жазы ыстық болып климаты шұғыл континентілігін;келуімен ерекшеленетін климатының шұғыл континеттілігінің; желдің,температураның әсерінен жүретін үгілу үрдісін,жер бедерінің эолдық пішініндерін,құрғақ климат жағдайында топырақ пен өсімдіктер жамылғысының шөлге тәң түрлерін таралуын анықтайды. Шөлді шөлейтті Тұран жазығының жан -жақты оқып үйрену табиғат байлықтарын шаруашылық мақсатта игеру барысын қоршаған ортаның тепетеңдігін сақтау мәселесін шешу мен қатар, табиғат жағдайларының негізгі ерекшеліктерінің терен меңгеруге мүмкіндік береді.
Мақсаты:
— Тұран жазығының геогфиялық орынының ерекшелігінің климаты мен органикалық дүниесінің таралуына ; түзетін әсерін;
— Аумақтың табиғатының қалыптасу тарихындағы әртүрлі геологиялық кезендердегі палеоклиматтық, палеоэкологиялық, және палеогеографиялық жағдайларының негізгі ерекшеліктерін;
— Геотектоникалық құрлысымен жербедерінің геоморфологиялық типтерінің арасындағы өзара байланыстарды;
— Аумақтық табиғат кешендерінің қалыптасуына әкелетін негізгі факторларды анықтап,табиғи тепетеңдіктің бұзылу, себептерін ашып көрсету.
Төмендегі мәселелерді шешу көзделген:
— Физикалық, географиялық орынының негізгі ерекшеліктерін;
— Аймақтың зерттеу тарихын;
— Геологиялық даму тарихымен геотектоникалық құрылысының негізгі ерекшеліктерін;
— Жер бедерінің түзілу жолдары мен аумақта таралуын;
— Климаттың түзілу зандылықтарынымен ішкі суларын;
— Топырағымен өсімдіктер жамылғысының негізгі ерекшеліктерін;
— Табиғат қорғау мәселелерін жанжақты талдап,ой қорытындыларын шығару;
Практикалық манызы: нәтижесінде жинақталған дәлекті матерялдар ֵГеография мамандығының студенттері, орта мектептің мұғалімі мен оқушылар Тұран ойпатының табиғатын жан-жақты оқып үйрену үшін, туристік фирмалармен өңдірістің жеке салаларының мамандары білім көзі ретінде пайдалана алады.
Тұран ойпатының географиялық орыны, Геотектоникалық құрылысы, жер бедері мен климатының негізгі ерекшеліктері жан-жақты ашып көрсетілген.
Тұран жазығының физикалық-географиялық орыны, қалыптасу тарихы.
1.1.Тұран жазығының физикалық-географиялық орыны, зерттеу тарихы.
1.1.1.Тұран жазығының физикалық-географиялық орыны.
Тұран жазығының шекарасы айқын ажыратылған табиғи шептер мен өтуі мен ерекшеленеді.Солтүстік-батысында үстүрттің кемерлері мен Оңтүстік Ембі үстүртері арқылы Шығыс Европа платформасының бөлігі болып табылатын Каспи маңы ойпатымен, Мұғалжар тауының оңтүстік шығыс шетімен, Солтүстігінде Торғай үстіртінің оңтүстік шетіндегі кемерлері мен шектеседі. Тұран ойпатын батыс сібір жазығынан Қостанай Қазан шұнқыры бөліп жатыр оларды бір-бірімен ежелгі теңіздердін аралығындағы бұғаз болған Торғай қолаты жалғайды. /1/
Физикалық-георафиялық аймақты шығысымен Солтүстік-шығысында, каледон қатпарлы белдеуіне жататын қазақтың ұсақ шоқылы ауданы Сарарқа орналасқан оңтүстік-шығысындағы Шу-Іле таулары Тұран ойпатын Балқаш-Алакөл крпитодепресияларынан бөліп тұр.Оңтүстік шекарасы каледон, герцин қатпарлығында түзілген Тянь-Шань тауларының солтістік және оңтүстік тізбектері, Альпі қатпарлығына жататын Памир Капетдаг тауларының етегі батыс шекарасы шартты түрде Каспий теңізі арқылы өтеді Аймақтын еленді бөлігі батыстан-шығысқа 2500, солтүстіктен-оңтүстікке 2000 шақырымға созылып жатыр. Ірі тектоникалық құрылымдарымен шектесетін шекарадағы тектоникалық жарықтарды бойында орналасқан Торғай үстірті, Үстүрт сияқты жербедерінің көтерінкі пішіндері басқа аймақтан бөлініп жатыр. Жазық 53°-35° солтүстік ендіктермен 51°-70° шығыс бойлықтың аралықтарында орналасқан.Аймақтын басым бөлігі 48°-35° солтүстік ендіктердің аралығында орналасқан Қазақстанның аумағында 41°-53°. Ендіктің аралығындағы Солтүстік, орталық және оңтүстік шығыс бөлігі кіреді. Ауданы екі милион шаршы шақырымға жуық.Арал теңізіне қарай еңіс, шеткі бөліктері көтерінкі үстірті болып келуімен ерекшеленеді. Арал теңізінің жағалауында теңізденгейінен 51 метрден шеткі аймақтарында 200-300 метрге дейін бірдіндеп көтеріледі./2/
Географиялық орынының ерекшеліктеріне сай Тұран ойпатының өзіне ғана тән ерекшеліктері бар.Олар:
— Материктің ішкі бөлігіндегі 35-53 гр. арасы С.е аралығындағы орынының;
— дүние жүзілік мұхиттан бірнеше мың шақырым қашықта орналасуы;
— оңтүстігінде биік таулы белдеулердің қоршап жат
— мұхиттан қашықта орналасуына орай ауа массаларының трансфориациялануына байланысты климатының аридтілігі мен жауын-шашынның аздығы;
— Тропиктік жоғарғы қысымды белдудің солтүстік шетімен Воекоов білігінің оңтүстік бөлігі арқылы өтуінің климатының шұғыл континентігін арттыруы;
— транзитті Сырдария мен Амудариядан басқа өзен торларының болмауы;
— Құрғақ дала және шөл зоналарына тән өсімдіктермен жануарлар дүниесінің таралуы.
Тұран ойпатының жоғарыда аталған ерекшеліктері климаты мен табиғатының барлық компоненттерінің қалыптасуына тікелей әсеретеді.
Тұран ойпаты бұл ортасында Арал теңізі орналасқан біртұтас ірі ағынсыз тұйық аймақ болып табылады. Жербедерінің ерекшеліктеріне сай жаң жағын қоршап жатқан таулардан орасан зор мөлшерде бос жыныстары шөгеді. Ағынсыз тұйық алқапқа жатуымен теріс радиациялық баланс жағдайнда көп мөлшердегі тұздың жинақталуы үрдісінің жүруі байқалады.Географиялық орынымен климатының ерекшеліктеріне сай Евразияның қоңыржай белдеудегі ең аз мөшердегі жауын-шашын жауады. (100-150 мм. шамасында) тұтастай алғанда тұран жазығының табиғатына аридтілік тән осыған орай шөлдерде жыл бойы ашық күнді құрғақ ауарайы басым болып, жербедерін түзуде желмен температураның әсерінен жүретін физикалық үгілулер жетекшіл орын алады./3/
1.1.Тұран жазығының физикалық-геоеграфиялық тұрғыдан зерттеу тарихы.
Тұран ойпаты туралы алғашқы тарихи жазба деректер ежелгі грек ғалымдары Герадоттың, ортағасырдағы араб саяхатшылары Аль-Идриси мен Аль-Истрахидің, Абдулафтың, Қазақ жерінен шыққан ғұлама ғалым Аль-Фараби мен Бабырдың еңбектерінде кездеседі. Тұран ойпатымен Орта Азияның физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеу XVlll ғасырдың бірінші ширегінде І Петрдің Ресей мен оған шектесетін аймақтардың табиғатын жанжақты зерттеу мақсатыда ұйымдастырған ғылыми экспедициясынан басталды.
1714 жылы Астраханнан шыққан А.Черкасскидің экспедициясы Каспий теңізінің Шығыс бөлігі мен Амудария өзеніне сипаттамаларын орыс саяхатшыларының ішінде алғашқылардың бірі болып ,құрғап қалған ескі арнасы узбойларды тауып бұрын Каспийге құйғанын анықтады.
1731жылы Сырдария ,Амудария,Жел,Орал өзендері және тоқсан елді мекен кескіндеген картасын жасады.П.И.Рычков1762 жылы
“Орынбор өлкесінің топографиясы атты еңбегінде Арал теңізіне құятын өзендермен Орал маңының жербедері жөнінен сол кездегі жазба дерек көздерін жинақтап біржүйеге келтіріп,алғаш рет Тұран ойпатына ғылыми тұрғыдан сипаттады.
XVlll ғасырдың соңы мен XlX ғасырдың басында сол кездегі белгілі болған керуен жолдары арқылы Орта Азиядағы таукенісінің мамандары, геодезистермен әскери топографтар, елшілер келе бастады. Олардың Орта Азия табиғатына жасаған сипсттамалары XVlll ғасырдағы саяхатшыларына қарағанда біршама толық болды.
Арнайы білікті мамандар қатысқан саяхаттар нәтижесінде Тұран ойпатның жербедері, өзен, таулары, климаты жөнінде ғылыми деректердің ауқымы біршама кеңейді. Сол кезеңнің өзінде Амудария,Сырдария өзендері аңғарының Бетпақдала мен Мойынқұмның өсімдіктер ,жануарлар дуниесі жөнінде маңызды ақпараттар жиналды.
XlX ғасырдың 40-50 жылдары Тұран ойпатының табиғатын кешенді оқып үйрену мәселелеріне баса назар аударылып арнайы ғылыми экпедиция ұйымдастырыла бастады.
Амудария мен Сырдарияның Арал теңізінің, Қызылқұмның табиғатын жанжақты оқып үйренуде 1840-1850 жылдар аралығында А.И.Бутаковтың экспедициясы ерекше орын алды.Ол өзі болған аймақтың органикалық дүниесін оқып үйренуге баса назар аударды.
ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап Тұран ойпатының табиғатын оқып үйрену ісінде Ресей ғылым академиясымен орыс география қоғамы жетекші рөл атқарып ғылыми экспедицияны ұйымдастыруды қолға алды.1870 жылдары Хиуа хандығымен Түрікмендердің жеке тайпалары Ресей патшалығының бодандығын қабылдамағансон аймақты ғылыми тұрғыдан жаңжакты зерттеу ісі оданәрі жанданды.
1873, 1874, 1875 жылдары Орыс география қоғамы ұйымдастырған Амударья экспедициясы ауқымымен ғылыми зерттеулерінің нәтежиесі жөнінен Ресейдің жазық аймақтарында жүргізілген саяхаттардың ең маныздылары болып табылады.Бұл экпедиция Қарақұм шөлінің ірі бөлігін Амударя өзенінің аңғарынын табиғатының ерекшеліктерін, батыс узбой мен Каспи теңізіне апаратын керуен жолдарын зерттеді; Нәтежиесінде Амудария мен Сырдарияның аралығындағы Қызылқұм шөлі арқылы Самарқант мен Ташкентті жалғайтын жол бағытының негізі қаланды. Экспедицияның құрамына арнайы мамандырылған бес топ кіріп онда жиырмадан астам Ресейге белгілі ғалым жұмыс істеді. Каспий теңізі мен оның шығыс жағалауын, Үстірт пен Маңғыстау түбегін оқып ұйрену мақсатында Петербургтың жаратылыстану қоғамы 1874 жылы Арал – Каспий экспедициясын ұйымдастырды. Жоғарыда аталған екі экспедицияда алдарына Арал-Каспий ойыстарының табиғат жағдайларымен байлықтарын оқып үйреніп, геологиялық құрылысының жербедерінің, климатымен органикалық дүниесінің ерекшеліктерін аңықтау мақсатын қойды. Зерттеу жұмыстарының нәтижелері ғылымға орасан зор үлес қосты.ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде орыс ғалымдары Узбойлар арқылы Амударияның суын Каспийге құйып Орта Азияға баратын су жолын ашу, теміржол салу, пайдалы қазбаларды барлау мәселелерімен айналысты.
1886-1888 жылдар аралығында В.А.Обручевтің экспедициясы Узбойлар мен Қарақұмды зерттеу мен айналысып, Қарақұмның теңіз табанында шөгуден емес аккумулятивтік жолмен түзілгенің аңықтады. Лестті шөгінділерді оқып ұйрене отырып оның пайда болуының желдін ғылыми болжамын қолдады. 1900-1906 жылдар аралығында белгілі географ Л.С.Берег Арал теңізінің алқабын кешенді зерттеулер жүргізді. Зерттеу жұмыстарының нәтижелері 1908 жылы жарық көрген, Арал теңізі атты монографиясында жинақталып сол кездерде Северцев болжаған Аралдың құрғап қалуы жөніндегі ғылыми болжамның негізсіз екеніне және алғы шарттарының жөнінде өзінің ой қорытындысын шығарды.
1895 жылы Орта Азияға Каспи сырты теміржолының салыну жұмысы бастаыну жұмысы баста Ресейдің орман департаменті қарақұммен қызылқұмды бекіту жұмыстарын жүргізу мақсатында орманшы В.А.Пасецкийді жіберді. Ол жергілікті өсімдіктерді отырғызу арқылы құмды тоқтатуға болатының іс жүзінде дәлелдеді. 1912 жылы география қоғамы құмды шөлдерді тұрақты зерттеу мақсатында қарақұмда тұрақты жұмыс істейтін репетке бекетін ұйымдастырды ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдын басында Сырдария аңғары мен Жетісуда көші-қон басқармасының Түркістан бөлімшесі экспедициялық зерттеулер жүргізу жұмыстарын қолға алынды. Кеңестік дәуірде Тұран ойпатын жан-жақты оқып үйреніп кешенді зерттеу жұмыстары қолға алынып, арнайы мамандандырылған экпедициялар ұйымдастырыла бастады.1912 жылы Н.Л.Карженевскийдің экспедициясы мойынқұмды жаң-жақты оқып үйренудін негізін қалады. 1925 жылы Қарақұмдағы күкіртті төбелерді зерттеу жұмыстарын белгілі геолог А.Е.Ферсман мен Д.И.Щербаковтың экспедициясы жүргізді. Осы жылдан бастап В.А.Дубенский мен Н.А.Димнің экспедициясы Қарақұм каналын салуға қолайлы дерлерді таңдау мақсатында кешенді зерттеу жұмыстарын жүргізуді бастады. Олар көпжылдық қарақұм және Түрікмен экспедицияларын бөлінді. Тұран ойпатының табиғатымен табиғат байлықтарын Ұлы Отан соғысына дейін белгілі ғалымдар Б.А.Федорович, И.П.Герашмов, А.Г.Доскач, С.Ю.Гемер, А.Е.Ферсман, Д.И.Щ.рбаков, А.С.Кель, В.Н.Кунин, Е.В.Лобова, Э.М.Мурзаев, М.К.Граве зерттеді.
Тұран ойпатының табиғатының ерекшелігін Орта Азия мемлекеттік Университетінің экспедициясы айналысты. Экспедиция құрамында жұмыс істеген белгілі ғалымдар Д.И.Кашкаров пен Е.П.Коровин орта Азия шөлдерінің типтері жөніндегі Л.С.Берег пен А.И.Красновтың зерттеулерін одан әрі жалғастырып, сазды, тасты, құмды, сорлы шөлдерді экологиялық топтарға бөлді. Ұлы Отан соғысы жылдары оның өзінде Тұран ойпатында зерттеулер жүргізу оданәрі жалғастырылып ғылыммен іс-тәжірбиенің бір-бірімен одан-әрі жақындай түсті. Шөлді игеруге байланысты Тұран ойпатының суармалы жерлері мен малазықтың тән минералды байлықтарын зерттеу ісіне 1960-1980 жылдар аралығында КСРО ғылыми академиясының, Қазақстан, Өзбекстан ғылым академиялары мен Түрікмен КСРінің шөл институты зор үлес қосты.
Қазіргі кезенде Тұран жазығының табиғат жағдайлары мен байлықтары біршама жақсы зерттелген. Жинақталған материалдар ғылымдағы бірқатар даулы мәселелерді шешуге мүмкіндік бере отырып жаңа түйінді мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Олардың қатарына Амудария мен Сырдария өзендерінің суын шаруашылықтың мақсатта шектен тыс пайдалану нәтежиесінде туындаған Арал мен Қарабұғаз-Голдың тартысуына байланысты Арал маңының шөлденуі мен топырақтын сортаңдану, судың ластану, өзен суларын тиімді пайдалану сияқты түйінді мәселелер жатады.
1.2.Тұран жазығының геологиялық құрлысы табиғатыының даму тарихы
Тұран жазығы тектоникалық тұрғыдан таскөмір,пермь, дәуіріндегі герцин қатпарлығында түзілген эпипалеозойлық жас платформа болып табылады. Оның ірге тасыда герцин қырылымы басым. Олардың арасында кембриге дейінгі байкалдың массивтер қазақтың ұсақ шоқылы ауданының батыс бөлігімен (Сарыарқаның) Солтүстік Тянь-Шань мен шектесетін аумақтарында көмілген коледондық құрылымдарда кездеседі.
Тұран плитасының ірге тасы бірқатар тектоникалық жарықтарға бөлшектенген солардың ішінде жербедерін қалыптастыруда субмеридианальды бағытта созылып жатқан Орал-Оман, Гиссар-Маңғыстау тектоникалық жарықтары жетекші орын алады. /5/
Тектоникалық жарықтар арқылы тұран плитасының ірге тасы төрт ірі блокқа бөлінеді. Сарыарқа мен шектесетін солтүстік шығыс блок мезозой мен кайназой кезендерінде көтерінкі күйінде қалғандықтан кристалды ірге тасы 1000 метр терендікте жатыр. Тек біршама терең крисьалды ойыстарда ғана 2000 метрден астам тереңдікте жатыр. Солтүстік Тянь-Шань мен шектесетін оңтүстік шығыс блок мезозойда көтерілгенімен Кайназойда Мантяға терең батқандықтан іргетасы 8-10 шақырым тереңдікте жатыр. Оңтүстік батыс блокта жербедерінің үш оң пішінді формалары кездесетіндіктен іргетасы 1-3 шақырым терңдікте орналасқан./2/
Кристаллды іргетасын түзетін тау жыныстары Сұлтан-Уаыс, Орталық Қызылқұм мен Маңғыстау көтерілулерін қамтыған шектеулі аумақтағана жербетіне шығып жатыр.Олардын негізгі бөлігін орта және төменгі палеозойдың метаморфтанған тақта тастары,әктастары юра мен кремниленген диабаздар құрайды. /6/ Тұран плитасының кристалды ірге тасының бетін шөгінді жыныстардың жабуы таскөмір дәуірінің басы мен соңындағы теңіз трансгрессисының нәтежиесінде басталды.
Палеозой эрасының девон дәуіріндегі каледон қатпарлығының жүруіне байланысты Тұран ойпатына көршілес жатқан таулы аймақтарда тау түзілу үрдісі жүріп, құрлықтын ұлғаюына байланысты континентті климат басым болды. Таскөмір дәуіріндегі тектоникалық қозғалыстардың әсерінен қозғалмалы тұрақсыз аймақтарқалыптасты кәзіргі Тұран ойпатының орынында геосиклинальды жағдай саұталып теңіздің орыны болды. Таскөмір дәуірінң климаты біршама жұмсақ ылғалдылығы мен ерекшеленеді. Таскөмір дәуірінң екінші жартысынан бастап құрылықтын көлемі ұлғайып теңіз біртіндеп тартылып құрғай бастады. Тұран ойпатынындағы теңіз табанына әктастар мен қабаттасқан ашық сұртүсті құмтастар, сазды жыныстардың қалын қабаты шөкті. Пермнің климаты ылғалдылығымен ерекшеленді Маңғыстау мен Үстіртте континентік жағдай сақталып қызыл түсті саздар түзілді. Мезозой эрасының триас дәуірінде тұран ойпатының аумағының іргетасының біртіндеп баяу мантяға батуына байланысты оңтүстігіндегі жерорта теңізі геосинклиналынан теңіз суы еніп ол Торғай бұғазы арқалы батыс сібір плитасымен жалғасып жатты. Триастың теңіздік шөгінділерінің қалындығы бірнеше мың метрге дейін жетті.Олар қазіргі кезде Маңғыстаудағы Қаратауда жер бетіне шығып жатыр. Олардың негізін әктастарымен қабаттасқан құм тастар конгомераттармен саздар құрайды.Триас дәуірінің соңында Тұранның сары-арқа, мұғалжар, Тянь-Шаньмен шектесетін бөліктерінде тектоникалық жарықтар пайда болып жер қыртысының баяу шөгуі оданәрі жалғасты. Триастын климаты құрғақ және ылғалды кезендер мен алмасып отыруымен ерекшеленеді. Юра дәуірінің Тұран ойпатының басым бөлігін теңіз алып жатты климаттағы өзгерістерді саяз теңіздердін табаныңда кәзіргі кездегі Торғай, Жыланшық қоныр көмір алабының Торғай, Шу – Сарысу Маңғыстау Үстірт Қызылқұм мұнайлы газды алыптарының пайда болуына қолайлы әсер етті. Ылғалды және құрғақ климаттық жағдайының алмасуы өсімдіктердің кеңінен тарауына қолалй әсер етті. Бор дәуірінің басында жер қыртысының біртіндеп көтерілуінің әсерінен Тұран ойпатының аумағындағы теңіздер біртіндеп тартыла бастады. Бордың соны мен палеогеннің басында жер қыртысының матяға батуының…………….