Курстық жұмыс: География | Қорғалжын қорығының физикалық географиялық жағдайы

0

Мазмұны

Кіріспе 3

І .Қорғалжын қорығының физикалық – географиялық жағдайы

І.1. Қорықтың жер бедері және климат жағдайлары 4
І.2. Қорғалжын қорығының гидрологиялық режимі 7
І.3. Қорықтың топырақ жамылғысы және өсімдіктер дүниесі 10
І.4.Қорғалжын қорығының фаунасы 13

ІІ. Қорғалжын қорығын ұйымдастырудың басты мақсаты 17

Қорытынды 19
Пайдаланған әдебиеттер

І. Қорғалжын қорығының физикалық –географиялық жағдайы
І.1. Қорықтың жер бедері және климат жағдайлары.

Қорғалжын мемлекеттік қорығы шамамен Қарағанды,Өскемен, Ақтөбе ендігінде, Қазақстанның орталық бөлігіндегі Теңіз- Қорғалжын ойпатының оңтүстік –батыс жағында орналасқан.Әкімшілік жағынан қорық Ақмола облысындағы Теңіз ауданының құрамына енеді. Ол Ақтөбеден оңтүстік –батысқа қарай шамамен 180 шақырымдай қашықтықта орналасқан. Географиялық жағынан ойпат Арал –Ертіс су айрығы территориясында жатады, Орталық Қазақстан ұсақ жоталарының батыс өңірінде орналасып, оны Көкшетау шоқыларынан айырып тұрады. Бұл алқаптың негізгі бөлігін Теңіз көліне қарай құлдилаған кең жазық алып жатыр. Төрттік кезеңнің (мезозой эрасы) Басында Евразияны басқан мұздақ Орталық Қазақстанға жетпеген, сондықтан қорықтың жер бедерінде мұз әрекеттерінің ізі байқалмайды.
Өңірдің абсолюттік биіктігі теңіз деңгейімен салыстырғанда 304-426 километр шамасында. Теңіз – Қорғалжын ойпатының көлемі он үш мың шаршы километр. Бұл жердің геологиялық құрылысы тектоникалық және жоғарғы силур жыныстарынана түзілген Қазақстандағы тауаралығы ойпаттарының бірінен саналады.
Ақтөбе облысының қазіргі гидрологиялық жүйесі үштік кезеңде ( палеозой эрасы ) қалыптаса бастаған.
Климаты қатаң континенталды, ауа температурасы тәулік және жыл бойына шұғыл өзгеріп отырады, жауын –шашын аз жауады.
Бір ендікте жатқан ТМД –ның европалық бөлігімен салыстырғанда, мұнда июль айы едәуір ыстық, январь мүлде суық болады. Оның себебі бұл алқапқа жазда Орта Азия шөл даласынан ескен аптап аңызақ, ал қыс айларында арктикадан соққан салқын ызғар келеді. Бұл аймақтың көп жылдық орташа температурасы онша жоғары суық емес – Ақтөбеде 1,4-1,9ºC . Июльдегі абсолюттік ең жоғарғы температура 44º, январьдағы абсолюттік ең төмен температура — 49º. Сөйтіп ауа температурасының жылдық ауытқуы 93 градусқа дейін жетеді. Жыл бойы жел негізінен батыс және оңтүстік-батыс жағынан соғады. Оның жылдық орташа шапшаңдығы секундына бес жарым метр. Желдің ең жоғарғы шапшаңдығы секундына 30-35 метр. Қыста және көктемде жел барынша күшейе түседі.
Сақылдаған сары аязы солтүстіктен соққан сотқар желмен ұласқанда қаталдығы терістік қысынан кем соқпайтын қатал қыс бұл өлкеге таң емес. Мұндайда табиғат міз бақпай құрысып, дүниенің бәрі жым-жырт қысқы ұйқыға кеткендей болады. Аласұрған боран, оттай қаритын уытты аяз қаһарлы қауіпке айналады. Төңірек түгел мұнартып тұратын мұндай күндері далаға шығудың өзі қиын.Бұл алқапта 1967-1968 және 1968- 1969 жылдары қыс аса қатты болды. Ал, 1969 жылы аса суық қыстан соң мейлінше, ыстық жаздың келуі де қызықты жағдай. Май айының өзінде-ақ аптап ыстықтан шабындықтар қурап, дала тегіс сап-сары көңілсіз реңге енеді. Ыстық күндері қызған жерден көтерілген ауа ағыны, шөл аймаққа тән сағымға ұласады. Қызып, толқып тұрған ауада заттардың бәрі қалықтап, табиғи формасынан айырылады. Қиырдан бірде көгілдір көл елестегендей, бірде ол жоқ болады.
Бұл жерлерде аязсыз мерзім 150-160 күнге созылады. Жерге түсетін ылғалдың жылдық мөлшері 200-350 милиметр. Оның 80 проценті ауа райының неғұрлым жылы кезеңдеріне келеді. 1969 жылы июль айының алғашқы он күн ішінде ғана 159,4 милиметр ылғал түсті. Мұнша көп жауын-шашын Орталық Қазақстанда 100 жыл ішінде 2-5 рет қана жауады. ( Ақмола облысы агрономиялық анықтамасы бойынша). Кей кездерде ұзақ уақыт бойы тамшы тамбай қояды. Көктемгі жауындардың басым көпшілігі май айының үлесіне тиеді. Күзде жауын-шашын сирек болады, ол жауса соңы ақ жауынға айналып, ұзаққа созылады.
Октябрьдің аяғы- ноябрьдің басында түскен қар жатады да тек апрель айының ортасында ғана ери бастайды. Күшті жел жиі соғатын болғандықтан далада қар көп болмайды. Шамамен тек 10 жылда бір-ақ рет қалыңдығы 41-50 сантиметрге жетеді. Қар көбінесе февраль, март айларында жауады. Апрельдің басында көлдердің бетінде қызыл су жүріп, майдың басында олар мұзынан біржола арылады. Ал октябрьдің аяғы мен ноябрьдің басында қатады.
Көбінесе сентбрьдің аяғында жер тоңази бастайды. Бірақ октябрь айындағы көпжылдық орташа температура негізінен жылы болады. Күзде октябрьдің бірінші және екінші онкүндігінде, көктемде марттың аяғы, апрельдің басында орташа тәуліктік ауа температурасы нөл градустық шекарасынан өтеді. Алайда, Жыл сайын дерлік майдың бірінші және екінші онкүндігінде ауа райы күрт суытып, қар ұшқындап, топырақ тоңазиды. Тіпті жаз айларында да күн тым салқындайтын уақыттар да болады. Мысалы, 1974 жылды 3 июнь күні ауаның температурасы 1,5 градусқа дейін төмендеді. Әрине мұндай жағдай тым сирек , ғасырына 1-2- ақ рет ұшырасады. Көктемнің аяғы, жаздың басындағы мұндай суық жануарларға тым ауыр тиеді. Құстардың жұмыртқалары және жаңа жарып шыққан сары ауыз балапандары қатып қалады, құрт-құмырсқамен қоректенетін ұсақ құстар ашығады. Осындай кезде ауа райы қыспағына төзе алмай оңтүстікке қарай бағыт алып, қоныс аударған құстар тобы көрінеді.

І.2. Қорғалжын қорығының гидрологиялық режимі.

Гидрологиялық жағынан Теңіз Қорғалжын ойпатының ерекшелігі сол, мұнда Солтүстік және Орталық Қазақстандағы аса ірі Теңіз және Қорғалжын көлдері орналасқан. Бұлар бір кезде бүкіл ойпатты толтырып тұрған байырғы эоцен теңізінің қалдықтары. Ойпаттың өзі жер бетінің тектоникалық ойысуы салдарынан пайда болған.
Аталған көлдердің негізгі көзі Қорғалжын көлі арқылы ағатын Нұра өзені болып табылады. Нұра көктемде жыл бойына ағатын суының тоқсан процентіне дейін көлдерге құяды. Қорғалжын көлінен ағып шығып Нұра Абылай бөгеті арқылы балыққа аса бай Асаубалық көліне құяды. Одан әрі күзде суда жүзетін құстар жайлап әйгілі еткен Бозарал көлшіктерін түзіп, солтүстік-шығыс жағынан теңіз көліне құяды. Нұра Қорғалжын көлі арқылы солтүстік батыс бағытында бірнеше тармаққа бөлініп ағады. Әдебиетте бұл өзен қазіргі арнасымен мың жылға жуық ағуда деген болжам бар. Теңіздің оңтүстігінен Құланөтпес, Көң өзендері қосылып құяды. Бұл өзендер негізінен қар суынан қорек алады. Көктемгі су тасқыны кезінде олардың тереңдігі 4-5 метрге дейін жетеді. Алайда су деңгейі тұрақты болмайды. Мұндағы ағыны үзілмейтін өзен тек Нұра, ал Көң мен Құланөтпес құрғақшылықта қара суға айналады.
Анағұрлым ірі шеткеріге жататын Есей (көлемі 4800 гектар), Сұлтанкелді (4615 гектар), Қоқай (1950 гектар), Жаманкөл (895 гектар) көлдері Қорғалжынның солтүстік жағында орналасқан. Жаманкөл деп тегін аталмаған. Оның жағалаулары батпақты, ал көлдің өзі таяз келеді. Үлкен және Кіші Қаракөл, Табан-қаза және басқа кіші қара сулар ішкеріге жатады. Қорғалжын көлінің түстік жағалаулары биік, кей жерлері жартасты (4-6 метрге дейін ), оңтүстігі жазық болып келеді.Жағалауының ұзындығы 187 шақырым. Онда жалпы көлемі 1790 гектарға жететін қырыққы жуық арал бар. Олардың ішіндегі ең ірілері Аралтөбе, Көкпекті, Жартөбе. Жартөбенің солтүстік – шығыс жағалауы биік жарлауыт. Бұл аралдар дала өсімдіктеріне мейлінше бай.
Көлдер таяз, тереңдігі 1,5-3 метрден аспайды. Суы ащылау, түбі балдырлы, батпақты.
Ащы, ағысы жоқ осы бір үлкен Теңіз көлі адырлы, кей жерлері егінжай, кей желерін жан баспаған, Қазақстанның таулы жоталарынан шеткері, ұланғайыр тың даланың ортасында орналасқан. Оның көлемі 1590 шаршы километр. Жағалауының ұзындығы 488 шақырым. Теңіз басты иірімнен және солтүстік шығыс шығанақтан құралады. Оның суының минералдығы шамамен бір литріне 271,5 грамнан келеді. Бұл әлемдік мұхиттың орташа тұздылығынан 5-6 есе артық. Көлдің тереңдігі 1945 жылы 8 метрге дейін жетсе, қазір 1,5-2,5 метрден аспайды.
Теңіз Женева көлінен екі есе үлкен де, Зайсаннан аздап кіші. ТМД көлдері ішінде ол 12 –ші орын алады. Көл мередиандық бағытта 85 шақырымға созылып жатыр, ені 32 шақырым. Оның қарсы жағасын 12 есе жақындататын дүрбімен де көре алмайсыз. Көлдің оңтүстігі мен батысын жота мен сай аңғарлар қоршап жатыр.
Теңіз жағалауларының көпшілігі жазық, кей жерлері қиыршық тастақ, кей жерлері батпақты, сортаңды келеді. Көлдің жағалаулары бұрылмалы болып келеді де, құрлықпен жалғасып көптеген шығанақ, мүйістер жасайды. Көлде негізінен оның шығысына орналасқан жетпіске жуық арал бар. Оның ең үлкендерінің ұзындығы 10-13, ені 2 километрге дейін жетеді, кішілері 100-150 метрден аспайды. Көлдің түбі күкіртті, сутегі иісті қоңыр және қара балшық болып келеді.
Теңізге жақын оңтүстік батысқа қарай оның бұрынғы шығанақтары болған ірі –ірі сортаң көлдер – Керей, Қыпшақ, Қияқты орналасқан. Олардың бәрі де жаз айларында кеуіп қалады. Теңіз – Қорғалжын ойпатында айналасын тұз басқан бірнеше жүздеген ұсақ сор бар. Қорғалжын көлінен солтүстік – шығысқа қарай Нұра жайылмаларына жанаса ескі арналарда Біртабан, Шолақ, Шалқар және бұлардан гөрі кішігірім Ұялы, Шалқар, Біртабан деп екі топқа бөлінетін ұсақ тұщы көлдер орналасқан. Жүйедегі судың аз –көптігіне қарай бұл көлдердің көлемі де, жағалауы да өзгеріп отырады. Бұл су қоймалары қорық территориясына кірмейді. Алайда құстардың қайту, келу кезеңдерінде олардың маңызы зор.
Орталық және Солтүстік Қазақстандағы, сондай –ақ батыс сібірдің оңтүстік бөлігіндегі су қоймалары сияқты Теңіз – Қорғалжын ойпатындағы көлдердің гидрологиялық режимінің ерекщелігі сол, мұнда да су деңгейі тұрақсыз болып табылады. Көктемде ( апрельдің орта және аяқ шамасында) ол аса жоғары болады да, жаз айларында төмендей келіп, жыл аяғында мүлде азаяды.
Көлдердің режимі ұзақ жылдар бойы өзгергенде оның суы кейде молайып, кейде күрт азаяды, тіпті саяз иірімдердің біржолата кеуіп кететін кездері де болады. Судың азайып – көбеюі ауа райының құбылуына, жауын –шашын мөлшеріне, жаз айларындағы ауаның температурасына, ауаның салыстырмалы ылғалдылығына, қыстың және көктемнің қандай болуына байланысты. Теңіз және Қорғалжын көлдерінің су деңгейінің төмендеуі 1928-1949 жылдар арасында байқалды. Көлдер 1930-1933 және 1940 жылдары өте таяздады. 1940 жылы Қорғалжын көлі біржолата құрғап қалды. Ал Теңіздің басты иірімдерінде ғана су қалып, көлдің түбі арқылы жол жүргізілді (Е.В.Посохов). 1941 жылдан 1949 жылға дейін бұл көл суға қайта тола бастады. 1948 жылы Қорғалжын көлінің деңгейі ең жоғары межеге жетіп, оның солтүстік жағының тереңдігі үш метрден асып кетті. 1898 жылы су деңгейі бұдан да жоғары болған деген болжам бар.
1950 жылдан суқоймалары қайтадан қүрғай бастады. 1968 жылы су мөлшері азайып, 1969 жылы орташа деңгейге жетті.1970 жылдан бастап Теңіз – Қорғалжын жүйесінде су қайтадан молая бастады. 1970 -1972 жылдары қуатты тасқын су Нұра, Құланөтпес бойындағы бөгеттерді бұзып кетті. 1972 жылы Қорғалжын көлінің деңгейі жоғары көтеріліп, 1948 жылғы межеге жақындап қалды. Бұған ұзаққа созылған ызғарлы, ылғалды көктемнен кейінгі салқын да жауын –шашыны мол жаз едәуір ықпалын тигізді.

І.3. Қорықтың топырақ жамылғысы және өсімдіктер дүниесі.

Теңіз – Қорғалжын ойпатының топырағы лайсаң, тұзды нығыз болып келеді. Олардың негізгі типі солтүстік бөлігінде қызыл –қоңыр, оңтүстігінде ашық қызыл қоңыр. Көлдердің жағалауын және ойпаң жерлерді сор алып жатады. Өзен жағалауларының топырағы негізінен шалғындық қызыл қоңыр топырақ түрлері.
Ойпаттың солтүстігі құрғақ дала аймағына жатады. Осыған орай бұл алқап бетегелі, бозды келеді. Теңіздің оңтүстігі далалы және шөлейтті аймақ. Сондықтан да бұл алапта дала өсімдіктері мен шөлейт өсімдіктері қатар кездеседі. Бұл жерлердің өсімдіктері сирек. Кей жерлерін ара –тұра шым басып жатады да аралары тақыр болып келеді.
Қорықта гүлді өсімдіктердің 300-ден астам түрі бар. Ағаш кездеспейді. Оның есесіне тал мен шіліктің 16 түрі кездеседі. Бұлар негізінен өзен бойлап өсетін ырғай мен тал, итмұрын. Далалы жерлерде оқта –текте едәуір мөлшерде қараған, тобылғы да өседі. Қараған жаздың басында алтын сияқты сары түсті гүл жаратын аласа бұталарға жатады. Ал, тобылғы жазда ерекше көз тартарлық аппақ ұсақ әсем гүлдерге бөленеді.. Қараған жаздың басында алтын сияқты сары түсті гүл жаратын аласа бұталарға жатады. Ал, тобылғы жазда ерекше көз тартарлық аппақ ұсақ әсем гүлдерге бөленеді. Май –июнь айларында Нұра және Құланөтпес өзендері бойында итмұрын да ірі қызғылт гүл шашады. Көлдердің жағалауларныда, көбіне құмдақ шөл далаға тән, шар іспеттес диаметрі 2-3 метрге дейін жететін ақтікендер өседі. Бұл ақшыл қалың жапырақты, тәтті –қышқылтым жидекті, тікенекті бұталар. Ақтікен жидектерінің түрі және дәмі қарақатқа ұқсас келеді, бірақ сүйегі ұсақ және көп. Оның шырынының қаралығы сонша, тіпті қағазға жазуға болады.
Қорықта өсетін шөптер негізінен ылғалдың жеткіліксіздігіне бейімделген, жергілікті ауа райына төзімді. Оған даланың өзімен бірге жасасып келе жатқан ақ селеу айқын дәлел. Оның әсем жіңішке сабағы тамырын тереңге жайып, ылғалды тереңнен тартады. Жіңішке де қатқыл жапырақтары ылғалды өте …..

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!