Курстық жұмыс: География | Каспий теңізінің табиғи ресурстары
Мазмұны
Кіріспе. 2-4 бет
II.Негізгі бөлім:
1)Каспий мәселелері бойынша жалпы сипаттамасы және экологиялық жүйедегі орны,пайдалану ерекшеліктері. 4-9 бет
2)Каспий мәселелері туралы мәліметтер мен қазіргі жағдайы. 9-17бет
3)Каспий теңізінің табиғи ресурстарын тиімді пайдалануды жақсарту жолдары және болашағы.
17-23бет
III.Қорытынды мен ұсыныстар. 24 бет
1)Каспий теңізінің мәселелерін қолға алу шаралары.
IV.Қолданылған әдебиеттер. 25 бет. …..
1.Каспий мәселелері бойынша жалпы сипаттамасы және экологиялық жүйедегі орны, пайдалану ерекшеліктері.
Каспий теңізінің Қазақстанға қарайтын секторының аймағы 100 мың шаршы метрге жуық .Болжам бойынша теңіз табанының осы бөлігінде 10 миллиард тонна мұнайдың,2 триллион текше метр газдың мол қоры жинақталған.
Каспий жағалауында орналасқан,оны ортақ меншігіміз деп санайтын бас мемлекеттің бірлескен шешімімен іске асырылатын үлкен мәселе – теңіздің құқықтық мәртебесін анықтау,оны бөліске салу және пайдалану.Әзірге,бұл бес мемлекеттің ортақ мәмлеге келген шешімі біреу – Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі олардың қатысуымен ғана анықталады. «Мәселені түбегейлі шешеді» деп күтілген үстіміздегі жылдың сәуір айында бес ел басшыларының қатысуымен Ашхабад қаласында өткен саммиттің де бұл шешімге алып-қосары болмады.
Мемлекетаралық теңіздердің,су қоймалардың құқықтық мәртебесін анықтау,оларды бөліске салудағы әлемдік тәжірибеге назар аударсақ ,бұл шаруаның екі негізгі басшылыққа ала отырып,іске асырылатынына көз жеткізуге болады.
Біріншісі – теңіз қойнауындағы табиғи қазба байлықтар,биоресурстар жағалаудағы мемлекеттердің ортақ меншігі болып саналады,олардың кемелерінің су айдынындағы жүрісіне шек қойылмайды.
Екіншісі – теңіз географиялық меридиандар бойынша ұлттық бөлшектерге бөлінеді,шекара өзара келісімдермен бекітіледі.
Теңіздегі шекара сызығын жүргізу шаруасындағы мемлекетаралық келісімдерде аталған негіздер төмендегідей әдістер арқылы өмірге енгізіледі: орта сызық ,белгілі қатынастарға байланысты бөліс және әділетті шешім.
Әлемдік тәжірибеде жиі қолданылатын әдіс – орта сызықтың әрбір нүктесі жағалау немесе жағалауға жақын орналасқан сызықтың қарама-қарсы нүктесінен бірдей қашықтықта орналасуы шарт.Бірақ нақты жағдайда теңіз жағалауының бағытын жиі өзгертіп,бұрылыс болып келуіне байланысты,шекара ықшамдалған орта сызықпен белгіленеді,оның екі жағынан шектес жатқан аудандар екі ел арасындағы айырбасқа салынады.
Орта сызық арқылы шекара белгілеудің тағы бір кең қолданылатын түрі-мемлекеттер сызықтың бойындағы жекелеген нүктелерді есепке алмауға келіседі.Осындай келісімдер Сауд Аравиясы – Бахрейн (1958 ж),Италия – Югославия (1968 ж),Иран – Катар (1969 ж),Италия-Тунис (1971 ж),Дания-Канада (1973 ж) және Иран-Оман (1974 ж) аралықтарында жасалынған.Кейде талас тудыратын су аймақтары екі жаққа бірдей бөлінеді,оған Британия-Франция келісімін жатқызуға болады.
Теңіздегі орта сызықтың бойында орналасқан мұнай-кен орындарын бірлесіп игеру тәжірибесі Норвегия-Исландия (83 ж) арақатынасынан байқалады.
Су айдынын да бөліске салып,шекара сызығының координаттарын белгілейтін екінші әдіс- әрбір мемлекеттің жағалау сызығы ұзындығының қатынасымен анықталатын бұл әдіске тиісті су айдынының ауданы көрсетіледі.Соңғы әдіс ең әділетті шешім ретінде теңіздерді бөліске салу мәселелерін қарайтын халықаралық сотта қолданылады.Каспий теңізінің солтүстік және орта аймағын жетілдірілген орта сызық арқылы бөліске салу Ресей-Қазақстан (1998 ж),Ресей-Әзірбайжан (2001 ж) және Қазақстан-Әзірбайжан (2001 ж) келісімдерінде көрініс тапты.Қазіргі кезде бұл келісімдерді нақты іске асыру шаралары талқыланып,жұмыс басталды.Оның сәтті,ойдағыдай аяқталуы үш елдің саяси жігеріне,төзімділігі және түсінушілігіне байланысты болмақ .
Басты кедергі – геологиялық және табиғаттағы өзгерістердің салдарынан теңіз деңгейінің жылдар және ғасырлар аралығында тұрақсыз болуының,орта сызықты анықтау үшін есептеулерде бастама болып танылатын жағалау геометриясының теңіздің ені мен ұзындығының ұдайы өзгеріп отыруы.Осы және мемлекетаралық келіссөздерде орта сызықты белгілеу үшін теңіздің қандай деңгейін,қай жағалауды есепке алу керектігі жөнінде талас тудырады.Мысалы,орта сызықтың Ресей және Қазақстан қолдап отырған теңіз деңгейін 27 метр деп танып жүргізілуімен,Түркістанның ұсынысы мен деңгейдің 28 метр деп қабылдануы бойынша өтетін орта сызықтың арасында ұлттық меншіктің көлемін анықтауда үлкен айырмашылық бар.Теңіз деңгейінің қандай белгіде қабылдауына байланысты әрбір мемлекетке тиісті су айдыны ауданының өзгеруі ондағы қазба байлықтар қорының азаюына немесе ұлғаюына әкеліп соғады.
Тіпті,теңіз деңгейін бір белгіде қабылдап отырған Ресей және Қазақстанның өзіне орта сызық арқылы бөлінетін ұлттық бөлшектердің ауданын анықтауда әр қилы көзқарас бар.Ресейдің есептеуінше: Ресейге 72 мың км2,Қазақстанға 86 мың км2,ал Қазақстанның көрсетуінше: Ресейге 68 мың км2,Қазақстанға 111 мың км2 тиесілі.
Дегенмен,аздаған қайшылықтарына қарамастан,Ресей,Қазақстан,Әзірбайжан,кейінгі уақытта Түркіменстан Каспий теңізін бөліске салуда,пайдалануда ұқсас көзқараста болса,әзірге бұл мәселеде келіспей отырған Иран ғана.
Сонда Каспий теңізін бөліске салудағы түпкілікті шешім қандай негізде қабылдануы мүмкін?Мемлекетаралық келіссөздердің соңғы жетістігі – бөлістегі басты мәселе теңіздегі су қабатын немесе табанын бөлуде емес,оның қайнауындағы табиғи қазба байлықтарды бөлу керектігіне ортақ түсініктің пайда болуы.
Оны су айдындарында шекара жүргізудің халықаралық құқық ,қағидасына сәйкес мына негізде жүзеге асыруға болатын сияқты.Қысқаша мәні мынада:Ресей,Қазақстан,Әзірбайжан келісімдерін нұсқа ретінде қабылдап,Иран,Әзірбайжан,Түркіменстан Каспий теңізінің ғылыми дәлелденген соңғы 1000 жыл аралығындағы ең жоғарғы және ең төмендегі деңгейіне сәйкес жүргізілген орнықты жағалау геометриясынан бастап есептелетін орта сызықпен су айдынындағы шекараларын белгілейді.Бұл ұсыныс бойынша келісімдерде теңіз деңгейіне байланысты екі жағалау сызығы және екі орта сызық есепке алынады.Нәтижесінде,екі орта сызықтың арасы мемлекетаралық аймақ деп танылып,ондағы кен орындары тұтас немесе бөлшектері ортақ меншік ретінде саналады.Содан кейін әрбір мемлекеттің тұсындағы екі жағалау сызығының орташа мәні анықталып,мемлекетаралық аймақтағы кен орындарының қоры оған тікелей қатынаста білінеді.
Бұл ұсынысты сонымен бірге өткен жылдары бекітілген Ресей,Қазақстан,Әзірбайжан келісімдеріндегі орта сызықты жүргізу жұмыстарында әбден қолдануға болады.Қазіргі таңда ресми тіркелген жағалау сызығының ұзындығы төмендегідей: Қазақстан-2320,Ресей-695,Әзірбайжан-850,Түркіменстан-1200,Иран-900 шақырым.
Каспийді бөліске салу келіссөздерінде бұған дейін талай рет талқыға түскен ұсыныстарынан мына ұсыныстың айырмашылығы-оның тұрақты,талас тудырмайтын екі негізден туындайтыны: теңіз деңгейімен байланысты жағалау сызықтарының геометриясы және олардың дәлелді ұзындықтары.
Әрине,Иранмен шекаралас емес Қазақстан оның ымырасыз пікіріне көңіл аудармаса да болар еді.Бірақ ,теңіз жағалауындағы бес мемлекетті біріктіретін,ұлттық бөлшектерге бөлінбейтін үлкен,тек бірлесіп шешетін жағдай – Каспий экологиясы.
2.Каспий мәселелері туралы мәліметтер мен қазіргі жағдайы.
Ауданның экологиялық жағдайы Каспий теңізінің деңгейінің көтерілуіне және жағалаулық теңіз экожүйесінің антропогенді әсерге ұшырауына байланысты болады.Ғалымдардың болжамдары бойынша теңіз деңгейінің көтерілуі жағалаулық сызықтың 2400-2700 км ұзарып,су астында қалған жерлерге тағы да 1,2-2,2 миллион гектар қосылуына әкелуі мүмкін.
Су астында қалу қаупі әсіресе Каспийдің Солтүстік және Солтүстік – Шығыс жағалауындағы мұнай кен орындарына төніп отыр.Су астында қалу қаупі төніп отырған 43 мұнай кен орындарының 32-сі Атырау,ал 11-і Маңғыстау облысында орналасқан.
Каспий теңізі дүние жүзіндегі бекіре тәрізді балықтардың ең ірі мекен ету ортасы болып табылады.Сондықтан Каспий мәселесі тек мемлекетаралық қана емес,ғаламдық мәселе болып табылады.Каспийдің биологиялық алуан түрлілігін сақтау бүкіл әлемдік қауымдастықтың жұмысы.1995 ж Тегеранда Каспий маңындағы мемлекеттердің өкілдерінің кездесуі өтті.Бұл кездесудің мақсаты Каспий аймағының экологиялық тұрақтылығы мен оның ресурстарын пайдалануды басқару концепциясын жасау болып табылады.Бірақ кез келген экологиялық бағдарламаның іс жүзіне асуына,оның ірі мұнай-газды аймақ ретінде маңызының артуы күрделендіріледі.
XX ғасырдың соңғы он жыл ішінде әлемде мұнай бизнесінің дамуымен ерекшеленеді.Геологиялық және геофизикалық зерттеулер барысында Солтүстік Каспий ойпатында мұнай мен газдың аса мол қоры бар екендігі анықталды.Шетелдік және жергілікті мамндардың қатысуымен 100 мың шаршы шақырымдық алаңнан сейсмикалық мәліметтер жинақталды.Сөйтіп,өткен жылдың тамызында «Сұңқар» бұрғылау платформасы Шығыс Қашағанда бұрғы салды.Күні бүгін бұрғы тісі 4500 метрді тесіп өтіп,тағы 500 метр бойламақ .Содан кейінгі кезекте Батыс Қашаған.
Жергілікті ғалымдардың Каспий теңізінің бағалы балықтарын қорғау жөніндегі үні батыл естіле бастады.Бұл топта геология,минерология ғылымдарының докторы,академик М.Дияров,Қарақұлов А,белгілі экологтар Ә.Бекешов,И.Көшенов,Л.Чернова т.б. табиғат жанашырлары бар.Мәселен, «Каспий табиғаты» үкіметтік емес экологиялық ұйымның мінбері,Атырау қалалық мәслихатының депутаты Ибрагим Көшенов Республика парламентінің мінбесінен дабыл көтерді.
Табиғат жанашырлары неге шапқылап жүр?Себебі,Қазақстанда балық шаруашылығы саласының болашағы Жайық – Каспий бассейнінің сақталып қалуына тікелей байланысты болуда.Өйткені,Республика бойынша ……