Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Бухгалтерлік есептің мақсаты

0

Мазмұны

1. Кіріспе
Бухгалтерлік есептің мақсаты …………………………………………………. 3-4
2. Негізгі бөлім
2.1. Бух.есеп мәліметтерін пайдаланушылар…………………………… 5-7
2.2. Бух.ақпаратты пайдаланушыларды жіктеу……………………….. 8-12
2.3. Қаржылық және басқару есебі ………………………………………… 13-14
2.4. АҚШ-тағы бух.есеп мәліметтерін пайдаланушылар……………15-17
2.5. АҚШ пен Қазақстандық «Қаржылық қорытынды даярлау мен тапсыру жөніндегі концептуалды негіздің» өзіндік
ерекшеліктері …………………………………………………………………. 18-19
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер

1. Бухгалтерлік есептің мақсаты
Бухгалтерлік есеп – ұйымдар қызметін тиісті ақпараттар және мәліметтермен қамтамасыз ететін мәні мен пәні бар жүйені айтамыз.
Бухгалтерлік есеп өрісіндегі көрсеткіштер жүйесін қалыптастырып, бұл үрдісті ұйымдастырудың басты мақсаты – сыртқы пайдаланушылар мен кәсіпорын басшыларын арнайы ақпараттармен қамтамасыз ету.
Қазіргі қоғамда бухгалтерлік есептің маңызы зор. Ол тек қана бухгалтерлік кітапты жүргізуде ғана емес, сонымен қатар барлық қаржылық ақпараттарды талдау, қаржылық есеп беруді өңдеу, бухгалтерлік есеп жүйесін құру, салық салу мәселелерімен бірге жоспарлар мен болжаулардың жасалынуын қамтиды. Шешім қабылдау кәсіпорынның операцияларды бейнелеуге және бірінші кезекте кәсіпорын басшысына, одан кейін пайдаланушыларға ақпарат ұсынуға негізделген бухгалтерлік есептің жүйесін ұйымдастыру сапасы мен деңгейіне тікелей қатысты, себебі, сапалы ақпараттарды неғұрлым үлкен экономикалық пайда алу үшін тиімді пайдалану қажет.
Халықаралық стандартта белгіленген мақсаттар мыналар:
• Акционерлерді кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметі туралы толық және жеткілікті ақпаратпен қамтамасыз ету.
• Кәсіпорын қаржылық-шаруашылық қызметті жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы Заңдарының сақталуын бақылау үшін мемлекеттік органдарға қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету.
Бухгалтерлік есептің жағдайы, жеке пайдаланушылардың айрықша қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін емес, айтарлықтай көп санды пайдаланушылар мүддесіне жауап беретін, жалпы мақсатты ақпаратты анықтау болып табылады.
Ақпараттар деп – ұйымдардың шаруашылық өміріндегі фактілердің орын алғандығын есепке алуды айтамыз. Кез келген кәсіпорын өз қызметін тиімді түрде дамытып отыру үшін басқа да көздерден қаражат алып отырғысы келетіні рас. Қаржы көздері капитал рыногында болатындығы түсінікті. Міне, осыдан барып ұйымдар әлуетті қаржы салымшы инвесторлар мен басқа да сыртқы нсиелендірушілер мен құқылы тұлғалардың қаражаттарын іске қосып,түпкі мақсат таза пайда көлемін арттыру үшін бухгалтерлік есеп жүйесіндегі ақпараттарды басқаларға хабарлап отыру қажеттігі туындайды.
Бүгінгі күнгі ақпарат кеше өткен экономикалық өмір мен фактілердің жалғасы екендігін білу қажет. Болашаққа бағдарлама жасау үшін «кешегі өткен экономикалық қатынастарды» бағалауымызға тура келеді. Мысалға, ұйымдардың үздіксіз жұмыс істеу қабілетін бағалап, осы ұйым экономикасына осы жылы инвестиция салу үшін қандай да болмасын қаржы салымшы инвестор ұйымдардың өткен шақтағы атқарған қызметін зерттейді. Қаржы келтіруді мақсат тұтқан ұйымның өткен жылдардағы ақпараттарды мұқият зерттелгеннен соң қаржы салымшы инвестор өзінің осы жылы салған ақшасы қанша көлемде табыс әкелетіндігін білу керек. Сондықтан қаржы салушы инвесторлар қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның бухгалтерлік балансын, ақша қозғалысы және капитал қозғалысы, табыстар мен шығындар жөніндегі жасаған бірнеше жылдық ақпараттарын пайдаланып, экономикалық талдау арқылы шешім қабылдайды.
Ақпараттар жүйесі түсінікті әрі қарапайым жолдармен аса бір сапалы және жоғары деңгейде орындалғаны жөн. Ақпараттардың мағынасы мен көрсеткіштері логикалық санаға сиятындай болуы қажет. Қалыптасқан ақпараттар жүйесі тиісті тұтынушыларға хабарланған кезде капитал рыногының және қаржы салымшыларының экономикалық мүмкіндіктерін біліп отыруға болады.
Сонымен, бухгалтерлік есеп жүйесіндегі ақпараттар, біріншіден сыртқы тұлғалардың талабын, екіншіден ұйымдағы бухгалтерлер мен басқарушылардың талабын қанағаттандырады. Яғни, бухгалтерлік есеп ақпараттарын пайдаланушылардың барлығы да есептің мақсатын,мұның өрісіндегі мәліметтер мен бастапқы құжаттарды дұрыс және дер кезінде рәсімдеу бухгалтерлік есепті толығымен аяқтаудың сатылы принциптерін, есеп жүргізудің техникалық әдістерін, шаруашылық операцияларының мазмұнын білгені жөн.
1.Бухгалтерлік ақпаратты пайдаланушылар
Бухгалтерлік есеп шаруашылық-қаржылық қызмет пен шешім қабылдаушы адамдар арасындағы байланыстырушы буын қызметін келешекте пайдалану үшін тіркеп, атқарады. Ол қаржылық-шаруашылық қызметін ол туралы мәліметтерді қажет уақытқа дейін сақтайды,одан кейін тиімді ақпарат алу үшін оларды өңдейді және есеп беру арқылы ақпараттарды оларды шешім қабылдау үшін пайдаланушыларға береді. Шаруашылық қызметі туралы мәлімет, бухгалтерлік есеп жүйесіне кіруді білдіреді, ал шешім қабылдаушы тұлғалар үшін пайдалы ақпарат одан шығу жолы болып табылады. Сондықтан бухгалтерлік есеп ақпараттары біз ойлағаннан гөрі айтарлықтай кең көлемде пайдаланылады. Пайдаланушылар әртүрлі адамдар санаты болуы мүмкін, мысалы, инвестицияны жүзеге асыратын немесе несие беретіндер, бірлескен экономикалық әрекет иелері болуы мүмкін. Маңызды басқару шешімін қабылдарда бұл адамдар субъектінің қаржылық және басқа да есеп берулеріне сүйенеді.
Бухгалтерлік есеп ақпараттарын пайдаланушылардың мақсаты мен мүддесін сипатталық. Олар:
1. Меншік иелері өз қаражаттарын салып,өздерінің меншігіндегі ұйымды немесе шаруашылық ұйымның меншікті капиталын қалыптастыра отырып, мұның нәтижесінде дивиденд алуды мақсат тұтады.
2. Ұйым әкімшілігі немесе басқарушылар бухгалтерлік есеп негізіндегі ақпараттар жүйесін пайдалана отырып,экономикалық жағынан шешім қабылдап,ол үшін тиісті еңбекақымен қатар,сыйақы алуды мақсат тұтады.
3. Ұйымда қызмет ететін жұмысшылар мен қызметкерлер еңбек объектілеріндегі жұмыстарды атқарып,еңбектің сапасы мен санына және атқарылатын қызметтердің жауаптылығына,сондай-ақ кәсіпкерлік қызметтердің категорияларына қарай еңбекақы алып,өздерінің материалдық жағдайларын жақсартуды мақсат тұтады.
4. Қоюшылар мен сатып алушылар, басқадай клиенттер материалды құндылықтар мен ресурстарды осы ұйымға жөнелтіп,сату мен сатып алу жөніндегі экономикалық қатынастарды арнайы жасалған келісім-шарт және екіжақты қойылған бағаға сай орындап отырады.
5. Несие мен қарыз беруші жақтар ұйымның капитал көздерін қалыптастыру мен айналым қаражаттарымен қамтамасыз ету мақсатында несиелендіріп,бұл үшін пайыздық төлемдер алып,ұйымның қалыпты жұмыстар атқарып,экономикалық жағдайының жақсаруына қаржылай қызмет көрсетеді.
6. Отандық экономиканың тұрақтануы мен әлеуметтік салаларды қаржыландыру мақсатында салық және түсетін жарналар жинайтын органдарды ақпараттармен қамтамасыз ету және салық заңдылығын орындау үшін қажетті ақпараттар жүйесі дайындалады.
Бухгалтерлік есепті дамыған рынокта «бизнес тілі» деп атайды. Себебі бухгалтерлік есеп тіліндегі ақпараттар пайдаланушыларына жеткізіліп, оларды керекті ақпараттармен пайдаланушылардың белгілі шеңберде мүдделері болады. Өйткені пайдаланушылар жеткілікті түрде тұрақты болғанымен, олардың ақпаратқа деген талаптары әр түрлі. Әр түрлі болуының себебі олардың мүдделерінің сипаттарына байланысты болады. Мысалы, біреуге өздерінің салған салымдарынан түсетін табыс болса, екінші біреуге алынған табысқа салынатын салық мөлшері,үшінші біреулерге төленетін еңбекақы т.б осы тәріздес ақпараттар болып келеді. Әр түрліліктің мазмұнына, сонымен бірге пайдаланушылардың құрамы да әсер етеді.
Қарыз берушілер-тиесілі кредит пен процент бола ма, ол уақтылы төлене ме деп білгісі келеді. Жабдықтаушылар мен басқа да кредиторлар-тиесілі сома бола ма, төлене ме деп анықтауға мүмкіндік беретін ақпаратпен қызығады. Сатып алушылар-оларға субъектінің үздіксіз қызметі туралы, әсіресе, олардың осы субъектіге ұзақ мерзім келісімдер туралы ақпарат қажет.Қызметкерлер-субъект қызметінің тұрақтылығы мен тиімділігі туралы ақпаратқа, сонымен қатар субъектінің еңбекақымен және басқа да жеңілдік, зейнетақымен, жалдау жөнінде бұдан былайғы жұмыстарын қамтамасыз ету қабылдаған бағалау мүмкіндік беретін ақпаратқа мүдделік танытады. Көпшілік,субъект жергілікті экономикаға көптеген тәсілдер мен елеулі үлес қосады,бұған халықтың еңбек қамтылуы мен жергілікті жабдықтаушылар да қолдауы да тиісті. Қаржылық есеп беру көпшілікті субъектінің игілігін молайтуда жеткен жетістіктері мен даму бағыттары туралы ақпарат қамтамасыз етіп,көмектесе алады. Ресурстарды бөлу жайлы ақпарат алуға мүдделі мемлекеттік органдар,сонымен қатар оларға субъектінің іс-әрекетін реттеу,салық салу саясатын белгілеу үшін және ұлттық табыс пен басқадай статистикалық мәліметтерді анықтауға негіз есебіндегі ақпарат қажет.
2. Бухгалтерлік ақпаратты-мәліметтерді пайдаланушылардың жіктелінуі
Бухгалтерлік есеп-белгілі бір субъект жөніндегі қаржылық ақпаратты беру,өлшеу,өңдеуді жүзеге асыратын жүйе болып табылады. Бұл ақпарат пайдаланушыға фирманың шаруашылық қызметін жүзеге асыруда шектеулі ресурстарды тиімді пайдаланудың балама жолдарын таңдауда негізгі шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Кәсіпорын ақпараттарын пайдаланушылар маңызды басқарушылық шешім қабылдау барысында кәсіпорынның қаржылық есебіне сүйенеді. Негізінен кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық-ақпарат мәліметтерін пайдаланушылар 2-ге :
• Ішкі – осы кәсіпорында қызмет атқаратын тұлғалар. Ішкі пайдаланушылар – ол фирмалардың әкімшілік органдары,олардың менеджерлері,фирманың жеке тұлғалар құрамы.Бұлардың әрқайсысының ақпараттары орындайтын функциялары мен атқаратын мамандықтарына байланысты анықталып отырады.
• Сыртқы — кәсіпорында қызмет атқармайтын,бірақ оның қаржылық жағдайына қызығушылығы бар заңды немесе жеке тұлға.Сыртқы пайдаланушылар мүддесін қанағаттандыру мақсатында «Қаржылық қорытынды есеп даярлау мен тапсырудың концептуалды негізіне» сай қаржылық қорытындының негізін құраушы ережелерімен анықталады.
Сонымен қатар қаржылық-ақпараттық мәліметтерді төмендегідей 3 категорияға бөлеміз:
1. Басқарушылар – ұйымның алдына қойған мақсатына жетуіне және оның қызметіне толық жауапты адамдар. Оларға: кәсіпорынның иесі,кәсіпорынның басшысы, директор кеңесінің мүшелері, менеджерлер,бөлім басшылары жатады. Басқарушылар – олар кәсіпорын қызметін басқаруда және кәсіпорын алдында тұрған мақсаттарға жетуіне толық жауап беретін адамдар. Кәсіпорынның алдына қоятын мақсаттары жеткілікті,бірақ оның жетістіктерге жетуіне және қатаң бәсекелестік жағдайында төтеп беру қажеттігі әкімшіліктің негізгі екі мақсатқа: яғни, пайдалылық пен өтімділікті нығайтуға барлық күшін жұмылдыруын талап етеді.
Тиімді жұмыс жасайтын менеджерлер бухгалтерлік есеп мәліметтеріне және олардың талдауын негізге ала отырып шешімдер қабылдайды. Сондықтан әкімшілік бухгалтерлік ақпаратты басты пайдаланушылардың бірі болып табылады. Менеджер бухгалтерлер алдына келесі сұрақтарды қояды: соңғы тоқсанда кәсіпорынның таза пайдасының көлемі қандай; пайда нормасы иелерінің күткеніне лайық па; кәсіпорынның ақша қаражаттары жеткілікті ме. Сонымен қатар оларды кәсіпорынның:
• соңғы есепті жылдағы таза пайданың көлемі,
• нақты алынған табыс көлемінің жоспармен сәйкестілігі,
• өндірген әрбір түрлі өнімнің өзіндік құны,
• қызметтің қандай түрінен табыс көбірек алынатындығы және т.б жағдайлар қызықтырады.
Директорлар үшін, яғни кәсіпорын әкімшілігі үшін күнделікті кәсіпорынның қаражаттары қалай тартып, оларды қалай пайдаланып жатқаны және салынған қаражаттан қандай нәтиже күтуге болатындығын түсіну үшін қаржылық есеп ақпараттар өте қажет.
2. Кәсіпорыннан тыс орналасқан, бірақ оның қаржылық жағдайына тікелей қызығушылығы бар тұлғалар. Оларға: қаржы салымшылары, несие беруші, қазіргі және болуы ықтимал инвестор, қазіргі және болуы ықтимал кредиторлар, жабдықтаушылар жатады. Олар өздерінің салған салымдары мен сатқан тауарлар, көрсетілген қызметтер, берген несиелерінің уақтылы қайтарылатындығын білу үшін ұйымның қаржы тұрақтылығы мен төлем қабілетін зерттейді…..

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!