Курстық жұмыс: Азаматтық құқық | Құқық нормаларының құрылымы

0

Мазмұны

Кіріспе
І Құқық нормасы түсінігі және белгілері.
ІІ Құқық нормаларының құрылымы, гипотеза, диспозиция және санкция, оның түрлері.
ІІІ Құқық нормаларының формасы және оның құрылымының нормативтік-құқықтық актісінің баптары мен арақатынасы.
ІV Құқық нормаларының түрлері, құқық нормаларының жіктелу критерийлері.
V Қорытынды
VІ Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Құқық – күрделі құбылыс. Құқықтың негізгі қызметі – қоғамдық қатынастарды реттеу, тәртіпті сақтау, қорғау. Құқық – жалпыға бірдей міндетті мемлекет қамтамасыз ететін нормалардың жиынтығы. Ал құқықтық норма дегеніміз құқықтың бір ғана ереже қағидасы. Мысалы, құқықты үй деп санасақ, онда құқықтық норма осы үйдің бір кірпіш, торшасы.
Құқықтық норма – мемелекет тарапынан қамтамасыз еткен, қоғамдық қатынастарға араласып түсушілердің құқықтары мен міндеттерін туындататын, олардың әрекеттерін үлгі, эталон, масштаб, өлшем есебінде реттей алатын жалпыға бірдей міндетті ереже, норма,
Құқық норма – заңға сәйкес келетін мінез, жүріс-тұрыстың айырымдылық белгісін білдіреді. Осыдан құқық норма жария айқындық, нақтылық мәнге ие болады. Оның шешімін табуға мүмкіндік береді.
І Құқық нормасы түсінігі және белгілері
Құқықтық норма – қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылатын әлеуметтік ережелердің бір түрі. Ол бүкіл халықтың мүддесін қорғаудың, мемлекеттің билігін, саясатын іс жүзіне асырудың құралы. Құқықтық норма қоғам мүшелерінің мінез-құлқын, іс-әрекетін арнайы ережелермен реттейді.
Жеке дара норма немесе нормалардың бір жүйесі құқық бола алмайды. Құқық деп қоғамның билігін, саясатын, мүддесін іс жүзіне асыруды толық қамтыған нормативтік актілердің жиынтығын айтамыз. Сонда да жеке дара құқықтық норманың маңызы зор. Оның мазмұны өте күрделі мәселелерді: қоғамдық мүддені, саясатты, мемлекеттік билікті, бостандықты, теңдікті, әділеттікті, адамгершілікті. заңдылықты, тәртіпті, білімді, ғылымды, рухани сананы, халықтың әлеуметтік жағдайын, денсаулығын т.б. демократиялық іс-әрекеттерді біріктіреді.
Құқықтық норманың құндылығы:
— құқықтық нормалар қоғамды реттеп, басқарудың құралы, сол арқылы адамдардың, заңды тұлғалардың қарым-кқтынастарына дұрыс бағыт беріп отырады;
— құқықтық нормалар қоғамдық құрылыс жүйені қорғаудағы ең сапалы құрал, нормативтік актілер қоғамға зиянды іс-әрекеттерге жауапкершілікті күшейтіп отырады;
— құқықтық нормалар қоғамның дамуына пайдалы қатынастарды қолдап, қолайсыздарын қысқартып, экономиканың, әлеуметтік жағдайдың жақсаруына мүмкіншілік жасап отырады;
— құқықтық нормалар қоғамда әділеттікті, теңдікті, бостандықты т.б. демократиялық қағидаларды қалыптастырады;
— құқықтық нормалар халықаралық, мемлекетаралық байланысты, қатынасты жақсартудың құралы.
Құқық – жалпыға бірдей міндетті, мемлекетпен қамтамасыз етілетін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Құқықтық норма — құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастарының жақсы дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым-қатынасын реттеп, басқарып отырады.
Адамдардың бостандығын реттейтін норма екі тұрғыдан қарастырады: бірінші – адамдардың өздерінің, өз істерін, өз тәртібін жобалау — жоспарлауы (ішкі бостандық); екінші – өз мүдде-мақсаттарын өздері анықтап, оны өздерінің жүзеге асыруы (сыртқы бостандық).
Қоғамдағы барлық процесс, барлық қарым-қатынастар құқықтық нормалар арқылы реттеліп, басқарылып жатады. Нормативтік актілер әлеуметтік жеке мемлекеттік ықпал ету қасиеттерін біріктіріп, қоғамның дұрыс, жағымды дамуына, жалпы халықтық тәртіптің нығаюына мүмкіншілік жасап отырады.
Құқықтық норманың негізгі сипаттары:
1. Норма қоғамға, адамдарға ең қажетгі, керекті қарым-қатынастарды реттеп, басқарып отырады. Ол қатынастардың басым көпшілігі бостандықты, әділеттікті, теңдікті, адамгершілікті және қоғамның экономикалық, саяси, әлеуметтік, рухани, мәдени т.б. даму бағыттарын қамтып, реттеп, басқарады. Бұл басқарудың негізгі бағыттары, қағидалары Конституцияда және заңдарда көрсетілген.
2. Норма көп қатынастардың мазмұнын, орындалу бағыттарын, әдіс-тәсілдерін алдын ала анықтап, көрсетіп отырады. Болашақ қатынастың, оны реттеудің, орындалуының «үлгісін» жасайды. Міне осы «үлгілерді» зерттеу арқылы ғалымдар мемлекеттердің өткен тарихымен танысып жатады.
3. Нормативтік актілердің көпшілігі өзгермей қатынастарды көп жылдар дұрыс, жақсы реттеп, басқарып тұрақты нормаға айналады. Бұл екі жақты әлеуметтік тұрақты процесті типизация дет атайды. Мұның маңызы өте зор. Заңдылықты нығайтуға, құқықтық тәртіпті сақтауға зор үлес қосады.
4. Нормативтік актілер жалпы мемлекеттік норма, оның орындалуы жалпы қоғамдық міндет, оны халық түсінеді, біледі. Сондықтан олар ол нормалардың дұрыс орындалуына үлес қосады.
Құқықтық норманың жоғарыда көрсетілген сипаттары, оның мазмұнын, маңызын, қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп, басқарып толық түсінуге болады.
Құқықтық нормалардың белгілері:
1. Норма мемлекеттік органның қабылдаған бекіткен актісі, оның заңды күші бар. Мұндай нормалар қоғамдағы тәртіптің үлесіне айналады. Өйткені ол нормаларды халықтың басым көпшілігі дұрыс орындайды.
2. Нормада субъектілердің құқығы мен міндеттері, орындалу жолдары толық көрсетіледі. Егер де көрсетілмесе субъектілердің өз еркінде, тек заңға нышан келтірмеулері керек.
3. Норма ерікті түрде орындалмаса, еріксіз орындатылуы.
4. Құқықтық нормалардың жүзеге асырылуын, орындалуын мемлекет қамтамасыз етеді.
5. Құқықтық норма адамдардың, қоғамның тәртібінің кепілдігі болуы.
Құқықтық нормасыз қоғамда ешқандай дәрежелі заңдылық, тәртіп, жоспар, мағыналы, сапалы қарым-қатынас болуға тиіс емес. Құқықтық норманың мазмұны толық болуы керек. Сонда ғана оны дұрыс орындауға болады. Өмірде мазмұны толық емес нормалар кездеседі. Бір нормада қатынастың мазмұны көрсетіледі, екіншісінде – оны қашан, қандай жағдайда қолдануды көрсетеді, үшіншіде – қолдану нәтижесін көрсетеді. Үшеуін біріктірсе бір толық норма болып шығады. Мұндай норманың кұрылысы өте сирек кездеседі. Нормалардың басым көпшілігі толық түрде болады. Егерде толық болмаса, жетіспейтін элементтерін сілтеме арқылы тауып алуға болады.
Сонымен, құққықтық норма – қоғамдағы қатынас субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей мемлекетпен қамтамасыз етілетін ереже-қағида.
Құқық туралы негізгі түсініктер
Норма дегеніміз – бір қатынасты реттеп, басқаратын ереже. Нормалардың қоғамда қалыптасқан екі түрі бар: әлеуметтік нормалар мен техникалық нормалар.
Қоғамдағы көптеген қарым-қатынастарды реттеп, басқарып отыратын негізгі құрал — әлеуметтік нормалар. Әлеуметтік нормалар адамдардың іс-әрекетінің, мінезінің, тәртібінің қоғамдық ережесі болғандықтан қоғамды басқарудың, қатынастардың құралына айналды.
Бұл нормалардың негізгі түрлері:
• Құқық нормасы.
• Моральдық нормалар: жақсы-жаман, дұрыс-бұрыс, әділеттік-әділетсіздік, достық-қастық, инабаттылық, парасаттылық, адамгершілік т. б. қасиеттер.
• Саяси нормалар.
• Эстетикалық нормалар.
• Қоғамдық ұйым, ұжымдардың ереже қағидалары.
• Әдет-ғұрып нормалары.
• Салт-дәстүр нормалары.
• Діни, имандылық, инабаттылық нормалары.
Техникалық нормалар – адамдардың табиғатпен, техникамен дұрыс қатынас, байланыс жүргізу ережелері. Қазіргі заманда ғылыми-техникалық прогресс уақытында техникалық нормалардың маңызы өте зор. Табиғатпен байланысты қоғамның барлық салаларында техникасыз өмір жоқ. Сондықтан адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекеттің алдындағы кезек күттірмейтін мәселелердін ең күрделісі.
Қоғамның тарихи объективтік даму процесінде құқықтың маңызы туралы екі пікір бар: біріншісі, қоғамның дамуын басқаратын, реттеп отыртын факторлардың бірі – құқық. Онсыз қоғам дағдарысқа ұшырайды. Бұл пікірді заңды көзқарас дейді. Екіншісі, бірінші пікірге қарсы пікір. Қоғамның дамуында құқықтың ешқандай рөлі, маңызы жоқ деп түсіндіреді. Бұл пікірді заңды нигилизм дейді. Нигилизм қоғамда қабылданған, бүкіл адамға пайдалы нормаларды, жағымды мұраларды жоққа шығарып мойындамау деген түсінік.
Сонымен, құқық дегеніміз мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп ережелерінің (нормалардың) жиынтығы. Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу-ақ.
Құқық мазмұнының негізгі элементтері:
— қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау;
— қарым-қатынастарды реттеп, басқару;
— қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдениеттік т. б. бағытын дамытып, нығайту;
— мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың құзыретін, ара-қатынасын реттеп, басқару;
— халықаралық қатынастарды реттеп, басқару. Құқықтың екі түрлі түсінігі болады: біріншісі – құқықтың обьективтік түсінігі қоғамның обьективтік дамуына сәйкес жаңа қатынастардың қалыптасуы; екіншісі – құқықтың субьективтік түсінігі обьективтік қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді уақытында қабылдап бекіту.
Құқықтың негізгі функциялары: реттеу және қорғау.
Құқықтың реттеу функциясы – нормативтік актілер арқылы қоғамдық қатынастардың байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру. Құқықтың қорғау функциясы – нормативтік актілердің қоғамдағы қарым-қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тыйым салу.
Жоғарыда айтылғандай, құқық – жалпыға бірдей міндетті, мемлекет қамтамасыз ететін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Құқықтық норма – құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастардың жақсы дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым-қатынасын реттеп, басқарып отырады.
Құқықтық нормалардың элементтері бірігіп, оның құрылымын қалыптастырады. Құрылымы жөнінде құқықтық нормалар екіге бөлінеді: негізгі заңды нормалар және тәртіп ережелерінің нормалары.
Негізгі заңды нормаларда элементтердің мазмұны норманың кіріспесінде немесе бірінші бабында толық көрсетіледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының Салық кодексінде нормалардың элементтері 1-ші бабында толық көрсетілген.
Тәртіп ережелерінің нормаларында элементтер нормативтік кесімдердің баптарында, бөлімдерінде көрсетіледі.
ІІ Құқық нормаларының құрылымы, гипотеза, диспозиция және санкция, оның түрлері
Құқықтық нормалардың элементтері бірігіп, оның құрылымын қалыптастырады. Бірақ ол элементтердің болуы, тізілу қатары, бағыты, мақсаты нормативтік актілердің түріне байланысты. Құрылымы жөнінде құқықтық нормалар екі түрге бөлінеді: негізгі заңды нормалар және тәрііп ережелерінің нормасы.
Негізгі заңды нормаларда элементтердің мазмұны норманың кіріспесінде немесе бірінші бабында толық көрсетіледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының «Салық туралы» заңында норманың элементтері 1-бабында көрсетілген.
Тәртіп ережелерінің нормаларында элементтер нормативтік актілердің баптарында, бөлімдерінде көрсетіледі. Құқықтық нормалардың элементтері: диспозиция, гипотеза, санкция.
Диспозиция – қатынастың мазмұны мен субъектілердің құқығы мен міндеттерін көрсетеді. Диспозиция норманың діңгегі, құқықтық тәртіптің үлгісі-моделі. Мысалы, КР, АЗК, 482 б. Екі немесе көп жақты мәмілелер мен шарттардағы тұлғалардың міндеттері мен құқықтары айқын көрсетілуі. Диспозицияның үш түрі болады:
— жалпылама түрі – нормада субъектілердің құқығы мен міндеттері айқын көрсетілмейді; мысалы жұмыссыздық туралы заңда республикалық, облыстық, аудандық органдардың міндеттері жалпылама көрсетілген;…..

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!