Көшедегі қауіпсіздік

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Көшедегі қауіпсіздік

Автор: Бисаринова Нургуль Калымовна

Бағыты: Шағын орталық Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар

Жарияланған уақыты: 2019-01-09


Материал туралы қысқаша түсінік

Көшедегі қауіпсіздік. Қоршаған ортамен таныстыру




Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Әлеуметтік ортаБөлімі: Қоршаған дүниемен таныстыру.Тақырыбы: Көшедегі қауіпсіздікМақсаты: 1. Балаларға балабақша мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелейтін мекеме екендігін түсіндіру және балабақшада жұмыс істейтін мамандық иелерінің жұмыстарымен таныстыру.2. Сурет бойынша әңгімелеу арқылы зейіндерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.3. Балабақша ауласында өсіп тұрған өсімдіктердің аттарын ажыратып айту арқылы табиғатты сүюге баулу.Сөздік жұмыс: меңгеруші, әдіскер, дәрігер, тәрбиеші, аспаз.

Әрекеттердің кезеңдері Тәрбиешінің іс- әрекеттері Балалардың іс- әрекеттері
Ұйымдастырушылық-қозғаушылық -Балалар шеңбер жасап тұрады. Бір бала допты екінші балаға лақтырып тұрып сұрақ қояды. Допты қағып алған бала сұраққа жауап береді. Балабақша туралы білетін өлең, тақпақтарын айтқызады. Сұрақтарға жауап береді. Мысалы, «Мынау – балабақша», «Аспаз ас дайындайды».
Ұйымдастырушылық-ізденістік Балаларды балабақшаның мекенжайымен таныстырып, ондағы бөлмелерді аралатады. Әр бөлменің (спортзал, ән залы, асхана, дәрігер, кір жуатын орын т.б.) қалай аталуы жөнінде түсінік беріледі.Балабақшада жұмыс істейтін мамандық иелерінің (меңгеруші, әдіскер, тәрбиеші, мейірбике, аспаз, кір жуушы, күтушінің) жұмыстары туралы әңгімелеу.

Ғ. Өкеевтің «Балабақша үйіміз» өлеңін оқып беру.Балаларды балабақша ауласымен және балабақша айналасында орналасқан ғимараттар, мысалы, аурухана, дәріхана, дүкен, кітапхана, кинотеатрлармен таныстыру.«Мектеп» (авторы- М. Мақатаев), «Балабақша үйіміз» өлеңдерін (авторы- Ғ. Өкеев) дауыстап оқиды. Мазмұндарын түсіндіреді. Мектеп, мектепке адам не үшін баратыны, мұғалімнің қызметі туралы мағлұмат беріледі.Әліппе-дәптермен жұмыс. Мектеп пен балабақша туралы әңгімелейді. Екі мекмені салыстырады. Қызметкерлерімен таныстырады.

Балалар тыңдайды.

Өз балабақшалары туралы әңгімелейді.

Сурет бойынша әңгіме құрастырады.Балабақша мен мектепте кімдер жұмыс істейтінін ажыратып айтады.

Балабақшаға баратын жолды табу.

Рефлексиялық- түзетушілік Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақты қорытындылайды. Сұрақтар:1.Балабақшада кімдер жұмыс істейді? Олардың жұмыстары туралы әңгімеде.2.Балабақшада бөлмелері қалай аталады?3.Аулада тазалықты сақтау үшін не істеу керек?4.Гүлзарларда өсіп тұрған өсімдіктерге қандай қамқорлық жасау керек?5.Балабақша айналасында қандай ғимараттар бар?6.Мектепке не үшін барады? Балалар сұрақтарға жауап береді.1.Аспаз ас пісіреді.2.Тәрбиеші.3.Алуа сыпырушы ауланы сыпырады.4.Ол аулада өсіп тұрған гүлдерге су құяды.Түбін қопсытады.

Күтілетін нәтиже: Орындайды: балабақша және оның ауласы туралы түсінік қалыптастыру.Түсінеді: балабақшада жұмыс істейтін адамдардың еңбегін бағалап, оларға құрмет көрсетуі тиіс.Қолданады: балабақша және мектеп тәрбие мен білім беретін мекеме екендігін түсіну.

>







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.