Корпортивті табыс салығын есептеуде жаңашылдықтар
Кәсібін енді бастаған кәсіпкерлер үшін салық және бухгалтерлік есептеулерді жүргізу, салық түрлерін ажырата білу қиынға соғып жатады, оның үстіне жыл сайын енгізілп жататын өзгерістер тәжірибелі кәсіпкерге де кедергі келтіреді. Жаңа Салық кодексі нормаларымен бекітілген Корпоративті табыс салығын есептеу тәртібінде жаңашылдықтар бар.
Ең бастысы 2018 жыл 1 қаңтардан бастап «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінің идеологиясы адал кәсіпкерлердің мүддесі мен құқығын қорғауға, шағын және орта бизнес дамуына қарай бағытталады.
Кәсіпкерлерге салынатын салық түрлері шаруашылық жүргізу формасына қарай түрлі болады. Қосымша құн салығы, корпоративті табыс салығы, әлеуметтік салық, зейнетақылық төлемдер, жеке табыс салығы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, арнайы режмдегі жер салығы (шаруа қожалығы) және т.б. төлемдерді ескеріп, уақытында төлеп отырған жөн. Уақытында төленбеген салық айыппұлға айналады. Әдетте салықтың көбі жыл соңында қарай есептер жасау арқылы төленеді.
Корпоративті табыс салығы жылына бір рет төленеді, мәселен жауапкершілігі шектеулі серіктестік салыққа тиесілі табыстан 20% төлейді. Салық төлеушілер корпоративті табыс салығын декларацияны өткізуге белгіленген мерзімнен бастап кешіктірмей, 10 күнтізбелік күн ішінде төлеуі керек.
Салық кодексінде Корпоративті табыс салығын төлеуден босатылған салық төлеушілердің қосымша тізбегі енгізілген. Оның ішінде тауарларды электронды түрде саудалайтын ұйымдар бар. Алайда мұнда өзінің шарты бар: Корпоративті табыс салығы егер мұндай қызметтің операциялары нәтижесінде туындайтын теріс бағамдық айырма сомасынан оң айырбас бағамының айырмашылығының артуын есепке ала отырып, тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асырудан түсетін табыс жылдық жиынтық табыстың 90 пайызынан кем болмаса, ғана Корпоративті табыс салығын төлеуден босатылады.
Корпоративті табыс салығы бойынша 2018 жылы күшіне енген өзгерістер қатарында шығындарды тасымалдау мерзімі 10 жыл, шығындардың жекелеген түрлерін шегеру тәртібін халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарымен жақындастыру, аванстық төлемдерді төлеу тәртібін либерализациялау (аванстық төлемдер шағын және орта бизнес үшін алынып тасталған), сонымен қатар инвестициялық салық жеңілдіктерін және салықтық жеңілдіктерді реформалау қарастырылған.
«Бизнесте «Кіріс – Шығын = Табыс» деген әйгілі формула бар. Алайда онда кірістер мен шығысты анықтау бойынша өз түйткілдерді ескерген жөн: белгілі бір кезең бойынша кірістер мен шығындарды топтаймыз, есептеу әдісімен санаймыз, құжатпен растап, шығындарды негіздеу керек, бірақ рет алып шегереміз. Жиынтық жылдық табыс (түзетулерді қоса есептегенде) – Шегерімдер = Салық салынатын табыс шығады. Мұнда шығын мен шегерімді шатастырып алмау өте маңызды», – дейді сарапшы, Алматы қаласы Бухгалтерлер клубының мүшесі Елена Розинкина.
Салықтық есептеулерді маман, яғни бухгалтер жүргізгені абзал, алайда кәсіпті енді бастаған шағын бизнес субъектілеріне бухгалтер қызметі қымбат. Кәсіпті енді қолға алған кәсіпкерлер және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар қаржылық көмек, жалпы қаржылай емес қолдау үшін Кәсіпкерлер палатасы, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарына жүгініп, тегін кәсіби қызмет ала алады.
Әлия Кемелбекова
Дереккөз: https://massaget.kz/