Home Lifestyle Коронавирус инфекциясы COVID – 19

Коронавирус инфекциясы COVID – 19

0
58

Илларионов – Африка Ресейден гөрі коронавирустық инфекциямен жақсы күреседі

Сұхбатында Ресей президенті Путиннің бұрынғы экономика кеңесшісі және Вашингтондағы Катон институтының аға ғылыми қызметкері Илларионов Африканың Ресейден айырмашылығы – оларда коронавирустық инфекция не екенін түсінік бар деп айтты.
Африка Ресейден гөрі COVID – 19 коронавирустық инфекциясын жақсырақ емдейді. Бұл пікірді РФ Президентінің бұрынғы кеңесшісі, ресейлік экономист, Вашингтондағы Катон институтының аға ғылыми қызметкері Андрей Илларионов білдірді.
«Мен қазір барлық әлемнің дамыған елдерінде ғана емес, тіпті Африкада да қалай болып жатқанына қарап отырмын. Бұл континент бірнеше ондаған жылдар бойы әр түрлі инфекциялардың ықпалында болды. Онда мемлекет қайраткерлері инфекциялар мен вирустармен күресу туралы біраз тәжірибе мен білім жинады. Ия, оларға көп нәрсе жетіспейді – ақша, жабдық, технология. Бірақ олардың бастысы – олар қандай қауіп келді жақсы біледі. Сондықтан, мен Африка Ресейден гөрі коронавирус инфекциясын тез жеңеді деген болжам бар», – деді ол.
Илларионов мұны «Африкада тәжірибе жиналды, не істеу керектігін, өзін қалай ұстау керектігін білетін дәрігерлер бар» деп түсіндірді. Ал Ресейде, деді ол, президент Путин «эпидемия туралы ештеңе түсінбейді», жағдайды печенегтер мен половцы жағдайымен салыстырып отыр.
Коронавирус инфекциясы COVID – 19 Қытайда 2019 жылдың аяғында басталды. 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус пандемиясының таралғаны туралы хабарлады.
Американдық Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, 30 сәуірде, әлемде 3, 2 миллионға жуық адамда коронавирус анықталған, 228 мыңға жуық адам қайтыс болған. Ресейде – коронавирустың 972 құрбаны, барлығы 100 мың науқас адам бар екен.

Керімсал Жұбатқанов, Қазақ – Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты