көркем еңбек пәні Пластикалық формалар өнері, Мүсін өнері

1

Сабақтың тақырыбы Пластикалық формалар өнері. Мүсін
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
5. 2. 1. 1 Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін қолдану.
5. 3. 3. 1 Пәндік терминологияны қолдана отырып, өзінің және өзгелердің (суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер) жұмыстарындағы қолданылған әдіс — тәсілдерді (техникасы) сипаттау.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылар мүсін өнері және оның түрлері туралы түсініктерін қалыптастырады.
2. Мүсін өнерінің түрлерін ажырата алады, ерекшеліктерін біледі.
3. Мүсіндеуге қажетті материалдармен танысу, олармен жұмыс жасау тәсілдерін үйренеді.
Тілдік мақсаттар
Оқытудағы тілді дамыту мақсаттары:
Оқушылар:
Өзінің шығармашылық шешімдеріне сипаттама жасап, сыни көзқарасты талдап, өз нәтижесін түсіндіре отырып, өзгенің және өзінің жұмысын жетілдіруге конструктивті өзгерту үшін ұсыныстар жасайды
Пән лексикасы, терминология және диалог/жазу үшін қажетті сөз тіркестері
• Өнердің қайта өркендеуі, импрессионизм, экспрессионизм, заманауи өнер, кескіндеме, графика, мүсін, сәулет өнері, пейзаж, натюрморт, дақ, штрих, көлем, форма, кеңістік, түс, сызық.
• Сіздің ойыңызша суретші не үшін… материалдарды қолданады?
• Сіз сипаттап бере аласыз ба?
• Бұл техника сізге не үшін ұнады?
• Суретші жұмысы сізді не үшін қызықтырды?
• Өз жұмысыңызды қалай жақсартар едіңіз?

Сабақтың толық нұсқасы
Презентациясын жүктеу