Көпқабатты үйлерде орналасқан жолаушылар лифтінің автоматтандырылған электр жетегі
1
2
3
4
Мазмұны
Кіріспе
9
1.1
1.2
1.3
1.4
1.5
1.6
1.7
2
3
3.1
3.2
3.3
3.4
3.5
3.6
3.7
4
4.1
4.2
4.3
4.4
4.5
5
6
6.1
6.2
6.3
6. 4
7
7.1
Технологиялық үрдістің сипаттамасы
Лифттер классификациясы
Лифтің негізгі сипаттамалары
Лифтінің типтік құрамы мен құрылғы
Лифттің кинематикалық схемасы
Жолаушылар лифтінде қолданылатын электр жетек түрлері
және электр жетегіне қойылған негізгі талаптар
Лифт кабинасының қозғалысының тахограммасын тұрғызу
Қозғалтқыш жетегіні таңдау және есптеу
Электр жетегі жүйесін таңдау
Екі жылдамдықты қ.т. роторлы асинхронды қозғалтқыш
Генератор — Қозғалтқыш жүйесі
ТТ — Қ жүйесі
Трансформаторды таңдау
Тиристорларды таңдау
Индуктивті теңдеуші дроссельдердің есептеуі
ТТ — Қ күштік тізбегін анықтау
ТТ — Қ ажыратылған жүйесінің механикалық сипаттамасын құру
мен есептеу
Статикалық жүктеме аймағын анықтау
Түрлендіргіштің реттегіш сипаттамасын тұрғызу және есептеу
Реттеу жүйелерінің параметрлерін таңдау және есптеу
Жылдамдық реттегішінің параметрлерін есептеу
Тұйықталған жүйенің механикалық сипаттамасын есептеу
Лифт электр жетегінің өтпелі үрдістерін есептеу
Өмір тіршілік қауіасіздік бөлімі
Лифт жүйесін басқару мекемесіндегі құрылғ-дың адамға
физикалық және психологиялық жүктемесін бағалау
Көпқабатты үйді найзағайдан қорғау бойынша есеп жүргізу
Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Автоматты өрт сөндіру
жүйесін есептеу
Лифт жүйесін басқару мекемесіндегі цехта ауа алмасуына және
оның еселігіне есеп жүргізу
Экономикалық бөлім
Жұмыстың еңбек сыйымдылығын анықтау
5
11
14
16
17
20
22
28
31
40
40
41
43
45
45
46
47
49
50
52
53
56
57
59
65
65
67
71
71
74
77
7.2
7.3
7.4
7.5
Жұмыс уақытының қорын есептеу
Жұмысшылардың саны мен құрылымын есептеу
Жылдық жалақы мен пайдалану шығынын есептеу
Капиталды және күнделікті жөндеулердің өзіндік құнын
анықтау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
6
80
80
79
80
82
83
Аңдатпа
Бұл дипломдық жобада көпқабатты үйлерде орналасқан жолаушылар
лифтінің автоматтандырылған электр жетегі қарастырылған. Негізгі бөлімде
жолаушылар лифт электр жетегіне қондырғылар таңдалып, есептеулер
жүргізілген және де динамикалық, статикалық сипаттамалары тұрғызылған.
Сондай ақ электр жетектің ТТ- Қ жүйесінің элементтеріне есептеулер
жүргізілген. Matlab бағдарламалық пакетінде лифтің электр қозғалтқышының
виртуальды моделі ойлап құрастырылып, ондағы
орын алатын өтпелі
үрдістер зерттелді. Алынған нәтижелерді талдау жобаланған электр жетегі
оған қойылатын талаптарды қанағаттандыратындығын көрсетті. Жобаланған
лифт басқару жүйесі сенімді, ыңғайлы және эксплуатациялық тұрғыда
қарапайым болып табылады.
Өмір тіршілік қауіпсіздігі бөлімінде лифт жүйесі басқарылатын
мекемедегі құрылғылардың адамға псхологиялық және физикалық жүктемесі
бағаланып, көпқабатты үйлерді найзағайдан қорғауға және автоматты өрт
сөндіру жүйесіне есептеулер жүргізілген.
Экономикалық бөлімде лифт шығаратын кәсіпорнының электр жөндеу
цехындағы аса маңызды экономикалық жұмыстары анықталып, есептеулер
жүргізілген.
7
Аннотация
В дипломном проекте разрабатывается автоматизированный
электропривод пассажирского лифта. В специальной части произведен расчет
и выбор основного электрооборудования привода лифта, расчет статических и
механических характеристик. В проекте сделан обзор основных видов лифтов
и их характеристик. Также, с помощью технических параметров лифта
построена тахограмма движения кабины лифта. Опираясь на расчеты
подобран двигатель для высокоскоростных лифтов. Сделан расчет элементов
тиристорного преобразователя, выбраны трансформатор и тиристор.
Посторены механические характеристики системы открытого ТП-Д.
В разделе безопасность жизнедеятельности приведен анализ условий
труда, условия пожарной безопасности, защиты техники безопасности при
производстве работ.
В экономической части проекта проведено расчет по определению
наиболее важных экономических показателей работы электроремонтного цеха
предприятия.
8
Annotation
The automatic electric drive of passenger elevator is developed in a diploma
project. A calculation and choice of basic electrical equipment of drive of elevator,
calculation of static and mechanical descriptions are produced in the special part.
The project provides an overview of the main types of elevators and their
characteristics. Also, using the technical parameters of the elevator built tachogram
movement of the elevator car. Based on the calculations matched the engine for
high-speed elevators. Made the calculation elements thyristor converter, transformer
and thyristor selected. Postorit mechanical characteristics of an open TC-M.
In a division safety of vital functions an analysis over of terms of labour,
condition of fire safety, defence of accident prevention at the production of works is
brought.
In economic part of project a calculation is conducted on determination of the
most essential economic indicators of work electro- repair workshop of enterprise.
9
Кіріспе
Қазіргі
таңда көпқабатты
ғимараттардың
құрылысын жүргізу
барысында,оларсыз құрылысты жургізу мүмкін болмайтын негізгі элементтер
қатарында көп мүмкіншілігі бар қондырғылар мен құрылғылар көптеп
кездеседі. Көпқабатты тұрғын үйлерде,сауда орталықтарында және өндірістік
орындарда негізгі техникалық элемент ретінде қолданылатын, адам өмірін
ыңғайлы әрі жайлы ететін
қондырғылардың бірі лифт деп айтуымызға
болады. Қазіргі кезде лифт көптеген көпқабатты ғимараттарда, тіпті кем
дегенде 2 қабатты ғимараттарда да кеңінен қолданылады.
Жалпы лифт дегеніміз — адамдардың түсіп және де көтерілуіне арналған
транспорттық құрылғы, және жүктің бір жерден екінші жерге жетуі үшін
кабинада жүргізіледі, ол қозғалыстағы жылжымайтын тік қатты бағыттайтын,
барлық жерінен қорғалып орнатылған шахтада, электр қозғалтқыш және
редуктор арқылы қозғалысқа келетін, көтергіш механизм. Электр жетекпен
және де арқанға ілінген кабина лифттары кең қолданылыды.
Қоғам дамып келе жатқан сайын қалалар мен жергілікті жерлерде
көпқаббаты ғимараттардың салынуына тапсырыс көп, яғни бұл лифтерге де
тапсырыс көп деген сөз. Өндірістік, сауда — саттық, емдік — шипалық және
тағы да басқа ғимараттардағы қабат саны өсуіне байланысты адам
қызметкерлігінде лифттың мәні жоғары. Лифтты күнделікті жүздеген,
мыңдаған, миллиондаған
адамдар қолданады. Ғимарат санының өсуіне
байланысты лифттерге де талаптар жоғарылай
түседі. Лифттік
құрылғылардың сапасына үш фактор әсер етеді, олар: жасап шығару, лифттің
монтажы және олардың пайдаланылымы.
Aлғаш рет лифт туралы рим aрхитекторы Вструвий жaзған болaтын.
Лифт туpалы мәліметтеp б.з.д 236 жылдaрдaн бастaп кездеседі. Кейінірек
жануаp күші арқылы немесе қолдай қозғалысқа келетін кабиналы лифттер
жайлы Египетте VI ғасырдың ортасынан , Францияда ХIII ғасырда, Англияда
XVII ғасырдан бастап айтылады.
Ресейде лифттеp XVII ғaсырдaн бaстaп қолдaнылғaн. 1795 жылы
И.П.Кулибин Қысқы сарайға арналған бұрандалы жолаушылық лифттің
конструкциясын жасап шығарған.
1853 жылы АҚШ аулағыш құрылғы ойлап табылған. Бұл құрылғы
бағыттағыштар бойындағы кабинаны қалыпты жылдамдықтан асқан жағдайда
ұстап тұрған. Бұл кезеңде лифттер бу машиналары арқылы қозғалысқа
келтірілген, ал көтергіш арқандар барабанға оралып және сырғып отырған.
1867 жылы арқанды лифттерге қарағанда біршама артықшылықтарға ие
гидравликалық лифттер пайда болды. Бірақ бұл лифттердің бағасы бірталай
болды және қолданыс шығындары көп болды.
1878 жылы алғаш рет номиналды жылдамдықтан асқан кезде
аулағыштарды қосуға мүмкіндік беретін жылдамдық шектегіші ойлап
табылды.
10
XX ғасырдың бас кезінде электрлік лифттар қарқынды дамыды. XIX
ғасырдағы пайда болған жүкшығыр лифттардың құрылысының қарқынды
дамуына маңызды әсерін тигізе бастады. Бұл құрылғыда көтергіш күш үйкеліс
негізінде жасалады. Ол лифттардың қауіпсіздігін кушейтті. Жүкшығыр
өнертабысы арқылы лифттар шексіз биіктікке жетуге мүмкіндік алды.
Елімізде лифт құрылысы 1917 жылдан бері дамып келеді.
Бүгінгі күні лифттар автоматтандырудың ең жоғарғы дәрежесімен
орындалады және жаңа заман талабына сай, жаңа құрылымда, неше түрлі
өлшемде, пішінде, түрлі — түрлі түрөзгертушіліктермен өндірілуде. Олар
өзінің қолдану,
сенімділігімен
қолайлылығымен,
тиімділігімен
жайлылығымен, жоғары қуат көрсеткіштері арқылы
және қауіпсідігімен
ерекшеленеді. Тек қана электр жетегі осы кездегі лифттардың жоғарғы
талаптарына сай келеді.
Осы дипломдық жобада көпқабатты үйлерде орналасқан жылдамдықты
жолаушылар лифтісінің электр жетегі қарастырылды. Оған қойылған
талаптарға сәйкес статикалық және динамикалық жүктемелер анықталып,
тиристорлік түрлендіргіш- тұрақты тоқ қозғалтқышэлектр жетегінің
қозғалтқышы және тиристоры таңдалды. Реттелетін жүйенің құрылымдық
сұлбасы ойлап құрастырылып, оның параметрлері анықталды.
Лифтің электр жетегіндегі орын алатын өтпелі үрдістер есептелініп
графикттер тұрғызылды. Алынған нәтижелер талдау жобаланған электр жетегі
оған қойылатын талаптарды қанағаттандыратындығын көрсетті. Үдеу мен
жұлқу мәндері қатаң шектелген және рұқсат етілген мәндерден аспайды.
Жобаланған лифт басқару жүйесі сенімді, ыңғайлы және эксплуатациялық
тұрғыда қарапайым болып табылады.
11
1 Технологиялық бөлім
1.1 Технологиялық үрдістің сипаттамасы
Лифт адамдардың жоғары көтеріліп түсуіне арналған құрылғы. Кейбір
жағдайларда, жолаушыларды керекті орнына алып баруға,
лифтінің
номиналды жүк көтергішінен аспайтын салмақтағы жүктерді бір орыннан
екінші орынға жеткізуге қолданады.
Лифтінің жұмыс істеу принципі
Шақыру батырмасын басқанда лифтінің басқару құрылғысына электрлік
сигнал беріледі. Егер кабина шақыру келіп түскен аялдамада тұрған жағдайда,
лифтінің кабина есіктері мен шахталары ашылады. Егер кабина басқа
аялдамада тұрған жағдайда, басқару құрылғысына, кабинаның қозғалу
командасы
беріледі.
Жүкшығырдың
элетрқозғалтқыш орамына және
электромагнит тежеуіш катушкасына кернеу беріледі,серіппелі муфталы
редуктор және арқан қанаттарының шынжыры көмегі арқылы тежеуіш
қалыптары қысылады да, электрқозғалтқыштың роторы айнала бастайды.
Кабина керекті қабатқа
жеткенде
лифттің басқару құрылғысы
жүкшығырдың электрқозғалтқышының роторын төмендетілген айналу
жиілігіне өшіріп қосады. Кабинаның қозғалу жылдамдығы төмендеп, кабина
еденінің табалдырығы мен шахта есігінің босағасы беттескен кезде кабина
тоқтап, есіктің жетектері іске қосылады содан соң кабина мен шахта есіктері
ашылады. Ұсталым уақыты 3 пен 5 секунд аралығында іске қосылады
(тосқауыл жағдайына байланысты). Кабинаға жолаушылар кірген кезде,
жолаушылардың болу датчикгі іске қосылады (контактылар ажырайды).
Жүктің салмағы 15 килограммнан асқан жағдайда, жүктің болу датчигі іске
қосылады. Егер кабина жүккөтергіштігі 110% ке жүктелсе, жүктелу датчигі
110% өндіріледі (контактылар ажырайды) бірақ берілген бұйрық тіркелмейді,
көрсеткіш тақтасында
Асқын жүктеу
белгісі корсетіліп, есіктер
жабылмайды. Яғни бұйрық орындалмайды. Кабина қозғалмай 5 секунд тоқтап
тұрады. Егер осы уақыт аралығында бұйрық тіркелмесе есіктер жабылып
құрылғы бастапқы қалпына келеді, яғни басқа шақыруды орындауға дайын
болады. Кабинада орналасқан шақыру батырмасын басқанда, есіктер
жабылып, кабина шақыру келіп түскен басқа қабатқа жөнеледі.
Кабина бұйырылған қабатқа жеткенде, жолаушылар шыққанда есіктер
жабылады. Сонан соң кабина, басқа шақыру сигналы келіп түскенше сол
қабатта тұрады.
12
Сурет 1.1 — Жолаушылар лифтінің жалпы түрі
Өндірістік қондырғы сипаттамасы
Менің дипломдық жұмысымда таңдап алынған ЛП — 631Б жолаушылар
лифтіне кішкене сипаттама беріп кететін болсам.
ЛП — 631Б Лифті шахтада және машиналы ғимараттарда орналасқан
негізгі құрамдас бөліктерден тұрады. Лифтінің шахталы және машиналы
ғимараты құрылыс нысандарынан құралады (кірпіш қалаудан, бетондық
блоктан және т.б).
Лифтінің негізгі бөліктеріне жататындар: жүкшығыр, кабина, қарсы
салмақ, кабинаға және қарсы салмаққа бағытталушылар, шахта есік — тері,
жылдамдық тежеуіш, қабылдағыш бөлшектері мен түйіндері, электр-
қондырғылар және электражыратқыштары.
Жолаушыларды тасымалдау вертикаль бағытта қозғалатын кабинада
орындалады. Кабина және қарсы салмақтың қозғалуы машиналы ғимаратта
орналасқан тарту қанаттары арқылы жүкшығыр көмегімен жүзеге асады.
Енгізу мен басқару құрылғылары, жылдамдықты тежеуіште сол машиналы
ғимаратта орналасады.
Шахтаның төменгі бөлігінде арқан арқылы байланысқан жылдамдықты
төмендететін жылдамдық тежеуіш, сонымен қатар кабинаның және қарсы
салмақтың буферлі бөліктері орналасқан.
Кабинаға кіргенде немесе шыққан кезде, шахтада өзінің есіктері
автоматты түрде жабылатын жоғары қабылдағыштар қатары бар. Есіктің
13
ашылып жабылуы шахта кабиналарында орналасқан жетек арқылы
орындалады. Шахтаның есіктері тек кабина керекті қабатта тұрған жағдайда
ғана ашылады. Кабина керек қабатта болмаған жағдайда шахтаның есігі
арнайы кілтпен ашылады. Жүкшығыр, кабина және қарсы салмақ қозғалысқа
келу үшін лифтінің машиналы ғимаратында орналасқан.
Жүкшығырдың негізгі қосымша бөлшектеріне: редуктор, тежеуіш, рама,
қозғалтқыш, арқантартқыш белбеу, бұрғыш белбеу.
Лифт кабинасы жолаушыларды тасымалдау үшін шахтада арқан
тартқышқа ілінген. Лифт кабинасы жоғарғы арқалықтан, еденнен, екі жақты
ашылатын кабина есіктерінен, есік жетектерінен және төменгі арқалықтан
тұрады. Төменгі арқалықта орналасқан ұсатағыш сына, лифтідегі жүк
номиналды жүккөтергіштік шегінен асып кеткен жағдайда, кабинаны
тоқтатып ұстап тұруға арналған. Ол жылдамдықты тежеуішпен бірге жұмыс
істеуге есептеліп жасалған. Ілінген құрылғы кабинаның жүктеу дәрежесін
қадағалауға және де жол жөнекей келіп түскен шақыруларды орындауұға
арналған. Сондай ақ номиналды жүккөтергіштігі 630 киллограмм, жүктің 90%
немесе 110% пайыздық өлшемі қадағаланады. Егер кабинадағы жүк 90%
пайызда жүктелсе, онда кабина жол жөнекей шақырған аялдамаға автоматты
түрде тоқтайды.
Автоматты түрде ашылып жабылатын кабина есігі кабинаны қолдану
қауіпсіз екеніне кепілдік береді. Есіктің ашық немесе жабық екені электрлік
ажыратқыштар арқылы басқарылады.
Кесте 1 — Лифтің техникалық параметрлері
14 Лифт aрнaлымы
әкімшілік нысаны
Kөтeрy биiктiгi
Н = 60 м
Қaбaт биiктiгi
hэт = 4 м
Бекеттep сaны
n = 20
Kaбинa сaлмaғы
G0 = 4900 H
Hoминaл жылдaмдығы
VH = 2 мс
Жүk kөтeргiш
GH = 6200 H
Apқaн жүpгізyшi тeгeршik диaмeтpi
Dшк = 0,65 м
Бұpaмдықты peдykтoр ПӘКi
η = 0,7
Жүk сaлмaғы
G = 6100 Н
Мakcимaл cepпiлiсi
3
рm = 6 мс
Мakсимaл үдeyi
2
аm = 1.5 мс
Бepiлic caны
І = 22
Teңдeстiрyшi aрқaн сaлмaғы
Gук = 1960 Н
Тapтyшы аpқaнның caлмaғы
Gтк = 3200Н
Қoзғaлыc кeдepгici
Gc = 182 Н
1.2 Лифттep клaccификaцияcы
Лифттepдi түpлepгe бөлyдiң көптeгeн бeлгiлeрi бap. Coлapдың iшiнeн
көп тapaлғaнын қapaстыpaтын бoлсaқ.
Жүктeрдi тaсy бoйыншa лифттep мына түpлepгe бөлiнедi:
тұpғын үй ғимapaттapы үшiн;
қoғaмдық ғимapaттap үшiн;
aдaмдapды жeткiзy үшiн жәнe дe тұpмыстa пaйдaлaнылaтын
өнeркәсiптiк кәсiпoрындap үшiн, егер де олардың салмағы лифттің жүк
көтергішінен аспаған кезде;
ауруханаға, ауруларды тасу үшін арналған, соның ішінде тасу
құралдарымен және алып баратын қызметкерімен, оларды лифттер басқарады;
мүгедектер, өздерімен бірге өздері пайдаланылатын жолаушы
лифттер, тірек-қозғалтқыштық аппараттың функциясының бұзылуынан
мүгедектерді жоғары және төменге қарай төмендету үшін жасалатын;
жүктiк, жәнe жүктepдi вeртикaльды opын aлмacтыpyғa apнaлғaн,
coның iшінде:
жай жүктік;
монорельс және жүктік. Бұл лифттердің кабина төбесінің астынан
жүктік құрылғыларды ілетін (таль, тельфер және т.б.) арқалық (бір
қабырғасынан екіншісіне жеткізе салынатын жуан таяқша) бекітіледі;
сықпа (қыспа), кабинаның төмен тұсына көтеру күші түсірілген;
жаяу жүргіншілер (тротуарные),
шахта арқылы орналастырылған
люктің жоғары бөлігінен шығып тұратын кабина. Ол лифттер жер асты
автотұрақтарда, көшеден жерасты төлелерге орын ауыстыратын жүгі бар
автомобильдерді де жоғары төмен түсіру үшін үлкен жер астылы сақтайтын
орындарды қоймаларда немесе тағы да басқа жерлерде пайдалынылады.
аз жүктік, аз мөлшердегі жүктерді жоғарлату немесе төмендетуге
арналған.
Тасымалдауды бір — біріне қоспау үшін адамдар 250 килограмм салмақ
мөлшеріндегі (одан көп емес) жүк тасымалдауға есептейді, биіктігін 1250
метрден асырмау қажет. Арнайы (стандартты емес) ерекше шарттар арқылы
қолданғанда, техникалық талаптармен сай арнайы өңделіп дайындалған.
Бұларға қатысты, мысалыға космостық кемелерде косманавттарды кабинаға
көтеру үшінде лифттер қажет.
Қызмет көрсету әдістеріне қарай лифттер жолаушылардың өздері
басқаратын өзіндік қолдану, сонымен бірге лифттер немесе жол көрсетуші
бірге жүретін лифттер болып 2 бөлінеді.
Қозғалыс жылдамдығына байланысты лифттің кабиналарын ақырын
жүретін (1 мс дейін), тез жүретін (1 — 2 мс дейін) және жоғары жылдамдықта
(4 мс жоғары) болып бөлінеді.
Көтеру механизмі жетегіне сай келетін лифттер электрлік (тұрақты және
айнымалы электр қозғалтқыштан жетекпен) және де гидравликалық (көтергіш
15
гидроцилиндрлі түріндегі немесе айналатын типтегі гидроқозғалтқышты
шығыр) болуы да мүмкін.
Шaxтaлap түpлepiнe бaйлaныcты лифттepдi opындayынa бaйлaныcты
былaй бөлiнeдi:
жыpaқ шaxтaдa;
мeтaллкapкacты шaxтaдa;
құpacтыpылғaн (қoсылғaн, apaлacтыpылғaн) шaxтaдa.
Лифттep есiктep жәнe кaбинa құpылымы бoйыншa:
aшылмaлы eciктepмeн;
вepтикaльды — жәнe гopизoнтaльды — жaйылмaлы eciктepмeн.
Eciктepдiң жeтeгiнe қapaй лифттep бap:
қoлмeн жacaлынaтын жeтeкпeн (eciктi нeмeсe кaбинaны жoлayшы өзi
aшaды);
aвтoмaтты жeтeкпeн;
құpacтыpылғaн жeтeкпeн (eciктep қoлмeн aшылaды, aл жaбылғaндa).
Тapтy бөлiгiнiң құpылымынa бaйлaныcты лифттep apқaнды, шынжыpлы
(Гaллa шынжыpы қoлдaнылaтын), лeнтaлы, бұpaндaлы, нeгiзi бepeтiн бұpaндa
— гaйкaлы, плyнжepлi, тicтi дoңғaлaқ жәнe тicтi бiлтe тaқтaйшa қoлдaнылaтын
peчтi бoлып aжыpaтылaды.
Apқaнның қoзғaлыcының
cипaттaмacынан кaбинaғa
бaйлaнысты
лифттep кaбинaны төмeн жaғынaн ұcтaйтын тapтy apқaндapы iлгiш жәнe
қысcпa жoғapғы apқaнды бoлып aжыpaтылaды.
Тapтy apқaнның зaпac cұлбacы бoйыншa лифттep кeлeсiдeгiдeй
opындaлaды:
тypa, тiк iлгiштi;
пoлиcпacты iлгiштi;
арқанды мультипликатормен (әлсіз тоқтар күшін есептейтін аспап).
Лифттің машиналы ғимараты шахта астынан және үстінен немесе
тұтқадан да орындалуы мүмкін. Сонымен бірге, кейбір лифттер машиналы
ғимараттарды қажет етпейді. Қозғалыстың берілуіне байланысты арқан
бастаушы бөліктен шығырлар тартатын арқан лифттер КВШ, барабан және
жұлдызшамен орындалады. Лифт шығырлары редуктормен және редукторсыз
орындалуы мүмкін.
Лифт басқаруының төмендегідей түрлері бар:
ішкi, oнымeн кaбинa кyпесiнeн бaсқapaды;
сыpтқы, кaбинa сыpтынaн;
apaлaс — кaбинa кyпeciнeн немесе
тоқтататын аудандарда
басқарылады.
Бacқapy жүйeсiн қaмтaмacыз eтyгe бaйлaныcты кeлeciдeй бoлып
бөлiнeдi:
16
жaй жeкe бacқapy, тeк қaнa бip тoп (шaқыpy нeмеece бұйpық)
тipкeлeтiн нeмeсe жүзeгe acыpылaтын кeздe;
жинaйтын бacқapy, бapлық тoптap енгiзiлeдi, бipaқ oлapдың жұмыc
жacaуы лифттің жұмыc бaғдapлaмaсынa сaй бoлғaндa ғaнa icкe acaды. Coл
сeбeптi шaқыpy нeмece бұйpық бoйыншa жoлaй aялдaмaлap бoлyы мүмкiн.
Aдaмдap өмip сүpeтiн ғимapaттapдaғы лифттер үшін шақыру бойынша жолай
тоқтаулар кабина төменге қарай қозғалыс жасағанда орындалады, қоғамдық
ғимараттарда — 2 бағытта болып келеді. Бұйрық бойынша жолай тоқтаулар
барлығы дерлік лифттерде 2 жақ бағытта қарастырылған;
жeкe бaсқapy (бір ғана лифтпен басқару);
тoптық бaсқаpy — бip шaxтaдa opнaлacқaн біp қaбaттa, бip қызмeт
aтқapaтын немесе бірдей жылдамдықтағы лифттер тобымен басқару;
тoптық бaсқaрyдың әpтүрлiліiгi лифтпeн қoc басқapy бoлып
тaбылaды, көпқaбaтты тұpғын үй ғимapaттapындa қoлдaнылaды.
1.3 Лифтінің негізгі сипаттамалары
Лифтінің
негізгі сипаттамаларына
қозғалу
жылдамдығы, жүк
көтергіштігі, кабинаның жоғарғы биіктік көтергіші және аялдамалар саны
жатады.
Лифтінің жұмыстық және номиналды жылдамдығы бар. Номиналды
жылдамдық дегеніміз — лифтіге есептелген жалпы жылдамдық. Ал, кабина
қозғалысының жылдамдығы — жұмыстық деп аталады. ПУБЭЛ оның
ауытқуын тұрақтыдан бастап 15% пайызға дейін жібереді.
Жүккөтергіш дегеніміз — лифт тасымалдайтын жүктің максимал үлкен
салмағы. Оған тұрақты қондырғылары бар кабинаның салмағы кіреді.
Лифтінің номиналды жүк көтергіші кабинаның жоғарғы пайдалы
ауданына тәуелді болады. Сонымен, 0,37 м 2 кабинаның жоғарығы пайдалы
ауданы кезінде, бір адамдық лифтінің номиналды жүк көтергіштігі 100 кг
құрайды, ал екі адам үшін кабинаның жоғарығы пайдалы ауданы 0,58 м 2
болса, лифтінің номиналды жүк көтергіштігі 180 кг құрайды. Жүк көтергіштің
225 кг мәні 0,7 м 2 кабинаның жоғарығы пайдалы ауданына сәйкес келеді 300
кг — 0,9 м 2 ; 375 кг — 1,1 м 2 ; 400 кг — 1,17 м 2 ; 450 кг — 1,3 м 2 ; 525 кг — 1,45 м 2
; 600 кг — 1,6 м 2 ; 630 кг — 1,66 м 2 ; 675 кг — 1,75 м 2 ; 750 кг — 1,9 м 2 ; 800 кг —
2,0 м 2 ; 825 кг — 2,05 м 2 ; 900 кг — 2,2 м 2 ; 975 кг — 2,35 м 2 ; 1000 кг — 2,4 м 2 ;
1050 кг — 2,5 м 2 ; 1125 кг — 2,65 м 2 ; 1200 кг — 2,8 м 2 ; 1250 кг — 2,9 м 2 ; 1275 кг
— 2,95 м 2 ; 1350 кг — 3,1 м 2 ; 1425 кг — 3,25 м 2 ; 1500 кг — 3,4 м 2 ; 1600 кг — 3,56
м 2 ; 2000 кг — 4,2 м 2 ; 2500 кг — 5,0 м 2 . Жүктеменің аралық мәндері үшін
аудан сызықты интерполяция әдісімен анықталады. Жүккөтергіштері 2500 кг
асқан сайын әр көтерілген 100 кг 0,16 м 2 қосылады.
Лифтінің маңызды сипаттамаларының біріне, кабинаның нақты тоқтауы
кіреді. Нақты тоқтау деп кабина еденінің вертикаль бойының аралығы мен
17
кабина тоқтағаннан кейінгі қабаттың аудандарының ара қашықтығын
айтамыз. Кабинаның толы болуы баспалдақтан жолаушылардың кіріп,
шығуына қиындық тудырады, сол себептен кабинаның нақты автоматты
тоқтауы эксплуатациондық жұмыс режімі кезінде +-3,5мм шамасында болуы
керек.
1.4 Лифтінің типтік құрамы мен құрылғы
Кез — келген типтегі лифт келесідей құрастырмалы бөліктерден тұрады:
құрылыстық бөліктерден, механикалық қондырғылар мен электр
қондырғыларынан.
Лифтінің құрылыстық бөлімі, құрылыстық ұйымдарда салынған
лифтінің қондырғыларын орналастыруға арналған. Ол құрылыстық нормалар
мен ережелердің (ҚНмЕ), ПУБЭЛ және өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес
болуы керек.
Құрылыстық бөлім тізбектегі немесе арқандардың тартылуындағы
үзілуі, сонымен қоса лифтіні сынауда эксплуатация кезінде пайда болған
жүктемеге есептелінген. Оның жобалануы құрылыстық бөлімнің
жобалануындағы тапсырмаға сәйкес және жолаушы тасымалдайтын, жүктік
лифтінің мемлекеттік стандартына байланысты іске асырылады.
Құрылыстық бөлім лифтінің барлық қондырғылары кіретін шахтадан
және машиналы ғимараттан тұрады. Құрылыстық бөлімге лифтінің
құрылғысынан тәуелді блоктық ғимараттар да кіреді.
Лифтінің қондырғылары орналастырылған ғимаратқа кіру мүмкіндігі
горизонталь аудан арқылы жүзеге асырылған. Орнатылған ғимарат 0,35 м
жоғарылаған сайын оған әртүрлі жағынан жақындау мүмкіндігі бар, және де
баспалдақтар қажет, ол келесідей шарттарды қанағаттандыру тиіс:
— баспалдақтың биіктігі 1,5 м болады, ол горизонтқа 60° бұрыштан
аспауы тиіс;
— баспалдақтар ені 0,35 м, ал сатылардың ені 25 мм аспауы тиіс. Егер,
баспалдақты вертикаль
орналастырған жағдайда баспалдаққа
орналастырылған саты мен қабырғаның ара қашықтығы 0,15 мм аспайды,
сатылар 1500 Н жүктемеге есептелуі керек;
— биіктігі 0,5 м болатын баспалдақ тұтқамен немесе биіктігі 0,9 м
болатын сүйенішпен жабдықталуы тиіс;
— баспалдақтың жалпы биіктігі 4,0 м болуы керек.
Машиналы және блоктық бөлімі
Машиналы ғимарат — бұл лифт жабдықтарын қоюға арналған жеке
бөлме. Лифт құрылымына қарай ол шахта астында, үстінде немесе алыс болуы
мүмкін.
18
Блоктық ғимарат — бұл блоктық құрылғыларға арналған жеке бөлме.
Олар тек шахта үстінде болады.
Машиналы ғимаратта орнатылуы мүмкін:
шығыр 3 — лифттің көтеру механизмі;
жылдамдықты шектеуіш 1 — қауіпсіздік
құрылғысын қосқанда
механизмді қозғалысқа келтіретін құрылғы, ұстағыштар деп аталатын
кабинаны тоқтататын және оларды бағыттаушыларға ұстап тұратындар.
басқару станциясы — төмен вольтты жинақталған құрылғы (ТЖҚ) 4,
лифт жұмысын басқарады;
монорельс 2 — жүк көтеру құралдарын ілуге арналған құрылғы, жөндеу
жұмыстары кезінде лифт жабдықтарының орын ауыстыруында қолданылады.
қосу құрылғысы 16, лифттен кернеуді алуды және беруді қамтамасыз
етеді;
жарық түсіруді шахта және машиналы ғимаратты өшіретін;
төмендететін трансформаторы 20, түрлендіргіштер, түзеткіштер және
ТЖҚ құрамына кірмейтін басқа да электрқұрылғылары;
арқан қанаттардың шынжыры (полиспастты шынжырлы лифттер
үшін);
орталық қабатты аппарат (көшіру аппараты);
бағытын өзгертетін блоктар және контршкивтер, егер олар шығыр
құрамына кірмейтін болса.
Машиналы және блокты ғимараттарда қондырғы орнатуға және лифтке
керектісі болмаса қоюға болмайды. Машиналы және блоктық ғимаратта
орналасады:
лифтке қызмет көрсететін механизмдер;
желдетуге және ауаны суыту және жылытуға арналған қондырғылар;
күзеттік немесе өрттік белгі беру;
өрт сөндіру құрылғылары.
Машиналы және блоктық ғимаратқа кіру есік арқылы іске асырылады.
Блоктық ғимаратқа, машиналы ғимаратқа люк арқылы кіруге болады.
Машиналы және блоктық ғимараттарға кіру үшін есіктер, құлпысымен бірге,
дөңгелек немесе шаршы ауданға 5 см 2 ауданмен бірдей таралған және оның
кез келген жеріне тік, түзу бұрыш астынан есік панеліне салынған және кез
келген жағынан серпімділік деформациясымен, 15 мм аспайтын, сонымен
бірге қалдық деформация жіберілмейтін 300 Н жүкті тиеуге шыдау керек.
Есіктер мен люктердің қақпақтары машиналы және блоктық ғимараттарға
кіру үшін сыртынан кілтпен, ал ғимараттың ішкі жағынан — кілтсіз ашылатын
құлпы салынуы мүмкін. Люк қақпағы ғимаратқа құрал-жабдықтар мен
құрылғылар беру кезінде де сол талаптарды қажет етеді.
Блоктық ғимараттарда да келесі қондырғылар орнатылады:
ауытқитын блоктар;
19
контршкивтер;
жылдамдықты шектеуіш;
полиспасты шынжырлы лифттер үшін тарту арқан шынжырлар;
блоктық ғимаратқа жарық түсіруді ажырататындар;
лифтті басқаруда шынжырын ажыратқыштар, жөндеу жұмыстары
немесе блоктық ғимараттарының қондырғылары жұмыс жасап жатқан
уақытта қажет етеді.
Машиналы және блокты ғимарат едені бірнеше деңгейде болуы мүмкін.
Егер деңгей айырмашылығы 0,35 м — ден асатын болса, онда стационарлы
баспалдақ бір деңгейден келесі бір деңгейге өту үшін горизонт жағынан 60°
бұрышты немесе пандус, горизонт жағынан 20° бұрышпен жабдықталуы
керек. Егер деңгей айырмашылығы 0,5 м жоғары болса, онда баспалдық,
пандус және жоғарғы алаң құлама аймақта деңгей биіктігі 0,9 м биіктіктен
төмен емес таянышпен (сүйеніш) қоршалуы мүмкін.Блокты ғимараттарда
биіктік 1,5 м — ден кем болмау керек.
Лифтінің шахтасы
Лифтінің шахтасы — кеңістіктегі кабинаның орын ауыстыруы мен қарсы
салмақ. Ол өзінің қондырғылары мен адамдары бар орнықты аумағынан және
баспалдағынан өзгеше болуы керек, қабырғалармен, арақашықтығы
қоршалған, қауіпсіздікті қамтамасыз етуі тиіс. Шахта толығымен немесе
жартылай қоршалған болуы мүмкін, жартылай тұтас емес қоршауы болғанда,
1.1 суретте көрсетілген лифтінің қондырғылары кіреді.
Кабина, қарсы салмақ және біркелкілік қондырғылар бір шахтада
орналасады.Шахтаның бір бөлімі, қабаттық аумақтың төменгі бөлімінде
орналасқан, оны шұңқыр маңы деп атайды. Онда буферлердің
орналастырылуы немесе кабинаның және қарса салмақтың тіректері,
жылдамдықты шектейтін керілген құрылғы орналасады. Шұңқыр маңы
ағынды су мен жер асты суларынан қорғалуы керек. Толық сығылған буфер
кабинаға түскен дағдайда шұңқыр маңы еркін кеңістікте, өз шекарасында
жатқан өлшемі 0.5х0.6х1.0 м-ден аспайтын тікбұрышты параллелипипедтің
орналасуы жеткілікті. Шұңқыр маңы еденінің саңылауы кабинаның төменгі
бөлігінен, 0,5 м аспауы тиіс. Шұңқыр маңының тереңдігі 0,9 м асса, оның
кірісі тұтқа мен немесе баспалдақпен жабдықталады,егер тереңдігі 2,5 м
болғанда кіріс есігімен жабдықталады. Шұңқыр маңына қызмет етуші
қызметшігі қауіпсіздік еркіндігі қамтамасыз етілуі тиіс.
Саңылаусыз шахтада — жан — жақты қырынан қоршалған болады, ол
ережеге сай ғимараттың ішінде тұрғызылады.
Жартылай ашық шахта — лифтіні орнатқан кезде сыртқы қабырғаны
тереңдетуге қолданылады.
20
Қосалқы лифтінің шахтасы — ғимараттың сыртынан тұрғызылады және
бірінші қабатынан басқа, барлық биіктігі тұтас шыныланады. Сонымен қатар,
шахта тасымалдаушы болып бөлінеді, лифтінің құрылысының жүктемелі
құрылғысының жұмыс істеуін қабылдайды, және тасымалдаушы қоршалу
функциясын орындайды. Қабылданған материалдарды шахталарға бөледі,
қабырғалық құрылыстық материалдар көлемді темірбетонды құрылыстар —
металлкаркасты шахта және тюбингтер жасау үшін. Сапалы қабырғалық
құрылыстық материалдарға тығыз кірпіш, бетон және темірбетон
пайдаланылады.
Қазіргі замандағы құрылыстарға шахтаны тұрғызу технологиясында
монолитті темірбетонды шегенді сырғыма әдісімен құрылыс ғимараттарына
пайдаланады. Құрылыс жұмысы жүрген кезде кабинаға бағытталған
тіреуішті және қарсы салмақты төсеуіш детальдармен бекіту үшін орнатады.
Сонымен қоса лифтіні жобалауда тасымалдаушыларды орналастырады.
Сурет 1.2 — Лифт шахтасы
1.5 Лифттің кинематикалық схемасы
Кинeмaтикaлық cxeмa дeп нeгiзгi мeхaникaлық бaйлaныcтap және
oлapдың өзapa opнaлaсyын көpceтeтiн cызбaны aйтaмыз. Кинeмaтикaлық
cxeмaның негiзiн қapacтыpa oтыpып бiз элeктp жeтeгiнiң opнaлacyын (төмeнгi
нeмeсe
жоғарғы машиналы бөлме) аяқтай аламыз және
жүргізу
арқандарының схемасын да қарастыруымызға болады. Арқан жүргізуші
лифттар қарсы салмақ құрылғысыз жұмыс жасай алмайды, өйткені арқан мен
жоса — жоса арқан жүргізуші тегершік арасындағы үйкеліс күшін қамтамасыз
ете алады, және кабинаның салмағы және пайдалы салмақ жүктемесін бір —
бірімен теңестіреді. Сонымен қатар лифттің қолдану кезіндегі пайдаланыла-
тын жетектің қуаты алынады. Схема бойынша құрастырылған лифттарда
жетек жоғары бөлігінде орналасқан болады. Әдетте шахтаға ену есігін бір
21
жақтан немесе барлық қабаттарға жасайды. Сонымен қатар лифттің кабинасы
бір есік арқылы жабдықталады, ал қарсы салмақ артқы тұсында орналасады.
Сурет 1.3 — Лифттің құрылысының кинематикалық сызбасы
Кинематикалық сұлбаның элементтері
Кинeмaтикaлық cұлбaның негізгі элементтері болып кабина, шығыр,
ауытқитын блок, тартылыс арқаны, қарсы салмақ, тепе — теңдік ұстайтын
иілгіш элементтер, ілгіш кабель және созу құрылғысы жатады.
Лифттің кабинасы жолаушыларды вертикальды орын ауыстыруға
арналған.
Жүкшығыр (лебедка) кабиналарды және қарсы салмақты төмендету
және жоғарылату үшін қызмет етеді.
Ауытқушы блок келесі жағдайларда қолданылады: центрі мен қарсы
салмақ арақашықтығы, арқанжүргізуші орган диаметрінен үлкен болганда;
арқанжүргізуші орган шамасын өзгертпей, арқан жібінің арақашықтығын
үлкейтуге мүмкіндік болғанда.
Тартылыс арқаны көтеру механизмінен кабина мен қарсы салмақ
тартылыс күшін беруге арналған.
Қарсы салмақ арқанжүргізуші аймақта тартылыс күшін құру үшін және
қоршаған күшті азайту үшін пайдалынылады.
Тартылыс күші арқан түйіндеріндегі кабиналық және қарсы күш
созылуларының айырмашылығына тең. Қоршаған күш шамасы айналатын
моментпен тікелей байланысты. Қаншалықты айналу моменті аз болса,
соғұрлым электр қозғалтқыш қуаты да аз болады. Қарсы салмақ бос кабина
мен бөлікті, шамамен 40…50 % салмақтағы пайдалы жүкте тепе-теңдік ұстап
тұруы керек.
22
Тепе-теңдікті ұстап тұратын иілгіш элементтер (болат арқандар мен
шынжырлар) тарту арқанын тепе-теңдікте ұстап тұруға арналған. Оларды
белгілі бір лифттің көтеру биіктігінде, тарту арқанның салмағы оның
номиналды жүк көтеруімен шамалас болған кезде қолданады.Олар кабина
қозғалыста болған уақытта қоршаған күшті төмендетуге мүмкіндік береді.
Аспалы кабель кабинаның электр қондырғысы мен лифт басқару
сұлбасымен байланыста болу үшін қажет.
Созу құрылғысы
элементтерді тепе
—
теңдікте ұстайтын, осы
элементтерді созу үшін керек, себебі олар шахта қондырғыларын тербетпеуге
және тиіп кетпеу үшін пайдалынылады.
1.6 Жолаушылар лифтінде қолданылатын электр жетек түрлері
және электр жетегіне қойылған негізгі талаптар
Лифтік қондырғыларда, қатаң механикалық сипаттамаға ие және
жеткілікті асқын жүктемелік қасеті бар электр қозғалтқыштары қолданылады.
Мұндай қозғалтқыштар қатарына үш фазалы асинхронды қозғалтқыштарды
және де тәуелсіз қоздыруы бар тұрақты тоқ қозғалтқыш-тарын жатқызуға
болады. Лифт кабинасы, қозғалыс жылдамдығы 1,4 мс дейін үш фазалы және
екі есе жүйрікті асинхронды қысқа тұйықталған роторы бар электр
қозғалтқыш арқылы қозғалысқа келтіріледі. Магнит өрісінің айналу жиілігі
және ротор да электр қозғалтқышының статор қос полюстарының санына
тәуелді.
Тұрақты ток электр жетегі көп жағдайда қозғалу жылдамдығы 2 мс
болатын жүйрік жүретін лифтілерде қолданылған.Ол лифті кабинасының
қозғалу немесе тежелу кезінде жылдамдықты байсалды түрде реттеуге
арналған.Мұндай лифттер жетегінің бірінші жүйесі Генератор- Қозғалтқыш
жүйесі болып табылады.Бұндай жүйелердің жылдамдықты реттеуі
генератордың қоздыру орамындағы токты басқару арқылы, генератордың
ЭҚК өзгертумен жүзеге асады. Г-Қ жүйесінің артықшылығына лифт
кабинасының қозғалу жылдамдығын
байсалды реттеуін жатқызуға
болады.Сондай ақ оның кемшіліктеріде де бар,оның кемшіліктеріне жетектік
құрылғы салмағының үлкен габаритті болуы, Г-Қ жүйесіндегі электр
машиналарының қуаты жоғары болуы, ПӘК
төмен болуы,басқару
схемасының қиындығы жатады.Тиристордың пайда болу себебінен Г-Қ
жүйесінде тұрақты тоқ қозғалтқышы тиристорлық түрлендіргішпен
ауыстырылды. Бұл жүйе Г-Қ жүйесінің кемшіліктерін түзетті, сондықтан ол
лифтілік қондырғылардың электр жетегін реттеуде ұзақ жылдар бойы негізгі
жүйе ретінде қызмет атқарады. ТТ-Қ ( тиристорлық түрлендіргіш- тұрақты тоқ
қозғалтқышы) жүйесінде жылдамдықты реттеу түзетілген кернеудің өлшемін
өзгерту арқылы жүзеге асады. Басқару түзеткіштерін қолдану генераторлық
жүйесінде рекуперативті желі энергиясымен жұмыс жасауға мүмкіндік береді,
бұл осы жүйенің артықшылықтарың бірі Болып табылады.Сонымен қатар ТТ-
Қ жүйесін қолдану үзілмелі токтар режимі есебінен басқару жүйесіне
23
қиындық тудырады.ТТ-Қ құрылысындағы щеткалы — коллекторлы түйіні
салдарынан, қазіргі уақытта тұрақты тоқ жетектерін толықтай айнымалы тоқ
жетегіне ауыстыруға алып келді.
Айнымалы тоқта жұмыс істейтін лифт қондырғыларының жетегін
реттелетін және реттелмейтін деп бөлуге болады. Реттелмейтін жетек
жылдамдығы 1 мс төмен баяу жүретін лифттерде қолданылады. Керекті
нақты аялдамаға лифт кабинасы тоқтауы үшін механикалық сипаттамның
өзгеруі арқылы, төменгі жылдамдыққа өту немесе қозғалқышты төменгі
жылдамдыққа қосу арқылы жүзеге асырады.Бірінші жағдайда,яғни
механикалық сипаттаманың өзгеруі арқылы,төмен жылдамдықа өту үшін
микрожетекті асинхронды қозғалтқыш немесе фазалы роторлы асинхронды
қозғалқыш қолданылады (ол қазіргі уақытта қолданылмайды). Екінші
жағдайда қазіргі уақытта да қолданылатын лифтілік екі жылдамдықты
қозғалтқыштар қолданылады.Екі жылдамдықты қозғалтқыштарды қолдану
лифт кабиналарының жылдамдығын реттеудің оңтайлығына алып келмейді,
бірақ рекуперативті тежелу есебінен төменгі жылдамдыққа көшкенде, энегия
шығынын біраз мәнге төмендетеді.
Жаңа заманғы лифтілік қондырығылардың электр жетегін реттеу, озінің
сипаттамаларымен ТТ-Қ жүйесінен қалыспайтын, АҚ-ТТ( қысқа тұйықталған
асинхронды қозғалтқышты-тиристорлы түрлендіргіш) жүйесінде құралады.
Шартқа сәйкес жиілікті реттеуіштерді қолдану,
басқарылатын және
басқарылмайтын түзеткіштері бар кернеудің автономды инверторы негізінде
құралады. Басқарылмайтын түзеткіштері бар түрлендіргіштер қуаты 30кВт
төмен жетектерде қолданылады. Бірақ түрлендіргіштерді таңдау жетектің
жұмыс істеу шартына байланысты.
ЖТ-АҚ жүйесінде жылдамдықты реттеудің 2 түрі бар:
1) Скалярлы басқару;
2) Векторлы басқару.
Скалярлы басқару қоректендіретін кернеудің (ток) амплитудасы мен
жиілігі келісілген түрде өзгеруінде анықталады,ол қозғалтқыштың айналу
жылдамдығын байсалды реттеуге мүмкіндік береді. Скалярлы басқарудың екі
жүйесі кездеседі, олар: тұйықталған және тұйықталмаған.
Скалярлы басқару жүйесі статикалық жұмыс режиміндегі электр
жетектерін реттеудің жақсы қасиеттеріне ие. Скалярлы басқару жүйесінің
динамикалық қасиеті өтпелі процесстегі жиілікке берілген тапсырыс
функциясымен, бірінші кезекте электромеханикалық тұрақты уақыттың
электромагниттік тұрақты уақытқа қатынасымен анықталады.
Векторлы немесе фалы — амплидудалық басқару статикалық жұмыс
режимі сияқты динамикалық жұмыс режимінде де энергетикалық және
түзеткіштік қасиеттердің жақсы корсеткіштерін көрсетуіне мүмкіндік береді.
Векторлы басқару жүйесі динамикаға жоғары талаптары бар механизмдерде
қолданылады. Мұндай механизмдерге лифтіні жатқызуға болады.
Omron, Siemens, ABB секілді фирмалар лифтінің қозғалу жылдамдығын
басқаруғу бағытталған жиілікті түрлендіргіштерді шығарады.
24
Түрлендіргіштерде асинхронды қозғалтқышты скалярлы басқару қасиеті
сияқты векторлы басқару қасиетіде қарастырылған.
Автоматтандырылған электр жетегі
және автоматтандырылған
өндірістік қондырылғыларды талаптарына сай қалпына келтіру.
Автоматтандырылған электр жетегін талапқа сай қалпына келтіру
технологиялық процесс қалыпты жүрумен қамтамасыз етілгенде орындалады.
Әрі қарай талап негізінде электр жетектің құрылымдық схемасын жобалауда
және комплекті түрлендіргішті таңдауда өндірілетін болады.
Лифтік қондырғыларда, қатаң механикалық сипаттамаға ие және
жеткілікті асқын жүктемелік қасеті бар электр қозғалтқыштары қолданылады.
Мұндай қозғалтқыштар қатарына үш фазалы асинхронды қозғалтқыштарды
және де тәуелсіз қоздыруы бар тұрақты тоқ қозғалтқыштарын жатқызуға
болады.
Тұрақты ток электр жетегі көп жағдайда қозғалу жылдамдығы 2 мс
болатын жүйрік жүретін лифтілерде қолданылған. Ол лифті кабинасының
қозғалу немесе тежелу кезінде жылдамдықты байсалды түрде реттеуге
арналған. Мұндай лифттер жетегінің бірінші жүйесі Генератор — Қозғалтқыш
жүйесі болып табылады.
Бұндай жүйелердің жылдамдықты реттеуі
генератордың қоздыру орамындағы токты басқару арқылы, генератордың
ЭҚК өзгертумен жүзеге асады. Г-Қ жүйесінің артықшылығына лифт
кабинасының қозғалу жылдамдығын байсалды реттеуін жатқызуға болады.
Сондай ақ оның кемшіліктеріде де бар, оның кемшіліктеріне жетектік
құрылғы салмағының үлкен габаритті болуы, Г-Қ жүйесіндегі электр
машиналарының қуаты жоғары болуы, ПӘК
төмен болуы,
басқару
схемасының қиындығы жатады. Тиристордың пайда болу себебінен Г-Қ
жүйесінде тұрақты тоқ қозғалтқышы тиристорлық түрлендіргішпен
ауыстырылды. Бұл жүйе Г-Қ жүйесінің кемшіліктерін түзетті, сондықтан ол
лифтілік қондырғылардың электр жетегін реттеуде ұзақ жылдар бойы негізгі
жүйе ретінде қызмет атқарады. ТТ-Қ ( тиристорлық түрлендіргіш — тұрақты
тоқ қозғалтқышы) жүйесінде жылдамдықты реттеу түзетілген кернеудің
өлшемін өзгерту арқылы жүзеге асады. Басқару түзеткіштерін қолдану
генераторлық жүйесінде рекуперативті желі энергиясымен жұмыс жасауға
мүмкіндік береді, бұл осы жүйенің артықшылықтарың бірі Болып табылады.
Сонымен қатар ТТ жүйесін қолдану үзілмелі токтар режимі есебінен басқару
жүйесіне қиындық тудырады. ТТ — Қ құрылысындағы щеткалы — коллекторлы
түйіні салдарынан, қазіргі уақытта тұрақты тоқ жетектерін толықтай
айнымалы тоқ жетегіне ауыстыруға алып келді.
Айнымалы тоқта жұмыс істейтін лифт қондырғыларының жетегін
реттелетін және реттелмейтін деп бөлуге болады. Реттелмейтін жетек
жылдамдығы 1 мс төмен баяу жүретін лифттерде қолданылады. Реттелетін
жетек түрі келесі 1.4- суретте көрсетілген.
25
Сурет 1.4 — Реттелетін жетек түрі
Лифт қозғалтқышы үйкеліс тегершігімен редуктор арқылы немесе
тікелей байланысқан. Осыған сәйкес электр жетегі екі типті болып келеді:
редукторлы және редукторсыз.
Редукторсыз жетек негізінен жүйрікті және жоғары жүйрікті лифттарда
қолданылады. Редукторлы жетек номиналды жылдамдық айналымы 600 —
1500 айнмин (62,8 — 157 радсек) жасайды, сонымен қатар, шағын габаритті
шамамен жабдықталған, бірақ қымбат бағалы редуктормен салыстырғанда,
жұмыс кезінде едәуір шу тудырады. Редукторсыз жетек номиналды
жылдамдық айналымы 60 — 120 айнмин (6,28 — 12,6 радсек) жай жүрісті
қозғалтқыштар арқылы іске асырылады. Оның габаритті көлемі мен массасы
біршама үлкен болып келеді. Мысалы келтретін болсақ қозғалтқыш 39 кВт
қуатпен 83 айн мин жылдамдығымен шамамен 5 т массасына ие, ал П — 101
қозғалтқышы 42 кВт қуатпен 750 айнмин (78,5 радсек) жылдамдықпен
шамамен 865 кг ие. Алайда жай жүрісті қозғалтқышта редуктор болмайды,
және шусыз болып келеді. Редукторсыз жетекте қозғалтқыш якорі мен үйкеліс
тегершігі бір белесте орналасқан. Айналу жылдамдығы аз болу салдарынан
кинетикалық энергия қоры редукторлы жетекке қарағанда, редукторсыз
жетекте аз.
а) редукторлы б) редукторсыз
Сурет 1.5. — Электр жетек түрлері
26
Лифттарда осы уақытқа дейін
негізінен екі типті редукторлар
қолданылады. Біріншісіне жататын ЖГР типті (жолаушы глобоидты
редуктор): ЖГР — 150; ЖГР — 180; ЖГР — 240.
Қорытындылай келе лифтіде қолдануға ыңғайлы электр жетек түрі ЖТ-
АҚ (жиілікті … жалғасы
Дереккөз: https://stud.kz