Конвейерлік таспалардың көлденең қималарында максимум деформацияларды теңестіру тәсілі

0





Жұмыс түрі: 
Материал

Көлемі: 5 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 500 теңге

Таңдаулыға:   




КОНВЕЙЕРЛІК ТАСПАЛАРДЫҢ КӨЛДЕНЕҢ ҚИМАЛАРЫНДА МАКСИМУМ ДЕФОРМАЦИЯЛАРДЫ ТЕҢЕСТІРУ ТӘСІЛІ
Таспалы конвейерлер өнеркәсіптің барлық, бірінші кезекте кен өндіру салаларында қолданыс тапқан ағымдық көліктің анағұрлым кең таралған түрі болып табылады. Алайда жарылыс жұмыстарынан кейін рудада ірі қатты жемірілген кесектердің көп пайызының болуы жер асты руда кәсіпорындарында таспалы конвейерлердің кең қолданысын шектеді, бірақ қуатты жер асты ұсатқыш қондырғылардың пайда болуы учаскелік және магистральдық қазбаларда майда ұсақталған руданы (0…300 мм) тасымалдау үшін таспалы конвейерлерді табыспен пайдалануды бастауға мүмкіндік берді. Таспалы конвейерлерді пайдалану тәжірибесі көрсеткендей анағұрлым жүктелген торап резеңке-тросты таспа болып табылады. Конвейерлік таспалардың қаңқалары ұзындығы бойынша бойлық жіпшелерден – табандарынан немесе таспаның барлық ұзындығы бойымен араларында бірдей қадаммен параллеь орналасқан болат тростан тұрады және жүктелген таспаның қозғалысына кебдергіден болатын барлық қосынды жүктемені қабылдайды және оның айтарлықтай бөлігі (0,25-0,7) жүктің таспамен қысылуынан және босауынан конвейердің барлық ұзындығы бойымен аунақша аралық кеңістіктерде туындайды. Осыған орай, егер болат тростар таспада бір қабатты орналасатын болса, онда резеңке-мата таспалардың бойлық жіптері көп қабатты болып, жеке мата төсемелері түрінде орналасады, бірақ олардың бәрі өзара резеңке толтырғышпен бекітілген, бұл таспаларға белгілі бір қаттылық пен беріктік береді. Жүктің ұсақ фракцияларының төгілуін болдырмас үшін қауіпсіздік ережелерінде таспаның екі бүйір жағынан бос жиектер қарастырылады, ал жүк таспаның көлденең қимасының ортаншы бөлігіне шоғырланады, яғни оның бойлық күш элементтері ең үлкен деформацияға түседі. Оның үстіне бүйірлік бос жиектері өздерінің күш элементтерінің аз деформациясына қарай таспа қимасының ортаншы бөлігі үшін қосымша жүктемеге айналады. Осыған байланысты таспа қимасы жүк түсіретін барабанға шыққан кезде барабанда қозғалыстағы массалардың жиналуы болмауына байланысты таспаның барлық бойлық күш элементтері бірдей максимум деформацияға түсуі тиіс. Егер таспаның ортаншы бөлігі үшін осы деформацияға статикалық ретінде біртіндеп қол жеткізілетін болса, онда бос бүйірлік жиектер үшін – динамикалылық коэффициенті 2 бір сәттік динамикалық ретінде қол жеткізіледі. Осының нәтижесінде резеңке-мата таспаларда төсемелердің қабыршықтануы жүреді, ал резеңке- тростық таспаларда тростардың таспалардан шығуымен қатар жүреді. Екі жағдайда да таспалар қарқынды бұзылуға түседі және мезгілінен бұрын қатардан шығады. Осыған орай, конвейерлік таспаларды максимум деформациядан қорғаудың алдын алу тәсілдерін әзірлеу талап етіледі. Резеңке-мата таспаларды беріктік коэффициентінің қорын арттыру және шектік жүктемені бір төсеме енінің бірлігіне (см) бір мезгілде азайту арқылы олардың максимум деформациясынан қорғау тәсілі белгілі. Мысалы, төсемелер саны 2 бастап 4 дейін болғанда ерекше берік бельтинг (ЕББ) үшін беріктік қорының коэффициенті n=10, төсеме енінің 1см-іне шектік жүктеме – 11,5кг; төсемелер саны 5 бастап 8 дейін болғанда n=11, шектік жүктеме 1 см-ге 10,4 кг. Төсемелер саны 9-12 болғанда n=12, ал шектік жүктеме 1 см-ге 9,1 кг. Осы тәсілдік кемшіліктері: меншікті материал көлемділікті және конвейердің энергия сыйымдылығын күрт арттыру, оның ресурсын азайту, таспалардың құнын арттыру, таспаның және конвейердің тұтастай қызметін көрсету күрделендіру, таспалардың тасушы қабілетін күрт төмендету болып табылады. Ғылыми еңбекте ұсынылатын қорғау әдісі анағұрлым прогрессивті, онда резеңке- трос таспаларды, таспадағы тростар санына, олардың диаметріне және таспалардың еніне қарамастан тек бір тұрақты параметрмен n=9 қорғау ұсынылады, бұл конвейерлік таспаларды есептеуді және таңдауды айтарлықтай жеңілдетеді. Аталған тәсілдің кемшіліктері: таспаның айтарлықтай массасы, таспа мен конвейердің қызмет көрсету қиындығы, конвейердің үлкен меншікті материал көлемділігі мен энергия сыйымдылығы, таспаның айтарлықтай құны, таспаларды алмастыру кезінде өнімділігінің айтарлықтай шығындары болып табылады. Шығындарды минимумдау, тек егер таспаның жүкпен қиылысу формасы мен параметрлері конвейердің әрбір өзіне тән учаскесі бойында өзгеріссіз сақталатын болса, яғни таспаның қимасын иілуге тең кедергі арқалығы ретінде беретін болса ғана қол жеткізілуі мүмкін екені айқын. Белгілі болғандай, тұрақты қимадағы арқалықтарды иілдіру кезінде қауіпті қимадан басқа барлық қималарда артық беріктік қоры болады, бұл материалды тиімсіз пайдалануды куәландырады. Барлық көлденең қималардағы кернеу бірдей (шектікке тең) болатын арқалықтың осындай түрі анағұрлым тиімді болады, осындай арқалықтар иілуге тең кедергі арқалықтары деп аталады. 2014 жылы Өнеркәсіптік көлік кафедрасында бастамашыл тақырып аясында конвейерлік таспалардың көлденең қималарында максимум деформацияны теңестіру тәсілі әзірленді. Конвейерлік таспалардың көлденең қималарында максимум деформацияларды теңестіруде әзірленген тәсіл өнеркәсіптік конвейерлік көлікке арналған жабдыққа, жеке алғанда конвейерлік таспаларға жатады және олардың өндірісі кезінде пайдаланылуы мүмкін. Конвейерлік таспалардың көлденең қималарында максимум деформацияларды теңестіруде әзірленген тәсіл келесі кезеңдерден тұрады: 1. Таспалы конвейердің … жалғасы

Ұқсас жұмыстар


Пәндер

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз