Компьютерлік қылмыстардың криминологиялық сипаттамасы | Скачать Дипломдық жұмыс

0

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

Тауекелова Г.Ж.

Компьютерлік қылмыстардың криминологиялық сипаттамасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСЫ

5В030100–Құқықтану мамандығы

Костанай, 2017
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

Қорғауға жіберіледі
Қылмыстық құқық және
процесс кафедрасының
меңгерушісі __________

____________Байсарин Б.З.
___
____________20___ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСЫ

тақырыбы: Компьютерлік қылмыстардың криминологиялық сипаттамасы

5В030100–Құқықтану мамандығы

Орындаған:
Г.Тауекелова, күндізгі оқу

нысанының 4 курс студенті

Ғылыми жетекші: аға
оқытушы, О.Оразбаев

Қостанай, 2017
А.Байтурсынов атындағы Костанай мемлекеттік университеті
Қылмыстық құқық және процесс кафедрасы

Мамандығы: 5В030100–Құқықтану
Оқу нысаны және бағдарламасы:негізгі білім беру бағдарламасы

БЕКІТЕМІН

Кафедра меңгерушісі

__________ _______________

қолы аты-жөні

____.________20__ж.

Диплом жұмысын орындау үшін
ТАПСЫРМА

Студент Тауекелова Гулмира Женискызына

Тақырып: Компьютерлік қылмыстардың криминологиялық сипаттамасы

Университет бойынша____._____20 __ ж. №___ бұйрығымен бекітілген
Аяқталған жұмыстың тапсыру мерзімі ____._____20 __ ж.
Жұмысқа керекті бастапқы деректер Монографиялық, оқу, оқу-әдістемелік,
анықтамалық, энциклопедиялық және кезекті басылымдар.
Дипломдық жұмыста әзірленетін сұрақтар тізімі немесе дипломдық жұмыстың
қысқаша мазмұны: Компьютерлік қылмыстардың түсінігі және олардың жүйесі;
компьютерлік қылмыстардың жасалу тәсілдері; компьютерлік қылмыстар және оны
жасайтын қылмыскерлердің жеке ерекшеліктері; компьютерлік қылмыстардың
негізгі туындау себептері мен мақсаттары.
Ұсынылатын негізгі әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995 жыл;
2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, 2014 жылғы 3 шілдедегі №
226-V ҚРЗ;
3. Назарбаев Н.Ә. Гүлдену, қауіпсіздік және барлық қазақстандықтардың әл-
ауқатын арттыру. Қазақстан Республикасының Прездентінің халыққа жолдуы, 11
қазан 2006.

Жұмыс бойынша кеңес
Тарау Мерзімі Кеңесші Қолы
аты-жөні
1 қараша 2016 ж. – Оразбаев О.С
қаңтар 2017 ж.
2 қаңтар-ақпан 2017 Оразбаев О.С
ж.

Мазмұны

Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … … … … … . … … … … 4
1 Компьютерлік қылмыстылықтың түсінігі және олардың жасалу 8
тәсілдері … … … … … … . … … … … … … … … … …
… … … … … … … … .. … … … … .
1.1Компьютерлік қылмыстың түсінігі және криминологиялық 8
сипаттама … … … … … … . … … … … … … … …
… … … … … … … … .. … … …
1.2Компьютерлік ақпараттарды пайдалана отырып жасаған компьютерлік 12
қылмыстардың
жүйесі … … … … … … … … … … … … … ..
1.3Компьютерлік қылмыстардың жасалу 15
тәсілдері … … … … … … . … … …
2 Компьютерлік қылмыстардың криминологиялық сипаттамасы … … … . 32
2.1Компьютерлік ақпарат қылмыстық қол сұғушылықтың объектісі 32
ретінде … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … .
2.2Компьютерлік қылмыскерлердің жеке ерекшеліктері туралы 33
мәліметтер … … … … … … … … … … … … … .. … … … … … … …
2.3Компьютерлік қылмыстар және оны жасайтын қылмыскерлер … … … 35
3 Компьютерлік қылмыстылықпен күрестің криминологиялық 41
аспектілері … … … … … … … … … … … … … … … …
… … … … … … … … .. … … … …
3.1Компьютерлік қылмыстардың себептері мен 41
мақсаттары … … … … … .
3.2Компьютерлік қылмыстардың алдын алу 44
шаралары … … … … … … .. …
Қорытынды … … … … … … … … … … … … … … … … … … . … … … 51
Пайдаланған дереккөздер тізімі … … … … … … … … … … … … … … … … 53
Қосымшалар … … … … … … … … … … … … … … … …55
… … … … … … … … .. … … …

Кіріспе

Адам ойының ғылыми – техникалық жетістіктерінің бірі, онсыз әр түрлі
ақпараттардың кең ауқымын сақтау, өңдеу және пайдалану мүмкін емес болатын,
басқару процесіне және қоғам өмірінің басқа да салаларына электрондық –
есептеуіш техниканы енгізу болып табылды. Бұл жетістік ғылым, техника және
білімнің басқа да салаларын дамытуда баға жетпес пайда әкелді. Алайда, бұл
техниканы пайдалану арқасында алу мүмкін болатын пайданы қылмыстық мақсатта
да пайдалана бастады. Осылайша, қылмыстың жаңа түрі – оны жасаудағы
қоғамдық қауіпті салдары басқа қылмыстардың залалдарымен салыстыруға
келмейтін, компьютерлік қылмыс пайда болды. Орталық және Шығыс Еуропа
елдерінің құқық қорғау органдарының сарапшыларының бағалауынша,
компьютерлік қылмыспен күрес мәселелері бойынша, электрондық – есептеуіш
машиналарын пайдалану саласындағы қылмыстардан қылмыскерлердің пайдасы
есірткі саудагерлерінің және қару – жарақ сатудан түскен кірістерден
кейінгі үшінші орынды иеленеді, ал келтірілген шығын көлемі қазірдің өзінде
миллиардтаған доллармен бағаланып отыр. Тек АҚШ – та ғана жыл сайын осындай
қылмыстар түріндегі экономикалық шығындар шамамен жүз миллиард долларды
құрайды. Өткен ғасырдың 80-ші жылдардың ортасында Ұлыбританияда
компьютерлік қылмыстардан болған шығын 750 миллион фунт стерлингті құраған
болатын. Қазіргі уақытта олар екі есе өсіп жатыр [1].
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Біздің еліміздің дамуының қазіргі
заманғы кезеңі жалпы алғанда қылмыстың салыстырмалы түрде жоғары сандық
өсуімен ғана емес, сондай-ақ сапалық өзгеруімен де сипатталады. Жоғары
технологиялардың дамуы көптеген халыққа қоғамның ұтқырлық деңгейін
көрсететін дербес компьютерлер, ұялы телефондар, модемдер және басқа да
байланыс құралдарын иеленуге мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар
қылмыстық мақсатта техникалық құралдарды асыра пайдаланудың жаңа түрлері
мен нысандарының пайда болуы үшін жағдай жасайды.
Еліміздің қорғаныс қабілетіне, азаматтардың қауіпсіздігіне, экономиканың
тұрақтылығына орасан зор материалдық зиян келтіретін, көбірек батыл және
күрделі қылмыстарды жасау үшін қылмыстық топтармен және қоғамдастықтармен
жаңа ақпараттық технологияларды белсенді қолдану қазіргі уақыттағы
тенденциялардың бірі болып табылады. Ақпараттық технологиялардың, халықты
компьютерлендірудің дамуы тек қана қылмыстық қол сұғушылықтың жаңа түрінің
пайда болуына ғана емес, сондай-ақ компьютерлік қылмыс сияқты құбылыспен
күресуге бағытталған қылмыстық-құқықтық саясатты жетілдіру қажеттілігіне де
әкеледі. Бұл бағыттағы негізгі қадамдарының бірі Қазақстанда 1997 жылғы
қабылданған Қылмыстық Кодекс болып табылады. Қазақстанның Қылмыстық
Кодексінің 7-тарауы, яғни ақпараттандыру және байланыс саласындағы
қылмыстық құқық бұзушылықтар компьютерлік ақпараттарға заңсыз кіру, құру,
пайдалану және электрондық-есептеуіш машиналар (ЭЕМ) үшін зиянды
бағдарламаларды тарату үшін қылмыстық жауапкершілікпен толықтырылды [2].
Р.А.Назмышевтың байқауынша Қазақстан Республикасының ҚК-нің
құрылымындағы компьютерлік ақпарат саласындағы әрекет үшін қылмыстық
жауапкершілік Ресей қылмыстық заңнамасымен салыстырғанда қылмыстық-құқықтық
қорғаудың оқшау объект мәртебесін ала алмады және экономикалық қызмет
саласындағы қарым-қатынас болып табылатын қол сұғушылықтарды жасау
кезіндегі объектілердің әрекеттерінің ортасында жоғалып кетті [3].
Сонымен қатар айта кететін бір жайт, қылмыстық заңнама үшін осы
новелланың жаңалығына қарамастан, жоғарғы дәрежедегі технологиялық дамуы
бар әлемнің көптеген елдерінде компьютерлік қылмыстармен күресуі бұрыннан
бері мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады.
Баяндалғандарда қазіргі заманғы ғана емес, сонымен бірге осы мәселе
тұрғысынан дәл осы кешенді зерттеу, өздерінің криминалдандырылған құрамын,
сондай-ақ олардың жай-күйін және даму үрдісін, сонымен қатар қылмыстық-
құқықтық және ұйымдық-техникалық нысандарының алдын алудың осы мәселеге
жататындығын көрсетеді.
Қоғамда болып жатқан өзгерістер, тұрақтылықтың және реформаның, оның
ішінде құқықтық жүйеліліктің болмауы заңнамалық деңгейде жарияланған сол
барлық декларациялардың іске асырылуына сөзсіз әсер етеді. Қылмыстық Кодекс
құрамындағы қылмыстардың кең ауқымын кеңейту, сондағы баптардың
тұжырымдамаларын нақтылау қажеттілігі, өзге және басқа қылмыстардан
компьютерлік ақпаратпен заңсыз іс-әрекерттерді шектеу кезінде сот-тергеу
тәжірибесінің қателіктері компьютерлік ақпарат саласындағы қылмыстар туралы
қылмыстық-құқықтық құрылым нормаларының жетілмегендігі осы уақытқа дейін
өзекті мәселе болып қалады. Бұның барлығы компьютерлік қылмыстардың өсуін
төмендетуге ықпал ететін ұсыныстар әзірлеу мақсаттарында неғұрлым терең
зерттеуді жүргізумен ҚР ҚК-нің 227-бабына ғылыми талдау жасау қажеттілігін
көрсетеді.
Құралдар бойынша қылмыстық қызмет саласын кеңейту үрдісі және
ақпараттық технологиялар көмегімен ғылыми оқулар және компьютерлік ақпарат
саласындағы қылмыстылық кешеніне келтірілген тереңірек білім қажеттілігін
анықтайды, демек, осы зерттеудің өзектілігі оның теориялық және тәжірибелік
маңыздылығы болып табылады.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Компьютерлік ақпарат саласындағы қылмыс
өзектілігінің үнемі артып келе жатқанына қарамастан, осы мәселе бойынша ең
негізгі зерттеулер Қазақстанда да, Ресейде де өте аз екендігін атап өткен
жөн. Соңғы он жылда жарияланған жұмыс, өзінің жалпы үлесі компьютерлік
қылмыстардың криминалистикалық және криминологиялық аспектілерді қарауға
арналған. Өз кезегінде осы мәселелерді шешуге, сондай-ақ осы қылмыс түрінің
шығу тарихы, оның ерекшеліктері, себептері және жағдайлары, компьютерлік
құқық бұзушылық жасаған тұлғаға байланысты сұрақтар мына ғалымдардың
еңбектерінде көрініс тапты: Ю.М. Батурин, В.А. Бессонов, В.Б. Вехов, П.Б.
Гудков, К.А. Зуев, И.И. Исаченко, В.В. Крылов, И.З. Карась, Г.Б. Кочетов,
А.Н. Караханьяна, В.Д. Курушин, В.Д. Ларичев, В.Ю. Максимов, Л.А. Прохоров,
А.В. Славнова, Т.Г. Смирнова, Е.А. Суханов, Б. Сырков, С.И. Ушаков, А.А.
Харкевич, А. Черных, Э. Черных, К. Шеннон, Л.И. Шершнев, Н.И. Шумилов, В.
Черкасов, Н. Яблоков және тағы басқалар.
Осы мәселені зерттеуде Қазақстандық ғалымдарда үлкен үлесін қосты.
Олар: профессор Б.Х. Төлеубеков, А.Н. Ағыбаев, Е.О. Алауханов, И.И. Рогов,
С.М. Рахметов, Е.И. Кайыржанов [4].
Зерттеу объектісін компьютерлік қылмыстар үшін қылмыстық
жауапкершіліктің құқықтық аспектілерін құрайды.
Зерттеу пәні компьютерлік қылмыс қазіргі заманғы криминологиялық
мәселе болып табылатындығында.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты дипломдық жұмыстың мақсатын
тұжырымдаймыз.
Жұмыстың мақсаты – компьютерлік қылмыс ұғымын ашу, олардың
тиімділігін төмендететін, кешенді факторлар іс-әрекеттеріне бағытталған
компьютерлік қылмыстарға бақылау шараларын анықтау болып табылады. Сондай-
ақ Қазақстанда компьютерлік қылмыстармен күрес және алдын алу бойынша жан-
жақты стратегия және компьютерлік қылмыстылыққа бақылау тиімділігін арттыру
ұсынысын тұжырымдауды әзірлеу болып табылады.
Қойылған мақсатқа жету үшін бірқатар тапсырмаларды шешу қажет. Олар:
1. компьютерлік қылмыстың түсінігін қарау және оған түсінік беру;
2. компьютерлік қылмыстың жүйесін зерттеу;
3. компьютерлік ақпарат саласында қылмыстардың саралануын
қарастыру;
4. компьютерлік қылмыстармен күресуде отандық тәжірибелермен танысу.
Зерттеу жұмысың әдістемесі және әдіснамасы. Бұрынғыдай, қазірдің
өзінде де зерттеу пәнін және объектісін зерттеуге мүмкіндік беретін,
құқықтық құбылыстардың және қоғамдық процестердің ғылыми біліміне
диалектикалық көзқарас дипломдық жұмыстың әдіснамалық негізін құрайды.
Ғылыми тұжырымдамалар және ұсынымдар қолданыстағы қылмыстық
заңнаманың ережелеріне және Қазақстан Республикасының заңдарына; ҚР Жоғарғы
Сотының нормативтік қаулыларының талдауына және Қазақстанның жарияланған
соттық тәжірибесіне негізделеді. Дипломдық
жұмыста негізгі ғылыми әдістер ретінде салыстырмалы-құқықтық, әлеуметтік,
логикалық, криминологиялық іріктеп зерттеу және қылмыстық істерді қорыту,
жүйелі талдау әдісі, статистикалық және басқа да жеке ғылыми әдістер
қолданылды.
Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының құқықтық статистика және
есепке алу бойынша Комитетінен алынған статистикалық деректер, нормативті-
ведомстволық құжаттар, қылмыстық істердің материалдары, сондай-ақ
қылмыстарды ашуға мамандандырылған құқық қорғау органдары қызметкерлерінің
және Қазақстанның судьяларының сұхбаттасу нәтижелері зерттеу жұмысының
эмприкалық базасын құрайды. Зерттеу барысында
құқық қорғау органдары және сот төрелігі органдары қызметкерлерінен және
Қазақстанда компьютерлік ақпарат саласында қылмыстармен күресу және
заңнаманың жетілдіру мәселелері бойынша 50 тәжірибелік сауалнама
жүргізілді.
Зерттеу жұмысының теориялық базасын криминология, қылмыстық және
әкімшілік құқық, әлеуметтану, информатика, философия, психология және басқа
да ғылым салалары бойынша белгілі отандық және шетелдік ғалымдардың
еңбектері құрайды. Зерттеу
жұмысының теориялық және тәжірибелік маңыздылығы. Дипломдық зерттеу ҚР ҚК-
нің 227-бабында көзделген қылмыстың субъектісі туралы түсінікті тереңдетеді
және жүйелейді; осы тұлғалардың қылмыстық мінез-құлық негізінде жатқан
себептері мен шарттарын анықтауға, қылмыстарды жасағанда оған тән нысандар
мен әдістерін зерделеуге мүмкіндік береді. Зерттеу барысында алынған білім
компьютерлік қылмыстарды қылмыстық-құқықтық және ұйымдастырушылық-
техникалық құралдармен алдын алу мүмкіндіктерін неғұрлым толық кешенді
ашуға ықпал етеді. Дипломдық жұмысты құрайтын ережелер мен қорытындылар
қылмыстық заңнаманы жетілдіру кезінде және оны тәжірибе жүзінде қолдану
кезінде пайдаланылуы мүмкін.
Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы оның нәтижелері құқық қорғау органдары
қызметінде қолдану мүмкіндігі арқылы, сондай-ақ оқу процесінде қылмыстық
құқық, криминология, қылмыстық-атқару құқығы, информатика және басқа да
пәндер курстарын оқу кезінде, көрсетілген пәндер бойынша оқу, ғылыми және
әдістемелік әдебиеттер дайындау мен шығару арқылы анықталады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, негізгі үш тараудан, сегіз
тараушадан, дипломдық жұмыс бойынша қорытындыдан және пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Компьютерлік қылмыстылықтың түсінігі және олардың жасалу тәсілдері

1.1 Компьютерлік қылмыстың түсінігі және криминологиялық сипаттамасы

Компьютерлік қылмыс – компьютерлік ақпарат қылмыстық қол сұғушылықтың
заты болып табылатын компьютерлік қылмыстардың жиынтығы, сондай-ақ құралы
компьютерлік ақпарат болып табылатын, қоғамға қауіпті іс-әрекеттер
салдарынан жасалған қылмыстар. Бұл әрекеттер компьютерлік ақпарат
саласындағы қауіптілікке қол сұғады және қазіргі әлемде зиянды және ең
қауіпті құбылыстың бірі болып табылады [5].
Тұтастай алғанда қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды
криминалды мақсатта пайдалану компьтерлік қылмысты өте пайдалы етіп қана
қоймай, сонымен бірге жеткілікті түрде қауіпсіз іс етті. Және БҰҰ-ның
астындағы комитеттерінің бұл мәселені терроризммен және есірткі бизнесімен
бірге бір қатарға қоюы бекер емес.
Еуропа мен Африкада компьютерлік қылмыстардан болатын барлық жыл
сайынғы шығындар (ең қарапайым есептеулер бойынша) бірнеше ондаған миллиард
долларды құрайды. Бұл ретте 90% жағдайларда тінтушілерге қылмыскерлердің
ізіне түсу мүмкін емес болып отыр. Және осындай құқық бұзушылықтар ең алғаш
рет 1966 жылы Америкада тіркелген болатын және полициялар қазірдің өзінде
бәрталай тәжірибе жинақтады.
Компьтерлік қылмыс – тек ақша ұрлау ғана месе, сондай-ақ электрондық
вирустармен тентектілік жасау болып табылады. Зиянды бағдарламаларды тарату
нәтижесінде едәуір, сонымен қатар ешкіммен анықталмайтын шығындар
туындайды. Ресейдің бағдарламалық қамтамасыз ету нарығында ай сайын 2-ден
10-ға дейін жаңа вирустар пайда болатыны тіркеледі.
Компьютерлік қылмыс түсінігі (немесе жоғары технологиялар саласындағы
қылмыс, компьютерлік ақпарат саласындағы қылмыс) экономикалық қылмыс,
ұйымдасқан қылмыс, сыбайлас жемқорлық, криминалдық кірістерді жария ету
сияқты осындай түсініктермен бірге криминологтардың аппаратына, құқық
қорғау органдарының тәжірибелік қызметкерлерінің және соттардың ұғымы
қатарына берік енді.
Ұлттық криминологиялық ғылымда әлі күнге дейін компьютерлік қылмыстың
болу және арту фактісіне қажетті назар аударылмайды, зерттеліп отырған
қылмыстың криминологиялық сипаттамасы бойынша қазіргі заманғы қауіпті
ескере отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстары жеткіліксіз жүргізіледі. Осы
уақытқа дейін компьютерлік қылмыстың құбылыс ретінде ерекше маңызы болмады
және ТМД-ның басқа да мемлекеттерінде компьютерлік ақпарат саласында
жасалған қылмыс экономикалық қылмыстардың жекелеген түрлердің жиынтығымен
қарастырылады [6].
Алайда, компьютерлік қылмыс – бұл басталған қиратқыш күштің баяу
жарылатын бомбасы. Р. Гасановтың айтуынша: компьютерлік әрекеттер қанды
көше қылмыстарының артында елеусіз қалады. Тіпті сарапшылардың толық емес
бағалауы бойынша, бұл қылмыс АҚШ-та жыл сайын адамзатқа кем дегенде 200
миллиард долларға шақ келеді. Банктік тонаушылар 10 мың долларға өмірімен
тәуекел етеді, ал электрондық компьтерлермен күрделі іс-әрекет жасағанда
шын мәнінде олар ештеңемен тәуекел етпей-ақ миллион доллар алуы мүмкін [7].

Мамандармен жүргізілген көптеген әлеуметтік сауалнамалар
көрсеткендей, көптеген компьютерлік қылмыстар үшін пайдакүнемдік мақсат
тән, дегенмен де ХХ-ғасырдың 70-жылдарынан кейін көптеп басқа да мақсаттары
пайда бола бастады (соның ішінде саяси, террористік және т.б). Компьютерлік
қылмыстың тұрмыс, сауда, көлік және т.б., яғни жалпы алғанда мемлекет
қызметінің экономикалық бөлігін құрайтын барлық салаларды ғана қамтиды деп
ойлау қате болар еді. Компьютерлік технологияларды қылмыстық пайдаланудың
спектрінің іс жүзінде тікелей мақсаты бойынша оны қолданудың спектріне тең.
Бұл ЭЕМ арқылы қылмыстық жолмен ену қорғаныс, ғарыш индустриясы, саясат
және халықаралық қатынастар саласында да болуы мүмкін екендігін білдіреді
[8].
Осыған байланысты автор компьютерлік қылмыстарды криминологиялық
аспектіде қоғамдық өмірдің жеке салаларын сипаттайтын, және оларды ірі
блоктар бойынша қарастырған жөн деп санайды. Атап айтқанда бұл жерде
экономикалық, саяси саладағы, әлеуметтік-рухани саладағы ақпараттық
қауіпсіздікке қылмыстық қол сұғушылық жайлы сөз болып отыр. Автордың
көзқарасы бойынша компьютерлік қылмыстарды әлеуметтік құбылыс ретінде
сипаттау орынды, оның дамуына заңдылықты бекіту, сондай-а қарама-қарсы және
алдын алу сипатындағы шаралардың болмауы әлеуметтік және несие жүйесінде
компьютерлік қылмыстардың алаяқтық, ақша қаражаттарын ұрлау, ақпараттық
жүйелерге санкциясыз (рұқсатсыз) қол жеткізу, коммерциялық тыңшылық сияқты
түрлері ерекше тарала бастады. Алайда Өзбекстан үшін қаржы банк жүйесінің
дамуына кардинг (электрондық пластикалық карталармен компьютерлік алаяқтық
жасау) сияқты компьютерлік қылмыстың түрі ерекше қауіп төндіреді [9].
Өзбекстан Республикасында әлемдік экономикалық сауда, қаржы және несие
облысына қарқынды енген осы саладағы жаңа интеграциалдық процестерді
басынан кешкен, бұрын-соңды болмаған кредиттік-қаржылық, банктік,
ақпараттық жүйелер мен деректер базасында жұмыс істеу бойынша қоғамдық
қатынастарда ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету өзекті міндет болып
отыр. Осы мекемелердегі өте әлсіз қорғау жүйесін назарға ала отырып, бұл
қажет болып табылады.
Алайда, ақпараттық қауіпсіздіктің ең үлкен қаупі саяси қарым-
қатынастар, ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс салаларында және қоғамның басқа да
маңызды саяси салаларында жүзеге асырылатын қол сұғушылықтан сезіледі.
Қазіргі уақытта қоғамның ақпараттық қауіпсіздігі жиілеп кетуіне байланысты
елеулі сындарға ұшырайды, әсіресе адамдардың өміріне былық, үрей, бағыттан
адастыру, сау қоғамдық сана сезімінің толықтай басылуына ықтималды түрде
әкеліп соғуға қабілетті ғаламдық интернеттегі қарақшылық шабуылдар және
ақпараттық шабуылдар.
Жапондық желілерде заңды билік органдарын қиратуға, билікті күштеп
басып алуға және басқа да қоғамға қарсы көзқарастар мен ойларға шақыру
түрінде жарияланатын тиісті ақпараттық-насихаттаулар жиі жүргізілетін
экстремистік сайттардың үлкен саны бар.
Көптеген дамыған елдер ақпараттық кеңістікте ірі лаңкестіктің болу
мүмкіндігіне алаңдап отыр, атап айтқанда энергетика, телекоммуникация,
авиациялық қызметтер, үкіметтік құрылымдар мен әскери объектілерге қарсы
ірі кәсіпорындардың, барлық салалардың қызметін оқшаулауға, үкіметтік
органдардың қызметін әлсірету, техногендік апаттарға, аварияларға
халықаралық үрей тудыруға және басқа да деструктвті нәтижелерге әкелуі
мүмкін. Елде стратегиялвқ маңызы бар объектілерге құпия сипатта
жүргізілетін зерттеулер бар. Олар компьютерлік тыңшылықпен мамандандырылған
компьютерлік қылмыскерлерге белгілі бір қызығушылық танытады. Бұл
объектілердің қорғалу жай-күйі туралы ақпарат зерттеу үшін жабық, автордың
пікірінше, объектілердің ақпараттық жүйесі және оларды өте мұқият қорғау
қажеттілігі үшін әлеуетті төндіретін қауіп бар.
Қорғаныс қызметі саласында ғылыми зерттеулер, қарудың және әскери
техниканың жаңа түрлерін құру, күрделі технологиялық процестер және тағыда
басқа қымбат бағалы және неғұрлым қажеттілікте жүзеге асырылатын, кең
тараған және тиімді болып табылатыны компьютерлік тыңшылық.
Әлеуметтік рухани салада компьютерлік қылмыстар қылмыстық-құқықтық
қорғаудың маңызды нысандарына – тұлғаның намысы мен қадір-қасиеті, қоғамның
рухани және адамгершілік ұстанымдары, жеке тұлғаның интеллектуалдық
шығармашылық құқығы мен оның жемісіне қол сұғылады. Жаһандық желілерде
анонимділіктің болуы, кең аудиторияны қамту, қылмыстық ізге түсу
механизмінің жетілмнуі пқпараттық кеңістікте жала жабу, нәсілдік, ұлттық
және өзге де ниетпен араздық пен өшпенділіктің өрлеуі, жеке өмірге қол
сұғылмаушылықтың бұзылуы және т.б. осындай қауіпті қылмыстық әрекеттердің
таралуына ықпал етеді. Компьютерлік желілерде іс жүзінде порнографиялық,
соның ішінде кәмелетке толмағандар мен балалар бейнеленген материалдардың
кедергісіз таралу фактісі ерекше алаңдаушылық туғызады. Мамандардың
бағалауы бойынша интернет желісінде балалар порнографиясына қатысты жүз
мыңнан астам сайттар тіркелген [10]. Бүкіл әлемде компьютерлік қарақшылық
жаппай таралды. Компьютерлік қамтамасыз етуді өндіруші қауымдастығының
деректері бойынша компьютерлік қарақшылық Қытайда – 98%-ды, Ресейде – 90-
94%-ды, Ветьнамда – 92%-ды, Украинада – 91%-ды, Қазақстанда – 90%-ды,
Германияда – 50%-ды, АҚШ-та – 35%-ды, Щвейцарияда – 28%-ды, Лихтенштейнде –
18%-ды құрайды (1 Диаграмма ) [11].

Диаграмма 1 – Компьютерлік қарақшылық деңгейі

Осылайша, компьютерлік қылмыс – бұл қылмыстық заңнаманың әртүрлі
бөлімдерінде көзделген (ұрлық, санкциясыз (рұқсатсыз) қол жеткізу,
компьютерлік тыңшылық, компьютерлік терроризм және т.б), сондай-ақ
ақпараттық интернет ресурстарын бұрыс пайдаланбауға байланысты әзірге
қылмыстық заңда ұсынылмаған бірнеше қылмыстың күрделі жиынтығы.
Қазіргі уақытта ғылыми ой-сананың екі негізгі ағымы бар.
Зерттеушілер бірінші бөлігіне компьютерлік қол сұғушылық қаруы немесе
объектісі болып табылатын компьютерлік қылмыстық әрекеттерді жатқызады. Бұл
ретте компьютерді ұрлауда компьютерлік қылмыс болып табылады. Зерттеушілер
екінші бөлігін қол сұғушылықтың объектісі компьютерлік жүйеде өңделетін
ақпарат болып табылатынын бекітеді, ал компьютер қол сұғушылық құралына
қызмет етеді.
Көптеген елдердің заңнамасында, соның ішінде Қазақстанда дәл осы
жолмен дами бастағанын айта кету керек. Қазақстан Республикасының қылмыстық
кодексінде компьютерлік техника құралдарына қатысты қоғамға қауіпті іс-
әрекеттердің келесілері анықталады:
1) Заңмен қорғалатын компьютерлік ақпараттарға заңсыз қол жеткізу,
яғни ақпараттық жеткізгіштердегі, электрондық-есептеуіш машиналардағы
(ЭЕМ), ЭЕМ жүйесіндегі және одардың желісіндегі ақпараттар, егер бұл іс-
әрекет ақпараттарды көшіруге немесе өзгертуге, бұғаттауға, жоюға, ЭЕМ
жұмысын, ЭЕМ жүйесінің немесе олардың желісінің бұзылуына әкеліп соқса.
2) Қолданыстағы бағдарламаларға өзгертулер енгізуге немесе
ақпараттарды көшіруге немесе өзгертуге, бұғаттауға, көрінеу санкциясыз
жоюға, ЭЕМ жұмысын, ЭЕМ жүйесін немесе олардың желісін бұзуға әкелетін ЭЕМ
үшін бағдарламаларды құру, сондай-ақ мұндай бағдарламаларды немесе осындай
бағдарламамен машиналық тасығыштврды тарату немесе пайдалану.
3) Заңмен қорғалатын ЭЕМ ақпаратын түрлендіруге немесе бұғаттауға
жоюға әкеліп соғатын ЭЕМ-ге, ЭЕМ жүйесіне немесе олардың желісіне қол
жеткізетін тұлғалармен ЭЕМ пайдалану қағидаларын, ЭЕМ жүйесін немесе
олардың желісін бұзу.
Алайда, компьютерлік қылмысты кең мағынада түсіну керек. Компьютерлік
қылмыс деп машиналық ақпарат қылмыстық қол сұғушылықтың объектісі немесе
құралы болып табылатын қылмыстық заңмен көзделген қоғамға қауіпті әрекет
ретінде түсінген жөн. Бұл әлеуметтік құбылыстың өзіне тән келесідей
ерекшеліктерін бөліп көрсетуге болады:
– қол сұғушылық объектілерінің әртектілігі;
– машиналық ақпараттың қылмыс объектісі, сондай-ақ қылмыс құралы
ретінде болуы;
– қылмыстық қол сұғушылықтың құралдары мен заттарының алуантүрлілігі;

– компьютердің қылмыс заты ретінде немесе жасалған қылмыстың құралы
ретінде болуы.
Осы ерекшеліктер негізінде компьютерлік қылмыс – бұл электрондық
есептеуіш (компьютерлік) техниканы пайдалана отырып жасалған, қылмыс заңмен
көзделген қоғамға қауіпті іс-әрекет деп қорытынды жасауға болады.
Компьютерлік қылмыстың криминологиялық сипаттамасы белгілі бір ерекшелігі
белгілі болған қол сұғушылығымен ерекшеленеді. Бірінші кезекте оған құқық
бұзушының жеке басы туралы, оның қылмыстық мінез-құлқының себебі мен
мақсаты туралы мәліметтер кіру.

1.2 Компьютерлік ақпараттарды пайдалана отырып жасаған компьютерлік
қылмыстардың жүйесі

Компьютерлік ақпараттарды пайдала отырып жасаған қылмыстардың
жекелеген түрлерінің таралуын есепке ала отырып, компьютерлік қылмыстардың
жүйесі келесідей түрлер бойынша бөлінуі мүмкін:
I. Жеке адамдарға қарсы қылмыстар;
II. Экономика саласындағы қылмыстар;
III. Қоғамдық қауіпсіздікке, қоғамдық тәртіпке және қоғамдық адамгершілікке
қарсы қылмыстар;
IV. Мемлекеттің қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар [12].
Кінәлілердің компьютерлік қылмыстарды жасағаны үшін қолданылуы мүмкін
санкциялардың анықтамасына мақсат қоймай тұрып, қылмыстық құқық нормалардың
диспозициясы мынайдай редакцияда тұжырымдалуы мүмкін:
I. Жеке адамдарға қарсы қылмыстар.
Компьютерлік жала жабу
ЭЕМ жүйелерінде басқа тұлғаның абыройы мен атағына немесе оның
беделін түсіретін жалған мәліметтерді тарату. Ауыр немесе аса ауыр қылмыс
жасаған адамды айыптай отырып, компьютерлік жала жабу.
Жеке өмірге компьютерлік басып кіру
Жеке тұлғаның өмірі туралы, оның жеке немесе отбасы құпиясын құпиясын
құрайтын мәліметтерді оның келісімінсіз бөтен компьютерлік ақпаратқа заңсыз
қол жеткізу жолымен жинау немесе тарату. Сондай-ақ тұлғалардың қызмет бабын
пайдалана отырып, ауыр зардаптарға әкеліп соғатын дәл осы әрекеттер.
Электрондық хат құпиясын бұзу
Ақпараттық-телекоммуникациялық құралдар немесе осындай ұстап
қалуларды жүзеге асыру үшін аппаратуралық орнатқыштар арқылы алынған,
жіберілген, берілген хат-хабарларды жариялау, пайдалану, ұстап қалу немесе
ұрлау. Сондай-ақ өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған дәл осы
әрекеттер.
II. Экономика саласындағы қылмыстар.
Компьютерлік ұрлық
Компьютерлік ұрлық, яғни бөтен компьютерлік ақпаратты өзгерту
жолымен немесе осы ақпаратты заңсыз пайдалану жолымен немесе компьютерлік
ақпараттарды өңдеу процесінде, өзге де құқыққа қайшы әрекеттерді
пайдакүнемдік мақсатында жасаған кінәлінің немесе басқа адамдардың
пайдасына бөтен мүлікті құқыққа қайшы алып қою. Алдын ала сөз байласу
арқылы адамдар тобымен, сол сияқты елеулі түрде залал келтіре отырып
жасалған компьютерлік ұрлау. Сондай-ақ өзінің қызмет бабын пайдала отырып,
ірі мөлшерде жасалған компьютерлік ұрлау. Ұйымдасқан топпен аса ірі
мөлшерде жасалған компьютерлік ұрлау.
Компьютерлік экономикалық тыңшылық
Коммерциялық, салықтық немесе банктік құпияларды құрайтын бөтен
компьютерлік ақпараттағы заңсыз көшірілген мәліметтерді жинау, пайдалану
немесе тарату. Сондай-ақ өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасалған
немесе ірі мөлшерде залал келтіретін немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеліп
соғатын дәл осы әрекеттер.
Компьютерлік қызметті ұрлау
Компьютерлік қызметтерді рұқсатсыз алу мақсатында компьютерді немесе
компьютер желісін қасақана пайдалану.
Компьютерлік құпия сөздер (парольдар) саудасы
Бөтен компьютерлік ақпаратқа қол жеткізу үшін заңсыз алынған құпия
сөздер (құрылғылар) саудасы. Сондай-ақ құпия сөздерді (парольдарды) сеніп
тапсырылған немесе өзінің қызметтік міндеттерін орындауға байланысты
белгілі болған тұлғалармен құпия сөздер (парольдар) саудасы.
ІІІ. Қоғамдық қауіпсіздікке, қоғамдық тәртіпке және қоғамдық
адамгершілікке қарсы қылмыстар.
Компьютерлік ақпаратқа заңсыз кіру
Заңмен қорғалатын компьютерлік ақпаратқа заңсыз қол жеткізу, егер бұл
іс-әрекет ақпаратты өзгертуге әкеліп соқса. Алдын ала сөз байласу бойынша
адамдар тобымен, сол сияқты елеулі залал келтіре отырып жасалған дәл осы
әрекеттер. Сондай-ақ өзінің қызмет бабын пайланып, ірі көлемде залал
келтіре отырып жасалған дәл осы әрекеттер. Ұйымдасқан топпен, аса ірі
көлемде залал келтіре отырып жасалған немесе өзге ауыр зардаптарға әкеліп
соғатын дәл осы әрекеттер.
Кибертерроризм
Адамдардың қаза болу қаупін төндіретін ақпаратты құқықтық қолдану,
ірі немесе аса ірі көлемде залал келтіретін немесе өзге де қоғамдық қауіпті
салдарға әкеліп соғатын ЭЕМ-мен, ЭЕМ жүйесімен немесе оның желісімен
өңделетін ақпараттарды жою, түрлендіру немесе өзге де заңсыз іс-әрекеттер
жасау, егер бұл әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты қорқыту
немесе кибертерроризмді ұйымдастырушылардың мүддесіне шешім қабылдау үшін
биік органдарына қысым көрсету мақсатында жасалса. Сондай-ақ алдын ала сөз
байласу бойынша адамдар тобымен жасалған дәл осы әрекеттер. Жоғарыда
көзделген әрекеттер, егер олар ұйымдасқан топпен жасалса немесе абайсызда
адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеліп соқса, сол сияқты атом
энергиясын, ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды немесе
радиоактивті сәуле көздерін пайдалану объектілері компьютерлік ақпаратқа
қол сұғушылықпен ұштасса. Сондай-ақ бұл әрекеттер, егер олар ұлттық
қауіпсіздікпен, ұлттық қорғаныспен, техникалық тәсілдермен немесе Қарулы
Күштердің жүйесімен немесе әскери өнеркәсіппен байланысты компьютерлік
ақпараттарға қол сұғушылықпен ұштасса [13].
ЭЕМ-ге арналған зиянды бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату
Ақпараттарды көрінеу заңсыз жоюға, бұғаттауға, түрлендіруге немесе
көшіруге әкеліп соғатын, сондай-ақ осындай бағдарламалары бар машиналық
тасығыштарды пайдалану, тарату және өткізу. Сондай-ақ абайсызда ауыр
зардаптарға әкеліп соғатын дәл осы әрекеттер.
Компьютерлік бұзақылық
Тұлғалардың немесе адамдар тобының моральдыққа жат немесе заңсыз іс-
әрекеттеріне қатысты жасалған қауіп-қатер төндіру немесе ар-намысы мен
қадір-қасиетін түсіру, қорқыту мақсатында ақпараттарды басқа нысанда беру
үшін ЭЕМ-ді, ЭЕМ жүйесін немесе олардың желісін пайдалану.
Компьютерлік порнография
Порнографиялық сипаттағы компьютерлік ақпараттарды заңсыз тарат
немесе жарнамалау. Көрінеу кәмелетке толмағандарға немесе кішкентайларға
қатысты компьютерлік ақпараттарды тарату немесе жарнамалаумен ұштасқан нақ
сол іс-әрекеттер.
IV. Мемлекеттік қауіпсіздікке қарсы қылмыстар.
Компьютерлік тыңшылық
Қазақстан Республикасының мүддесіне нұқсан келтіру мақсатындағы
мемлекеттік құпияны немесе өзге де ақпараттарды құрайтын мәліметтерді жинау
үшін заңмен қорғалатын компьютерлік ақпараттарға заңсыз қол жеткізу.
Қазіргі уақытта Қазақстанда кейбір елдердегіндей, мысалы, Американдық
континентте, Орталық және Шығыс Еуропадағыдай компьютерлік қылмыстардың
мұндай мүмкіндіктері жоқ. Бірақ бұл тынышталып, жайбарақат болу керек деген
сөз емес. Ол бізге де жетер және қылмыстық заңда профилактикалық сипаттағы
басқа да шаралар телекоммуникациялық жүйелердің қалыпты дамуы және оларды
қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау үшін жағдай жасауға ықпал ететін нақты
алдын алу құралы болуы тиіс [14].

1.3 Компьютерлік қылмыстардың жасалу тәсілдері

Криминалистикалық мағынада қылмыстың жасалу тәсілі ретінде әдетте
субъектілердің қылмыс жасағанға дейінгі, қылмыс жасау кезіндегі және қылмыс
жасағаннан кейінгі іс-әрекеттерінің криминалистикалық тәсілдер мен
құралдардың көмегімен болған оқиғаның мәнін түсінуге мүмкіндік беретін әр
түрлі сипаттағы қылмысқа тән іздер қалдыратын, құқық бұзушының мінез-
құлқының қылмыстық көрінісін, оның жекелеген жеке деректері мен қылмысты
ашу міндетінің өзіндік неғұрлым оңтайлы әдістерінің обхективті және
субъективті келісілген жүйесі түсініледі. Басқаша айтқанда қылмысиың жасалу
тәсілі ақпараттық жағынан алғанда, қылмыстың өзіндік моделін білдіретін
қылмысқа бүркемелену, дайындалу, жасау бойынша құқық бұзушының іс-
әрекеттерінің ерекше кешені құралады. Қылмыс жасау тәсілі әрқашан елеулі
факторлардың жиынтық әрекеттерінің нәтижесі болып табылады. Олар іс-
әрекеттерде қаншалықты көп байқалса, соншалықты қылмыскер көп із қалдырады,
ол тергеушіге тергеу және іздестіру нұсқасы үшін соғұрлым көбірек ақпарат
орналастыруға болады. Қаралып жатқан мәселеге қатысты қылмыскер келесілерді
қалайша жасағандығын көрсететін іздер ең жоғарғы құндылықты алады: қылмыс
болған жерге қалай келгені және ол жерден қалай кеткені, әртүрлі кедергі
түрлерінен қалай өткендігі, өзінің қызметтік жағдайын пайдаланды ма,
дайындаған қылмыстық мақсатын қалай орындағаны, қандай дағдыларды,
білімдерді, физикалық күштерді қолданғаны, жасаған әрекеттерін жасыруға
тырысқаны (немесе тырыспағаны).
Қылмыстың жасалу тәсілі қылмыстық-құқықтық сипатта жалпы түрде
беріледі, мысалы, ашық немесе жасырын түрде ұрлау тәсілі, үй-жайларға ену
және т.б., сондай-ақ оған жасырын тәсілмен ұрланғаны үй-жайларға нақты
тәсілдермен енгені барібір. Криминалистикалық тұрғыдан алғанда, қылмыстың
жасалу тәсілі әрқашан нақты және онда маңызды тергеулік-жедел маңызға ие
осындай қырлары аз емес. Олардың арасынан келесілерді атап көрсетуге
болады: осы тәсілдің таралуы, оны қолданудағы нақты тәсілдер, бұл ретте
пайдаланған техникалық және өзге де құралдар, олардың конструктивті
ерекшеліктері, қылмысқа дайындалу және оны орындаған кезде қолданған
әдістер, сондай-ақ қылмысқа қалай дайындалғандығы, оларды алудың қайнар
көздері қандай және т.б. туралы мәліметтер.
Қазіргі уақытта отандық және шетелдік криминалистикалық ғылымда
компьютерлік қылмыстарды жасау тәсілдері сипаттамасының белгілі бір ұғымы
жоқ. Бұл мәселе әзірше теориялық әзірлемелер және түсіндірулер сатысында
жүргендіктен бұл мәселе ғылым үшін соншалықты жаңа болып есептеледі.
Әсіресе бұл 90-жылдардан бастап қана осы мәселемен шыңдалып айналыса
бастаған отандық криминалистикалық ғылымға қатысты, ал шетелдік
зерттеушілер бұл мәселемен 70-жылдардан бастап айналыса бастады. Біздің
шетелдік әріптестеріміздің бұл бағытта қазірдің өзінде ғылыми және
тәжірибелік тұрғыдан алғанда, зерттеу және белгілі бір объективті және
субъективті түзетулер мен жақындатуларды, жұмыс істеуден туындаған шындық
және қоғамымыздың дамуы, оның саяси, құқықтық, әлеуметтік және электрондық
құрамдас бөлігін ескере отырып, отандық криминалистикалық ғылымда осындай
мәселелерді шешу кезінде пайдалану қажет әзірлемелер бір қатар бағалы болып
табылады.
Қазіргі таңда заң әдебиеттерінде клмпьютерлік қылмыстарды жасау
тәсілдерінің атауы, жіктелуі және бөліну мәселелеріне қатысты әр түрлі
көзқарастар бар. Мысалы, компьютерлік қауіпсіздіктің Америкалық Ұлттық
институты және Федеральдық тергеу бюросы (ФТБ) ең көп таралатын
клмпьютерлік қылмыстар туралы сауалнама жүргізді. Сауалнамаға тек өзінің
шығындарын өлшеуге алған 269 компаниялардың ғана пікірі ескерілді:
– қаржылық алаяқтық;
– құпия ақпараттарды ұрлау;
– байланыс құралдарына қатысты алаяқтық;
– санкциясыз (рұқсатсыз) қол жеткізу;
– диверсия;
– жүйеге ену.
Шетелдік баспасөздердің деректері бойынша рұқсатсыз ақпараттарды
алудың негізгі тәсілдері мыналар болып табылады:
– тыңдайтын құрылғыларды қолдану;
– қашықтықта суретке түсіру;
– электрондық сәулелерге тосқауыл жасау;
– мистификация (бүркемелеу астында сұрау салулар жүйесі);
– акустикалық сәулеленуге тосқауыл жасау жән принтер мәтіндерін қалпына
келтіру;
– өндірістік қалдықтарды және ақпараттық тасығыштарды ұрлау;
– басқа пайдаланушылардың массивтерінен деректерді санау;
– қорғау шараларын меңгеріп ақпарат тасығыштарды көшіру;
– тіркелген пайдаланушылардың тізілімінде бүркемелену;
– бағдарламалық тұзақтарды пайдалану;
– аппаратураға немесе байланыс желілеріне заңсыз қосылу;
– қорғау тетіктерін істен шығару және тағы басқа. Қаралып отырған сұрақ
бойынша жасалған отандық статистикалық деректердің болмауына байланысты
белгілі бір шарттылық дәрежесімен шетелдік зерттеу деректерін отандық
тәжірибеге қатысты пайдалануға болады. Бұл материалдар нақты қылмыстық іс
болғандықтан шетелдік зерттеушілердің дұрыстығын растайды.
Компьютерлік техника құралдарын пайдалана отырып жасалған қылмыс
бойынша нақты қылмыстық істі талдау негізінде, сондай-ақ арнайы
әдебиеттерді зерттеу бойынша әр түрлі құрамалардың және алгоритмдердің,
логикалық түрлендірулердің қылмыскермен пайдалану себебі бойынша үнемі
артып келе жатқан компьютерлік қылмыстардың негізгі 20-дан астам жасалу
тәсілдерін және олардың 40-қа жуық түрлерін бөліп көрсетуге болады.
Компьютерлік қылмыстардың барлық жасалу тәсілдері 5 негізгі топқа
жіктеледі. Бұл ретте негізгі жіктелетін белгісы ретінде қылмыскермен
компьютерлік техника құралдарына әр түрлі пиғылдармен қол жеткізуге
бағытталған сол немесе өзге де іс-әрекеттерді пайдалану әдісі қолданылады.
Осы белгілерді басшылыққа ала отырып, Ю.М. Батурин осыған сәйкес
тәсілдердің жалпы мынадай топтарын ұсынады:
1) компьютерлік техника құралдарын алып қою;
2) ақпараттарға тосқауыл жасау;
3) компьютерлік техника құралдарына рұқсатсыз (санкциясыз) қол
жеткізу;
4) осы және басқарушы командаларға айла-шарғы жасау;
5) кешенді әдістер.
Енді осыларды егжей-тегжейлі қарастырайық.
Бірінші топқа қылмыстың қарапайым түрінің дәстүрлі жасалу тәсілдері
жатады, яғни қылмыскердің бөтеннің мүлкін алып қоюға бағытталған
әрекеттері. Қылмыстық-құқықтық тұрғыдан алғанда мұндай қылмыс қылмыстық
заңнаманың баптарына сәйкес саралануы тиіс, мысалы, тыңшылық, ұрлық,
қарақшылық, қорқытып алушылық және тағы да басқа сияқты.
Компьютерлік қылмыстардың жасалу тәсілінің осы тобына тән ерекшелігі-
компьютерлік техника құралының әрқашан тек қана қылмыстық қол сұғушылық
заты ретінде болуы, ал қылмыстың жасалу құралы ретінде компьютерлік техника
құралдары болып табылмайтын құралдар, техникалық құралдар және құрылғылар
пайдаланылады (1 Кесте). Сондай-ақ компьютерлік қылмыстарды жасау
тәсілдерінің сипаттамасына қысқаща тоқталып кетейік (2 Кесте).
Аталған қылмыстардың жасалу тәсілдері отандық криминалистикалық
ғылымда жеткілікті түрде толық зерттелген десекте болады, сондықтан оларды
толығырақ қарастырудың қажеті жоқ. Отандық криминалистикалық ғылыммен
зерттелмеген болып табылатын қалған тәсілдердің топтарын мұқият
қарастырамыз.
Құқық қорғау органдарының жедел-іздестіру қызметінде кеңінен
тәжірибеленген электромагниттік және аудиовизуалдық ұстап алу әдістерін
пайдалану арқылы машиналық ақпарат және деректерді алуға бағытталған
қылмыскердің іс-әрекеттеріне негізделген компьютерлік қылмысты жасау
тәсілдері екінші топқа жатады. Осы және келесі топтарда да компьютерлік
техника құралы қылмыстық қол сұғушылық жасаудың заты сияқты, құралы ретінде
табылатынын бірден айта кету керек.
1. Тікелей (белсенді) тосқауыл. Бұл компьютердің телекоммуникация-лық
құрылғыларына компьютерлік жүйелерге немесе желілерге тікелей қосылу
көмегімен жүзеге асырылады, мысалы, деректерді беру және компьютерлік
техниканың басқару сигналдары үшін қолданылатын принтер желілеріне немесе
байланыс арнасындағы телефон сымдарына немесе тікелей компьютерлердің
тиісті порты арқылы. Осыған байланысты мыналар ажыратылады:
1) байланыс арналарында немесе жабдықтарда ақаулары бар жұмыс
станцияларына (ЭЕМ-ге) бағытталған хабарламаларды ұстап қалуды ұсынатын
мәжбүрлі тосқауыл;
2) символдар тосқауылы – ЭЕМ стандартты кодында көзделмеген
белгілерді пайдаланушымен жазылған терминалдық пернетақтасында мәтіндерді
бөліп алу;
3) хабарламалар тосқауылы – байланыс желілеріне арнайы терминалдарды
абоненттік пунктер және ЭЕМ арасындағы айналымдағы хабарламаларды рұқсатсыз
қосу, қабылдау және пайдалану;
Қосылу тұрмыстық құралдарды және жабдықтарды пайдалану көмегімен
жүзеге асырылады, олар: телефон кабелін құрайтын сымдарды кесу,
қолтырауын түріндегі қысқыштар, бақылау – өлшеу аппаратурасындағы арнайы
зонд-инелер, радиомантаждық құралдардың, касеталы портативті
магнитофондардың, принтерлердің, модемдердің немесе блокноттық және
субблокноттық орындаудағы Laptop түріндегі дербес компьютердің жиыны.
Байланыс арнасына қосылғаннан кейін барлық ақпарат жеке тасушыға жазылады
немесе тұрмыстық немесе арнайы электрондық аппаратура көмегімен адам оқи
алатын нысанға ауыстырылады.
Арнайы аппаратура ретінде қылмыскерлермен мыналар қолданылуы мүмкін:
а) 256 байланыс желісіне дейін бір мезгілде тыңдауға мүмкіндік
беретін РК-1155 түріндегі сымды байланыс желілерінің компьютерленген
анализаторлары:
б) MSR (Multi Signal Registrator) үлгісіндегі сигналдарды көп
функционалды сандық тіркеуші – 16 каналды автоматты сандық түрлендіргішімен
ADSP процессоры негізінде Intel платформа базасында төлем сигналдарын
өңдеуді пайдалана отырып іске асырылатын, әдеттегі дербес компьютер, ол
ұзақ үздіксіз сөйлеу, факстік және сандық ақпараттарды 4-8-16-32 каналы
бойынша, кейіннен оның автоматты тану (дауыс ұқсастығы) фильтрациясын
(шуылдар мен фондарды жою) өңдеу және мұрағаттады қамтиды.
2. Электромагнитті (енжар) тосқауыл. Әрдайым тосқауылдамайтын құрылғы
жүйеге тікелей қосылуды талап етеді. Деректер мен ақпараттар тек байланыс
арналарында ғана емес, сонымен қатар коммуникация құралдары орналасқан үй-
жайларда, сондай-ақ олардан айтарлықтай қашықтықта да ұстауы мүмкін.
Осылайша, компьютерлік техниканың көптеген құралдары, соның ішінде
коммуникация құралдарының жұмыс істеуі кезінде туындайтын электромагниттік
сәулеленудің физикалық тасушысына тікелей қарым-қатынассыз-ақта тіркеуге
және бекітуге болады. Өткені, электрондық құрылғылардың барлық жұмысы
электромагниттік сәулеленумен қоса жүреді, соның нәтижесінде әртүрлі
электрондық құрылғылар әсерінен жағымсыз кедергілер туындайды.
Электронды-сәулелік түтік қоршаған ортаға өзіне белгілі бір
ақпараттарды, мәліметтерді алатын электромагниттік толқындарды шығарады.
Осы аспаптан шығатын толқындар шамамен теледидарлық хабар тарату
кезіндегіндей кейбір коэффиценттің әлсіреуінен әртүрлі физикалық
тосқауылдар арқылы енеді, мысалы, шыны терезе ойықтары мен қабырғалары
арқылы, ал оларды көптеген сараптамалардың деректері көрсеткендей 1000 метр
қашықтыққа дейін қабылдауға болады. Бұл сингналдар тиісті аппаратурамен
қабылданғаннан кейін және басқа компьютерлерге (қылмыскердің компьютеріне)
жіберілгеннен кейін, таралатын компьютердің мониторында пайда болатын
суреттерді, осыған ұқсас суреттерді алуға болады, ол үшін оның жеке
жиілігін орнату жеткілікті. Әрбір компьютерді нақты параметрлері бойынша
сәйкестендіруге болады: жұмыс жиілігі, электромагниттік сәулеленудің
қарқындылығы және т.б.
Мысалы, қылмыстық мақсаттарды жүзеге асыру үшін кейде неғұрлым өткір
симметриялық емес диаграмма бағытын иеленетін және толдық канал типі
бойынша қабылдау антенналарын қайта тіркеу жеткілікті. Содан кейін
мәліметтерді алып тастау шифрі бағдарламасын әзірлеу (немесе дайынды
пайдалану).
Компьютер дисплейінен ақпараттарды алғаш қашықтықтан тосқауылдау 1985
жылдың наурыз айында Каннада ЭЕМ-нің қауіпсіздік мәселелері бойынша
халықаралық конгрессте ашық көрсетілді. РТТ Вим-Ван-Эйк голландық
телекоммуникациялық компания қызметкерлері мамандарды мынадай жағдаймен
таңқалдарды, олар көшеде тұрған автокөлікте өздерімен әзірленген құрылғының
көмегімен автокөліктен 100 метр қашықтықта орналасқан
мекеменің 8-ші қабатында орналасқан дербес компьютердің дисплей экранындағы
деректерді алып тастады. Осы көрсетілген тәсілмен қылмыскерлермен
компьютерлік қылмыстар жасау кезінде жедел-іздестіру қызметтерінің арнайы
техникалық әдістері мен тәсілдері қолданылады, мысалы, көшірме жасайтын
құрылғылар.
3. Аудио тосқауыл немесе виброакустикалық арна бойынша ақпараттарды
алып тастау. Бұл тәсіл ең қауіпті және жеткілікті негізде таралған болып
табылады. Осы арна бойынша жайылып кетуден қорғау өте күрделі. Бұл тәсілмен
ақпаратты алудың екі түрі бар: кездейсоқ және беззаходовую. Бірінші
ақпаратты өңдеу құралы аппаратурасына, әртүрлі техникалық құрылғыларды,
сымды коммуникациялық желілерді (радио, телефон, теледидарлық кабельді,
күзет-өрт сигнализациясын, электр желісін және т.б.), сондай-ақ әртүрлі
инженерлік-техникалық құрылыстардың конструкцияларын және объектілерде
жұмыс істейтін қызметкерлердің және техникалық құрылғылардың дыбыс
сигналдарын ұстап қалу мақсатында тұрмыстық заттарды инфинитивті
телефондарға (тыңдайтын құрылғыларды – таблетка, қандала, қоңыз және
т.б.) орнату арқылы жасалады.
Қандала немесе өзге де барлау аппаратурасын объектілерге орнату үш
жол арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Біріншісі – үй-жайға жасырын немесе
дайындалып ену қажет, екінші жағдайда – қабылдағыш құрылғылары бар радио
таратушы және дыбыс жазатын аппаратуралар үй-жайларда құрылыс жұмысы болған
кезде немесе жөндеу болған кездерде орнатылады, үшіншісінде – сол
жәбірленуші тараппен сатып алынады немесе енгізіледі (сатып алынған немесе
енгізілген затқа орнатылады).
Арнайы техникаға мысал ретінде мыналарды келтіруге болады:
– қашықтықтан бақылауға мүмкіндігі бар арнайы микрофондар;
– ұзақ жазылатын диктофондар;
– шуылды сөйлеу сигналдарын өңдеуге мүмкіндік беретін АФ-512, DAC-256
және DAC -1024 типті сандық бейімделу сүзгілері.
Ақпаратты алу аппаратурасын табу өте қиын, өйткені ол әдетте
қылмыскермен өте жақсы бағдарламаланады (микросхема, оттық, контактілі
бастар бойынша) және т.б.
Екінші – ішке енусіз (яғни, объектіге жасырын физикалық енуді талап
етпейтін түрі) – аса қауіпті. Ол келесілермен жасалады. Ақпараттарды алуды
акустикалық және вибрациялық сенсорларды сөйлеу сигналдарын қабылдау, ол
қажет үй-жайлардан тыс орналасқан инженерлік-техникалық конструкцияларға
орнатылады.
Инженерлік-техникалық құрылыстар келесі типтік конструкцияларға
бөлінеді: ғимарат қабырғалары, жабындар, терезелер, терезе рамалары,
есіктер және есік қораптары, желдеткіш ауа өткізгіштер, құбыр өткізгіштер.
Бұл ретте үй-жайдың ішіне ену міндетті емес, оған сыртынан жақындаса
жеткілікті. Сенсор не тікелей, не қашықтықтан орнатылады. Соңғысында ашық
терезелер, есіктер және т.б. арқылы сөйлеу аппараттарын қашықтықтан алу
үшін арналған әртүрлі ататын құрылғылар пайдаланады.
4. Бейне тосқауыл. Бұл қылмыс жасау тәсілі қылмыскердің әртүрлі
бейнеоптикалық техникаларды пайдалану арқылы ақпараттарды алуға бағытталған
іс-әрекеттері болып табылады. Бұл тәсілдің екі түрі бар: физикалық және
электрондық . Бірінші жағдайда ақпараттарды ұстап қалу қылмыскердің түрлі
бейнеоптикалық әдебиеттерді , мысалы, телескопты, бинокольді,оптикалық
көріністердің аңшылық түнгі көру аспабын және тағы басқаларды қолдану
көмегімен жүргізіледі.
Жекелеген жағдайларда физикалық тасушымен тіркелетін, құрбан-
объектілерден бірнеше қашықтықта қажетті ақпаратты алу мақсатында
қылмыскерлермен бақылау жүргізіледі. Бұл жағдайда қылмыс қаруы тікелей
қылмыскердің қолында болады. Екінші жағдайда қылмыскердің ақпаратты алу
процесі арнайы техникаларды қолданумен жүзеге асырылады. Бұл жағдайда
таратқыш құрылғы тікелей бақылау объектілерінде, ал қабылдаушы құрылғы
қылмыскердің қолында болады. Осы кезде мынадай арнайы техникалар қолданылуы
мүмкін: ұзақ уақыт жазылатын арнайы бейне магнитофондар, шетелде өндірілген
жасырын бейне түсірілім үшін құрал-жабдықтар, электрондық цифрлік бейне
камералар, түнгі көру құралдары және т.б.
5. Қоқысты жинау. Бұл қылмысты жасау тәсілі компьютерлік техникамен
жұмыс істеліп болғаннан кейін пайдаланушымен қалдырылған ақпараттық
процестердің техникалық қалдықтарының қылмыскермен біліксіз қолданылуы
болып табылады. Ол екі нысанда жүзеге асырылады: физикалық және
электрондық. Бірінші жағдайда қалдықтарды іздеу жеке ақпарат тасығыштармен
пайдаланылып лақтырылған немесе жинап қалдырылған технологиялық қалдықтар
үшін ыдыстардың, бактардың, қоқыс жәшіктерінің ішіндегілерін мұқият қарау
арқылы жүзеге асырылады. Электрондық нұсқасы көруді, ал кейде компьютер
жадындағы деректерді зерттеуді талап етеді. Ол СКТ жұмыс істеуінің кейбір
технологиялық ерекшеліктеріне негізделген. Мысалы, соңғы жазылған деректер
компьютерлік жүйенің жедел жадында жұмыс аяқталғаннан кейін үнемі өшіріле
бермейді. Кейбір жағдайларда қылмыскерлермен өшірілген файлдарды құрайтын
деректерді талдауға және қалпына келтіруге бағытталған іс-әрекеттер жүзеге
асырылуы мүмкін. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін қылмыс құралы ретінде
аспаптық бағдарламалық құралдарға жататын, арнайы белгіленген түрлі
бағдарламалық құралдарды міндетті пайдалануды көздейді. Бұрын өшірілген
бағдарламаларды және файлдарды қалпына келтіруге мүмкіндік беретін, pct.exe
жан-жақты бағдарламасын қамтитын, PC Tools Deluxe бағдарламалық кешені
солардың бірі болып табылады.
Компьютерлік қылмыстарды жасау тәсілінің үшінші тобына компьютерлік
техникалық құралдарға рұқсатсық қол жеткізу арқылы алуға бағытталған
қылмыскерлердің іс-әрекеттері жатады. Оларға төмендегілерді бөліп
қарастыруға болады:
1. Ақымақтың артынан. Жеке енудің типтік қабылдауы жедел-іздестіру
қызметтерін жетілдіру мәселесімен айналысатын мамандарға жақсы белгілі. Ол
мыналардан тұрады: қолында компьютерлік техника (жасыру элементтері)
жұмысына байланысты заттарын ұстап, қол сұғу заты орналасқан жабық
есіктердің жанында, қол … жалғасы

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз