Көктемге қалай дайындалу керек?
* Қыздар қауымы үшін көктем мезгілі нағыз нәзіктікті танытатын уақыт. Сондықтан, көктемгі макияжда неғұрлым табиғи түстерді пайдаланған жөн. Күңгірт, қою түстерден қарағанда ашық түстер сәнде болмақ. Киім таңдағанда да “көктем түстеріне” баса назар аударыңыз. “Көктем түстеріне” жасыл, сары, көкшіл түстер жатады. Бұл түстер сізге нәзіктік сыйлайды және көктемгі ауа райымен жақсы үйлеседі.
* Көктем мезгілі жігіттер үшін шаштаразға баруға таптырмайтын уақыт. Қыстағы қалың шаш үлгісін өзгерту, шашқа күтім жасау жігіттердің жаңа бейнесін жасаудың бастамасы. Қыздар да жыл мезгіліне қарай шаш үлгісін өзгертіп отырғаны абзал.
* Ағаштар бүршік жарып, жасыл желек жайқала бастайтын шақта өзіңіздің сүйікті ісіңізбен айналысу ләззат сыйлайды. Егер бау-бақша егу мен гүл өсіруді ұнатсаңыз – көктем сіз үшін керемет уақыт.
* Өзгерісті ойдан бастау керек. Ойыңыз, өзіңіз өзгерген соң гардеробты да өзгерткен абзал. Сәтті шоппинг, жеңілдіктер дәл осы уақытта қызып тұрған шаруаның бірі. “Темірді қызған кезінде соғыңыз”. Өз таңдауыңызға сәл еркіндік беріңіз. Көктемгі сәнде әр түрлі аксессуарлар, мойынорағыштар мен сөмкелерде сәтті үйлестіруге болады.
* Көктем жаңару, жасару мезгілі болғанымен, түрлі вирустар осы мезгілде өрши түседі. Сондықтан, тамақтану рационында дәрумендерге толы тағам түрлерін көбейткен дұрыс. Көктем диета ұстау үшін аса қолайлы уақыт емес екенін ескерген жөн. Сондай-ақ, тұмау, аллергия, күйзеліспен күресу шараларын алдын-ала жүргізіп отырыңыз.
* Салауатты өмір салтын қолға аламын десеңіз, бүгіннен бастаңыз. Көктемде айналысатын спорт түрлері де жетерлік. Бастысы, қозғалыс – бұл өмір екенін ұмытпаңыз. Бұл мезгілде таңғы және кешкі серуеннің өзі ерекше демалыс сыйлайды.
Ең бастысы, айналаңызда ғана емес, жан-дүниеңізде де көктем болсын! Күн күлімдегенде, сіз де күліңіз. Позитивті көңіл-күй өміріңізге көктемнің келгенін білдіреді. Сырттағы ауа райы құбылмалы болса да, көңіліңіздегі күн сөнбесін!