«Көкөністер, жемістер» Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




«Көкөністер, жемістер» Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ

Автор: Бисаринова Нургуль Калымовна

Бағыты: Шағын орталық Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар

Жарияланған уақыты: 2019-01-09


Материал туралы қысқаша түсінік

«Көкөністер, жемістер» Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ.




Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Бөлімі: Қазақ тілі Тақырыбы: Көкөністер, жемістерМақсаты: 1. Көкөністердің бақшада, жемістердің бақта өсетіндігін түсіндіру. 2. Көкөністер мен жемістер сезім мүшелері(көру, дәм сезу, сипап көру) арқылы пішінін, дәмін, түсін анықтай білуді үйрету. Көкөніс, жеміс сөзінің мағынасын түсіндіру. Көкөністердің және жемістердің сапасын және қасиеттерін білдіретін сөздерді дұрыс қолдана білуге үйрету. 3. Еңбекқорлыққа баулу.Б.М: Көкөністердің бақшада, жемістердің бақта өсетіндігін.Д.М: ойлауын, тілін дамыту.Т.М: қамқорлыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.Қолданылатын көрнекі құралдар: көкөністер мен жемістердің муляждары, баубақша, қорғаушысы, бақша және бақтың макетінің слайдтары, үлестірмелі материалдар. Сөздік жұмыс: бақша, бақ қарауылы.Билингвальды компонент: сәбіз — морковь, қияр — огурец, көкөністер — овощи, бақша – огород, алма-яблоко, алмұрт-груша- фрукты, бақ-сад.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
МотивациялықҚозғаушылық — Балаларға, бізге қонаққа бақшаның қараулы келді. Оны неге бұлай айтады? — Бақша қарауылы бізді өзі қорып отырған бақшаға шақырады.Балаларды шеңбер бойына тұрғызады. Педагог көкөністердің муляждарын көрсетіп, олар жайлы әңгімелейді.-Мынау – қияр. Қияр- көкөніс. Жарық ылғалды және жылы жерлерде жақсы өседі. Күн көзін жақсы көреді.— Мынау- пияз. Пиязды тамаққа қосады. Оның дәмі ащы.-Мынау- орамжапырақ. Мынау- қызанақ. Мынау- сәбіз.Мынау алма-Оның дәмі тәтті.Мынау алмұрт-Оның дәмі тәтті. Балалар педагогпен бірге қайталап атайды.

Балалар көкөністер жайлы білетіндерін айтады.

  • Білімді өзектендіру:
  • Б алалар бақша дегеніміз- осы.Бақша әртүрлі ағаштар мен гүлдер, дәнді дақылдар егілген арнаулы жер, алаң. Бақшада күнделікті пайдаланылатын көкөністер өсіріледі. Бұларды бақша дақылдары дейді. Көкөністер – бақшада өсірілетін дақылдар, өсімдіктер.– Сонымен бақшада және бақта не өседі екен?Олардың барлығын бір сөзбен қалай атаймыз?— Бақша, бақ қарауылы бізге сыйлыққа бір себет көкөністер алып келіпті. Қандай көкөністер алып келгенін айтайық.

    Тыңдайды.

  • Көкөністер.
  • Орамжапырақ.
  • Сәбіз, қиярпияз, —
  • Алма, алмұрт.
  • Мынау- қияр. қызанақ.
  • Ол ұзын сағақты
  • Ұйымдастырушылық-ізденістік

    2. Блингвальді компонент: сәбіз- морковь, қияр- огурец, көкөністер- овощи, бақша- огород, алма-яблоко, алмұрт-груша – фрукты, бақ- сад.3. Дидактикалық ойын: «Сипап көр»— Балалар бақ қарауылы бір қап көкөністер мен жемістерді алып келіпті. Оның мынандай шарты бар: сипап көру арқылы көкөністердің атын табу.4. Саусақты тренинг:Орамжапырақты қазып аламыз,Сәбізді тазалаймыз.Екеуін бірдей тұздап,Ыдыстарға саламыз!Үлестірмелі материалдармен жұмыс.Тапсырманы қалай орындау керек екенін сіндіреді.

    Сергіту сәтін жасайды.

    Тапсырмаларды орындайды.

    Рефлексиялық- түзетушілік Сабақ соңында серуенге шыққанда Күз мезгіліндегі ағаштарды бақылап , күзгі еңбек туралы әңгімелейді. Балалар қайталайды.

    Күтілетін нәтиже: Орындайды: көкөністерді және жемістерді ажыратуға арналған тапсырмаларды.Түсінеді: бақша, бақ, көкөніс, жеміс сөздерінің мағналарын түсініп, әр көкөніс пен жеміс туралы мәлімет береді.Қолданады: жемістер мен көкөністерді бір- бірінен ажыратуды.







    Материалды сайттан тегін жүктеу

    Жүктеу

    Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


    Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.