Көк шайдан жасалған бет маскалары

0
1. 100 гр майлы сүзбе, 2 шай қасық бал және жарты кесе көк шайды араластырып, 15 минутқа бетіңізге жағып қойыңыз. Бұл тәсіл бет терісін азықтандырады, тыныштандырып, жасартатын қасиетке ие.

2. Келесі тәсілді макияждан кейінгі бетті тазалау мақсатында пайдаланса болады. 2 шай қасық көк шайды 1 жұмыртқа сарысы, 1 ас қасық қант, 50 гр өсімдік майымен жақсылап араластырып, бетті сүртсе, беттің тазалануына көмектеседі.

3. 2 ас қасық күріш ұнына 1 шай қасық күнжіт майы және 2 ас қасық көк шай араластырылады. Бетіңізді жақсылап тазалап жуып, 10 минутқа бетіңізді сүртесіз. Алдымен жылы сумен, кейін салқын сумен жуасыз. Ол беттегі майда әжімдердің жоғалуына көмектеседі.

4. Бет терісінің майланып кетуінің алдын алу үшін 2 ас қасық көк шай қайнатылған қалыпта демделеді. Жылы күйінде бірнеше тамшы лимон шырыны тамызылады. Таңертеңгілік бетіңізді дайындалған қоспамен сүртсеңіз, бет терісінің майлануы секілді қиыншылықтан құтыласыз.

5. Және бір кеңес, бет теріңіз майлы болса дәкені көк шайға сулап алып, 20 минут бетіңізге қойыңыз. Егер теріңіз құрғақ болса, дәкені алғаннан соң бетіңізге крем жағыңыз.

6. Егер сіз көп уақытыңызды компьютер алдында өткізсеңіз, көк шай компресі көз айналасындағы терінің зорығуының алдын алады. Ащы етіп дайындалған көк шайға мақтаны батырып, 10-15 минут қабақтарыңыздың үстіне қойыңыз.