Көбейту және бөлу кестесі
Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Көбейту және бөлу кестесі
Автор: Капашева Айнур Кабидолдиновна
Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: 3 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-01-05
Материал туралы қысқаша түсінік
3 сыныптың оқушыларының математикадан көбейту мен бөлу кестесін меңгеруге септігін тигізеді
Шапағат Айым 2014 жылы 14 желтоқсанда Елбасы Н.Ә. Назарбаева «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жолдауын халыққа жолдады.Сондағы елбасының айтқан сөзі: Қазақстан — ұшқан құстың қанаты талатын ұлан-ғайыр аумақтың иeci. Сондықтан, аталған жоспар орасан қаражат пен еңбекті, аса ауқымды жұмысты қажет етеді. «Елдің өркенін білгің келсе, жолына қара» деген қағида қалыптасқан. Барыс-келіс пен алыс-берісте жол қатынасы айрықша маңызға ие. Көне замандарда ірі қалаларымыздың көбі Ұлы Жібек жолын жағалай қоныс тепкен. Қазір-де қайнаған тіршілік күре жолдардың бойында. Жол — шын мәнінде өмірдің өзегі, бақ уатты тірліктің қайнаркөзі. Барлық аймақтар теміржолмен, тас жолмен, әуе жолымен өзара тығыз байланысуы керек. Астанада тоғысқан тоғыз жолдың торабы елорданың жасампаздық рухын тарататын өмір-тамырға айналуы тиіс. Аймақтардың өзара байланысын жақсарту елдің ішкі әлеуетін арттырады. Облыстардың бip-бipiмeн сауда-саттығын, экономикалық байланыстарын нығайтады. Ел ішінен тың нарықтар ашады. Осылай, алысты жақын ету — бүгінгі Жолдаудың еңбасты түйіні болмақ. Видео: Шөлді жерде жүк тасып келе жатқан керуенСағдолданов Мансұр: Адамдар өте ерте кезден-ақ бір-бірімен сауда жасасқан. Бұл сауда орындарының – базардың, жәрмеңкенің, сонымен қатар ел мен елді, қалалар мен халықтарды бір-біріне жалғаған сауда жолдарының пайда болуына себепші болды. Жолдар бір-біріне қосылып, батысқа, шығысқа, оңтүстікке, солтүстікке қарай көршілес жатқан жерлердің бірінен соң біріне жылжи отырып созыла берді. Осылайша Еуропа мен Азияда Ұлы Жібек жолы пайда болды. Ұлы Жібек жолы ежелгі Қазақстан жерімен де өткен.Басты жолдан Орталық Қазақстан даласымен Сарыарқаға, Ертіске, Алтай мен Монғолияға апарар жолдар тарамдалып жатты. Жолдың бойында Испиджаб, Тараз, Құлан, Аспара, Алматы, Талхир, Қаялық, Усбаникет, Отырар, Түркістан, Сауран, Сығанақ, Янгикент, Сарайшық қалалары бой көтерді. «Ұлы Жібек жолы» деген атау тек 1877 жылы пайда болды. Сол кездегі сауданың басты тауары Қытайда өндірілетін жібек болған. Сондықтан жол «Жібек жолы» деп аталған. Мұғалім:Нұрлы жол алдында ата-бабаларымыз салып кеткен Ұлы Жібек жол бар. Өткенімізді білмесек, алдыға жылжи алмаймыз.Сол сиякты математикада өткен тақырыптарды жақсы меңгермей, жаңа тақырыпты түсінбейміз. Қалдықпен бөлуді каншалықты меңгергендігімізді байқап көрейік. Сыныпты белсендіру үшін көшбасшы шақырылады.-Біз қандаймыз? Мықтымыз. -Біз қандаймыз? Білімдіміз.-Біз қандаймыз? Таланттымыз.Алға,алға,алғаОқушылар: Дәптерге күн аты мен «Байқау» сөзін жазады.Мұғалім «Алгоритм» картасына ТКШ – АКШ – ЖКШ нөмірін жазады. . Оқушылар бірдей 1 рет шапалақ ұрады, жұмысқа кіріседі. Тақтаға бастау уақытын көрсету.
Қалдықпен бөлуді орында | |||
№ | ТКШ | АКШ | ЖКШ |
1 | 5: 2 =2(1) | 38:6 =6(2) | 69:8 =8(5) |
2 | 15 : 4 =3(3) | 49:5 =9(4) | 75:8 =9(3) |
3 | 27 : 5 =5(2) | 51:7 =7(2) | 86:9 =9(5) |
Жұмыстың аяқталуы 5+30сек Тақтаға аяқталу уақытын көрсету.Жұмыс аяқталған соң оқушылар дәптерлерін алмастырады.«Қолдағы қаламсап –бұл қателік» бұйрығы беріледі.Тақтаға үш тапсырманың жауабы жазылады. Үш тапсырманы дұрыс орындаған оқушы тақта алдына шығады. Тапсырманың дұрыстығын мұғалім тексереді.Бұл- альфа тобы.Екі тапсырманы дұрыс орындаған оқушы орнынан тұрады. Тапсырманың дұрыстығын альфа тобындағы оқушы тексереді.Бұл- бета тобы.Бір тапсырманы дұрыс орындаған оқушы 3қатардағы орнынға отырарады. Тапсырманың дұрыстығын альфа тобындағы оқушы тексереді.Бұл- гамма тобы.Зейін, жылдамдық, есептеуден қателік жіберген оқушылар санын «Алгоритм» картасының «Байқау» цикліне жазылады. «Орынға отырғызу матрицасы» плюстер қойылады.
Видео: қарапайым поезд .Манап Малика:Қазақстан жеріндегі тұңғыш темір жол магистралі 1894 жылдың 25 қазанында Орал тар табанды темір жол телімінің құрылысы аяқталғаннан кейін ашылды. Осы жолдың 130 шақырымы қазіргі Қазақстан жері арқылы өткен. Арада 4 жылөткеннен кейін Урбах-Астрахан тар табанды темір жолы іске қосылды. Мұның да 77 шақырымы қазақ даласын басып өтті.1927-1930 жылдар аралығында салынған ұзындығы 1444 км Түркістан-Сібір (Түрксіб) магистралінің аяқталуы заманалық оқиға болды. Ол Қазақстанды Сібір мен байланыстырып, республиканың экономикалық дамуына және шөлді жерлердің игерілуіне әсеретті. Мұғалім: Заман өзгерді , ғылымға жаңалықтар енді, техника дамып, «Ұлы Жібек » жолының орнына темір жол келді. Түйеге карағанда пойыздың жылдамдығы артық .Келесі тапсырманы орындағанда жылдамдығымызды арттыруға жұмыс жасайық.Оқушылар: Дәптерлеріне «Бекіту» сөзін жазады.Мұғалім «Алгоритм» картасына ТКШ – АКШ – ЖКШ нөмірін жазады. . Оқушылар бірдей 2 рет шапалақ ұрады, жұмысқа кіріседі. Тақтаға бастау уақытын көрсету.
Амалдарды орында | |||
№ | ТКШ | АКШ | ЖКШ |
4 | 12+ 3 ∙ 2 =18 | 50∙ 4 + 45 =245 | 56: (567-559) =7 |
5 | 20 — 9: 3 =17 | 3∙ 5 + 27 =42 | 97∙ (45-44) =97 |
6 | 5 ∙ 4 — 10 =10 | 16 : 2 + 8 =16 | 9∙(17-17) =0 |
7 | 3 ∙ 5 +15 =30 | 35 : 5+43=50 | 45:9 +(91-86) =10 |
8 | 8 ∙ 9 +18 =90 | 81: 9 — 9 =0 | 63:9 +(121-86) =42 |
Жұмыстың аяқталуы 5+30сек Тақтаға аяқталу уақытын көрсету.Жұмыс аяқталған соң оқушылар дәптерлерін алмастырады.«Қолдағы қаламсап –бұл қателік» бұйрығы беріледі.Тақтаға үш тапсырманың жауабы жазылады. Үш тапсырманы дұрыс орындаған оқушы тақта алдына шығады. Тапсырманың дұрыстығын мұғалім тексереді.Бұл- альфа тобы.Екі тапсырманы дұрыс орындаған оқушы орнынан тұрады. Тапсырманың дұрыстығын альфа тобындағы оқушы тексереді.Бұл- бета тобы.Бір тапсырманы дұрыс орындаған оқушы 3қатардағы орнынға отырарады. Тапсырманың дұрыстығын альфа тобындағы оқушы тексереді.Бұл- гамма тобы.Зейін, жылдамдық, есептеуден қателік жіберген оқушылар санын «Алгоритм» картасының «Байқау» цикліне жазылады. «Орынға отырғызу матрицасы» плюстер қойылады.Видео: Жүрдек пойыз « Тұлпар- Тальго» Тоқтарбек Мадияр 2011 жылы Астана қаласында ТМД елдерінде баламасы жоқ «Тұлпар-Тальго» жолаушылардың жүрдек вагондарын шығаратын зауыт салынды. Оның құрылысын «Қазақстан теміржолы» Акционерлік қоғамы мен «PatentesTalgo» испандық компаниясы бірлесіп жүргізді. Жоба Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылған.Өндіріс ғимаратының жалпы көлемі 31 мың шаршы метрді құрайды. Зауыттың жылдық өндірістік қуаттылығы –150 вагон. «Тұлпар-Тальго» вагондарының өндірісінде сапаның Еуропалық стандарттарына сәйкес қазіргі заманғы озық технология мен материалдарды пайдалану нәтижесінде сағатына 200 шақырым жылдамдыққа жетуге мүмкіндік туды. Вагондарды пайдалану мерзімі — 40 жыл. Мұғалім: жылдамдықты талап ететін ,ойдың ұшқырлығын қажет ететін 3 тапсырманы орындайық.Оқушылар: Дәптерлеріне «Есте сақтау» сөзін жазады.Мұғалім «Алгоритм» картасына ТКШ – АКШ – ЖКШ нөмірін жазады. . Оқушылар бірдей 3 рет шапалақ ұрады, жұмысқа кіріседі. Тақтаға бастау уақытын көрсету.
Фигураның ауданын тап | |||
№ | ТКШ | АКШ | ЖКШ |
10 | а =5см S= а∙ вв=3см S= 5∙ 3=15 см2S-? | S=28см2 а = S:вв=4см а = 28:4 =7сма =? | в=2см а= 2+3=5см а= ? 3см ұзын S-? S=2∙ 5=10 см2 |
11 | а =6см S= а∙ аS-? S= 6∙ 6=36 см2 | S=16см2 S= а∙ аа =? 16= 4∙ 4 | а= 8см в =8-3=5смв =? 3см қысқа S-? S=8∙ 5=40 см2 |
12 | а =8см S= а∙ вв=4см S= 8∙ 4=32 см2 | S=64см2 S= а∙ аа =? 64= 8∙ 8 | а= 9см в =9:3 =3смв =? 3/1S-? S=9∙ 3=27 см2 |
Жұмыстың аяқталуы 5+30сек Тақтаға аяқталу уақытын көрсету.Жұмыс аяқталған соң оқушылар дәптерлерін алмастырады.«Қолдағы қаламсап –бұл қателік» бұйрығы беріледі.Тақтаға үш тапсырманың жауабы жазылады. Үш тапсырманы дұрыс орындаған оқушы тақта алдына шығады. Тапсырманың дұрыстығын мұғалім тексереді.Бұл- альфа тобы.Екі тапсырманы дұрыс орындаған оқушы орнынан тұрады. Тапсырманың дұрыстығын альфа тобындағы оқушы тексереді.Бұл- бета тобы.Бір тапсырманы дұрыс орындаған оқушы 3қатардағы орнынға отырарады. Тапсырманың дұрыстығын альфа тобындағы оқушы тексереді.Бұл- гамма тобы.Зейін, жылдамдық, есептеуден қателік жіберген оқушылар санын «Алгоритм» картасының «Байқау» цикліне жазылады. «Орынға отырғызу матрицасы» плюстер қойылады.Үйге тапсырма:
Қалдықпен бөлуді орында | |||
№ | ТКШ | АКШ | ЖКШ |
1 | 5: 2 = | 69:8 = | |
2 | 49:5 = | 75:8 = | |
3 | 27 : 5 = | 51:7 = | |
Амалдарды орында | |||
4 | 12+ 3 ∙ 2 = | 50∙ 4 + 45 = | 56: (567-559) = |
5 | 20 — 9: 3 = | 3∙ 5 + 27 = | 97∙ (45-44) = |
6 | 5 ∙ 4 — 10 = | 16 : 2 + 8 = | |
7 | 35 : 5+43= | 45:9 +(91-86) = | |
8 | 8 ∙ 9 +18 = | 63:9 +(121-86) = | |
Фигураның ауданын тап | |||
10 | Тік төртбұрыштың ауданы 28см2, ені 4см . Ұзындығы неше сантиметр? | Тік төртбұрыштың ені 2см, ал ұзындығы 3см ұзын. Ауданы қаншаға тең? | |
11 | Шаршының кабырғасы 6см. Ауданын есептеп тап. | Тік төртбұрыштың ұзындығы 8см, ал ені 3см қысқа. Ауданы қаншаға тең? | |
12 | Тік төртбұрыштың ені 4см ұзындығы 8см, ауданы нешеге тең? | Шаршының ауданы 64 см2. Кабырғасы неше сантиметр болады? |
Бағалау: «Орынға отырғызу матрицасы» бойынша қойылған плюстерді санау.
Жинаған ұпай | Қойылатын баға |
8-9 | 5 |
7-6 | 4 |
4-5 | 3 |
Кері байланыс: Бүгін не білдік? Не көңілінен шықты?Рефлексия: Өзін – өзі бағалау . Әрбір баланың алдында конверт ішіне салынған:түйе, қарапайым поезд, жүрдек поезд «Тұлпар-Тальго». Өзінің жұмыс жасаған жылдамдығына сай келетін суретті Нұрлы жолға жапсырады.
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.