Киви — сұлулық жемісі |
Нәрлендіретін маска
1 кивиді алып тазартып, езбе дайындаңыз. 2 ас қасық езбеге 1 шай қасық бал мен 1 шай қасық қаймақ қосыңыз. Қоспаны бет, мойын мен кеудеге жағып, 10-15 минуттан соң жылы сумен жуып, салқын сумен шайыныңыз.
Ылғалдандыратын маска
2 ас қасық киви жұмсағын 1 шай қасық зәйтүн майы және 2 шай қасық сүзбемен араластырыңыз. Масканы бетке жағып, 10 минут күтіңіз. Уақыт өткен соң көк шаймен мақтаны сулап, масканы тазартыңыз. 5 минуттан соң бетті мұзбен сүртіңіз.
Жасартатын маска
2 ас қасық киви езбесін 1 ас қасық алма езбесі және 1 ас қасық қою кілегеймен араластырыңыз. Қоспаны бетке жағып, 20 минуттан соң жылы сумен жуып тастаңыз. Бетті мұзбен немесе салқын, газсыз минералды сумен жуыңыз. Бетіңіз өздігінен кепкенінше күтіңіз, сүлгімен сүртудің қажеті жоқ.
Ағартатын маска
2 ас қасық киви езбесін 1 шай қасық картоп крахмалы мен ½ шай қасық лимон шырынымен араластырыңыз. Қоспаны бетке жағып, 10 минуттан соң жылы сумен жуып, ылғалдандырушы иісмай жағыңыз.
Солғын теріні қалыпқа келтіретін маска
2 ас қасық киви жұмсағына 1 жұмыртқа ағы мен ½ шай қасық зәйтүн майын қосып, араластырыңыз. Масканы бет, мойын мен кеудеге жағып, 10-15 минуттан соң жылы түймедақ қайнатпасымен жуып тастаңыз.
Егер күнде бетіңізді кивимен сүртіп тұрсаңыз, тері түсі жақсарады. Ал шашты өсіру үшін киви шырынын басқа жағып, 30 минуттан соң жуып тастаңыз.
Дереккөз: Reactor
reactor.inform.kz