Кішкентай арулар, 8 наурыз, қыздар сайысы
Тақырыбы: Кішкентай арулар
Мақсаты: Балаларды аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге үйрету. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Дүниедегі жақсылық атаулының барлығын күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру. Әдептілікке, сыпайылыққа, сұлулыққа, кішіпейілділікке, өнерге ұмтылған қыз балаларды тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Слайд, гүлдер, шар.
Жүргізуші:
Бүгін біздің балабақшада дүбірлі той
Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой.
Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп,
Қош келдіңіздер, халайық сергісін бой.
Балаларға ең жақыны сіз ғой ана,
Сіздің ыстық құшағыңыз бізге пана
Сіздерге теңестірер ешнәрсе жоқ
Теңесе алар бірақ нәрсе, Отан ғана
Құрметті ата — аналар, қыз — қызғалдақтар, қадірлі тәрбиешілер! Қар астынан қалқиып, бәйшешек бой көтергенде, көктемнің алғашқы хабаршысы болып аналар мерекесі келді.
Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан қалың қар астынан бүршік атады. Біздің асыл аналарымыз да бәейшешектей барлық қиыншылыққа төзімді.
Аналар көктемгі гүлдей жарқырап, гүл мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын!
«Кішкентай арулар» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Ал құрметті халайық
Мерекені бастайық
Аруларды әуенмен
Қошеметпен қарсы алайық
1. Баймурзаева Динара
2. Құрманғазы Әсемай
3. Аманғали Ажар
4. Абайқызы Азиза
5. Сабыржан Алмира
6. Сәкенова Назым
7. Хайролла Бибінұр
8. Қойшыбай Қарақат
9. Имаш Самира
10. Ғаділбекова Мадина
11. Ақыл Назерке
Жүргізуші:
Кімдер жүйрік өнерпазды білейікші
«Кішкентай ару деп жүрейікші
Әділқазы алқасынан әділдікті
Ал аруларға сәттілікті тілейікші,‒дей келе әділ қазылар алқасымен танысайық.
1. Балабақша меңгерушісі: Гүлжан Апанасқызы
2. Балабақша әдіскері: Гүлайым Насихатқазы
3. Ғылыми жетекші: Айғаным Жағыпарқызы
Құрметті көрермендер сайысымыздың шартымен таныстырып өтейік.
1.«Мен қазақтың қызымын» (таныстыру)
2. Сұрақ — жауап бөлімі.
3.«Шебердің қолы ортақ»
4.«Өнерлі өріс кең» (өнер сайысы: ән, би, күй, өлең оқу)
5. Сән үлгісін көрсету.
6. «Ас — адамның арқауы».
Жүргізуші: Бар әлем сүйіп ұнатқан,
Шапағат нұрын шұбатқан,
Қаймықпай шыққан жайраңдап,
Қыстайғы суық — сынақтан,
Көктем таңы бұл атқан.
Көктем аруы қош келдіңіз. Бізде аналар мерекесіне орай «Кішкентай аруар» атты сайыс өткеілі жатыр.
— Аруларымыз өздерін реттік номері бойынша таныстырады.
І Бөлім.
Өнер қуып арулар өтер дейміз
Бір басына өнері жетер дейміз.
Балабақша аруларымен кездесіп
Таныстырып өздерін өтсе дейміз.
(Арулар өздерін реттік номері бойынша таныстырады)
Жүргізуші:
Құтты болсын осы шаттық күніміз.
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз
Қуанышты жүзіңізбен әрдайым
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз.
Ән: 8‒наурыз. Орындайтын тобымыздың әнші ұлдары.
ІІ Бөлім.
Жас ару‒жас ғұмырдың талғамысың
Қуантқан әрбір үйдің арманысың.
Дәл бүгін қанат қағып сыналарда,
Сан сұрақтан сүрінбей самғап ұшқын,‒дей келе сұрақ‒жауап бөліміне шақырамын. Конвертте жасырылған сұрақтарды алып кезекпен жауап бересіздер.
Жүргізуші:‒Ана‒біздің күніміз
Ананың біз гүліміз
Балаларды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз‒ деп, «Ана» туралы тақпақтар айтайық.
Алтынбек:
8 Наурыз 2014 жыл көктемі,
Қыстың кетті аязының өктемі.
Мерекеңіз құтты болсын аналар,
Күндей болып жарқыраңдар көктегі!
Рахим:
Құтты болсын аналардың мейрамы!
Жарқыраңдар, жаз күніндей жайдары!
Мерекесі бұл көктемнің алғашқы,
Бақыт берсін әр көктемнің айлары!
Айбын:
Той — тойлап дала мен қалаларым
Мерекең құтты болсын аналарым.
Қаракөз қыз, абзал ана мерекесін
Құттықтап жатыр бүгін балаларың.
ІІІ Бөлім.
«Шебердің қолы ортақ»
Шеберлерім өнер тамып қолынан,
Жаңылмаған ата‒баба жолынан.
Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін,
Біз айтайық төрелігін соңынан.
Кезекті үйден даындап алып келген бұйымдарын көрсетіп, таныстыруға береміз.
Жүргізуші: Кезекті тағы бір әнге берсек. Ән шашу. Орындайтын тобымыздың әнші ұлдары.
ІV Бөлім. «Өнерліге өріс кең»
Ал кімнің өнері бар қаншалықты
Би билеп, ал біреулер ән салыпты.
Бүгінгі сайыста бәуге алуға
Арулар аянбай‒ақ жан салыпты‒дей келе аруларды өз өнерін көрсетуге шақырамыз.
Жүргізуші: кезекті мерекеге арналған тақпақтарға береміз.
Нұрдәулет:
Жамандықтан сақтандырып,
Жақсы ісімді мақтан қылып.
Мәпелелеген ақ мамамды,
Жүрсем деймін шаттандырып.
Жандәулет:
Таусылмайды өлеңі,
Күнде айтып береді.
Барған сайын бір жаққа
Кәмпит алып келеді.
Әжем мені, өйткені,
Өте жақсы көреді.
Амир:
Жас ару алынбаған асуларсың,
Бүгінгі мерекеде тасудасың.
Халқымыздың әрқашанда үлгісі боп,
Күш қайратың әрқашан тасқындасың.
Оразалы:
8 Наурыз тамаша күн
Аналар күні ерекше күн.
8 наурыз құтты болсынү
Нурыз ай құт әкелсін.
Ән: Ақ мамам. Орындайтын топ ұлдары.
V Бөлім. «Сән үлгісін көрсету»
Қыз емес қыздың аты қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын.
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі сәнін,‒дей келе аруларымыз сән үлгілерін көрсетеді.
Жүргізуші: Қыздарымыз келесі бөлімге дайын болғанша тақпақтарымызды айтып өтсек.
Ахмедияр:
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті аналар.
Еркебұлан:
Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де
Өмірбек:
Әлпештеген аялаған.
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған
Мейрамымен құттықтаймын.
Ән: Айналайын ана.
VІ Бөлім «Ас — адамның арқауы».
Аруларымыз үйден дайындап келген тағамдарын таныстырып, атын атап, құрамын, жасалу жолын айтып өтеді.
Жүргізуші: Әділқазылырымыз аруларымыздың бағасын шығарып болғанша ортаға барлық қыздарымызды «Көктем» биіне шақырамын.
Өнерімен өрге жүзіп шарықтадың,
Мақсатыңды талаппен анықтадың.
Сан қырлы таза гауһар секілденіп,
Қуантады өзіңді танытқаның.
Сөз кезегі әділ қазылар алқасына ұсынамыз. Сайысқа қатысқан арулар марапатталады.
1. Өнерлі ару.
2. Шебер ару.
3. Биші ару.
4. Білімді ару.
5. Инабатты ару
6. Көктем аруы
7. Үлгілі ару
8. Дәмді тағам.
9. Сымбатты ару.
10. Жайдарлы ару
11. Сыпайы ару.
Жүргізуші: Осымен біздің бүгінгі «Кішкентай арулар» атты сайысымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңзға көп — көп рахмет.