Кино тарихындағы 100 үздік фильм
BBC Culture басылымы кинематография тарихындағы 100 үздік фильм тізімін жасады. Бір қызығы, рейтинг голливудтық емес картиналардан құралған.
Әлемнің 43 елінің кино сыншылары қатысқан жұмыс күрделі жүйеде жүргізілген. Бірнеше сатыдан тұратын талдау төмендегідей нәтиже көрсетті.
Акира Куросава «Жеті самурай»
Витторио Де Сики «Велосипед ұрлаушылар»
Ясудзиро Одзу «Токиолық оқиға»
Рейтингті Акира Куросаваның «Жеті самурай» туындысы бастады. Одан кейінгі орындарда Витторио Де Сикидің «Велосипед ұрлаушылар» фильмі мен Ясудзиро Одзудың «Токиолық оқиға» картинасы орналасқан. Алғашқы бестікті Куросаваның «Расемоны» мен Жан Ренуардың «Ойын ережелері» қорытындылады.
Куросава «Расемон»
Жан Ренуар «Ойын ережелері»
Ондыққа қарай қозғалсаңыз, Ингмар Бергманның «Персонасын», Федерико Феллинидің «Сегіз жарымы», Франсуа Трюффоның «400 соққысы» мен Вонг Кар Вайдың «Махаббатқа құмартуын» көре аласыз. Ал, 10-шы болып Феллини шебердің «Тәтті өмірі» тұрақтады.
Ингмар Бергман «Персона»
Федерико Феллини «Сегіз жарым»
Франсуа Трюффо «400 соққы»
Вонг Кар Вай «Махаббатқа құмарту»
Бізге жақын орналасқан елдерден ресейлік Андрей Тарковскийдің туындылары жоғары бағаланған. Оның «Айнасы» 20-шы, ал «Андрей Рублев» картинасы 40-шы сатыда. Одан 9 саты төменде «Сталкер» орналасса, 57-ші болып «Солярис» атауы жазылған.
Андрей Тарковский «Айна»
Андрей Тарковский «Андрей Рублев»
Тізімде соңғы онжылдықта түсірілген кинолардан Асгар Фархадидің «Надер мен Симиннің ажырасуы» атты туындысы мен Михаэль Ханекенің «Махаббаты» бар.