Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Киіз басу технологиясы
Автор: Асхатова Анель Жетекшісі: Утемисова Айнұр
Бағыты: Технология Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: Басқа
Жарияланған уақыты: 2019-01-10
Материал туралы қысқаша түсінік
Киіз басу технологиясы туралы мәлімет беру
Менің баяндаманың тақырыбы:Оригами қағаздан гүлдер жасауЖалпы мақсаты:1.Оригами тәсілі арқылы гүл жасауды меңгерту2.Қағазды бүктеу тәсілдері арқылы, лалагүлін құрастырып үйрену, оның ішінде ең тиімді қарапайым әдісін меңгерту3.Қол икемділігін дамыта отырып, ойын танымдық қабілеттерін арттыру, бейімділігін қалыптастыруКүтілетін нәтижелері: 1.Студенттерге қағаздан гүл түрлерін жасау жолдарын және әдістерін үйрете отырып шеберлік шығармашылық деңгейі арқылы әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету.2.Оқушыларға талғаммен жұмыс жасауға, ептілікке, ұқыптылыққа, өнерді сүюге, талмай еңбек етуге тәрбиелеу.Сабақтың түрі:аралас сабақБағалау критерийлері:1.Топтың шығармашылық жұмыстарын бғалау2.Жеке жұмыстарға баға беру3.Кері байланыс арқылы бағалауҚұндылықтарға баулу:Ынтымақтастық, жауапкершілік, шығармашылықты қалыптаструПәнаралық байланыстар:Бейнелеу өнері, Қазақстан тарихы, Өзін-өзі тануАКТ қолдану дағдылары: Интернет, интерактивті тақта.Ұйымдастыру бөлімі:Оқушылармен амандасып, түгендеп белгілеу.Назарларын сабаққа аударып,керекті құралдарды дайындау.Сергіту сәтіОқушылар ортаға шығып шеңбер жасап, атомдар сияқты қозғалыста болады.Белгілі бір санды айтқанда атомдар молекула кұрайды.Мысалы үш дегенде, үш адам бір-бірінің қолынан ұстап, 3 атомнан тұратын молекула құрайды.Топтастыру:Түрлі-түсті қағаздар арқылы топқа бөлу. Оқушылар өздері таңдап алған түрлі-түсті қағаздар арқылы топқа бөлініп, жұптасып отырады.Өткен сабақты қайталау:Оқытушының қызметі:1.Өткен сабақты «сарғайған күзгі жапырақтарды себетке жинау арқылы» пысықтайық.2.Жапырақшаларға жасырылған сұрақтарға жауап берейік«Менен сұрақ, сенен Өткен сабақты «сарғайған күзгі жапырақтарды себетке жинау арқылы» пысықтайық. Ол үшін жапырақшаларға жасырылған сұрақтарға жауап берейік.1. Оригами дегеніміз не?Қағазды бүктеу арқылы бұйымдар жасауды оригами дейді2. Квиллинг дегеніміз не?Квиллинг қағазды ширату арқылы бұйымдар жасау3. Дизайн дегеніміз не?Дизайн дегеніміз кез келген бұйымның жаңа үлгісін жан-жақты ойластырып, заман талабына сай жасау деген сөз.4. Қағаздың отаны қай ел?Қытай5. Қай ғасырда пайда болды?ҮІІ ғ6. Апликация деген не?Жапсыру арқылы орындалған жұмыстаржауап» әдісіОқушының қызметі:1.Тақырыпты қайталап сұрақтарға «Менен сұрақ, сенен жауап әдісі» арқылы жауап береді.2.Өткен сабақтағы жеке жұмыстарын бағалайдыЖаңа сабақты түсіндіру«Оригами қағаздан гүлдер жасау»Оригами – ежелден келе жатқан қағаздан әр түрлі пішіндер жасау өнері. Бұл қолөнер түрі қағаздың алғашқы отаны, қағаздың алғаш шыққан жері- Қытай мемлекетінен бастау алады.Қолөнердің квиллинг, киригами, оригами, скрапбукинг (ағыл. scrapbooking – «құрақкітап»), папье-маше (фр. papier mâché – шайналған қағаз), аппликация (лат. аpplication – жалғау, жабыстыру) сияқты және тағы басқа түрлері дәл осы қағазға байланысты. Демек мұнда пайдаланылатын негізгі материал – қарапайым қағаз.Практикалық жұмыс Қағазды бүктеу арқылы, яғни оригами техникасы бойынша «қызғалдақ» гүлін құрастырамыз.Гүл1. Түрлі – түсті қағаздарды шаршы пішінді етіп қиып аламыз.2. Қағазды диагональ бойымен бүктейміз.3. Үшбұрышты қағаздың төбесіне қарай екі бүйір қабырғаларын бүктейміз. Содан кейін бүктелген бөлігін қайта кері бүктейміз.4. Бүктелген буынның арасын ашып, суреттегідей қалыпқа келтіреміз.5. Қағаздың кіші ұшын ішке қайырып, қайта бүктеуіміз керек.6. Ендігі де бүктелген бөліктерді желімдеп, қосамыз.7. Осы бөліктерді бір – бірімен желімдеп, әдемі гүл шығарамыз. Жұмыс аяқталды.
Сергіту сәтіҚолымызды жаяйық,Әдемі гүлге ұқсайықБір жабылып, ашылып,Орнымызға қонайық. «Адасқан әріптер» Ретсіз орналасқан әріптерден термин, мағыналы сөз құрауОригами ————— имирогаДизайн —————— йаздинФлористика —— фаткалроисАпликация ——— аялкипацаКоллаж —————— олжаклквиллинг ———— нигклвлиБағалауРефлексия«Бағдаршам» әдісі Сабақтан алған әсерлерін төмендегі түстер арқылы көрсету: Жасыл түс – сабақтан жаңа идеялар байқадым. Сары түс – жаңа сабаққа көңілім толды. Қызыл түс – бүгінгі сабақ сезіміме ерекше әсер етті