Киімдегі кофе дағын кетіру тәсілдері

0
Халқымыздың қымыз бен қара шәймен қатар таңертең кофе ішетін әдеті бар. Әсіресе жұмыста сергек жүргенді ұнататын қала тұрғындары жоқ емес. Бұл сусын бойға ерекше күш-қуат беріп, ұйқыны ашуға көмектеседі. Денсаулыққа зиян тигізетін тұстары да жоқ емес. Алайда біздің айтайын деп отырғанымыз бұл емес…

Таңертең оятқыштың шырылдағанын естімей, артынша кешігеміз деп төсектен асыға тұрып, жиналып жүріп байқамай кофе төгіп алатын әдеміз бар. Ол өзінен кейін дақ қалдырады. Киімнен ол дақты қалай кетіруге болады? Сол туралы сөз қозғайық.

Кофе дағын кетіруге көмектесетін әсерлі тәсілдер

Қандай да бір тәсілді пайдаланбас бұрын үстіңізге төгілген кофені құрғақ шүберекпен сүртіп жіберіңіз. Киім матасына аз сіңген кофені де кетіру оңай болады.

Дақты шетке қаратылған бағытта емес, бір орталыққа жинаған жөн. Артынша ластанған аймақты суық сумен жуыңыз. Дақтың көлемі азайып, түсі кетеді. Енді оларды кетіру оңайға соғады. Бар болғаны төмендегі тәсілдерді дұрыс пайдаланыңыз.

1. Мүсәтір немесе скипидар. Ыдыстың ішіне 1:1 болатындай етіп мүсәтір мен скипидарды араластырыңыз. Оны мақтаға жағып, дақты өңдеңіз. Бұдан кейін киімді сабынның көмегімен жуыңыз. Кофе мақта матаға төгілген жағдайда оны жуған соң күн көзіне іліп қойыңыз.

2. Қайнатылған тұз немесе глицерин. Мұны да бірге араластырып, дақтың үстіне жаққан соң бірнеше минутқа қалдырыңыз. Кофе дағын кетіріп, оны толығымен жууыңызға болады.

3. Сабын мен қайнаған су. Дақты сабын көпіріндісімен өңдеңіз және жуыңыз. Бұдан кейін суды қатты қайнатып, дақтың үстіне құйыңыз. Бұл әдіс тек зығыр матаға жарайтынын айтқымыз келеді.

4. Мүсәтір спирт. Стақанға су құйып, бір ас қасық мүсәтір спиртін қосыңыз. Дайын болған қоспамен дақтың үстін жуыңыз.

5. Глицерин. Бұл тәсіл түрлі-түсті киімге арналған. Глицеринді жылытып, дақтың үстіне жаққан соң 30 минут күтіңіз. Уақыт мәресіне жеткенде жылы сумен жуыңыз.

6. Сабын көпіріндісі мен мүсәтір спирті. Бұл тәсіл жібек және жүн матаға арналған. 1 литр суға 5 ас қасық мүсәтір спиртін құйыңыз. Дақты кетіруге арналған қоспаңыз дайын.

Ал сіз бұдан өзге қандай тәсілдерді білесіз?