Кеуде қуысының зақымдалуында пайда болатын негізгі клиникалық синдромдар (Пневмоторакс)
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы
Хирургиялық пәндер кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: Кеуде қуысының зақымдалуында пайда болатын негізгі клиникалық синдромдар (Пневмоторакс)
Орындаған: Абдихани Д.С.
Тобы: 310А ЖМ
Қабылдаған: Рамазанов Ж.А.
Шымкент 2018
Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім:
* Пневмоторакс
* Жіктелуі
* Себептері
* Диагностикасы
* Алғашқы көмек
* Емдеу
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Плевра қуысы — өкпенің сыртқы бетінің және кеуде қуысының ішкі бетінің арасындағы кеңістік. Әдетте, бұл өте жұқа қуыстар, оларда сұйықтықтың аздаған мөлшері бар.
Пневмоторакс — өкпенің плевралық қуысында ауаның немесе газдың жиналуы (оттегі, көмір қышқыл газы). Ауаның мұндай жиналуы өкпеге қысым түсіруге апарады, нәтижесінде ағза тыныс алған кезде қалыпты жағдайда болатындай кеңейе алмайды.
Пневмоторакс — бұл өкпе мен кеуде қабырғасының арасындағы плевра қуысында ауаның болуы. Бұл кезде өкпенің ішкі бөлігінен өкпе мен кеуде қуысы арасындағы кеңістікке ауаның өтуі орын алады, ол өкпенің немесе кеуде қабырғасының зақымдануы нәтижесінде пайда болады. Мұндай үрдіс өкпенің коллапсына (түсуіне) апаруы мүмкін.
Пневмоторакс түрлері
oo Шектелген пневмоторакс кезінде өкпенің 13 бөлігінен аз көлемі бүрісіп кішірейуі.
oo Орташа пневмоторакс — өкпенің 13 -нен 12 бөлігіндей көлемі бүрісіп кішірейеді.
oo Тұтас пневмоторакста өкпе қалыпты көлемінің тек жартысындай ғана болады немесе толығымен бүрісіп кішірейіп қалады.
Жіктемесі
oo Түрлеріне қарай
1. Ашық пневмоторакс.
2. Жабық пневмоторакс.
3. Күштемелі (клапанды) пневмоторакс.
oo Шығу тегіне қарай
1. Біріншілік — өкпе ауруларының клиникалық көрінісінсіз. Жиі бойы ұзын, 20 — 40 жас шамасындағы ер адамдарда кездеседі. Темекі тарту 22 есе қауіп төндіреді.
2. Екіншілік — өкпе ауруларының фонында туындайды.
oo Таралуына байланысты
1. Жайылған;
2. Жергілікті.
oo Асқынудың бар-жоғына байланысты
1. Асқынбаған;
2. Асқынған (қан кету, плеврит, медиастинальді эмфизема).
Себептері
Бұл жағдай адамның кеуде қуысына оқ немесе пышақ тигенде, қабырға зақымданғанда немесе хирургиялық араласу кезінде байқалады.
Өкпе коллапсының пайда болу қаупі өкпенің келесі ауруларында артады:
oo Астма
oo ХОБЛ (өкпенің созылмалы обструктивті ауруы)
oo Муковисцидоз (тұқым қуалайтын ауру)
oo Туберкулез
oo Көкжөтел
Сирек жағдайда өкпенің ішінара коллапсы себепсіз өтеді. Бұл жағдайда плевраның және өкпенің тұтастығының кенеттен бұзылуы, ауаның өкпеден плевра қуысына өтуі байқалады. Бойы ұзын, арық адамдарда, сондай-ақ, темекі шегетін адамдарда өкпенің ішінара коллапсы жиірек кездеседі.
Қауіп-қатерлі факторлар
oo өкпе туберкулезі;
oo туа пайда болған поликистоз;
oo бронхоэктаздық ауру;
oo өкпенің іріңді аурулары;
oo өкпенің созылмалы обструктивті ауруы;
oo астматикалық статус;
oo ЖИТС;
oo қатерлі ісіктер;
oo темекі шегу.
Симптомдары
:: Аурудың жиі кездесетін симптомдары:
oo Кеудедегі жіті ауырсыну, терең тыныс алғанда немесе жөтелгенде күшейеді
oo Ентігу
:: Таралған пневмоторакстың (өкпенің маңындағы үлкен бөлікті қамтитын пневмоторакс) күрделі симптомдары болады:
oo Қандағы оттегінің жеткіліксіздігі салдарынан терінің көкшілденуі (цианоз)
oo Кеуденің қысылу сезімі
oo Шаршау
oo Жүрек соғуының жиілеуі
:: өкпенің ішінара коллапсы кезінде пайда болуы мүмкін басқа симптомдар:
oo Мұрын ұшының кеңеюі
Жабық пневмоторакс
Бұл кезде плевралық қуыс сыртқы ортамен байланыспайды жəне жарақат кезіндегі өткен ауа көлемі көкірек экскурсиясында өзгермейді.
Ашық пневмоторакс
Бұл жағдайда плевралық қуыс сыртқы ортамен байланыста болады. Дем алу кезінде плевралық қуысқа ауа қосымша кіріп тұрады, ал дем шығару кезінде сол көлем қайта шығады. Ашық пневмоторакс кезінде плевралық қуысқа ауа жиналуы болмайды. Бұл жағдайда пародоксальды тыныс пайда болады дем алу кезінде жарақат болған жақтағы өкпе бүрісіп кішірейеді, ал дем шығарғанда керіледі. Мұндай кезде ауаның өкпеде маятник тəрізді жылжуы болады, дем алу кезінде жарақат болған жақтағы ауа сау өкпеге өтеді, ол дем шығарғанда қайтадан сау өкпеден жарақаттанған өкпеге өтеді. Плевраішілік қысымның өзгеріп көкірекортаның флотациялануын туындатады.
Клапаншалы пневмоторакс
А) Сыртқа дем шығару кезінде плевра қуысының сыртқы ортамен байланысуы азаяды жəне мүлдем тоқтайды, өйткені аралық қақпақша тəрізді жауып қалады. Əр дем алған сайын плевралық қуысқа ауа көбірек кіреді, ал дем шығарғанда аз шығады. … жалғасы