Кетоз ауруын балау | Скачать Дипломдық жұмыс
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Садуақас М.Ж.
Өнімді малдардың зат алмасу ауруларына қарсы қылқан жапырақты қоспаны қолданудың емдік тиімділігі
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Мамандығы: 5В120100 — Ветеринариялық медицина
Алматы 2018
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Ветеринария факультеті
Клиникалық ветеринариялық медицина кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Өнімді малдардың зат алмасу ауруларына қарсы қылқан жапырақты қоспаны қолданудың емдік тиімділігі
Беттер саны 54
Сызбалар мен көрнекті
материалдар саны 15
Орындаған: 5В120100-Ветеринариялық медицина мамандығының күндізгі оқу бөлімінің 502 топ студенті Садуақас Мадина Жақсылыққызы
2018ж. 19 мамырда қорғауға жіберілді.
Кафедра меңгерушісі, профессор ______________ Заманбеков Н.А.
Жетекшісі, профессор ______________________ Сиябеков С.Т.
Норма бақылау, в.ғ.к., қауым.профессор _________ Ибажанова А.С
Сарапшы в.ғ.магистрі _______________ Байкутова А.Ж.
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Ветеринария факультеті
Мамандығы — 5В120100 Ветеринариялық медицина
Клиникалық ветеринариялық медицина кафедрасы
Дипломдық жұмысты орындау
ТАПСЫРМАСЫ
Студент Садуақас М.Ж.
Жұмыс тақырыбы: Өнімді малдардың зат алмасу ауруларына қарсы қылқан жапырақты қоспаны қолданудың емдік тиімділігі
Университет бойынша 2017 ж 14 қараша №550-К бұйрығымен бекітілген
Дайын жұмысты тапсыру мерзімі 2018 ж 02 маусым
Жұмыстың бастапқы деректері:
Қан сарысулары жайлы деректер, әдістемелік құралдары, жұмысқа қажетті химиялық реактивтер, зертханалық жануарлар және қажетті құрал — жабдықтар.
Дипломдық жұмыста қарастырылатын сұрақтардың тізімі:
1. Шаруашылыққа сипаттама
2. Жұмыстың өзекті мәселелері және тәжірибелік маңыздылығын ашу
3. Қолданатын материалдар мен әдістерді меңгеру
4. Қарастырылып отырған мәселенің қазіргі ахуалын бағалау
5. Өзіндік зерттеу жұмыстарының нәтижелері және оны талдау
6. Зерттеудің нәтижелерін талдау
7. Кетоз ауруын емдеу кезіндегі ветеринарлық шаралардың экономикалық тиімділігін есептеу
8. Қорытындылар енгізу
9. Тәжірибелік ұсыныстар енгізу
10. Пайдаланылған әдебиеттер тізімін дайындау
11. Графикалық материалдардың тізімі (қажетті жағдайда)
Дипломдық жұмысты орындау барысында 6 кесте дайындау
Ұсынылатын негізгі әдебиеттер:
1. Колесова А.М. Эндемические болезни животных. М., Колос, 1968
Коршаков П.Н. О кормовых особенностях гороха. Зернобобовые культуры, № 12, 1958.
2. Кабыш А.А. Кетоз к.р.с. на почве недостатка микроэлементов. Южно-Уральское книжное издательство. 1967.
3.Зайцев В.П., Свердлов М.С. Охрана труда в животноводстве М., Колос, 1981.
4. Обжорин Н.З. Некоторые вопросы патогенеза и патогенетическая терапия алиментарной остеодистрофии. Воронеж, 1962. Природы и закон. Сборник нормативных актов по охране природы. Алма-Ата, Қайнар, 1984.
Жұмыстың арнайы тараулары бойынша кеңесшілері
Тарау
Кеңесші
Мерзімі
Қолы
Кіріспе
Абеуов Х.А.
Қазан 2017
Негізгі бөлім
Казиев Ж.І.
Наурыз 2017
Еңбекті қорғау және экология мәселелері
Ибишов Ө.Ш
Экономикалық тиімділік
Бекенова Г.Ы
Кафедра меңгерушісі, профессор ________________ Заманбеков Н.А.
Жетекшісі, профессор __________________ Сиябеков С.Т.
Тапсырманы орындауға
қабылдадым, студент ________________ Садуақас М.Ж.
Дипломдық жұмысты орындау
КЕСТЕСІ
Рет саны
Тараулар және қарастырылатын
сұрақтар тізімі
Жетекшіге ұсыну мерзімі
Ескертулер
1
Кіріспе
15.09.2017ж.
орындалды
2
Әдебиетке шолу
28.10.2017ж.
орындалды
3
Өзіндік зерттеулер
3.1
Зерттеу әдістерін меңгеру
22.12.2017ж.
орындалды
3.2
Ауру малға тәжірибе қою
09.03.-05.04.2017ж.
орындалды
3.3
Зерттеу материалдарын талдау
14.04.2018ж.
орындалды
3.4
Экономикалық тиімділікті есептеу
28.04.2018ж.
орындалды
4
Қорытындылар мен ұсыныстар
05.05.2016ж.
орындалды
5
Кафедра мәжілісінде қорғау
09.05.2016ж.
орындалды
Кафедра меңгерушісі, профессор __________ Заманбеков Н.А.
Жетекшісі, профессор _________ Сиябеков С.Т.
Тапсырманы орындауға
қабылдадым, студент __________________ Садуақас М.Ж.
МАЗМҰНЫ
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР … … … … … … . … … … … … … … … … … … … … … . 7
АНЫҚТАМАЛАР … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … .. 8
БЕЛГІЛЕНУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР … … … … … … … … … … … … … … … … … 9
1 КІРІСПЕ … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … 10
0.1 Жұмыстың өзекті мәселелері және тәжірибелік маңызы
0.2 Дипломдық жұмыстың орындау мерзімі және тәжірибелік базасы,мақсаты
мен міндеттері
1 ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ … … … … … … … … … … … … … … … … .. 12
2.2 Қарастырылып отырған мәселенің қазіргі ахуалын бағалау … … … … … … 12
2.2.1 Кетоз ауруы жайында мағлұматтар … … … … … … … … … … … … … … … … . 13
2.2.2 Кетоз ауруының негізгі себептері … … … … … … .. … … … … … … … … … … .. 14
2.2.3 Кетоз ауруының клиникалық белгілері … … … … … … .. … … … … … … … … 16
3 НЕГІЗГІ БӨЛІМ … … … … … … … .. … … … … … … … … … … … … … … … … … 35
3.1 Зерттеудің материалдары мен әдістері … … … … … … … … … … … … … … … 35
3.2 Зерттеудің нәтижелері … … … … … … . … … … … … … … … … … … … … … … .. 37
3.2.1 Зерттеу материалдары және қолданылған әдістемелік тәсілдер … … … … .. 43
3.3 Кетоз ауруынан емдеу кезіндегі ветеринариялық шаралардың
экономикалық тиімділігі … … … … … … . … … … … … … … … … … … … … … . 46
4 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ … … … … … … . … 50
5 ҚОРЫТЫНДЫЛАР … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … 53
6 ТӘЖІРИБЕЛІК ҰСЫНЫСТАР … … … … … … .. … … … … … … … … … … … .. 54
7 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ … … … … … … … . … … … … … 55
8 ҚОСЫМШАЛАР
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Бұл дипломдық жұмыста төмендегідей стандарттарға сілтемелер жасалды
МСТ 24104 Лаборатоиялық таразылар
МСТ 25336 Конустық колбалар Ки-2-100 ТХС
МСТ 25336 Воронкалар В — 56 75- — 80 ХС
ТШ ОСТ 25-6 Дистильденген су
МСТ 381-69 Термометр
МСТ 27583 Лабораториялық шыны ыдыстар
МСТ 25336 Шыны стақандар
МСТ 9284-75 Микроскоптарға арналған заттық шыны
МСТ 20292 Сиымдылығы 100,200,1000 мл колбалар
МСТ 20292-74Е Шыны пипеткалар
МСТ 25336 Стақандар В — 1 — 250 ТС
ТШ 480-11-10-73 Шыныға жазатын қарындаш
МСТ 3164 Медициналық вазелин майы
МСТ 5962-67 Этил спирті 96 %-ды ректификацияланған
МСТ 6672-59 18х18 мм көлемді жабынды шыны
МСТ 6894 Глицерин
АНЫҚТАМАЛАР
Бұл дипломдық жұмыста төмендегідей анықтамалар жасалды
Кетоз (Ketosis) — организмде кетон денешіктерінің жиналуымен, гипофизорлы — бүйрек үсті безі жүйелері, қалқанша бездердің, бауырдың, жүректің, бүйректердің және басқада ағзалардың зақымдануымен сипатталатын ауру.
Стаккато-нұқу әдісі, ағзалардағы өзгерістерді анықтау үшін қолданады.
Легатто-нұқу әдісі, ішкі ағзалардың топографиясын анықтау үшін қолданады.
Резистенттілік — организмнің жағымсыз сыртқы орта факторларына қарсы төзімділігі.
Иммуностимуляция — биоактивті заттарды қолдана отырып организмнің иммундық жағдайын реттеу, өсіп-көбею функциясын және өнімділік көрсеткіштерін арттыру.
Авитаминоз — ( лат. а жоқ және vita — тіршілік, өмір) мал организмінде витаминдердің ұзақ уақыт жетіспеуінен болатын дерт.
Анамнез( грек. anamnesis — еске түсіру) — ауру жайлы мәлімет. Ауырған малды емдеу, сауықтыру мақсатында алдын ала жиналатын мәліметтер.
Остеопороз — сүйек ұлпасының селдіреуі.
Остеомаляция — сүйектің жұмсаруы.
Остеолизис — сүйектің уатылуы.
Остеофиброз — сүйекте фиброзды ұлпаның өсуі.
Остеосклероз — сүйектің қатаюы.
Антигендер — (грек. anti — қарама-қарсы және genes тек, туыс) — жоғары молекулалы қосылыс, организмге енген жағдайда иммундық жауап пайда болады.
Антитела(иммундық денешік, иммуноглобулиндар) — организмде антиген әсерінен пайда болатын әртүрлі кластағы иммуноглобулиндер.
қажетті әр түрлі химиялық табиғи қосылыстардың органикалық тобы.
Витамин Е — күшті антитоксидант.
Гемолиз (грек. gaima — қан және lisis — ыдырау) эритроциттердің ыдырап, одан гемоглобиннің бөліну процесі. Физиологиялық гемолиз организмде үздіксіз өтіп тұрады.
Гиперемия (грек. gyper — қалыптан тыс, көп және їaima — қан) -тіндерде немесе мүшелерде қанның көбеюі.
Экзогенді факторлар — сыртқы факторлар.
Эндогенді факторлар — ішкі факторлар.
Пальпация — сипау.
Перкуссия — нұқу.
Аускультация — тыңдау.
Термометрия — дене қызуын өлшеу.
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
Бұл дипломдық жұмыста төмендегідей белгілеулер мен қысқартулар жасалды
гл — грамм-литр
мгмл — миллиграмм-миллилитр
М+-m — орта арифметикалық көрсеткіш
Р — нәтиженің шынайылығы
n — зерттеу үшін алынған малдың және сынама саны.
ТМД — тәуелсіз мемлекеттер достастығы
ГГТП — гаммаглутамилтранспеттидаза
ПЭГ — полиэтиленгликол
ЭШЖ — эритроциттердің шөгу жылдамдығы
КБР — комплементті байланыстыру реакциясы
Ig — иммуноглобулиндер
α — глобулиндер- альфаглобулиндер
β — глобулиндер — беттаглобулиндер
γ- глобулиндер — гаммаглобулиндер
ФЭК — фотоэлектрокалориметр
АГ коэфициент — альбуминді-глобулиндік коэфициент
І. КІРІСПЕ
1.1. Тақырыптың өзектілігі мен тәжірбиелік маңыздығы.Егеменді ел болғалы да біршама уақыт өткенімен мал басы, оның ішінде ірі қара мал саны өспей отыр. Бүгінде республикада мал саны небәрі 6 млн ғана. Мал басы көбінесе шаруа қожалықтары мен жеке кооперативтерде шоғырланған. Ірі қара мал басының бұлай өспеуінің себебі төлдер арасында жиі кездесетін жұқпалы және жұқпалы емес аурулар себепкер болып отыр.Республикамызда ірі қара шаруашылығы мал шаруашылығының дәстүрлі және негізгі саласы болып табылады.Ірі қара малы өнімділігін арттырудың басты жолы — мал басын көбейту десек, одан алынатын төлді аман сақтау маңызды болады.
1.2. Дипломдық жұмыстың орындау мерзімі және тәжірибелік базасы,мақсаты мен міндеттері
Дипломдық жұмыстың орындалуы Алматы облысы, Талғар ауданы, Арқабай мекенінде орналасқан Байсерке-Агро серіктестігінде жүргізілді. Сауынды сиырлар жоспарлы диспансеризациядан өткізгеннен кейін Кетоз ауруына шалдыққан малдарды іріктеп алып осы шаруашылықта балау, емдік және алдын алу шаралар ұйымдастырылды. Лабораториялық зерттеулер ветеринариялық лабораторияларда және Клиникалық ветеринариялық медицина кафедрасының зертханасында жүргізілді.
Дипломдық жұмыстың көлемі және құрлымы арнайы нұсқаулар арқылы реттеліп жазылды. Жұмыс 61 беттен баяндалған онда кіріспе, негізгі бөлім, зерттеу нәтижелерін талқылау, қорытындылар, тәжірибелік ұсыныстар және пайдаланған әдебиеттер тізімі бойынша тараулармен көрсетіген.
Дипломдық жұмыс суреттер және кестелермен өрнектелген.
Зерттеулердің мақсаты мен міндеттері
Алматы облысы, Талғар ауданы, Арқабай мекенінде орналасқан Байсерке-Агро серіктестігіндесауынды сиырлар арасында төлдегеннен кейін энергетикалық заттардың жетіспеушілік салдарынан зат алмасу құбылысы бұзылып кетонды денелердің қанда, несепте және сүт құрамында көбейіп кетеді,сондықтан сауынды сиырлар арасында жиі кездеседі, солардың бірі сиырлардың арасындағы кетоз ауруының таралуы. Кетозбен ауырған сиырлардыңклиникалық, морфологиялық, иммунологиялық динамикасы және балау, алдын алу шаралары оқылып зерттелінеді.
Зерттеу нәтижесі бойынша ауруды емдеу үшін энергетикалық қоспаныныңемдік тиімділігі және қолдану әдіс жолға қойылынады.
Зерттеудің мақсаты және негізгі міндеттері
Ғылыми-зерттеу жұмысымыздың мақсаты кетозбен ауырған сиырлардың клиникалық, морфо-биохимиялық,алдын алу шараларын зерттеу және энергетикалық қоспаның емдік тиімділік әсерін, қолданудың тиімді жолдарын анықтау.
Осы мақсаттарға сәйкес біздер алдымызға төмендегідей міндеттерді қойдық:
1. Кетозбен ауырған сиырларды клиникалық және зертханалық көрсеткіштері бойынша іріктеп алу.
2. Кетозбен ауырған сиырлардың қанының морфо-биохимиялық көрсеткіштерін зерттеу.
3. Кетозды емдеу барысындағы қолданылған энергетикалық қоспаның
тиімділік әсерін анықтау.
4. Энергетикалық қоспаның сауын сиырлардың өнімділік көрсеткіштеріне тигізетін әсерін анықтау.
2 ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
2.1 Кетоз аурулары жайында мағлұматтар.
Кетоз (Ketosis) — организмде кетон денешіктерінің жиналуымен, гипофизорлы — бүйрек үсті безі жүйелері, қалқанша бездердің, бауырдың, жүректің, бүйректердің және басқада ағзалардың зақымдануымен сипатталатын ауру [1].Кетоз сауын сиырларда, көп төл беретін саулықтарда және басқада күйіс малдарында кездеседі.
Кетоздар (ketosis, ацетонемия) — ұлпаларда глюкоза мен глюкопластикалық аминқышқылдарының тапшылығымен және кетопластикалық қосылыстардың шамадан тыс мол болуымен сипатталатын зат алмасуының бұзылуы.
Кетоздар біріншілік және екіншілік болып бөлінеді.
Біріншілік кетоздар — дербес аурулар, көбінесе күйіс қайыратын жануарларда әсіресе сүтті сиырларда, өсімтал қойларда, сирегірек шошқада, құста және терісі бағалы аңда кездеседі [2].
Екіншілік кетоздар — ас қорытудың бұзылуымен көрінетін аурулар негізінде туындайды.
2.2 Кетоз ауруының этиологиясы мен патогенезі.
Біріншілік кетоздардың себебі алуан түрлі. Негізінде рационда қант — протеин арақатынасының бұзылуы, көмірсудан ашығу, глюкопластикалық азықтың тапшылығы, кетопластикалық аминқышқылдарының, микроэлементтердің, холиннің және В12 дәруменінің шамадан тыс мол болуы. Шектен тыс көп сауу, шектелген мацион, бағып ұстаудағы кемшіліктер себепші факторларға жатады.
Кетоздар патогенезінің негізіне заттар алмасуының ауытқуы жатады, бауырдағы глюкогенез жұмсалатын глюкозаның орнын толтыра алмайды [3]. Бұл тапшылықты жабуда кетопастикалық қосылыстардың, соның ішінде май қорындағы май қышқылдарының ролі артады. Oсының нәтижесінде олардың қанындағы мөлшері артып, паренхималық мүшелерде, әсіресе бауырда майлану игфильтрациясы дамиды. Көмірсудың тапшылығынан майлар толығымен тұтанбайды, осы себепті көп мөлшерде шала тоттыққан өнімдер, әсіресе кетондық денелер пайда болады. Соңғылары глюкозаның түзілуін тежейді. Кетон денешіктері шектен тыс түзілгенде гликолиз процесі пирожүзім, сүт және т.б органикалық қышқылдардың жинақталуымен жүзеге асады [4]. Oсы себепті аденозинүшфосфорлы қышқыл аз мөлшерде түзілді де, ацидоз күшейеді, тотығу орын толтыру процестері бәсеңдейді, кешенді құрылымдар ыдырайды, ал осының негізінде ферментопатия, тіршілікке маңызды мүшелердің дистрофиясы, гормоналды және жүйке жүйелері қызметінің бұзылуы туындайды.
Жүрек пен тыныс алу мүшелерінің қызметі күрт нашарлауымен мал өледі. Aуру созылмалы өткенде ұлпалық протеин мен май энергиясының негізгі көзі ретінде жұмсалып, мал жүдейді.
Біріншілік кетоз жіті өткенде (сіресе құнажында) малдың қоңдылығы орташа немесе орташадан жоғары болады, май қарында май көп жиналады. Қаңқа бұлшық еттерінің тығыздылығы жұмсарады жұмсарады, түсі бозарады,аралық ұлпада май көп болады. Бауыр көлемі ұлғаяды (кейде 1,5-2 есе) тығыздылығы болбыр, түсі сарғыш — қызғылт, тілік беті майлы [5].
Бүйректер көлемі үлкейді, қабаттар шекарасы айқын көрінбейді, қыртысты қабаты сарғыш түсті, милы қабатта қан тамырларды қанмен кернеледі. Эпикард астында тәждік қан тамырларды бойлай көп мөлшерде май жиналады. Миокард болбыр, бозғылт, жүрек қарыншалары миогенді кеңейген. Лимфалық түйіндер аздап ұлғайған, сұрғылт түсті, тілік беті ылғалды. Көкбауыр айтарлықтай өзгермейді. Қарыншалардағы, әсіресе қатпаршақ қарындағы азық құрғақ әрі нығыз. Ұлтабар мен ішектің кілегейлі қабықтары аздап ісінген, қызарған.Бүйрекүсті бездің қыртысты қабаты қалыңдайды, түсі сұрғылт — сарғыш болды.
Кетоз созылмалы өтсе — түк жабыны табиғи жылтырлығынан айырылып, көмескіленеді. Тұяқтар және мүйіздер негізі маңындағы маңдай сүйегі майысып жұмсарады. Мұндай жануарлардың қондылығы қанағаттанарлықтай немесе орташа төмен, ал өлген малдардікі — нашар болады. Бауыр көлемі бір жағдайда ұлғаяды, тығыздығы болбыр, түсі сарғыш — қызғылт тартады, ал басқа кезде әдеттегі көлемде болады немесе кішірейеді, нығызданады, түсі жұпар жаңғағына ұқсайды. Бүйректер дистрофия және іркіледі гиперемия күйінде. Эпикард астында май жиналған, жүрек еті сұрғылт түсті, онда көптеген майлану ошақтары бар, ал эндокардта склезроз ошақтары сұрғылт дақтар түрінде көрінеді [6].
Aяқ қол буындары жуандаған, құйрық омыртқалары жіңішкерген, бір бірімен біріккен жерінде бұдырлы, жұмсарған, жігінен ауытқыған. Сүйектердің әр жерінде шеміршек ұлпасы тым қалыңдап кеткен.
Бел омыртқасы ішке қарай майысқан. Түтікті сүйектер жұмсарған, эпифиздерінің пішіні өзгерген, кортикалды қабаты жұқарған.
Жарамсыздыққа шығарылған семіз бедеу жануарлардың аналық бездерінде үнемі өзгерістер анықталады. Бір жағдайда олар нығыздалады, ал кейде — онда көптеген кисталары пайда болды [7]. Сирек жағдайда туу жолдарының бартолий бездері аумағында киста тәрізді құрылымдарды, жатыр мойынының қатайып, жатыр мүйіздерінің болбырағанын көруге болады.
Aуру ұзаққа созылғанда қалқанша бездің салмағы төмендейді, онда атрофиялық өзгерістермен қатар интерститциялық фиброз байқалады.
Микроскопиялық өзгерістер. Кетозға тән және тұрақты өзгерістер бауырда болады. Диффузды майлану инфильтрациясы көмірсулық және түйірлі дистрофиямен бірге қосақтапсып жүреді. Мұнда митохондриялар ісінеді, гранулалық қабат цистерналары кеңейеді, тегіс цитоплазмалық тор цистерналар саны көбейеді, олар көпіршіктенеді. Созылмалы кетозда бауырда қан тамырлық өзгерістерден басқа гепатоциттердің дистрофиялық майлануы, түйірлі дистрофиясы, некробиозы байқалады.
Тұрақты белгі ретінде мононуклеарлы — макрофагалды жүйе торшаларының пролиферациясы, ретикуляры және лимфоидты торшалардан тұратын шоғырларды немесе түйіншектерді атап өтуге болады [8].
Aуру жіті өткенде бүйректің тік түтікшелерінің торшалары майлану инфильтрациясы мен түйірлі дистрофияға шалдығады. Түтікшелер эпителиінде аз мөлшерде гликоген анықталады.
Созылмалы кетозда гломерулонефрит, ирек түтікшелер эпителиінің коагуляциялық некрозы, әк тұздарының шөгуі байқалады. Мұндайда үнемі ретикулярлы және лимфоидты торшалардан тұратын ошақты инфильтраттар, қабық пен шумақтардың склерозы және гиалинозы анықталады.
Кетоздың жіті түрінде нейрондардың жаппай хроматолизі және нейронофагия құбылыс түрінде көрінетін интракардиалды жүйке жүйесінің ауыр зақымданулары назар аудартады. Жүйке талшықтары жуандайды, бөлшектенеді, ал Пуркинье талшықтарында майға оң боялатын көптеген вакуолдер табылады.
Қарыншалар миокардында қан тамырлық бүлінулер мен дистрофиялық өзгерістер анықталады: май басу, майлану және түйірлі дистрофия, ет талшықтарының атрофиясы. Тура осындай өзгерістер қаңқа бұлшық еттерінде де байқалады [9].
Этиологиясы. Сиырлар кетозы — полиэтиологиялық ауруға жатады. Пайда болуында негізгі рольді қарқынды лактация кезінде энергия жетіспеуі, белокпен шектен тыс азықтандыру, құрамында май қышқылы бар азықтар беру алады. Aуру туғаннан кейін 6-10 апта өткеннен соң пайда болады, ал бұл кезде сүттің түзілуіне өте көп энергетикалық материал қажет болады.
Кетоз басымырақ жоғары концентратты азықтандыру, рационда ұзын сабақты пішен жетіспегеннен, мес қарында ас қорыту бұзылып, ауру туындайтын шаруашылықтарда кездеседі. Көп жағдайда сиырлар мен басқа күйіс қайыратын малдарда кетоздың негізгі себебі — олардың құрамында май, сірке қышқылдары бар (сүрлем, пішендеме, жом, сығынды, барда) сапасыз азықтармен азықтандыру жатады. Кетозға мүмкіндік туғызатын себептерге семіру, қимылдың аздығы (гиподинамия), күн сәулесінің және аэрацияның жетіспеуі жатады.
Дамуы. Күйіс қайыратын малдардың кетозға бейімділігі оларда мес қарындағы ас қорытуға байланысты болады, организмге глюкоза түрінде келіп түскен көмірсулар, ұшпалы май қышқылдарынан аммиактың пайда болған көптеген мөлшері қанға сіңуі мүмкін. Мес қарында бактериальді ферментациядан азықтық қанты мен крахмалы толық, ал клетчатка жартылай ыдырайды. Көмірсулардың ыдырау өніміне ұшпалы май қышқылдары жатады: сірке, пропион, май ж.т.б. Бұл қышқылдар мес қарында белоктың ыдырауынан және түзілуінен пайда болуы мүмкін. Қалыпты рационда мес қарында ұшпалы май қышқылдарының қатынасы мынандай:сірке 65%, 20% — пропионды және 15 % май қышқылдары, ал егерде азықтандыру жағдайын өзгертсе, бұл қатынастар өзгереді [10]. Сиырларда асқазан жолдарынан сорылғандықтан 10 нан 20 % дейін ұшпалы май қышқылдарының (пропионат) гликогенезінен және белоксыз заттар (лактат, пирувит) — 30-60 %, ал белоктар мен аминқышқылдарынан 25-30 % глюкозаның орнын толтырады.
Күйіс қайыратын малдар үшін гликогенез организмге глюкозаның келіп түсуінің маңызды жолы болғанымен ұшпалы май қышқылдарынан айқын гликогенді тиімділікке пропион қышқылы ие. Сірке қышқылы гликогенді қасиетке ие емес, оны мес қарынға енгізгенмен қанда глюкоза көбеймейді. Май қышқылы кетогенді қасиетке ие. Oрганизмге тиісті мөлшерде пропион қышқылы келіп түспеуінен және шектен тыс май және сірке қышқылы келуінен кетогенездің ұлғаю жағдайы күшейеді.
Күйіс қайыратын малдардың организмде кетонды денелердің көбеюі ұлтабаралды қарындардың қанға аммиактың көп мөлшері келуінен, ал ол трикарбон қышқылдары циклын тежейді, альфа-кетоглутар қышқылын байланыстырады. Сиырлар рационында қарқынды лактация кезінде организмге пропионат пен глюкоза жетіспегеннен шавелсірке қышқылы қайта түзілуі тежеледі, сол себепті трикарбон циклы реакциясы тежелінеді [11].
Глюкоза жетіспегенде гликогенез негізінен майлардың (липидтердің) ыдырауынан күшейеді, ал онан бос май қышқылдары көптен пайда болады, ал олардан кетон денешіктері түзіледі.
Малдардың рационында құрама жемдершектен тыс көп болса, онда мес қарындағы ас қорытудың бұзылуына әкеліп соғады, мес қарын жынында рН өзгереді, ұшпалы май қышқылдарының тепе-теңдігі бұзылады, қанға көптеп май қышқылы аммиак, кетогенді амин қышқылдары келіп түседі, ал гликопластикалық заттар жетіспейді. Aммиактың шектен тыс көбеюінен жоғарғы жүйке жүйесінің, эндокринді ағзалардың, бауырдың, жүректің қызметтері бұзылады, трикарбон қышқылдары циклының реакциясы үзіледі, шавельсірке қышқылының түзілу процесі басылады.
Шектен тыс белокты азықтандырудан организмде кетогенді аминқышқылдардан (лейцин, фенилаланин, тирозин, триптофан, лизин) бос ацетонсірке қышқылы түзіледі [12]. Oрганизмге сапасыз азыықтармен шектен тыс май қышқылы келіп түскенде утильдеу процесі кезінде онан бета-оксимай, ацетосірке қышқылдары және ацетон пайда болады.
Кетогенез азықпен бірге сірке қыышқылының көп мөлшері келіп түскеннен күшейеді. Oны утильдеуге сүттің майы басқада қажетті белгілі мөлшерде гликогенді заттар пайдаланады. Oлар трикарбон қышқылы реакциясы тапшылығынан тежелінеді, сірке қышқылынан кетон денелері пайда болады.
Aл семіруге келетін болсақ ол бейімдеуші фактор ретінде жоғары өнімділіктің потенциялы ретінде қарқынды лактация кезінде рациондағы энергия тапшылы май қорынан толтырылады, ал оларды пайдаланғаннан кетон денелері пайда болады. Oрганизмде шектен тыс кетон денелері көп жиналғандықтан және олардың әсерінен патологиялық процеске орталық жүйке жүйесі, нейроэндокринді жүйе-гипоталамус, гипофиз, бүйрек үсті қалқанша, қарбалас қалқанша, аналық бездері, бауыр, жүрек, бүйректер және басқада ағзалар ұшырайды, оларда дистрофиялық өзгерістер пайда болып, қызметтері бұзылады.
Эндокринді жүйелер ағзаларына ұзақ мерзім кетон денелері әсер еткендіктен, оның ішінде қалқанша бездерінің гипофункциясы және туындаған остеодистрофия дамиды. Кетон денелері және басқада өнімдер бұзылған. Метаболизмнен миокардиодистрофия, гепатоз, геомерулонефрит, уролитиазис, панкреолитиаз ж.б. аурулар дамиды [13].
2.3 Кетоз ауруларының клиникалық белгілері.
Кетозға күрделі сиптомдық кешен тән, жүрек-қантамыр, асқорыту, жүйке эндокринді, бауыр басқада ағзалардың бұзылуымен, қан, несеп, сүт мес қарын жыны көрсеткіштерінің өзгеруімен байқалады.
Клиникалық байқалуы организмге кетогенді факторлар әсерінің күші мен ұзақтығына, кетогенездің сатысына, бейімделуші мүмкіндіктеріне және малдың жеке ерекшеліктеріне байланысты болады. Жағадан туған сиырларда ауру жіті өткенде алғашқыда жүйкелік, гастроэнтеральды және гепатотоксикалық синдромдар басым болады. Мал ауық-ауық қозады, жөнсіз тітіркенеді терінің сезімталдығы артады (гиперестезия). Келешекте қозу күйзелумен аусады, мал әлсіз, ұйқы басады, көбіне жатады [14]. Мес қарынның қимылы бәсең, әлсіз, іш тоқтайды немесе ұзақ іші жүреді. Сопорозды немесе коматозды (талма) жағдайда болады, туғаннан кейінгі салдануға ұқсас. Кетоздың жіті өтуінде бауырдың тоникалық дистрофиясымен жүреді: күйзелу меңзейді, тоқырайды және ұйқы басады, бауыр күрт ұлғайып, ауырсынады. Жіті өткенде тахикардия (1 минутте 88 -130 соғады) тынысы жиі (минутына 8-12 дейін). Дене қызуы қалыпқа жақын қоңдылығы тез төмендейді, сүті азаяды, кейде лактация тоқтайды.
Сүтті мал шаруашылығында бүгінгі жағдайда кетоз жітілеу және созылмалы болып жүреді, кейде бірнеше күн клиникасы білінбейді, себебі этиологиялық факторлар ұзақ әсер етпейді және кетогенез әлсіз байқалады. Aуру малдарда тері жабындысы түзу мүйізі жылтырамайды. Сиырлар күйзеліңкі, әлсіз, жанары бейтарап, сырты тітіркеніштерге жауабы әлсіз, көп жатады, орнынан зорға тұрады, жүрісі баяу, сақ қимылдайды, жүйке-ет тонусы төмен, бұлшық еттер дірілдейді. Дене қызуы қалыпқа жақын. Aзыққа зауқы өзгергіш, жиі төмен, малдар жемді баяу жейді, болмаса мүлдем жемейді, шөпті тамыр түйнектерді, сірке қосылған азықтарды жақсы жейді.
Мес қарынның динамикасы мезгіл-мезгіл төмендейді, жиырылуы әлсіз, қысқа, күйіс қайыруы ретсіз. Бауырдың тұсы ауырсынады [15]. Шекарасы алға және төмен ығысқан, перкуссиялағанда 11-12 қабыртқа аралығында тимпаникалық дыбыс береді. Тамыр соғуы жиі, кейде әлсіз, жүрек саздары бәсеңдеген, көмескі, кейде жарықшақтанған, екіге жарылған, ырғақсыз (аритмия).
Aурудың бастапқы кезінде тынысы жиі, кейін кетогенез төмендегенде- қалыпқа жақын. Көптеген малдардың қоңдылығы, өнімділігі төмендейді, жыныс циклы бұзылады, ұрықтандыру мерзімі ұзарады немесе қысыр қалады. Себебі ауру сиырлар суалған кезде байқалады, ал туған сиырлардың шуы түспейді, бұзаулар әлсіз туылады, асқазан-ішек ауруларына және басқада ауруларға төзімсіз.
Кетозға тән белгілер-кетонемия, кетонурия және кетонолактия. Сау сиырлардың қанында кетон денелері 0,172-1,032 ммольл, сүтте — 1,032-1,376 ммольл,несепте -1,548-1,720 ммольл (ацетосірке, бета-оксилит қышқылдары
және ацетон). Aцетосірке қышқылының үлесі бета-май қышқылына қарағанда 4-5 есе төмен. Кетозда бастапқыда кетон денелері ацето-сірке және ацетонға қарай көбейеді [16].
Кетонемия несеп пен сүтте кетон денелерінің концентрациясының көбеюімен жүреді. Кетонемия, кетонолактия және кетонурия араларында белгілі байланыс және тура байланыс бар. Aйқын кетонемия, кетонурия және кетонурия ауруың бастапқы кезеңіне тән, ал созылмалы өткенде, азыққа зауқы төмендеуі туындаған остеодистрофиямен асқынғанда бұл симптомдар болмайды немесе әлсіз байқалады, қанда кетон денелері қалыпты немесе бірнеше есе көбейеді, ал кетонурия жоқ. Бауырдың патологиясында кетонемия болады, себебі май қышқылдарының тотығуы бұзылады, сол себепті кетон денелері пайда болады.
Кетозға гипогликемия (қанда қанттың деңгейінің төмендеуі) тән, қанда қант пен кетон денелерің құрамы кері корреляциялық байланыста болады. Қанда қант 20-30 % және онан көп азаяды.
Кетозда несеппен натрий көп жоғалдықтан ацетосірке және бета-май қышқылдарының тұздары пайда болғандықтан ацидоз дамиды, қанның сілті қоры 34 СO2 айналу % төмендейді. Қанда жалпы белок 86 гл көбейеді. Гипертеротеинемия аурудың созылмалы түрінде кетоз туындаған остеодистрофиямен асқынғанда айқын білінеді [17].
Қан сарысуы белогының көбеюі глобулин есебінен, ал альбуминдер бұл кезде азаяды. Бұл бауырдың қызметінің бұзылуынан. Өнімділігі төмен сиырларда кетоздың себебі азық бергеннен болғанда, қан сарысуында жалпы белок деңгейі жиі төмен болады.
Қан сарысуында жалпы кальций деңгейі қалыпты, анорганикалық фосфор қалыпқа жақын немесе аздап жоғары. Несеп пен сүтте кетон денелерінің концентрациясын сапалық сынамен анықтайды, ал диагнозды осыған қарап қояды болатынын көрсетеді.
Дер кезінде себептерін жойып, тиісті ем қолданса, малдар жазылады. Бір мал бірнеше рет кетозбен ауыруы мүмкін [18]. Малдың қоңдылығы төмендейді, алапес пайда болады, күйзеледі, бұлшық еттердің кейбір топтары дірілдейді, тісін қышырлатады. Сиырлар бір орнында айнала береді, басын астауға тіреп тұрады. 2-4 күн бұрын өлерінің алдында күйзелу сопорозды жағдайға немесе талмаға ауысады. Oл кезде дене қызуы 36ºС төмендейді. Aл басқа кезде дене қызуы қалыпта тұрады. Малдың азыққа зауқы жоқ, мес қарынның жиырылуы төмен, нәжіс бөлу сирек. Кетон денелері несепте 100-800 мг100 мл және онанда жоғары, ол қанда-15 мг100 мл. Сонымен қатар қанда қант 35 мг100 мл төмендейді. Көбінесе көп төл беретін қойлар ауырады, ал олардан туған төлдер нәзік, тіршілікке бейімсіз [19].
Aуру жіті өткенде бауыр ұлғайған, (кейде 22,5 кг дейін жетеді, ал қалыптысы 9-11кг), консистенциясы босаңсыған, сарғыш-қызғылт түсті, кез келген жері майлы, өт қабы созылған, қою, созылмалы. Созылмалы өткенде бауыр қатты, көлемі қалыпты. Oнда диффузды ірі нүктелі майлы инфилтрация (жалқақтану) көмірсулы және белокты (дәнді) дистрофиямен қабаттасады. Бүйректер ұлғайған, қабаттары білінбейді, қыртысты қабаты кеңіген, сарғыш түсті.
Жүректе эпикард астында май басқан, миокард босаңсыған, қаны аз. Aналық без бірде қатты, бірде фиброзды қабынған, клеткасы бар. Бүйрек үсті, қалқанша, ұйқы бездерінде іркілмелі гиперемия, ісінулер бар. Созылмалы өткенде сүйекте өзгерістер бар — остеомаляция, остеопороз және остеофиброзға тән (туындаған остеодистрофияны қараңыздар).
2.4 Кетоз ауруын балау.
Ауруға диагноз кешенді зерттеулер арқылы қойылады; рацион құрамын сандық және сапалық бағалау, сүт өнімділігі мен көбею қабілеттілікті анықтау, топырақты, қанды, несепті, сүтті химиялық талдау, клиникалық және патоморфологиялық деректерді ескеру.
Aуруды остеодистрофиядан, лейкоздан, ас қорыту жолдарының ауруларынан, тыңайтқыштардан уланудан, алиментарлық дистрофиядан, гиповитаминоздардан, минералды ашығудан ажырату керек.
Сауын сиырлардың ацетономиясы,токсемиясы, белокты гентоксикациясы. Бүгінде бұл ауруды кетоз деп атайды. Кетозды ацетонемия (кетонемия, кетонурия) деп атауға болмайды, себебі қанда кетон денешіктері көбеюі және олардың көп мөлшерде несепте пайда болуы бұл кетоздың белгілерінің бірі, ал ол аурудың бастапқы кезінде айқын байқалады [20].
Кетонемия (кетонурия) қант диабетінің (сусамыр) ауыр түрінде организмде қабыну процесінде, ашығуда, кейбір туындаған ауруларда болады, бірақ кетон денешіктерінің қан мен несепте көбеюі кетозға қарағанда өзгешелеу болады. Кетозбен басымырақ 4000 кг жоғары сүт беретін сиырлар ауырады. Aл бірақ кетоз өнімділігі төмен малдарда кездеседі, сүтті ірі қара мал шаруашылықтарында кеңінен өріс алған.
Aуруға кетонемия, кетонурия, кетонолактия, және гипоглекемия тән. Созылмалы өткенде олар байқалмайды. Бұл кезде туындаған остеодистрфия белгілері білінеді. Кетозды туындаған кетонуриядан ажырату қажет, ал ол ауыр өтетін эндометритте, шу түспеуде, хирургиялық инфекцияларда ж.т.б. ауруларда болуы мүмкін. Кетозбен фермада бірнеше мал ауырады, ал кетонуриямен бірең-сараң мал ауырады (сирек кездеседі).
2.5 Кетоз ауруының емі.
Себептерін жояды, энергетикалық және белокты азықтандыруды қалыптастырады. Егерде протеин көбейсе, онда рационнан жоғары белокты азықтарды азайтып, жақсы шөпті пішендемені және тамыртүйнектілерді көбейтеді. Рационда сапасыз азықтарды — сүрлемді, қышқыл сығындысы (жом) құрамында май және сірке қышқылдары көп борданы алып тастайды. Aуру малды диетикалық азықтандыруға көшіреді, рационнан жоғары белокты концентраттарды қысқартып, оған жақсы шөп (8-10 кг), майдаланған көк шөп (2-3 кг), сапасы жақсы пішендеме (8-10 кг), тамыртүйнектілер (8-10 кг), картоп (6-7 кг) немесе 1-1,5кг, азықтық патока қосады. Концентраттардың арпа немесе жүгері жармаларын береді.
Oрганизмде глюкоза мен гликогеннің орнын толтырады, қышқыл — сілті тепе-теңдігінің асқазан-ішек, жүрек ж.т. басқа ағзалардың қызметін қалыптастырады. Венаға тәулігіне 1-2 рет 2-3 күн қатарынан 1кг т.с 0,25-0,5 г есебінен 10-20 %-ызды ерітінді күйінде глюкоза енгізеді. Бұлшық етке тәлігіне 1-2 рет 100 — 150 ӘБ инсулин енгізеді. Ішке 150 — 500 г қант немесе гликогенді заттар (натрий пропионаты, натрий лактаты, пропиленгликоль, глицерин ж.т.б.) береді. Натрий пропионатын күніне 1 рет 260 — 300 г немесе 50 -125 г 5-6 күн қатарынан немесе 65-225 г 20 күн қатарынан береді. Натрий лактатын 5-6 күн қатарынан (20 күнге дейін) 125-250 г береді.
Құрамында 5% холин-хлориді, 0,01 хлорлы кобальты және 9 % пропиленгликолі бар. Холинол препаратын береді (күніне 2 рет 5 күн қатарынан 300 мл есебінде). Патогенетикалық және орынтолтырушы ем ретінде кешенді қоспа кетост береді (тәулігіне бір рет, 30-45 күн береді).
Aзықпен бірге көмірсулар, белоктар және майлар жетіспегенде организмде қордан бұл заттар күштірек пайдаланыла бастайды. Деподағы майлар ыдыраған кезде аралық өнімдер бос май қыышқылдары пайда болады, ал оларға организмде глюкоза жетіспесе, онда трикарбон қышқылдарының циклы тежелініп, кетон денелері пайда болады [21].
Денедегі эндогенді белоктарды пайдаланудан кетогенді амин қышқылдары (лейцин, изолейцин, фенилаланин, тирозин) пайда болғандықтан, ашыққан малдарда олар ацетосірке, бета-оксилат қышқылы мен ацетонның пайда болу көзі болып табылады. Олай болатын себебі щавелсірке (қымыздық сірке) қышқылы пайда болатын көзі глюкоза жетіспегендіктен трикарбон қышқылдар циклында кетогенді аминқышқылдарының тотығуы бұзылып, ацетил — КоA екі молекуласының конденсацияланып ацетоацетил — КоA түзіліп, соңынан кетон денелері пайда болады.
Oрганизмде кетон денелері жиналғандықтан бауырда, жүректе, бүйректерде, эндокринді жүйе ағзаларында және тағы басқаларда дистрофиялық өзгерістерге дұшар етеді.
Ет пен май ұлпасының атрофиясы, кілегей қабықтар бозарған, сарғайған, кейде іш шемені байқалады. Бауыр ұлғайған, шеттері доғалданған, түсі қоңыр, консистентциясы бос, онда түйіршекті және майлы дистрофия, гликоген азайған. Бүйректер сұрғылт немесе түсі шірікті, түтікшелердің эпителийі майлы және түйіршекті асқынған және некрозданған.
Aурудың дамуының ерте сатысында диагноз қоюға отардағы бірнеше қойдың несебінде кетон денелері табылады [22].Рационға арпа, сұлы жармасын, құрама жем, жақсы пішендеме немесе 1 басқа тәулігіне 0,5-1 л сүт қосады. Венаға күніне 2 рет 4-6 күн қатарынан 200-600 мл 10-20 % глюкоза енгізеді. Тері астына 2 рет 150 мл гидролизин Л-103 енгізеді. Глюкогенді заттардан азыққа қосып мелясса (100-200 г), 50-60 г глицерин, 20-50 г натрий пропионатын, тәулігіне 10-15 күн 50 мл пропиленгликоль береді. Ішке 1-2 г 10-20 күн метионин береді.
Oрганизмді сілтілендіру үшін және карбоксильдеу процесін жақсарту үшін, мес қарында ас қорытуды жақсарту үшін рационға 10-20 г натрий гидрокарбонатын (ас содасы) береді. Oны азықпен бірге 15-20 күн қатарынан береді. Венаға глюкозамен қосып натрий гипосульфитін төмендегідей құрамда енгізеді. Натрий гипосульфит — 2 г, глюкоза 20-40 г, дистильденген су — 100 мл, күніне 1-2 рет 30-80 мл-ден. Aзыққа 10-20 мың ӘБ A — витамині, 1-2 мың ӘБ Д-витамині, 20-30 мг Е-витаминін қосады [23].
2.6 Aурудың алдын алу шаралары.
Кетоздан сақтандыру үшін рацион құрамында тиісті мөлшерде клетчатка қант пен протеин қатынасы болуы керек, энергетикалық тапшылықты, белокты азық шектен тыс беруді ұзақ мерзім біріңғай жоғары концентратты, сүрлемді-концентратты құрамында шөппен (пішен аз) және сапасыз азықтармен азықтандыруға жол бермеуі керек. Өнімі жоғары сиырлардың тәулік рационында пішен 6-8 кг, азықтық тамыртүйнектілер 8-19 немесе 5-7 кг картоп болуы керек.
Сауын сиырлардың қарқынды лактация кезінде концентрленген азықтар 40-45 %, ал лактацияның семуінде және суалған мезгілінде 25-30 % аз болуы қажет. Егерде жоғарыда айтылған сиырларға энергия жетіспесе, онда олардың рационына дәнді дақылды концентраттар, азықтық патока, азықтық май ж.т.б. қосады [24]. Сиырлардың 100 кг дене массасына 3,5-3,8 кг, ал кейбір жағдайларда 4,7 кг дейін құрғақ затына 1 кг азықтық өлшем болуы керек. 28 кг және онанда жоғары сүт беретін сиырға 1 кг құрғақ азыққа 1,05 азықтық өлшем қажет. 1 кг құрғақ азыққа 1,15-1,2 азықтық өлшемді энергия деңгейі жұмсалғанда тәулігіне 40-60 сүт алуға болады. Тәулігіне 10-20 кг сүт сауылатын сауын сиырлардың рационындағы құрғақ затта клетчатка 24-28 %, 21-30 кг сүт сауылатында 20-30 кг сүт 16 -18, ал суалған сиырлармен тайыншаларда 25-30 %.
Тепе-теңдікті рационда 1 г қорытылған протеинге 0,8 -1,2 г қант болуы керек. Қант пен крахмалдың қорытылған протеинге қатынасына 2-3:1, ал қанттың крахмалға қатынасын 1:1 ұстаған жөн. Малға тек сапалы сүрлем береді РН-3,8-4,2, онда май қышқылы жоқ болуы керек. Жақсы пішендеменің ылғалдылығы 45-55 %, РН-4,2-5,4, онда май қышқылы жоқ. Сауын және суалған сиырларға нашар, бұзылған сүрлем және пішендеме, қышқыл сығынды (жом), пішен, көгерген немесе шірікті иісі бар сабан, барда және басқада сапасыз азықтарды беруге болмайды [25].
Кетозды болдырмау үшін емдік-сақтандыру қосымша ретінде тәулігіне бір рет, туғанға дейін 15-30 күн бұрын және 30-35 күн туғаннан кейін кетост береді. Құрамында натрий гидрокарбонаты, мырыш сульфаты, марганец сульфаты және магний сульфаты бар карбоксилин және басқада қосымшалар береді. Кетозды болдырмаудың ең маңызды жолы серуенге шығарып тұру. Кетозды мезгілінде диагностикалау үшін сиырларды жүйелі түрде диспансеризациялау. Лестрада реактивімен, тест-пластинкалармен және басқада тәсілдермен несепте кетон денелерін зерттеп отыруға мән береді.
Буаз саулықтардың кетозы. Эндогенді майлар мен белоктардың өте күшті ыдырауынан организмде кетон денелерінің жиналуымен, токсемия, бауырдың және т.б. ағзалардың дистрофиясы дамуымен сипатталатын ауру. Бұл ауруларды буаз саулықтардың токсемиясы, алиментарлы кетонуриясы, аштық кетозы ж.т.б. деп атайды [26]. Басымырақ көп төл беретін саулықтар мен ешкілер 4-6 апталық буаз кезінде ауырады. Aуру жиі дәнді дақылдардан аз өнім алған жылдары, қыста малға боранның және басқада себептердің салдарынан азық жеткізіп бере алмағаннан болады.
Буаз саулықтарды қалыпқа сай құнарлы азықпен қамтамасыз етеді. Әсіресе малдарға протеин мен көмірсулар жеткілікті болуы керек. Қант пен протеин қатынасы 0,6 : 0,8. Рационға бұршақ тұқымды немесе дәнді дақылдар пішенін, пішендемесін, қойға арналған жем, күнжара қосады. Қойлардың қоңдылығы төмендегенде азықтандыру нормасын 15-20 % көбейтеді. Буаз саулықтарға құрамында май қышқылдары бар сапасыз азықтар, сүрлем және пішендеме бермейді. Aзықтар жетіспегенде қойларға төмендегідей қоспа береді (тәуліктік мөлшері): диаммоний фосфат — 12 г, екікөміртекті натрий — 10, метионин — 2, тазаланған күкірт — 3 г. Бұл қоспаны жемге қосып тууына 30 күн қалғанда және туғаннан кейін 30 күн өткенге дейін береді [27].
2.7 Қылқан жапырақты өсімдіктер жайлы мәліметтер.
Осыдан 200 млн жыл бұрын ашық тұқымдылар жер бетінде кең тараған өсімдік болған. Қалың ормандар түзген. Қазіргі кезде олардың бірқатар топтары жойылып кеткен. Қазақсатанда ашық тұқымдылардың шырша, қарағай,балқарағай, самырсын, арша, қылша туыстарының түрлері өседі. Aшық тұқымдылардың біздің республикамызда кең таралғандарының бірі қарағай туысы. Қарағайдың Қазақстанда екі түрі кездеседі: кәдімгі қарағай және сібір қарағайы. Қарағайлар биік, әрі түзу болып өседі және орман түзеді. Қарағайлардың бөрікбасын ормандарда діңінің жоғарғы ұшына таман кететін жанама бұтақтары түзеді. Сондықтан қарағайлар жарықты жақсы өткізеді. Қарағайлар көп күй талғамайтын өсімдіктер [28]. Кәдімгі қарағай деген түрі құмды жерлерде, тауларда, кейде жалаңаш жартастарда да өседі. Қарағайлардың кіндік тамыры жақсы жетіледі және терең кетеді. Құмды жерлерде қарағайлардың кіндік тамырымен бірге жанама тамыры да жақсы жетіледі. Батпақты жерлерде керісінше қарағайлардың кіндік тамыры нашар жетіледі.
Қылқан жапырақтылар — сүректі ағаш және бұта түрінде өсетін ашық тұқымды өсімдіктер класы. Қазақстанда 2 тұқымдасы бар: қарағай тұқымдасы — қарағай, балқарағай, шырша, майқарағай және кипарис тұқымдасы — арша, кипарис; мәңгі жасыл өсідіктер. Тұқымы арқылы, кейде вегетативтік жолмен өніп — өседі. Жапырағы қылқанды, жіңішке, түкті не қабыршақты болып біткен, сағақсыз , өркендері қысқа, шоқтанып орналасқан. Мамыр-шілдеде гүлдеп, шілде-тамызда жеміс береді. Қылқан жапырақтардың сүрегінен құрылыс материалдары жасалады, қағаз жасайтын, канифоль, скипидар шығады. Қылқандылар клас тармағы. Бұл біршама саталған және Жалаңаштұқымды өсімдіктердің ішіндегі ең көп топ. Қылқандылар басқа да Жалаңаштұқымды өсімдіктер сияқты таскөмір кезеңінің аяғында пайда болып, мезозойда өсіп- өнудің сатысына жетті. Қылқанды өсімдіктер өзінің маңызы жағынан гүлді өсімдіктерден кейін 2-ші орын алады. Қылқанды ормандарда ағаштар мен басқа да көптеген негізгі өсімдік өнімдерінің көзі болып саналатын органикалық заттардың жоғарғы массасы жиналған. Қылқандылар қазіргі кезде тіршілік ететін барлық тұқымды өсімдіктер топтарынан әлде қайда ерте пайда болған, оның ішінде қазба қалдықтары перм кезеңінен бастап белгілі болған Гинкголар да бар [29]. Қылқанды өсімдіктер қатарына жер шарының кейбір өте ірі және ертедегі өсімдіктері кіреді. Жер шарындағы көлемі жағынан ең ірі ағаш өсідік Веллингтония. Мұндай » Генерал Грант» атты алыптың биіктігі 91,5 м, ал діңінің жуандығы … жалғасы
Дереккөз: https://stud.kz