Кешірім туралы ұлағатты сөздер
Кешірім туралы ұлағатты сөздер
Кешірім туралы мақал-мәтелдер
Кешірім — ізгіліктің белгісі.
Өзгені айыптағаныңдай өзіңді айыпта, өзіңді кешіргеніңдей басқаларды кешір.
Кешіру – айыпты өшіру.
Кешірім жасау – кеңдік, кешіре алмау – кемдік.
***
Қандай тілде болса да ең керемет, ең әдемі сөз — «мен сені кешірдім».
Кісілігін жоғалтпаса — жауыңның қайсыбір иттігін кешіруге де болады.
Қарттардың адамдық осалдықтарына кешірімді бола біліңдер.
Ана жүрегі тым терең, сол тереңдіктен сіз кешірім таба аласыз.
Орынды сөйлейтін адам кешірім сұрауға мәжбүр болмайды.
Өтірікті кешіруге болады, ақтауға болмайды.
Кешіру мықтылардың ісі. Әлсіздер кешірімді бола алмас.
Өз қателігіңді мойындауға батылың жеткенде ғана, оған кешіріммен қарауға болады.