Кәсіптік лицей жағдайында Ауылшаруашылық машиналар пәніне молотилка тақырыбын оқытуда интерактивті технологияны қолдану
Мазмұны
Реферат … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … …
1. Кәсіптік лицейінің оқу-өндірістік жұмысына қысқаша сипаттама
1.1 № 16 кәсіптік лицейі туралы жалпы мәліметтер
1.2 № 16 кәсіптік лицейінің материалдық-техникалық базасы
1.3 Кәсіптік лицейдің оқу-өндірістік жұмысын талдау
2. Методикалық тарау
2.1 Қазіргі заманғы оқытудың педагогикалық технологиялары … … … … …
2.1 Педагогикалық технологияның жалпы сипаттамасы … … … … … … …
2.2 Жобалап оқыту технологиясын қолдануды талдау … … … … … … … . …
2.3. Пәнді оқыту кезіндегі оқытушының рөлі … … … … … … … … … … … …
2.4. Ауылшаруашылығы машиналары пәні бойынша білім, біліктілік және дағды жүйелерінің қалыптасуындағы тақырыптың орны мен мәні … … … ..
2.5 Ауылшаруашылығы машиналары пәнінен оқу процесін талдау … … .
2.6.Ауылшаруашылығы машиналары пәнінен оқу бағдарламасын талдау.
2.7. Ауылшаруашылығы машиналары пәнін оқыту кезінде оқытушының алатын рөлі … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … .
2.8. Маманда пән бойынша білім, білік және дағды жүйелерінің қалыптасуындағы тақырыптың орны мен мәні … … … … … … … … …
2.9. Берілген кәсіп бойынша тақырыптық оқу процесінде алатын орны мен мазмұны … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … …
2.10 Ауыл шаруашылық машиналары пәні бойынша 1 курсқа арналған күнтізбелік-сеткалық кестені құрастыру … … … … … … .. … … …
2.11 Ауыл шаруашылық машиналары пәні бойынша 1 курсқа арналған күнтізбелік-сеткалық кестені құрастыру … … … … … … .. … … …
2.12 Құрылымдық-логикалық талқылау … … … … … … … … … … ..
2.13 Перспективалы-тақырыптық жоспар … … … … … … …
2.14 Сабақ жоспарын жасау әдістемесі … … … … … … . … … … … … … .
2.15 Лабораториялық-практикалық сабақтардың әдістемесін жасау …
2.16 Кіріспелік нұсқауға қысқаша мазмұндама жасау … … … … .
2.17 Оқушылардың жұмыс орнындағы жұмыс кестесін жасау … … … …
3. Еңбек қорғау тарауы
3.1.Тракторларды пайдаланған кездегі қауіпсіздік шаралары … … … … … … …
3.2.Ауыл шаруашылық машиналарында жұмыс істеген кездегі
қауіпсіздік шаралары … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
3.3. Өртке қарсы шаралар … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
Пайдаланылған әдебиеттер … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
Қорытындылар … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … …
Реферат
Адилов М.К. Кәсіптік лицей жағдайында Ауылшаруашылық машиналар пәніне молотилка тақырыбын оқытуда интерактивті технологияны қолдану — Дипломдық жұмыс, Алматы, Қаз ҰАУ, 2012, -бет.
Кіріспе бөлімінде кәсіптік-техникалық білім берудің тиімділігі жоғарғы ұлттық жүйесін қалыптастыру — ел экономикасының қарқынды дамуының маңызды факторы деп қарастырылған.
Бірінші тарауда № 16 кәсіптік мектептің оқу өндірістік сипаттамасы, кәсіптік мектеп жүйесіндегі оқу орындары жөніндегі жалпы мәліметтер оқу-өндірістік жұмысына қысқаша сипаттама жазылған. Кәсіптік мектептің педагогикалық каддрлар сипаттамасы, оқудың сапа көрсеткіші жоғарылағаны, лицейдің материалдық-техникалық базасы, түрлі технологиялармен жұмыс жасап, дамуына жағдай жасалғаны, тәрбие әдістері және жаңа оқыту технологиялары сабақ үрдісінде тиімді пайдалануда, мұғалімдердің құрамы сапалы, оқу орнымен оқушылардың қоғамдық жұмыстарға белсене қатысатыны баяндалған.
Екінші тарауда оқу үрдісіндегі Ауылшаруашылық машиналар пәніне интерактивті технлогияны қолдану мәселелері қарастырылған, сабақ жоспары, перспективалық тақырыптық жоспар, пәнаралық байланыс кестесі техникалық нұсқау картасына толық талдау жасалып, үлгілері келтірілген. жазылған.
Үшінші тарауда еңбек қорғау бойынша Ауылшаруашылық машиналар пәнін жүргізудегі техникалық қауіпсіздік шаралары баяндалған.
Пайдаланған әдебиеттер; Қорытынды
-сурет; 5 — кесте; 17 — әдебиет
Кіріспе
Кәсіптік-техникалық білім берудің тиімділігі жоғарғы ұлттық жүйесін қалыптастыру — ел экономикасының қарқынды дамуының маңызды факторы. Бұл — жастардың жұмыспен қамтылуына жағдай жасау арқылы Қазақстан қоғамының әлеуметтік тұрақтылығын сақтау деген сөз.
Техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған бағдарламасы бағдарлама екі кезеңде жүзеге асырылады деп жоспарланған. 2008-2010 жылдарды қамтитын алғашқы кезеңде кәсіптік һәм техникалық білім беруді сатылы дамыту мен білім беру бағдарламалары жаңартылады. Оны жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 58 178,9 миллион теңге, оның ішінде 2008 жылы — 5707,8 миллион теңге, 2009 жылы — 23 486,7 миллион теңге, 2010 жылы 28 984,4 миллион теңге бөлу қарастырылып отыр. Ал екінші кезеңде (2011-2012 жылдар) білім берудің осы саласын неғұрлы орнықты қызметпен қамтамасыз ету және реформаны дамыту көзделген.
Қазақстан экономикасында ауыл шаруашылығы басты орын алады. Оның өркендеу деңгейі қазақстандықтардың қоғамды-саяси және экономикалық тұрақтылығының негізгі факторы болып саналған және санала бермек.
Н.Назарбаев: Білім беру саласының басты міндеті — 2010 жылға дейінгі білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланың сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту. Қазақстан халқына 2008 жылдың 6 ақпанындағы Жолдауынан.
Ендігі міндет — әр азамат, әр ұжым, осы Жолдаудан туындайтын өзінің жауапкершілігін сезіне білуінде. Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінің ұжымы еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің дамуы үшін заман талабына сай білікті мамандар даярлай отырып, агроөнеркәсіп кешенінің барлық салаларына инновациялық технологияларды енгізуді, оларды өндірісте кеңінен пайдалануға жәрдем беруді өзінің басты мақсаты деп санайды.
Президенттің Жолдауында көрсетілгендей, еліміздің ауыл шаруашылығында азық-түлік өнімінің жылдық өсу деңгейі жоғары қарқынмен өсті. 2002-2007 жылдар аралығында ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 557 млрд. теңгеден 1050 млрд. теңгеге дейін өсті.
2007 жылы дәнді дақыл өнімдерін жинау рекордтық деңгейге, яғни 20,1 млн.тоннаға жетті. Мұндай өнім еліміздің ішкі тұтыну мөлшерін жаңа өнім алғанға дейін қамтамасыз етеді және өнімді сыртқа шығару мүмкіндігін 10,0 млн. тоннаға жеткізе алады.
Өнімдердің басқа да түрлерін, атап айтқанда, май өнімдерін — 459,4 мың тоннаға, көкөністі — 2196,4 мың тоннаға, картопты — 2414,8 мың тоннаға, мақта өнімдерін 438,7 мың тоннаға көтеруге қол жеткізілді.
Ауылшаруашылығының материалдық-техникалық базасы нығайды. Соңғы 7 жылда 26,5 мың ауылшаруашылық техникаларының негізгі түрлері, оның ішінде, алыс және жақын мемлекеттердің жоғары өнімді, қуатты техникалары сатып алынды, осының нәтижесінде 2002 жылмен салыстырғанда ауылшаруашылығының қуаттылық көрсеткіші 19,5% артуға мүмкіндік туғызады.
Осыған қарамастан, ауылшаруашылығын жабдықтандыру төмен деңгейде, ауылшаруашылық техникаларын пайдалану мөлшері — 13-14 жыл. Дүниежүзілік банктің есебі бойынша кредиттік қорды тұтыну жылына шамамен 1 млрд. АҚШ долларымен бағаланады.
2006 жылдан бастап ИСО мен ХАССП халықаралық менеджменті мен сапа жүйесін қолданатын кәсіпорындары шығындарының 50% субсидиялауға арналған бюджеттік бағдарлама жүзеге асырылуда. Аталған жүйені 100-ден аса кәсіпорындары енгізді.
Көлік инфрақұрылымын өркентеуге арналған үлкен жұмыстар жүргізілуде. Каспий теңізі арқылы астықты экспортқа шығарудың альтернативті бағыты анықталды. Мұның өзі отандық астықтың Кавказдың арғы бетіндегі мемлекеттер нарығына шығарып, тасымалдау тиімділігін арттыруға мүмкіндіктер береді.
Мемлекет басшысы ауылдың әлеуметтік саласына, оның өркендеуіне баса назар аударған және аудара береді. 2007 жылы оның өркендеуіне 107,2 млрд. Теңге жұмсалуы соның белгісі. Елді мекендердегі ауызсу тапшылығын шешу мақсатында Ислам Даму Банкі және Азия Даму Банкімен несие алу жұмыстары іске асырылуда.
Еліміздің азық-түлік тауарларының қауіпсіздігі бекем қолға алынған. Бүгінгі таңда халықтың тұтынатын тағамдары мен азық-түлік өнімдері толықтай отандық өнімдермен қамтамасыз етілуде.
Аграрлық ғылым мен білім берілген болатын. Бұл аралықта оң өзгерістер болып жатты. Аграрлық ғылымды қаржыландыру көлемі 2001 жылдан бері 4,2 есе ұлғайтылса, ал ғылымға бөлінген бюджеттік шығын 2,5 есеге өсті.
Дегенмен, аграрлық ғылымда жедел шешуді қажет ететін мәселелер де баршылық. Жүргізіліп жатқан зерттеулердің инновациялық деңгейінің төменділігін, ғылыми-зерттеулердің өндіріс мұқтаждығына сәйкестендірілмеуін, инновацияны коммерциялауға бағытталған механизмдердің жоқтығын атап кеткен жөн. Әлемдік қауымдастықтың елімізді нарықтық мемлекет деп мойындауына қарамастан, қазіргі күнге дейін ғылыми өнім нарығы жоқ. Аграрлық ғылымның дамуына тәжірибелік базаның жұтаңдығы, ғалымдардың өздерінің тәжірибелері мен сынақтарын өткізетін арнайы зертханалар мен шағын технопарктер желісінің жоқтығы да кері әсер тигізуде.
Жағдайды өзгерту мақсатында Президенттің Жолдауында көрсетілген бағыттарды ескере отырып, экономиканың аграрлық саласында мемлекеттік ғылыми-техникалық саясатты жүзеге асыру, аграрлық ғылыми мекемелер жұмысын басқару және қаржыландыру істерін үйлестіру, ғалымдарды жалақысын көтеріп, өзінің ғылыми идеяларын таратуға, зерттеулерінің тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруға ынталандыру мәселелері жан-жақты ойластырылуы қажет. Білім, ғылым және өндірісті интеграциялау жұмыстары да жетілдіруді қажет етеді.
Біздің еліміздің қоғамдық және әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету бүкіл қазақстандықтардың да, жеке тұлғалардың да материалдық және рухани өміріне шешуші әсер етеді, білім инфрақұрылымын жасауды тапсырды. Ерекше айтатын жәйт: Президенттің әр Жолдауында білім беру саласына басты назар аударылады. Егер алдыңғы Жолдауларда күрделі міндеттер жоғары білім беру жүйесінің алдына қойылса, соңғы Жолдауда негізгі назарды Елбасы мектепке дейінгі тәрбиелеу ісіне көңіл аударды,
дәл осы мектепке дейінгі жаста тұлғаның негізгі адамгершілік қасиеттері қалыптасатынын атап өтті. Үздіксіз білім беру ісінде Балабақша — мектеп — жоғары оқу орны жүйесінің алғашқы және соңғы элементтері өте маңызды болып табылатыны белгілі.
Білім беру үздіксіздігі қамтамасыз етілу үшін білім беру жүйесін құрғанда тұлғаның субъективті мұқтаждығы ескеріліп, мәдени құндылықтарды саналы түрде меңгеруге жағдай жасалу керек.
Адам баласы бүкіл өмір бойына пайдаланылатын математикадан жағрапияға дейінгі базалық білімнің негізі ең алдымен мектепте қалатыны баршаға аян. Қазақстан халқы санының өсуі көптеген аймақтық қиындықтарды туындатуда, солардың бірі — мектептердің жетіспеушілігі. Қазақстан азаматтарының әлеуметтік жағдайының жақсаруы білім беру саласының сұранысына, республикада мектеп құрылысының өріс алуына сөзсіз ықпал етеді. Биыл 68 мың орынды 88 мектеп салынады, ал 2009-2010 жылдары 69 мың орынды 102 мектеп салынатын болады.
Жолдауда әсіресе кәсіптік техникалық білім беру ісіне ерекше көңіл бөліну керектігі баса айтылды. Өндірістегі инновациялық жобалар жоғары технорлогиясыз және кәсіптік бағытта білім алмаған мамандарсыз жүзеге аспайды.
Қазіргі күні 830 техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында 558 700 адам оқып жатыр.Сондай-ақ 175 жоғары кәсіптік оқу орындары ашылмақ. Қазақстанның 30 ауданында бірде-бір кәсіптік мектеп жоқ. Қазақстан 50 елдің қатарына кіреміз десек, кәсіптік-техникалық мектептер мен жоғары оқу орындары ашылу керек.
Кәсіптік-техникалық білім берудің тиімділігі жоғарғы ұлттық жүйесін қалыптастыру — ел экономикасының қарқынды дамуының маңызды факторы. Бұл — жастардың жұмыспен қамтылуына жағдай жасау арқылы Қазақстан қоғамының әлеуметтік тұрақтылығын сақтау деген сөз. техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған бағдарламасы бағдарлама екі кезеңде жүзеге асырылады деп жоспарланған. 2008-2010 жылдарды қамтитын алғашқы кезеңде кәсіптік һәм техникалық білім беруді сатылы дамыту мен білім беру бағдарламалары жаңартылады.
Оны жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 58 178,9 миллион теңге, оның ішінде 2008 жылы — 5707,8 миллион теңге, 2009 жылы — 23 486,7 миллион теңге, 2010 жылы 28 984,4 миллион теңге бөлу қарастырылып отыр. Ал екінші кезеңде (2011-2012 жылдар) білім берудің осы саласын неғұрлы орнықты қызметпен қамтамасыз ету және реформаны дамыту көзделген.
Сонымен қатар, бағдарлама шеңберінде 50 техникалық және кәсіптік білім беру нысандарын, соның ішінде 46 кәсіптік лицей, 4 техникалық қызмет көрсету мамандарын даярлау және қайта мамандандыру өңіраралық орталықтарын салу жоспарланған. Ал жаңғыртудың стратегиялық басымдықтары еліміздегі білім беру жүйесін дамытудың 2020 жылға дейінгі ұзақмерзімді жоспары бойынша әрі қарай дамытылатын болады.
I. №16 кәсіптік лицейдің оқу-өндірістік жұмысына қысқаша сипаттама
1.1 №16 кәсіптік лицей туралы жалпы мәліметтер
1967 жылы Сырдария өзенінің бойында Қызылқұм өңірінде Шардара жасанды қоймасымен электр стансасы іске қосылып, Шардара ауданы құрылды. Шардара қаласы облыс орталығынан 240 шақырым қашықтықта орналасқан. Ауданда 67 мыңнан астам түрлі ұлт өкілдері тұрады.
Қазақстан Республикасы ҚР білім және ғылым министрлігі, Оңтүстік Қазақстан облысы Білім департаменті №16 кәсіптік лицейінің қазіргі мекен жайы: Шардара қаласы, Пирогов көшесі нж.
Оқу орны 1973 жылы Шардара өңірінде және II-ші кезектегі Қызылқұм массивін игеру жұмыстары басталған жылы ауылшаруашылығы мен гидромелиоративтік құрылыс мамандарының мұқтаждығынан №110 орта кәсіптік техникалық училищесі ашылды. 600 орындық оқу орнына алғашқы жылы 524 төмендегі мамандықтар бойынша қабылданды:
oo кең көлемді тракторшы — машинист;
oo су мамандары;
oo эксковаторшы, грейдерші, бульдозерші;
oo жылжымалы краншылар тобы.
1973 — 2010 жыл аралығында 10058 оқушы бітіріп шықты. Оның ішінде 142 оқушы оқуды үздік дипломмен аяқтады.
Оқу корпусының ішінде 200 орындық акт залы, 30 орындық спорт залы, 200 орындық асхана, 620 орындық жатақхана, 300 орындық шеберхана салынған.
Оқу орны статусының өзгеруі:
1. 1973 — 1984 жылдар — №110 ОКТУ
(орта кәсіптік технологиялық училище);
2. 1984 — 1996 жылдар аралығында — № 33 КТУ
(кәсіптік техникалық училище);
3. 1996 — 2002 жылдар аралығында — № 16 КТМ
(кәсіптік техникалық мектеп мектеп);
4. 2002 — 2004 жылдар аралығында — №16 КМ
(кәсіптік мектеп);
5. 2004 жылғы 20 ақпаннан бері — №16 КЛ
( кәсіптік лицей МКҚК).
Аталған оқу орнында дайындалған мамандықтар 1973 және 2008 оқу жылдары аралығында төмендегі мамандықтар салалары бойынша мамандардар дайындайды
1. Кең көлемді тракторист — машинист
2. Су мамандары
3. Эксковаторшы, грейдерші, бульдозерші
4. Жылжымалы краншылар
5. Газ электр дәнекерлеушілері
6. Сатушы
7. Аспаз — кулинар
8. Жол құрылысын салушы
9. Бухгалтер
10. Тігінші
11. ЭЕМ операторы
12. Үй жай бикесі
13. Фермерлер
Сонымен қатар қазіргі нарықтық экономика талаптарына сәйкес және жергіліңкті кәсіпорындарға қажетті жұмысшы кадрларды дайындау мақсатында материалдық — техникалық базаны жаңалау, толықтыру, қайта жабдықтау жұмыстары үлкен серпіліспен жүргізілуде.
Қазіргі таңда әмбебаб — токарь, кең профильді құрылысшы шебері, автомеханик, ауылшаруашылығы өндірісінің фермері, газбен, электрмен дәнекерлеуші мамандықтары бойынша 497 бала оқып, дәріс алуда. Білімгерлердің көпшілігі негізінен ауыл жастары және де жетім, жанұялары аз қамтылған отбасыларынан шыққан оқушылар.
Кәсіптік лицейде 2000 жылдан әдістемелік-педагогикалық кабинет, 2002 жылдан педагогикалық-психологиялық кабинеттер жұмыс атқарады.
Бұл жерде оқытудың жаңа технологияларын насихаттау, оқушы, оқытушы, ата-аналар арасында тығыз байланыс орнатудың тәрбие және психология салалары бойынша жұмыстар жүйелі жолға қойылған.
Сонымен қатар жаңашыл оқытушылар мен өндірістік шеберлерінің озық тәжірибелерін зерттеп, жинақтап тарату іске асырылуда.
Лицейде оқу-тәрбие және өндірістік қызметті ұйымдастыру үшін нормативтік және заң актілері, құжаттары сондай-ақ оқу тәрбие жұмысын жетілдіруге бағытталған әдістемелік нұсқаулар топтамасы жинақталған.
Заман талабына сай оқу орны бүгінгі таңда төмендегідей мамандықтар бойынша оқытылады.
1. Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Жүргізуші. Автокөлік жүргізу салалары.
2. Кең профильді құрылыс шебері. Тас, кірпіш қалаушы.
3. Тамақтану мекемелер маманы. Аспаз.
4. Жиһаз жасау және столяр өндірісінің шебері. Жиһаз жинақтаушы.
5. Электронды есептеу және есептеу машиналарының операторы.
6. Ауылшаруашылық электр құралдарын жөндеуші электромонтер.
7. Әмбебаб тігінші. Тігінші.
8. Ауылшаруашылық өндіріс шебері (фермер). Автомобиль жүргізушісі.
9. Газэлектродәнекерлеуші.
10. Әмбебаб жонғыш
Жұмысшыларды тәрбиелеп, білім нәрін сеуіп келе жатқан №16 кәсіптік лицейіне биылғы жылы 38 жыл толып отыр. 38 жыл тарихы бар кәсіптік лицейді әр кезеңде жоғарғы білімді халық қалаулылары басқарған.
Олар:
1. Әбділәзімов Жамбыл 1973-1981 жылдар аралығында;
2. Адамбеков Асанбек Адамбекұлы 1981-1986 жылдар аралығында;
3. Әбубәкіров Ақмұрат Құлымбетұлы 1986-1988 жылдар аралығында;
4. Ыбыраев Әзімхан Ыбырайұлы 1988-1994 жылдар аралығында;
5. Бейсенбев Әлен Мажитұлы 1994-1998 жылдар аралығында;
6. Момынов Махмуд Момынұлы 1998 -2002 жылдар аралығында.
2002 жылдан бастап қазіргі таңда дейін №16 кәсіптік лицейді Талдибин Зәкірхан Раманқұлұлы басқарады. Кәсіптік лицей директоры
Ы. Алтынсарин атындағы медалімен, Қазақстан Республикасы Коннституциясының 10 жылдығы медалімен марапатталды. 2003 жылға дейін облыстық маслихаттың, 2004 жылдан бері аудандық маслихаттың депудаты.
Жоғары аталған басшылар жалпы кәсіптік лицейдің алдыңғы қатарлы оқу орнына айналуына зор үлестерін қосты.
№16 кәсіптік мектеп аудандағы жастарға орта біліммен қатар бастауыш кәсіптік білім беретін бірден-бір оқу орны.
1.2 №16 кәсіптік лицейдің материалдық — техникалық базасы
1973 — 2006 жылдар аралығында 6 шеберхана, 4 жұмыс зертханасы, 1 қызмет көрсету сервисы қызмет атқарды. 2003 — 2004 оқу жылвнда лицей ұжымының күшімен әмбебаб жонғыш мамандығы бойынша теориялық класс және 3 токарь станогы, 4 фрезер станогы орналастырылып, жұмысқа қосылды. 2004-2005 оқу жылында Ауылшаруашылық электр құралдарын жөндеуші электромонтер мамандығы бойынша жаңадан шеберхана іске қосылды.
Екі мамандық бойынша жұмыс беругі мекеме және жеке кәсіпорын, шаруақожалықтарының сұраныс талаптарына, оқу бағдарламасының стандартын ескере отырып жасақталды.
1.1- кестесі
Лицейдің жалпы материалдық базасы
1.
Оқу корпусы
600 орындық
2.
Шеберхана
300 орындық
3.
Акт залы
200 орындық
4.
Спорт залы
300 орындық
5.
Асхана
200 орындық
6.
Жатақхана
1200 орындық
7.
Кітапхана
30 орындық
8.
Мектеп мұражай аумағы
8,25 гектар
9.
Мектеп меншігінде суармалы жер
20гектар
Теориялық дайындық үшін оқу — материалдық база
1.1- кестесі
Арнайы пәндер кабинеттері
1.
Тракторлар және автомобиль
4
2.
Ауылшаруашылық машиналары
3
3.
Жол жүру ережелері
1
4.
Бухгалтер
1
5.
Аспазшы — кулинар
1
6.
Тігін пәндер
1
7.
Техника қауіпсіздігі
1
8.
Техникалық қызмет көрсету
1
9.
Әмбебаб жонғыш
1
10.
Электромонтер
1
11.
Ағаш ұстасы
1
1.3-кестесі
Жалпы білім беретін оқу кабинеттері
1.
Қазақ тілі және әдебиеті
2
2.
Орыс тілі және әдебиеті
2
3.
Математика
1
4.
Физика
1
5.
Химия
1
6.
Информатика
2
7.
Шет тілі
1
8.
Тарих
1
9.
Алғашқы әскери дайындық
1
10.
Нарықтық экономика
1
1.4-кестесі
Практикалық зертханалық сабақ үшін оқу — материалдық база
1.
Тракторлар және автомобильдер зертханасы
1
2.
Ауылшаруашылығы зертханасы
1
3.
Дәнекерлеу шеберханасы
2
4.
Металл кесу станогы
1
5.
Тігін шеберханасы
2
6.
Құрылыс шеберханасы
2
7.
Автодром
1
8.
Техникалық күтім пункті
1
9.
Престеу құрылысы
1
10.
Дәнекерлеу трансформаторы
6
11.
Трактор
3
12.
Aылшаруашылық машиналары
1
13.
Жүк автомобильдері
3
14.
Слесарь жөндеуші зертханасы
1
15.
Токарь жонушы
7
16.
Электромонтер зертханасы
1
17.
Жеңіл автомобиль
4
Зертхана — практикалық және өндірістік сабақтарда оқушылар, өндірістік оқыту шеберлерінің көмегімен тұтыну бұйымдарын шығарады:
Дәнекерлеу цехында: қысқыш, балға, қайшы, клүштер, қазық, шеге суырғыш, терезе торы, темір есік, темір қақпа, темір пеш, сәкі т.б,
Тігін цехында: ұлттық киімдер, халаттар, жұмсақ ойыншықтар, машина орындықтарының қаптамасы, әйелдер киімдері, көрпе жастық қап, тоқыма бұйымдары т.б.
Ағаш өндеу цехында: есік — терезе, столдар, орындықтар, оқу парталары, ағаштан жасалған тұтыну бұйымдары, құрылысқа керекті заттар (плинтустар, рейка, көрнекті рейкалар, брустар), сұраныс бойынша гарнитурлар т.б., және сервистік жұмыстар, жеңіл автомобильдерді сырлау, электр желісін жүргізу, тұрғын ұй салу тапсырыс бойынша
1.5-кестесі
Жоғарыда көрсетілдген зертханалар мен цехтарда төмендегі қондырғылар орналасқа
1.
Токар станогы
6 дана
2.
Фрезерлік станогы
2 дана
3.
Электормен дәнекерлеу аппараттары
8 дана
4.
Газбен дәнекерлеу аппараттары
4 дана
5.
Гидравликалық балға
1 дана
6.
Гидравликалық прес
1 дана
7.
Темір кесетін станогы
4 дана
8.
Ағаш фрезер станогы
1 дана
9.
Ағаш токр станогы
1 дана
10.
Рейсмус
1 дана
11.
Ленталы станок
1 дана
12.
Тігін машинасы Чайка
6 дана
13.
Тігін машинасы Зингер
4 дана
14.
Өндірістік тігін машинасы
6 дана
15.
Тоқыма (оберлок) машинасы
1 дана
16.
Ағаш, темір өндеу аппараттары
2 дана
17.
Слесорлық іс бұйымдары
20 дана
18.
Компьютерлік класс III — IV
12 дана
19.
Автотренажер
1 дана
Соңғы жылдары жергілікті кәсіпорындар мен шаруа қожалықтарының, мекемелердің сұранысын қанағаттандыру, заман талабына сай мамандарды дайындау мақсатында лицей әкімшілгінің басшылығымен жаңа арнайы пән кабинеттері мен зертханалары ашылды.
Арнайы пән кабинеттер
1. Әмбебаб жонғыш
2. Құрылыс шебері
3. Ауылшаруашылық құралдарын жөндеуші электромонтер
4. Техникалық қызмет көрсету
5. Техника қауіпсіздігі
6. медициналық пункт
Зертханалар
1. Эмбебаб жонғыш
2. Ағаш ұстасы
3. Электромонтер
4. Тігін цехы
5. Техникалық қызмет көрсету сервис
Зертхана, шеберхана, цехтарда өндірістік оқыту шеберлерінің ұйымдастыруымен оқушылардың өндірістік жабдықтары, халық тұтынатын заттарды шығарып, тапсырыстар қабылдауда.
Кәсіптік лицейде материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында жылма-жыл оқу өндіріс шығармашылығымен ақылы қызмет көрсету жұмысы бойынша қаржы табу көлемі артып келеді.
1.3 Кәсіптік лицейдің оқу — өндірістік жұмысына талдау
1.6-кестесі
№16 кәсіптік лицейдің басқару жүйесін іске асырушылар
1.
Директор
Талдибин З.Р.
2.
Директордың ОӨЖЖ орынбасары
Жораев Назарбай
3.
Директордың ОІЖЖ орынбасары
Тұрманова Кулия
4.
Директордың ТЖЖ орынбасары
Шертаева Гүлжанат
Сонымен қатар лицей қабырғасында:
Аға шебер — Момынов Абдірахман
Психолог — Касимова Дариға
Кітапхана меңгерушісі — Тұрханова Назақат
Кітапханашы — Мамбетова Назифа
АӘД ұйымдастырушысы — Сатбаев Қылышбай
қызмет атқарады.
Жалпы барлық оқытушылар саны 25, өндірістік оқыту шеберлерінің саны 35. Ұстаздар қауымының арасында осы оқу орнында 20 — 35 жылдан бүгінгі күнге дейін үздіксіз қызмет істеп жүргендер бар. Бұл мамандар қазіргі нарықтық экономика талаптарына сай білікті жұмысшы кадрларды даярлауда.
Пән мұғалімдері мен өндірістік оқыту шеберлері өз кабинеттері мен шеберханаларын стандартқа сай жабдықтаған. Кәсіптік лицейде 6 шеберхана, 4 жұмыс зертханасы, 1 қызмет көрсету сервисі, 13 жалпы білімдік, 13 арнайы және техникалық пәндер кабинеттері жұмыс атқарады.
Жоспарға сәйкес лицей ішілік көптеген тәрбие жұмыстары, өндірістік оқыту жұмыстары, сабақтан тыс үйірме жұмыстары өткізіледі.
№16 кәсіптік лицей ұжымы облыстық, аудандық, қоғамдық іс — шараларға белсене араласады. Аудан көлемінде жастар тәрбиесіне арналған түрлі пікір — сайыстар тікелей лицей ұжымының ұйымдастыруымен және қатысуымен өткізілді.
Аудандық сайысында лицейдің жас мамандар тобы Бас жүлдені, аудандық турнирде №16 КЛ командасы 1 орынды иеленді.
Орынбаева Сауле облыстық Өнерлі ұстаз фестивалінде Бас жүлдені, Мүталиева Бибігуль Жыл тігіншісі байқауында Бас жүлдені, Ерманов Бақытжан Жылдың Таңдаулы өндірістік шебері байқауында Бас жүлдені, закикаева Роза Аспазшы 2010 байқауында 1 орынды, облыстық Өмірге жолдама атты жастардың кәсіби акциясының аясында өткізілген байқаулар бойынша кәсіптік лицей 1 орынды, Жамбыл жыры — бабалар үні айдарымен өткен оқушылардың облыстық өнер фестивалінде 1 орынды, кәсіптік мектеп оқушыларының облыстық I спартакиадасында команда II орынды, облыстық Өнерлі ұстаз фестивалінде Мұратов Аман I орынды жеңіп алды.
Кәсіптік лицей Облыстық білім департаменті ұйымдастырған Білім ұясы: жылдың таңдаулы кәсіптік лицейі байқауында Бас жүлдені жеңіп алып, Республикалық байқауға жолдама алды. Астана қаласында өткізілген Республикалық Білім ұясы байқауында жүлделі орынды иеленді.
Бұл жеңістер қажылы еңбек, шағармашыл ізденіс, ауызбіршілік пен ынтымақтың арқасында келіп отыр. Бұл тұста Рухы еркін халық қана ұлы істерді атқара алады, — деген қағида еріксіз ойға оала береді.
2. Методикалық тарау
2.1 Қазіргі заманғы оқытудың педагогикалық технологиялары
2.1.1 Педагогикалық технологияның жалпы сипаттамасы
Алғашқыда педагогтар педагогикалық технология, оқу-оқыту технологиясы жəне тəрбиелеу технологиясы ұғымдарының өзіндік мəн-мағыналарына назар аудармай келді. Ал бүгінде педагогикалық технология оқу жəне тəрбие аймағындағы педагогикалық міндеттердің шешілуіне байланысты орындалатын педагог іс-əрекеттерінің бірізді жүйесі ретінде танылуда. Осыдан педагогикалық технология мəні оқу технологиясы, тəрбие технологиясы ұғымдары мəндерімен салыстырғанда тереңдеу де ауқымдылау.
Педагогикалық технология — бұл педагогикалық əрекеттер табысына кепіл болардай қатқыл ғылыми жоба. Əрі сол жобаның дəл жаңғырып іске асуы.
Педагогикалық технология- кешенді, бірігімді процесс. Ол өз құрамына адамдарды, идеяларды, құрал-жабдықтарды, сонымен бірге жоспарлау, қамсыздандыру, бағалау жəне білім меңгерудің барша қырлары жөніндегі проблемалар шешімін басқаруды қамтиды.
Педагогикалық технологиялар көп түрлі болуына қарамастан, олардың іске асуының екі ғана жолы бар. Біріншісі — теориялық негізде орындалуы (В.Б.Беспалько, В.В.Данилов, В.К.Дьяченко жəне т.б.), екіншісі — тəжірибемен жүзеге келуі (Е.Н.Ильин, С.Н. Лысенкова, В.Ф.Шаталов жəне т.б.).
Сонымен, технология астарында не жатыр? Оқу технологиясы жөніндегі идея қай заманда пайда болған?
Мұндай ғылымдық мəні бар ой жаңалықты емес. Кезінде оны Я.А.Коменский де дəріптеген. Ұлы педагог — ғұлама 16-ғасырда-ақ оқудың техникалық (яғни технологиялық) болатынын уағыздап, оның мүлтіксіз тиімді нəтиже беретін жолдарын іздестіріп бақты. Я.А.Коменский еңбектеріне үңіле түссек, педагогикалық технологияға бастау берген даналық пікірлерді табамыз: Дидактикалық машина үшін қажет нəрсе — 1) түбегейлі ойластырылған мақсаттарды; 2) сол мақсаттарға жетуге дəл икемдестірілген жабдықтарды; 3) мақсаттың орындалмауына мүмкіндік бермейтін нақты жабдықтарды қолданудың мызғымас ережелерін табуымыз керек. Қазіргі педагогикалық технологиялар бірқатар маңызды да ұнамды тараптарымен еленген. Олар — үнемділігі , күрделі материалды түсінуді жеңілдетуі, білім-тəрбие процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етуі, білім ұсынудың жаңа əдіс — тəсілдерін пайдалануға икемді келуі. Сонымен бірге дəстүрлі технология біршама кемшіліктерге де жол береді — оқу процесін дараландыру мен жіктеуге қолайсыз, оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға мүмкіншілігі кем.
Көптеген уақыттар желісінде технология түсінігі педагогикалық ұғымдар қорынан тыс қалып келді. Шынайы мəні (шеберлік жөніндегі ілім) педагогикалық міндеттерге: педагогикалық процесті сипаттау, түсіндіру, болжау, жобалау — сай келсе де, ол технократиялық тіл элементі ретінде қарастырылды.
Педагогикалық əдебиеттерде қандай да педагогикалық технологиялар сипатын айқындаушы көптеген терминдер ұшырасады, мысалы: оқу-үйрену, тəрбиелеу, оқыту технологиялары, білімдендіру жəне дəстүрлі технологиялар, бағдарламаластырылған жəне проблемді оқу технологиялары, авторлық технология жəне т.б.
Оқу технологиясын оқу əдістемесінен ажырата білген жөн. Олардың бір-бірінен айырмасы — оқу технологиясын қайталап, көбейте таратуға болады. Қай жағдайда да технология өзіне сай түзілген оқу процесінің жоғары сапасына жəне педагогикалық міндеттердің табысты шешілуіне кепіл бола алады. Ал əдістеменің соңғы тиімді нəтижеге жете алмауы жиі кездеседі. Сонымен бірге, əдістеме технологиялық деңгейге дейін көтерілуі мүмкін. Мысалы, жаңа материалды түсіндірудің белгілі əдістемесі бар. Егер ол əдістеме шынайылық, сенім, сəйкестік талаптарына орайласса, оны технология деп тануға болады.
Оқу технологиясы педагогикалық шеберлікпен өзара байланысты. Оқу технологиясын жете білудің өзі — шеберлік. Бір технологияны əрбір оқытушы жеке іске асырып отыруы мүмкін, ал осы іске асырудағы технологиялық ерекшеліктерден мұғалімнің оқу шеберлігі көрінеді.
Оқудың дəстүрлі (қайта жасау- репродуктивті) технологиясы білім, ептілік жəне дағдыларды ұсынуға бағытталған. Ол өтіліп жатқан материалдың игерілуін, қайта жасау деңгейіндегі білім сапасының бағалануын қамтамасыз етеді. Бұл технологияның ежелгі түрі. Ол бүгінгі таңда да кең таралған (əсіресе орта мектепте). Оның мəні: жаңаны игерту — бекіту — қадағалау — бағалау сұлбасы (схема) бойынша оқу процесін жүргізу. Технология негізіне табысты өмір тіршілігін қамтамасыз ететіндей білім ауқымын анықтауға мүмкіндік беретін жəне оны оқушыға жеткізу жолын көрсететін білімдік бағыт-бағдарлама (парадигма) алынады. Осыған орай оқу- оқытудың басты əдістері ретінде:
1) көрнекілік жəне онымен бірге жүретін түсіндіру,
2) оқушының жетекші іс-əрекеттері түрлеріне — тыңдау мен есте қалдыру,
3) басты талап жəне тиімділіктің негізгі көрсеткішіне — игерілгенді қалтқысыз қайталап жаңғырту ептілігі алынады. Мұғалім қызметтері — түсіндіру, əрекеттерді көрсету, оқушылар орындағандарды бағалау жəне реттеу, түзету.
Дамытушы оқу технологиясы мектеп тəжірибесіне енген оқу іс-əрекеттері арасындағы аса танымалы (Л.С.Выготский, Л.В. Занков, Д.Б.Эльконин жəне т.б.).
Ғалымдар дəлелдегендей, педагогика бала дамуының өткеніне емес, болашағына бағытталуы тиіс. Сонда ғана ол оқу процесінде осы нақты уақыт шеңберіндегі жақын даму процестерін жүзеге асыра алады. Жақын даму аймағының мəні: бала өз дамуының белгілі кезеңінде оқу міндеттерін ересектер басшылығында не ақылдылау дос — жарандарымен араласа жүріп шешуі мүмкін. Келтірілген пікір жария болғанға дейін бала дамуы, əсіресе оның ақыл-ойының өрістеуі оқу жəне тəрбие ізімен жүретіні мойындалған болатын.
Зерттеулер нəтижесінде (Л.В. Занков) оқу тиімділігін көтеру есебінен оқушы дамуын жеделдетуге болатыны дəлелденді. Бұл үшін оқуды жоғары деңгейлі қиыншылықта жүргізу принципін ұстану — басты талап. Егер алдынан рухани, сезімдік күш-қуаттың іске қосылуын қажет ететін кедергілер (ойын, оқу, тұрмыс) шығып тұрмаса, əрі оларды жеңуге талпынбаса, бала дамуы бəсеңдейді.
Жоғары қиыншылық деңгейіндегі оқу принципіне орай білім мазмұны жəне оны құрастыру реті анықталады. Оқу материалының мазмұн қарқыны ұлғаяды, əрі тереңдейді, жетекші рол теориялық білімдерге беріледі, дегенмен, оқушылардың практикалық ептіліктері мен дағдыларының маңызы жойылмайды.
Проблемді оқу технологиясы мұғалім басшылығында өтетін оқушылардың оқу міндеттерін шешуге орайластырылған өзіндік ізденіс іс-əрекеттерін ұйымдастыруға негізделеді. Оқу ізденістері барысында оқушыларда жаңа білім, ептілік жəне дағдылар қалыптасып, қабілеттері, танымдық белсенділігі, қызығуы, ой-өрісі, шығармашыл ойы жəне басқа да тұлғалық маңызды сапалары дамиды (Т.В.Кудрявцев, А.М.Матюшкин, М.И.Махмудов жəне т.б.).
Жалпы түрінде проблемді технология сипаты келесідей: оқытушы білімді дайын күйінде ұсынбай, оқушылар алдына міндет (проблема) қояды, оған қызықтырады жəне оның шешу əдіс-тəсілдерін табуға ынталандырады. Ал оқушылар мұғалімнің тікелей басшылығында не өз бетінше олардың шешімін табудың жолдары мен əдістерін зерттейді, яғни болжам түзеді, оның шынайылығын тексеру тəсілдерін белгілейді əрі талқылайды, дəйектейді, нəтижелерін талдайды, пікір жүргізеді, дəлелдейді.
Проблемді оқу басқа да технологиялар сияқты өзінің ұнамды да болымсыз тараптарына ие. Оның тиімділігі: оқушыларға тек қажетті білім, ептілік жəне дағдылар жүйесін меңгеруге жəрдемдесіп қоймастан, олардың ақыл-ой дамуына жол ашады, өз шығармашылық қуатымен берік білім қалыптастыруға көмектеседі, өз оқу еңбегіне қызығу ұмтылысын дамытады, оқу нəтижесінің бекінуін қамтамасыз етеді. Кемшілігі : жоспарланған нəтижеге жету көп уақытты талап етеді, сонымен бірге, оқушылардың танымдық іс-əрекеттерін жүйелі басқару қиын.
Модульді оқу технологиясы АҚШ пен Батыс Еуропада 1960 жылдары дəстүрлі оқуға балама ретінде ұсынылған білім игеру жүйесі. Бұл технологияның мəні — оқушы модульмен жұмыс орындау барысындағы нақты мақсатқа өз бетінше (не белгілі шамада мұғалім жəрдемімен) жетеді (П.Юцявичене, Т.И.Шамова). Модуль — мақсатқа орайластырылған оқу мазмұны мен оны меңгеру жолдарын (технологиясын) біріктірген түйін, топ (узел).
Модуль құрамы: əрекеттің мақсаттық жоспары, ақпарат қоры, дидактикалық мақсатқа жетудің əдістемелік көрсетпелері.
Бұл технологияға орай оқу мазмұны өз алдына белгілі жинақы құрамға келтірілген ақпараттық топ (блок) күйінде беріледі. Ол ақпарат оқу мазмұнының көлемін ғана емес, əдістері мен олардың игерілу деңгейін де көрсететін дидактикалық мақсатқа сəйкес меңгеріледі.
Модульдік оқуда өзіндік жұмыстарға аса көп уақыт бөлінеді. Бұл оқушыға оқу əрекеттеріне кірісумен өз мүмкіндіктерін сезінуге, білім игеру деңгейін өзі анықтауына, өз білімдері мен ептіліктеріндегі кемшіліктерді байқауына жəрдемдеседі.
Модульдік оқу дəстүрлі білім игеру жүйесімен байланыста пайдаланылуы мүмкін. Модульдер оқу жүйесінің қалаған ұйымдастырылу формасында орын тауып, оның сапасын жақсартуға жəне тиімділігін арттыруға қолданылуы ықтимал.
Шоғырластырылған (концентрлі) оқу технологиясы педагогикада ежелден танымал пəнге шомдыру əдісіне негізделген (П.Блонский, В.Ф.Шаталов, М.П.Щетинин жəне т.б.).
Бұл технология жақтастарының пікірі: оқудың дəстүрлі сынып-сабақтық жүйесінде бағдарламалар мен оқулықтарға сəйкес берілетін оқу мазмұны бөлім, тақырып, параграфтарға бөлшектеніп, өз алдына шартты дербестенген ауқымда ұсынылады. Осыдан оқушылардың жеке пəндерден алатын білім, ептілік, дағдылары жай қалыптасады. Оқу проблемасының ұзаққа созылып өтілуінен, оқушылардың сабаққа болған қызығушылығы кемиді. Бір дəрістің екіншісінен алшақты болуынан бір сабақта қабылданған ақпарат келесіге дейін көбіне ұмытылады.
Пəндердің тұрақты ауысып баруынан оқушы олардың бірде-біріне тереңдеп ене алмайды. Бір пəннен екіншісіне өтуде бала қиыншылық көреді, көп уақыт сарп етеді, ендігі сабақ өткендегіні көлеңкелейді, сонымен əр өткен сабақ өз құндылықтарын жойып барады. Əр дəріс оқушы үшін — жаңа жүктеме, мұғалімдердің жаңа талаптары, жаңа мазмұнды материал, жаңа көңіл-күй ықпалдары, т.с.с. осылардың баршасына сəйкес бала икемделіп, оқу іс-əрекеттерін орындауы шарт. Ал бұл енді қалыптасып жатқан жас буынға оңай шаруа емес.
Шомдыру оқуында сабақтар топқа (блокқа) келтіріледі, бір күнге не аптаға межеленіп, қатар өтілетін пəндер саны кемітіледі. Мұндай технология оқу- оқыту процесін адам қабылдауының табиғи психологиялық ерекшеліктеріне жақындастыра түседі. Сабақта игерілген материалды ұмытудың алдын алу үшін оны бекіту жұмыстары сол күні жүргізілуі тиіс, яғни қандай да уақыт аралығында оқушы басқаларына алаңдамай, тек сол пəнмен ғана шұғылданып, толық шомуы қажет.
Қашықтан оқу технологиясы — бұл осы заманғы телебайланыс, электронды почта, теледидар жəне интернет жəрдемімен оқу мекемесіне қатыспай-ақ білімдену қызметтерін пайдалану. Қашықтан оқу қандай да себептермен білім иеленуге қол жеткізе алмай жүргендердің бəріне бірдей үйде отырып оқу мүмкіндіктерін ашады (əсіресе мүгедектерге, зағиптар мен есітуден қалғандарға, т.с.с.).
Оқу технологияларының басқа да түрлері баршылық: əр деңгейлі оқу, толық меңгеру, ұжымдық ықпалдаса оқу, икемдесе оқу, жобалап оқу, авторлық оқу технологиясы (мысалы, В.Ф.Шаталов технологиясы) жəне т.б.
2.1.2 Жобалап оқыту технологиясын қолдануды талдау
Жобалау әдісі ХХ — ғасырдың технологиясына кіріп басқа елдерде бұрыннан қолданылса да, біздің елде тек соңғы жылдарда ғана қолданылуда.
Технологиялардың ішінде жобалау әдісі арқылы оқыту — оқушылардың қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады.
Жобаны ғалымдар пәндік-мазмұндық белгілеріне қарай, үйлестіру сипатына қарай, әрекет түріне қарай, жобаға қатысатын адамдар санына қарай, жобаның жүру мерзіміне қарай бірнеше түрлерге бөледі. Пәндік-мазмұндық белгілеріне қарай шағын жобалар және пәнаралық жобалар деп, үйлестіру сипатына қарай ашық және жабық деп, әрекет түріне қарай ізденушілік жоба, шығармашылық жоба, ақпараттық жоба, рөлдік ойындар түріндегі жобалар, тәжірибеге арналған жобалар деп бөлінеді. Атап айтқанда, бір жобаның аясында студенттер ізденушілік те, шығармашылық та, ақпараттық та жұмыстар жүргізеді.
Жоба әдісін қолдануда студенттер өз бетімен қажетті хабарды жинауға дағдыланып, өздік шығармашылық қабілеттерін артырады. Жоба әдісінің басты мақсаты — тәжірибе жүзінде орындауға бағытталған белгілі бір міндеттерді немесе әр сала бойынша білімдерін толықтыруды талап ететін маңызды тапсырмаларды орындау барысында студенттің өздігінен білім алуына жағдай жасау.
Жоба тапсырмаларын орындау үстінде көбінесе студенттер жұптасып, немесе үш-үштен бірігіп, немесе шағын топпен жұмыс істейді. Табысқа жету ұжымдағы әрбір мүшенің тілдік қатынасқа құрылған жоба тапсырмаларын дұрыс орындауына және ұжымның жаппай ұйымшылдықпен жұмыс істеуіне байланысты.
Жоба жасауда мультимедиялық бағдарламаны қолдану әдісінің көп артықшылықтары бар. Ол әр түрлі сөйлеу түрлерін жаттықтыру және оларды әр түрлі түрде үйлестіруге, тілдік құбылыстарды білуге, лингвистикалық құбылыстарын қалыптастыруға, коммуникативті жағдайларды құруға, тілдік және сөйлеу әрекеттерін машықтандыруға, сонымен қатар қатысушылардың жеке өзіндік жұмыс жүргізулеріне мүмкіндік береді.
Таңдалған тақырып бойынша жоба (презентация) жасағанда студенттер интернет желісін пайдалана отырып, тақырып туралы ең қызықты оқиғаларды, мәліметтерді іріктеп алады. Жобадағы мәліметтерді игерудегі ең маңыздысы студенттер көрнекілікті, анимацияны, дыбыстарды қолданады. Оларға: суреттер, хаттамалар, маңдайша жазулары, жарнамалар, кестелер, диаграммалар жатады.
Сөйлеу барысында студенттер әр слайдқа толық мәліметтер береді. Өз ойын ашық айту жоба құрушы логикалық, тілдік, грамматикалық жағынан дұрыс құруға ұмтылады.
Оқу — жобамен жұмыс істеген кезіндегі ең негізгі бөліктердің бірі. Жобаға керекті мәліметтерді алу үшін қатысушылар баспа мәліметтеріне сараптама жасауына тура келеді. Жұмыс кезінде студент анықтамалармен, энциклопедиялық сөздікпен жұмыс істейді.
Жобалау әдісі арқылы ұсынылытын тапсырмаларды орындау барысында студенттер шығармашылықпен ойлауға, өз әрекетін өз бетінше жоспарлауға, жоба бойынша алдына қойған міндеттерді шешуге алдын ала болжам жасай білуге, басқаша айтқанда, жұмыс істеу мәдениетіне үйренеді.
Жобалау әдісіне тән жетістіктерге мыналарды жатқызуға болады:
— жобалау әдісі студенттерді оқыту үрдісіне және тілдік қатынасқа белсенді жұмылдыра алуымен ерекшеленеді;
— студентті білім алуда, өз ісін ұйымдастыруда жауапкершілікке үйретеді;
— жобамен жұмыс істеу барысында студенттің тілдік дайындығы қалыптасады;
— жобалау әдісі студенттің белсенді түрде өз бетінше ойлауына, жұмыс істеуіне және алған білімін есте сақтауы, тиісті жағдайда қолдана алуына көмектеседі. Сонымен бірге оларды жеке тұлға ретінде қалыптастырады. Жобалар әдісінің оқыту мақсаттарының ауқымы: оқушылардың танымдық, шығармашылық дағдыларын, өз білімдерін өз бетімен құрастыра білу икемділігін, ақпараттық кеңістікте жөн таба білу іскерлігін дамыту, сын тұрғыдан ойлауын дамыту
Жобалар әдісінің мәні — белгілі бір білім жиынтығына ие болуды болжайтын және жобалау іс-әрекеті арқылы шешімін табуды алдын-ала ескеретін мәселелерге деген оқушылардың қызығушылығын ынталандыру, алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана білу икемділігін, рефлекторлық ойлауды (сыни тұрғыдан ойлауды) дамыту. Мәселе ойдың мақсатын белгілейді, ал мақсат ойлаудың үрдісін бақылайды.
Жобалармен жұмыс істеу студенттерге дәстүрлі оқу әдісімен қол жеткізе алмайтын білім алуға мүмкіндік бере отырып, жоғары білім беру жүйесінде ерекше орын алады. Бұлай болуы мүмкін, өйткені студенттер өздері өз таңдауларын жасайды және өздері талаптанады. Бұл көзқарастан жақсы жобаның:
* тәжірибелік құндылықтары болуы;
* студенттердің өзіндік зерттеулерін жүргізуінің болжауы болуы ;
* онымен жұмыс істеу үрдісінде де, және оның аяқталуында да бірдей мөлшерде болжаусыз болуы;
* оны орындау жылдамдығы мен жұмыс бағытында оралымды болуы;
* өзекті мәселелерді шешу мүмкіндігінің болжауы болуы;
* студентке өз қабілетіне сәйкес білім алу мүмкіндігін беруі;
* кең спектрлі тапсырмаларды шешуде … жалғасы
Дереккөз: https://stud.kz